Ақпараттың графикасы бойынша нұсқаулық



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   
Журналистикадағы дерек пен графиканы пайдалану әдіс-тәсілдері

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 Дерек журналистикасының қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..9
0.1 Дерек журналистиканың жаңа сала ретінде қалыптасуы мен оның сипатамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
0.2 Деректердің бейне арқылы қабылдануы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2 Дерек журналистикадағы инфографика, оларды қолданудың түрлері мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.1 Инфографика және оның ерекшеліктері, түрлері, оларды құру принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
2.2 Қазақстандағы инфографика мен дерек журналистиканың қолданылуы ... ..34
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. ХХІ ғасыр - жаңа технологиялар, яғни сандық цифрлар ғасыры. Сандық цифрлар ғасыры келгеннен бері жыл сайын деректер жиынтығын сақтауға және талдауға болатын болды. Бұл үрдіс 2000 жылдардың басында көлемді деректер ( ағыл. big data) деген терминінің пайда болуына алып келді. Аталмыш терминнің пайда болуы үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жаңа құралдардың пайда болуының бастауы екенін білдіреді, сонымен қатар көлемді дерек журналистика саласымен тығыз байланысты екенін түсіндіреді.
Жаңа ақпараттық жобалар мен материалдар көлемді деректермен жұмыс істеуіне, ашық деректер массивіне деген қолжетімділікті кеңейтуге және ғаламторда кең көлемде ақпаратты (соның ішінде жақында жасырын деп саналған ақпарат) кеңінен таратуға негізделген жаңа материалдардың пайда болуы журналистика саласына жаңа міндеттерді ұсынады және қазіргі заманғы журналистиканың даму мүмкіндігі болып саналады.
Дерек белгілі бір журналистік тарихты және оның көзін анықтау құралы ретінде қызмет етуі мүмкін. Журналистикада деректердің қолданысы ақпараттың үлкен көлемін сақтауға және өңдеуге мүмкіндік беретін технологияларды дамытуға және ақпараттың ашықтығына қарай жылжуына әкелді.
Аталмыш деректердің қолдануына байланысты БАҚ-та дерек журналистикасы деген ұғым пайда болды. Дерек журналистикасы (ағыл. data journalism) - деректерді өңдеуге және оларды журналистік материалды құру үшін пайдалануға негізделген бағыт. Оны дата журналистикасы деп те атайды. Дерек журналистика бағыты журналистік материалдағы барлық жұмыс түрлерін қамтиды деп түсіну керек.
Дерек журналистика туралы Phd ғылымдарының докторлары Джонатан Грей, Лилиана Боунегру мен Люси Чемберс жазған The Data Journalism Handbook (Пособие по журналистике данных, 2012) Дерек журналистика оқулығында дерек журналистикасы жайлы жан-жақты қарастырды.
Жаңа технологиялар дамуының нәтижесінде кез келген ақпарат пен деректі графикалық түрде берілетін болды. Сондықтан дерек журналистика графикалық көрініс тапты. Ақпарат пен деректі графикада қолданысы жайлы The Wall street журналының графикалық директоры Дона М. Уонгтың The Wall street journal. Guide to information graphics. The dos and don'ts of presenting data, facts, and figures (Журнал Уолл Стрит. Руководство по информационной графике. Дозы и отсутствие представления данных, фактов и цифр) Уолл Стрит журналы. Ақпараттың графикасы бойынша нұсқаулық. Деректер, фактілер мен сандар туралы түсініктің болмауы мен дозалары атты еңбегінде толыққанды қарастырды.
Тақырыптың өзектілігі. Журналистикадағы дерек пен графиканы пайдалану әдіс-тәсілдері атты біздің зерттеуіміздің өзектілігі ретінде дерек журналистика саласы мен графиканың қолданысы аса көп зерттелмегендіктен оның өткен күнгі және бүгінгі күнгі көрінісін қарастырып, бұқарамен байланысын көрсете аламыз.
Бүгінде әрбір адам деректерге тез қол жеткізе алады. Сондай-ақ, көптеген ақпаратты іздеу, жинау және өңдеу мүмкіндіктеріне ие. Түрлі ақпараттық технологиялар арқылы, соның ішінде дерек пен графикада пайдалануының әдіс-тәсілдері бүгінгі таңда өзекті болып табылады.
Диплом жұмысымыздың негізгі мақсаты. Дерек журналистикасының пайда болуы мен дамуы, оның бейне арқылы қабылдануы, графиканың ерекшеліктері мен түрлері арқылы журналистикадағы дерек пен графиканы пайдалану әдіс-тәсілдерін анықтауды мақсат етеді.
Диплом жұмысының міндеттері. Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру үшін зерттеу жұмысымызда мынандай міндеттерді қарастыратын боламыз:
oo дерек журналистиканың журналистиканың бір саласы ретінде қалыптасуын талдау;
oo дерек журналистиканың дамуын саралау;
oo шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарындағы дерек журналистикасына мысалдар келтіру;
oo графиканың ерекшеліктерін зерттеу;
oo дерек журналистиканың графикадағы қолданылуындағы ерекшеліктерін талдау;
oo дерек пен графиканы пайдалану әдіс-тәсілдерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
oo журналистика саласындағы жаңа дерек журналистика немесе дата журналистика термин анықталады;
oo деректердің бейнелендіру ( визуализация) түсінігі қалыптасады;
oo деректердің графикадағы қолданылуындағы ерекшеліктер айқындалады;
oo Қазақстандағы деректердің графикадағы қолданылуы талданады;
oo дерек журналистикасы графикада қолданылуының әдіс-тәсілдері анықталады.
Зерттелу деңгейі. Дерек журналистика немесе дата журналистика термині жаңа болғандықтан, аталмыш тақырыпта жазылған ғылыми еңбектер аз. Дегенмен, қолға түскен бар материалдарды толығымен жүйелі түрде пайдаландық. Phd ғылымдарының докторлары Джонатан Грей, Лилиана Боунегру мен Люси Чемберс жазған The Data Journalism Handbook және The Wall street журналының графикалық директоры Дона М. Уонгтың The Wall street journal. Guide to information graphics. The dos and don'ts of presenting data, facts, and figures атты еңбектерді негізге ала отырып, дерек журналистикасы мен графиканың қолданылуына көңіл бөлдік. Сонымен қатар, дерек журналистикасы терминінің пайда болуына түрткі болған оқиғаларды қарастырдық.
Зерттеу әдістері. Дерек журналистика, графика, инфографика секілді терминдерді негіз етіп алған ғылыми зерттеулерге, бұқаралық ақпарат құралдарына талдау жасау, тұжырымдау, салыстыру, саралау, қорыту әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Дерек журналистикасының қалыптасуы мен дамуы

1.1 Дерек журналистиканың жаңа сала ретінде қалыптасуы мен оның сипатамасы

Ақпараттың көлемі күнделікті өсуде. Соңғы жылдары ақпараттық-технологиялық нарықта көлемді дерек (Big Data) тұжырымдамасы кеңінен талқыланып жүр. Көлемді дерек түсінігі ақпараттық технологиялар тұжырымдамасымен (келесіде - АТ) жиі қолданылады. Жалпы айтқанда, көлемді дерек (Big Data) - дәстүрлі құралдар мен өңдеу әдістерін қамтуға, басқаруға және талдауға қабілетсіз ақпараттың үлкен көлемінің жиынтығы деп айтуға болады. Mc Kinsey Global Institute есебіне сәйкес, Көлемді дерек: бұл инновациялық, бәсекелестік және өнімділік үшін жаңа кезең [1].
Sybase CIS ақпаратты басқара алатын, көлемді деректі талдайтын компанияның жетекші техникалық сарапшысы Андрей Хромов бұл анықтамамен келіседі: Көлемді дерек түрлі көздерден алынған құрылымдық және құрылымдық емес деректердің өсу көлемін білдіреді. Құрылымы қиын және көптүрлі деректер дәстүрлі құрылыммен жүйеге аса алмайды. Алайда, Хромов көлемді деректі тым жаңа ұғым деп есептемейді [2].
Көлемді дерек мәселесі ақпараттық технологияның даму тарихымен тығыз байланысты. Өткен ғасырдың 50 жылдарында мекемелердегі деректер көлемі күрделі мәселе бола бастаған еді. Өйткені деректердің қарқынды өсімі ақпаратты сақтайтын технологиялардың дамуына қарағанда алдыда болды. Сол кезде АТ саласында қызмет атқаратын IBM корпорациясы компьютерден тыс ақпаратты сақтайтын және тасымалдайтын алғашқы магнитті қатқыл дискті ұсынды. Сол кезеңде үлкен көлемді деректерді өңдеуді әрі уақытты ықшамдауды қалады, бірақ оған инфрақұрылымдағы үрдіс жетіспеді. Бұл бөлімде Big Data терминінің неліктен дерек журналистикасының алғышарты болғанын көрсетуге тырысамыз.
Көлемді деректің үш негізгі сипаттамасы айқындалады:
1) Дерек көлемі - күнделікті қарқынды өсетін кең дерек көлемі;
2) Дерек әртүрлілігі - түрлі дереккөздері қолданылады (ішкі және сыртқы, құрылымдық және құрылымдық емес). Ол кесте, видео, мәтін, электронды пошта, әлеуметтік желілер, биржалық сауда және т.б. болуы мүмкін;
3) Жылдамдық - жедел жауап, қажет болған жағдайдағы деректерге тез талдау.
Көлемді дерек термині түрлі контекстте көлемді деректі өңдейтін технологияларды, жобаларды қолданатын компанияларды білдіруі мүмкін. Алайда көлемді дерек ақпараттың үлкен көлемін талдаудан басқаны да білдіреді. Мәселен, компаниялар мен көлемді ақпараттардың пайда болатындығында жатқан жоқ, сол ақпараттардың көлемді дерек дәстүрлі құрылым форматына сәйкес келмеуінде. Ол веб-журналдар, видеожазбалар, мәтінді құжаттар, машиналық код немесе, мысалы, геокеңістіктік деректер.
Big Data термині тым көлемді деректерді жинақтау мәселесімен байланысты екендігі анық. Бүгінгі күні көлемді дерек нарығы қарқынды дамып жатыр. Статистикаға сәйкес 2008 жылға дейінгі адамзат тарихы өндірген ақпарат көлемін соңғы жылдары өңдірген ақпарат асып түсті және өсіп жатыр.
Digital Universe Study (IDC) сараптамалық компаниясы Цифрлы әлем зерттеуі атты 2011 жылғы есебінде сол жылы құралған және қайталанған деректердің жалпы әлемдік көлемі шамамен 1,8 зеттабайт (1,8 триллион гигабайт), ал ол 2006 жылы құрылғаннан 9 есе артық. [3, 116-б.]
Графикада (1 суретті қараңыз) 2006 жылы құрылған ақпарат көлемі және оның сақталуы үшін қолда бар ресурстардың мөлшеріне сәйкес келеді. Алайда, 2007 жылы оны сақтау тәсілдеріне қарағанда көбірек ақпарат жасалды және бұл үрдіс қарқындай түсті.

1 сурет. Әлемдегі ақпараттың көлемі (экзабайтта)
және қолжетімді сақтау ресурстары

Осылайша, көлемді дерек термині АТ-индустриясынан шыққанын көріп отырмыз. Алайда бұл салада аталмыш тұжырымдама жайлы толыққанды түсінік жоқ. Көлемді дерек термині түрлі салада қолданылады: банк, медицина, энергетика, ритейл, қала өмірі, телекоммуникация және т.б.. Инфографика Америка Құрама Штаттарының көлемді деректі қолдануының тиімділігін көрсетеді. Бұл жағдайда көлемді дерек технологиясының көп екендігін түсіну қажет.
1990 - 2000 жж. әлеуметтанушылар түрлі салаларды талдап, жаңа технологияларды қолдана бастады. Олар эмпирикалық зерттеулерінде цифрланған әдістерді пайдалануы арта бастады. Сауалнамаларды қағаз бетіне немесе телефон арқылы қоңырау шалудың орнына интернет-сайттар арқылы енгізуге болатындығын түсінді. Сандық сұхбат жазбалары немесе эксперименттік сапарлар (баптаулар) материалдың мазмұнын немесе бақылаудағы мінез-құлықты талдау неғұрлым ыңғайлы етті. Сондай-ақ, материалды кодтауды одан да күрделі бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдады. Алайда деректерді сандық форматта жинайтын немесе өңдейтін зерттеу құралдарын қолданумен қатар ғалымдар зерттеу мақсаттары үшін арнайы әзірленген сандық материалдарды пайдалана бастады.
Цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ Интернетте тарату белгісіз мөлшерде және құрылымда цифрлық деректердің үлкен санының пайда болуына себеп болды. Нәтижесінде ғалымдар ғаламтор пайдаланушылары туралы көпшілікке арналған деректерге шоғырланған, оған дейін зерттелмеген тақырыптар туралы түсінік берді. Кейінірек әдебиетте олар онлайн-зерттеулердің мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы талқылай бастады.
Интернеттегі зерттеуге қатысты әдіснамалық мәселелердің екі аспектісі бар: олар көлемді дерек тұжырымдамасын және сандық медиада мағынаға ие болу мәселесін талқылады.
Бұқаралық ақпарат құралдарын цифрлық пайдалану арқылы көптеген деректер жасалынды. Бұқаралық ақпарат құралдарын цифрландыру процесі арқылы үлкен көлемде деректер алынды. Бірақ қазіргі уақытта бұл деректердің толық көлемін жинау мүмкін емес. Бұл ішінара ғаламтордың кең ауқымымен байланысты және онлайн мазмұны уақыт өте келе өзгеріп отыратындығымен мәселені қиындатты.
Жоғарыда айтылғандай, көлемді дерек термині салыстырмалы мәнге ие. Әдетте уақыт өткен сайын өсетін көлемді деректер жинағын белгілеу үшін пайдаланылады. Бұл информатикада инфақұрылым тым көлемді деректерді өңдеу мен сақтау құралдарын қайта жұмыс істеуі жатады. Әлбетте, көлемді дерек жиынтығы аз деректер жинақтарына қарағанда әртүрлі түрде өңделуі керек.
Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымда, сондай-ақ қолданбалы салаларда, бизнесте дерек көлемі көбінесе зерттеушілер зерттейтін объект болып табылады. Бұл төменгі дәрежедегі талдау көлеміндегі қолданбалы немесе пәндер салалары үшін ерекше мәселе болуы мүмкін.
Көлемді дерек масштабы туралы айтатын болсақ, статистика бойынша әлемде әрбір секундта жіберілген хабарлардың саны шамамен 2,9 млн. Әр минут сайын Youtube.com арнасында орналастырылған бейненің көлемі - 20 сағат. Күніне Google іздеу жүйесінде өңделген деректер саны - 24 петабайт. Бір күнде Twitter-дегі хабарлардың саны 50 миллион, ал әлеуметтік желілерде қолданатын уақытты есептегенде, Facebook 700 миллиардқа жуық адамға айына кететінін көрсетті. Ұялы құрылғыларға тасымалданатын немесе алынған деректер көлемі 1,3 экзабайт болды. Amazon интернет-дүкенінде тапсырыс берілген өнімдердің саны - 72,9 [1].
Көлемді дерек, әрине, коммуникация саласында пайдаланылады және әлемдік практикада маңызды рөл атқарады. 2006 жылы АҚШ-та осы үрдісті белгілеу үшін дерек журналистика термині алғаш рет енгізілді, ал 2010 жылдан кейін ресейлік БАҚ ортасында кеңінен таралды. Сонымен қатар, деректер мен статистикада негізгі рөл атқаратын коммуникациялық модельдер XIX ғасырдан басталды. Байланыстың және технологияның дамуымен, бірінші кезекте ғаламтордың пайда болуымен бұл байланыс онлайн үлгіге айналды. Осылайша, деректерді талдауды пайдалана отырып, инфографиканың алғашқы мысалы 1854 жылы тіркелді. Онда Джон Сноу Лондонда холера ауруымен ауыратын науқастардың саны ең көп аумақтар белгіледі. Нәтижесінде көптеген ауру сумен жабдықтау және канализация торабында орын алғандығы анықталды. 2010 жылы дәл осындай жағдай қайталанып жасалды. LasVegas Sun газетінің журналистері ауруға шалдығудың үш миллионға жуық әңгімелерін зерттеп және жиі кездесетін медициналық қателіктерді анықтады. Осы зерттеулерден кейін мемлекеттік органдар денсаулық сақтау саласындағы жаңа заңдарды енгізді [4].
Ресейлік зерттеуші Шилина М.Г. Big Data, Open Data, Linked Data, PR-дағы метадеректер: теория мен тәжірибені трансформациялаудың нақты үлгілері атты жұмысында метадеректер журналистикасының тұжырымдамасын енгізеді, сондықтан күн және деректер сөздерінің әртүрлі мәндеріне байланысты шатаспау керек.
Сонымен қатар, дерек журналистикасының қалыптасуының алғышарты ашық дерек болды. Ашық деректер - Creative Commons негізгі шарты бойынша дерек көздері жәненемесе копирайт-лицензиясы нұсқаулық талабына сай дерек жиынтығы, яғни әрқайсысына тегін, әрі емін-еркін таратуға және қолдануға болады [5]. Дегенмен, бұл анықтама Open Definition қозғалысы құрған ашық деректер ұғымының анықтамасының толық мәтінінде сипатталған бірқатар нақтылықтарды талап етеді. Осы анықтамаға сәйкес ашық деректер тұжырымдамасы мыналарды қамтуы тиіс:
1. Деректерге ашық қолжетімділік - ғаламторда орналастырылған тегін контенттің форматы болған жақсырақ. Міндетті талап - бұл машина оқи алатын түрде орналастыру (адам оқитын форматта ғана емес). Осылайша, ашық қол жеткізілген сканерлер, мысалы, қолжазба мәтіні ашық деректер ұғымының барлық талаптарына сәйкес келмейді.
2. Бастапқы деректерге қолжететін лицензия шарты негізінде қайта қолдануға және келесі кеңейту үшін бостандық.
3. Берілген деректерді пайдалануды жалғастыруға шектеулер қоюға тыйым салу (мысалы, ашық деректерді коммерциялық пайдалануды шектеуге тыйым салынған). Осылайша, ғаламторда белгілі бір деректер жинағы (оның ішінде машина оқи алатын түрде) орналастырылған жағдайда, одан әрі таратуға қандай да бір шектеулер болған жағдайда ашық деп есептелмейді.
Ашық мемлекеттік деректер аталмыш журналистика бағытында ерекше қызығушылық тудырады. Осылайша, мемлекеттік деректерді ашық түрде ұсыну сыбайлас жемқорлық пен пара мәселелерін шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, https:openspending.org халықаралық жобасы журналистерге, зерттеушілерге және белсенділерге қаражаттың қарама-қайшы транзакцияларын зерделеуге және мемлекеттік бюджеттердің өндірілген өніммен сәйкестігін салыстыруға мүмкіндік беретін әлемдегі ірі мемлекеттік ұйымдар жүргізетін операцияларды ашық түрде ұсынады. Мұндай өзін-өзі реттеу бастамасы үкімет тарапынан әлемнің көптеген елдерінде іске асырылған ашық мемлекет тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылады. Бұл ұғым азаматтарды бюджеттерге, мемлекеттік сатып алуға және тиімді өзін-өзі бақылауды қамтамасыз ету үшін мемлекет қолжетімді басқа да қоғамдық ақпаратқа қатысты деректермен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, журналистикаға ашық деректерді пайдалану мемлекеттік қаржы операцияларына бақылау жасау аясынан тысқары және кең ауқымды салаларға қатысты болуы мүмкін: олардың қайсысы қазіргі уақытта музыканттарға өз композицияларына әсер етеді, тұрғын үйді сатып алу мен жалға беруді таңдайды.
Журналистердің көлемді деректер жиынтығын толық пайдалану мүмкіндігі ашық деректердің пайда болуымен мүмкін болды. Бірінші рет 1995 жылы ашық деректер термині айтылды, бірақ журналистикаға ашық деректерді белсенді пайдалану және осы тұжырымдаманы талқылау тек 2000 жылдардың ортасында орын алды.
Журналистиканың негізі көптеген деректерді Интернеттегі ашық деректердің үлкен массивтерінің, деректерді өңдеу және бейнелендіру (визуализациялау) үшін көптеген еркін құралдардың арқасында пайда болды. Қолданыстағы құралдар мен деректерді пайдалана отырып, журналист жаңа тарихты таба алады және оларды кең оқырманға таныстыру үшін бейнелендіруге болады. Сонымен қатар, дерекке неғұрлым терең сіңіп кету, күрделі тәуелділіктерді іздеу және корреляцияны іздеу аса күрделі құралдар (SPSS, R Studio) және кейбір бағдарламалау дағдыларының (MySQL жүйелері, Python және т.б.) болуын талап етеді.
Дерек журналистикасының пайда болуына аталған көлемді пен ашық деректер сеп болды. Дерек көлемінің күнделікті қарқынды өсімі ақпаратты сақтайтын технологиялардың дамуына, соның нәтижесінде көлемді және ашық деректердің қажеттілігін тудырды. Аталмыш деректердің негізгі сипаттамасы жазылды. Сонымен қатар, көлемді және ашық деректер терминдерінің пайда болу салдары айтылды. Дерек журналистикасының жаңа сала ретінде қалыптасуының алғышарты көрсетілді.
Дерек журналистика саласының даму сипаттары. Дерек журналистикасы - деректер жиынтығын пайдалануға негізделген немесе журналистік зерттеу материалдарында немесе жаңалықтарда қосымша ақпарат, фактілер, мәлімдемелер беру үшін негізделген журналистика бағыты. [6]
Осылайша, деректер журналистік тарихтың қандай да бір түрін ашуға және көрсетуге арналған құрал немесе ол үшін негіз бола алады. Сондай-ақ, ол бір мезгілде бірінші және екінші функцияны атқара алады. Негізінде, дерек журналистика термині бірден бірнеше жұмыс бағытын қамтиды, атап айтқанда:
Дерекқорға негізделген журналистика аудиторияға қосымша талдаусыз деректердің үлкен көлемін ашық түрде игеруге мүмкіндік береді. Мысалы, дерекқорымен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін ChicagoCrime.org жобасы болып табылады. Ол әрбір адамға Чикагодағы қылмыстық жазба туралы қысқаша ақпарат береді [4]. Дерек журналистикасының тарихына қарамастан, аталмыш түсіндірудегі айырмашылыққа байланысты даулы мәселелерді анықтайды. Дерек журналистикасының алғашқы толыққанды материалы 1821 жылы жарыққа шыққан The Guardian материалы (яғни, жарияланымның алғашқы жылында жарияланған) болып табылады [7, 158-б.]. Guardian-ның зерттеуінде Ұлыбританиядағы әр түрлі жоғары оқу орындарындағы жоғары білімнің құнын зерттеді. Олар үшін материалдың авторлары әрбір мекемедегі білім бағасын көрсететін жиынтық кестелерін дайындады. Жұмысқа алғаш рет журналистік практикада оқырманға барлық деректер ашық түрде берілгені туралы оң қорытындылар алынды.

2 сурет. The Guardian материалындағы жиынтық кестесі

Дерек журналистика жанрындағы келесі жарқын мақала - журналист Флоренс Найтингейлдің зерттеу жұмысы. Оның 54 беттік зерттеуі 1858 жылы британ армиясының мемлекеттегі және жыл сайынғы шығындарына талдау жасауға арналды. Өзінің кең ауқымды зерттеуінде автор кесте және диаграмма көрінісіндегі деректердің үлкен көлемін береді. Материалдың негізі сол уақытта қолжетімді дерек көздерінен алынған шикі деректер болды. Найтингейлдің толыққанды журналистік зерттеуінің қорытындысы бейбіт уақытта әскердегі өлім деңгейі азаматтық тұлғалардың өлім көрсеткішінен (әскери іс-қимылдарға мүлде қатысы жоқ мәселелердің салдарынан. Айталық, әскери бөлімдерде санитарлық нормаларды сақтамағандықтан) екі есе асатындығы көрсетілді [8].

3 сурет. Найтингейл зерттеуінің көрінісі
Жұмыстың жаңалығы графика мен диаграммаларды қолдануы емес (ондай материалдар Найтингейлдің жұмысына дейін де болған), ал шикі деректерді қолданылуында. Дегенмен, дерек журналистика терминінің пайда болу тарихы біршама күрделі. Дерек журналистика терминінің пайда болған мерзімінің анықтамасын тек сарапшылар мен журналистер анықтауы қиын, себебі іргелес саладағы екі елеулі күндерге байланысты.
Біріншісі - 1952 жыл. Ол журналистің жұмысында компьютердің алғаш қолданған кезі [9]. Сол жылы CBS арнасы UNIVAC I компьютерінің есептік қуатын президенттік сайлау нәтижелері туралы болжамдарды есептеу және әрбір үміткердің (Эйзенхауэр және Стивенсон) нәтижелерін бағалауға қолданды. Компьютерді журналистикаға қолдану тәжірибесі Computer Assisted Report тұжырымдамасын іске асыра бастады (CAR - компьютерлік есептеулер арқылы жасалған журналистік есеп).
Computer assisted reporting мен data journalism (дерек журналистика) тұжырымдамасының айырмашылығы айқындалды, атап айтқанда:
Материалдың негізгі құндылығы ретінде деректерге көп көңіл бөлінеді. CAR бұрын журналистік материал тақырыбын табу немесе қазірдің өзінде дайындаған тезистерді растауға тырысқан кезде, нақты деректерді нақты түрде журналистік мақалаларға жариялау үшін қазіргі уақытта (атап айтқанда, The Guardian немесе Texas Tribune журналистикасының деректеріне негізделген блогтарда) мүмкін болды. Оқырмандар материалдарды оқып шығуы үшін деректерді медиа сайтында ашық түрде тарады.
- Сарапшылар деректермен жұмыстың дамуы дерек журналистикасының түсінігінің жаңа тынысын көрсетеді дейді: егер бұрын журналистің негізгі жұмысында басылып шықпаған деректерді алуға болатын болса, қазір ғаламторда ашық түрде деректер пайда болып жатыр. Солай журналистің өзінің тарихын іздеу мен деректерді өңдеу дағдылары құндылыққа ие.
Ақырында, дерек журналистикасының тұжырымдамасы, өздігінен өңдеуге арналған деректердің көптеген түрлерінің пайда болуымен және үлкен көлемде ашық пішіндегі деректердің пайда болуымен байланысты. Дерек журналистиканың екінші маңызды күні 2001-2002 жылдар. Сол кезде көлемді дерек тұжырымдамасы қалыптасып, (Big Data терминін пайдаланбаған, бірақ оның барлық негіздерін қалыптастырған) 2001 жылы Gartner ғылыми-зерттеу компаниясы (сол кезде META Group деп аталатын) хабарлағандай, жаңа деректердің көлемдерін, түрлерін және жылдамдығын арттыруға негізделді [10].
2010 жылы Амстердамда бірінші халықаралық конференцияда дерек журналистиканың толық анықтамасы (data driven journalism) ресми түрде қалыптасты. 2010 жылдың екінші жартысынан бастап, академиялық журналдар мен конференцияда белсенді түрде дерек журналистика түсінігі қолданылды [11].
Дерек журналистикасындағы сандар - ол ең маңызды болып табылды. Сандар жалғыз өзі туралы, оқиға туралы айта алады. Мысалы, 2012 жылдың қазан айында болған АҚШ-тағы Сэнди дауылы туралы The New York Times газеті баратын жерлерін, кейін тропикалық теңіз дауылына айналатын жерлерін атап көрсетті. Нәтижесінде мәтінсіз интерактивті құралға айналды. Сол картаны Сэндиге қатысты барлық мақалаларға, анықтамаларға қоюға болатын болды.
Негізінде деректермен айналысатын журналистер ақпарат ағынымен, мәтін контентімен, жаңалықтармен жұмыс істемейді. Олардың негізгі ақпарат көзі - түрлі мемлекеттік ақпарат жүйесіндегі дерекқорлар. Мысалы, мемлекеттік келісімшарттар, бюджет, статистика, индикаторлар.
Халықаралық ірі іскерлік газеттердің бірі Financial Times-да дерек журналистикасымен айналысатын журналист деген қызмет жоқ дейді. Оның орнына жобаға қатысты үлкен көлемдегі деректерді өңдеуге түрлі командадан бірнеше адамдардар команда құралады. Ондай командада арнайы тілші, интерактивті графика бөліміндегі журналист, дизайнер мен әзірлеуші. Мұндай командалар негізгі жаңалықтар қызметіне жақын орналасқан, сондықтан мүшелер қазіргі уақытта не болып жатқанын біледі және осы немесе басқа оқиғаға қатысты жаңа тәсілдерді ұсына алады.
Дерек журналистикасының сүйікті мысалдарының бірі - Scripps Howard News Service компаниясының Том Харгровтың Өлім құпиясы жобасы болып табылады. Мемлекеттік деректер мен ашық көздерден алынған мәліметтерге сүйене отырып, ол 185000-нан астам жарияланбаған кісі өлтіру фактілерін анықтайтын деректер базасын құрастырды, содан кейін оларды сериялық өлтірушілер туралы жорамалдар негізінде істерді біріктіруге мүмкіндік беретін үлгілер үшін іздеу жолымен алгоритм құрды. Бұл жобада: деректерді жинау және деректер базасын құру бойынша қиын жұмыс үкімет тарапынан жақсы, әлеуметтік ғылымның әдістерін пайдалана отырып, ақылмен талдау жасау және оқырмандар өздері осы дерекқорда жұмыс істей алатындай деректерді интерактивті түрде көрсету.
Бұл тарауда дерек журналистикасының анықтамасы беріліп, пайда болу тарихы қарастырылды. Айталық, дерек журналистика терминінің пайда болған мерзімі екіге бөлінетіндігі, яғни АТ дамуына сай 1952 жыл мен көлемді дерек тұжырымдамасы қалыптасқан 2001-2002 жылдар. Сондай-ақ, дерек журналистикасының дамуында аталмыш сала бойынша жарыққа шыққан алғашқы жұмыстар талданып жазылды.

0.2 Деректердің бейне арқылы қабылдануы

Оқырман бұқаралық ақпарат құралдарының мазмұнын бейнелі (визуалды) түрде қабылдайды. Көптеген ақпараттың негізгі бөлігі мәтіндік құралдармен кең ауқымда беріледі және бейне түрінде таратылуы арқылы жүзеге асырылады.
Қабылдаудың кешенді процесінде бұлшықеттердің, оптикалық нервтердің қозғалысын басқаратын көз бен ми қыртысының кейбір бөліктері қатысады. Айталық, көру фазалар бойынша жүзеге асады: біріншіден, адам көлем мен кеңістікті, зат пен фонды қабылдайды, ал содан кейін анық объектіні анықтай бастайды. Осы тізбекті ескере отырып, дизайнер ең маңызды хабар компоненттерін және оған сәйкес элементтерді таңдайды. Бүгінде адамның ақпаратты қабылдауын жақсартатын дизайнер құралдары болып табылады [12].
Әлемде көз арқылы қабылдау коммуникацияның маңызды және ерекше факторы бола бастады. Сондықтан БАҚ мақсатты аудиториясына вербальды емес ақпараттың әсері мен оның мүмкіндіктерін барынша пайдалану жолдарын іздейтін баспагерлерді қызықтырды. Зерттеу нәтижесі бойынша, егер мақалада графикалық элементпен толықтырылса, оқырман қызығып, мәтінді оқығанға дейін оны зерттеуді қалайды. Сонымен қатар, оқырмандар көбінесе мақаланы тым күрделі деп қарастырса, алдымен визуалды элементке көңіл бөледі.
В.В. Тулуповтың пікірінше бүгінгі газет графикасының қарқындылығы мен динамикалылығы, композициялардың бейнелік асығыстағы оқырмандардың көзқарасын ұстап қалу үшін маңызды бір ақпаратты ерекшелеу үшін қажет. Ақпараттың мәндік бейнелігін қабылдау процесі - алынған ақпараттың талдау және синтездеу процесі формальді түрде сезіну арқылы қабылдауды білдіреді [13, 29-б.].
Зерттеушілер сурет пен мәтін (ақпараттық графика) көңілді көбірек ұстап тұрады және тез есте қалады, бойға сіңімді дейді. Сондықтан ақпараттық графиканың заманауи графикалық дизайнын құру - бұл бір уақытта интеллектуалды, шығармашыл және техникалық қызмет болып табылады.
Ақпаратты бейнелендіру тиімділігін анықтайтын бейнелі (визуалды) журналистиканың мынадай қағидаттарын атап өтуге болады:
oo Баспа басылымында визуалды және ауызша бірлігі;
oo Оқырманның ақпараттық қажеттілігін есепке алу (газетте немесе сайтта жарияланған материалдың барлық компоненттері - тақырыптар, иллюстрациялар, мәтіндер, қосымша ақпараттар - оқырманның тақырыпқа қызығушылығын тудыратын етіп ұйымдастырылады) және ақпарат берудің ең тиімді құралдарын іздеу;
oo Журналистер командасының, журналистердің, редакторлардың, суретшілер мен дизайнерлердің бірлескен жұмысы материалдардың болашағын талқылау, ақпарат берудің ең тиімді құралдарын таңдау;
oo Жеке мақалалар емес, ақпараттық пакеттерді дайындау, яғни басты тақырыбы бірнеше ұсақ тақырыпшаларға бөлінген материалдар, ондай материалдарда негізгі оқиға ерекшеленген, сондай-ақ онда қандай ақпарат сурет, қандай ақпарат ақпараттық графика арқылы берілетіні алдын ала жоспарланады.
АТ саласының дамуының салдарынан ақпарат көлемі едеуір артқандығын алдында атап кеттік. Ақпаратты бейнелендіру - заманауи технологиялар ғасырының жаңалығы емес. Ақпаратты бейнелендіру географиялық карталарды құру үшін ойлап табылды. Мысалы, Менделеев кестесі ақпаратты бейнелендіруге мысал болып табылады. Institute of Electrical and Electronic Engineers (IEEE)-ның қолдауымен 1990 жылы бейнелендіру тақырыбына арналған алғашқы конференция өтті [14, 120-б.].
1989 жылы The cognitive co-processor for interactive user interfaces деген еңбектің авторлары Робертсон, Гард, Макинлей алғаш рет ақпаратты бейнелендіру түсінігін қолданды және аталмыш термин еңбекте алғаш рет визуалды интерфейс құралдарын қолданатын ақпарат ретінде сипатталды [15, 29-б.].
Ақпарат көлемі күн сайын өсіп отырғандықтан, беретін ақпараттың жаңа тәсілдерін үнемі ойлап тауып отырды. Оқырмандар БАҚ-тың алуан түрлілігін көрсетуге және қызықтыруға мүмкіндік берді.
Технологияның даму кезінде ақпаратты бейнелендіру түсінігі заманауи мазмұнды ала түсті: бұл білім беруді кеңейту үшін компьютердің көмегімен дерексіз деректерді интерактивті визуал түрде ұсыну [16, 534-б.]. Визуалды тілді қолдану біздің ғасырда танымалдығы мен қажеттілігі артып барады.
Өткен ғасырдың 70-жылдарында дәстүрлі БАҚ-тың дағдарыс кезі болды. Сонда теледидар, барлық ірі газет-журналдардың өмір сүруі толғандыра бастады. Сонымен қатар, ғаламтордың пайда болуы мен таралуы, цифрлық теледидардың дамуы күнделікті тұтынылатын ақпараттар көлемін арттыруға мүмкіндік берді. Адамзат сөздің үлкен ағынын сіңіруде қиындықтар тудырып жатқандықтан, сурет мәтінінің орнын толтыра бастады.
Ақпараттың үлкен ағынында жоғалмау үшін, сонымен қатар оның ішінде бейімделуін және баспа басылымын қабылдауын жеңілдету үшін суреттерге маңызды рөл берілді, яғни баспа құралдарын бейнелендіру орын алды. Мерзімді түрде өсіп келе жатқан контент пен нысан арасындағы байланыс, көрнекі ақпараттың рөлі едәуір арттырды. Бұл технологиялық бәсекеге қабілетті, эстетикалық, технологиялық, жарнамалық және басқа да қалыптастырушы факторлармен түсіндіріледі. Сурет материалдарының рөлінің өсуі фотосуреттер мен графикалық материалдардың, сондай-ақ газет беттерінде бейне рөлінің өсуімен көрінеді.
Мысалы, В.В. Скоробогатко медиа бейнелендіру процестерін талдады. Визуалды компонентті дамытудың себептерінің бірі - аудиторияның материалды қабылдауы деп есептейді. Зерттеушілердің айтуынша, оқырмандар екі санатқа бөлінеді: дәстүрлі және сканер-оқырман. Дәстүрлі оқырман басылымдарды мұқият оқыса, сканер-оқырмандар бейне мен тақырыпқа қарайды. Мәселен, жақында ғаламтордың дамуының салдарынан екінші санаттағылар бірінші санаттағыларға қарағанда басымырақ бола бастады. Екінші санат, әсіресе, ғаламтордың дамуымен басым түсті [17, 15-б.].
Деректермен жұмыс істеудің өзектілігін дәлелдеудің негізгі себептерінің бірі деректерге қолжетімділікті арттыру болып табылады. Егер бұған дейін журналистің негізгі мақсаты ақпаратты іздеу және жинау болса, енді қолда бар ақпаратты, деректерді өңдеу маңызды. Негізінде дерек журналистикасы екі түрлі бағытты: техникалық (статистика және аналитика) журналистік жұмыстармен (зерттеу, түсіндіру және таныстыру) байланыстырылды.
Жиырмасыншы ғасырдың ортасында графикалық статистика пиктографиялық кескіндерге негізделген көркемдік әдіспен автоматтандырылған деректерді бейнелендіру процесіне көшу уақытын көрсетті. 1950-60 жылдардағы семиотика саласындағы зерттеулердің танымалдылығы ақпараттық-функционалдық, геометриялық дәлдікпен, логикамен таныстырудағы жаңа үрдістердің пайда болуына әкелді. Графикалық статистикаға сілтеме жасау үшін Герберт Спенсер 1952 жылы сандық деректердің иллюстрациялық көрінісімен байланысты барлық жұмыстарды білдіретін іскерлік басып шығару (business printing) терминін енгізгені кездейсоқ емес. Он жылдан кейін Ладислав Сутнар ақпараттық дизайн ұғымын енгізеді [18, 150-б.].
Алайда графикалық статистика өз жүйелеуін талап етті. Француз картографы және семиотиктердің теориялық сарапшысы Жак Бертен болды. Графика семиологиясы атты еңбегінде Жак Бертен деректерді бейнелеу үшін визуалды элементтердің жіктелуін, сандық және картографиялық деректерді графикалық ұсыну мүмкіндігін көрсетті. Үлкен массивтердің графикалық бейнесі бірнеше қағидаға негіздеді. Бертен жүйесі жеті айнымалы бейнелендіруден тұрады: орын, пішін, бағдар, түс, құрылым, мән және өлшем. Бұл ұғымдар ақпараттың заманауи бейнелендіруінің теориялық негізі болып табылады. Оның жүйесі әлі күнге дейін статистиканың сапалық және сандық көрсеткіштерін ұсынады.
Деректерді графикалық ұсынысы арқылы бейнелендіру әдістеріне графикалар, диаграммалар, кестелер, есептер, тізімдер, құрылымдық диаграммалар, карталар, сызбалар және т.б. жатады. Бұл әдістер қарапайым және кең таралған болып табылады. Пайдаланушылардың қажеттіліктері әртүрлі болғандықтан, бейнелендіру құралдары әртүрлі бейнелендіру түрлерін қолдайды.
Бейнелендіру термині өзі визуалды емес дерек саны көрсетілуіне қатысты болғанда қолданылады. Олар метеорологиялық құрылғылар көрсеткіштері, нарық фондының мінез-құлқы, компьютерлік желі арқылы хабарлама траекториясын сипаттайтын көптеген мекен-жайлар және т.б., яғни визуалды хабарламаға деректер айналады.
Деректерді бейнелендіру түрлерін әртүрлі критерийлерге сәйкес ерекшелеуге болады. Мысалы, аудитория мен ақпарат арасындағы қарым-қатынас сипаты негізінде бөлу белгілі. Осыған байланысты статикалық және интерактивті тәсілді көрсетеді. Ақпаратты статикалық бейнелендіру кезінде деректердің статикалық бейнесі қолданылады. Бұл көбінесе қарапайым ақпараттық графика болып табылады. Аудитория жағынан интерпретация саналмаған кезде қолданушылар арасындағы қарым-қатынас болмайды. Интерактивті бейнелендіру кезінде керісінше пайдаланушылар арасындағы қарым-қатынас тән. Қолданушылар бейнелендіруді интерактивті және тікелей басқару қажет. Бейнелендірудің динамикалық түрлері бүкіл әлемде кеңінен қолданылады. Бейнелендіру өзара қарым-қатынас мүмкіндігі қолданушыларды қызықтырады және солай деректерді түсінуін жеңілдетеді. The eye shave it: A task by data type taxonomy for information visualizations атты еңбектің авторы Шнейдерман интерактивті бейнелендіру ұсынысының қарым-қатынас түрлерін атап көрсетеді: шолу (жалпы ақпаратты шолу), масштабтау (ақпараттың кез келген бөлігін арттыру мүмкіндігі), сүзу (қызықтырмайтын бөліктен құтылу), детализация (ақпаратты неғұрлым егжей-тегжейлі көру мүмкіндігі), қарым-қатынас (бөліктер арасындағы өзара байланысты көре білу), тарих (іс-әрекеттің тұрақты тізімінде әрекетті болдырмау мүмкіндігі), шығару (коллекцияның бір бөлігін кейбір параметрлер бойынша іріктеу мүмкіндігі) [19, 4-б.].
Горансон, Хуанг және басқа зерттеушілердің Data visualization for big data деген еңбектерінде ақпараттың негізгі үш түрі деректердің бейнелендірудің барлық түрі қолдана алады дейді және олардың зерттеулері бізге ең жақын болып табылады: Бейнелендірудің әртүрлі түрлері ақпаратты, әдетте, реляциялық, географиялық немесе уақытша байланыстыратын қатынастар. Осыған орай автор деректі бейнелендірудің негізгі 5 түрін атап айтады: карта, графика, чарттар, схема, кесте. Келесіде атаған түрлердің әрқайсысын қарастыратын боламыз.
1) Карта (maps) деректерді бейнелендіру тәсілдерінің кең таралғаны, себебі олар деректердің контекстімен қамтамасыздандырады және олар көбінесе оңай масштабталады, тұтынушылардың қызығушылығын арттыратын аймақтарға қол жеткізеді. Арттықшылығы: тақырыптық карталар жер бетінде белгілі бір тақырыпты оңай түсіндіретін жол және оны ұсыныс ретінде пайдалану ең тиімді. Авторлардың пікірінше карталардың кемшілігі - бір картадағы екіден астам тақырыптық айнымалыларды ұсыну және қабылдау қиын.

4 сурет. Картаны бейнелендіру әдісі ретінде қолдануына мысал

2) Графиканы (grafs) авторлар дәстүрлі интерпретацияға қиын деп атайды. Әдетте, бұл түр қосалқы өнім болып табылады және ақпараттық бейнелендірудің негізгі түрін қамтиды. Олар пайдаланушыдан көңіл мен уақытты қажет етеді. Әдетте диаграммаға жинақталғаннан кейін деректердің графикаға енгізілуі мүмкін дерек тым қанық болады. Бұл түрдің артықшылығы көптеген факторды елеп, деректерді көрсете алады, ал кемшілігі қабылдауға қиын.

5 сурет. Графиканың бейнелендіру әдісі ретінде қолдануына мысал

3) Чарттар (charts) (ағылшын тілінен grafs және charts сөздерін қазақ тіліне графика деп аударылады. Кейін шатаспау үшін оны чарт деп атаймыз). Авторлар бұл сөздердің ағылшын тілінде синоним ретінде қолданылатындығын атап өту керек. Олар оны былай айырады: графика бейнелендіруі бір (екіден көп) шкала бойынша деректердің санымен өлшенеді. Ал чарт деректердің сериясынан тұратын (шкала жоқ, тор сызықтары, белгі және т.б.) ақпарат ұсынудың жалпы, дерексіз түрі. Мысал ретінде гистограмманы келтіреді. Чарттардың арттықшылығы салыстыру мен пропорциялардың оңай көрінісінен тұрады. Бірақ ақпаратпен қаныққан чарттар оларды түсініксіз етеді.

6 сурет. Чарттың бейнелендіру әдісі ретінде қолдануына мысал

4) Схемалар (diagramms) бейнелендіруі деректар арасындағы қарым-қатынасты көрсету үшін керек. Түйін және байланыс бейнелендіру түрі немесе желілік бейнелендіруді авторлар үлкен көлемді деректерді ұсыну үшін кең таралған қолданыстағы түр ретінде сипаттайды. Бұл түрдің артықшылығы барлық деректердің өзара байланысын көрсете алады. Кемшілігі желілік бейнелендіру әдемі көрінсе де түсініксіз және үлкен болуы мүмкін.

7 сурет. Схеманың бейнелендіру әдісі ретінде қолдануына мысал

5) Кестелер - бейнелендірудің ең қарапайым тәсілі - бағандар мен жолдарды пайдалана отырып, ақпаратты ұсынады. Кестенің артықшылығы, біріншіден, пайдаланушы деректерді өздігінен түсіне алады, екіншіден, көптеген пайдаланушылар кестелермен таныс, оларды оқып білуге қабілетті. Кемшіліктері пайдаланушы қабілетіне байланысты: егер пайдаланушы кестені ыңғайлы деп қарастыра алмаса (мысалы, ол үшін маңызды емес параметрмен басталса немесе бағанның енін көтере алмаса) ол оны талдай алмайды.

8 сурет. Кестенің бейнелендіру әдісі ретінде қолдануына мысал

Аталып кеткендер деректердің бейнелендіруінің тек жалпы түрлері. Мақала авторлары бұл түрлердің әрқайсысының өздерінің ішкі түрлеріне ие екендігін, сондай-ақ бұл түрлердің көбінесе аралас түрде немесе бір-бірін толықтыратындығын атап көрсетеді. Бұл жіктелімге қосуға болатын жалғыз нәрсе - таймлайн. Таймлайн графика түріне жатады. Уақытша сызба соншалықты тұрақты болған сияқты, оның негізінде таймлайнды бөлек түрге бөлуге болады. Дегенмен, біз авторлармен олардың бейнелендіру түрлерінің негізгі екендігіне толықтай келісеміз. Бұдан басқа, олар интерактивтілік деңгейіне, белгілі бір платформаға бағдарлануына, ұсынылған деректердің көлеміне және т.б. өзгеруі мүмкін.
Бейнелендіру бейне тұжырымдамасымен тығыз байланысты екенін атап өткен жөн. Шындығында, сандық дәуірде барлық деректер сол сандық кодты пайдалану арқылы ұсынылады. Компьютерлер бір көріністі екіншіге айналдыруды жеңілдетеді: 3D-беттегі қара-ақ сурет, суреттегі дыбыстық толқын (iTunes сияқты музыкалық ойыншыларды көрнекі есте сақтаңыз) және т.б. Осылайша, бейнелендіруді деректер жиынтығы, кескін ретінде бейнеленетін картаға ерекше жағдай ретінде қарастыруға болады [20].
Ақпараттық көріністердің және статистикалық графикалардың тұтастай тарихы, кез-келген коммуникация құралдарының шын мәнінде сапасы, күрделілігі, әлеуеті және кейде сұлулығын арттыратын әдістер жетістігін білдіреді. Деректерге назар аударып, олардың контейнерлеріне емес, инфограф мөлдір және қарапайым дизайнын алады. Дизайн байқалмағанымен жақсы.
Қазіргі адамдардың бос уақыты аз болғандықтан, көп оқымайды. Олар газет пен журналдардың беттеріндегі қызықтырған сұрақтарына жауапты тез алғылары келеді. Оның үстіне, олардың бейне санасы бар, олар көбіне идеяларға шоғырлана алмайды, оларды талдайды және қорытынды жасайды. Олар белгілі бір бейне мен жарқылға назарын аударады.
ХХ ғасырдың екінші жартысындағы инфографика халықаралық стильде Вена әдісінің пиктограммаларындағы көркем суреттерден деректердің құрғақ көрінуіне, инфографикаға қоңырау шалу қиын деп көрсетті.
Американдық ғалым Роберт Косара инфографика мен деректерді бейнелендіру арасындағы айқын шекараны сызады. Атап айтқанда, Инфографика мен бейнелендіру арасындағы айырмашылық деген мақаласында ол дәлелдейді: Бейнелендіру әртүрлі деректер жиындарына қолданылатын бағдарлама арқылы жасалады. Инфографика - нақты деректер жиынтығы үшін жеке жұмыс ... Бейнелендіру жалпы, инфографика өзгеше. Бейнелендіру мәнмәтінсіз, инфографика мәнмәтінге байланысты. Бейнелендіру (көбінесе) автоматты түрде жасалады, инфографика автордың бөлігіндегі түзетулер мен түсінікті талап ететін қол жұмысының нәтижесі болып табылады [21, 47-б.].
Бейнелендіруге функционалды көзқарастың типтік мысалы - 1972 жылы Массимо Виньеллидің Нью-Йорк классикалық картасын, 1933 жылы Гарри Бекмен әзірленген Лондон метро картасын қарапайым графикалық жүйеге жеңілдетті. Карта 45 немесе 90 айналу бұрыштары бар торға негізделді. Картаның категориялық жетіспеушілігі олардың нақты географиялық орналасуымен схемадағы станциялардың өзара орналасуы арасындағы сәйкессіздік болды [22].
Постмодернизмнің келуі анти-функционализмге қарсы күрт бұрылысты көрсетті, бұл Вена әдісінен және оны жасаушылардан артта қалды. Осы дәуірдегі Ренессанс инфографикасы журналистикадағы бейнелендіру американдық тәжірибе болып саналады. USAToday газет жариялаушылары оқырман санын көбейту жолын іздеп жүргенде 1982 жылы өз жобасын бастап, ақпараттық графика мен мәтіннің тіркесімін бірінші болып қолданды. Бірнеше жылдан кейін газет АҚШ-тағы ең көп оқылудан (дәлірек айтқанда, сатып алынған) бесінші орынға шықты. Табыстың кілті - бұл мақаланы оқымауға мүмкіндік беретін толық сызбалар, бірақ оны зерттеуге мүмкіндік беретіндігінде. Америкалықтар бұл ақпаратты қабылдаудың артықшылығын тез арада бағалады. Графикалық дизайнерге көмекші болған жаңа бейнелендіру құралдарына сұраныс тудырды.
Уақыт өте келе ақпараттық графика - бұл бизнес саласы ғана емес, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Орындалды бағдарламалық құралдар
Автокөлік модельдеу және анимациялау
Қазақ жазуының латынға келу тарихы
ЛАТЫН ТІЛІНЕ КӨШУДІҢ САЛДАРЛАРЫ
Деректану теориясының әлеуметтік табиғатын ашу
ЛАТЫН ӘЛІПБИІНІҢ АҒЫЛШЫН ТІЛІН ҮЙРЕНУГЕ ЫҚПАЛЫ
Web парақша беттерінде сурет орналастыру
VGA графикасы, үшөлшемді бағдарламау және динамикалық бейнелеу
Тиімді бағалау жүйесінің жоқтығы
Қосымша білім беру институтының сайты
Пәндер