Қан ағу



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды ​​облыстық жоғары мейірбикелік колледжі

СӨЖО
Тақырып: Перифериялық қанайналымында жиі кездесетін бұзылу формалары.

Тексерген: Несипова.А.А.
Пәні: Жалпы патология
Дайындаған: Шегір Ә.Е.
Тобы: 1-А1

Қарағанды, 2021
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Артериялық гиперемия
2. Инфаркт
3. Қан ағу
4. Ишемия
5. Тромбоз
6. Эмболия
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Қалыпты жағдайда қан тамырлары тұрақты күйде болады, сонымен катар қанның тең мөлшерде бүкіл организмге таратылуын қамтамасыз етеді. Бірақ әр түрлі себептер тамырларға әсер еткеннен зақымдалған ошақта қан тамырлары кеңейіп, қанмен толады.
Қан айналым жүйесі қызметіне байланысты жалпы және жергілікті болып екіге бөлінеді. Біріншісі жүрек пен ipi тамырларда, ал екіншісі ұсақ тамырларда болады. Жергілікті қан айналым ағзалар мен тіндерде болады және де бұларды қанмен қамтамасыз ету өзгеруі мүмкін.
Жергілікті қан айналымның бұзылуының негізгі түрлері: артериялық және веноздық гиперемиялар, тромбоз , эмболия, қан ағу, стаз, ишемия, инфаркт.

Негізгі бөлім
Артериялық гиперемия

Артериялық гиперемия (грекше: hyper - көп, haima - қан) ұлғайған артерия тамырлары аркылы кeлетін қан молшерінің көбеюінен ағзаның қанмен толуы.
Артериялық гиперемияның себебі механикалық, физикалық, химиялық, биологиялық және нейрогендік болады. Артериялық гиперемияның клиникалық белгілepi: қызару (оттегіге бай қанның көп келуінен және келген қанның ұсақ тамырларға көп мөлшерде таралуынан), жергілікті температураның көтерілуі (ішкі ағзалардан қанның шамадан тыс келуінен және осы ошақта зат алмасудың жоғарлауынан), ағза мен тіндердің ұлғаюы (қан тамырлары қанмен толуынан), қан тамырларының санының көбеюі, ұсақ тамырларда тамыр соғуының байқалуы.
Артериялық гиперемия зардабы әр түрлі болуы мүмкін. Гиперемия ұзаққа созылса, ағзада алмасуын жоғарылатып, ұлғайтуға әкеледі(гипертрофия), ал қысқа мерзімді ағымында ағзадағы артериялық гиперемия жойылып, қан айналым қалпына келеді. Артериялық гиперемияны емдік мақсатта да қолдануға болады.
Веноздық гиперемия. Веноздық (іркілу) гиперемия қан кeтуi қиындауынан, ағзалар мен тіндерге қан толудың жоғарылауы. Веноздық гиперемия себебі:
Жүректің жеткіліксіз жұмыс icтeyi, вена тромбозы, эмболиясы және оның сырттан қысылуы. Венозды қанның іркілуі вена мен қылтамырлардың кеңіеюіне және қан ағысының баяулауына әкеледі. Осыған байланысты тіндерге оттегі көптен беріліп, қанға көміртегінің келуі де артады, осыдан гипоксемия және гиперкапния пайда болады. Тотығу процестері төмендеуі салдарынан жылу өндіру азайып, жылу шығару артады да, қан іркілген ошақта температура төмендейді. Сонымен қатар қылтамырлардың өткізгіштігі артып, iciк пайда болады. Венозды гиперемия барысы бойынша жіті және созылмалы болады.
Веноздық гиперемия зардабы. Тіндердің оттегімен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі себебінен қоректену мен зат алмасуы бұзылады, іркілу ұзаққа созылса, iciну тіндерді некрозға ұшыратып, ол ошақта дәнекер тін өседі, ағзаның қызметі төмендейді.

Ишемия

Ишемия (грекше: ischo - тоқтату, haima - қанның бір жерде азаюы) -- артерия арқылы келетін қанның жеткіліксіздігінен ағза мен тіннің қанмен толуының азаюы. Ишемия қысқа мерзімді (жіті) немесе созылмалы болуы мүмкін. Ишемия жіті өткенде тіндерде дистрофикалық және некробиотикалық өзгерістер пайда болады, ал созылмалы ишемия паренхималық жасушалардың атрофиясына (семуге) әкеледі.
Пайда болу себебінe қарай ишемияның мынадай түрлері болады:
* компрессиялық ишемия - артерияның сырттан қысылуынан болады (мысалы, iciктен, бөгде заттармен, тыртықпен, жіппен байлаудан).
* Рефлекторлық (ангиоспазмалық) ишемия - әр түрлi тітіркендіргіштер артериялардың тарылуын тудырады (мысалы, ауырсыну, т.б.). Эмоциялар да ишемияға әкеледі.
* обтурациялық ишемия -- тамыр саңылауының тромбпен, эмболмен толық немесе жартылай жабылуынан болады.
Ишемия белгілері: ағзаның немесе тіннің бозаруы, көлемінің кішіреюі, температурасының төмендеуі, ауырсыну.
Ишемия зардабы әр түрлі, ағза мен тіннің қоректенуінің бұзылуы соңында некрозға ұшыратады. Сонымен қатар, ишемия зардабы тамырдың диаметріне, тарылу жылдамдығына, коллатералдық тамырлардың дамуына байланысты.

Инфаркт

Инфаркт (латынша: infarcire -- кептелу, толу) қан келуінің тоқтауынан ағза немесе тін өліеттенуі. Оның себебі: артерия саңылауының тромб немесе эмболмен бітелуі немесе ұзақ уақыт тарылуы.
Инфаркттер анастомоздар мен коллатеральдер аз ағзаларда жиі байқалады (мысалы: жүрек, өкпе, бүйрек). Инфаркт кезінде гипоксия пайда болады. Тамырлардың тарылуы қоректiк заттардың және оттегінің жеткіліксіздігіне әкеледі.
Жасушаларда тотығу процестері бұзылып, зат алмасудың аралық өнімдері жиналып, ацидоз дамиды. Осы жағдайда жасушаларда әр түрлі өзгерістер байқалады, нәтижесінде жасушалар жансызданып, инфаркт пайда болады.
Инфарктің үш түрiн ажыратады: ақ, қызыл, аралас.
:: Ақ (ишемиялық) инфаркт учаскесі ақшыл сұр түcтi, шектелген. Бүйректе, мида, талақта жиі кездеседі.
:: Қызыл (геморрагиялық) инфаркт қызыл түстi, жақын жатқан веналардың қанын сіңіру арқылы болады. Қызыл инфаркт өкпеде, ішекте жиі, кейде жүрек пен талақта кездеседі.
:: Аралас инфаркт учаскесінің орталығы ақ инфарктқа сәйкес, жан-жағы қанмен толған учаскемен қоршалған.
Инфаркт барысы даму орнына, көлеміне, себептеріне, жағдайларына және де учаске өліеттенген қызметінің компенсациясына байланысты. Тіршілікке қажетті ағзалардың (жүрек, ми) инфаркті, организмді өлімге әкеледі. Ал қолайлы болған жағдайда өліеттенген учаске еріп, соңында тыртық болып бітеді.

Қан ағу

Қан ағу (геморрагия, грекше: haeтo -- қан, zzhagia - ағу) тамырдан қанның шығуы. Қан ағудың себебі: тамыр қабырғасының тұтастығының бұзылуы немесе ойық жаралардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қан кету. Қанкетуді тоқтату
Жануарларды пішу жайында
Қанның микротамырлардағы ағу ерекшеліктері
Пішуден кейінгі қан ағуды емдеу
Реология
Қолдан және аяқтан кеткен қанды қысқа уақытқа, уақытша және тұрақты тоқтату әдістері
Қан тамыры
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
Тамырлар бойымен қан қозғалысының физико – математикалық заңдылықтары. биологиялық ұлпалардың пассивті механикалық қасиеттері
Шырыш ағу феномені
Пәндер