Абайтану ғылымының бастауы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
«Геодезия және құрылыс» кафедрасы
Тақырыбы: «Абай және Абайтанушы ғалымдар »
Орындаған: Өміржанұлы Е.
Тексерген: Әубәкірова Қ. А.
Тобы: ГК-809
Семей 2019ж
Жоспары:
- Кіріспе
Абайтану ғылымы туралы түсінік
- Негізгі бөлім
- Абайтану ғылымының бастауы
- Абайтану ғылымының тарихы
- Қайым Мұхамедханұлы және Абайтану ғылымы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Абайтану ғылымы туралы түсінік
Абайтану
- қазақ әдебиеттану ғылымының саласы.
Абайтану Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылық өнері, философиясы, қоғамдық, эстететикалық көзқарастары, қазақ поэзиясындағы өлең жүйесін, ақындық тілді дамытудағы үлесі, музыкалық мұрасы жайлы сан-салалы зерттеу еңбектерін қамтиды. Абайдың өмірі мен шығармашылық мұрасын зерттеу шын мәнінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатұлы мақалаларынан басталды деуге болады.
Ұлы ақынның мұрасын зерттеп, танып-білу мақсатында жоғарғы оқу орындарында алғаш рет арнаулы пән ҚазМУ-дің қазақ әдебиеті кафедрасында 1942-43 оқу жылдарында М. О. Әуезовтың ұйымдастыруымен Абайдың әдеби мұрасын ұзақ жылдар бойы зерттеу басталған болатын. Абайдың шығармашылық байланысы, жаңа қазақ әдебиетінің көшбасшылық қалыпасу жолы батыс және шығыс әдебиетінің әлеуметтік ағартушылық, патриоттық идеяларын бойына сіңіре білген ақынның мақсаты да осы. Абайтануды зерттеу Мұхтар Әуезовтің бастамасымен революциядан кейін ғана қолға алынып, Абайтанушылардың қатары өсті. Абайтануға еңбек сіңірген Мұхтар Әуезов, Қажым Жұмалиев, Қайым Мұхамедханов, Рабиға Сыздықова, Мекемтас Мырзахметов сынды көптеген тұлғалар айқындалды. Абай шығармалары шет мемлекеттеріне де белгілі. Ақынның жеке өлеңдері 100-ге жуық елдердің тілдеріне аударылып, сан мәрте жеке кітап болып басылды. Абайдың бүгінге жеткен 176-78 өлеңі үш поэмасы, 50-ге жуық аудармасы, 45 қара сөзі, 27-ге тарта өлеңіне ән жазған сазгерлігі белгілі. Қазақ тәуелсіздігін әлем таныған бүгінгі заманда Түркия, Германия, Ресей, Қытай, Корея, т. б. мемлекеттерде Абай ескерткіштері, мен Абай атындағы көшелер, Абай орталықтары бар. Әлемдік деңгейде өткізілетін ЭКСПО-17 бағдарламасында бірден-бір шет елдерге көрсетілетін Қазақтың бренді Абай екені анық «Инновациялық зияткерлік технологиялар академиясы» бұған дейін де Абайтану жинақтары мен әліппесін шығарған белгілі абайтанушы ғалым Мекемтас Мырзахметовпен бірге, Абайтанумен айналысып келе жатқан ұжым. Болашағы зор «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының ауқымын кеңейтіп, Абайтану ғылыми-зерттеу институты мен ғылыми кітапханасын қалыптастыру көзделіп отыр. Ғылыми-зерттеу және мәдени-ағарту бағыты бойынша жұмыс атқаратын болашағы зор Абайтану ғылыми-зерттеу институты алдағы уақытта елімізде абайтанушы ғалымдар қалыптастыратыны сөзсіз.
Абайтану ғылымының бастауы
Ахмет Байтұрсынұлы 1913 ж. «Қазақ» газетінде басылған «Абай - қазақтың бас ақыны» атты мақаласында «
Одан асқан бұрынғы-соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ
» - деп Абайды аса жоғары бағалады. Қазақ әдебиетінің аса қуатты арнасына айналған абайтанудың ғылыми тұрғыдан зерттелу кезеңін үш салаға бөле қараудың қажеттілігі туды.
- Бірінші кезеңі, яғни Абайтанудың алғашқы дәуірі ресми түрде баспасөз бетінде 1889 жылдан басталып 1934 жылмен аяқталады.
- Екінші кезең 1934 жыл мен 1961 жыл аралығындағы абайтанудың Мұқтар Әуезов бастаған соңы танымдарының заманымен аяқталады.
- Үшінші кезең 1961 жылдан кейінгі Абай мұрасын тереңдей танып зерттеу дәуірімен жалғасады.
Бірінші кезең . Абай шығармаларын жинап, қағазға түсіріп, реттеп баспаға дайындау ісі ақын қайтыс болған соң ұзамай-ақ қолға алынғанын дәлелдейтін нақтылы деректер жетерлік. Жарық көруінен бірнеше жыл бұрын құрастырылып, 1909 ж. Санкт-Петербургте басылған Абай өлеңдерінің жинағында ақынның жүз қырықтай өлеңі (аударма өлеңдерін қосып санағанда) мен «Ескендір», «Масғұт» поэмалары басылғаны, яғни осы күнгі белгілі поэзиялық шығармаларының көрнектілері түгелге жуық қамтылды. Абайдың көзі тірісінде жарық көрген шығармалары бірлі-екілі ғана екенін және ақынның өз қолжазбалары сақталмай, шығармалары түгелдей дерлік Мүрсейіт Бікеұлының қолжазбалары арқылы жеткені ескерілсе, бұл тұңғыш жинақтың мәні зор екені анық. Басқа жекелеген қолжазбалардың көлемі шағын, оларда Мүрсейіт қолжазбасында жоқ өлеңдердің орны көп толыға қоймаған. Ал кейінгі жинақтарды айтқанда, бір топ бұрын жарық көрмеген жаңа өлеңдері 1916 ж. Орынборда Самат Әбішұлы бастырған «Абай термесі» атты кітап та жарияланды. 1922 ж. Ташкентте, Қазанда басылған жинақтар бұрын жарияланған шығармаларды қамтиды. Ташкентте шыққан жинаққа сын пікір ретінде Ілияс Жансүгіров 1923 ж. «Тілші» газетінде «Абай кітабы» атты мақала жазып, бір алуан қате басылған сөздерді қалай дұрыстап оқу керек екендігін нанымды дәлелдеді. Абай шығармашылығына қайтадан жүйелі, дәйекті түрде дұрыс көзқарастың қалыптаса бастағанын 1933 ж. Мұхтар Омарханұлы Әуезов бастырған жинақтан (мұнда Әуезов жазған ақынның өмірбаяны берілген) және 1934 ж. жарық көрген Ілияс Жансүгіров, Ахмет Жұбанов секілді белгілі әдебиет, ғылым қайраткерлерінің мақалаларынан байқауға болады. Әуезов Абайтануды дербес ғылым саласы дәрежесіне көтерді. Ол «Абай жолы» эпопеясымен ұлы ақын, ағартушының алып тұлғасын дүние жүзі оқырмандарына танымал әдеби бейне қатарына жеткізсе, ғылымда да сондай күрделі еңбек атқарды.
Екінші кезең. 1933-57 ж. аралығында ақын шығармаларын жариялауда, олардың ғылыми басылымын жасауда орасан зор еңбек етті. Бұл басылымдар ақынның 1909 жылғы жинағы мен Мүрсейіт қолжазбалары негізінде жүзеге асырылды. Әсіресе, 1957 ж. «Ғылым» баспасынан жарық көрген, Әуезовтің басшылығымен және тікелей қатысуымен дайындалған Абай шығармаларының екі томдық толық жинағының Абайтану ғылымындағы елеулі табыс болғанын атау қажет. Әуезов ұзақ жылдар бойы ізденіп, сан алуан деректерді зерттеп, жүйеге түсіріп, Абайдың ғылыми өмірбаянын жазып шықты.
20 ғасырдың 40-60-жылдарында Абай өмірі мен шығармашылығын зерттеу ісі кең көлемде жүргізіліп, жаңа белеске көтерілді. Абайдың қоғамдық, эстетикалық, философиялық көзқарасын, психологиялық және педагогикалық пікірлерін, ақындық тілін, композиторлық өнерін, аудармаларын тереңдеп тексерген еңбектер жарық көрді. Солардың ішінде С. Мұқанов, Қ. Жұмалиев, Б. Кенжебаев, М. С. Сильченко, Қ. Мұқамедханов, Ы. Дүйсенбаев, Т. Тәжібаев, Б. Г. Ерзакович, Х. Сүйіншәлиев сынды ғалымдардың еңбектері бар.
Үшінші кезең. 1970 ж. Абайдың туғанына 125 жыл толуына орай шығармаларының жинағын шет тілдерде кітап етіп бастыру ісі жандана түсті. Орыс тілінде Абай шығармалары 1940жылдан бастап он бес рет жеке кітап болып басылды. 1945-60 жылдардың басында Абай шығармалары жеке жинақ болып Өзбек (Ташкент), Татар (Қазан), Түрікмен(Ашғабад), Қырғыз (Бішкек), Моңғол (Ұланбатыр), Қытай (Пекин), Чех (Прага) тілдерінде басылып шықты.
1970ж. Украин (Киев), Армян (Ереван), Беларусь (Минск), Молдаван (Кишинев) және Латыш (Рига) тілінде жарық көрді. Сол жылы Мәскеуде «Прогресс» баспасында араб, ағылшын тілдерінде шығармаларының жинағы басылды. Кейінгі жылдарда Абай шығармаларын Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов секілді терең зерттеле бастаған әдебиетіміздің ірі өкілдерінің өнерпаздық жолымен жалғастыра қарастыруға мүмкіндік туды. Бұл ақынның 150 жылдық мерекесі қарсаңында жарық көрген еңбектерден анық байқалды. Осы мереке тұсында басылып шыққан ондаған іргелі зерттеулер Абайтанудың ғылыми-теориялық деңгейі бұрынғыдан да биіктей түскенін айқын танытты. 1995 ж. ұлы ақынның 150 жылдық мерейтойы барысында шет елдердің көптеген әдебиетшілері, қоғам қайраткерлері Абай шығармалары жайлы мақалалар, баяндамалар жасады. Парижде, Түркия қалаларында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте, Киевте, Минскіде, Вильнюсте, Ташкентте, Бішкекте, Қазанда ұлы ақынға арналған салтанатты мәжілістер мен ғылыми конференциялар өткізілді. Абай шығармалары Түркияда, Пәкстанда, Иранда, Қытайда басылды, француз, ағылшын, неміс және басқа тілдерге аударылды.
Абайтану ғылымының тарихы
Абайтану тарихы 1889 жылы басталып, қазақ әдебиетінде 50-жылдары өpic алды. Бұл мөселені тұңғыш рет сөз етіп, өз алдына арнайы түрде зерттеу қажеттілігі ең алдымен Мұхтар Әуезовтің, сонымен бірге Сәбит Мұқанов, Қажым Жұмалиев, Есмағамбет Самұратұлы Ысмайылов, Митрофан Семенович Сильченко, Әбіш Мұсылманқұлұлы Жиреншин еңбектерінде көрініс тапты.
Академик Қ. Жұмалиевтің жетекшілігімен осы тақырыпқа « Абай Құнанбаевтың әдеби мұрасының зерттелу жайы » деп аталатын кандидаттық диссертация қорғалып, ақын мұрасы туралы жазылған еңбектердің тұңғыш библиографиялық көрсеткіші «Абай Құнанбаев» деген атпен жарық көрді (1965) .
Осы еңбектер негізінде М. Мырзахметұлының « Абайтану тарихы » деген тақырыпта монографиялық ғылыми-зерттеу жұмысы жарияланды (1994) . Ендігі жерде абайтанудың негізін салушы Әуезов дәуірін аяқтап, 1965-1995 жылыаралығындағы Абайтану тарихын жазу міндеті алға шықты. Абайтану саласындағы ақтаңдақтар қатпары жазылып, бұрын назардан тыс қалған мақалалар мен зерттеулер арнайы топтастырылған жинақ «Абайды оқы, таңырқа» деген атпен оқырман қолына тиді (1993) . Абай тарихы жоғары оқу орындарында 1966 жылдан бастап арнайы курс ретінде бастады. [1]
Абайтану тарихы - бүгінде үдере дамып, өсу, өркендеу жолында қызу түрдегі пікірталас үстінде қалыптасқан Абайтанудың іргелі саласының біріне айналды. Абайтану жөніндегі ой-пікірлер арнайы түрде зерттеу нысанасына алынбаса да зерттеушілер тарапынан Абай мұрасының бір саласын зерттеу үстінде жанама түрде айтылса, екіншілері оған арнайы тоқталып пікір айтса, үшіншілері Абайтану саласының жалпы қалыптасу жолына орай қарастырса, соңғылары Абай мұрасының жариялану тарихына орай пікір қозғады. Ал Абайтанудың негізін салушы Әуезов болса Абайтану жөніндегі ой-пікірін елуінші жылдар ішінде Абайтанудан оқыған дәрістерінде сөз ете бастаған еді.
Хронологиясы мен кезеңдеріАбайтану тарихында хронологиялық, тақырыптық жүйедегі дербес библиотекалық көрсеткіштерді құрастыру айрықша мәнге ие болуы себепті де 1946 ж. Н. Сәбитовтің тақырыптық жүйеге негізделген «Абай», 1965 ж. хронологиялық жүйедегі Мырзахметов, тағы басқалардың «Абай Құнанбаев», 1998 ж. тақырыптық жүйеде жасалған «Абайтану», 1995 жылы «Абай Құнанбаев» деген атпен төрт рет дербес толық библиографиялық көрсеткіштер жарияланды.
Абайтанудың Әуезовтен кейінгі дәуірдегі даму жолы 1995 жылғы Абайдың 150 жылдық мерейтойы мен Әуезовтің 100 жылдық мерейтойы қарсаңында жарияланған ғылыми монографиялық зерттеулер мен әр түрлі тақырыптарға жазылған кітаптарда өз көрінісін толық берді. Жүз жылдан астам Абайтану тарихи ғылыми-зерттеу жұмыстарының нысанасына алынып, қорытындылану үстінде. Абайтану бүгінде арнайы курс пен семинар сабағы ретінде Халықаралық қазақ-түрік .
Абайды танудың басы, алғашқы адымдары революциядан бұрын басталған. Бұл жөнде Абайдың ақындық еңбектері үш түрлі боп жайылып тарағанын еске алу керек.
- Бірінші жолы-баспа арқылы тарауы: екіншісі-халық арасына ауызша жатталып, әнмен аралас тарауы: үшініші -қолжазба түрінде әр көлемді жинақтар боп, көшіріліп тарауы. Қай ақынды болса да ең мол танытатын баспаға шығу болғандықтан, алдымен революциядан бұрын Абайды баспа жүзінде танытқан еңбекке тоқтайық.
- Революциядан кейінгі Абай тану, әсіресе, соңғы кезде ерекше үдей бастады. 1920 жылдан бергі отыз жыл бойында Абайды тану ісі неше салада жыл санап үдеп, өркендеумен келеді. Ең алдымен, Абайдың баспасөз жүзінде өз шығармалары шығып және Абайдың өмірі мен шығармалары туралы жазылған мақалалар, жеке кітаптар, үлкенді-кішілі зерттеулер аса көп боп молайғанын айту керек.
- 1948 жылы басылып шыққан профессор Қажым Жұмалиевтің «Абайға дейінгі қазақ поэзиясы» және «Абай поэзиясының тілі» деген еңбегін айрықша атап өтуге керек. Абайды тану жөнінде 1946 жылы басылып шыққан Нығымет Сәбитовтың бір ғана библиографиялық «Абай» атты еңбегін атап өтпекпіз. Абай шығармалары орыс халқының тілінде 1940, 1945 және 1954 жылдары жеке жинақтар болып, орыстың советтік көп ақындарының аударуымен жарыққа шықты. 1960 жылдардан бері қарай Камен Оразалин, Айқын Нұрқатов, ғалым Мекемтас Мырзахметов Абайтану проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, бірнеше монографиялық еңбектер, көркем шығармалар жазды.
Қайым Мұхамедханұлы және Абайтану ғылымы
Қайым Мұхамедханұлы «Абай» және «абайтану» ұғымдарын бір-бірінен ажырамас тұтастықта үнемі біздің құлағымызға құйды, жадымызға сіңірді. Абай қазақтың тілі, ділі, әдебиеті, мәдениеті, рухы, ұлттық санасы сияқты тиянақты түсініктерді көз алдымызға әкеледі. Ендеше Абай туралы сөз тұтас қазақ руханияты ұғымына ұласып кетері хақ. 1889 жылдан бері баспасөзде Абай жөнінде жазылған дүниелер қолымызда, мәселе - сапалықғылымдық тағылымында. Елбасының соңғы екі сұхбаты бүгінгі таңдағы қазақ дүниетанымының деңгей-дәрежесін де, болмыс-бітімін де айқындап берді. Оның біріншісі - «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Ұлықбек Есдәулетпен сұхбат. Қазақ әдебиетінің қазіргі даму жағдайы қандай? Елдің бәрі қазақ әдебиеті жоқ, тоқырау заманын бастан кешіп жатырмыз дегенде осының мән-мағынасын толық ашып берген Президентіміз болды. Екінші - Мереке Құлкеновпен «Ана тілі» газетіндегі сұхбатта «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деп аталатын тілдің даму бағдары мен оның болашағы туралы мәселені үлкен бір теориялық әрі практикалық дәрежеге көтерді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz