Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
А. Байтурсынов атындағы Қостанай өнірлік университеті
В.Двуреченский атындағы ауыл-шаруашылық институты
Ветеринарлық медицина кафедрасы

Реферат

Мамандығы: 18-700-11 - Ветеринарлық медицина
Пән: Ветеринариялық акушерлік және гинекология
Тақырып: Жануарлардың көбею физиологиясы

Орындаған: 3 курс студенті Бегмуратов Ардақ
Тексерген: аға оқытушы Темірбек Б.Т.

Қостанай, 2021 ж
Жыныстық циклді жан-жақты зерделеп,малшаруашылығы оқу тәжірибесін өтуде жақсылап саралау.
Жыныстық жетілген малдың организмінде, әсіресе, жыныстық жүйеде белгілі бір мезгілде қайталанып отыратын өте күрделі морфологиялық, физиологиялық құбылыстар болады Бұл өзгерістер гипоталамус-гипофиз, аналық жыныстық безбен басқада эндокриндік жүйелердің арақатынастық жағдайына байланысты және орталық жүйке жүйесінің тікелей басшылығымен іске асып отырады. Осы құбылыстардың белгілі бір тәртіппен қайталанып отыруын жыныстық цикл деп атайды. Жыныстық циклді жан-жақты зерттеп, оны ілім ретінде қалыптастырған профессор А. П.Студенцов болды.
Оның анықтамасы бойынша жыныстық цикл үш сатыдан тұрады:
1. Қозу 2. Тежелу 3. Теңдесу.
Қозу сатысы төрт феноменнің көрінуімен сипатталады, олар: шылым ағу феномені, жалпы реакция (жыныстық қозу) феномені, күйлеу феномені және овуляция феномені. Осы қозу сатысында малдың организмінде оның шағылысуына, ұрықтануына, эмбрионның пайда болуына қажетті жағдай туады. Жыныстық цикл синхронды немесе асинхронды; ырғақты немесе ырғақсыз, жарамды немесе жарамсыз болып өтеді. Синхронды жыныстық циклдің барлық феномендері белгілі бір уақыт аралықтарында көрінеді, қозу сатысы тез қалыптасып өте айқын білінеді.
Асинхрондық жыныстық циклдің феномендері бір-біріне ілеспей, әр кезде көрініп, басылып жатады. Қозу сатысының қалыптасуы 4-5 тәулікке дейін созылады. Н. И. Полянцевтің мәліметі бойынша 25 пайыз сиырларда жыныстық цикл синхронды өтсе, 75 пайызында асинхронды өтеді. Ырғақты жыныстық циклдің қайталану мерзімі бірдей, мысалға, әрбір 21 тәулік сайын қайталанып отырады. Ырғақсыз жыныстық циклдің қайталануы әр қалай, кейде 21 күннен кейін болса, енді бірде 45-60 күнге дейін малда жыныстық циклдің белгілері білінбейді.
Жарамды жыныстық цикл деп барлық қозу сатысының барлық феномендері дерлік байқалған циклді айтады. Жарамсыз жыныстық циклде бір немесе бірнеше феномендер көрінбей қалады. Мысалға: жалпы реакция феномені болмай қалады оны ареактивтік жыныстық цикл деп атайды, күйлеу феномені жоқ болса, алибидтік жыныстық цикл, шылым ағу феномені жоқ болса, анэстралдік жыныстық цикл, овуляция феномені жоқ болса, ановуляторық жыныстық цикл деп аталады. Жарамсыз жыныстық циклдің қайсысында болмасын малды шағылыстырғаннан, қашырғаннан ол тоқтамайды, ұрықтанбайды.
Шылым ағу (oestrus). Жыныстық органдардың кілегейлі қабығындағы эпителий торшалары көбейіп, бірнеше қабат болады, олар шырыш (секрет) бөліп шығара бастайды. Жатыр ішіне жиналған шырыш сыртқа ағып шыға бастайды. Малдың сарпайынан жіп тәрізді шұбырып, мөлдір түсті шырыш ағып тұрады. Осы құбылысты шылым ағу феномені деп атайды. Қынаптың, қынап кіреберісінің, жатыр мойынының кілегейлі қабаты домбығып ісініп, қызарып, қанталап кетеді. Алғашқы күндері аққан кілегейлі сұйық көп емес, жатқан жерінде жиналып немесе құйрығына жабысып қалғанын байқаймыз, кейіннен оның мөлшері біраз көбейіп, соңына қарай азая бастайды. Сұйықтың өзіде қоюланып, сарғылт тартып, бұлыңғырлана береді. Шылым ағу үрдісі көбінесе, 2-3 тәулікке созылады, кейбір сиырларда, қаншықтарда бөлінген шырышқа қан араласуы мүмкін, сұйықпен қосылып кілегейлі эпителийдің өлген торшалары көптеп көшіп (пролиферация) түсе бастайды. Бұл кезде жатырдың жиырылуы күшейе түседі, тік шек арқылы ұстап, сипай бастағанда-ақ тез жиырылып серпіледі. Шылым ағу үрдісінің соңына қарай жоғарыда айтылған барлық пролиферативтік үрдістер бәсеңдейді. Қан айналымы азайып, кілегейлі қабаттың түсі бозғылт тартады.
Шылым ағу феномені басқа феномендерден бұрын басталады да, кейін аяқталады. Күзде, қыстың суық күндері бұл үрдіс қысқа мерзімде, баяу өтеді, ал көктемде жаздың жылы күндері керісінше, өте айқын, қарқынды 3-4 күнге созылады.
Шылым ағу үрдісінің маңызы өте зор, біріншіден оның санитарлық маңызы бар. Сұйық неғұрлым көп ақса, жыныстық жолдар соғұрлым тазара түседі, екіншіден сыртқа бөлініп жатқан кілегейлі сұйық аталық ұрық торшалары (спермийлер) үшін, яғни олардың жылдам қозғалуы үшін өте қолайлы (реотаксис) орта болып табылады.
Шылым ағу үрдісі басталған соң 1-1,5 тәуліктен соң-ақ, малдың мінез-құлқы да өзгере бастайды, сөйтіп екінші феномен басталады.
Жыныстық қозу (жалпы реакция) феномені малдың мінез-құлқының өзгеруімен сипатталады. Мысалы, сиыр мазасызданып, бір орынында тұра алмайды, жиі-жиі мөңіреп аяғымен жер тарпиды, жем-шөпке қарамайды, сүті кеміп кетеді. Биелерде құлынның іші өтеді. Жайылымда жүргенде, аулаға шығарғанда басқа сиырларға асылып шағылысқандағыдай әрекет жасайды, өзінің үстіне басқа сиырлар асылғанда қарсыласпай тыныш тұрады, бірақ бұқаны жолатпайды. Жыныстық қозу феномені 15-20 сағаттай уақытқа созылады, кейде бұл феномен мүлде байқалмайды.
Күйлеу (libido sexsualis) феномені ұрғашы малдың шағылысуға, ұрықтануға дайын екенін көрсетеді. Күйлеген мал еркек малды өзі іздеп барып, оған жақындап шағылысуға ыңғайланып тұрады, еркек мал үстіне секіргенде қозғалмай тұрады. Сиырларда күйлеу феномені орта есеппен 20 сағатқа созылады. Қыстың күндері 10-13 сағат қана болса, жазғытұрым бір тәулікке жетуі мүмкін. Әсіресе, таңертеңгілікте далаға шыққанда анық білінеді. Малдың күйлегенін күйттеуші аталықтарды (бұқа, қошқар, айғыр қабан,) қолдану арқылы аңықтаған дұрыс.
Овуляция (ovulatio) феномені ісініп жетілген фолликулдің жарылып, оның ішінен фолликулярлы сұйықпен бірге аналық ұрық торшасының бөлініп шығу үрдісін айтады.
Ірі малдың овуляция үрдісін тік шек арқылы аналық безді ұстап, сипап білуге болады. Күйлеп жүрген малдың аналық безінде көлемі 0,6-1,0 см, сырты жылтыр былқылдаған күлдіреуік байқалады. Ол өсе келе аналық бездің пішінін өзгертіп жібереді, дөңгелек шар тәрізді немесе сопақша үш бұрышты, алмұрт пішінді бола береді. Пісіп жетілген фолликульдың қабырғасы коллагенезі ферментінің әсерімен әбден жұқарады, ішкі қысым арта түседі де, фолликула жарылады. Бұл үрдістің өтуі фолликул қоздырғыш гормонмен лютендеуші гормонның тікелей әсер етуімен іске асады. Пісіп жетілген фолликулдің аумағы1,5-2 см жетеді. Биенікі тіпті, үлкен 4-5 см жетуі мүмкін. Сиырда овуляция малдың күйлеуі тоқтаған соң, 10-15 сағаттан кейін өтеді. Егер ол аталық малмен жанасып, шағылысқа түсетін болса жатса, оның күйлеуі де, овуляциясы да тез өтеді.
Арық немесе ауру малдың овуляциясы көп кешігіп өтеді, 30 пайыз жағдайда овуляция болмай қалады (ановуляторлық цикл).
Овуляциядан кейін аналық ұрық безінің көлемі кішірейіп, жұмсарады. Жарылған фолликулдің орны шұңқыр, оған қан толып, ұйиды, фолликулярлық эпителийдің торшаларымен араласа өсіп, оған лютеинді фермент сіңіп, сары денеге айналады.
Овуляциядан кейін 4-5 күннен кейін-ақ сары дене (corpus luteun) аналық ұрық безінің үстінен бұлтиып біліне бастайды.
Егерде овуляциядан кейін мал тоқтап кетіп, буаз болса, сары дене мал төлдегенге дейін өзінің қызметін тоқтатпай сақталып қалады. Мұндай сары дененің буаздықтың сары денесі деп атайды. Ал егерде мал буаз болмай жыныстық цикл қайталанатын болса, пайда болған сары дене 7-10 күннің ішінде ыдырап, сіңіп кетеді де, аналық ұрық безінде қайтадан фолликулдер өсіп жетіле бастайды. Мұндай жағдайда сары денені жыныстық циклдің сары денесі деп атайды. Буаздықтың сары денесі мал төлдегеннен кейін 30 күннің ішінде, ал жыныстық циклдің сары денесі 15-20 күннің ішінде ыдырап сіңіп кетпей тұрып қалса, ондай сары денені тұрып қалған немесе персистенттік сары дене деп атайды. Бұл жыныстық жүйедегі қандай да бір патологияның белгісі.
Овогенез деп аналық ұрық безінде аналық ұрық торшасының пайда болып, өсіп-даму үрдісін айтады. Ұрық торшасы аналық ұрық безінің сыртқы қыртысты қабатында примордиалдік фолликулдердің арасында пайда болады. Овоцитті сыртынан бір қабат фолликулярлық торшалар қоршап тұрады. Бұл - алғашқы фолликула. Овоциттер эмбрионалдық кезеңде-ақ пайда бола бастайды. Бұл үрдіс жыныстық жетілу мерзімінде біршама қарқынды, ал одан кейін сәл баяулап қартайғанға жүріп отырады. Примордиалдық фолликулдердің жалпы саны сиырларда бірнеше ондаған мыңға жетеді, оның тек азғана бөлігі толық пісіп-жетіліп, овуляциямен аяқталады да, қалған фолликулдер атрезияға ұшырайды. Атрезия деп фолликулдің дамуы тоқтап, ішіндегі ұрық торшасы өліп, фолликулярлық сұйықтың ыдырып сіңіп кетуін айтады. Бұл - кәдімгі физиологиялық құбылыс.
Овоциттің төңірегіндегі қоршап тұрған бір қатар фолликулярлы эпителий бірнеше қатар болып көбейе бастайды, фолликула өсіп үлкейе береді, оның ортасына фолликулярлы клеткаларды шетке ығыстырып кең қуысқа айналады. Фолликула ұрық безінің терең қабатынан бетіне қарай жақындай береді. Фолликульдің қабырғасы ішкі және сыртқы қабаттан тұрады. Ішкі қабатында фолликулярлы эпителий орналасқан, ол экстрогендік гормон (фолликулин), бөліп шығарады сыртқы қабаты тығыз дәнекер ұлпадан, қан тамырларынан тұрады. Пісіп жетілген фолликулдің көлемі сиырда 1,5 см, биеде 4-5 см болады.
Фолликулдің өсіп жетілуімен қатар ұрық торшасы да өсіп жетіледі. Бұл кезде овоциттің құрамында және оның ядросында күрделі өзгерістер болады. Овоцит екі рет бөлінеді. Бірінші бөлінгенде одан екінші дәрежедегі овоцит және бірінші бағыттаушы дене тарайды. Осыдан кейін (көбінесе, овуляциядан кейін) екінші дәрежедегі овоцит екінші рет бөлінеді, оның нәтижесінде үшінші дәрежедегі овоцит және екінші бағыттаушы дене бөлініп шығады. Осы үшінші дәрежедегі овоцит жетілген ұрық торшасы болып саналады, оның ядросында хролмосомдар саны жартылай ғана (гаплоидті сан) болады.
3-кесте. Малдың күйлейтін мерзімі және овуляция өтетін уақыт
Мал
түрі
К ү й л е й т і н м е р з і м
Овуляция өтетін уақыт

Төлдегеннен кейін
Қайталануы
Ұзақтағы

Сиыр
20-30 күнде
21 күнде
15-20 сағат
Күйлеу тоқтағаннан кейін 10-15 сағаттан соң
Б и е
7-9 күнде
21 күнде
4-7 тәулік кейде 10-12 тәулікке созылады
Күйлеуі тоқтардың алдында, таңға жуық мезгілде
Қой, ешкі
15-30 күнде, кейде1,5-2 ай өткенде
16-17 күнде
1,5-2 тәулік
Күйлеу басталғаннан кейін бір тәулік өткен соң
Түйе
Бірнеше күн өткен соң
9-50 тәулік
15-65 тәулік

Шағылысқаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыныстық цикл
Жыныстық және физиологиялық жетілу
Жыныстық циклді қалыптастыратын факторлар
Шырыш ағу феномені
Жыныстық циклдің қалыптастыратын факторлар
«Үй қояндарының овуляциясы және фолликулалардың пісіп жетілуі»
Синхронизация түсінігі және электр байланысындағы синхронизация
Логикалық элементтер
Ұрғашы малдың жыныстық циклы
МП жүйесіндегі енгізу-шығару
Пәндер