Абай мен Шәкәрімнің әдеби мол мұрасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Геодезия және құрылыс кафедрасы

Тақырыбы: Шәкәрім мен Абай шығармашылығындағы дәстүрлі үндестік

Орындаған: Өміржанұлы Е.
Тексерген: Әубәкірова Қ.А.
Тобы: ГК-809

Семей 2019ж
Жоспары:
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1) Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтар
2) Абай мен Шәкәрімнің әдеби мол мұрасы
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтар
Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр - Абай дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да, ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде де ұлан - ғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі деген деген тақырып өте кең ауқымды әрі өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің пікірін негізге алсақ: Абай дәстүрі - қазақ әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл арна, - дейді. Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш пікір білдірген қалам қайраткерлері - Алаштың ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов Абайға қазақтың бас ақыны деп, ал Мағжан Жұмабаев хакім ақын деп, Сұлтанмахмұт Торайғыров ақындар пайғамбары деп лайықты бағаларын берген.

Қазақ халқының ой алыптары Абай және Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар. Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт, қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.

Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі философиялық тақырыпты көтеріп, оның өзегіне айналған жантану ілімін танып білу жолында толассыз ізденіске түскен.

Қазақ фольклоры, шығыс классикасы, батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымның қайнар бұлағы болса, осы дүниетанымды игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған. Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені әкелгендер деп Абай ағасы Халиолланы, әжесі Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім шәкірттік ризашылығын атасы Құнанбайға, ағасы Абайға білдірген.

Шәкәрім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза бастайды.

Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық

...Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық,- деп жазады ол алғашқы өлеңдерінің бірінде. Бірақ жасында шығармалық еңбек жазумен онша әуестенбей, Шәкәрім ел ішінің жұмыстарына көбірек айналысады, оқиды, ел аралайды, жылқы бағады, аңшылықпен айналысады, ауыз әдебиетінің байлығынан үйренеді, тарихи деректер жинап, кейін шежіре жазады. Оның жазушылыққа біржола ден қойып кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылдардан басталады.

Шәкәрім Батыс пен Шығыс елдерінің әдебиетіне көз жіберді. Пушкин мен Толстойды, бертінде Некрасовты ұстаз тұтты. Ол Шығыс әдебиетінен Қожа Хафиз, Науаи, Физулиді жоғары бағалады. Ол Дубровский аудармасының алғы сөзінде былай деп жазған:

Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,

Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.

Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,

Қожа Хафиз, Науаи Физули бар. - деп Пушкин мен Толстойды Абай қандай сүйсе, Шәкәрім де сондай сүйеді.

Абай өзінің мұрасымен классик ретінде танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен салыстырғанда Абайдың үлгісін алған шәкірттері болуы - тарихи жаңалық.

Ақылбай, Әріп, Уәйіс, Әубәкір, Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім - Абай мектебінің мақтанашы, жаңашыл, ойшыл, ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен, жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған - Шәкәрім.

Шығармалық өнерінде Шәкәрім Абай қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған. Барлық шығармаларының идеясы қазақ қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке, әділдікке шақыру болады, адал махаббатты жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды, соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы болады, әйелдерді кем санап, тағылық, деспоттық жасаушыларға қарсы шығады.

Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты Шәкәрімнің сегіз қырлылығында өз көрінісін табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ мәдениетінде ұшыраспайтын құбылыстарды дамытқан. Қазақ халқының этногенезі туралы Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған. Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және форма жағынан ерекше Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресін құрастырған. Өзге дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы - тек қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы аңыздардың жазба түрдегі жинағы емес, бұл автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар қорытындысы еді.

Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім де алдымен реалист ақын. Жоғарыда айттық, ол да шығармаларында өмір ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шәкәрім Құдайбердиев (1858 – 1931)
Шәкәрім шығармалары
Шәкәрім шығармаларының дені
Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығы
Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірбаяны (1858- 1931)
Шәкәрім Қ. мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде
Шәкәрім Құдайбердиев
Абайдың ақын шәкірттеріндегі дәстүр жалғастығы
Шәкәрім философиясы
Шәкәрім мұрасы Ә.Бөкейханов зерттеуінде. "Әдебиет танытқыш" - ұлттық әдебиет туралы ғылымның алғашқы қарлығашы. Шәкәрім шығармаларының текстологиясы
Пәндер