Абай және шығыс әдебиеті



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

Тақырыбы: Абай және шығыс әдебиеті

Орындаған: Өміржанұлы Е.
Тексерген: Әубәкірова Қ.А.
Тобы: ГК-809

Семей 2019ж
Жоспары:
I. Кіріспе
Абай және Шығыс әдебиеті
II. Негізгі бөлім
1) Ә.Науаи деген кім?
2) Абай және Науаи
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Абай және Шығыс әдебиеті
М.Әуезов Абай шығармаларының Шығысқа қатысы жөнінде алғашқы пікірін өте ертеде жазылған Абай өмірбаяны жайлы еңбегінде білдіреді. Абай мұрасының шығыстық белгілері жайлы абайтану саласында М.Әуезов ең алғаш мақсатты түрде мәселені қойды. Ол Абайдың жастық шағынан басталып, өмірінің соңына дейін өзекті желідей созылған шығыстық белгілердің ақын дүниетанымы мен көркемдік шеберлігінің қалыптасу, даму, өсу жолындағы түрлі кезеңдерін ерекше ден қойып зерделеп отырды. М.Әуезовтің Абай мұрасының Шығысқа қатысы жайлы зерттеулері, ондағы ғылыми ойының қорлану, жетілу, жаңа сапа тауып түбірлі пікірлерге бет алу жолына ой жіберсек, әр кезеңде әр түрлі таным тұрғысынан келіп отырғанын, түрлі ой -- толғаныспен елеп -- екшеп, сұрыптап отырғанын көреміз. 1934 жылғы Абай ақындығының айналасы атты зерттеуінде Мұхтар Әуезов ақынның шағатай әдебиетіне қатысына сәл жатырқай қарайтыны белгілі. 1945 жылы М.Әуезов Абай мұрасының нәр тартқан үш бұлағы жайлы аса күрделі танымын алғаш рет айқын танытқандай. Абайдың шығыстың көркем классикалық поэзиясымен шығармашылық қатынасы жайлы бір айтса, Абайдың ақындық кітапханасының шығыстық арналарын қарастыруында және де бір үлкен мәселе етіп Абайдың тарих, философия жөніндегі сусындаған бұлақтары Шығыс ойшылдарының еңбектері де болғандығын айтты. Абайдың Шығыс әдебиетіне қатысы жайлы қазақ әдебиеттану ғылымында М.Әуезовтен кейін С.Мұқанов, Қ.Жұбанов, Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, М.Мырзахметов, Т.Әлімқұлов, А.Қыраубаева, Ө.Күмісбаев, Ғ.Есім, А.Жақсылықов, т.б. ғалымдар еңбектерінде қарастырылып отырды. Бүгінде Абайдың Шығыс әдебиетімен, Шығыс мәденитімен байланысын қарастырған біршама толымды зерттеулер бой көрсетіп отыр. Абайдың ІІІығыс әдебиетінен алғаны, үйренгені туралы оның өлең өлшемі, сөз қолданысы, дүниетаным пікірлері н аша түсер нақытылы зерттеулерге бару -- қазіргі абайтанудың ендігі кезектегі күрделі міндеттерінің бірі. Абайдың ақындық айналасы мәселесі -- абайтанудың өзекті арнасы. Абайдың Шығыс мәдениетіне, әдебиетіне қатысы жайлы әріден айтылып келеді. Абайдың Шығысы дейтін мәселенің аясында Абайдың исламиятқа қатысы да, Шығыс поэзиясы үлгілерінен үйренуі де, Шығыс философиясына бойлауы да белгілі бір дәрежеде айтылып, қамтылып отырды. Абайдың Шығысқа қатысы жайлы баспасөз бетінде алғаш жарияланған дүние Семипалатинский листок газетіндегі Әлихан Бөкейханов жазған азанама болса керек. Абайдың өмірі мен шығармалары жайында Кәкітай Ысқақұлынан алған деректерді Әлихан Бөкейханов Абай ақындығы жайлы өзіндік наным-таныммен құнарландырып, жүйелеп баяндап бергендігі белгілі.
Әлішер Науаи деген кім?
Әлішер Науаи, (Әлішер Низамаддин Мир Науаи) - түркі халқының ұлы ақыны, ойшылы, мемлекет қайраткері. 1441 ж. ақпан айының тоғызында Герат қаласында туған. Әкесі өлгеннен кейін 12 жасар Әлішер Науаиды Әбілқасым Бабыр өз тәрбиесіне алған. Оның есімі 15 жасынан түркі және парсы тілдерінде бірдей жазатын ақын ретінде танылды. Гератта, Мешхедте, Самарқанда оқып, Фирдауси, Низами, Хорезми, Сайф Сараи, Жәми шығармашылығымен танысты. Мектептес досы Хұсайын Байқара Хорасанның әмірі болған кезде, оның мөр сақтаушысы (мұхрад) қызметін атқарды. 1472 ж. уәзір болып тағайындалды. Әлішер Науаи осы қызметтерде жүріп, ғалымдарға, суретшілерге, музыканттарға, ақындарға, хуснихатшыларға (каллиграфтарға) қамқорлық жасады. Өз қаржысына жолдар, көпірлер, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, шеберханалар салдырды. Әлішер Науаидың халық арасында абырой-беделінің артуын қызғанған басқа уәзірлер оны Байқарамен араздастырып, 1476 ж. уәзірліктен босатылуына себепші болды. Ол шығармашылық жұмыспен айналысып, түркі-шағатай тілінде хәмсә жырлар тобына енетін Жақсылардың таңдануы (1483), Фархад пен Шырын, Ләйлі мен Мәжнүн, Жеті әлем (1484), Ескендір дуалы (1485) атты шығармаларын жазды. 1488 - 1501 ж. ол тарихи-өмірбаяндық (Әджәм патшаларының тарихы, Саид Хасан Ардашердің өмірі, Пәһлован Мұхаммедтің өмірі), дидактикалық-философиялық (Құстар тілі, Көңілдердің сүйгені), әдеби-теориялық (Өлең өлшемі), лингвистикалық (Екі тілдің таласы), әлеуметтік-экономикалық (Вақфия), діни-ғұрыптық (Пайғамбарлар мен хакімдердің тарихы, Мұсылмандық нұры, Гауһарлар шоғыры) туындыларын жазды. Парсы тілінде 12 мың жол өлеңін Диуан-фани деген атпен дербес жинақ етіп құрастырды. Бес қайрат (Хәмсәт ул-мутахаирин) кітабын ұстазы Абдрахман Жәмиге (1414 - 92) арнады. XV ғасырда өмір сүрген 400 шайырдың шығармашылығынан мәлімет беретін Ғажайып мәжілістер (Маджолис ун-нафоис) кітабын жазды. Ақын 1501 жылдың үшінші қаңтарында туған қаласында қайтыс болған. Әлішер Науаи шығармалары 15 ғасырдың өзінде Мауераннахр мен Хорасанда ғана емес, Иран, Әзірбайжан, Шығыс Түркістан, Үндістан, Мысыр, түркі елдеріне, кейіннен Еуропа мен Америка кітапханаларына тарады. Ақын шығармашалығы 19 ғасырдың орта шенінен шығыстанушы ғалымдардың назарын аудара бастады. Әлішер Науаидың ақындық дарынына ұлы Абай да тәнті болып, оның шығармашылық дәстүрін жалғастырған. Әлішер Науаи шығармашылығын зерттеуге қазақ ғалымдары да (Мұхтар Әуезов, Есмағамбет Ысмайылов, Рахманқұл Бердібаев, т.б.) елеулі үлес қосты. Ақын Несіпбек Айтов Әлішер Науаидың ғазалдарын қазақ тіліне тәржімалап, жеке кітап етіп шығарған.
Абай және Науаи
Абайдың Абай дәрежесіне көтерілуінде Шығыс шайырларының ықпалы басым екіндігі анық аңғарылды. Мәселен, ақынның өз қолымен жазған 45 қара сөздеріне байыппен үңілер болсақ, оған анық қаныға түсеміз. Тіптен, Абай, 1859 жылы 14 жасында жазған өлеңінің өзінде де: Физули, Шәмси, Сәйхали, Навои, Сағди, Фирдауси, Хожа Хафиз - бу һәммаси, Мәдет бер, я шағри фәрияд, - деп, Шығыстың ұлы шайырларын айрықша құрметпен тілге алып, олардан шалқар шабыт жолында медет сұрап, ерекше қадір-құрмет тұтқан болса, Абайдың шәкірті болған немере інісі Шәкәрім Құдайбердиев те өзінің 1907 жылы жазған Ләйлі-Мәжнүн дастанының кіріспесінде: Науаи, Сағди, Шамси, Физули бар, Сайқали, Қожа Хафиз, Фирдаусилер... Бәйітші елден асқан шешен болып, Әлемге сөздің нұрын жайған солар, - деп, Абай дәстүрін одан әрі жалғастыра түседі. Бұл жолдар ақынның Шығыс шайырларының шығармашылығынан жастайынан-ақ мол хабары бар екендігін анық аңғартумен бірге, оның үлкен зейіні мен пайым-парасатының аса биіктігін де байқатады. Абай ер жетіп, ес білген шағында Шығыс шайырларына, оның ішінде Физули, Науаи, Низами, Фирдауси, Хожа Хафиз, Бедил, Бабыр еңбектеріне жиі-жиі соғып отырады. Жастайынан-ақ айрықша зейінді, ойлы боп өмірге келген Абай, араб, парсы, ескі өзбек (шағатай тілі) тілінде жазылған Шығыс шайырлары еңбектерімен кеңірек танысып, олардан рухани нәр алады. Әсіресе, өзіне Әлішер Науаиды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай шығармашылығы - адамзат даналығының таусылмас қазынасы
Ояну дәуіріндегі қазақ әдебиеті
Қазақ дәстүрлі жазба әдебиеті және кітаби ақындар шығармашылығы (ХІХ ғ. екінші жартысы мен ХХ ғ. басы)
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
МҰХТАР ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІ
Әдеби дәстүр мен жаңашылдық, халықаралық әдеби байланыс туралы ақпарат
XIX ғасыр қазақ әдебиетіндегі нәзиралық шығармалар
Ғалым еңбектеріндегі қазақ әдебиеттануының мәселелері
Абай Құнанбаев шығармалары
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНІҢ ТАРИХЫ. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер