Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Алматы қаласы Білім басқармасы
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық-педагогтік колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Пәні: Педагогика

Студент: Ахимбекова А.
Курс: 4
Мамандық: 0111000 -
Негізгі орта білім
Біліктілік: 0111083 -
Шетел тілі мұғалімі
Топ:42 ш
Парақтардың саны: 40

Студенттің мәлімдемесі
Мен, ұсынылған жұмысты өзімнің жазғанымды, ал қолданылған дереккөздерінің нақтылығын растаймын.

Студенттің қолы________
__ ________20____жыл

Қорғау

Баға______ (__________)
Қорғау уақыты___ ___________ 20____жыл


Директордың оқу-әдістемелік
жұмысы жөнінен орынбасары____________ Алимжанова А.Б.

Ғылыми жетекші: Жарылқапова Ә.С.

Алматы, 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1.Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.2. Оқушылардың шығармашылығын арттырудың мақсаттары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР
2.1. Ағылшын тілі сабағын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2. Ағылшын тілі сабақтарында шығармашылық жұмыстарының түрлері...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .33
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37

КІРІСПЕ.

Қазақстан Республикасы азаматтарының білім алуға конституциялық құқығын қамтамасыз етуге бағытталған Білім туралы Заңында: Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, - деп атап көрсетілген [1].
Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылыққа құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді делінген.
Бастауыш саты - мектепте білім берудің алғашқы сатысы, яғни бастауыш білім беру арқылы жалпы орта білім берудің келесі сатысына дайындау мақсаты жүзеге асырылады.
Халқымыздың мақтанышы, тұңғыш ағартушы педагогы, қазақ даласында бірінші рет мектеп ашқан Ы.Алтынсарин мектеп туралы: мектеп-қазақтарға білім берудің негізгі кілті. Бар үміт осында, қазақ халқының болашағы да осыған байланысты - деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында білім берудің деңгейлері мен мазмұны нақты көрсетілген. Онда 12 жылдық орта білім үш сатыда қарастырылып, оның I-сатысы - бастауыш білім беру 1-4 сыныптарды қамтитыны айтылған. 12 жылдық орта білімнің басты ерекшелігі оқу яғни 1-сыныпқа балалар 6 жастан қабылданатындығында. Сонымен бірге осы тұжырымдамада бастауыш мектептің негізгі міндеті - баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту, - делінген. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады[2]. ХХ-ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі - балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру, - деген болатын. Автордың мұндағы басты ойы мен идеясы Ресейлік ғалымдар, белгілі психологтар В.Давыдов пен Я.Занковтың идеясымен үндесуінде.
Сондай-ақ Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ә.Диваев т.б бастауыш мектепте оқытуды үйымдастыру мәселесіне арналған еңбектерін атап өткеніміз жөн.
Президент Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы деген еңбегінде: мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған біріншісі: - жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі - жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі - өндіріс байлығы; төртіншісі - тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіл-әлемдік деңгейдегі жасалымдары - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес, ой пікірінің нетижелі мағынасын береді[3]. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін дербес жұмыс жасау қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.
Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:
жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту;
адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру;
жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу;
қазақ халқы мен республиканың басқа да халықтарының тарихын, әдеп-ғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу қажеттігі атап көрсетілген[1].
Бастауыш мектеп - оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін, ерекше құнды, қайталанбас кезеңі болып табылады. Сондықтан бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, білім негізінің іргетасы. Бастауыш мектеп балаға белгілі бір білім беріп қана қоймай, оны жалпы дамыту, яғни сөйлеу, оқу, қоршаған орта жөнінде дұрыс көзқарас қалыптастыру, жағдайларды объективті түрде бақылап, талдау жасауға үйрету, ойын дұрыс айтуға, салыстыра білуге, дәлелдеуге, сөйлеу мәдениетіне үйретеді. Бүгінгі мектеп тәжірибесіндегі дамыта оқытудың басты мақсаты баланы оқыта отырып, оны шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту.
И.Д.Левитовтың пікірінше, оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп, іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрсені үйренулері және оқушылардың даралық бейімділіктерінің, қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі болып табылады[4].
Зерттеудің өзектілігі. Шығармашылық дегеніміз - адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Шығармашылық әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет, мұндай оқушының жеке білім траекториясын қалыптастыруға бағытталған.
Белгілі психолог ғалым Л.С.Выготский: Әр баланың өзінің деңгейі болатындай әр балаға берілетін тапсырманың көлемі оның деңгейіне лайықтап беріледі. Әр баланы өзінің даму зонасында жетілдіру керек - дейді. Сонымен қатар ғалым - психологтар Л.В.Занков, В.В.Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б. зерттеу жұмыстарында оқыту дамудың алғы шарты дей келе, әр қайсысы өз тұрғысынан анықтама берген.
Психологиялық тұрғыда шығармашылық процесс дегеніміз - үнемі білімдер мен ептіліктерді өз бетімен жаңа жағдайға өткізу болып табылады, білім өз бетінше жүзеге асса, соғұрлым ілімді қолдану шығармашылық сипатта болады, - деп анықтама берілген[4].
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті мен одан тыс уақытындағы іс-әрекетінде шығармашылық қабілетін дамыту жас ұрапаққа тәлім-тәрбие берудегі негізгі әрекет болып табылады. Шығармашылық қабілетті дамыту үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру іс-әрекеттің субъектісінің шығармашылық сапалық ерекшеліктерінің, сабақта және сабақтан тыс мезгілде шығармашылық тапсырмаларды тиімді қолдана білу қажет.
Қазақстанда шығармашылықтың дамуы жөнінде арнайы зерттеу жұмысын жүргізген психолог - ғалымдар: В.К.Шабельников, Н.Палагина, Қ.Р.Рақымбаев, М.О.Резванцева, С.Қ.Бердібаева еңбектерін атап өтуге болады. А.Матюшкин дарындылықты шығармашылықтың көрінуімен, өзіндік шығармашылық іс-әрекеттің ерекшеліктерімен байланыстыруды қажет деп санайды.
Қазақстан Республикасының білім беру саласында жүріп жатқан реформаның негізінде бастауыш сатының мақсаты мен міндеттерінің өзгеруіне байланысты оқытудың мазмұны да өзгеруде. Осыған орай бастауыш сатыда оқытудың теориясы мен әдістемесінің әр саласынан зерттеуші ғалымдар - профессорлар: Қ.А.Аймағамбетова: Бастауыш сыныптарда дүниетануды оқытудың ғылыми әдістемелік негіздері, С.Рахметова: Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері, Т.С.Сабыров: Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары атты докторлық диссертациялар қорғады. Онда жекелеген әдістемелердің жаңа мазмұнын оқушыларға түсіндірудің тиімді әдіс - тәсілдерін оқытудың ғылыми әдістемелік жүйесін жасап ұсынған. Сонымен қатар бастауыш сатыда жаңа мазмұнды оқу бағдарламалары мен оқулық, әдістемелік кешенін жасауға өзіндік үлесін қосқан ғалым Б.А.Тұрғынбаеваның еңбегін атап өтуге болады. Автор өзінің зерттеу проблемасы етіп алған: Оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту, А.Б.Мырзабаевтың: Оқушылар шығармашылығын дамытуда белсенді оқытудың дидактикалық мүмкіндіктері, Ә.Ә.Сағымбаевтың: Бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу өнері арқылы шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары атты тақырыптағы диссертациялар шығармашылық жұмыс мәселесінің ғылыми теориялық негіздеріне сипаттама берген[4].
Дегенмен, әрбір жаңа дүниенің өзіндік ерекшелігі, басты жаңалығы болады. Ол үшін алдымен жаңа мазмұнды меңгертудің әдіс-тәсілдерімен бірге ұстаздардың теориялық дайындағы яғни білімі де болуы керек.
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылығын дамыту үшін мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің жас және жеке ерекшелігін білуі маңызды болмақ. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің, оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқушыларды оқыту барысында профессор Ж.Қараевтың Деңгейлік саралау технологиясын басшылыққа алдық. Мұнда біздің алға қойған мақсатымыз өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдайтын, қорытынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру. Жаңа буын оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі оқушының белсенділігін дамытып, білім сапасын арттыруға мүмкіндік туғызады. Олай дейтініміз оқулықтарда берілген тапсырмалардың міндетті және мүмкін деңгейде берілуінің өзі деңгейлік саралау технологиясымен оқытуда оқушының да, мұғалімнің де, белсенді шығармашылық іс-әрекетін қажет етеді. Бүгінде қоғам сұранысынан туындап отырған шығармашылық жеке адамды дамыту қажеттілігі мен мектеп тәжірбиесін оқытудың дәстүрлі оқыту мен жаңа технологиясын сабақта тиімді пайдаланудың ерекшеліктерін ажырата біліп, мұғалімнің оқушы шығармашылығын ұйымдастыру әдістемесін жетілдіру біздің Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту атты тақырыпта курстық жұмысын таңдауымызға негіз болды.
Оқушыларды шығармашылыққа баулу сонымен бірге оның бойындағы әр түрлі қасиеттерді дамытуға әрекет етеді.
Мектеп оқушысының бойында жасырып жатқан қасиеттерінің бірі, өмір сүруге тікелей әсер етуші қасиеттерінің бірі - шығармашылық қабілеті. Мектеп мұғалімінің басты міндеті осы шығармашылық қабілетті анықтап қана қоймай, оқушылардың бойындағы шығармашылық қабілетті дамыту.
Осыған орай, мектеп оқушыларының шығармашылық қабілеті тақырыптың көкейтестілігі бола алады.
Зерттеу мақсаты: оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жолдарын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
мектепте шығармашылық қабілетті дамытудың ғылыми педагогикалық, психологиялық, философиялық әдебиеттерден қарастырып зерттеу;
озат тәжірибелі ұстаздардың іс- тәжірибелерімен танысу;
мектеп мұғалімдерінің шығармашылық тапсырмаларды қолданудағы әдіс- тәсілдерін зерттеп, анықтау;
Зерттеу нысаны: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту үрдісі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеу болжамы: Егер мектепте оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тиімді жолдарын анықтап, оқу - тәрбие үрдісінде шығармашылық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілсе, шығармашылық әрекетке қызығушылығы қалыптасып, белсенділігі артып, шешімді құра білуге талпынады.
Зерттеу әдістері:
ғылыми- педагогикалық әдебиеттер мен оқулықтарға талдау жасау;
озат ұстаздардың іс- тәжірибелеріне талдау;
сауалнама ұйымдастыру;
педагогикалық бақылау жасау;
эксперимент жұмысының қорытындысын негізге ала отырып. тақырыптың тиімді жақтарын көрсету;
Курстық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС- ӘРЕКЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.

1.1. Шығармашылық іс-әрекетті дамытудың педагогикалық - психологиялық ерекшеліктері
ХХІ ғасыр білімділер ғасыры болмақ. Білімділерді аялап тербетер, баптап өсірер тәрбие керек. Ұлы кемеңгер Әл-Фараби Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың қас жауы. Ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі деген немесе грек философы Сократ: алдымен ізгілік, одан кейін білім деген. Еліміздің, қоғамның экономикалық саяси мәдени дамуына үлес қосатын, әлеуметтік цивилизация көтерілетін, парасатты, денсаулығы мықты азаматын тәрбиелеп шығару - мектептің ұстаздар қауымының бүгінгі таңдағы маңызды міндеті.
Педагогика ғылымының дамуына қазақтың белгілі философтары, ағартушы педагогтары, психологтары айтарлықтай үлес қосты. Олардың ой - пікірлері қысқаша байымдау, еске түсіру, ғылыми және әдеби еңбектерін жастарға білім беру саласында, әсіресе өскелең өмір жағдайында кең түрде қолданудың қажет екендігі сөзсіз.
Қазақстанда ағартушылық идеяны көтергендердің бірі - Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы. Шоқанның өзіндік педагогикалық көзқарастары болды. Ағартушы - ғалым қазақ даласындағы оқу мектеп ісін ғылыми негізінде құрып, оқу - білімнің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, туған халқының алдыңғы қатарлы мәдениетті елдерді қуып жетуін аңсады. Діни бағыттағы медреселер мен ел билеуші әкімдер, тілмаштар дайындайтын мектептердің мақсатын сынай келіп, жалпы білім беретін мектептердің ашылуын көздеді.
Қазақтың аса көрнекті ағартушы - педагогы Ыбырай Алтынсарин. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу педагогика құралдарын жазуға, тәлімгер - ұстаз даярлауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халқының қоғамдық өміріндегі саяси - әлеуметтік мәселелерді жан - жақты қамтып, жазуға жұмсады[4].
Қазақ халқының ұлы ойшыл - ақыны Абай Құнанбаев поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой - пікірлерге толы. Табиғаттың санадан тыс, тәуелсіз өмір сүруі, өмір ақиқатын түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы, қоғамдық қатынастар тұрғысындағы пікірлері, жастарды халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрінен тәлім тәрбие алуға шақыруы - оның педагогикалық көзқарасының дүниежүзілік классиктерінің ой - пікірлерімен терең қабысып жатқандығының айғағы. Абайдың педагогикалық көзқарасындағы басты нысана Атаның баласы болма, адамның баласы бол, Жақсы көпке ортақ, Пайдаң еліңе, халқыңа тисін деген гуманистік ой - пікірді қуаттау болды[5].
Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болуды көксеген ағартушы - педагог Сұлтанмахмұт Торайғыров артына педагогикалық ой - пікірдің өшпес мұрасын қалдырды. Өзінің қысқа өмірінде ол қоғамдағы әділетсіздікті, теңсіздікті көре біліп, бұларды оқу - ағарту, тәлім - тәрбие ісімен жөндеуге болады деген пікірді насихаттап, ағартушы - демократ деңгейіне көтерілді.
Ұлттық тәлім-тәрбиенің көрнекті өкілдерінің бірі - Шәкәрім Құдайбердиев. Шәкәрімнің жастарға ұсынған адамгершілік жолы -адалдық пен ғылымды меңгеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп, түзете білуге шақырды, бар білімінің түп атасы - ақыл деп қорытындылады.
Ағартушы - педагог Ахмет Байтұрсынов бай педагогикалық мұра қалдырды. А.Байтұрсынов өзінің барлық саналы өмірін қазақ қоғамында білім - ғылымның дамуына, мектеп ісінің жанданып, кемелденуіне бағыштады. Ол ауыл мектебінде бала оқытты, оқу - тәрбие жұмыстарын жетілдіру саласында көп ізденді.
Міржақып Дулатов Ы.Алтынсаринның ұстаздық идеяларын әрі қарай дамытып, А.Байтұрсынов сияқты оқу - тәрбие мәселелерін ғылыми тұрғыдан қараған, шәкірттердің жаңа бағдарламалар арқылы білім алуына, ғылыми дидактикалық қағидаларға сәйкес сабақ жүргізуге ерекше мән берген педагогтардың бірі.
Жүсіпбек Аймауытов педагогика, психология саласындағы құнды ғылыми - зерттеу еңбектерімен қатар, бірнеше оқулықтар, оқу құралдарының авторы болған ірі тұлғалардың бірі. Оның Тәрбие атты көлемді мақаласындағы (1918ж) тәлім - тәрбиелік ой - пікірлері ғылыми тұрғыдан терең баяндалған.
Мұғалімнің алға қойған маңызды міндетінің бірі - талабы таудай жеке тұлғаны тәрбиелеу және білім беру. Әр оқушының қабілетін танып-біліп, дамытып, адам дәрежесіне жеткізу үшін, жаңашыл жұмысқа бет бұру керек. Қазіргі педагогика теориясына елеулі өзгерістер еніп, жаңа көзқарастар пайда болды.Әрі білім беру құрылымында жаңа технология өмірге келді.
Технология дегеніміз-қандайда болсын істегі, шеберліктен, өнердегі адамдардың іс-әрекеті, ал, педагогикалық технология - педагогикалық мақсатқа қол жетудегі қолданылатын барлық қисында ілім адамдармен әдістемелік құралдардың жүйелі жиынтығы, - деп түсіндіреді В.Кларин.
Бүгінгі таңда бастауыш мектеп оқушыларының өз бетімен жұмысын арттыру мен шығармашылық қабілеттерін дамытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалану және оның тиімді әдестемесін ұсыну өзекті проблемаға айналып отыр.
Көптеген психологтар оқушылардың жасы өскен сайын нерв жүйкелерінің мүмкіндіктері кеңейіп, қалыптасып отыратындығын, бірақ оқушының дамуы үшін ең қажетті құнды қасиеттердің біртіндеп жоғалып отыратындығымен түсіндіре отырып, бала қабілеттерінің дамуы үшін ең қымбатты кезеңді тиімді пайдаланып қалуға асығу керектігін ескертеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай қабілет олардың белгілі - бір іс-әрекетке бейімділігі арқылы көрінді[6].
Психология баланың ақылының кіріп, қалай есейетінін, ал, педгогика баланы оқу тәрбие жұмысы үстінде нендей тәсілдер қолданып ұғындыруға, не тіл алдыруға болатынын зерттейді.
Оқушылардың жалпы шығармашылық қабілеттерінің құрамдас компоненттерін анықтауға бағытталған еңбектер де жеткілікті, атап айтсақ, И.Л.Лернердің, А.Н. Луктың, В.И.Андреевтің , А.Л. Яковлевтің, Д.Б.Богоявленская т. б . Енді осы еңбектерге қысқаша тоқталсақ.
А.Н. Лук шығармашылық қабілеттердің компоненттерінің құрамына басқа көзқарас тұрғысынан келе отырып, шығармашылық қабілеттерді 3 негізгі топқа бөліп қарастырады:
1. ынтамен байланысты қабілеттер (қызығушылықтар және икемділік);
2. темпераментпен байланысты қабілеттер (көңіл-күй);
3. ақыл ой -қабілеттері.
Біздің пікірімізше, А.Н.Луктың оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің компоненттері құрамына қатынасты айтқан пікірі құнды және оны төмендегі себептерге сәйкес түсіндіруге болады;
1. Оқушы кез-келген іс - әрекет нәтижесінде жақсы нәтиже алу немесе белгілі қабілет түрін дамыту үшін алдымен, осы іс-әрекет, қабілетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болмаса оның нәтижесінің де төмен болатыны белгілі.
2. Көңіл күй - бұл кез - келген істі орындауда негізгі, қажетті көрсеткіш деуімізге болады. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытуда олардың осы бағыттағы іс-әрекетке деген көңіл-күй дегеніміз маңызды, сондай - ақ ол олардың жұмыстарының нәтижелігіне әсер етеді.
3. Кез келген іс-әрекетті біз ақыл ой қабілеттері негізінде ғана іске асыра аламыз. Сондықтан да оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеулері де алдымен істейтін әрекеттерін, алдымен осы ақыл ой -қабілеттері арқылы жоспарлап алып, оны практика жүзінде іске асыруларын талап етеді. Я.А.Пономарев кез - келген шығармашылық бағыттағы іс - әрекеттің негізгі, бастысы - шығармашылық дей отырып, оның даму критериясы яғни өлшемі ретінде іштей жоспарлау әрекетін немесе ойша әрекеттену қабілетін алады.
Психологиялық зерттеулерге қарағанда оқушылардың ойша әрекеттену қабілеттері әсіресе, бастауыш мектеп жасында, яғни негізгі оқу іс - әрекеті, дағдылары қалыптасқанда үздіксіз дамиды және сондай - ақ олардың шығармашылықпен өзін - өзі көрсете білу қажеттігі болатындығын дәлелдеген.
В.В.Давыдов оқушыларда осы кезеңде байқалатын психологиялық жаңа сапалы қасиеттерді сипаттай отырып былай дейді: оқушы өз әрекетінде барынша көп қадам жасаған сайын ол тапсырманың түрлі варианттарын салыстыра алады және есептің шешуін бақылай алады.
Біздің елде бала психологиясының тарихына тоқталсақ, осыған орай жүргізілген зерттеулер тек Қазан төңкерісінен кейінгі кездері болды. Мұндай зерттеулерге әсер еткен, біріншіден, И.П.Павлов шәкірттерінің жұмысы - Н.И.Красногорскийдің және Б.М.Бехтеревтің басшылығымен оның шәкірттері Н.М.Щелованов зерттеулер жүргізген.
Бұл зерттеулер көбіне балалардың шартты (немесе Бехтеревтің терминологиясы бойынша ұштастыру) рефлекстері туралы зерттеу жүргізілді. Екіншіден, сол кездегі бала психологиясын зерттеуге үлес қосқандар: Н.А.Рыбников (1880-1961), К.Н.Корнилов (1879-1959), П.Н.Блонский (1884-1941), Л.С.Выготский (1896-1934) және мұнымен шұғыл айланысқандар: Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, П.Я.Гальперин т.б[6].
Ал педагогикалық, психологиялық зерттеудің тарихына келсек, бұл туралы ізденулер XIX ғасырдың аяқ кезінен бастап жүргізілді. Психологияның бұл саласының дамуына сол кездерде үлес қосқан К.Д.Ушинский (1823-1871) болатын. К.Д.Ушинский Егер педагогика адамды әр жақты етіп тәрбиелегісі келсе, оны ол барлық жағынан да жақсы білуі қажет деген[4].
Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылған. Бір нәрсені жасауға, тудыруға деген қабілеттілік балаларда мектеп жасына дейін қалыптасады. Бұл кезде шығармашылық актілері ойын әрекетінде жүзеге асады да, даму өнімі қиял, елес болып есептеледі. Бастауыш мектепте шығармашылық қабілеттілігі оқу әрекетінде көрінеді, даму өнімі - оқуға құштарлық, ынталылық. Жасөспірімдік кезеңде оқушы оқу әрекетінің жеке, дара субъектісі ретінде дами бастайды. В.В.Давыдов шығармашылық тұлғаның сипаттамасы деп осыны есептейді. Ол оқушының шығармашылық тұлға болып қалыптасуын өзінің Дамыта оқыту теориясы еңбегінде көрсеткен. Бұл еңбекте автор тұлғаны еркін шығармашылық әрекеттің субъектісі, ал адамның дамуының өзі - оны еркіндікке деген қозғалысы деп есептеді[7].
Көрнекті француз математигі Ш.Адамар шығармашылық үрдісті төрт кезеңге бөледі:
Дайындық кезеңі.
Инкубация, жасырын идеялар, тұйыққа тірелу кезеңі.
Интуицияның жарқ етуі. Эврика
Тексеру кезеңі.
Осы зерттеулерге сүйене отырып, Б.А.Тұрғынбаева өз ғылыми еңбегінде шығармашылық үрдістің кезеңдерін шартты түрде төмендегіше топтастырады.
Жаңалықпен бетпе-бет келу.
Шығармашылық белгісіздік, екіұштылық.
Шешімнің жарқ етуі.
Шығармашылық акт.
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Ғалым психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, Ә.Ә.Сағымбаев өзінің ғылыми еңбегінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыруға кері әсер ететін кедергілерді төмендегідей топтастырады:
Әлеуметтік:
әлеуметтік жағдайдың болмауы;
отбасында шығармашылық жағдайдың болмауы;
Педагогикалық:
мұғалім баланың белсенділігін қолдамауы;
баға қоюдағы әділетсіздік;
- көмекші әдістемелік құралдардың болмауы
Психологиялық:
ойлау, қиялдың төмендігі;
өз күшіне сенбеуі;
жалқаулығы;
Физиологиялық:
денсаулығының нашарлығы[6].
Зерттеуші ғалым Т. И. Қоқымбаева " Бастауыш сынып оқушыларының халық педагогикасының құралдары арқылы танымдық белсенділігін дамыту " атты ғылыми еңбегінде оқушы белсенділігін арттырудың көзі халық педагогикасы дей келе, оның негізгі құралдарына жан-жақты талдау жасаған. Оқушылардың танымдық қызығушылығын оятуда мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ертегі, аңыз-әңгіменің маңызы мен мәнін ғылыми тұрғыда дәлелдей білген.
Сондықтан оқыту әрекетінде мұғалім мен оқушының тығыз байланысы болуы, мұғалім бар күш-жігерін, педагогикалық шеберлігін оқушы бойындағы табиғи мүмкіндіктерді ашуға, үйлесімді дамытуға бағыттауы, шығармашылық жағдай жасауы, оқушының өз тарапынан белсенділік, дербестік көрсетуі, оның өзіне деген сенімділігі арқылы шығармашылық әрекетті қалыптастыруға болады.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктерімен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды.
Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ - дейді Л.С.Выготский. Жоғарыда аталған теориялық негіздер нәтижесінде 1960-1990 жылдар арасында Л.В.Занковтың басшылығымен зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдамада екіліксіз қалай оқытуға болады, білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог -ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. Бұл кезеңде алған білім оның бүкіл өмірінде қалатыны бәрімізге белгілі[8].
Белгілі психолог Қ.Жарықбаев қабілетке мынадай анықтама берген: Қабілеттіліктің өлшемі белгілі бір істің нәтижелі болып орындалуында. Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарамдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі жеке қасиеттерінің қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды[6].
Қабілеттің ойдағыдай дамуы адамда тиісті білім жүйесінің, икемділік пен дағдының болуына байланысты болады. Мәселен, оқушыда техникалық қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін техникалық конструкциялардың құрылысын жақсы білуі, оның тәжірибе жүзінде пайдалана алуы қажет. Дарынды балалардың қабілеті әдетте ерте ашылатынын зерттеу жұмыстары байқалған.
Кибернетиканың атасы Ноберт Вингер бес жасынан бастап ғылымға ден қояды да, тоғыз жасында 18 жасар балалармен оқиды. 12 жасында колледжге түсіп оқып, 14 жасында оған ғылыми атақ беріледі.
Не бары отыз - ақ жыл өмір сүрген Ш.Уәлиханов та аз уақыт ішінде адамзаттың ғылымға, оның көптеген саласына (әдебиет, тіл, этнография, география, шығыстану т.б.) баға жетпес көп үлес қосты.
Тарихи - әлеуметтік маңызы бар шығармашылық беретін қабілеттіліктің ең жоғарғы түрі данышпандық деп аталады. Данышпан адам өзі айналысқан әрекет саласында бұрын - соңды болып көрмеген жаңалықтар ашып отырады. Мәселен, жаратылыстану ғылымы саласында Н.Коперник, Г.Галилей, Н.Ньютон, Ч.Дарвин, И.П.Павлов, А.Эйнштейн, Н.Вирнер; әдебиет тарихындағы В.Шекспир, В.Гете, А.С.Пушкин, Л.Н.Толстой; музыкадағы: В.Моцарт, Л.Бетховен, И.П.Чайковский т.б. осындай адамдар. Ал, Аристотель, Әл-Фараби, Леонардо до Винчи, Ш.Уалиханов, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов т.б. әртүрлі ғылым саласынан көрінген экциклопедиялық білімді данышпандар болды[8].
Белгілі психолог М. Мұқановтың пайымдауынша, баланы оқуға итермелейтін күш негізінде мынадай екі түрлі түрткіден құралады. Бірінші - сыртқы түрткіден, бұл жағдайда бала өзгеоерден сескенетіндігінен оқитын болады. Бала тікелей талпынбайды, жанама түрде, өзгелердің оған қолданған шарасынан өзін амалы сақтап қалудың амалы деп түсіну керек. Екіншіден - оқуға іштей талпыну түрткісі дегеніміз - баланың өзінің ықыласымен сан алуан құбылыстардың өзіне тән сырларын білуге ұмтылуынан болады[8].
Қорытындылай келе, біз зерттеу жұмысымызда сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыда оқығым келеді, білгім келеді, мен тапсырма орындап көрейінші деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытуды жөн көрдік.

1.2. Оқушылардың шығармашылығын арттырудың мақсаттары мен міндеттері.

Шығармашылық әрекет дегеніміз - адамның қандай бір жасаған жаңалығы, яғни қандай да бір зат немесе танымал сананың немесе сезімнің құрылымы деп жазады В.С. Выготский.
Ал, осындай шығармашылық оқушы бойында қай түрде кездеседі? Немесе оқушының шығармашылық қабілетін қалай тудыруға болады?
Оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиялық ерекшеліктері оларда әр түрлі шығармашылық қабілет болатынына көзімізді жеткізді. Соның ішіндегі біздің қарастыратынымыз мектеп жасындағы баланың шығармашылығы қандай деңгейде.
Шығармашылық жұмысымның мақсаты: оқушылардың ой - қиялын дамытуға, өз ойын еркін айтуға, сөздік қорын молайтуға, өз ойына қорытынды жасап, жүйелі сөйлеуін үйлестіруге және де оқушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа, сауатты оқу мен жазуға төселдіруге баулу.
Міндеттері:
Оқушылардың тілін дамытып, сөздік қорын молайту;
Оқушылардың қабілеттерін мен шығармашылықтарын қалыптастыру.
Баланы ынталандыру, көкірегіне сенім ұялата білу.
Мұндай мақсат пен міндеттерді қоюыма ықпал еткен балалардың өз бойындағы қабілеттері мен ынталары десе де болады. Мен тек сол қасиеттерді одан әрі дамыту жолдарын іздестірдім. Жалпы педогогика пікірі бойынша қабілетсіз бала жоқ. Барлық баланың да бір нәрсеге қабілеті болады. Тек соны дұрыс бағытта жетілдіру керек.
Бұл мақсаттарды жүзеге асыру үшін жасалатын жұмыстарды да дұрыс талдау қажет.
Ағылшын тілі сабақтарында оқушылардың шығармашылығын дамытатын тапсырмалар: жазбаша тапсырмалар, ауызша тапсырмалар деп екіге бөлдім. Жазбаша тапсырмалар шығарма, эссе немесе хат жазу, ертегілер құрастыру.
Ауызша тапсырмалар тірек сөздер беру арқылы және суреттерге қарап әңгіме құрастыру, ребустар мен сөзжұмбақтар құрастыру.
Барлық шығармашылықтың ішінде әдеби, сөз шығармашылығы мектеп жасындағы оқушының сипаттамасы. Ерте жастан, балалар сурет салудың әр түрлі стадиясынан өтетіні белгілі. Сурет салу мектеп жасына дейінгі балалардың шығармашылығы болып табылады. Осы жаста балалар үлкен көңіл- күйімен сурет салады және олар сурет салуды өз еркімен жүзеге асырады.
Көптеген бақылаулар мен зерттеулер көрсетіп отырғандай, барлық бала сурет салады және олардың өтетін сурет салу стадиялары әр баланың жасына сай және жалпыға ортақ келеді. Осы кезеңде сурет салу - кез - келген баланың сүйікті ісі. Мектеп жасы басталғаннан бастап баланың сурет салуға деген әуестігі әлсірейді. Көптеген балаларда, өз еркімен сурет салуға деген ынтасы мүлдем жоғалады. Ал, сурет салуға деген ниет кейбір талантты, дарынды балаларда, яғни бірен- саран балаларда сақталып қалады. Мұның себебі неде?
Басқаша даму фазасына өткен баланың өзі де өзгереді, сонымен бірге оның шығармашылығының сипаты да өзгереді.
Сурет салу әрбір бала үшін өтілген этап, енді оның орнын сөздік немесе әдеби шығармашылық билеп әкетеді. Осы бағыттағы зерттеу жұмыстарын жүргізген кейбір авторлар, мектеп жасындағы баланың әдеби шығармашылығын осы сөзді толық мағынада қолдана отырып дамытуға болады.
Сөз шығармашылығы - дейді профессор И.С. Соловьев - сөз балалардың жетілуінің бастамасы мағынасында. Өйткені жеке бас ойы, өзінің өзіндік өмірлік тәжірибе, әр түрлі ортадағы адамдар арасындағы қарым- қатынастарды ана тілімізде білу, сөзде өзіндік бір өзгеріс енгізу үшін сөздік шығармашылық қажет. Оқушылар оны толығымен қамти алмаса да, шартты түрде меңгеруі қажет[9].
Б.Б. Блонский, яғни қиын тапсырма беру, оны қинап қағазда сөйлеуге үйрету, сонда біз ауызша тілден қарағанда жазбаша тілдің жас екенін көреміз: сөйлемде ұйқаспайтын сөздер легі пайда болады. Балаға қиын тапсырма берсең, біліп тұрған бала қиналады. Мәселен, жеті жастағы балаға оның жасына сай суретті көрсетіп, ауызша әңгімелеп бер десеңіз, ол ешқандай мүдірмей сөйлей жөнеледі. Ал егер одан да күрделі суретті көрсетіп әңгімелеуді сұрасаңыз үш жастағы бала сияқты мүдіріп қалады, яғни суреттегі заттарды немесе оқиғаны қисынсыз әңгімелейді[9] .
Міне, дәл осы жағдай бала ауызша сөзден жазбаша сөзге ауысқанда болады. Жазбаша тіл қиындығы оның өз заңдылықтары болуында және осы заңдылықтарға баланың қолы жете бермейді.
Сонымен қатар, оқушылардың жазбаша тілге көшуінің ауыр тиюі оның терең ішкі себептеріне де байланысты. Ауызша тіл бала үшін үнемі түсінікті: ол адамдармен тірі қарым- қатынас жасағанда өздігінен туындайды да, ол баланың жауап қайтаруы табиғи нәрсе болып табылады. Ал жазбаша тілге ауысқанда көп шарттар мен заңдар бар да, бала тіпті не үшін жазып отырғанын түсінбей қалады. Оның жазуға деген ішкі қажеттілігі жоғалып кетеді
Әсіресе, бұл жағдайлар оқушыларға мектепте тақырыптар бергенде кездеседі. Ескі мектептерде оқушылардың әдеби шығармашылығы былайша бағытпен жүргізілген: мұғалім оқушыларға шығарма жазуға тақырып береді, ал балалардың алдында бұл шығарманы ересектердің әдеби тіліне немесе оқыған кітабының мазмұнына жуықтап жазу міндеті тұрды. Бұл тақырыптар балаларға бөтен түрінде қала берді, балалардың қиялы мен сезімі қозғалмады. Балаларға шығарманы қалай жазу керектігі жайлы мысалдар көрсетілмеді. Балаларға жақын, таныс тақырыптағы шығармалар жоқтың қасы еді. Осындай педагогтар балалар әдеби шығармашылығын дұрыс бағыттай алмағандықтан оқушы тілінің әдемілігін ғана бұзып қана қоймай , олардың ойы мен сезімін жазбаша тілде көрсетулерге кедергі болды.
Тілді оқытудағы мұғалімнің басты шеберлігі - деп жазды Л.Н. Толстой және осы мақсаттағы басты жаттығу тапсырма беру ғана емес, оның әр түрлі әдіс- тәсілдерін үйрету. Көптеген дарынды және саналы оқушылар былаы деп жазады: өрт жанды, таси бастады, мен далаға шықтым - мұнан түк көріп отырғанымыз жоқ. Мұнда олар ең бастысын түсінбеді: неге жазу және жазуда не жақсылық бар. Өмірді көрсете білу, әдемілікті көрсете білу өнерін түсінбеді.
Сондықтан оқушының шығармашылық қабілетін дамытуда алынған оқушының тақырыпты іштегі түсінуі, толқуы және ішкі әлемін бағыттауының маңызы зор. Оқушылардың шығарманы нашар жазуының басты себебі, оқушы не жазарын білмейді. Баланы үйрету қажет, - деп жазады Б.Б. Блонский. Оқушы өзінің жақсы білетінін, өзінің терең ойланып жүрген мәселесін жазғаны абзал. Баланың аз ойланған тақырыбын беріп шығарма жаздыру, бала үшін зиян. Бұл дегеніміз - мазмұнсыз жазушыны тәрбиелеумен бірдей. Әрбір балада жазушыны тәрбиелеу үшін, оның қоршаған ортаға деген қызығушылығын дамыту қажет. Бала өзінің қызығуынан туған нәрсе жайлы жақсы, терең жаза алады. Сонымен, бала өзінің терең ойланған тақырыбында жазуы өте тиімді. Баланың өзі қызықпайтын, өзі білмейтін, өзі түсінбейтін тақырыпта жазуына тыйым салу қажет. Ал, осыны көптеген мұғалімдер ескере білмейді де, оқушыдағы кішкентай жазушыны құртады.
Сонымен, педагог Б.Б. Блонский балаларға жақын, таныс әдеби шығармаларды жаздыруға кеңес береді. Егер мектеп басты бағыт беретін мектеп болғысы келсе, дәл осындай шығармаларға жағдай жасау қажет. Оқушының жазғаны мәнді болу үшін, оның алдына қойған мақсаты болғаны абзал[9].

Осы үшін, осы мақсатқа жету үшін келесі әдіс- тәсілдерді қолдандым:
әр түрлі және кең мағыналы тақырыптарды ұсындым;
оқушыларға шығарманың үлгілерін көрсету;
ең маңыздысы оқушы шығармаларын қараған кезде, еш уақытта оқушыларға жазған сөйлемдері мен логикасына ескертпе жасау қажет;
шығармашылық қиындығы оның көлемі мен мазмұнында емес, оның тілінде емес, істің механизмінде.
Бұған мысал мектепте тәжірибе барысында 7- сыныпта ағылшын тілі сабағында "Pets shop" тақырыбында (қосымша 1)ойын сабақ өткіздім. Әртүрлі логикалық ойындар, жаттығулар орындау арқылы баланың ақыл- ойы, дүниетанымы кеңейді. Әр сабақта осындай ойын әдіс- тәсілдерін қолдану арқылы баланың сөйлеу тілін және шет тілдеріне деген қызығушылығын арттыра аламыз.
Осындай тапсырмалар арқылы оқушылардың жауапкершілігі күшейеді, өз бетімен жұмыс істейді, ойлау қабілеті жетіледі, тіл байлығы артады, сөздік қоры молаяды.
Қай салада болмасын ондағы жұмыстың нәтижесі сапамен өлшенеді. Сапалы оқыту және өздігінен оқып білім алып алуға баулу негізінде ғана оқушылардан парасатты азамат тәрбиелеп шығаруға болады. Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім дәрежесі мен іздену шеберлігіне байланысты. Сапаны көтерудегі ең өзекті мәселелердің бірі - мұғалімдерді даярлау және кәсіби шыңдау мәселесі болып отыр. Жаңа заман мұғалімі дайын білім көзі ғана болмай, оқушылардың танымдық іс -- әрекетінің ұйымдастырушысы және үйлестіруші бола білуі, білімнің құндылық ретіндегі сипатына терең мән беруі, нәтижеге бағытталған білім беруде жаңа жолдар мен әдістер табуға дағдыланған маман болуы қажет[10].
Білім беру үрдісінде оқытушы жаңа ақпаратты беріп қана қоймай, оқушысын шыңдай түсуде келесі міндеттерді орындауы тиіс:
- оқушысын келелі мәселелерді шешуге баулу;
- бір ғана түпнұсқаны пайдаланбай, әр түрлі әдістерді қолдана білуге үйрету;
- берер білімнің ғылымилығын арттыру;
- алған білімін өмір ағымында қолдана білуге үйрету;
- оқушысының ой белсенділігін дамыту;
- әр оқушының қабілетіне қарай дарындылығын, қызығушылығын дамыту;
-білімді шығармашылықпен меңгеру дағдыларын қалыптастыру нәтижесінде
жоғарғы сапаға жету;
Мектептегі оқу процесі оқушылардың іздемпаздығын, танымдылық белсенділігін арттырып, шығармашылық әлеуетін дамытуында жол ашуы қажет.
Оқыту процесі -- екі жақты процесс болғандықтан, оқушының өзіндік жұмысы, дербес іс -- әрекеті мұғалімнің басшылығымен қатар, олардың іздемпаздығын, белсенділігін, өз ықыласымен жасайтын әрекетін де керек етеді. Осыған байланысты кейбір педагогтармен психологтар оқушылардың өзіндік жұмыстарының негізгі ерекшеліктері олардың ықыласына және өз еркімен әрекет жасауына байланысты деп пікір айтады[11].
Оқушылардың өзіндік жұмысының жоғары формасына олардың өз еркімен амал -- тәсілдер қолданып жасайтын шығармашылық жұмыстары жатады.
Оқушылардың шығармашылығын, іздемпаздығын қалыптастыруда сыныптан тыс, жеке ұжымдық жұмыстар ұйымдастыруда шығармашылық, пәндік апталықтар мен ғылыми -- шығармашылық апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор. Барлық жұмыстарда оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру қажет.
Оқушылардың танымдық іздемпаздығы мен белсенділігін, шығармашылық бағыттылығына негізделген жұмыс түрлерін пайдалану -- олардың танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыра алады. Сондай -- ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, көркем өнер және техникалық көрмелер, түрлі шығармашылық кештер оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді[11].
Шығармашылыққа үйрету тұлғаның интеллектуалдық аспектісі ғана емес, оның психологиялық, мінез -- құлық ерекшеліктерін де көздейді. Оған жігерлілік, жаңа жағдайларға бейімделуге икемділік, қаржылық пен табандылық, тәуелсіздік пен адамгершілік сезімі, ынтымақтастық, қажырлы еңбекке қабілеті, белгісіз жағдайдағы өзіне сенімділік, ақиқаты іздеудегі және қарым -- қатынастағы адалдық жатады. Әр сыныптағы әр оқушыға байланысты мұғалім өзінің мақсатқа жету жолдарын іздейді. Ол оның үстіне басты шарты аталған қасиеттерді көрсетуге тырысады.
Оқушылардың жоспарлы жұмыс істеуге және өз жұмысының нәтижесін өзі тексеруге, оларды тапсырманы орындаудың тәртібі мен әдістерін анықтай білуге, сабақта, бір күнгі, апта ішіндегі, ай ішіндегі өз жұмысын жоспарлай білуге ұсынылған критерийлер негізінде өз жұмысының нәтижесін талдау мен бағалауға, сондай -- ақ мұндай критерийлерді өздері жасауға үйретуді көздейді.
Ағылшын тілі пәні сабақтарында шығармашылық сабақтың базалық негізін анықтауда әр жағдайда сабақтың үйлесімді үлгісі таңдап алынды. Шығармашылық сабақтың мақсаты оқушылардың өзіндік білімділік нәтижесін құру болып табылады. Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белсенділігін оятып оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге өзгелердің ісінен сабақ алуға танымдық әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой -- пікірлері қалыптасады[12].
Сабақ үстінде ұжымдық шығармашылық қалыптасуы үшін оқушылардың міндеттерін көрсетсек:
- өзіндік пікірлерін дәлелдеу;
- пікірталастар мен талқылауларға қатысуы қажет;
- өзінің жолдасына мұғалімдерге сұрақ қоюы;
- жолдасының жауабыңа пікір айту;
- сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;
- үлгерімі нашар сыныптастарын оқытумен айналысу;
- үлгермеушілерге түсініксіз жерін түсіндіру;
- өз бетімен қиындау тапсырмаларды таңдау;
- танымдық тапсырманың шешімдерін табуда бірнеше нұсқасын көрсету;
- өзіндік бағалауға жағдай туғызу өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;
- танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдісті қолдану арқылы орындау.
Оқушылардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыруда сабақтарды түрленіп өткізудің маңызы ерекше. Мұндай сабақтардың тиімділігін атап өтсек: сабақ құрылымының ұйымдастырылуы сыныптағы оқушылардың іс -- әрекетін бақылауға қолайлылық оқу -- танымдық тапсырмаларды орындаудағы ұжымдық бірлескен әрекеттің жүзеге асуы, оқыту уақытының үнемделуі.
Қорыта айтқанда, шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін жүйелі ұйымдастыру арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі қалыптасып, ұстазы берген ақпаратты, іс -- әрекет тәсілдері мен бағалау өлшемдерін қамтитын қоғамдық және ұжымдық тәжірибе тағлымдарын игеріп қана қоймай, оқушы барлық іс -- әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады, қабілет, білігін ұштай түседі.

2. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДАҒЫ ӘДІС- ТӘСІЛДЕР
2.1. Ағылшын тілі сабағын оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту арқылы оқыту

Ағылшын тілі пәні қазіргі кезде мектепке дейінгі ұйымдардан бастап оқытылады, сол кездің өзінде-ақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сабақта оқушылардың дара ерекшелік қабілеттерін қалыптастырудың теориялық негіздері
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушылардың шығармашылық тұлғасын қалыптастырудың теориялық негіздері
Математиканы оқыту барысында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Математиканы оқыту барасында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың негіздері
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
Музыканың басқа өнермен байланысы
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Пәндер