ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасы

№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар

Пәні: Педагогика

Студент: Қалдыбай Қ.

Курс: 4

Мамандық: 0111000 -

«Негізгі орта білім»

Біліктілік: 0111083-

«Шетел тілі мұғалімі»

Топ:42 ш

Парақтардың саны:

Студенттің мәлімдемесі
Студенттің мәлімдемесі:

Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.

Студенттің қолы

« __» 20жыл

Қорғау

Баға ()

Қорғау уақыты___ 20жыл

Директордың оқу-әдістемелік

жұмысы жөнінен орынбасары Алимжанова А. Б.

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1. «Инновация» ұғымы, шетелдік- ресейлік және Отандық ғалымдардың пікірлері . . . 8

1. 2. Инновациялық технологиялардың жіктелуі даму сатылары . . . 10

2. ШЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР

2. 1. Ағылшын тілі сабақтарында инновациялық технологияларды тиімді пайдалану . . . 18

2. 2. Инновациялық технологиялардың қолданылуымен жасалған сабақтар сараптамасы . . . 24

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 29

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 33

ҚОСЫМШАЛАР . . . 34

Кіріспе.

Мемлекетіміздің тәуелсіз ел ретінде дамуы барысында орта білім берудің жүйелі жаңашаландырылуы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді жаңашаландыруды жүзеге асырудың маңызды бір сипаты: қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттілігінен туып отыр. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялары мен жаңа технологиялары бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын, оқу мазмұны әрбір білім алушының жас және жеке дара психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибе жүзінде сыннан өткізу маңызды. Оқытудың озық технологияларын меңгермейінше қазіргі білім беру саласында сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Инновациялық технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Еліміздің болашақ ұрпағы үшін ХХІ-ғасырдың - ғылым ғасыры деген сипатын дәріптейтін заманауи жаңашылдық іс тәжірибелерді дамыту көзделген. Сондықтан жас ұрпаққа, жас буынға жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Елбасымыздың “Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” еңбегінде 2020 жылға қарай қалалық, сол секілді ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие беру және оқытумен қамтылады деп көрсетті[1] .

Бүгінгі жаһандану заманы жаңашылдық, жаңа көзқарастар мен өзгерістерге толы. Ал біз осы ағынмен өмірімізді жаңа өнімдерді, техникаларды, жетілген білімдерді, жан-жақты дамыған идеяларды пайдалану арқылы жалғастырып отырмыз. Сондықтан білім беру жүйесін ізгілендіру барысында оқыту үдерісіндегі, әдіс тәсілдерде жаңашылдыққа бағытталуы тиіс.

Қазіргі кезде білім беру мен білім жүйесін ұйымдастырудың оқу үдерісіндегі жаңа технологиялары ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану аясын кеңейтіп мультипликацияны, бейнетаспа мен күрделі сызбалармен оқу материалдарын түсінікті баяндауға мүмкіндік береді.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында «Бізге экономикалық және қоғамдық модернизация талаптарына сәйкес қазіргі заманғы білім беру жүйесі керек. Білімді дамыта білмейтін ел XXI ғасырда сәтсіздікке ұшырайды», - деп атап көрсетті[2] . Осыған орай елімізде білім беру саласын дамытуға арналған іс-шаралар мен реформалар жүзеге асырылуда. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке жағдайлар жасау, оқытудың инновациялық технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп, білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген болатын[3] . Бұл міндеттерді шешу үшін білім беру ошақтарында, әр оқытушының күнделікті ізденіс арқылы ғылымға барлық жаңалықтар, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибе қажеттігі туындайтыны сөзсіз. Инновациялық технологияларды қолдану оқу процесін сапалы түрлендіруге, жаңашыл жобаларды енгізуге, оны тиімді басқаруға негіз болып, әрбір білім мекемесінде өзіндік даму жолын табуға, әрбір мұғалімге өзінің әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізер еді. Сондықтан қазіргі кезеңде оқытудың инновациялық технологияларын оқу орындарының практикасына белсенді түрде ендіру - қоғам талабы. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер ағыны күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы мен шығармашылық жемісімен келмек.

Зерттеу өзектілігі. Білім беру мазмұнын жаңарту, үздіксіз білім беру жүйесін дамыту - бүгінгі күннің талабы. Қазақстанның білім беру жүйесі әлемдік білім беру стандарттарына сәйкестенуде. Бұл білім беру жүйесі мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, озық идеялар, жаңашыл ұстаздар пайда болды. Бүгінгі оқыту жүйесінде жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, оң нәтижелер беруде. Осыған орай әр ұстаздың алдында бәсекеге қабілетті, бүгінгі заман талабына төтеп бере алатын білімді ұрпақ тәрбиелеп шығару мақсаты қойылған.
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойылған міндеттердің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерді сабақ барысында пайдалана отырып, сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. Білім беру жүйесіндегі басым бағыттардың бірі - оқыту үрдісін технологияландыра отырып, білімнің кепілдік нәтижелеріне қол жеткізу. Ол үшін оқыту үрдісін өзгерте отырып, мүғалім шығармашылықпен жұмыстануы керек. Өйткені бұрын оқушы білімді қабылдаушы, жинақтаушы, өзіне сіңіруші рөлдерін ғана атқарса, ал қазіргі жаңа талап бойынша өздігімен білім алушы, үйрене білуші ретінде танылады. Сондықтан жеке тұлғаны осы рөлдерді атқаруға лайықтау үшін оның жаңа бейнесін заман талабына сай дайындауымыз қажет.
Инновациялық құбылыстар білім беру саласында өткен ғасырдың 80-ші жылдарында кеңінен тарала бастады. Әдетте, инновация бірнеше өзекті мәселелердің түйіскен жерінде пайда болады да, берік түрде жаңа мақсатты шешуге бағытталады, педагогикалық құбылысты үздіксіз жаңғыртуға жетелейді». Р. Масырова, Т. Линчевская - «жаңаруды» былай деп түсіндіреді: «Жаңару - белгілі бір адам үшін әділ түрде жаңа ма, әлде ескі ме оған байланысты емес, ашылған уақытынан бірінші қолданған уақытымен анықталатын жаңа идея». С. Ожегов сөздігіне сүйенсек, инновация - бірінші рет шыққан, жасалған, жуық арада пайда болған, бұрынғының орнын басатын, алғаш ашылған, бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады. [4]

Өмірімізде болып жатқан түбегейлі өзгерістер қоғамымызға жаңа талаптар қойып отыр. Осыған орай бүгінгі жаңа технологияны оқып- үйрену, болашақ ұстаздардың шығармашылық ойлауын дамыту, кәсіби білімін, шеберлігін жетілдіру, үнемі ізденіс үстінде жүруіне жол ашу ерекше орын алады.

Қазіргі кезеңде білім беру саласының барлық жағына жаңаша көзқарастар жаңаша қарым- қатынас, жаңаша ойлау қалыптасуда. Тиімді оқыту жолдарын бүкіл әлем педагогтары қарастыруда. Нәтижелі оқыту мәселесі педагогика мен психологияның соңғы жаңалықтарын қолдану негізінде жүргізілуде.

Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде практика жүзінде оқытуды ізгілендіру, демократияландыру бағытындағы әдіс- тәсілдер көптеп қолданылады. Себебі біздің қоғамымызға заман талабына сәйкес қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, білімді, белсенді, шығармашылықпен жұмыс істей білетін азаматтар керек- ақ.

«Адам ұрпағымен мың жасайды»- дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні -қараң, келешегі тұман», - деп М. Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі- білімді ұрпақ. Сусыз құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өңбейді. Қазір мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет- оқушылардың шығармашылық білім дағдыларын қалыптастыру. Міне, өз ұрпағының өнегелі, өнерлі, еңбексүйгіш, абзал азамат болып өсуі үшін оқу- тәрбие үрдісінде инновациялық технологияны тиімді пайдалану әрбір ұстаздың міндеті болып табылады. Оқушы қабілеті дегеніміз оның педагогикалық ықпал аясында білім алу әрекеті, жеке тұлғаны дамыта оқыту әдістері, оның шығармашылық қабілетінің дамуына әсерін тигізеді. «Қазақстан-2030» атты еліміздің стратегиялық бағдарламасында ең негізділерінің бірі- жоғары интеллектуалды жастарды жан- жақтылыққа тәрбиелеу, олардың потенциалдық деңгейінің көтерілуіне үлес қосу. Сондықтан ұстаз- мұғалімдер қауымының алдына өте үлкен міндет жүктелді. Бүгінгі таңда жас ұрпаққа пәнді тиімді ұғындырудың бірі- жаңа технология негіздері болып табылады. Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыстана білуіне назар аударған жөн.

Сондықтан ұрпақ тәрбиесімен айналысатын әлеуметтік педагогикалық, психологиялық қызметтің тиімділігін арттыру, оны жаңа сапада ұйымдастыру қажеттігі туындайды. Бұл үшін әрбір оқытушының инновациялық іс- әрекеттің ғылыми- педагогикалық, психологиялық негіздерін меңгеруі мақсат етіледі. Инновациялық технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, мүмкіндік деңгейге жеткізеді.

Зерттеу жұмысының мақсаты : Жаңа технологияларды қолдана отырып, балаларға сапалы да терең білім беру, олардың ойлау дағдылары мен есте сақтау қабілеттерін жетілдіре отырып, еркін сөйлеу дәрежесіне жеткізу.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

  • оқытудың жаңа әдістерінің психологиялық-педагогикалық негіздерін зерттеу;
  • инновациялық технологиялардың тиімділігін айқындау;
  • шетел тілі сабақтарында әр технологияны орынды қолдана білу;
  • сабақтарда қолданылатын инновациялық технологиялардың

түрлері мен әдістерін көрсету;

  • біліктілік жолменен тәжірибеде инновациялық технологиялардың

мақсаттылығын айқындау.

Зерттеу пәні: шетел тілін оқыту барысында жаңа технологияларды

қолдану әдістері.

Зерттеу нысаны : мектеп оқушылары.

Зерттеу әдістері :

  • зерттеу мәселесі барысындағы ғылыми-әдістемелік әдебиетке сараптама;
  • жаңашыл педагогтар және әдіскерлер тәжірибелерін жинақтап қорыту;
  • бақылау;
  • сынамалық оқыту.

Зерттеу болжамы : Егер, инновациялық технологияларды оқыту үдерісінде тиімді және орынды қолданған жағдайда оқушылардың жан- жақты әрі үйлесімді дамуына қол жеткізуге болады және студенттердің танымдық процестерін қалыптастыруға деген ұмтылысы, қызығушылығы артады.

Зерттеу құрылымы : кіріспеден, екі бөлімнен және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Сонымен қатар сызбалар көрсетілген.

Кіріспе бөлімінде зерттеудегі түиінді мәселелер, мақсаттар мен міндеттер, ғылыми болжам, объекті, пән және пәнді зерттеу әдістері пайымдалған.

Бірінші бөлімде сабақ барысында қолданылатын инновациялық технологияларға жалпы түсінік берілген. Соның ішінде «Дамыта оқыту» технологиясы, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы, «Модульдік оқыту» технологиясы ұғымдары келтірілген. Осы бөлімде аталған инновациялық технологиялардың мақсаттары, маңыздылығы берілген. Бұл бөлімде жаңашыл ұстаздар мен әдіскердердің өзара тәжірибе алмасуы көрсетілген.

Екінші тарауда шетел тілі сабақтарында инновациялық технологияларды орынды қолдана білу көрсетілген. Инновациялық технологиялардың түрлері шетел тілін оқытуда, оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыруға, өз ойларын сеніммен айтуларына, жеке оқушының танымдық қызметін ұйымдастыруға, топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырулары үшін тиімді.

Қорытынды бөлімде зерттеу жұмысынан алынған нәтижелердің қорытындысы берілген.

1. ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ.

1. 1«Инновация» ұғымы, шетелдік- ресейлік және отандық ғалымдардың пікірлері

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен табиғи қабілеттіліктерін ескере отырып, шығармашылық қабілеті мен сабаққа ынтасын арттыру, ой-өрісін, логикалық ойлау дәрежесін дамыту, сонымен бірге экономикалық, эстетикалық, гуманитарлық, халықтық педагогикалық тәрбие беруде де, ойлау қабілетін белсендендіру үшін түрлі әдістер мен тәсілдерді және технологияларды тиімді қолдана білуі қажет.

Инновация («новация» - жаңа, жаңашылдық; «ин»- «қайталанатын» процесс, деген ұғым) бар, әрекет етуші нәрсенің ішінде жаңаның пайда болуын, дамуын білдіреді. Бұл түсінік. ХХ ғасырдың 30- 50 жылдарында Европада ғылымның жаңа саласы ретінде пайда болды. Жалпы педагогикалық инновация ұғымын сипаттауды мына түрде беруімізге болады [4] .

Білім берудегі адам қабілетімен іскерліктерін дамытуғы бағытталған оқу-тәрбиеде қолданылатын құралдардың арнайы формалары, әдіс-тәсілдері көрсетілетін психологиялық-педагогикалық нұсқауларға және оқу үдерісін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруға бағытталған біріккен педагогикалық іс-әрекетке жаңашылдық тұрғысынан келу инновациялық технология болып табылады. Демек, инновациялық технология маманның құзіреттілігіне ықпал ететін шығармашылық қасиеттерді, шеберлікті қалыптастыруға қолданылатын әдіс-тәсілдер мен амалдар жиынтығы.

«Инновация» ұғымы әр елде әр түрлі, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең таралған, ал Арабия, Жапония сияқты елдерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан, әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін қарастыра келе, Ресейде, Еуропа, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз. Ресейде «инновация» ұғымына өте күдікпен қарағаны мәлім. Мәселен, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термин кездеспейді. Негізінде реформа жүзеге асқан, яғни инновациялық үрдіс өткен, бірақ «инновация» термині еш жерде аталмайды. Ал, Америка ғалымдары Биль және Болен педагогикалық инновацияны «құрамына материалдық ғана емес, сол материалды қолданудағы көзқарастардың кешенді өзгеруін білдіретін үлкен өзгеріс» деп түсінеді . Нейхоз инновацияны үрдіс деп есептейді де, «инновация қандай да бір идеялардан басталатын өзгерістерге әсерін, тұтынушылардың не қолдануы, не бас тартуымен аяқталатын үрдіс» дейді.
Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама берген ғалым Немеребай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз - білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтаманы ұсынады. Н. Нұрахметов «инновация» білімнің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған) ; модульдік түрі (жеке-дара кешені, бір-бірімен байланысқан) ; жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын) .

Білім беру жүйесіндегі инновация - білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдісі мен түрлерін, жаңа мазмұнын әзірлеуге, қолданылып отырған педагогикалық жүйені тарату мен енгізу мектепті басқарудың жаңа технологияларын әзірлеу, мектеп тәжірибелік орын ретінде мектептің принципі жаңа білімділік бағдары мақсатын, мазмұнын, әдісін түрлері мен басқа компоненттерін көздейтін жүйелі сипаттама білім мен тәрбие беруді көздейді. Инновациялық процестің дамуына екі фактор ықпал етеді: объективті фактор - инновациялық қызметтің дамуына ықпал ететін және оның нәтижесінің ұғымын қамтамасыз ететін жағдай жасау. Субъективті фактор - инновациялық процестің субъектісімен байланысты, ол инновациялық процестердің субъектілері педагог-ғалымдар, мұғалімдер мен инновациялық бағыттағы білім саласының қызметкері болып табылады. Педагогикалық инновацияларды классификациялау нәтижесінде біз әдістемелік инновацияларды көбірек қолданамыз.

Әдістемелік инновациялар - бұл оқыту мен тәрбие беру, сабақ беру мен оқу, оқу-тәрбиелік процесті ұйымдастыру әдістемесі саласындағы инновация. Олар табиғи-ғылыми және гуманитарлық пәндерді қамтитын мектепке дейінгі тәрбиеден жоғары білім беруге дейінгі оқыту процесін, кадрларды даярлау және қайта дайындауды қамтитын білім беру саласында кең тараған. Жаңа нәтижеге бағытталған білім - инновациялық білім. Құзыреттілік білім беру жағдайында қоғамның мәдени, әлеуметтік, экономикалық сұранысты қанағаттандыратын, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатын, теориялық білімін кез келген жағдайда өз іс-тәжірибесінде пайдалана алатын білім.

Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып, айтарлықтай нәтиже беріп жүрген жаңа педагогикалық технологиялар: дамыта отырып оқыту әдістемесі (Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов, В. В. Репин, В. А. Левин) ; оза отырып оқыту (С. Н. Лысенкова) ; іс-әрекетті бағалау (Ш. А. Амонашвили, И. П. Волков) ; тірек және тірек конспектілері (В. Ф. Шаталов) ; сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы; модульдік оқыту технологиясы; саралап оқыту; шоғырландырып қарқындап оқыту жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; жобалап оқыту технологиясы, т. б[5] .

1. 2. Инновациялық технологиялардың жіктелуі, даму сатылары

Жаңа ақпараттық технология құралдарын оқу іс- әрекеттерінің кіріктірілген сабақтарында пайдалану, оқушының шығармашылық, интеллектуальдық қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалық мақсаттарға қолдану білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді.

Бүгінгі таңда жаңа инновациялық технологиялардың көптеген түрлері қолданысқа ие болуда:

Педагогикалық инновация - педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.

Инновация - модификациялық, комбинаторлық, радикалдық инновация деп үш түрге бөлінеді.

Модификациялық инновация - бұл, қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Бұған, В. Ф. Шаталовтың математикаға жазған тірек конспектілері және оны көптеген мұғалімдердің пайдалануы мысал бола алады.

Комбинаторлық инновация - бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.

Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандарттарды енгізу жатады. Мемлекеттік стандарт білім беруде, негізінен мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады.

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру - жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет:

• оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу;

• оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кеенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау;

• жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;

• оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу [5] .

Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңа педагогикалық технологиялардың танымалдыққа ие:

• Саралап оқыту;

• Дамыта оқыту;

• Деңгейлеп оқыту;

• Шоғырландырып, қарқынды оқыту;

• Модульдік оқыту;

• Блок-модульдік оқыту;

• Жобалап оқыту технологияларымен қатар, тікелей ақпарттық - коммуникациялық технологиялар көмегімен жүзеге асырылатын:

• Компьютерлік технология;

• Мультимедиа технологиясы;

• Қашықтықтан оқыту технологиясы;

• Желілік технология;

• Интернеттік технология;

• Интерактивтік технология деп аталатын түрлерін Білім берудегі инновациялық технологиялар тобына жатқызамыз.

«Педагогикалық технология», «инновациялық технология» дегенде қазіргі педагогикадан, әдістемеден түсінігі бар адамның ойына ең алдымен «дамыта оқыту технологиясы» ұғымы келеді. Педагогикалық әдебиеттерді қараған кезде дамыта оқытудың педагогикалық жұртшылық санасына сіңген және бүкіл білім беру жүйесіне әсерін тигізіп жатқанын байқау қиын емес. Барлық істерді Л. С. Выготскийдің, Л. В. Занковтың, В. В. Давыдовтың, Д. Б. Элькониннің ойларына негіздеу, осы ғалымдардан сілтемелер жасау жиі кездеседі[5] .

Жаңа буын оқулықтарының негізгі ерекшеліктерінің бірі - олардың дамыта оқыту жүйесі қағидаларына сәйкестендірілгендігі. Демек оқулық құрылымы өзгеше, философиясы жаңа. Ал осы ерекшелікті мұғалім тек «дамыта оқыту» жайлы теориялық түсінігі, хабары болғанда ғана жүзеге асыра алады. Сондықтан да қазіргі педагогикалық әдебиеттерде дамыта оқыту жайындағы көп жылғы ізденістер, жарық көрген мақалалар мен жұмыстар қайта өңделіп, толықтырулар енгізілуде.

Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын тілін инновациялық технологиялар жүйесімен оқыту әдістемесі
Шетел тілін оқытудағы жоба технологияларының әдістері
Оқытудың озық технологиялары мен инновациялық әдістері
Инновациялық технологиялардың қолданылумен жасалған сабақтардың сараптамалары
Ағылшын тілі сабағын оқыту барысында жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалану
Шет тілін оқытудағы Еуропалық деңгейлер жүйесіне сипаттама
Жоғары сыныпта ағылшын тілін оқытудың қазіргі заманғы тәсілдерін қолдану
Жаңартылған білім жүйесінде ағылшын тілін оқытуда заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану
Шет тілі және оны оқытудың әдістері
Ағылшын тілі сабағында қазіргі заманғы оқыту технологиясын қолданудың әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz