Мүліктік экологиялық зиян


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 4
1 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МАЗМҰНЫНА СИПАТТАМА . . .
1. 1 Экологиялық зиян түсінігі, түрлері, себептері . . . 6
1. 2 Экологиялық құқықтық бұзушылық түсінігі, түрлері, құрылымы . . . 15
2 ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДЫЛЫҚТЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЗАҢДЫ ЖАУАПКЕРШІЛІК ТҮРЛЕРІ . . . 22
2. 1 Тәртіптік жауапкершілік . . . 22
2. 2 Материалдық жауапкершілік . . . 23
2. 3 Әкімшілік жауапкнершілік . . . 32
2. 4 Қылмыстық жауапкершілік . . . 36
2. 5 Азаматтық-құқықтық жауапкершілік . . . 39
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯ ҚҰҚЫҒЫНДАҒЫ САЛАЛЫҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда өндірістің дамуымен қатар елімізде экологиялық жағдай да өршіп тұр. Оның себептері, біріншіден, өндірістік кәсіпорындарынан шығатын зиянды шығарындылардың көбеюі, олардың техникалық, экологиялық, санитарлық талаптарды орындамауы, экологиялық таза өнім шығаруда отандық кәсіпкерлеріміздің қызығушылығының болмауы, табиғи ресурстарды аямай падалану, адамдардың экологиялық сана сезімінің төмендігі, келешек ұрпақтың денсаулығын ойламау және т. б. «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығының 1. 2. тармақшасында 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiк тұжырымдамасын әзiрлеудiң өзектiлiгi және басымдықтарының ішінде бiрiншi кезеңде (2004 - 2007 жылдар) - қоршаған ортаның ластану деңгейiн төмендету және оны тұрақтандыру жөнiндегi iс-қимыл жоспарын әзiрлеуі көрсетілген [1] . Сонда да экологиялық жағдайдың әсерінен бала туу, балалардың өкпе, тері ауруларымен ауруының жиілеп кеткенін ескерсек, бұл кезеңнен өттік деп айту қиын. Әрине, экономикамызды көтереміз деп бар байлығымыз - шикізатты пайдалана берсек, оның сарқылу күні де туындайтынын ескеруіміз қажет. Сонымен қатар инвестиция тарту мақсатында бірнеше шетел өнеркәсіптері ашылып, олардың қазақстандық экологиялық заңнама талаптарына салғыртықпен қарауы да табиғатымыздың нашарлауына әкеліп соққанын жоққа шығара алмаймыз. Кезінде Совет өкіметінде «Барлығы - ортақ байлық» деген ұранды үлгі ету арқасында Арал өзенінің экологиялық қасіретке ұшырағанын білеміз, ал қазір шетел азаматарының, отандық өз басын ойлайтын ғана кәсіпкерлеріміздің жемі болып отырмыз.
Қазақстанның пайдалы қазбаларға бай екенін білеміз, алайда табиғи ресурстарды ала бермей, басқа елдерден жеткізілетін табиғи ресурстарды өңдеумен айналысу уақыты да келді. Сонымен қатар стратегияда қарастырылған табиғат ресурстарын пайдаланудың ашық саясатын іске асыру қағидасы көзделген. Трансұлттық корпорациялар қызметі, әсіресе ТҰҚ аумағындағы қолданыстағы барлау және өндіру жұмыстары ерекше алаңдаушылық туғызады. Қаржы күшіне қарамастан, олардың қызметі бір жақты пайдалану немесе әуелі табиғат ресурстарын жұтып жіберуге бағыталған. Олардың қызметіне мемлекет тарапынан бақылау әлсіреуде.
Еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) табалдырығын әне-міне аттайын деп тұр. ДСҰ-ға кірген соң бізден өнімнің саны емес, сапасы талап етіледі, әлемдік нарықтағы бәсеке де сапаға бірінші басымдық береді.
Қазіргі таңда шикізатпен айналысатын зауыттардың көбеюіне байланысты олардан шығатын қалдықтар да көбеюде.
"Қызу әсерiнiң" салдарынан болатын климаттың өзгеруi жалпы әлемдiк көлемдегi проблема болып табылады және қоршаған ортаның жай-күйiне барынша ықтимал қатер төндiредi. Оларды тек көме бергеннен экологиялық
жүйеге кері әсерін тигізетініне күмән келтурмеуіміз мүмкін емес. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, орман, су қорлары жерінен жер учаскелерін жергілікті атқарушы орнандардың жеке меншікке беріп жіберген жағдайлары аз кездеспейді және алаңдатады.
Бизнестің үлкен қала мегаполистерде шоғырлануына байланысты адамдардың барлығы ірі қалаларға ұмтылуда. Көптеген экологтар жерде қалалар мен олардың ортасындағы бос жатқан экологиялық кеңістіктер болған күннің өзінде мегаполис қалаларда тұтынылатын өнімдерді өндірудегі экологиялық зиян олардың ықшам орналасу тиімділігінен едәуір асып кететінін дәлелдейді.
Қарағанды қаласын алып қарасақ, қыста қардың беті қарайып жатады. Ол қардың құрамында ауыр металлдардың бар екенін көрсетеді. Сол себепті де жаңбырлы суды да ата бабамыздың уақытындағыдай пайдалана алмаймыз. Қыста көшелерді тазалау барысында жолды тазалау үшін тұз пайдаланылады. Ол жолды тазалауға кететін тұздың үштен екісі су құбырларына түседі, қалғаны қармен шығарылады, ауаға тарайды, топыраққа сініп қалады. Қарды ластайтын, ең алдымен, мұнай өнімдері, хлор тұздары және ауыр металл тұздары. Жолды тазалауға шығарған тұздың 100%-дан үштен екісіне жуығы су құбырларына түседі, 10%-ы қармен бірге шығарылады, 1%-ы ауаға тарайды, 1%-ы көгалда қалады, қалғаны топыраққа түседі. Хлорлы мұздаққа қарсы реагенттер топырақ пен суға, көгалға ғана емес, инженерлік көлік қондырғыларына да теріс ықпалын тигізеді.
Елімізде өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің сиреп бара жатқанын байқаймыз. Оның себебі өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру деңгейінің жойылуы мен тозуы. Оның ішінде ормандардың жойылуы, топырақтың эроззияға ұшырауы, сулардың ластануы, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін көп пайдалану кіреді.
Қазақстан су ресурстарының үлкен жетiспеушiлiгi елдерiнiң санатына жатады. Қазiргi уақытта су объектiлерiн тау-кен өндiру, металлургия және химия өнеркәсiбi кәсiпорындары, қалалардың коммуналдық қызметтерi қарқынды ластауда және ол нақты экологиялық қатер төндiредi. Ертiс, Нұра, Сырдария, Iле өзендерi, Балқаш көлi неғұрлым ластанған. Халықты ауыз сумен қамтамасыз етудiң негiзгi көзi болып табылатын жер асты сулары да ластануға ұшыраған.
1ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ МАЗМҰНЫНА СИПАТТАМА
1. 1 Экологиялық зиян түсінігі, түрлері, себептері
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде экологиялық зиян анықтамасы берлімеген, тек түрлері ғана көрсетілген. Сондықтан осы терминге анықтама берген экологиялық құқық мамандарының көзқарастарын талдап көрейік.
В. В. Петров берген анықтамада зиян деп қоршаған ортаның сандық және сапалық құртылуын айтады[2, 17б. ] . Ол өз кезегінде қоршаған ортаны ластау, табиғи объектілерді, экожүйені зақымдау, жою арқылы жүзеге асырылатынын сипаттайды. Аталған зиян екі түрлі болады: экономикалық және экологиялық. Бірақ бізге М. М. Бринчуктың көзқарасы жақын болады деп ойлаймын. Оның берген анықтамасында: жеке және заңды тұлғалардың мүлкіне, адамдардың денсаулығына, материалдық және материалдық емес құндылықтарға экологиялық құқықтық талаптарды бұзу салдарынан қоршаған орта жағдайының нашарлауы деп түсіндіріледі [3, 34б. ] .
Осы орайда “экологиялық құқық бұзушылық салдарынан келтірілген зиян” және “экологиялық зиян” ұғымдарының ара қатынасын ашып көрсету қажет.
Бұл үшін кейбір бастапқы ережелерді анықтап алайық. Біріншіден, заңмен қорғалатын кез келген қоғамдық қатынастарға қол сұғудың негізгі құқықтық тәртіпке келтірілген зиян. Демек, экологиялық құқық бұзушылық жасау барлық жағдайда жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке зиян келтіреді, ал оны біз экологиялық құқық нормаларымен бекітілетін және реттелетін қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуы деп түсінеміз.
Сонымен бірге, жекелеген жағдайларда құқықтық нормалармен қатар субъективтік құқықтар бұзылып, құқық бұзушылықтың нысаны - нақты мүліктік және мүліктік емес игіліктердің маңызы төмендетіліп жатады.
Сондықтан, заң әдебиетінде зиянның екі түрі көрсетіледі - заң-әлеуметтік және нақты зиян. Бұл орайда, нақты зиян (субъективтік құқықты бұзу, мүліктік немесе мүліктік емес игіліктердің маңызын төмендету) болмаса да, заң-әлеуметтік маңызы бар зиянның туындауы мүмкін екендігіне назар аударылады[4, 135 б. ] .
Сонымен, заңға қарсы әрекет салдары ретінде экологиялық-құқықтық нормалармен қорғалатын қоғамдық қатынастарды бұзушылық экологиялық құқық бұзушылық объектісіне келтірілген зиянның әлеуметтік сипатын ашып көрсетеді. Сондай-ақ, экологиялық құқық бұзушылық нысанасына тікелей жағымсыз әсер еткен жағдайда, мұндай әрекеттер өзінің физикалық сипаты бойынша материалдық болып, заттай объектілерді бұзу немесе жою арқылы танылады. Осы зерттеулерге сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: кез келген құқықтық экологиялық талаптарды бұзушылық қоршаған ртаға оның сапасын нашарлату немесе санын азайту арқылы нақты зиян келтіре бермейді.
Жоғарыдағы айтылғандардың негізінде экологиялық құқық бұзушылық арқылы келтірілген зиянды былай топтастыруға болады;
а) жалпы экологиялық құқықтық тәртіпке келтірілген зиян (заң-әлеуметтік мағынадағы зиян;
ә) қоршаған ортаның сапасын нашарлату немесе сандық көрсеткіштерін азайту арқылы келтірілген нақты зиян [5, 22б] .
Экологиялық құқық бұзушылықтар арқылы келтірілген нақты зиян да өзінің құрылымы бойынша біркелкі емес. Біздіңше, кейбір экологиялық заңдарды бұзушылық, мысалы, заңсыз аң, құс, балық аулау, заңсыз ормандағы ағаштарды кесу және т. б., қоршаған ортаның сапасы және экологиялық тепе-теңдікті сақтау тұрғысынан жағымсыз экологиялық салдарға соқтырмайды, бірақ табиғи ресурстардың меншік иесі-мемлекетке немесе жекелеген табиғат пайдаланушыға мүліктік зиян келтіреді.
Сондықтан, мұндай зиянды топтастыру үшін қоршаған ортаға келтірілетін жағымсыз әсерлердің экологиялық тұрғыдан неғұрлым маңыздыларын егжей-тегжейлі қарастырған жөн.
Экологиялық зиян, біріншіден, қоршаған орта күйінің сапасына келтірілетін болғандықтан, оның сипаттамасын берер алдында құқықтық қорғау нысанасының дұрыс, бұзылмаған қалпының сипаттамасын беру керек. Бір сөзбен айтқанда, қоршаған ортаның сапасы түсінігін беру керек.
Заң әдебиетінде қоршаған ортаның сапасы мәселесі туралы біраз айтылып жүр. Кейде қоршаған ортаның сапасы деп адам мекендеген орта ішіндегі, адам мен оның мекендеген ортасы арасындағы заттар мен қуаттардың үнемі және тұрақты түрде алмасуы қабілетін сақтаған, шаруашылық қызмет барысында жетілдірілген және өзгерген табиғи экологиялық жүйелердің күйі деп түсіндіріледі[6] . Кейбір авторлар қоршаған ортаның сапасы биологиялық, химиялық және өзге де қасиеттермен белгіленеді деп көрсетеді, үшіншілері оны-табиғи ортаның нормативтік жағынан бекітілген, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген, адам мен қоғамның дамуының осы кезеңінде олардың биологиялық, экономикалық және ілеуметтік-мәдени талаптарын қанағаттандыратын жиынтығы деп нақтылай түседі[7, 67б] .
Біздің ойымызша, қоршаған ортаның сапасы төмендегі өлшемдердің жиынтығымен сипатталады: биологиялық тұрғыдан алып қарағанда, қоршаған ортаның адамның өмірі мен денсаулықы үшін қолайлы күйі оның сапасының өлшемі болып табылады. Табиғаттағы құбылыстар мен процестердің өзара байланысы мен өзара шарттасуын ескерсек, адам өзінің мекендеген табиғи ортасымен өзара әрекеттеседі. Адамның табиғи физиологиялық - дем алу, шөл басу, тамақтану сияқты қажеттіліктерін табиғаттың жеке элементтері тікелей қанағаттандырады. Ал, бұл-қоршаған ортаның биологиялық тұрғыдан тазалық (ластанбаған) өлшеміне сәйкес келу қажет екенін білдіреді. Табиғи байлықтар өздерінің экономикалық қасиеттеріне және белгілі экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты адамдардың әртүрлі материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көзі болып табылады. Осының салдарынан адамның минералды ресурстарды, өсімдіктер мен жануарлар өнімдерін пайдаланбауы мүмкін емес, ал бұл қоршаған ортаның кейбір құрамының санының азаюына әкеп соқтырады. Нәтижесінде сапалық өзгерістер (экологиялық тепе-теңдіктің, табиғи экологиялық жүйелердің бұзылуы, т. с. с. ) туындауы мүмкін. Алайда жаңартылатын табиғи ресурстарды олардың өзінен өзі қалпына келуінің табиғи жолдарын ескере отырып, оларды ақылмен және ғылыми негізде пайдалану немесе жаңартылмайтын табиғи ресурстарды тұтынудың әлеуметтік және экономикалық тұрғыдан негізделген режимі қоршаған ортадағы тепе-теңдіктің бұзылуына шектеу болар еді. Сонымен, экономикалық тұрғыдан қоршаған ортаның сапасы адамзаттың даму барысына көбейе түсетін материалдық қажеттіліктерін (өнеркәсіп, ауыл шаруашылық, энергетика, көлік т. б. ) қанағаттандыруды қамтамасыз етуге тиіс. Сондықтан, қоршаған ортаның қолайлы күйінің экономикалық көрсеткіштері оның ресурстарының сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстарының өндірушілік қабілеті болып табылады. Әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда қоршаған ортаның сапасы адамның эстетикалық, рекреациялық, ғылыми, мәдени қажеттіліктеріне жауап беруі тиіс, себебі табиғатпен қарым-қатынас барысында адам өзінің физиологиялық және материалдық қана емес, сонымен бірге рухани қажеттіліктерін қанағаттандырады. Бұған орайда қоршаған ортаның сапасын алуан-түрлілік және эстетикалық байлық сияқты өлшемдерге жауап беруі қажет. Құрылымдық функционалдық тұрғыдан алып қарағанда қоршаған орта экологиялық орнықтылық (экологиялық құрамдастардың балансы), табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы сияқты өлшемдерге сәйкес келуге тиіс.
Сонымен, қоршаған орта сапасының өлшемдеріне:
- қоршаған ортаның тазалығы (ластанбағандығы) ;
- табиға ресурстардың сыйымдылығы (бітпеушілігі) және табиғи ресурстардың өндірушілік қабілеті;
- алуан түрлілік және эстетикалық байлық;
- экологиялық орталық және табиғи экологиялық байланыстардың сақталуы жатады.
Бұл қоршаған орта келтірілетін зиянның құрылымына не әлеуметтік-мәдени, не экономикалық, не биологиялық аспектілердің барын білдіреді. Сондай-ақ олардың жалғаса пайда болуы мүмкін. Экологиялық тепе-теңдіктің жоғалуына әкеп соқтыратын, табиғи экологиялық байланыстардың құрылымдық-функционалдық бұзылуы экономикалық және (немесе) биологиялық аспектілердің деңгейіне байланысты.
Бұл орайда, жоғарыда аталған аспектілердің кез келгені жалпы қоғам үшін және жекелеген табиғат пайдаланушы үшін міндетті түрде жағымсыз материалдық салдарға әкеп соқтыратынын атап көрсеткен жөн, ал ол табиғи объектілерді қайта өңдеуге және жақсартуға бұрын жұмсалған қаражаттарды, көзделген табысты жоғалтуға, оны қалпына келтіру үшін шығындануға мәжбүр етеді. Сондықтан біз А. Хаджиевтің экологиялық зиян келтірген кезде оның сырының міндетті түрде жағымсыз экономикалық салдардың ере жүретіні туралы пікірін толық қуаттаймыз[8, 18б. ] . Алайда, біз оның табиғатқа келтірілген экономикалық зиянның экологиялық зардаптар келтіре алмайтыны туралы тұжырымына келісе алмаймыз.
Мысалы, аулауға рұқсат етілген жануарлар, құстар, балықтардың табиғи ортасында оларды заңсыз аулаудың салдарынан келтірілген зиянның экологиялық өлшемдері жоқ. Мұндай әрекеттердің заңсыздығы тиісті рұқсат қағаздарының болмауында, сондықтан бұл жерде жағымсыз экологиялық салдардың пайда болуы туралы айтуға ешқандай негіз жоқ. Ірі атылған броконьерлік оқ болашақта биосфераның өзгеруіне әкеп соғады десек, шындыққа қарсы шығамыз.
Сондықтан табиғи ресурстар санының азаюына әкеп соқтырған (отауға және сатуға арналған орман алқаптарының жойылуы, т. с. с. ) нақты зиян олардың жүдеуіне немесе өзге жағымсыз экологиялық салдарға әкеледі деуге болмайды. Мұндайда мемлекетке немесе табиғат пайдаланушыға келтірілген мүліктік зиян туралы айтқан жөн.
Бұл көзқарасты Д. Л. Байдельдинов те қолдайды. Ол табиғатқа келтірілген зиянды екі дербес: экономикалық және экологиялық зиянға ұсынады. “Экономикалық зиян табиғат пайдаланушылардың мүліктік мүддесін қозғайды және заттандыруға келеді. Мұндай зиянның орнын толтыру жалпы азаматтық-құқықтық жауапкершілік негіздер бойынша жүргізіледі. Экологиялық зиян табиғаттың хал-ахуалын қозғайды. Экологиялық зиянның салдарын жою үшін ақшалай төлемдер емес, табиғи объектіні бастапқы қалпына келтіру жөніндегі жұмыстар жүргізілуі қажет”[9, 20б. ] .
Экологиялық зияндға тәні екі белгілер тобын ажыратуға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы белгілер Қазақстан Республбилкасының Азаматтық кодексінің 917-ші бабында көрсетілген - жеке адамға зиян келтіру жән мүлікке зиян келтіру[10] .
Бұл жалпы белгілер экологиялық зиянға тән деп айтуға болады. Б. В. Ерофеевтің оқу құралында бұл белгілер «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңның 79-шы бабына сілтеме жасаған[7, 72б. ] . Біздің экологиялық кодексімізде экологиялық зиян белгілеріне бұндай сілтемелер жоқ.
Арнайы белгілерге экологиялық заңнама нормаларымен реттелетін белгілерді жатқызуға болады. Олар «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Заңда, Экологиялық кодексте, Су кодексінде, Орман кодексінде және т. б. заңнамаларда белгіленген [11, 70б. ] . Сонымен қатар бұл объектілерге келтірілетін зянның өтемақысы да азаматтық құқық нормаларымен реттеледі, зиян келтіруші адам толық өтеуге тиіс деуге болады [12] .
Бізде қоршаған орта шексіз болғандықтан, экологиялық зиянның түрлері де әртүрлі болады.
Оның көрінісі табиғи ресурстардың таусылуында, олардың сарқылуында, табиғи объектілер арасындағы экологиялық байланыстың үзілуінде, қоршаған ортаның табиғи элементтерінің түрлік қатынасының бұзылуында көрінеді.
Сонымен бірге экологиялық құқық бұзушылықтардың әртүрлігіне қарамастан оларды топтастыруға болады:
- табиғи ресурстық экологиялық зиян. Мұнда зиян табиғи объектілерге келеді, әсіресе экономикалық маңызды жақтарына.
Бұлар үшін жауапкершілік арнайы табиғи ресурстық заңдарда көрсетілен. Оларды төменде қарастырамыз.
- гуманитарлық экологиялық зиян - қоршаған ортаның негізгі объектісі болып табылатын - адамға келтірілетін зиян.
Гуманитарлық зиян адам денсаулығына зиянды ықпал етумен, оған физикалық және моральдық зиян келтірумен, адам және азаматтың экологиялық құқықтарын кемсітумен ерекшеленді. Мысалы, арнайы емдеу-демалыс орындарында экологиялық жағдайды бұзу адамның демалуға және емделуге құқықтарын бұзады.
- Мүліктік экологиялық зиян. Мұнда жәбір шеккен объектілер органикалық емес тұрғыда болады. Мысалы, шахтадағы жарылыстан тау құрылыстарының құртылуы, селден гидротехникалық құрылғылардың бұзылуы.
С. Д. Бекишеваның «Экологическое право» атты еңбегінде қоршаған ортаға зиян келесі неіздерде айқындалған:
- қоршаған ораны ластау арқылы
- қоршаған ортаны қалдықтармен ластау
- табиғи ресурстардың сарқылуы
- табиғи объектілерді құрту, жою, зақымдау
- экологиялық жүйелерді бұзу[13, 100б. ] .
Сонымен қатар экологиялық зиян органикалық негіздегі мүліктік объектілерге де келтірілуі мүмкін. Мысалы, ауылшаруашылық дақылдарының жемісін таптау, жем болуы, сиырлар мен басқа да малдарды қасқырлардың, аюлардың жеп кетуі.
Тәжірибеде бұл үш түр тығыз байланыста болады, оларды басқа мүліктік зияннан айыру мүмкін емес болады. Мысалы, бидай өнімін жинау кезінде өртке қарсы ережелерді сақатамау садарына басқа орман учаскесі жанып кетуі экологиялық зиян мен қатар мүліктік зиянда келтіріп отыр.
Сонымен, экологиялық зиян үш түрде көрініс табады: табиғи ресурстық, гуманитарлық, мүліктік.
Қоршаған ортаның қандайда болмасын жекелеген құрамына жағымсыз әсер оның жалпы жай-күйінің әсер ететіндіктен жеке табиғи объектілерге зиян келтіру туралы тікелей айтылмайды. Сондықтан табиғи объектіге келтірілген зиян қоршаған ортаға келтірілген зиянның түрі болып табылады.
Экологиялық зиянның ерекшеліктерінің анық көрінетініне ғалымдардың барлығы ортақ.
Біріншіден, жағымсыз антропогендік әсер көбіне нақты табиғи объектіне тікелей зиян келтіріп қана қоймай, онымен байланысты басқа да объектілерге немесе жалпы қоршаған ортаға зиян келтіреді. Бұл бұзылған жойылған объектінің барлық табиғат жүйесімен экологиялық байланыстардың жойылуына әкеп соқтырады.
Табиғи-ғылыми тұрғыдан табиғат орта қолдан өзгертілген кез келген жағдайда жасанды өзгерісті немесе жаңа табиғи жүйелерді жоюға бағытталған, бір-біріне тізілген табиғи реакциялар пайда болады.
Сонымен, қоршаған ортаға элементтерінің өзара байланысына және өзара тәуелділігіне негізделген зиянды салдар “тізбекшісінің” туындау мүмкіндігі - экологиялық зиянның ерекшелігі болып табылады.
Екіншіден, зиянды салдардың барлығы бірден біліне бермейді, олардың көбі потенциялды сипатта.
Үшіншіден, экологиялық зиянның маңызды бір ерекшелігі - оны экономикалық тұрғыдан бағалау үшін алдымен жағымсыз антропогендік әсер салдарының көлемін анықтау қажет. Сондықтан, тап сол кезеңдегі ғылыми-техникалық мүмкіндіктерге сәйкес анықталып, көлемі белгіленген жағымсыз өзгерістерді ғана экологиялық зиян деп тануға болады.
Төртіншіден, экологиялық зиянның пайда болуының ерекше нысандары бар. Олар туралы төменде айтылады.
Экологиялық зиянның пайда болу нысандары алуан түрлі.
Ол адам мекендеген қоршаған табиғи ортадағы сан мен сапалық шығындар арқылы байқалады. Қоршаған ортаның немесе оның жеке объектілерінің ластануы; олардың бұзылуы немесе жойылуы (яғни, олардың сан немесе сапалық жағынан ішінара немесе толық жарамсыз болуы) ; ортаның тозуы және оның компонентері арасындағы экологиялық байланыстардың бұзылуы (табиғи объектілер және жалпы қоршаған орта қызметінің азаюы немесе жоғалуы, жойылуы) арқылы байқалады.
Қоршаған ортаны ластаудың негізгі түрлері - физикалық, химиялық, биологиялық ластау[14, 120б. ] .
Физикалық ластау қоршаған ортаның физикалық өлшемдерінің температуралық-энергетикалық (жылумен ластау), толқынды (жарық, шу, электромагнитті ластау) өзгерістерімен байланысты.
Жылумен ластау - температураның табиғи деңгейден кезен-кезенімен немесе ұзақ мерзімге көтерілуі.
Жарықпен ластау - өсімдіктер мен жануарлар өміріндегі құбылыстарға әкеп соқтыруы мүмкін жасанды жарық көздерінің әсері нәтижесінде мекендердегі табиғи жарықтың бұзылуы.
Шумен ластау - көлік, өнеркәсіптік құрылыстар, тұрмыстық құралдар жұмысының нәтижесінде және т. б. себептерден табиғи шу деңгейінен асу және шу сипаттамаларының (дыбыс мерзімділігінің, күшінің қалыптан тыс өзгеруі. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz