Құжаттар жинағы


Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- Стилистика
- Жалпыма қолданылатын (жүйесіз) әдіс
- Абзацтарды нөмірлеп жазу әдісі
- Заңнама тақырыптарына сай жау әдісі
- Толықтылық
- Қысқа және нақылық
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мәселені шешудің сырттай көрінісі және құқықтық стилистика
Заңгер (сенімхат, шарт, талап арызын немесе талап арызга пікір снақты) құқықтық құжаттар жазғанда қандай мәселелерге көңіл бөлуінің керектігі және осы дайындалған құжат құқыкқолдану ісінде толыққанды қызмет ете алуы, ең маңызды мәселе болып табылады. Тәжірибеде де ең көп өзінің тікелей қажеттілік мақсатына қызметін толық атқара алмай калатын құқықтық құжаттардың кепшілігі, процестік ұкыктык кұжаттар болып табылады,
Заңнамалық тұрғыда талап арыз бен оған қарсы берілетін пікірге жалпыламалы нысаны мен мазмұны түрде белгіленген. Мысалға, ҚРАПК 148 бабында талап арызда болуы қажетті ақпараттарды немесе мазмұнын анықтаған, Олар:
- талап қою арызы берілетін соттың атауы.
- талап коюшны туралы ақпарат:
- жауапкертуралы ақпарат;
- азаматтың құқықтары мен бостандықтарын немесе талап
- қоюшының заңды мүлделерін және талап қоюшының
- талаптарын бұзудың немесе бұзу каупінің мәні;
- талап қоюшы өзінің талаптарын негіздейтін мән-жайлар, сондай-ак осы мән-жайларды растайтын дәлелдемелердің мазмұны;
- егер бұл заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, жауапкерге жүгінудің сотқа дейінгі тәртібін сактау туралы мәліметтер;
- егер талап кою бағалауға жатса, талап қоюдың бағасы, сондай-ақ өндіріп алынатын немссе дауланатын ақшалай сомалардың есебі;
- талап қою арызына коса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілуге тиіс.
Тәжірибеде, осы ережеде көрсетілген мазмұнша талап арызды заңгерлер әр-түрлі мазмұн және нысанда береді. Кей жағдайларда осы құжаттар құқықтық тұрғыда дұрыс болмай қалып, өз қызметін тиісінше атқара алмай да қалып жатады.
Олай болуының себептерінің бірі де заңгерлердің құқықтық құжаттарды дайындауға байланысты әдістемелерге тиісті дәрежеде көңіл бөлмеуінде болып отыр.
Сол сияқты, процестік заңнамалық тұрғыда тек қана талап арыздың берілуі, талаптың сотта қаралуы үшін жеткілікті дегендей кате пікірдің, заңгерлерлің көпшілігінде қалыптасуы да себептердің тағы бірі болып отыр.
Сонымен қатар, заңгерлер материалдық құқықты жақсы меңгерудің, өз ісін білегін «заңгер болу үшін жеткізіктім- деген кате пікірде болуы. Негізінде бұл кате пікір, себебі материалдық құқық құқықтық қатынасқа қатысушыларға арналған ережелер жиынтығы. Яғни осы жиынтық ережелер
заңгерлер үшін ғана арнайы реттелген ережелер емес.
Ал процестік құқық ережелері болса, «заңгерлерге артаяған құқық» - екенін, әр заңгер терең түсіну қажет. Осы мәселені түсінген, өз ісінің шебері заңгерлер болса, құқықтық кұжаттардың дұрыс және қолданымды (колдануға
ыңғайлы) жасалуы құқыққолдану ісіндегі жетістігінің алғы шарғы екенін жақсы біледі. Себебі процесуалдық құқық ережелері. тікелей заңгерлерге арналған ережелердің жиынтығы болып табылады. Ягни, процестік құқық, тікелей заңгерлерге арналған ережелер жиынтығы. Осы айтылғандарды қорыта келе, материалдық құхықты - ақұқық» десек. процестік құқыжты - «Құқыққа құқық» деуге болады.
Осы айтылгандарды ескеріп және төменгі тақырыптардагы маңызын сскере келе, процестік құқық ережелеріне сәкес және сотта сің дұрыс шешілуің сскеріп, Талап арызда болуы тиіс ақпараттарын бір томендегідей анықтадық:
1) Талап арыз берілген соттың атауы;
2) Талапкер және болса оның өкілі туралы ақпарат;
3) Жауапкер және оның өкілі туралы ақпарат;
4) Erер болса, үшінші тұлғалар туралы ақпарат;
5) Талап сомасы;
6) Талап негізделген құқықтық мүдде,
7) Талап негізделген құқықтық мән-жайлар (фактілер) ;
8) Талап арызга құқығының туындағандығы;
9) Талаптың құқықтық негізі мен олардың заңнамаға сай дәлелдемелері;
10) Талаптын мөлшерінің есебі жәкеталап (талап пәні) ;
11) Талап арыз косымшалары.
Стилистика
Құқықтық құжаттардың құрастырылуы кезінде оның мақсаты мен қажеттілігі, келешекте озгеріс, толықтыру жасау мүмкіндігі ескеріліп құрастырылғаны орынды. Себебі құжаттың келешекте қолданылуы тиімді және пайдалы болмаса, ол құжаттың оз құзыретін орындап алмағаны болары анық.
Осы тақырыпта, заңгердің қызметін жүзеге асыру кезіндегі құқықтық құжаттарға байланысты жазбаларының нысаны ең азмунен методикалық әдістер арқылы түсіндіруге тырысамыз. Ал заңгерлер де істің ерекшелігі мен заңнамалық ерекшеліктерді, заманның талабы мен жеріне қарай өзіне қажетті әдісті таңдайды. Мысалға, азаматтық процес, қылмастык, әкімшілік прогрестерде істің қамтуы ен дәлелдемелердің ерекшелігіне қарай, заңгердің жаззбаларының нысаны мен мазмұнының да өзгеруі де табиғи және олардың барлығы, әлбетте бірдей болуы мүмкін емес. Тәжирибедегі қалыптасқан жағдай мен процестік заңнамамасының зағгерлер үшін қиындығын ескере келе, жеке құқықтық дауларға байланысты құқықтық құжат жазбаларында қолданылатын әдістемелерді түсіндіруге тырысамыз. Алайда, басқа құқық салалары үшін де осы әдістер мен темодологиялардың тиісті процестік заңнамалардың ерекшелігін ескере отырып, қолданылу мүмкндігі бар.
Сонымен қатар, құжаттардың жасалуына байланысты осы тақырыпты айтылатын стилистикалық нысандық әдістер, заңгерлердің қызметінің ерекшелігі қарауындагы істердің ұзақ мерзімді болуы және белгілі бір уақыт аралығында, бірден көп іспен айналысу жагдайын ескеріп, жазбаларының жүйелі болуы, заңгерлердің қызмет көрсету кезінде уақыт пен ресурстарын дұрыс бағыттауларына және саналы қызмет көрсетулеріне себеп болары анық. Тәжірибеде, бір істің сотта қаралуы ең аз үш ап көлемінде болатынын және осы уакыт аралығында, бір заңгердің қарауында ең аз бес іс болатынын және әр іске байланысты сот отырыстары 2-3 апта аралықпен жүргізілетінін қабылдайық. Енді, заңгердің бір істің сот отырысынан шыгып, кезектегі келесі істің сот отырысына дайындалу үшін, ал істегі бір құқықтық сауаттама жасалуы қажет бір фактіні есіне түсіру немесе талапкердің негіздеген фактілерін талап арыздан анықтауы үшін құжаттарды басынан бастап, қайта оқып шығуды ойласақ, құжаттамалардың құқыққолдану ісін жеңілдететін (қолданымды) адісте жасалуының маңызы арта түседі.
Енді күніміз талаптарында, күніне 10-15 арасында іс карайтын Судьялардын жагдайын ойлаңыз, бұл жағдай күқықтык құжаттардағы жазбалардың жазылуының қандай деңгейде болуы керектігін анықтауымыз үшін жеткілікті және түсінікті бір көрсеткіш.
Жалпыма қолданылатын (жүйесіз) әдіс
Бұл әдіс бойынша заңгерлер өздері даудың шешімі үшін маңызды деп ойлаган сән-жайлар мен құқықтық негіздеме және дәлелдемелерді ойына келуіне қарай жазады. Бұл әдісте жазылган талап арызга жауап беру үшін алаш, олардың әр абзацтарына өзіңіз факті, күкықтық негіз, дәлелдеме және басқа да күкықтық тұрғыдан түсінуіңіз үшін алғаш бір құқықтық талдау жасауыңыздың қажеттілігі туындайды. Себеі олай жасалмаган жағдайда, істі сотта қаралуы кезінде қай жердегі жазылған мәселеге қарсылық айтылуы үшін, сот отысында талап арызды басын бастап, кайта оқуға тура келеді. Ол уакыт пен керексіз ресурс жұмсауға және осының нәтижесінде заңгерлік қате жасауына себеп болады.
Сонымен қатар, осы стильсіз әдіспен (әдіссіз) жазылған талап арыз немесе пікірде көрсетілген (құрықтық құжаттағы) құқықтық тұрғыдан, маңызды мәселені қайта карап, талдау жасау уажеттілігі туындаса, құжатты басынан бастаn қайта оқып отыру қажеттілігі туындайды. Осы жағдайды болдырмау үшін, өзідіңіздің қарсы тараптық заңгері жазған құжаттағы жазбаларды мазмұны мен құқықтық негізіне қарай астын сызып, қоршап тақырыпшаларға бөлуіңізге тура келеді. Ал бұл жағдай, құжатты жасаған және осы кұжатқа жазбаны жазған заңгердің ісін жасауыңыз болып отыр. Яғни, құжатпен танысып отырған заңгер құжатты жазған заңгердің жасауы тиіс ісін дұрыс жасамағандықтан, ол істі өзі жасап, керексіз жерде уақыты мен ресурсын жұмсап отыр.
Еліміздің құқықтық қызмет көрсету нарығында құқықтық құжаттардың көпшілігі осы нысанда жасалуы байқалады. Бұл жағдай жалпы, заңгерлердің біліктілігі мен кемелділігінің жеткіліксіздігінен туындаған бір жәйт екенін айтуымызға толық негіз бар. Алайда, кейбір ісін өте жақсы білетін білікті кемелді заңгерлер де әдейі осы әдісті, сотты және қарсы тараптың заңгерін баска бағытта итермелеу, шатастыру немесе істің қате шешілуі мақатында, мәселелерді шиеленістіріп, күрделендіру максатында, қолдану жағдайлары да байқалады. Бірақ, осындай қасақана, осы әдісті қолдану жағдайлары өте аз боліс, тәжірибеде кездеседі. Қорыта келе, әдіссіз түрде құжат жасап, осындай геріс мақсатта қолдану, заңгірлердің бір-бірінің уакытына құрмет көрсетпеуі, ал олда кемелді мамандардың жасайтын ісі емес, екені анық.
Абзацтарды нөмірлеп жазу әдісі
Бұл әдісте құжатта жазылған әр абзацка кезегімен сандық нөмір беріледі. Құжаттағы жазбаларға байланысты карсылық немесе мойындаулар осы нөмірлерді көрсету арқылы жасалады. Осы ағылшын әдісі деуінің себебі де, ағылшын кұкығының ерекшелігіне байланысты, құқыктық құжаттарды жазуда мүмкіндігінше бос жерлер мен олқықтарға орын бермеуге тырысатындықтан, құжаттардағы жазбалардың көп болуынан туындап отыр.
Осы әдістің біздің құкықтық қызмет нарығының айналымына көптігі байқалады. Себебі еліміздегі англосаксондық құқық жүйесімен жұмыс жасау дағдысы қалыптасқан ағылшын және мерикалық құрық компанияларының әсері болса керек.
Осы әдіс алгашкы жүйесіз жазылган адіске карагакда, жүйелілік болғандықтан, құжатпен жұмыс жасауда ода болса, жеңілдік туғызады. Алайда, біздің жүйеміз, континентальні құқық жүйесі болғандықтан, осы жүйеде қатынастардың заңдармен жан-жақты жазылып, реттелуінің неrізі, осындай кағазбастылықты азайтуга септігін тигізуі қажет еді. Бірақ іс жүзінде керісінше болып отыр. Мысалға, тәжірибедегі заңгерлердің заңнамадағы ережені келісім шарттарда қайталап жатуың, қағазбастылықтан басқаша атай алмаймыз.
Алайда, осы адіспен жазылган құжаттарды құқықтық тұрғыда талдау жасауда жеңілдік туғызады, нөмірлеріне сай қысқаша мазмұнын жасау арқылы. Сонымен қатар, құжаттың жазылуында мәнжайлардың мазмұнына қарап топтастырылып, егер тақырыптармен жазылған жағдайда, тіпті айтарлықтай жеңілдік туындайтыны анық. Бірақ, жоғарыда айтқандай біздің құкық жүйеміз континентальдік жүйе болгандыктан, құжаттардың да жазылған заңнама жүйесіне сай, жазылуы орынды. Ал осы айтылып отырған әдісте ондай тәттіп пен кезектілік кездеспейді.
Заңнама тақырыптарына сай жау әдісі
Осы әдісте құқықтық жазбалар тиісті балгак құқық салалары мен институттарының тақырыптарына карап жызылады. Осы адіспен жазылган кұжаттар заңнамаға сай, құқық саласына карай тақырыптар және осы тақырыптаның ішінде мәселенің тиісті институттарына карай болiп жазылады. Ал осылай жазылған құжатқа, заңнамалық тұрғыдан реттеу де жүйелі түрде оқы тақырыптарға сәйкес реттелгендіктен, құқыққолдану кезінде өте ыңғайлы әдіс болып табылары анық.
Біздің жүйеміз континентальдік кұкык болгандыктан, осы әдіспен жазылган күқықтық қатар, біздің заңгерлердің жұмысын жеңілдетері және құқыққолдану мәселесінде кателіктерді азайтуға септігін тигізері анық.
Тәжірибеде келісім шарттардан басқа құқықтық құжаттардың осы жүйеде жазылғаны көп байкалмайды. Келісім шарттардың өзі, жоғарыда айтылғандай, заңда белгіленген ережелерді шартта қайта көшіріп жазу әдісіне айналып кеткен.
Алайда осы континентальді жүйенің құжаттарын құрастырып, жасаудың өзі құқықтың ерекшелігіне қарай жалпы екіге бөлуге болады. Яғни континентальдік құқықты жалпы қатысушылары мен мазмұнына қарай, «материалдық және «процестік» қүқық деп екіге бөлуге болатыны барлыгымызға мәлім. Бірақ осы бөлудің маңызын заңгерлер коп ойламаймыз, оның маңызы да осы құқықтық құжатты дайындап, жазу мәселесінде өзін көрсетеді.
Материалдық құқыққа байланысты құжат тиісті материалдық қүқықтың құқықтық қатынасты реттеу срекшелігіне (жүйесіне сай құрастырылады. Яғни тиісті материалдық құқық саласында қалай реттелген болса, дәл сол жүйеде құрастырылғаны дұрыс. Мысалға, сатып алу сату шарты қандай қатынасты реттеуде қандай кезектілікпен заңда жазылған болса, дәл сондай атаумен, тараптары, пәні, тараптардың құқықтары мен міндеттері (сатушының міндеті мен құкықтары, сатып алушының құқықтары мен міндеттері), міндеттеменің орындалуы, міндеттемені тиісті орындамағаны үшін жауапкершілік, міндеттеменің тоқтау жағдайлары, шартты өзгерту және тоқтауы, шарка байланысты даулардың қаралуы. Осы тақырыптардағы кезектілікті құқықтық тұрғыдан талдасақ, катынастың материалдык (міндеттемелік) құқықта реттеу институттарына қарай қарастырылғандығын байқаймыз Және осы катынасқа байланысты дау туындағанда, материалдық құкықта да сол жүйемен реттелгендіктен, шартта қарастырылмаған, бірақ дауға қолданылатын заңнамадағы ережелерді осы тақырыпқа (институтқа) байланысты іздеуімізге және оны тауып, коллануымызға ыңғайлы болуында болып отыр.
Ал істің сотта қаралуына байланысты құжаттарды да, осы материалдық кұкық үшін қарастырылған әдіспен жазу. дүрыс және қолайлы болмайды. Себебі процестік құкықты реттейтін заңнамадағы жүйе материалдық құқықтан ерекше қарастырылғандыгында болып отыр. Олай болса. процестік құжаттардың процестік (заңнама) кұқық жүйесіне сай
қарастырылуы кажет. Осылайша, құкықтық кұжаттардың процестік кұкық заңнамаларын талаптары мен жүйесіне сай реттелуі, құжатын тілге мақасатына толыққанды қызмет етуіне тікелей байланысты болады.
Олай болса, процестік құқыққа сәйкес талап арызда, Талапкер нендей келелері, акратар мен негіздемелерді көрсету және осы кужаттың процестік құқықтау мақсаты, құқыққолданудағы маңызы ескеріле отырып, дарындалуы тиіс. Жауапкердің талап арызға пікірінде де қандай маселелер, акпараттар мен негіздемелерді көрсетуі және оның процестік құқықтағы мақсаты мен маңызы ескеріліп жазылуы тиіс.
Қорыта айтсак, процестік құжаттардың барлығы процестік заңнама талаптарына сай және аталған құжаттың мақсаты мен оның кұкыққолданушылық функциясы ескеріліп жазылуы қажет.
Сотта істің қаралуында талапкердiң процестік құқықтағы функциясын жүзеге асыру үшін мысалыға талап арыз құжатын жазып, дайындайды және осы талаптарының кандай мазмұнда жазылу керектігі, оның процестік кұқыктау мақсаты мен маңызын ескеріп жазылуы тиіс. Жауапкердің де процестік құжаттарынын осы айтылған талаптары ескеріліп, процестік құқықтық жүйесіне сай жазылуы құжаттың өзінен күтілген максатын толыққанды жүзеге асыруына тиімді болары анық.
Сотта істі карау кезінде судья процестік құжаттамалармен процестік заңнаманың талаптарын мен функциясын, мақсатын ескере құарстырады. Яғни құжаттың процестік құқық жүйесіне сай жазылуы, сол құжаттың құқыққолданышулығында пайда болары анық. Мысал ретінде сот шешімді шығарып, жазарда кейін ол
шешімнің орындалуын ескеріп, жазуы тиіс. Осы талап ескерілмей жазылса, кейін шешімнің орындалуында киындық туындайды, ал бұл жағдай, шешімнің функциясын атқара алмауына алып келеді.
Келесі тақырыптарда кезегімен құқықтық кұжаттардың мазмүны мен сыртқы көрінісіне байланысты талаптарын талқылаймыз.
Толықтылық
Толықтылық дегеніміз, құқықтық құжаттағы оқиға мен құқық құралдарының жеткілікті деңгейде қарастырылуы болып табылады. Олай болса, заңгер құқықтық құжатты қарастыру кезінде болуы мүмкін барлық құқытық катынастардың талап және шарттарының, жоғарғы тақырыптарда қарастырылған адістерге сәйкес талданып, сараптамадан өткізу арқылы жүзеге асырады. Жоғарыда айтылғандай, әдістемесіз журмыс жасаған заңгер ешқашан барлық мүмкіндіктерді қарастырғанына толық сенімді бола алмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz