ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ТАҚЫРЫБЫ: «ҚР ЭТНИКААРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕЛУІ»

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

1 ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ . . . 10-41

  1. Этникалық құбылыс пен этникааралық интеграцияның түсінігі және мәні . . . 10
  2. Этникалық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық негіздері . . . 26

2 ҚР ЭТНИКААРАЛЫҚ ИНТЕГРАЦИЯНЫҢ ДАМЫТУШЫ БЕЛГІЛЕРІ . . . 42-60

2. 1 Біртұтас мемлекеттегі этникааралық интеграцияның негізгі ерекшеліктері . . . 42

2. 2 Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграцияны нығайтушы факторлар . . . 47

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 61

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Зерттеу барысында этникааралық интеграцияның құқықтық негіздерінен басқа, жалпы этникалық қатынастарды мемлекеттік, құқықтық реттеу мәселелері де қарастырылады. Өйткені, Қазақстан Республикасындағы ішкі интеграциялық процестерді құқықтық қамтамасыз ету мәселесін этникалық қатынастарды құқықтық реттеудің негізгі сұрақтарын қарастырмай шешу мүмкін емес.

Қазақ даласы басынан өткерген түрлі тарихи кезеңдер әуелден қазақ ұлты мекендеген осынау кеңістіктің этникалық құрылымына да елеулі өзгерістер алып келгені мәлім. Сырттан әсер ету факторымен қазақ даласы көпэтникалық қоғамға айналды. Бұған кейін мемлекеттік тұрғыда «ортақ тарихи тағдыр» деген баға берілген болатын. Бүгін Қазақстан Республикасы ерекше, көп этникалық қоғам болып табылады. Қазақстанды 100-ден астам түрлі этникалық топтар мекендейді. Бұл, күрделі әрі жан-жақты әлеуметтік қатынастар - этникалық қатынастардың туындауының басты себебі болып табылады. Өз кезегінде басқа қоғамдық әлеуметтік қатынастар сияқты этникалық қатынастар да құқықтық реттеуді қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты - Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастардың құқықтық реттелуін қарастыра келе, оның негізгі бағыты ретінде этникааралық интеграцияның құқықтық негіздерін саралау, тиісінше, этникааралық интеграция процесінің қалыпты дамуын және Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірлікті бүгінгі заман талабына сай сақтау, сонымен қатар оған төнген қатерлерден қорғау мәселесін қарастыру және осылардың негізінде Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграция процесін жетілдіруге, нығайтуға байланысты тұжырымдар жасау болып табылады.

Жұмыстың зерттеу нысаны Қазіргі кездегі әлемдегі этникалық процестерге жалпы зерттеу нысаны тәуелсіз мемлекеттердегі, сондай-ақ әлемдегі этникалық процестердің дамытуы бірқатар ерекшеліктерге ие болып отырғанын байқаймыз. Бүгінгі күні жаһандану мен халықаралық интеграциялық процестердің, сондай-ақ этникалықтың қарқынды дамуының әсерінен әлемдегі, көптеген мемлекеттегі ұлттық бірлік пен ондағы ішкі интеграциялық процестерге қатер төніп отыр. Ең үздік деген этникалық, ұлттық бірліктер мен жоғары интеграциялық даму үлгісі ретінде танылатын мемлекеттік ұйымдардың өзінің ішкі тұтастығына, азаматтық бірегейлігіне нұқсан келуде. Өркениеттік, мәдени көзқарастардың алшақтығы, сондай-ақ этникалық ерекшеліктер бір қоғамда өмір сүруші адамдар арасындағы келіспеушіліктің себебіне айналуда. Осының бәрі Қазақстан жағдайындағы ұлттық бірліктің, ішкі интеграциялық процестердің құқықтық негіздерін бүгінгі күннің талабына лайықты етіп оның дамуына кедергі келтіруі мүмкін факторлардан қорғауды қамтамасыз ететіндей етіп жетілдіру қажеттілігін тудырады.

Зерттеудің пәні. Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастарды реттеудің басты пәні және негізгі бағыты этникааралық интеграцияның дамуын қамтамасыз ету болып табылады. Себебі көпэтникалық қоғамда мемлекеттің біртұтастығының негізі болып табылатын ұлттық бірліктің қалыптасуы және дамуы этникааралық интеграция процесі нәтижесінде жүзеге асады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаган Жолдауында «менің түсінігімше біздің әлемдік рейтингтің кестесінде жоғары бөлімнен орын алған елдер тобына кіруге мүмкіндік беретін басты құралдар мыналардан тұратын болады» дей келе, «біз этникааралық және мәдениетаралық келісім мен Қазақстан халқының бірігу прогресін қамти отырып, қазақ халқының көпғасырлық дәстүрлерін, тілін және мәдениетін сақтаймыз және дамытамыз» [1] деп көрсеткен болатын.

Зерттеу жұмысының алдына мынадай міндеттер қойылған:

а) Этникалық қатынастар мен құқықтық байланыстарды талдай отырып, этникалық мәселелерді мемлекеттік-құқықтық реттеуді теориялық тұрғыда тұжырымдау;

ә) Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық реттеудің негізгі қағидаларын анықтау;

б) Этникалық қатынастардың құқықтық реттелуі тақырыбын халықаралық құқық және адам құқығы тұрғысында талдау;

в) Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастардың реттелуінің негізгі бағыты ретінде этникааралық интеграция процесінің орны мен рөліне сипаттама беру;

г) Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграцияның конституциялық құқықтық негіздеріне талдау жүргізу;

ғ) Қазақстан Республикасындағы этникааралық қатынастарды реттеуге қатысушы институттардың этникааралық интеграциялық процестегі рөліне сипаттама жасау;

д) Қазақстан Республикасындағы ұлттық бірлік пен этникааралық интеграция процесін жетілдіру, нығайту және оның қалыпты дамуын қамтамасыз ету мәселеріне талдау жасау.

Мәселенің зерттелу деңгейі. Көпэтникалық Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастардың өркениетті түрде тиімді реттелуі мен этникааралық интеграцияның жоғары деңгейде дамуы жан-жақты саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуға мүмкіндік беретін қоғамдық тұрақтылық пен қауіпсіздіктің негізі болып табылады, сондай-ақ жоғары деңгейде қалыптасқан ішкі интеграция қоғамды біртұтас саяси ұйым етіп біріктіріп ел азаматтарының толық мағынасындағы «халықтық» біртұтастығының қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Бүгінде Қазақстанда өмір сүріп отырған этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсінікте өмір сүруде. Республика Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуы туралы баяндамасында елдегі этникааралық қатынастарда этникалық топтардың құқықтары Конституция мен негізгі халықаралық құқықтық актілер талаптарына толық сәйкес келетіндігін баяндады. Ал Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі өкіл өзінің 2011 жылғы есебінде «Батыстық либералдық дәстүрлер мен төзімділіктің, конфессияаралық келісімнің өзімізде бар тәжірибенің жиынтығы Қазақстанға өзін айрықша ашық және демократиялық етіп көрсетуіне адамдардың өзін-өзі дамыту үшін, өзінің ішкі бостандығы мен қадір-қасиетін ұғынуына қажетті жағдай туғызуға мүмкіндік жасауда» деп көрсеткен болатын.

Бірақ бұл негізгі көрсеткіш немесе жетер биік емес екені анық. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 2014 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында: «Біз өзіміздің жатсынбас тұрпатымызбен, этносаралық, конфессияаралық татулығымызбен және өзара үндесуімізбен күллі әлемге танымалмыз. Еліміздің өсіп келе жатқан бітімгершілік әлеуеті алдағы уақытта да мұқият сақталып, дамытыла береді» деп көрстекен болатын.

Мәселенің деректік көзі. Қазақстанда этникааралық интеграция немесе ішкі интеграция процесі жүзеге асуда. Елде қазірдің өзінде ішкі интеграцияның алғашқы кезеңдері сәтті өткені байқалады. Соған қарамастан этникалық қатынастарды реттеудің заңдық базасы толық қалыптаспаған. Сондықтан бүгінгі күнгі көптеген мемлекеттердегі этникалық процестердегі өзгерістерді ескере отырып Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграцияның әрі қарай дамуын конституциялық құқықтық қамтамасыз етуге бағытталған этникалық қатынастарды реттейтін құқықтық негіздерді анықтауға айқын қажеттілік туындап отыр.

Еліміздің алдына қойылып отырған демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, зайырлы мемлекет құру барысында және әлемдік қауымдастықта лайықты орынды иелену үшін көпэтникалық қатынастарды және этникааралық интеграцияны реттеудің негіздерін анықтау, сондай-ақ оны құқықтық негіздермен қамтамасыз ету үлкен маңызға ие деп ойлаймыз. Біздіңше, осы орайда еліміздегі этникалық қатынастарды мемлекеттік-құқықтық реттеудің негізгі тетіктері мен құралдарын этникааралық интеграция процесін құқықтық қамтамасыз ету тұрғысында қарастыру және түрлі көпэтникалық елдердің интеграциялық тәжірибесіне сүйене отырып талдау Қазақстан жағдайында өте өзекті мәселе болып табылады.

Әдіснамалық және теориялық негіздері. Зерттеліп отырған тақырыптың әдіснамалық және теориялық негіздерінің маңызы да аса зор. Шетелдерде этникалық қатынастардың құқықтық реттелуі мәселесі әлдеқашан конституциялық құқықтың дәстүрлі тақырыптарының біріне айналған. Ал Қазақстан жағдайында жекелеген ғылыми жұмыстардан басқа этникалық мәселе кешенді түрде арнайы, құқықтану ғылымының зерттеу обьектісіне айналмаған. Біздіңше, Қазақстан Республикасында да этникалық қатынастар мәселесі құқықтану ғылымында өз орнын иеленуі тиіс. Бұл тақырыптың ғылыми теориялық тұрғыдағы маңызын айқындайды деп ойлаймыз.

Этникалық қатынастарды құқықтық реттеу мәселесінің жекелеген тақырыптары немесе кейбір сұрақтары кеңістік кезеңде және одан кейінгі уақыттарда бірнеше заңгер ғалымдардың өзекті еңбектерінің тақырыптарына айналған. Бірақ этникалық мәселенің ерекшелігін ескерсек, Қазақстан жағдайындағы этникалық қатынастардың зерттелуінде, әсіресе оны Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграция тақырыбы аясында қарастырсақ, тәуелсіздік алып дербес мемлекеттің қалыптасуы кезіндегі зерттелуі ерекше маңызға ие.

Зерттеу нәтижелерінің ғылыми әдістері. Сондай-ақ диплом жұмыста зерттеу тақырыбының ерекшелігіне байланысты этникалық қатынастар мәселесі туралы әдебиеттерде кеңінен таралған диалектикалық-прагматикалық ғылыми ойлау әдісі қолданылды, яғни ешбір ұлт пен этникалық топ мүддесін біржақты көздемеу басты назарда ұсталды. Басқаша айтқанда, ғылыми ақпаратты талдауда әлдебір ұлт немесе этникалық топтың мүддесі тұрғысында емес, объективті ақиқатқа жету, жалпы мемлекеттік даму, адам құқықтарының құрметтелуі көзқарасының басым болуы негізгі назарда болды.

Зерттеудің ақпараттық және эмпирикалық негіздерін анықтамалық материалдар, статистикалық мәліметтер, ақпарат құралдарындағы хабарламалар, жекелеген жағдайда сот тәжірибесінен алынған материалдар, сондай-ақ Республикалық мерзімді бұқаралық ақпарат құралдарындағы этникалық мәселелер тақырыбындағы мақалаларға жасалған талдау құрайды.

Сонымен қатар, дипломдық зерттеуде Қазақстан Республикасының заңдары, өзге де бағдарламалық құжаттар, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары мен өзге де баяндамалары және Ұлттық мәдени орталықтардың Жарғылық құжаттары қолданылады. Сондай-ақ шет мемлекеттермен салыстырмалы түрде талдау жүргізу барысында шетелдердің заңдары және этникалық, мәдени тұрғыдағы құқықтарға халықаралық құқықтық талдау жасауда Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының, Еуропалық қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесінің, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының актілері өзге де халықаралық құқықтық актілер қолданылды.

Осы орайда, этникалық қатынастардың жекелеген тақырыбына арналған тәуелсіздік кезеңіндегі алғашқы диссертациялық зерттеу ретінде

С. Ж. Айдарбаевтың «Қазақстандағы этникалық азшылықтың халықаралық құқықтық және мемлекетшілік тұрғыдағы құқықтық статусы» атты еңбегін бөліп айту керек. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы этникалық процестердің мемлекеттік құқықтық ережеленуін саясаттану тұрғысында

Қ. Е. Көшербаевтың (1999 ж. қорғалған) «Қазақстандағы этносаяси процестің ережеленуінің ерекшеліктері» тақырыбындағы саясаттану ғылымы бойынша диссертациясында қарастырылған.

Қазақстан Республикасындағы этникалық мәселені мемлекеттік-құқықтық тұрғыда қарастырып жүрген заңгер ғалымдардың қатарына

К. К. Айтхожинді, М. Т. Баймахановты, А. К. Котовты, Ө. Қ. Қопабаевты,

Ғ. С. Сапарғалиевті жатқызуға болады. Алайда, құқықтану ғылымы саласы бойынша жазылған еңбектердің бірде-бірінде Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастар құбылыс немесе процесс ретінде тұтастай алынып кешенді түрде әлі күнге дейін зерттелмеген.

Оның үстіне, этникалық мәселені құқықтық тұрғыда қарастырған бұрынғы еңбектерде этникалық қатынастар тек саяси-әлеуметтік мәселе ретінде ғана қаралған.

Этникалық қатынастар мәселесін қарастырған заңгерлердің еңбектерінде этникалық құбылыс пен этникалық қатынастардың табиғатына үңіліп, мәнін аша отырып зерттеу жүзеге асырылмаған. Яғни, этникалық мәселені құқықтану тұрғысында талдауда этностану ғылымының тұжырымдарын пайдалану қолға алынбаған.

Соған қарамастан, Қазақстан Республикасындағы этникалық мәселелер мен этникааралық интеграция тақырыбы саясаттану, әлеуметтану ғылымдар салалары тұрғысында өте тыңғылықты деңгейде зерттеліп келе жатыр. Осындай жұмыстарды саясаттанушы, әлеуметтанушы және философ ғалымдар Б. Әбдіғалиевтің, Н. Ж. Байтенованың, С. М. Борбасовтың, В. Д. Курганскаяның, В. Д. Дунаевтың, Қ. Е. Көшербаевтың, Г. В. Малининнің, Ә. Нысанбаевтың,

С. Т. Сейдумановтың, З. К. Шаукеновтың, т. б. еңбектерінен көруге болады.

Сонымен, жалпы осы дипломдық жұмыс этникалық мәселенің мемлекеттік құқықтық тұрғыда зерттелуінің деңгейін, сондай-ақ, этникалық қатынастардың құқықтық реттелуі мен этникааралық интеграцияның құқықтық негіздерін зерттеуді мақсат еткендігін ескерсек, өзінің зерттеу обьектісінің сипаты жағынан да құқықтану ғылымы саласындағы алғашқы кешенді еңбек екендігімен де жаңа бағыттағы зерттеу болып табылады.

Зерттеудің обьектісі. Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастардың мемлекеттік-құқықтық реттелуі, этниаралық интеграция процесінің қазіргі жағдайы мен дамуы болып табылады. Қазақстан Республикасындағы этникалық қатынастармен қатар этникааралық интеграция процесс ретінде кешенді түрде алынып қаралады. Оның мемлекеттік-құқықтық реттелуі, дамуы көпэтникалық шет мемлекеттердің және халықаралық құқықтық тәжірибелердің аясында талданады.

Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздерін этникалық қатынастар мәселесін түрлі ғылым салалары тұрғысынан талдаған ғалымдардың еңбектеріндегі тұжырымдар құрайды.

Оның ішінде заңгер ғалымдар жасаған ғылыми қорытындылардың орны ерекше. Этникалық қатынастардың мемлекеттік-құқықтық тұрғысын жеткілікті түсінуде ашып көрсетуде этникалық-құқықтық мәселелерді мемлекеттік-құқықтық тұрғыда зерттеген Қазақстандық және ғалымдар: Р. Г. Абдулгатипов, С. А. Авакьян, С. Ж. Айдарбаев, К. К. Айтхожин, М. Т. Баймаханов, А. К. Бейн, Н. А. Богданова, А. Ф. Болтенкова, Н. С. Бондарь, Т. А. Василева, О. А. Ганцкая, Ц. М. Годердзвишвили, Джаляль Хдейр Аль-Зубейди, Э. Кисс, М. Г. Кириченко, А. И. Коваленко, А. К. Котов, Н. С. Крылова, Ө. Қ. Қопабаев, Е. А. Лукашева,

К. Нангенгаст, П. А. Оль, Р. А. Ромашов, С. И. Русинова, Б. А. Садурский,

Ғ. С. Сапарғалиев, Е. Е. Тренин, С. В. Чиркин, Ш. З. Уразаев,

И. К. Фазылходжаева, С. С. Юрьев, т. б. еңбектеріндегі тұжырымдарды пайдаландық.

Зерттеу барысында мақсатқа жету үшін жалпы логикалық әдістер (талдау, жүйелеу әдісі және т. б. ), сонымен қатар құқықтану ғылымындағы жапы ғылыми зерттеу әдістері, оның ішінде конституциялық құқықтық зерттеу әдістері: тарихи әдіс, салыстырмалы құқықтық әдіс, т. б. қолданылды.

Осы дипломдық зерттеудің алдына қойған мақсаты мен міндеттеріне қол жеткізу үшін этникалық мәселені құқықтық тұрғыда қарау кезінде неғұрлым дәл ғылыми қорытындыға қол жеткізу ниетімен этностану ғылымының көмегіне жүгінуді жөн көрдік. Яғни, ғылыми зерттеу кезінде құқықтану ғылымы мен этностану ғылымын түйістіре отырып қорытынды жасауға басты назар аударылды.

Осыған орай, зерттеудің ғылыми мазмұнын арттыра түсу мақсатында этникалық қатынастарды жүйелі түрде қарастырып қана қоймай, этникалық құбылыс пен этносаралық қатынастардың табиғи мәнін аша отырып зерттеуге қол жеткізу үшін көптеген этностанушы ғалымдардың ғылыми теориялық еңбектерінің нәтижелеріне назар аудардық.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы . Дипломдық зерттеудің ғылыми жаңалығы осы зерттеу жұмысында Қазақстандағы этникалық қатынастарды құқықтық реттеу және этникааралық интеграция процесін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерінің алғаш рет кешенді түрде зерттелуімен, сондай-ақ осы тақырыптың бүгінгі күнгі әлемдік деңгейдегі жаһандану мен халықаралық интеграция процесінде мемлекеттің ұлттық бірлік сипатын сақтауда өзектілігімен және зерттеуде пайдаланылатын ғылыми зерттеу әдістері кешенінің ерекше құрамымен анықталады. Осы дипломдық жұмыс Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграция (бірігу) процесін құқықтық қамтамасыз ету мәселесін алғаш рет кешенді түрде қарастыру арқылы республикадағы ұлттық бірліктің сақталуы мен интеграциялық процестерді жетілдіру, оның қалыпты дамуына кедергі келтіруші факторлардан қорғау мәселесін мемлекеттік-құқықтық тұрғыда шешуші еңбек ретінде ұсынылады.

Осы ғылыми жұмысты теориялық негіздеу барысында этностану мәселесімен түрлі тұрғыда (этнографиялық, этносоциологиялық, этнофилософиялық, этносаяси, т. б. ) шұғылданған ғалымдар: Б. Абдығалиев,

Р. Абсаттаров, Е. Н. Арынов, Ж. Әлиев, Н. Ж. Байтенова, С. М. Борбасов,

Ю. В. Бромлей, Л. Н. Гумилев, В. Д. Дунаев, В. А. Евтух, Е. О. Ероменко,

Г. Исмуханова, И. Ю. Заринов, К. Е. Көшербаев, В. Д. Курганская,

Р. Қадыржанов, А. Қосубаев, Г. В. Малинин, Н. Э. Масанов, К. Марданов,

Н. И. Новикова, Ә. Нысанбаева, Н. Романова, С. Е. Рыбаков, С. Т. Сейдуманов, С. В. Соколовский, М. М. Сужиков, В. А. Тишков, С. Хантингтон, З. К. Шаукенов, А. Б. Элебаевалардың еңбектеріне де сүйендік.

Ал этникааралық интеграция процесінің өзін терең танып, оның құқықтық негіздерін, қалыпты дамуын, сонымен қатар қазіргі заман талабына сай жетілдіру мәселелерін талдауда ұлттық бірлікті сақтап қалу тақырыбында этникааралық интеграция процесінің түрлі жақтарын зерттеген ғалымдар:

Н. Ж. Байтенова, Джозеф Ротшильд, Карл Дойч, Майкл Шадсон, Патрик. Дж. Бьюкеннен, Юрген Хабермастардың ғылыми тұжырымдарына жүгіндік.

Сонымен қатар, дипломдық зерттеуде мәселеге құқықтық тұрғыда қарау алға қойылған ғылыми зерттеуде пайдаланылған басты теориялық әдістемелік негіздер, мына заңгер ғалымдар: К. К. Айтхожин, С. С. Алексеев,

М. Т. Баймаханов, С. З. Зиманов, А. К. Котов, Ө. Қ. Қопабаев, Б. А. Майлыбаев,

В. Малиновский, А. Матюхин, Р. А. Мюллерсон, М. Ориу, А. М. Осавелюк,

С. Өзбекұлы, Ғ. С. Сапарғалиев, В. Н. Уваров, А. С. Явич, А. А. Черняков,

Н. А. Ушаков, т. б. еңбектеріндегі ғылыми теориялық тұжырымдардан құралады.

Диплом жұмысының құрылымы. Кіріспеден, екі бөлімен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде этникалық қатынастарды құқықтық реттеудің ғылыми негіздері, онда этникалық құбылыс пен этникааралық интеграцияның түсінігі және мәні, этникалық қатынастарды құқықтық реттеудің теориялық негіздері туралы қамтылған, ал екінші бөлім ҚР этникааралық интеграцияның дамытушы белгілері, онда біртұтас мемлекеттегі этникааралық интеграцияның негізгі ерекшеліктері мен Қазақстан Республикасындағы этникааралық интеграцияны нығайтушы факторлар қарастырылды.

1 ЭТНИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУДІҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Этникалық құбылыс пен этникааралық интеграцияның түсінігі және мәні

Этностану ғылымының негізгі аксиомаларының бірі ол - әлемде ешбір этносқа жатпайтын бірде-бір адамның жоқ екендігі. Кез келген адам адамзат қауымына белгілі-бір этнос өкілі ретінде кіреді. Және кез келген адам үшін оның ішкі жан дүниесінде өз этносына деген көзқарас ерекше орынды иеленеді. Біздіңше, осы қасиет этникалық тақырыпты әрқашан өзекті етеді. Бұл өз кезегінде кез келген адам бойында этникалық жанартудың, этникалық құбылыстың бар екендігін дәлелдей түседі. Яғни, әрбір адамда (оның ішкі жан дүниесінде) өз этносының ерекшелігіне сай және соны құрайтын өзіндік этникалық әлемі бар. Басқаша айтқанда, әрбір адамның бойында бар «мен» деген қасиеті этникалық мазмұнға ие. Әрбір адамның бойында әртүрлі бейнеде (идеялық, әлеуметтік, т. б. ) және әртүрлі деңгейде (азаматтық, ұлтшылдық, радикалды ұлтшылдық, т. б. ) кездесетін ажырағысыз құбылыс болып табылатын- этникалық - «ғылымда кеңінен қолданылатын адамдардың мәдени ерекшеленген тобын көрсететін категория» болып табылады.

Кез келген ғылымның өз зерттеу объектісі, өзінің іздеген құпиясы бар десек, этностану ғылымының негізгі зерттеу нысанасы әрбір адамның бойында бар, оның әлеуметтік-табиғи және мәдени кешенін құрайтын этнос әлемінің, этникалық құбылыстың құпиясын іздеу, мәнін ашу, ал қоғамтану тұрғысында алсақ, адамның этникалық белгісінің қоғамдық қатынастардағы орны мен ролін, әсерін анықтау болып табылады [2] .

Осы бөлімде этностану ғылымының тұжырымдарының негізінде этнос, этникалық, этникалық қатынастар және этникалық интеграция ұғымдарының мәнін ашуға, анықтауға басты көңіл бөлінеді. Мұндай анықтау этникалық қатынастарды құқықтық реттеу мәселесін қарастырмас бұрын зерттеу объектісінің әлеуметтік құрамын терең тану қажеттілігінен туындап отыр. Оның үстіне, мемлекеттегі, қоғамдағы қалыпты орныққан этникалықтың, этностың түсінігі этникалық қатынастарды реттеу кезінде маңызды орынды иеленеді.

Сонымен, этностану ғылымы деп - өзінің зерттеу объектісін қандайда болмасын этнос мәселесі немесе этникалық құбылыс құрайтын ғылым салаларының жиынтығын айтамыз (мұнда әрине, «этностану ғылымы» сөз тіркесі шартты атау ретінде қолданылатын болады) . Бұл ғылым салалары әр түрлі бағытта болғанымен, оларды ортақ зерттеу объектісі жақындастырады. Зерттеу объектісі этнос және этникалық құбылыс болып табылатын ғылым салаларын кешенді түрде «этностану ғылымы» деп қарастыру осы бір күрделі әрі жан-жақты құбылысты қоғамтану тұрғысында зерттеуде әдістемелік маңызға ие.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау
Қазіргі әлемдік үрдісті реттеу және жаңа әлемдік саясат
Қазіргі әлемдегі құқықтық жүйелердің жалпы сипаттамасы
Әр түрлі құқықтық жүйедегі құқықтың бастау көздерінің түрлері мен ерекшелігі
Әкімшілік құқық
ӨҢІРДІҢ ƏЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ СИПАТЫ ЖƏНЕ ОЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ МАҢЫЗЫ
Мемлекет және құқық теориясының пәні, әдістері
Жергілікті билік органдары
Құқықтық реттеу механизмінің маңызы
Әлеуметтік нормалардың ішіндегі моральдық нормалардың мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz