Ақпараттық база


Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Факультеті Заң
СӨЖ
Тақырып: Ақпараттық қоғам ерекшеліктері
Орындаған: Мухамади Ердаулет
Тексерген: Мамытканов Дархан Кожанович
Алматы, 2020ж
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Ақпарат ұғымы
- Ақпарат, ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі
- ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары
- Интернетсіз өмір
- Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ақпараттың жеке адам мен мемлекет, жалпы қоғам өміріндегі алатын орны өте маңызды. Ақпарат - адамды өмір сүру ортасына бейімдеуге бағытталған коммуникациялық үрдістің нəтижесі. Қазір əлеуметтік ортада жаңа ақпараттық қоғам құру мақсаты коммуникациялық үрдіске өзіндік ерекшеліктер мен өзгерістерін əкелді.
Ақпарат құндылығы тұлғаның субъективтік мінез-құлыққа ие болуымен түсіндіріледі. Егерадам қойылған мақсатқа жетсе, онда қолданған ақпарат оның назарынан тыс қалып, ол өз құндылығын жоғалтады. Сонымен қатар құндылықтың əртүрлі екендігін ескеру қажет. Құндылық - бұл адамның мақсатқа жету жолын таңдау процесінде оны қолдануға мүмкіндік беретін ақпараттың қасиеті. Осының бəрін бірге алғанда қоғамда құндылыққа ие ақпараттан бөлек, құндылығы мүлдем жоқ немесе жағымсыз құндылыққа ие ақпараттың да бар екенін айтуға болады.
Тақырыптың өзектілігі: Бұл жұмыстың өзектілігі ақпараттың қоғамға беретін мүмкіндіктері шексіз екендігімен анықталады. "Ақпаратты болашақ" фразасының өзектілігі өте қисынды, өйткені технологиялар мен ақпараттық базалар үнемі жетілдіріліп отырады, ал желіде жұмыс істеу өте ыңғайлы және уақыт пен ақшаны үнемдейді. Қазіргі уақытта адамдардың өмірінің көптеген салалары интернетке байланысты және әр адам ақпараттың өмірінде қандай орын алатындығын таңдайды, бірақ оның таңдауы не әкелуі мүмкін екенін бәрі бірдей біле бермейді.
Тақырыптың мақсаты - жұмыс өнімділігін арттыру мен еңбек ету жағдайларын жеңілдету мақсатында адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту.
Проблемалық мәселе зерттеудің міндеттері. Ғаламдық ақпараттың біздің өмірімізге қосқан үлесін, оны қалай өзгерткенін және интернетсіз әлем қандай болуы мүмкін екенін талдау.
Қойылған мақсатқа сәйкес жұмыста келесі міндеттер шешіледі:
- Ақпарат ұғымын талдау.
- Ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі ретінде қарастырады
- Интернетсіз өмір қандай болатынын болжау.
- Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына тоқталады
Проблеманы шешу нәтижесі. Әлем қазір ақпараттық қоғам табалдырығында тұр. Ондай қоғамда ақпаратты тарату, сақтау және өңдеу жүйусі аса маңызды рөл атқарады. Уақыты келгенде әлемдік байланыс жүйесі сияқты әлемге ортақ ақпараттық орта пайда болып, олар адамзат баласы жинаған ақпараттардан кез келген адамның өзіне қажетті ақпараттарды алуын қамтамасыз етеді
Ақпараттық база. Жобаның ақпараттық базасы түрлі оқулықтар мен оқу құралдары, интернет материалдары болды.
Негізгі бөлім
1. Ақпарат ұғымы
Ақпарат - адамнан да ерте туған құбылыс. Табиғат өзінің даму барысында жұмбақталған ақпаратын өсімдіктер мен тірі ағзалар арқылы беріп отырған. Ал жануарлар мен құстардың тілі ақпаратқа қандай бай. Адам өзінің алғашқы қадамынан бастап-ақ ақпаратты беру мен сақтаудың жаңа құралдарын іздейді және табады Оған жартастағы суреттер мен “Жазбалар храмындағы” майя өркениетінің иориглифті плиталары, сондай-ақ, ежелгі египеттіктердің папирустары, гректердің жасырын жабарламаларды жіберуге арналған абак тастары мен дискілері, өткен дәуірлерді зерттеушілердің енбектері дәлел бола алады. Бұған қоса алғашқы басылған кітаптар, радио мен телефон және компьютерлер де адамның осы әрекетінің үздіксіз екенің көрсетеді.
Философиялық түсінік бойынша ақпарат дегеніміз нақты әлемді (өмірді, қоршаған ортаны) мәліметтер және хабарламалардың көмегімен көрсету. Бұл хабарламалар тіл (сөзбен айту), бейнелеу, цифрлық мәліметтер, таблицалар, графиктер, т. б. түрінде болады. Жалпы мағынада ақпарат алмастыру - бұл адамдар арасында мәліметтер алмастыру, тірі және өлі табиғат, адамдар және құрылымдар арасындағы берілетін белгілер алмастыру.
Ақпарат дегеніміз - хабарламаның, берілген белгінің, жадының мазмұны, сонымен қатар хабарламада, берілген белгіде немесе жадыда болатын мәліметтер.
Ақпараттық процесстер, яғни информацияны сақтау, өндеу және тарату процесі қоғам өмірінде әрқашан маңызды рөл атқарған. Адамдар ауызша хабарламалармен, хаттармен, жолдаулармен алмасып отырған. Олар бір-біріне өтініш, бұйрық, орындалған жұмыс туралы есептер, мүліктердің тізімін беріп отырады; жарнамалық хабарландырулар мен ғылыми мақалаларды басып шығарады; көне хаттар мен құжаттарды сақтайды; алынған хабарлар туралы көп ойланады немесе бастықтың нұсқауларын дереу орындауға ұмтылады. Осының барлығы - ақпараттық процесстер.
Ақпарат әрқашан материалдық тасушылармен, ал оны жеткізу жұмсалған энергия шығынымен байланысты. Алайды бір ақпараттың өзін әр түрлі материалдық түрде (қағазда, фотонегатив түрінде, магниттік таспада) сақтауға және әр түрлі энергиялық шығындармен (почта, телефон, курьер және т. б. арқылы) беруге болады. Жөнелтілген ақпараттың нәтижесі оны таратуға жұмсалған физикалық шығынға байланысты емес. Мысалы, батырманы жәй ғана басу арқылы театр сахнасының пердесін түсіреді немесе үлкен ғимаратты қопарады, бағдар шамның қызыл жарығы поезді тоқтатады, ал күтпеген қайғылы хабар жүректі жарып, инфаркке ұшыратады. Сондықтан да информациялық үрдістер физикалық үрдістерге келтірілмейді және информация материя және энергиямен қатар бізді қоршаған ортаның негізгі мәндерінің бірі болып табылады.
2. Ақпарат, ақпараттық қоғам дамуының маңызды бөлшегі ретінде келесі қасиеттермен ерекшеленеді:
- ақпарат мақсатқа жету үшін таңдауға мүмкіндік беретін ақпараттың құндылығы;
- нақты жағдайда қаншалықты қажеттілігі айқындалатын ақпараттың пайдалылығы;
- белгілі бір уақыт аралығында ақпараттың құнсыздануы.
Ақпарат адамзаттың негізгі ресурсына, басты құндылыққа айналып отыр. Қоғамдық салада ақпараттың рөлінің өсуі жəне ақпараттық қатынастардың алдыңғы қатарға шығуы ақпараттық қоғам дəуіріне енудің көрсеткіші болып отыр.
Ақпараттық қажеттіліктің мəнісі барлық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен кез келген іс-əрекетті жасау өз мүмкіндіктерінің жүзеге асыруымен дамытуға бағытталған мақсат пен оған жету жолдарын таңдауда ақпаратты өндіру, қабылдау жəне пайдаланудан көрінеді. Адамның рухани дамуы үшін жағымды эмоционалдық ақпараттар қажет. Ақпараттық қажеттілік тұлғаны ақпараттық жинақтаған білімі арқасында басқа қажеттіліктерін жүзеге асырып, өзін-өзі дамытуға бағыттайды.
Қазіргі уақытта жəне болашақта жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру - қоғамның алдында тұрған ең басты міндет. Ақпараттық мəдениеті қалыптасқан, сауатты адам қажетті ақпаратты тауып алуға, бағалауға жəне тиімді қолдануға қабілетті, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған техникалық құралдарды дұрыс пайдалана білуі қажет.
Адам ақпараттық коммуникация процесінде тек ақпарат алып қана қоймай, алған ақпараттарды пайдалана отырып, өз мүмкіндіктерін арттырып, ақпараттық қажеттілігін қанағаттандырады, ойөрісі дамып тұлға ретінде қалыптасады. Сондықтан адамның ақпараттық мəдениеті оның ақпараттық мінез-құлқынан, ақпараттық өмір салтынан, нақты ақпараттық əрекетінен байқалады.
Ақпараттық мінез-құлық адамның ақпаратпен жұмыс жасау, өзінің ақпараттық өрісін жəне өз жүріс-тұрысын ретке келтіру мен талдауға қажетті қабілеттіліктері мен дағдыларын бейнелейді.
Адамзат өркениеті ақпараттық қоғам құру кезеңінде тұр. Ақпараттық қоғамға өту процесі адамзат қоғамының ерте кезеңінен басталған, бірақ қарқынды даму ХХ ғасырдың екінші жартысында басталды. Ақпараттық процестер мен ақпараттық технологиялар қазіргі заманғы ақпараттық қоғамның дамуының негізгі көрсеткіші болып табылады. Ақпараттандыру - бұл қоғамның бүкіл мүшелеріне кез келген əлеуметтік маңызы бар ақпаратты алуға мүмкіндік беретін саяси, əлеуметтік-экономикалық, технологиялық факторлардың өзара байланысқан жиынтығы нəтижесінде жүзеге асады. Ақпараттандыруға келесідей сипаттар тəн:
- ақпаратты жинау, өңдеу, сақтау, тарату жəне өндіру мүмкіндігінің өсіп отыруы;
- əр адамның адамзаттың ақпараттық ресурстарына еркін қол жеткізіп отыруын қамтамасыз ету;
- ақпараттық технологияларды адамдардың өмір салтының кез келген саласында жан-жақты қолдану жəне ендіру;
- ақпараттық ресурстардың басымдылығы жəне бағдар берушілігі.
Ақпараттық ағымда тұлғаның бойында ақпараттық ортаның қызмет ету заңдылықтары туралы білімдердің, қабілеттіліктердің, құндылықтардың қалыптасуы өмірде дұрыс бағыт-бағдар ұстануға, маңызды шешімдер қабылдауға мүмкіндіктер береді. Ақпараттандыру үрдісі қоғам жəне адам өмірінде даму ресурсы ретінде ақпаратты жəне ақпараттық коммуникация технологияларын толық пайдалану адамның ақпараттық мəдениетінің дамуы мен қалыптасуының маңыздылығын арттырып отыр.
3. ХХ ғасырда қоғам өмірінде ақпараттандыру үрдісінің негізгі бағыттары:
- микропроцессорлар мен электрондық есептеу машиналарының өндірісте, транспортта, тұрмыста жəне т. б. қоғамдық өмірде кеңінен қолдану;
- интеллектуалдық жұмыстардың сапасының артуы мен орындалу мерзімін қысқарту мақсатта автоматтандырылуы (ақпараттарды автоматты түрде іздеу, аудару жəне техникалық құралдар арқылы автоматты түрде басқару, жобалау, ғылыми зерттеулерде жəне т. б. салаларда жұмыстар жүргізу) ;
- ақпараттың таратылуы мен тасымалдану тиімділігін арттырып, қағаз үнемдеуді қамтамасыз ету мақсатта көптеген қағаз баспа шығарылымдарын біртіндеп электрондық түрге айналдыру;
- əртүрлі ауқымды тасымалдау жұмыстарын тез жəне аз шығынмен шешуге мүмкіндік беретін жоғары дамыған электронды коммуникация жүйелерінің құрылуы (электронды пошта, электробайланыс желісімен сатып алу мен қаржылай есептесу, телеконференциялар жəне т. б. ) .
Бұл үрдіс XX ғасырдың 70-80 жылдары қарқынды дамып, өркениеттің дамуына айрықша əсерін тигізді. Ақпараттық үрдістің қарқынды дамуының негізгі көрсеткіші ретінде ақпараттарды алу, тарату, тасымалдау, алмасу жəне қажетті ақпараттарды табу мен ақпараттарды өңдеу, оларды жүзеге асыру, басқаруда техникалық құралдармен қамтамасыз ету мүмкіндіктері артып отыр.
Ғалымдар ақпараттық қоғамда ақпараттың жəне ақпараттық ресурстардың рөлі айрықша өзгеретінін мойындады. Ақпарат адамзаттың маңызды ресурсына айналады. Шикізат пен энергияны аз пайдалана отырып, табиғи ресурстары шектеулі кішігірім мемлекеттер өндірісте ғылыми жетістіктерінің арқасында экономикада ерекше табыстарға жетуге болатындығын көрсетті. (Голландия, Дания, Тайвань, Жапония, Сингапур) . Ақпарат билігінде баспа бостандығы, жариялық, жалпыға ортақ мəліметтер молдығы экономи- ка дамуына жəне нарықтық механизмдердің орнығуына мүмкіндіктер береді. Білім беру мен денсаулық сақтау жүйесін жетілдіруге жəне табиғатты қорғау саласына қаржы бөлініп жоғары нəтижелерге жетуге жол ашылады.
Қоғамның əртүрлі даму бағыттарында түбегейлі өзгерістер ақпаратпен жəне ақпараттық қызметпен тығыз байланысты. Ақпараттандыру үрдісі экономикалық, технологиялық, саяси жəне мəдени дамуға мүмкіндіктер ашады
Ақпараттандыру - білім беруге, мəдениетке, əлеуметтік салаға əсер ететін əлеуметтік мəдени үрдіс. Ақпараттандыру үрдісі адамның өмір сүру ортасын едəуір өзгертті.
Қазіргі уақытта əлеуметтік өмірде ақпараттың маңыздылығы күрт жоғарылады: көп каналды теледидар, интернет, радиостанциялар, кино, жарнамалар мен афишалар қоршаған ортаның маңызды элементіне айналды. Біз ақпараттық ортамен тығыз байланысты өзіміз жəне басқалар жөнінде хабарламалар алу мен алмасу үрдісіне, ақпараттарға толы медиа кеңістікте өмір сүрудеміз. Ақпарат адамның рухани жəне материалдық өмірімен тығыз байланысты. Бұл ақпараттың адамның əлеуметтік-мəдени өмірін жəне материалдық тұрмысын айқындайтынын білдіреді.
Ақпараттандыру жағдайында ақпараттық қоғамның құндылықтары, ұстанымдары, білімдері, нормалары таралып адам бойында ақпараттық мəдениет қалыптасады. Бұл адамды ақпараттық қауымдастықтың құрамдас бөлігіне айналдырады. Қазіргі жағдайда ақпарат басты құндылыққа айналып отыр, сондықтан тұлғаның əлеуметтенуі үшін ақпараттық мəдениеттің рөлі артуда. Ақпараттандыру жағдайында тұлғаны ақпараттық қоғамға мақсатты түрде əлеуметтендіру факторлары арқылы даярлау қажет.
Қоғамның ақпараттық құрылымы адамның шығармашылығының дамуы үшін көптеген білімдер мен құндылықтардың қалыптасуына жол ашты. Бірақ бұл мүмкіндіктерді ақпараттық қабілеттіліктер мен біліктілігі бар адамдар ғана пайдалана алады. Сонымен, адамның тіршілік ету ортасының өзгеруі ақпараттық мəдениеттің даму үрдісінің бір бөлігі болып табылатын ақпараттық сауаттылықты қажет етеді. Адамзат ақпараттық үрдістердің қарқынды өсу жағдайында əлеуметтік өмірдің нормасы ретінде көрінетін екі жақты ситуацияда қалды.
Ақпараттандыру үрдісінде мəдениетке əсер ететін техника мен технологиялар кеңінен ендіріледі, ол мəдениет пен ақпараттың өзара байланысын айқындайтын ақпараттық мəдениет болып табылады.
Тұлғаның ақпараттық мəдениеті мəдени ортаны танып-білуде жəне өзгерту үрдісі жүзеге асатын ақпараттық əрекеттен көрінеді. Нəтижесінде адам əрекет субъектісі ретінде, ал игерілетін үрдістер, құбылыстар əрекет объектілері ретінде бөлінеді.
Қазіргі күні ақпараттық-коммуникациялық технологиялар XXI ғасыр қоғамының дамуына əсер етіп отырған ең маңызды салалардың бірі болып табылады. Олардың əсері тек адам өміріне ғана емес, сонымен катар адамзат қоғамының тұрақты жəне белсенді түрдегі дамуында да əсері орасан зор.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қазіргі жетістіктер, біздің өмірімізге «ғаламдық ақпараттық қоғам» деп аталатын жаңа экономикалық, əлеуметтік жəне мəдени қатынастардың құрылуына алып келді.
4. Интернетсіз өмір
Қазіргі адам интернетсіз жасай алады деп елестету қиын. Мүмкін болса, бұл қазіргі заманғы адам болмайды. Бүгінгі таңда интернет қолданушыларының жақсы жартысы, егер интернет олардың өмірінен жоғалып кетсе, олар өмірден жоғалып кететініне сенімді. Ал, онсыз не істейміз?
Кеңселердегі интернеттегі таңертеңгі оқулар аяқталады, біз ауа-райын бір минут ішінде біле алмас едік, әлемде не болып жатқанын айтпас едік, ал ескі радио үлкен рөл атқарар еді.
Жұмысқа келетін болсақ, бұл электрондық поштасыз өмір деген не? Кездесулерді телефон немесе факс арқылы жинау керек, қызметкерлер құжаттарды жіберу үшін поштаға жүгіруі керек.
Бүгінгі таңда интернеттің арқасында Skype немесе ip телефониясын пайдаланып байланыстарды едәуір үнемдеуге болады. Олар компьютерлерде көбірек уақыт өткізе бастады, icq және skype тез танымал бола бастады. Үйден шықпай-ақ, барлық жақын және жақын емес адамдармен сөйлесуге мүмкіндік туды. Байланыс тым көп болды, ақпараттың көптігі. Бірақ ең бастысы-бұл көптеген адамдар үшін үйреншікті жағдайға айналды . . .
Интернет желіде кез-келген өнімге тапсырыс беру арқылы көп уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Бізге қажет нәрсені іздеуде дүкенге барудың қажеті жоқ, Яндекске немесе Google-ге қажетті өнімнің атын енгізу жеткілікті, ал бізде бірнеше рет басу арқылы сатып алуға болатын әртүрлі дүкендердің үлкен тізімі пайда болады.
5. Ақпараттық қоғамның негізгі сипаттарына:
- экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсетуге қайта бейімделуі;
- интеллектуалдық технологияның өндірістік жəне технологиялық салаға теңесуі;
- материалдық меншіктің құндылықтар жүйесіндегі маңызының кемуі;
- материалдық өндірістегі ақпараттық жəне ғылыми қызметтің бəсекелестік басымдылығының артуы;
- қоғамның технологиялық жəне саясиəлеуметтік құрылымы негізіндегі білім, ғылым маңызының артуы;
- кез келген саланың ғылыми жəне білім берушілік қызметіне ерекше мəн берілуі;
- əлеуметтік ұйымдар құрылымындағы өзара бірлесу, яғни мəдени саладағы өзгерістер.
Ақпараттық қоғам құруда бұқаралық ақпарат құралдары маңызды рөлге ие болып отыр. Сондықтан ақпарат кеңістігінде жергілікті, өңірлік, ұлттық бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, əлемдік ақпарат көздері тұрғындарға кеңінен таралып, медиажаһандастыру үрдісі бізге таңдаудың жаңа формулаларын ұсынып отыр.
Жаңа ақпараттанған қоғам қалыптаса бастады, бүгінгі күнде қоғамдағы ең басты құндылық ақпарат пен білім. Саяси-əлеуметтік қатынастарды реттеу жолындағы қоғам үшін ақпараттық процестер маңызды болып табылады. Ақпараттық технологиялардың дамуы жəне кең қолданылуы экономика, саясат, мəдениет пен ғылым сияқты барлық қоғамға қажетті салаларға ықпал етеді. Жалпы ақпарат адам үшін қоршаған ортадағы бағыт-бағдарларды түсінуге, келесі болатын қимылдарға шешім қабылдау үшін қажет. Негізінен ақпарат, үгіт-насихат алып ағаш ретінде ортақ тамыр арқылы тарайды жəне дами түседі. Оның негізгі бастауы - бұқаралық
БАҚ - адамдарды демократия мен өркениет құндылықтарын, өз құқықтары мен міндеттерін білуге жəне құрметтеуге тəрбиелейтін аса маңызды ақпараттың информациялық функцияларды жүзеге асырушы демократиялық институт. Бұқаралық ақпарат құралдарының қазіргі кезде, өмірдің демократияланып жатқан дəуірінде орны зор. Əсіресе сөз, баспасөз бостандығы шын мəнінде беріліп, радио мен теледидарды пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілген елдерде азаматтардың өзіндік санасының өсуіне, қоғамның ісіне белсенді араласуына, адамдардың басшылығы мен жауапкершілігін тəрбиелеуде ақпарат құралдарының мүмкіншілігі ерекше.
БАҚ-тың негізгі билігі адамдарды сендіру арқылы олардың мінез-құлқы мен іс-əрекетіне ықпал етуіне негізделетінін білеміз. Заңға негізделген мемлекеттік билікке қарағанда, баспасөздің ықпалы мемлекет пен оның институттарына жəне жүргізіп отырған саясатына қатысты адамдардың ойы мен мінез-құлқын қалыптастырып бағыттай алады.
БАҚ-тың маңызды рөлі - қоғамның өміршең даму жағдайын қамтамасыз ету. Қазақстандық ақпарат кеңістігінде қоғамда болып жатқан экономикалық, демократиялық, саяси, əлеуметтік өзгерістерді түсіну, жаңаша қабылдап бағалау процестері көрінуде.
Пікірлер мен ойлардың сан алуандығы, мақсат, талап, пікір қайшылығы, саяси жəне əлеуметтік əртүрлі бағыт ұстанған ақпарат құралдары қоғам мүшелерінің рухани сұранысына, таңдауға, талдау, бағалау қабілеттіліктерін арттыруға қоғамда болып жатқан процестерді дұрыс түсіну мен шешім қабылдауларына септігін тигізеді.
Бүгінгі жаңаша даму жолына түскен Қазақстан халқы мен экономикалық, əлеуметтік, саяси өмірінде демократиялық жаңарулар тереңдетіліп, қоғамды жалпы трансформациялау процестерінің қажетті шарттары тұрақтандырылуда. Жас мемлекетіміздің алдында қоғамдық дамудың бүгінгі кезеңде өркениеттің жетістіктерін материалдық жəне рухани игілік ретінде сақтау мəселесі туындап отыр. Мемлекеттік тəуелсіздік жаңа экономикалық саясатпен, құқықтық, əлеуметтік, демократиялық мемлекет құру міндеттері республика ақпарат кеңістігіне үлкен өзгерістерді қалыптастырды. Ол міндеттерді жүзеге асыру қоғамның өмірін дұрыс түсініп, қабылдап, шынайы суреттеу мүмкіндігінен соң жүзеге аспақ.
Ақпараттық пікір алмасулар демократиялық жаңа мүмкіндіктерге жол ашып, тұрақты саяси, əлеуметтік, демократиялық процестердің орнығуына əкеледі. Сөз бостандығы, баспасөз бостандығы, пікірлер плюрализмі тəуелсіз жеке меншік ақпарат құралдарының пайда болуы қазақстандық ақпарат кеңістігінде демократиялық үрдістердің нəтижелері.
Қазақстан үшін дамудың тұрақты демократиялық моделін таңдауда қоғамды еркін жəне құқықтық, демократиялық үлгіде трансформациялау жолдары мен əдістерін іздеу, объективті шынайы ақпараттардың маңызы зор.
Ақпараттық қоғам түрлі идеялар мен ілім, білім, сан алуан өркениет пен құндылықтарды саралап, адамдардың ой-санасын кеңейтуге белгілі бір идеялар төңірегінде топтасуға, оларды тереңірек түсініп-білуге ықпал етеді. Егер экономика мемлекеттің жұлыны болса, оның ұлттық рухы мен санасы жүрегі іспеттес. Қоғамдағы əлеуметтік институттардың ерекше түрі саналатын БАҚ мемлекет жүрегі арқылы оның бүкіл денесіне қажетті нəр, азаматтардың мемлекеттік бірлігі мен мақсат-мүдде ортақтығына түйсінуін таратады. Онсыз тəуелсіз мемлекеттің болашағын баянды ету қиын.
Қазіргі кезеңде Қазақстан əлемдік аренада тек экономикалық мүдделер нүктесі ғана емес, стратегиялық саяси, əлеуметтік, экономикалық жағынан əлем елдерінің назарын аудартып отыр.
Қоғамның өркениеттілігі мен зайырлылығы мемлекеттің мəдениетке деген көзқарасымен өлшенеді. Бүгінгі дамыған өркениетті қоғамдағы білім мен ақпарат билігі қаражат пен мемлекеттік күштеуді екінші кезекке ысырып тастап, оны басқаруда шешуші ықпал ете алар саяси күшке айналып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz