Абай және қазақ әдебиеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

СӨЖ

Тақырыбы: Абай және қазақ әдебиеті

Орындаған: Сарсенбаева А.
Тексерген: Кадыров А.
Тобы: ГК-809

Семей 2019ж
Жоспары:
I. Кіріспе
Абай және Қазақ әдебиеті
II. Негізгі бөлім
1) Қайым Мұхамедханов деген кім?
2) Қ.Мұхамедханов Абай жайлы зерртеулері мен еңбектері
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Абай және Қазақ әдебиеті
Абай Құнанбаев ХІХ ғасырдың екінші жартысында жасаған қазақ поэзиясының шұғылалы шыңы, ұлы тұлғасы. Ол қазақ әдебиеті тарихында қазақ жазба әдебиетінің негізін салумен бірге, сыншыл реализмнің де негізін қалаған кемеңгер ақын. Оның ұлы ақын, тамаша философ, кемел аудармашы, композитор, ірі қоғам қайраткері болып жетілуінің бірден-бір сыры, академик-жазушы Мұхтар Әуезов берген мәліметіне қарағанда, ол үш мектептің қайнар көзінен, нәрлі бұлағынан сусындап, әлем әдебиеті қазынасына өзінің мол үлесін қоса алды. Біріншіден, ол туған әдебиетінің бал бұлақтарынан нәр алған болса, екіншіден, Шығыс классиктерінің мол мұраларынан, үшіншіден, орыс және Батыс Еуропа әдебиетінің таңдаулы шығармаларынан сусындағандығын байқаймыз.
Абай нәрленген руханиқайнарлардың бірі халық ауыз әдебиеті. Ақын өзінен бұрынғы күллі көркемдік байлықты саралап, олардың кемшін тұстарын зере зерде биігінен көре біліп, тағылым ала білді. М.Әуезов өзінің зерттеулерінде ақынға жастық кезеңінде ақындар мен шешендердің тапқыр сөздерін тыңдап, солардан үлкен сырлар ұққандығын түсіндіреді. Академик жазушы Абай сусындаған күллі фольклор байлығын, ауыз әдебиеті жанрларының әрқайсысына тоқталып өтеді. М.Әуезов Абайдың төкпе ақындыққа ерте бейімделгендігін анық суреттейді: ...Абай ақындығы оның жас кезінен көп мұралар қалдырмаса, ол кезде Абай ақын емес еді деу қате болады. Абай сол уақытта да ақын.Ақындығын және мол қолданған, күнде сынға салып, өз өнерін күнде безеп отырған ақын. Онысы және өмір құбылысына күнбе-күн, қолма-қол ұштасып отырған ақындық. Абайдың өткір өлеңдері кезкелген жағдайға орай туындап отырған әрі түрліше тапқыр, төкпе өлеңдері сақталмаған. Бұған себеп ақынның өзі белгілі бір кезеңге шейін ақындық өнерге салмақты түрде бойламағандығынан болса, келесі бір себебі мысқылға құрылған өлеңдердің ел арасында жайылмауын қадағалаған ақынның қасындағы адамдардың әрекеті болса керек. Осындай себептермен Абайдың көптеген өлеңдері де сақталмаған. Ел тірлігіне ерте араласып, алғашқы ақындық пен тапқырлық талантын танытатын ақынның көптеген туындысы айтылмыш себептер салдарынан біздің кезеңімізге жетпеген. Халқымыздың сан бай ауыз әдебиетінің көркем нышандары Абай мұраларында молынан айшық-
тала түседі. Ақынның айтыс өлең түрінде жазған шығармалары ауыз әдебиетінің ерекше бір дамыған түрі. Өйткені, құнарлы ауыз әдебиетінің тұнығын жете меңгерген Абайдың терең талғамдылығы оның шығармашылығынан айқын танылып отырады. Фольклор даналығының рухани нәрін толымды пайдаланған ақын шығармаларында ауыз әдебиетіндегі жоқтау жанрының үлгілер де баршылық.
Қайым Мұхамедханов деген кім?
Қайым Мұхамедханов (Ғабдулқайым) (1916-2004) - 5 қаңтарда Семей қаласында туған.
Семей педагогика институтының филология факультетін 1941 жылы бітірген. Содан көп жыл әдебиет пәнінің мұғалімі, Абай мұражайының директоры қызметін атқарған, Абайдың әдебиет мектебі тақырыбына кандидаттық диссертация қорғаған (1951). Ұлы Отан соғысына қатысқан. Әдебиетке 1930 жылдың орта шенінде келген ол алғашқыда өлең-жырлар, драматургия жанрында бірқатар шығармалар жазды, тәржіме жасаумен де көбірек шұғылдан ды. Әдебиет зерттеуші ғалым ретінде Абай мұрасының текстологиялық зерттеулеріне мол үлес қосты. Абай төңірегіндегі атақты әншілер: Көкбай, Ақылбай, Мағауия туралы, өткен заманның кейбір мұралары жайында зерттеулер, көлемді мақалалар жазды. Қайым Мұхамедханов ғалым, абайтануды ғылыми негіздеуші, әрі алғашқы текстологы, ұстаз, ақын, жазушы, драматург. Шәкәрімтанудың негізін қалаушы. Қазақ КСР Гимнінің авторы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі, әдеби аудармашы, Семейде Абайдың мұражайын ұйымдастырушы, Қазақстанның Мемлекеттік силығының, Жазушылар одағы силығының, Халықаралық Алаш әдеби сыйлығының және Халықаралық Абай академиясының (Лондон) Алтын медалінің иегері, профессор, КСРО және Қазақстан халық ағарту ісінің үздігі; Семей қаласының, Аягөз, Жаңасемей, Абай аудандарының Құрметті азаматы; жарияланған 800-ден аса ғылыми еңбектің авторы. Абайдың ақын шәкірттері атты төрт кітаптан тұратын жинақ құрастырды. Абай журналының қайта жарық көруіне көп еңбек сіңірді. Толқын, Майданнан майданға, Ер Білісбай пьесаларының авторы. Әзірбайжандраматургі У.Гаджибековтың Аршин мол алан, татар жазушысы Ш.Камалдың Қажы әпенді үйленеді пьесаларын қазақшалаған. Шығармалары: Абай шығармашылықтың текстологиясы. А., Қазақстан, 1959; Комиссар Ғаббасов. Пьесалар. А., Өнер, 1984.
1996 жылы Абай энциклопедиясын шығарудағы еңбегі үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. КСРО және Қазақ КСР ағарту ісінің үздігі. Семей қаласының Құрметті азаматы. Абайдың дүниежүзілік академиясының алтын медалімен марапатталған.
Қайым Мұхамедханов 1940 жылы Қазақстанда, Семей қаласында тұңғыш Мемлекеттік әдеби-мемориалды Абай мұражайын ұйымдастыруға өлшеусіз еңбек сіңірді. Көшбасшылық идея. Десек те, идеяны өмірде іске асыру - көшбасшы болудан да артық. Мұражайды нөлден бастап құру - әркімнің қолынан келе бермейтін іс, кейбіреулер іргетасын құруға жауапкершілік алады. Қ.Мұхамедханов ұстазы М.Әуезовпен бірге Семей қаласында алғашқы ғимаратты таңдадыСол кезеңде 500 жәдігер нақтыланды, барлық жәдігерлерге ғылыми сипаттама беріліп, мұражай бойынша толық Жолбасшы құрал жазылды. Мұндай негіздемесіз мұражайдың құрылмасы анық еді.
Қ.Мұхамедханов Абай жайлы зерртеулері мен еңбектері
Арысы Мұхтар Әуезов пен Қайым Мұхаметханов, берісі Мекемтас Мырзахметовтер белсене ат салысқан Абайтану қазіргі таңда тарам-тарам тараулары бар іргелі ғылымға айналды. Абайтанудағы басты мәселе ақын мұраларының текстологиясы болып табылады десек те, Қайым Мұхаметханов салып кеткен сара жолдың алдында әлі де тындырылмақ шаруа баршылық екендігін де жоққа шығармаймыз. Осы орайда есте ұстайтын бір жайт кезінде Міржақып Дулатов айтқан: Абай құрметі күннен-күнге артылар. Бірінші ақынымыз деп қадірлі халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар, - деген асыл сөзі. Осы сөзге адалдықты таныта білген ғалымдарымыздың бірі Қайым Мұхаметханов болды.
Қазақ әдебиетін зерттейтін ғылымның тарихында үлкен дау туғызған, саясаттың ықпалымен бұрмалауға жол берілген Абайдың ақын шәкірттері мәселесіне тоқтала кеткен жөн сияқты. Абайдың ақын шәкірттерінің өмірі мен шығармашылығын зерттеуге Қайым Мұхамедханұлы тікелей М.О. Әуезовтың ақыл-кеңесімен келді. Ұстазының нұсқауымен Абайдың ақындық айналасы төңірегінде қыруар деректер жинақтады. Нәтижесінде, 1993-1997 жылдары баспа көрген Абайдың ақын шәкірттері төрт томдығы қолымызда, жариялануы жалғасып жатқан көптомдық шығармалар жинағының (әзірше 8 томы шықты) дені Абай мен оның ізбасарларына арналуы ғалым тындырған еңбектің ұлан-ғайыр екендігіне бұлтартпас дәлел.
Абайды таныту арқылы әлемге қазақ елін танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс - деген Елбасы Н.Ә. Назарбаев. Олай болса, Абайды тану - елді тану, халықты тану болып табылады. Осы жолда ғалымның артында мол өшпес, өлмес еңбегі қалып отыр.
Қ. Мұхаметхановтың Абай жайлы зерттеулері мен еңбектер жинағы турасында сөз ететін болсақ, онда Абай шығармаларының текстологиясы жайында атты Алматыдан 1959 жыл шыққан жинақтың жарық көруіне атсалысты және әр кезде өз тарапынан Абайға байланысты кейбір деректер турасында мерзімді баспасөз беттерінде (Қазақ әдебиеті - 1955 жыл, 7 қараша, Абай шығармаларының текстологиялық жайында Жұлдыз - 1957 жыл, №10, Абайдың кітабын тұңғыш басқан кім? Қазақ әдебиеті - 1971 жыл, 2 маусым, Түзетілгені қане? Түсініктері қайсы? Қазақ әдебиеті - 1986 жыл, 10 қаңтар - Абайдың бір өлеңі Қазақ әдебиеті - 1986 жыл, 17 қаңтар, Абайдың жарияланбаған өлеңдері Қазақ әдебиеті - 1991 жыл, 10 желтоқсан, Жаңадан табылған сегіз өлең жайында Семей таңы - 1991 жыл, 3 желтоқсан. Абай мұрасына абай болғанымыз жөн Қазақ әдебиеті - 1991 жыл, 9 тамыз) сынды бірнеше мақалаларын жазды
1951 жылы алғы сөзін М.О. Әуезов жазған Қ. Мұхамедхановтың Абайдың шәкірттері кітабы баспадан шықпай жатып жойылады. Араға жеті жыл салып, 1958 жылы екінші рет Абай төңірегіндегі ақындар деген диссертациясын қайыра қорғады. 1959 жылы басылып шыққан Абай шығармаларының текстологиясы еңбегі күні бүгінге дейін абайтанудағы сирек кітаптардың бірі болып саналады. Ғалым текстолог ұзақ шығармашылық ғұмырын сарып етіп, 1954 жылғы жинақ пен 1909 жылғы жарық көрген жинақты М. Бікеұлы, О. Уақбаев Р. Жандыбаевтардың қолжазбаларымен салыстыра отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Мұхтар Әуезов көрнекті совет жазушысы
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ әдебиеттану ғылымының даму бағдары
Абай шығармаларын мектепте оқыту
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Қайым Мұхамедхановтың қазақ әдебиетінде алатын орны жайлы мәлімет
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеудің ғылыми негіздері
Пәндер