Жануарлар денесіндегі кенелерді жою



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:

І Кіріспе бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2-3
ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Иксодид кенелерімен күрес шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4-5
2.2 Малды қотыр тудыратын кенелерден арылту ... ... ... ... ... ... .6-7
2.3 Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8-20
ІІІ Қорытынды бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
ІV Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 22

І Кіріспе бөлім

Кенелердің негізінен екі тобының ветеринарлық маңызы бар. Бірінші топқа жайылым кенелері немесе иксодид кенелер, ал екінші топқа қотыр тудыратын кенелер немесе паразитиформды кенелердің түрлері жатады. Алғашқы топтағы (иксодид) кенелер ауру қоздырушыларын қан сорғанда таратып, пироплазмидоздарды (қанның паразиттік аурулары) тудырады. Кене денесі (бас,көкірек,құрсақ) тұтасып бітіседі. Кененің дернәсілі - алты аяқты , ересек кенелер - сегіз (төрт жұп) аяқты. Кененің түсі қорегіне қарай (қан лимфа) қоңыр немесе ақшыл қоңыр, сары немесе сұр. Тұмсығы ауыз мүшесі мен бекіну рөлін атқарады.
Аналық кене денесінің артқы бөлігі жұмсақ қатпармен (хитин) жамылып, қан сорғанда дененің бірнеше есе ұлғаюына мүмкіндік береді. Кенелер шала түрленіп дамитын бунақденелілер класына жатады. Кене жұмыртқасы күңгірт сары түсті, сопақшалау.
Кенелерді жинау және зерттеуге жөнелту тәртібі.
Әдетте кенелерді жайылымнан және жануар денесінен жинап алады. Осы деректерге сүйене отыып, кенелер фаунасын нақтылы жереде анықтауға болады. Жайылым жағдайында айыына 2-3 рет ауылшаруашылық жануарларын, шопаниттерінен жиналған кенелер арахнофауна деректерін толықтыруға мүмкіндік береді.
Жануарлардың құлақ, бас, мойын, төс, қолтық, арты, желін, шап, құйрық асты түбі тұстарын мұқият тексері, байқалған ересек кенелерді екі саусақ (бас және сұқ саусаққа резеңке қолғап киіп) көмегімен жинаған дұрыс. Кене денесін бірден тартып алмай, ерсілі-қарсылы қимылдатып тартқан жөн. Кене туыстығын анықтау үшін тұмсығын денесімен міндетті түрде бірге алу қажет, егер тұмсығы теріде қалып қойған жағдайда оны қабындырады. Ал дернәсілдерін (личинка мен нимфа) пинцет көмегімен жинайды.
Табылған кенелер алдын ала 70 %-дық спирт немесе БАрбагалло (3%-дық формалин) ерітінділері құйылған шыны түтікке немесе аузы кең шыны сауытта, ал кейбір жағдайда ылғалданған сорғыш қағаз, ағаш ұнтағы түбіне салынған ыдыстарда жиналып, зертханаға жөнелтіледі. Тек әрбір сынамадағы ыдыс сыртындағы қағазда (этикетка) қай мал түлігінен, қай уақытта, қай елді-мекенде жиналғаны көрсетіледі.

ІІ Негізгі бөлім
2.1Иксодид кенелерімен күрес шаралары.
Иксодид кенелерін сыртқы ортада жою шараларын жүргізгенде экологиялық тұрғыдан қауіпсіз тәсілдер мен жабдықтарды қолдану шарт. Бұл орайда ең тиімді тәсілдердің бірі - табиғи биотоптарда кенелердің өсіп-дамуына қолайсыз жағдайлар туғызу. Ғылымға белгілі иксодид кенелерінің жұмыртқа салуы, дернәсілдің одан шығуы және түлеу процесінің жер қыртысында өтуіне сәйкес жайылымдарды жырту мен көпжылдық екпе шөп егудің тиімділігі, бір жағынан кенені жоюға бағытталса, екіншіден жайылымның сапасын арттыруға қол жеткізеді. Таулы аймақтарда жануарларды кенелерден қорғау мақсатында олардың жайылымда көктем мен күздегі суықта (кенелер енжар болғанда) көтеріліп түсуін қадағалаған жөн. Мұндай мүмкіншілік болмаса, таулы жайылымға айдалатын малда акарицидтік препараттардың бірін бүркеді. Биотоптардағы кенелерді бүркіп жоюға ұшақтарды қолдануға болмайтын себептің бірі - бұл улы заттардың жануар ағзасына өсімдіктер арқылы еніп ұзақ уақыт оны улауында.
Сонымен қатар, кенелерді жоюдағы тиімді шаралардың құрамында мал қораларында уақтылы дезакаризациялау, кеміргіш індерін бітеу, қора маңайын қоқыс пен өсімдіктерден тазалау және т.б. жатады. Қораға мал енгізер алдында есік, терезелерін ашып, 5-6 сағат желдеткен соң, науа, астауларын ыстық сумен жуу қажет. Мал қораларда декаризацияны көктем мен күзде өткізген абзал.
Жануарлар денесіндегі кенелерді жою. Акарицидтік препараттармен жануарларды кенелер жабысқанға дейін жүргізу шарт. Бұл орайда бүріккеннен соң кененің барлық сатысына әсер ететін және ұзақ уақыт денеде иісі қалатын акарицидтер тиімді. Сондықтан, жануар денесіндегі кенелермен күресті көктем-жаз және қыс-күз мезгілдерінде жүргізеді. Қыс уақытында жануар денесін мезгіл-мезгіл қарау керек. Кене табылған жағдайда барлық малды акарицидті препараттардың бірімен өңдейді. Жануар денесіне акарицидтерді бүріккен кезде төмендегі шарттарды ескерген жөн:
* Денеге жылдам сіңіп, токсикоз тудырмас үшін жас және арық малды ыстық ерітінділермен бүрікпеу;
* Буаз аналықтарды төлдеуге бір ай қалғанда, жатырдағы төлді уландырмас ұшін өңдемеу;
* Сауын сиырлардың тері жамылғысын аса улы фосфорорганикалық заттармен (сүт өнімі арқылы адамға әсер ету мүмкіндігі болатындықтан) бүрікпеу;
* Қолданылатын химиялық заттардың арнайы қоймаларда сақталатындығын, әр заттың партиясына куәлігінің болуын, оның концентрациясын (белсенді зат әсері - Б32) 0ада5алау:
* Мал денесіне акарицидті бүріккенде жеке бастың гигиенасына көңіл бөлу (арнайы киім, аяқ киім, көзге көзілдірік кию).
Жануар денесіндегі кенелерді жайылымда жою үшін акарицидті ерітінділерді бүрку, я болмаса арнайы ванналарда малды тоғыту жүргізіледі. Тоғыту ванналары әдетте қабырғалары кірпіш, тас немесе темір бетоннан қаланған ор жобасында жасалынады. Сыртқы ортаны ластамау мақсатында қолданылып жарамсыз болған акарицид ерітінділері құбырмен арнайы құдыққа ағады. Тоғыту ванналары елді-мекеннен және ашық су көздерінен (көл, өзен, тоған) қашық жерде, алайда фермаға жақын жерде орналасады.
Акарицидтер мен жануардың тері жамылғысын бүрку үшін арнайы механикаландырылған тұрақты немесе тіркемелі қондырғылар (УМДАУ, ОСА-2, ЛСД-2, ВМОК; ШГРУ, ДУК, ВДМ, гидропульт, автомакс, т.б.) қолданылады. Қысқы уақытта малды кенеден арылтуға акарицидтердің (севин, инсорбцид) құрғақ ұнтағы ірі малға 300-400 г, ұсақ малға 100-150 г мөлшерінде себіліп, кейіннен теріге ысқыланып жағылады. Өңделетінмалды қыста далаға шығарады.

2.2Малды қотыр тудыратын кенелерден арылту
Саркоптоид кенелер тудырған аурулардан малды арылту шаралары кешенді түрде(ауру малды емдеу,шартты сау және аурудан күдікті малда аурудың алдын алу,қора жайды дезинвазиялау,сырттан әкелінетін малды сақтық карантинде ұстау және дұрыс азықтандыру) жүргізілуі шарт.Псороптозбен бір ғана қой ауырған отар толығымен індет ошағы ретінде саналады.Осыған сәйкес ауру ағымына,жыл мезгіліне және малдың жалпы жағдайына қарай оны емдеудің тәсілі мен жабдықтары айқындалады.Ауру малды емдеудің құрғақ(тері жамылғысына себу) және ылғалды(ерітіндіде тотығу) түрлеі бар.Ылғалды түрі әрі тиімді,әрі жеңіл.
Арнайы ванналарда тотығу кезінде қолданылып отырған акарицидтік препараттың белсенді әсер етуші затын қадағалау қажет.Өйткені препараттың белсенді заты тері жамылғысымен,нәжіспен азайып,эмульсияның концентрациясы төмендейді.Сондықтан,қырқылған қойды тоғытқанда әр 200-300 бас өткен сайын негізгі ерітінндіге акарицидтік препараттың тиісті мөлшерін нұсқауға сәйкес үстемелеп құйып отырады.
Соңғы жылдары саркоптоздарды емдеу мақсатында шетелдік препараттардың авермектин тобына қарасты түрлері(ивомек,баймек,ивертин,сайде ктин,аверсект,т.б.)кеңінен қолданыс табуда.Аталған дәрілердің қолайлылығы-кез келген уақытта( жыл мезгілімен санаспай)тері астына егу арқылы нәтиже көрсетуі.Мысалы,ірі және ұасқ қараға бұл преператтар әр 50кг тірі салмаққа 1мл дозада,доңызға-әр 33кг-ға 1мл мөлшерде қолданылады.Жылқыға авермектиннің арнайы түрі Еквалан (МСД АГ-вет фирмасы)паста ретінде беріледі.
Акариформдық кенелердің мал қорасында,құрал-жабдықтарда ұзақ сақталуын ескеріп,дезакаризацияны әдетте ыстық ерітінділермен жүргізеді.Қысқы уақытта құрғақ тәсілдің көмегімен арнайы құралдарды(РВ-1,ОЗУ-5)қолданылып атқарады.
Акарицидтік препараттар құрғақтай қолданылғанда олардың концентрациясы:дикрезидің,хлорофост ың 7%-ы,карбофостың4%-ы,фиталофостың 2%-ы,феналвераттың 05-1%-ы,коллоидты күкірттің 3%-ы мөлшерінде алынады.
Концентрациясы дұрыс есептелініп емделген малда нәтижесі 10-14күннен соң ауру малдың оңалып,тері жамылғысындағы қотыр қатпары түсіп,оның орнына біртіндеп жүні(қылшығы,түгі)шығады.

2.3Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер
Жайылымдағы жануарларды жылы мезгілде: сона, маса, шыбын, құмыты және шіркейдің түрлері қатты мазалайды. Сонымен қатар, мал қорада тұрғанда басқа эктопаразиттердің: жүнжегіш, мамыққыуырсын жегіштер, бит, бүрге, қандала, т.б түрлері жыл бойы денесінде тіршілік етеді.
Соналар - қосқанатты қансорғыштардың ішіндегі ең ірілері. Қазақстан аумағында 80-ге жуық түрлері мекендейді. Соналар негізінен жағалауларында қоға-қамыс өскен өзен-көл маңайында, таулы аймақтарда кеңінен кездеседі. Ересек соналардың ірілері - 15-30 мм, орташа ауқымдылардың ұзындығы - 7-12 мм, ал кішілерінікі - 6-10 мм-дей. Дене бөліктері жақсы жіктелген және бас, кеуде, құрсақтан құралған. Басы үлкен, кеудесінен әдетте жалпақ, көздері күрделі және басының екі жағын алып жатады. Үш буынды мұрттары бастың ортасында орналасады. Бастың төменгі жағында теріні шаншып тесуге немесе өсімдік сөлін жалауға бейімделген ауыз жабдықтары орналасқан. Аталық сонаның тек өсімдік нәрімен қоректенуіне байланысты тесіп-кесетін жабдығы жоқ, тек жалауға бейімделген. Үш бөліктен құралаған кеуденің ортасына ірі қос қанаты бекінген. Қанаттары ірі, көптеген белдеушелері бар және олар қанаттың шетіне дейін жетеді. Оның артында екі кішігірім, ақ немесе сарғылт қоңыр зырылдауықтары орналасады. Аяқтары мығым, қысқа және түк жамылған. Құрсағы жалпақ, жеті сегменттен құралған.
Сона түріне қарай түстері ақ, қызғылт, қызғылт қоңыр болып келеді. Сона аналықтары кез келген жануарлардың бас, кеуде, құрсақ, жон арқа, желін, шап тұстарына қонып, қанын сорып тіршілік етуге бейімделген. Жұқпалы және басқа инвазиялық аурулар тіркелген ошақтарда соналар - ауру қоздырушыларын тасымалдаушылардың бірі. Соналар жаппай ыстық күндері сағат 7-ден 18-ге дейін ұшқанда сүт өнімі 15-25% -ға, тәулік салмақ қосуы 120-230 г-ға азаяды. Малдың үстіне 1,5-5 минутқа қонған бір сонаның сорған 50-300 мг қаны әдетте оның ұрығындағы жұмыртқалардың дамуына толығымен жетеді.
Зияндылығы.Соналардың жаппай ұшу кезінде мал қатты мазасызданып, құйрығы мен денесін сабалап қорғанады. Сона тескен жеріне уытты зат жібергеннен, терісі қабынып ұзақ уақыт ісіп жүреді. Жас мал құйрығының қысқалығынан өзін қорғай алмай қатты жүдейді.
Маса, құмыты, шіркей Қазақстан аумағында кеңінен тіркелген. Ересек қансорғыштардың ауқымы 4-11 мм, қос қанатты жәндіктердің дене бітімі ұзынша келген, кішкене домалақтау басында күрделі көздері мен сезгіш ағзалары - мұртшалары мен қармалағыштары орналасады. Тұмсығы жақсы дамыған істік, теріні тесуге бейімделген. Ортаңғы кеудеге ұзын келген қос қанатты, зырылдауығы мен үш жұп аяқтары бекінген. Кеуде тұсында ауа енетін демтүтіктері орналасады.
Құрсағын құраған 10 сегменттің соңғы екеуі жыныс мүшелерінің рөлін атқарады. Құрсағы жартылай сақиналардан қалыптасуы оның қан сорғанда мейлінше үлкеюіне және дамыған жұмыртқалардың орналасуына мүмкіндік береді.
Дернәсілдер тек суда тіршілік етіп, өсімдік пен жануар текті ағзалармен қоректенеді де, үш рет түлеп қуыршаққа айналады.
Қуыршақ денесі бөлінбей тұтасып келеді. Салмағы судан жеңіл болғандықтан, су бетінде қалқып жүреді.
Қансорғыш масалар - Қазақстанның барлық аймақтарында кеңінен таралған қосқанаттылардың өкілдері.
Күн батысымен ашық алаңдарда аталық масалар құрған үйірге фолликулалары жетілген аналықтары қосылып, ұшу кезінде ұрықтанады. Жылдың жылы мезгіліне қарай масалар 3-5-тен 10-12 рет ұрық шашады. Жұмыртқаны сыртқы ортаға кейбір масалар топтап, ал кейбір тұқымдары біреуден орнықтырады. Сыртқы ортада масаның ұрығы жұмыртқа немесе дернәсілдер түрінде қыстап шығады. Масалар - сона секілді көптеген жұқпалы аурулардың қоздырушыларын таратушылар. Аналық маса гематофаг болғандықтан, қан сору үшін сүтқоретілерден бөлінген иіс пен жылуды сезіп, 1,5-3 км қашықтыққа ұша алады.
Зияндылығы.Масалар ірі қара мен жылқының кез келген жеріне, қырқылмаған қой мен түйенің түгі селдір, тақыр жеріне, терісі бағалы аңдардың тұмсығына, құстардың айдары мен сырғасына қонып, қанын сорады. Шошқаларда денесін май басқандықтан, көпшілігінде құлақ қалқанын мазалайды. Маса стилет тәрізді шанышқысын енгізген жерге сілекейімен уытты зат (антикоагулянт) бөледі. Осының әсернінен жергілікті аллергиялық реакция: қызару, домбығу, қыжылдау, қышу туындап, жиі қасығаның салдарынан жара немесе ойық жара пайда болады. Мал қатты мазасызданып, өрісте дұрыс жайылмай тынышы кетеді. Сүт қашады, салмақ қосуы азаяды. Жаппай қан сорған жағдайда мал жалпы токсикоздан өліп кетуі мүмкін.
Қансорғыштармен күресті ұйымдастыруда жалпы сақтандыру шаралары, олардың ұрық шашып дамитын орындарын жою немесе шектеу және ересек жәндіктерді құрыту жолдары еркеріледі.
Жалпы сақтық шараларының құрамына: мал қораларын, жазғы уақытта жайылымда тұратын орындарын құрғақ, биік және желдетілетін, жағалауында қамысы бар өзен, көл мен батпақты жерлерден кем дегенде 1-1,5 км қашықтықта орналастыру қажет. Сонымен қатар, әр түрлі қансорғыштардың ұшу уақыттарын ескере отыра, малды жайылымда бағуға ерекше назар аударылады. Мысалы, соналар күндізгі қансорғыштар болғандықтан, малды таңертеңгілік уақытта, я болмаса түнгі мезгілде, ал маса-шіркейлерден қорғау мақсатында түнде баққан абзал. Осындай жағдайларға мүмкіндік болмағанда жәндіктердің белсенді ұшу уақыты ескеріле отыра, малды қораға немесе жеңіл материалдан құрылған жаппа (қамыс, жапырағы бар бұтақтардан) астына паналатады. Мал қоралары мен жаппа ішін инсектицид препараттарының бірімен бүркеді. Бұл жұмысты атқару үшін ШРР, ОСА-2, ШГР, ПБДУ, МАГ, ДУК, ВДМ, ОВТ, ЛСД, т.т. жабдақтарының көмегімен дифос, байтекс, дурсбан, карбофос, байгон, диазинон, үш хлорлы метафос, циодрин, метатионның 0,02-0,05 % -дық эмусияларының бірін бүркіп шашады. Осы аталған жұмысты 1-3 апта сайын жәндіктердің көптігіне қарай қайталайды.
Жайылымдағы малды қансорғыштардан қорғау мақсатында инсектицид-репелленттерді қолданады, ДДВФ, дибром, метатионның 0,4-0,5% -дық немесе биоресметрин, суметрин, дельтаметрин (бутокс) және декаметрин, оксаматтың 5-10% -дық эмулсияларын әр ересек малға 500 мл, ал жас малға - 250-300 мл мөлшерде тері үстіне бүркеді. Қазақстанның солтүстік аймақтарында жайылымдағы малды 10-12 рет, ал оңтүстікте 3-5 есе артық өңдейді.
Биологиялық күрес құралы ретінде өзен-көлдерде қансорғыш жәндіктердің дернәсілдері, қуыршақтарымен қоректенетін балықтарды (гамбузия, майшабақ, т.б.) өсіру жолға қойылуы шарт.
Соңғы жылдары шет мемлекеттерде жануарлардың құлақ сырғасы, қарғыбау құрамына қосылған ивермектин препараты, репеллент ретінде қолданыс табуда.
Шыбындар - жер бетінде кеңінен таралған жәндіктердің өкілдері. Шыбындардың ішінде нағызшыбындар, жасыл шыбындар (өлексе шыбындары) мен етте тіршілік жасайтын сұрғылт түрлерінің мал шаруашылығына тигізетін зияны көп. Синантропты шыбындар негізінен адам тіршілігімен және оның мекендеген орнымен тығыз байланысты. Қазақстанның барлық облыстарында, әсіресе, елді мекендер тығыз орналасқан және мал шаруашылығы, оның ішінде қоймен айналысатын шаруышылықтар жықсы дамыған жерлерде кездеседі.
Шыбындар тек малды мазалап қоймай, бір азық түрінен екіншіге ұшқанда көптеген (80-ге жуық) ауру қоздырушыларын (аусыл, оба, риккетсиоздар, дизентерия, туберкулез, бруцеллез, топалаң тілме, дипицилидиоз, аскаридатоздар, телязиоздар, т.б.) таратады. Сонымен қатар, мал денесіндегі жараларға (қырыққан, пішкен кезде) жұмыртқа салып, вольфартиозды тудырады. Адамға зооантропоноздардың қоздырушыларын таратуда да қауіпті.
Шыбынның ересек ұрықтанған аналықтары жиі жағдайда жылқы, шошқаның қиына жұмыртқасын шашады. Кейбір ғалымдардың деректері бойынша 1 кг шошқа қиында 15 мың, ал жылқының осынша салмақтағы қиында 8 мың дернәсіл дамиды. Сонымен қатар, шабан денесінің үстінде 6 млн., ал ішегінде 28 млн-ға жуық микроорганизмдердің тіршілік жасайтыны ғылымға белгілі.
Мал фермасы маңайында және қораларда үйдің қара шыбын, үйдің кіші қара шыбыны, күзгі шыбын түрлері кездессе, жайылым мен мал тұратын ашық қоршауларда: далалық шыбын, сиырдың жайылым шыбыны, сиырдың кіші қара шыбыны, жылқы шыбындары тіршілік етеді.
Қанмен қоректенетін болғандықтан, малды қатты мазалайды. Қалың ұшқан масалардың ықпалынан әдетте жануар күйзелу, ентігу мен демігу, дене қызуының көтерілуі байқалады. Сауын сиырларды мазалағанда күнделікті сүт 0,72 л-ге кеміп, бұзаулардың салмақ қосуы 0,32 г-ға азаяды.
Еттің жасыл шыбындарының түстері: жасыл, қара сұр немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауру қоздырушыларын таратушы және тасымалдаушы жәндіктер
Туляремия-(Tularaemia)
Паразитті кенелер түрлерінің сипаттамасы
Кенелер және ауылшаруашылық зиянкестер
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Псороптоз ауруына қарсы ветеринариялық – санитариялық шаралар
Кенелер
Пестицидтер түрлері және оларды пайдалану кешендері
Пестицидтерді қолдану тәсілдері
Жылқының нуттолиозы мен көксидиозы
Пәндер