Баспасөз және сын


ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырыбы: Баспасөз және сын
Орындаған: Тлеукенова Ақбота
Тексерген: Алиева Жанат Абилжановна
Жоспар
I Кіріспе
II Негізгі бөлім
2. 1 Баспасөз және сын
2. 2 Қазақ әдеби сыныны мен баспасөзінің зерттелу тарихы
III Қорытынды
IV Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Әдебиеттану ғылымы құрамдас негізгі үш бөлімнен тұрады: әдебиеттің теориясы, әдебиеттің тарихы және әдебиеттің сыны. Алғашқы екеуі біршама зерттелінген де әдеби сынның теориялық, методикалық жақтарына онша көңіл бөлінбей келеді. Соның салдарынан «Әдеби сын дегеніміз не?» деген сауалға әртүрлі жауаптар беріліп жүр. Л. Н. Толстой, Ю. Н. Тынянов, А. В. Луначарский, Л. Н. Новиченко, Б. Бурсов, т. б. әдеби сынды көркем әдебиетке жатқызады. Л. Н. Толстой «Сыншылар дегеніміз жазушы боламын деп талап қылып, жолы болмағандар» дейді. Ал Ю. Н. Тынянов «Сынның өзі әдеби жанр ретінде сезінгінде», «әдебиеттің бағытын ұстағанда» барып оқырманның да, қаламгердің де кәдесіне жарай алады деп жазады. Ол өзінің осы пікірін Карамзин, Пушкин туралы жазған тарихи роман-зерттеулері арқылы дәлелдегендей де болды. А. В. Луначарский сыншы көркемдіктің заңдылықтарына сүйене отырып, образдар әлемінде әрекет ететіндіктен де оның суреткер болуы керек деп біледі. А. Б. Бурсов сынның көркем әдебиет екендігін дәлелдеп, бір кітап жазды. Бұл пікірді жақтаушылар әдеби сын көркем әдебиет бар жерде ғана өмір сүретін, әдебиеттің өзін-өзі танып отыратын құралы, яғни ажырамас құрамды бір бөлігі екенін алға тартады. Сын мақалалардың негізгі кемшілігі деп, олардың көркем тілмен жазыла бермейтіндігін, сол себептен де оқырманның жүрегіне жол таба алмай жататындығын айтады. Қазақтың Т. Кәкішев, С. Қирабаев, Ш. Елеукенов, С. Әшімбаев, Т. Тоқбергенов, т. б. әдебиет зертеушілері де осы пікір жағында.
2. 1 Баспасөз және сын
Әдеби сынның даму арнасы - баспасөз. Баспасөз- мерзімді және мерзімсіз басылымдардың жиынтық атауы. Баспасөз - халық арасында әр түрлі ақпараттар тарата отырып, қоғамдық пікір қалыптастыруға, саяси жұмыстар жүргізуге, мемлекеттің, әлеуметтік топтардың не жекелеген тұлғалардың мүдделі мұраттарын танытуға қызмет етеді. Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде жарты жылда бір рет шығарылатын газет, журнал, альманах, бюллетень, олардың қосымшасы жатады. Олар шығармалық-өндірістік процестердің ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына, әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының сипатына, т. б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі.
Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі - газет. Қағаз өндірісінің дамып, полиграфиялық технологияның бастапқы тәсілдерінің жетілдірілуіне байланысты Батыс Еуропада (Германияда - 1609 жылы, Ұлыбританияда - 1622 жылы, Францияда - 1631 жылы) алғашқы газеттер шыға бастады. Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімдік басылым - 1870 жылы Ташкент қаласында жарық көрген “Түркістан уәлаятының газеті”. Бұл басылым қазақ даласында Ресей империясының отарлаушылық саясатын жүргізудің құралы ретінде дүниеге келгенімен, ұлттың Баспасөзін қалыптастырып, зиялы қауымның азаттық идеяларын бұқараға жеткізуде Баспасөздің маңызы зор екендігін түсінуіне ықпал етті. Мерзімді баспасөзге жататын журналдар, альманахтар мен бюллетендер шығу мерзімділігіне, көлемі мен безендірілуіне газеттен ерекшеленіп тұрады (қара Газет, Журнал, Альманах) .
Баспасөздің екінші түрі - мерзімсіз басылымдарға кітаптар, кітапшалар, плакаттар, күнтізбелер, ноталар, т. б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне түрі - кітап. Кітап басу ісі 8-9 ғасырларда Қытайда басталды. Алғаш рет ксилографиялық (ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің “Жақұт сутра” (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді) . Қазақ тіліндегі алғашқы кітап - “Сейфүл-мәлік” қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап) . Қазіргі кезде Қазақстанда 1200-ден астам газет-журналдар, апталықтар жарық көреді. Сондай-ақ, әр түрлі меншік нысанындағы 260-тан астам баспадан мыңдаған таралыммен кітаптар, буклеттер мен плакаттар, т. б. шығады. Республикадағы Баспасөз жүйесінің қызметі ҚР-ның “Бұқаралық ақпарат құралдары туралы” заңымен (1999, 23 шілде) реттеледі.
Әдеби сын көркем шығармаға эстетикалық баға беріп, бейнеленген өмір шындығының көркемдік шындыққа қалайша айналғандығын саралайды, оның мән-маңызын түсіндіреді, әдеби өмірдің бүгінгі ерекшелігін айқындап, бағыт сілтейді. Әдеби сынының әдебиет тарихынан бір айырмашылығы ол - бүгінгі шығармаларды талдап, оларға қазіргі кезең талаптары тұрғысынан баға береді. Әдеби шығарманы оқыған адам ол жөнінде өз пікірін, көзқарасын білдіре отыра алмайды. Әдеби сын - оқушыға тура жол көрсететін ақылшы. Сын көне заманда туғанымен, ол көп уақыт авторлардың көркем шығарманы ұнатуы немесе ұнатпауы дәрежесінен аса алмаған. Әдебиеттің жанрлары жіктеліп, өркен жая бастаған сайын Әдеби сынының мақсаты мен міндеті де күшейе түскен. Сыншылдық ой-пікірдің туу, өркендеу тарихы әр кезеңде, әр әдебиетте әр қилы болды. Пушкинге дейінгі орыс Әдеби сыны шығарманың ұнаған, ұнамағын айтудан ара-тұра әсемдік сипатын немесе кемшілік кінәратын көрсетуден әріге бармады. Ұлы сыншы Белинский тұсында көркем шығарманың тұтас бітім-болмысына, ой мен образдың бірлігіне, жазушыдың өмір шындығына, заманға көзқарасына назар аударылды. Добролюбов «шыншыл сынды» уағыздағанда, сынның принциптік сиапты айқындала түсті.
Маркстік-лениндік принциптерін дамыту, орнықтыру барысында субьективтік сынмен де, нормативтік, яғни бір қалыптан шықпайтын догматикалық сынмен де күресуге тура келді. Совет әдеби сынының қалыптасу барысында көркем әдебиеттің әлеуметтік мәнін түсінбеген, оның қоғамдық, өзгертімпаздық сипатын танымаған, шығармашылық бостандықтың сырын ұқпаған, түр мен мазмұнның арасындағы диалектік байланыстың құпиясына көз салмаған сектанттықты, «әдебиет автономиялығын» уағыздаған, «өнер - өнер үшін» немесе «өнер - саясаттың құлы» деген теорияларға сүйеген дарындар мен топтардың бәріне қарсы күрес жүргізуге тура келді. Совет әдебиеті адамзаттың көркемдік дамуындағы жаңа бір қадамы болып, ең революцияшыл, ең оздық әдебиетке айналды.
2. 2 Қазақ әдеби сыны мен баспасөзінің зерттелу тарихы
Сын, сын тарихы және оны дәуірлеу мәселелері қазақ ғалымдары тарапынан біршама қарастырылған. Ол негізінен, қазақ әдебиеті тарихын дәуірлеуге қатысты айтылған. Алайда бұл салада жүйелі зерттеулер мен өз бағыты айқындалған ізденістер бірден көріне қоймады. Бұл бір жағынан заңды да. Себебі кәсіби сынның қанаты қатайып, қалыптасып, кемелденбей жатып, оның тарихын дәуірлеу мәселесінің көтерілмейтіндігі, көтерілген күнде де нақты шешімін таба алмайтындығы мәлім. Ал қазақ әдеби сынының алғашқы нышандары сонау ауыз әдебиетінде көрініс бергенімен, шын мәніндегі сынның жалпы жұртшылыққа жол тартуы мерзімді баспасөзге байланысты болды. Осы кезеңде сынның жанрлық тұрғыдан жіктелу, кәсіби сипатының анықталуы, кәсіби сыншылардың бой көрсету процесі жүріп, шыңдап қалыптасып дамуға бет бұрды. Көркем әдебиеттің асылы мен жасығын таразылар, адал бағасын берер сыншылар пайда бола бастады.
Бұл орайда ақын-жазушы, қаламгерлеріміздің кәсіби сынның өрісін кеңейтуге қосқан үлесі ерекше. Әрине мұнда ауыз толтырып айтар ардақты есімдер қатарында А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Торайғыров, М. Дулатов, С. Сейфуллин, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, М. Жолдыбаев, Е. Бекенов, Ғ. Тоғжанов, М. Әуезов, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Қаратаев, Қ. Жұмалиев, Е. Ысмайылов және т. б. сап түзейтіндігі белгілі. Бұлардың әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының қалыптасуына қосқан үлестері мол. Алайда сол кезеңдегі сынға, сын тарихына қатысты айтылған ой-пікірлердің көпшілігі кеңестік идеология талап-тілегімен жымдаса беріліп жатты. Солай бола тұрса да, олардың ішінде осы кезге дейін де өз маңызын жоймаған құнды ойлар бар. Бұл кезде сын және зерттеу мақалаларда маркстік-лениндік әдіснама талаптарына сай социалистік реализм көбірек сөз болды.
30-жылдары әдебиет сыны саласында аянбай еңбек еткендердің бірі сыншы Е. Ысмайыловтың, Қазақстан Жазушылар Одағының 1937 жылы мамыр айында сын туралы арнайы пленумы өтті. М. Қаратаевтың “Қазақ әдебиетіндегі сынның міндеттері” деген баяндамасы, 1939 жылы маусым айында өткен Қазақстан жазушыларының ІІ съезінде жазушы Ғ. Мүсірепов сынның жай-күйі туралы баяндамасы және М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдары ерекше әдеби сын тарихында орын алады.
М. Әуезов әдебиеттану ғылымы, әдебиет сыны, әдебиет тарихы жайында мынадай ой тұжырымдарын ұсынады: “Қазақ халқының мәдениет тарихында әдебиеттану ғылымының тарихы әзір қысқа. Бұл жас ғылым. Ол әдебиеттік сын. “Қазақ әдебиетінің теориясы”, “Қазақ әдебиетінің тарихы” деген салаларға бөлініп, енді ғана дамып келеді. Қазақтағы әдебиеттану ғылымы құралғанда, ол өзінің алғаш туысымен, бүгінгі жеткен сатысымен, барлық бас-аяғын жинағанда - түгелімен, толық мағынасында, социалистік Ұлы Октябрь революциясының жемісі болады. Октябрьден бұрынғы қазақ тарихында біз бұл жөнінде, “өскен ғылым” дерлік мардымды мұралар алғанымыз жоқ.
Сынның тарихына және бүгінгі мәселелеріне қатысты ойлар “Қазақ әдебиеті” газеті жарық көргеннен кейін молайып, ақын-жазушылар, сыншылар арасындағы пікірталасты қыздырып жіберді. С. Мұқанов “қазақ сыны Шоқаннан басталады” деген пікір айтты. Ғ. Мүсірепов сынның үш түрін бөліп көрсетті.
Бұдан кейінгі кезеңдерде де бұл мәселе ұдайы көтеріліп, қазақ әдебиет сынының туу, қалыптасуы туралы ғалым-сыншыларымыз әртүрлі пікірлерді ортаға салған. М. Қаратаев “Қазақ әдебиетінде сынның белгілі орын алуға ұмтылуы тек кеңес өкіметі тұсында, айналасы осы 10-15 жылдың ішінде. Қазанға дейін бізде сын атаулының болмауы тіпті заңды нәрсе” - десе, ғалым Е. Ысмайылов “Біздегі әдебиет сыны мен әдебиет тану ғылымы тек совет дәуірінің жемісі, бұрын сыншылдық, әдебиетшілік дәстүрі мүлде жоқ, тыңнан туып жасалған” - деп тар шеңберден шыр айналып, тереңнен қазбаған. Оған белгілі дәрежеде үстем көзқарас, яғни орыс елінің тарихынан асып түсер, ерте пайда болар құбылыстар болмауы керек дегенді қызыл сөзбен тұмшалаудың салдары себепші болғанын жоққа шығармау керек. Алайда 60-жылдардағы “жылымықта” жаңаша толғаулар айтыла бастады. Соның нәтижесінде ғалым Т. Кәкішұлы сынның қайнар көзі ауыз әдебиетінде жатқанын айтып, оның қанаттануын Шоқаннан, Ыбырайдан, Абайдан таратқан. “Оянған ойға кең өріс” еңбегінде әдебиет сынының қалыптасып, дамуы баспасөз арқылы жүзеге асатынын дәлелдеп көрсетеді. Өйткені халықтың әлеуметтік жағдайы, көкейтесті мәселелері, арман-тілегі, мұң-мұқтажы халық өмірінің айнасы болып табылатын - баспасөз арқылы көрініс беретінін дәлелдей бастады.
Бірқатар жас сыншылардың сын кітаптары жарық көрді. К. Керейқұлов, Қ. Ергөбеков, А. Нағметов, Т. Мәмесейітов, Б. Майтанов, Б. Ыбырайымов, Б. Сарбалаев т. б. өз кітаптарын соңғы жылдардағы әдеби процесті қарастыруға арнай отырып, ондағы жанрлардың баюын, тақырыптық өрісінің кеңеюін, көркемдік ізденістердің молаюын талдап көрсетуде білімділік танытты.
Бұлардан басқа өздерінің күнделікті баспасөз бетіндегі сын мақалаларымен әдеби сынымыздың дамуы мен тереңдеуіне ойлы пікір қосып жүрген авторлардың саны да көбейді. Олардың қатарында Ш. Елеукенов, З. Серікқалиев, Х. Садықов, С. Жұмабеков т. б. есімдерін атау орынды. Бұлардың бәрі де қазақ әдебиеттану ғылымының бар саласында жемісті еңбек етіп жүрген - сыншы-ғалымдар.
Қазақ баспасөзінің тарихына үңілер болсақ, ол ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей империясы қазақ жерін толық жаулап алғаннан кейін, бұл аймақта өз саясатын орнықтырып, насихаттау мақсатында газет ашты.
Қазақ тіліндегі алғашқы жарық көрген баспасөзге “Түркістан уалаятының газеті”(1870-1883ж. ) мен “Дала уалаятының газеті” (1888-1902 ж. ) жатады.
Бұл газеттер Ресей үкіметі қойған міндеттер мен мақсаттарға, оның отаршылдық саясатын жүзеге асыруға, қызмет еткеніне, сонымен қатар, қазақтың әлеуметтік, шаруашылық және мәдени өмірінің мәселелерін көтеруде едәуір рөл атқарды.
Қазақстанда Қазақ төңкерісіне дейін жарық көрген журналдар мен газеттер мыналар еді; “Түркістан уалаятының газеті”, “Дала уалаятының газеті”, “Серке”, “Қазақ газеті”, “Дала”, “Қазақстан”, “Ешім даласы”, “Қазақ”, “Алаш”, “Бірлік туы”, “Сарыарқа”, “Ұран”, “Үш жүз”, “Тіршілік”, “Айқап’ және” Садақ” қолжазба журналы.
ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың тарихындағы өте бір қиын кезеңдердің біріне жатады. Осы жылдары қазақ жерін отарлау аса қарқынмен жүргізіліп, 1906-жыл мен 1916-жыл аралығында қазақтардан 17 миллион десятина жер тартып алынды. Тартып алынған жерлерге Ресей империясының орталық аудандарынан келген орыс мұжықтары орналастырылды. Халқымыздың жерден айрылуы, ешқандай құқығының болмауы, алым-салықтың көптігі олардың тұрмыс тіршілігін адам төзгісіз жағдайға алып келді. Осындай кезеңде халқымыздың көрнекті қайраткерлері Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Жақып Ақбаев және тағы басқалар халқымызды басына төнген қиындықтан алып шығу жолында әрекеттер жасады, сол жолда тер төкті.
Олар қазақ жерін тартып алуды, орыс шаруаларын Қазақстанға қоныс аудартуды тоқтатуды талап етті. Ресей империясының жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкерелеп, өздерінің шығармаларының өзекті тақырыптарына айналдырды.
Міржақып Дулатов 1907 жылы “Серке” газетінде жарияланған “Біздің мақсатымыз” деген мақаласында былай деп жазды: “Ең алдымен, қазақ халқы Россияға тәуелді халық . . . Оның ешқандай құқығының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті де керек емес нәрселерге жұмсалады . . . Өздеріңіз көз жазбай байқап отырғандай, чиновниктер, урядниктер кедей қазақтарды ұрып соғып, мал- мүлкін тартып, ойына не келсе соны істеді. Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдет- ғұрпымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселесіне де араласа бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды . . . ”
Сонымен қатар олар саяси күресте және халқымыздың мәдени рухани өміріндегі баспасөздің рөлін айқын түсініп, бірнеше газеттер мен журналдарды шығарды. Қазақ тіліндегі ұлттық бағыттағы газеттер 1907 жылдан бастап шыққан “Серке” мен “Қазақ газеті” болып табылады.
Ахмет Байтұрсынов: “Газет - халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек . . . жұртым деп халықтың арын арлап, зарын зарлап, халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын корғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шоқытпасқа тырысады”- гезеттің қоғамдағы атқарар жүгіне үлкен мән бергендігін көрсетеді.
ХХ ғасырдың бас кезінде шыққан газеттер мен журналдардың ішіндегі қазақ баспасөзі тарихындағы, ерекше орын алатын “Айқап” журналы мен “Қазақ” газеті еді. “Айқап “журналы 1911-1915 жылдар аралығында Троицк қаласында шыққан. Журналды шығарушы - қазақтың тұңғыш журналисі, ақын, ағартушы әрі жазушы Мұхаметжан Сералин болатын.
“Айқап” журналы өзінің бетінде, негізінен, халқымыздың мәдени рухани, оқу ағарту, ана тілі, қазақ әйелдерінің бостандығы, теңдігі, саяси әлеуметтік мәселелер сияқты тақырыптарды кеңінен көтерді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz