Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Дарынды балалармен жұмыс жасау жолдары
Пәні: Педагогика
Студент: Мухамет Айдана
Курс: 4
Мамандық:0111000-
«Негізгі орта білім беру»
Біліктілік: 0111083 -
«Шетел тілі мұғалімі»
Топ:42 ш
Парақтардың саны:
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.
Студенттің қолы
« __» 20жыл
Қорғау
Баға ()
Қорғау уақыты___ 20жыл
Директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөнінен орынбасары Алимжанова А. Б.
Алматы, 2020
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ - ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың сипаттамасы . . . 8
1. 2. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстарға қойылатын талаптар. . 14
2. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
2. 1 Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстың түрлері . . . 19
2. 2 Тәжірибелік-эксперимент жұмысының нәтижесі . . . 28
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 36
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 38
КІРІСПЕ
«Еңсесін енді көтеріп келе жатқан
біздің еліміз үшін дарынды ұрпақтың орны
мүлде бөлек», - Н. Ә. Назарбаев.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [1] : орта білім беру міндеттерінің бірі - азаматтықа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу деп көрсетіледі. Ел президентінің 2004 жылғы 19 наурыз айындағы Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәскеге қабілетті халық үшін» Жолдауында [2] : «Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен, оның ішінде патриоттықпен айқындалатынын ерекше атап көрсетеді». Сондай-ақ Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында [3] және Қазақстан Республикасы білім және ғылым қызметкерлерінің ІІІ съезінде білім беру мәселесінің жай күйі жан-жақты талданып, адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ерекше назар аударып, Қазақстандық патриотизм мен интернационализм негізінде білім алушылардың тәрбиелеудің тиімді жүйесін енгізу қажеттігі баса айтылды.
Бұл міндетті қабілетті, дарынды балалар сапалы, саналы жүзеге асырады. Ал дарындылықты мектептен қолға алған дұрыс.
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жүйесін жүзеге асыру қажеттілігіне Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1996 жылы «Дарынды балаларға арналған мектептерді мемлекет тарапынан қолдау және дамыту» [4] бұйрығын шығарумен ерекше назар аударды. Осы бұйрықтың негізінде 1996 жылы Республикада «Дарын» жас таланттарды қолдаудың Мемлекеттік бағдарламасы» [5] шығарылды. 1999 жылы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында [6] тұңғыш рет «элитарлық білім» термині енгізілді. Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму бағдарламасында білім беруді инновацияландыруға сай икемдеу үшін білім беру жүйесін ақпараттындыру, жаңа талапқа сай дамыту талабы қойылып отыр. Осы талапқа сай бүгінгі таңда білім беруде жеке тұлғаны дамыту, дана және дара ойлай алатын дарынды баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдарын айқындау қажеттігі айқын.
Қай елдің болмасын өсіп-өркендеуі, өнуі, әлемде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің қалыптасуына, даму бағытына тікелей байланысты. Сондықтан да, мемлекет басшысы болашақта қазақ елінің көсегесін көгертіп, ғылымын көркейтер деген үмітпен жас дарындарға үлкен назар аударуда, қолдау көрсетуде. Осы орайда қандай да болмасын білім беру мекемесі оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай білім берумен шектеліп қалмай, оларды ғылыми ізденіс жұмыстарға тартып, шығармашылық, дарындылық қабілеттерін дамыту бағытында жұмыс жүргізуі тиіс.
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алуына, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған, білімді, өз ісін және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.
Мектеп - білім берудегі бар мүмкіншілікті қамтамасыз ететін білім ошағы. Өз ұлтын, тілін сүйіп, қастерлейтін адам ғана, сонау әлімсақтан мирас болып келе жатқан ата-ананы, үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық, мейірбандық, инабаттылық көрсету сияқты ізгі қасиеттердің иесі бола алады. Қазақ жастары осындай ұлтжандылығымен, өздеріне тән ұлттық болмысымен және рухани тазалығымен ерекшеленуі тиіс. Ар-намысын жоғары ұстаған ел ғана басқа ел алдында әрдайым абыройлы, сыйлы болмақ. Міне осы тұрғыда мектеп мұғалімдерінің алдындағы басты назар аударатын міндеттердің бірі білімді де тәрбиелі тұлға тәрбиелеуге бар күштерін жұмылдыру.
Бүгінгі білім берудегі тәжірибе оқушылардың әртүрлілігін көрсетіп отыр. Білім берушінің алдындағы басты назар аударатын негізгі міндеттердің бірі - дарынды балаларды анықтап, оларға адамгершілік қасиеттерді дарыту, шығармашылыққа үйрете отырып, терең біліммен қаруландыру. Интеллектілері шығармашылыққа жақын сараптай алатын, байланысын сезе алатын өте жақсы дамыған оқушылар өз қатарларынан өзгешелініп тұрады. Олар өздерін қызықтыратын сұраққа үнемі жауап іздеп, білімқұмарлықтарымен және өзіндік ізденімпаздықтарымен көзге түседі. Дарынды балалар мектепке баруға құлшынады, сабаққа барған кезде осындай дарынды балалармен қиын жағдайға ата-аналарда, оқытушылар да тап болады. Осындай білімқұмар балаларға сынып іші жалықтырып жібереді. Мұғалімдер сынып ішіндегі барлық баламен жұмыс жасауы үшін тырысып бағады, себебі бір сыныпта дарынды баламен қатар, қабылдауы төмен балаларда отырады. Оқу бағдарламасын барлығына дерлік ұғындыру, барлығымен жұмыс жасау мұғалімге қойылатын басты талап. Ендеше, осындай жағдайлар дарынды баланы жалықтырып алмау үшін арнайы жұмыс жасау қажеттігін көрсетіп отыр.
Бүгінгі таңда дарынды бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық - адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк.
Дарындылық - баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен дамып отыратын үздіксіз процесс болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру. Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың дамуын бағдарын талдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық"» ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда төменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі".
Балалар дарындылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық - педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның сандарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында[6] мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы және адамның дарындылығын таныту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Осы мәселе негізінде дарындылықты анықтап алу негізге алынуы шарт.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін дарынын ашу - мұғалім міндеті, бала бойындағы ерекшелікті, қабілетті танып, соған бағыттап дарынды баланың болашағының ірге тасы дұрыс қалануына мүмкіндік жасауымыз қажет. Дарынды баламен жұмыс жасаудағы бағыт оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады. Дарындылықты анықтауда бірнеше жақта қарастырылды. Олар: интеллектуалдық дарындылық, шығармашылық дарындылық, әртістік дарындылық, музыкалық дарындылық, техникалык дарындылық және спорттық дарындылық. Баланың жанына жақын дарындылықты дәл тауып, соны жандандыруға жұмыс жасалынғанда дарынды баламен жұмыс өз нәтижесін табады.
Әрбір адам бала кезден өмірде үлкен жетістікке жетуді армандайды. Көпшілігі ерте кезден бастап белгілі бір іс-әрекетке қабілеттілік байқатады (сурет салады, белгілі бір музыкалық құралда ойнайды, мүсін жасайды) . Бірақ бұл қабілеттілікті қалыптастырып, жүйелі дамытып отырмаса, ол қасиет жас өскен сайын бірте-бірте жойыла бастайды, жас жеткіншектің болашақ кәсіби өміріне бағыт-бағдар бере алмайды.
Балалардың дарындылық мәселесі өзінің тамырымен бірнеше ғасырға жайылған. Ежелгі грек философтары Платон [7], Аристотель [8] еңбектерінде тұлғаның дарындылығы туралы айтылғанын көреміз. Сондай-ақ, Қайта өрлеу дәуіріндегі еңбектерде де дарындылық мәселесі ерекше орынға ие болған.
Бүгінгі таңда дарынды балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттер жинақталған. Бұл мәселеленің түп-тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Зерттеу өзектілігі . Демократиялық мемлекет болып қалыптасу кезеңінде Республика азаматтарының құқығы мен бостандықтарынын белгілеуде дарынды балалар проблемасының өткір көрінуі мүлде кездейсоқ емес. Зерттеулер көрсеткендей, халықтың кез - келген тобына еркіндік берілсе, онда ойлау, шешім қабылдау, қорлар мен қызмет бөлісу сияқты атқарылатын реттеуші қызметті ой, мақсаттарының ішкі өзегі етіп таңдайды. Ал бұл өзекті қалыптастыруда аса дарынды адамдардың маңызды роль атқаратындығы даусыз. Міне сондықтан да бұл проблема шешімінің елдің болашағы, қоғамның дамуы, оның шығармашылық потенциялының іске асырылуы жататындығынан көреміз. Сонымен, дарындылықпен жұмыс мәні - адам мүмкіндігін толық пайдалану мен елдің интеллектуалды күш - қуатының стратегиясының қорын жасау болып табылады.
Дарынды бала дегеніміз - болашақта жаңа технологияларды ойлап табатын, ізгі саясаткер, сенімді дәрігер, шебер музыкант, қайталанбас суретші, ол еркін, жауапты, жоғары адамгершілік иесі, бұл ұлттық құндылық. Және ол бұлармен қатар нәзік жаралған жан. Қоршаған ортасын жиі түсінбейтін, соңынан күншілдікпен қастандық ере жүретін, олардың әсерінен көбіне жойылып кететін, немесе ақылшы ұстазының оның көтеріңкі және еркін ойын дұрыс бағыттай алмау кінәсінен болады. Дарындылық жалпы адамзаттық мәдениетке және өзіндік құндылық болып қарастырылады. Және адам табиғатындағы өте сирек, ерекше құбылыс. Мұнымен өзара тығыз байланысты көптеген сұрақтарға жауапты ерекше қабілеті бар адамдармен - жұмыс жасауда туындалатынын ескерген жөн.
Жалпы білім беретін көпшілік мектептер өте қабілетті балаларды тежейді делінетін қалыптасқан пікірлерге керісінше, бұл жұмысты жүргізудегі мақсат - психиканың тұтас және жүйелі құбылысы болып саналатын дарындылықты ашуға қолайлы жағдайлар болып есептелінеді.
Дарындылық көптеген балалар үшін, ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр. Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып, ең алдымен оның шынайы байқаулары, анықталу тәсілдері, дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы табылады. Дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық - бұл ертеңгі ғылым, мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық. Қазіргі таңда мұндай ерекше балаларды, анықтау тәсілдері, өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру бағдарламалары бар. Дегенменен, дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту проблемасы бүгінгі күні де бар, балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар. Балалардың дарындылығы мәселесімен шетелдік және отандық психологтар айналысты. Шығармашылық дарындылық психологиясы саласы бойынша ауқымды зерттеулер жүргізілгені белгілі. Ол американдық психологтар:
Дж. Гилфорд, П. Торренс, Ф. Баррон, К. Тейлор, Дж Кэрол мен Б. Блумның идеялары негізінде дарынды балаларды оқыту әдістемесі жасаланады. Ерекше дарынды балалар мәселесімен Ж. Брюно айналысты. А. Матюшкин өзінің «Шығармашылық дарындылықтың тұжырымдамасы» еңбегінде, Шумакова Н. Б. өзінің бірқатар еңбектерінде, Чистякова Г. Д. өзінің «Танымдық құрылымды дамытудағы шығармашылық дарындылық» атты мақаласында, С. Юркевич «Практик психолог жұмысындағы дарындылық диагностикасы мен оны болжау проблемалары» еңбегінде баяндалады.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Мектеп оқушылары дарындылығының психологиялық ерекшеліктерін бейімделген, өңделген әдістемелер көмегімен анықтап, айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- дарынды балалардың ерекше қасиеті жөніндегі әдебиеттерге толық теориялық талдау жүргізу;
- дарынды балалар ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін зерттеу;
- дарынды балалармен жұмыс істеудің ерекше бағдарламасын құру.
Зерттеу пәні: Педагогика.
Зерттеу нысаны : Бастауыш сынып оқушылары.
Зерттеу әдістері : Балалардың дарындылығын бақылау, балалардың дарындылық ерекшелігін психологиялық анықтау әдістері, ата-ана, балалармен жүргізілетін сұхбат, сауалнама.
Зерттеу болжамы : Дарынды балаларды диагностикалау негізінде, олардың танымдық мүмкінідіктерін ажырату әрі дамыту арқылы мектепте олармен жекелей жұмыс жүргізіледі. Осы жүргізілген жұмыстар дарынды оқушылардың жан- жақты дамуына септігін тигізуі мүмкін.
Зерттеу құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І. ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Дарынды балалармен жұмыстың сипаттамасы
Адамның психикалық ерекшеліктері жөніндегі идеялар, оның ішкі қабілеттілігі туралы ойлар сонау ертедегі грек философтарының еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде кездеседі.
Таланттылық пен данышпандылық туралы құнды пікірлер ерте грек философтарының еңбектерінде көптеп кездеседі. Бірақ адам психикасы танымдық құбылыстың ішіндегі танып білуге, ұғынуға қиын мәселелердің бірі болғандықтан, жекелеген адамдардың табиғи ерекшеліктері мен оларда табиғи қабілеттің болуы құдіреті күшті құдайдың жарылқағаны деп есептеген. Платонның пікірінше, ақынның туындылары өзінің өнерлігі мен білімінен емес, құдайдың құдіретінен, оның белгілеуінен.
Бір кезде ХІҮ ғасырда қабілеттілік, дарындылық тек өнер адамдарында ғана байқалады деп есептеген. Үкімет қызметкерлеріне, әскери адамдарға, ғалымдарға қатысты дарындылық қабілетін жат санаған.
Дегенмен, бұл ойды жоққа шығаруға әрекет жасағандар да болды. Аристотель көркемөнер туындысының интеллектуалдық іс-әрекетпен байланысты екендігін айтады.
Ерте грек философтары дарындылықты құдайдың құдіретінен дей келе, оны дамытуда білім мен тәрбие берудің маңызын жоққа шығармайды.
Қайта өрлеу дәуірінде дарындылық табиғатын танып-білу мәселесімен испандық Хуан Уарте айналысты. Ол испан империясының қайта өрлеуінің болашағы мемлекттік қызметке аса дарынды азаматттарды тарту деп есептеді. Оның зерттеулерінің негізгі мақсаты адамдардың жеке басындағы қабілеттілікті анықтай отырып, болашақта кәсіби маман таңдауда ескеру болып табылады. Бұл зерттеулер саралау (дифференциалды) психологияның негізін қалады деуге болады.
Хуан Уартенің пікірінше талант адам табиғатына байланысты, дегенмен, оның дамуына тәрбие мен еңбек қажет. Ол таланттылық мәселесімен айналысатын мемлекеттік жүйе құру жөнінде пікір қозғаған және жас жеткіншектердің қабілеттіліктерін дамыту үшін арнайы жұмыс жүргізу керектігі, сондай-ақ мұндай жұмысты ақылы мен білімі өте жоғары ұлы адамдар жүргізу керек деп есептейді.
Қабілеттілік пен дарындылық мәселесі - Орта Азия мен Қазақстан ойшылдарын да толғандырған мәселе. Араб сөз бостандығының негізін қалаушылар (Әл-Хорезми, Фердоуси, Ибн Сина, Беруни және т. б. ) философия, логика, химия, астрономия, география, география, медицина, психология ғылымдарымен бірге жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселелеріне көп еңбектер арнаған. Мысалы, Әл-Фарби «Бақытқа жету трактаты» еңбегінде этикалық мәселелермен қатар адам қабілеттілігіне, білім беруде түрлі озық әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарына көңіл бөледі.
Ғылымдағы педагогика мен психологияның дифференциясы негізінде адам психикасы мен қабілеттілігі жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Қабілеттелік жөніндегі алғашқы зерттеулер ағылшын психологі Френсис Гальтон есімімен байланысты. Ол адамдардың жеке дара ерекшелігі мәселелсін зерттеген.
ХІХ ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады.
Ағартушы Ы. Алтынсарин [12] «Табиғи ақыл өзін қоршағанда ғана құшағына ала алса, онда дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім», - дейді.
Ш. Уәлиханов [12] шығармаларында жеке тұлға тәрбиесіндегі білім мен тәрбиенің шешуші рөлі көрсетілген. Оның жалпы қазақ халқының ақыл-ой қабілеттілігі жөніндегі пікірі мынадай: «Қырғыз-қайсақтар табиғатынан ақыл-ой жүйріктігімен, таңқаларлық көңілшектігімен ерекшеленеді». Ш. Уәлиханов тәрбиеге үлкен маңыз бере отырып, адам қабілетінің дамуына оның табиғи бейімділігінің мәні зор екендігін алға тартады.
Абай Құнанбаев [12] адамды қоршаған орта - табиғаттың бір бөлігі дей келе, табиғаттың адам баласына берген керемет сыйы - туылғаннан бастап білуге, түсінуге деген ұмтылысы деп есептейді. Бірақ, бала өсе келе осы қасиетті біртіндеп жоғалта бастайды. Ойшыл адамның ойы мен санасы еңбек әрекеті кезінде қалыптасады деп тұжырымдайды. Ол: «Кей қасиет туа бітеді, ал кейбірі еңбек арқылы қалыптасады», - дейді. [71-75]
Сонымен қазақ ағартушылары қабілеттіліктің туа бітетін қасиет екенін мойындай отырып, адам қабілеттілігінің дамуына білім мен тәрбиенің, еңбектің, қоршаған ортаның зор ықпалының бар екенін айтады.
ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қайраткерлер Ж. Аймауытов [12], А. Байтұрсынов [12], М. Дулатов [12], М. Жұмабаевтардың [12] педагогикалық мұраларында білім беру үрдісінде балалардың қызығуы мен қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған. Ж. Аймауытов [52] «Психология және мамандық таңдау» еңбегінде эксперименттік зерттеу нәтижелеріне сүйеніп, мамандықты дұрыс таңдай білуге арналған кеңестерін ұсынады. Оның пікірінше, мамандық таңдауда адамның жеке қасиеттерін: темпераментін, қабілеттілігін, мінезін, күш-жігерін ескеру қажет. Сонымен қатар Ж. Аймауытовтың ойынша, әрбір адамның белгілі бір мамандыққа деген туа біткен бейімділігі бар, сондықтан адам өзінің табиғатына тән қасиетпен айналысқаны тиімді болады дейді.
М. Жұмабаев [12] өзінің «Педагогика» еңбегінде адамның жалпы рухани дамуы туралы айта келіп, тәрбиені ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық деп бірнеше түрге бөліп қарастырады. Ол жеке тұлға тәрбиесі мәселесін интеллектуальдық қабілеттілікпен тығыз байланыста қарастырады.
Шығармашылықта материалдық және рухани үрдістердің диалектикасы орын алады, ол танымдық және практикалық іс-әрекетті қамтиды. Шығармашылықтың әлеуметтік жағын қарастыра отырып, сонымен бірге жеке бастың қасиеттері мен дарынын, рухани-психологиялық ахуалын, оның біліктілігін естен шығармаған жөн. Шығармашылық үрдістің, ішкі механизмін тереңірек меңгеру, адамның шығармашылық мүмкіншілігінің мәнін түсінуге көмектеседі.
Белгілі философ Ә. Нысанбаев [46] адамның шығармашылық мүмкіндігін оятудың маңызының зор екенін көрсете келіп, негізгі үш түріне тоқталған. Біріншіден, еңбек шығармашылығы өндірістегі жекелеген қызмет түрлерін ғана емес, өндірістің барлық салаларын түгел қамтиды. Міндет әрбір жұмыс орнындағы адам шығармашылықпен еңбек етуге мүдделі болып, оған жауапкершілікпен қарауы керек. Екіншіден, жұмысқа барлық уақытта да еңбекке қанағаттану сезіміне байланысты қарау. Өзінің мамандығына көңілі толған адамның еңбегі де сапалы болады. Үшіншіден, шығармашылықпен еңбек етудің басты көрсеткіштері өнертапқыштық саналады. [51-59]
Шығармашылық өнер, ғылым, философия шеңберімен және рухани әрекетпен шектелмейді. Балаларды оқыту мен тәрбиелеу, қарым-қатынас жасау, бау-бақша салу немесе бөлмеде әр түрлі өсімдіктер өсіру де шығармашылық болып табылады. Шығармашылықтың ішкі себептеріне тұлғаның қабілеттілігі мен әрекеттердің себептерін жатқызады. Бұл жинақтар біртұтас: шығармашылық қабілеттілік табыс негізін құрайды, бірақ өзінің іске асуын себептер арқылы алады. Шығармашылыққа деген қабілеттілік көптеген қасиеттермен сипатталады. Шығармашылық тұлға ойының тереңдігімен, білу қабілеттілігімен, пікірлерінің еркіндігімен, ойлауының қайталанбастығымен елестету мен сезімталдығының үйлесімділігі және күштілігімен, еңбекте берік те төзімділігімен, сыншылдықпен және жоғары этикалық қасиеттермен ерекшеленеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz