НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен мазмұны
5
1.2 Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері
9
1.3 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түрлері: инкорпорация,
консолидация
11
2. КОДИФИКАЦИЯ (СҰРЫПТАУ) ТҮСІНІГІ
2.1 Кодификация ұғымы және оның қолданылуы
16
2.2 Кодификация құрылымы, түрлері
19
ҚОРЫТЫНДЫ
23
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
25

КІРІСПЕ
Менің курстық жұмысымның тақырыбы: Нормативтік құқықтық актілерді
жүйелеу: кодификация түсінігі.
Тақырыптың өзектілігі: Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін
құрайтын нормативтік - құқықтық актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды
ретеп, басқарып отыратын нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді.
Құқықтың басқа негіздері (әдет - ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы
мемлекеттік қатынастарды реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге
қосымша күш ретінде жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде - мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады. Көне дәуірде нормативтік актілер тек мемлекеттік
қатынастарды ретеп, басқарып отырды. Қазіргі кезде әлемдегі барлық
мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды ретеп, басқарудың басым түріне
айналып отыр. Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда,
демократияны дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік
актілер ең шешуші рөл атқарады.
Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік құқықтық
актілер сан жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың
бір-біріне қайшы келуі де немесе қайталануы да, кемшіліктері де молаяды.
Осы сан алуан нормативтік құқықтық актіледен өздеріне керегін тауып алып,
пайдалану, жеке және заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет
қабылдаған нормативтік құқықтық актілер жіктеліп, топтастырып отырылады,
оның әр түрлі әдіс-тәсілдері болады.
Адам құқығы саласында ҚР Конституциясының толықтай халықаралық
құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Адам
қоғамның даму процесінде бір - бірімен байланысты миллиондаған қарым -
қатынастар қалыптасып жатады. Бұл объективті диалектикалық процес. Осы
процесті реттеп - басқару барысында қоғамдағы құқық бірнеше салаға, жүйеге
бөлініп жатады. Қоғамдық қатынастардың объективтік даму процесіне сәйкес
құқықтың құрылымы да, жүйелері де ескіріп, жаңарып, дамып отырады.
Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері
қолданылады: кодификация, инкорпорация, консолидация.
Кондификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өндеуді де қамтиды.
Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге
келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі,
жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң
шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы
ісінің бір түрі болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты- нормативтік құқықтық актілерге түсінік
беру, оның түрлерін қарастыра отырып, маңыздылығы мен мазмұнын ашу болып
табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
– нормативтік-құқықтық актілер мен құқық нормаларын қолдану актілерінің
арақатынасын ажырату;
– нормативтік құқытық актілердің түсінігін ашу және түрлеріне тоқталу;
– нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу және оларды есепке алу
жағдайымен танысу;
– кодификация құрылымына толығырақ мәлімет беру.
1. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
1.1 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түсінігі мен мазмұны

Қоғамдағы құқықтың ең күрделі негізін құрайтын нормативті-құқықтық
актілер. Бұл жүйеге қоғамдағы қатынастарды реттеп, басқарып отыратын
нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың басқа негіздері
(әдет-ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы мемлекеттік қатынастарды
реттеп, басқара алмайды, тек нормативтік актілерге қосымша күш ретінде
жұмыс атқарады.
Нормативтік актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде-мақсатын іске
асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды
реттеп, басқарады.
Дүние жүзінің заң ғылымы құқықтың негіздерін құқықтық нормалардың
мазмұнымен тығыз байланыста реттеп, дамытады. Адам қоғамының тарихи
диалектикалық процесінде нормативтік актілер бірте-бірте, эволюциялық
жолмен құқықтың ең күрделі, ең шешуші негізіне айналады. Көне дәуірде
нормативтік актілер тек мемлекеттік қатынастарды реттесе, қоғамның басқа
салаларындағы қатынастарды әлеуметтік нормалардың басқа түрлері (мораль,
әдет-ғұрып, дәстүр, діни т.б.) басқарып отырды. Кейін нормативтік актілер
сол салалардағы қатынастарды бірте-бірте өзі басқаруға көшті. Қазіргі кезде
әлемдегі барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды реттеп,
басқарудың басым түріне айналып отыр.
Өйткені қоғамда мемлекеттік билікті іске асыруда, демократияны
дамытуда, құқықтық мемлекетті қалыптастыруда нормативтік актілер ең шешуші
рөл атқарады.
Нормативтік-құқықтық актілердің мазмұнының сипаттамасы:
1) Бұл актілерді мемлекеттің билік өкілеттігі бар органдары
қабылдайды. Қабылдаудың заңды тәртібі болады. Оны орындау міндетті.
2) Бұл процесте мемлекеттің егемендігі іске асып отырады. Оның
маңыздылығы қабылданған нормативтік актілерден көруге болады.
3) Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық нормалармен сәйкес, дәлме-
дәл болуға тиісті. Өйткені мемлекеттік органдар акті – деген атпен
әртүрлі мағынада құжаттар шығарып жатады.
4) Нормативтік актілер заңды бөлу үшін міндетті түрде тиісті нысанында
шығарылады. Онда барлық реквизиттері көрсетілуі қажет.
Нормативтік актілердің өмірге келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы
объективтік процесс. Оның негізгі себептері: қоғамның экономикалық
базисының өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық
мүдде-мақсаттарының өзгеруі.
Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік өзгерістерді
қалыптастырады:
– мемлекеттік билік дамып, жаңарады;
– мемлекет пен құқықтың функциялары өзгеріп, нормативтік актілерді
дамытады;
– құқықтыққатынастар прогрестік өзгерісте болады;
– рухани сана-сезім, білім дамиды.
Қоғамдағы осы объективтік және субъективтік өзгерістерді реттеп,
басқару үшін нормативтік актілер үнемі үзіліссіз даму процесінде болады.
Бұл процестің сапалы дамуын қамтамасыз ету үшін:
– құқықтық шығармашылықтың сапасын жақсарту;
– лауазымды тұлғалардың кәсіпқойлығын, білімін, тәжірибесін көтеру;
– мемлекеттік органдардың қызметінің сапасын жақсарту.
Сонымен, нормативтік-құқықтық актілер – ресми заңды нормативті
мемлекетгік күші бар нормалар.
Нормативтік актілер мемлекеттік билікті, саясатты орындайтын, қоғамның
халықтық мүдде-мақсатын іс жүзіне асыратын ең сенімді, шешуші құрал. Оның
құқықтың басқа негіздерінен ерекшелік белгі-нышандары:
– нормативтік актілер мемлекеттің өкілетті органдарының бекіткен немесе
жалпы халықгық референдумда қабылданған нормалар;
– нормативтік актілердің мемлекеттік күші бар құжаттары ерікті
орындалмаса, оны еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;
– нормативтік актілер ресми түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т.б. болып
шығады, олардың заңды нысандары болады;
– нормативтік актілер жалпы қоғамдық, күрделі қатынастарды реттеп,
басқарады.
Нормативтік актілердің түрлері:
– заңды күшіне қарай нормативтік актілер екі топқа бөлінеді: заңдар және
заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің дәрежесі жоғарылаған сайын
нормативтік актілердің де заңды күші жоғарылай береді.
– нормативтік актілердің мазмұнына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына
сәйкес;
– нормативтік актілердің іс-әрекетінің шеңберіне қарай үш түрі болады:
қоғамдық іс-әрекеттер, шектеулі іс-әрекеттер, төтенше іс-әрекеттер;
– субъектілеріне қарай (нормаларды қабылдаған мемлекеттік органдар)
нормативтік актілер үш топқа бөлінеді: заңды шығарушы органдардың
актісі; заңды орындайтын органдардың актілері, сот жүйесінің актілері.
Заң – қазіргі заманда мемлекеттің ең жоғарғы нормативтік актісі. Ол
қоғамдағы ең күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң
қоғамдағы барлық нормалардың Атасы деуге болады. Заңның белгі-нышандары:
– заң парламентте немесе жалпы халықтық референдумда қабылданады;
– заң күрделі, маңызды мәселелер бойынша қабылданады;
– заң арнаулы процедура арқылы қабылданады (ол төрт-бес кезеңнен өтуге
тиісті);
– заңды ешқандай орган тексере, өзгерте алмайды;
– заңқоғамдағы нормалардың кіндігі, атасы.
Заңның үстемдігі арқылы қоғамдағы заңдылық, төртіп қамтамасыз етіледі.
Заң арқылы қоғамның мүдде-мақсаты, мемлекеттік билік, саясат іс жүзіне
асады. Заң арқылы адамдардың бостандығы мен құқықтары, демократияның басқа
да талаптары қалыптасады.
Қазақстан мемлекетінің Парламенті заң шығару қызметін жүзеге асыратын
Республиканың ең жоғарғы өкілді органы (49-б. 1-т.). Парламент аса маңызды
қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды шығаруға хақылы.
Заңға тәуелді нормативтік актілер  төрт түрге бөлінеді: жалпы
қоғамдық, жергілікті, ведомствалық және мекемелік актілер. 
Жалпы қоғамдық актілер – мемлекеттік әкімшілік-территориясына толық
заңды күші бар актілер (Президенттің жарлықтары, Үкіметтің қаулылары).
Жергілікті басқару органының актілері – маслихаттың шешімдері,
әкімдердің бұйрықтары. 
Ведомстволық актілер министрліктердің бұйрықтары, шешімдері,
инструкциялары. Мекемелердің өз аппаратының ішкі тәртібін реттейтін
актілер.
Сот билігінің актілері – Конституцияның 75-бабына сәйкес, Қазақстан
Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі
азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге
асыруға арналған.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты – жалпы юрисдикция соттарының
қарауына жататын азаматтық, қылмыстық және басқа істер жөніндегі
мемлекеттегі сот билігінің жоғарғы органы. Занда көзделген іс жүргізу
нысандарында олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады, сот тәжірибесінің
мәселелері бойынша түсініктемелер беріп отырады (прецеденттік түсінік
береді).
Конституциялық бақылау Қазақстан Республикасында Конституциялық
Кеңестің құзыретінде. Ол маңызды демократиялық институттың бірі болып
саналады, Конституцияның үстінен қарауды және оның тікелей ықпалын
қамтамасыз етуді, азаматтардың жоғарғы деңгейдегі құқықтары мен
бостандықтарын қорғауды, биліктің бөлісу қағидаларын орындауды т.б. жауапты
қызметтерді атқарады.

2. Нормативтік актілерді жүйеге келтіру әдіс-тәсілдері

Қоғамның объективтік даму процесіне сәйкес нормативтік актілер сан
жағынан да, сапа жағынан да күрделі дамып, кейбір нормалардың бір-біріне
қайшы келуі де, қайталануы да, кемшіліктері де молаяды. Осы сан алуан
нормативтік актілерден өздеріне керектерін тауып алып, пайдалану жеке және
заңды тұлғаларға өте қиын мәселе. Сондықтан мемлекет қабылдаған нормативтік
актілер жіктеліп, топтастырып отырылады, оның әр түрлі әдіс-тәсілдері
болады. Ең күрделі түрі: инкорпорация, кодификация, консолидация:
Инкорпорация – нормалардың мазмұнын өзгертпей сала-салаға бөліп,
алфавит бойынша, норманың шыққан уақытына сәйкес жүйеге келтіру. Сол арқылы
нормативтік актілердің жинақтарын шығару.
Нормативтік актілердің ішкі құрылысындағы кемшіліктерді, олқылықтарды,
қайталауды жою жолы оларды біріктіріп, бір күрделі нормативтік актіге
айналдыру қажет. Бұл жолды консолидация деп атайды. Консолидация өзінің
құрамына кірген барлық нормалардың орнындағы біріккен бір акті болып
саналады. Оның өзінің жаңа ресми реквизиттері болады: актінің аты, шығарған
мекеменің аты, уақыты нөмірі, орны. Бұл нормативтік акт құқық
шығармашылықтың бір түрі деуге болады.
Кодификация – нормалардың мазмұнының ұқсастығына қарай жіктеп,
ғылыми тұрғыдан салаға, тарауға, тақырыпқа, баптарға бөліп, құқықтық
нормалардың қолдануын жеңілдету. Бұл процесте нормативтік актілер өте
күрделі жаңа заң шығармашылық көзқарастан өтіп парламентте бекітіледі.
Қоғамдағы нормативтік актілерді жүйеге келтірудің екінші әдісі
– барлық нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау және оларды
пайдалану, қолдану жұмыстарын жеңілдету тәсілі.
Нормативтік актілерді жинақтау, сақтау, бақылау мемлекеттік
органдардың, қоғамдық ұйымдардың, саяси партиялардың, кәсіби одақтың
міндеттері. Олар 10-15 жылдар өздерінде сақтап, мемлекеттік архивке
тапсыруға тиісті. Мемлекеттік архив ол материалдардың бағалы, керекті
құжаттарын, естеліктерді, ғылыми-техникалық, мәдени, білім жетістіктерін
мәңгі сақтауға міндетті. Біразын 50-100 жыл өткеннен кейін актілеп жоюға
болады.
Қоғамдағы барлық нормаларды білу, олар туралы жедел түрде түсінік беру
әр мемлекеттің кезек күттірмейтін міндеті. Бұл істі мемлекет бақылауға
алып, қатаң тәртіп орнатып, құқықтық нормаларға жедел турде түсінік беруді
қамтамасыз етіп отырады. Ол үшін мемлекет барлық заңды күші бар нормаларды
толық есепке алып, жинақтап отырады.
Мемлекеттік есепке алудың әдіс-тәсілдері:
– кітапшылық есепке алу: алфавит, хронологиялық, сала, жүйелік бойынша;
– картотекалық есепке алу: норманың, мекеменің аты-жөні, шығарған жері,
уақыты, нөмірі;
– автоматикалық-механикалық есепке алу: ЭВМ т.б.;
Құқықтық нормалардың басым көпшілігінің орындалуы құқықтық қатынас
арқылы реттеліп жатады. Бұл нормативтік актілерді іске асырудағы, ең
көлемді, ең күрделі түрі. Құқықтық іске асырудың әдіс-тәсілдері:
– нормативтік актілердің басым көпшілігінің ерікті түрде орындалуы (бұл
заңның сапалы шығуының және жақсы тәрбиенің, білімнің нәтижесі);
– мемлекеттік аппараттың бақылауы арқылы орындалуы;
– үгіт-насихат арқылы нормалардың іске асуы;
– рухани сана-сезім көтеру арқылы нормалардың орындалуын жақсарту.

1.3 Нормативтік құқықтық актілерді жүйелеудің түрлері: инкорпорация,
консолидация

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу – құқық нормаларын тәртіпке
келтіруге және жүйеге келтіруге және бұл өңдеу оларды біртұтас келісілген
жүйеге келтіруге бағытталған әрекеттер.
Қазіргі кезде нормативтік актілерді жүйелеудің мынадай түрлері
қолданылады: кодификация, инкорпорация, консолидация.
Кодификация – мемлекеттің құқықтық-шығармашылық органдарының жаңа
жинақталған, жүйеленген нормативтік құқықтық актілерді, әрекеттегі заңдарды
терең және жан-жақты өңдеу арқылы құратын әрекеттері.
Кондификация актілерді сырттай, сондай-ақ іштей өндеуді де қамтиды.
Кодификациялаудағы өңдеу ісінің барысында нормативтік актілерді жүйеге
келтірумен қатар, олардың мазмұнына да әжептеуір өзгерістер мен
толықтырулар енгізіледі, ескірген принциптер мен нормалар өзгертіледі,
жойылады. Олардың орнына жаңалары жасалынады. Бұл істі тек мемлекеттің заң
шығарушы органдары ғана жүзеге асырады. Және бұл іс құқық шығармашылығы
ісінің бір түрі болып табылады.
Инкорпорация – жүйелеудің нысаны, бұл процесте әрекеттегі нормативтік
құқықтық актілер тұтас бір жинаққа бірігеді не белгілі тәртіппен
мазмұндарын өзгертпей жинақ болады (әрекеттегі заңдарды сырттай өңдеу).
Нормативтік құқықтық актілердің инкорпорациясы субъектілеріне
байланысты арнайылыққа және арнайы еместікке бөлінеді.
Арнайы инкорпорация арнайы өкілеттігі бар мемлекеттік органдармен
шығарылады және өзіне тән құқықтың қайнар көзі ретінде қызмет етеді.

Арнайыланған емес дегеніміз – ұйымдар не жекелеген адамдар өздерінің
ынтасымен және өздерінің тәрбиелік мақсаттарымен әрекеттегі нормативтік
актілерді тәртіпке келтіруі. Сондықтан оны өз қызметі үшін пайдаланушылар
үшін міндеттілік сипатта болмайды. Бұл заңдарды сырттай өңдеу, яғни
ведомстволар, ғалымдар және тәжірибешілер қолдануы үшін жасаған әр түрлі
пәндік-тақырыптық заңдардың жинақтарына анықтама шығаруы.
Инкорпорацияның түрлері:
– ресми инкорпорация – мемлекеттік органның жасаған жинағы. Бұл жинаққа
сілтеме жасауға болады;
– бейресми инкорпорация – жеке және заңды тұлғалардың жасаған
жинақтары, оған сілтеме жасауға болмайды;
– хронологиялық инкорпорация – норманың қабылданған уақыттарына сәйкес
жүйеге келтіру;
– жүйелік инкорпорация – құқықтың жүйесіне немесе қатынастардың
жүйесіне сәйкес нормаларды жинақтау; бұл маңызды жинақ деуге
болады. Оның ішіндегі ең күрделісі – заңдардың жинағы (свод законов).
Хронологиялық инкорпорация бұл процесте нормативтік құқықтық
актілердің қабылдану тәртібіне байланысты құқық салаларынан тәуелсіз
топтасады (мысалы, мынандай басылымдарды Собрание законодательства РФ,
Собрание актов Президента и Правительства РФ әр түрлі жекелеген министр-
ліктердің және ведомстволардың), жинақтардың ерекше түріне Заңдар жинағы
(Свод законов) жатады.
Пәндік инкорпорация сапалық белгі бойынша нормативтік материалды
топтастыру түрінде жүргізіледі, яғни құқықтық институттар мен мемлекеттік
әрекеттер аясында, т.б.
Басқа жинақтардан заң жинағының ерекшеліктері:
1) Жинақ заң шығарушы органның нұсқауымен жасалып, парламентте
бекітіледі.
2) Жинақтың жасалу процесінде ескірген нормалар алынып, кемшіліктері
болса толықтырылып, жетіспейтін жерлері болса жаңа нормалар
қабылданып, қоғамдағы құқық толығымен жаңарып шығады.
3) Жинаққа қоғамдағы ескірмеген, заңды күші бар нормативтік актілердің
барлығы кіргізіліп, мемлекеттің ең негізгі заңды жинағына айналады.
Мұндай тәжірибе – заңдар жинағын жасау мемлекеттердің көпшілігінде
кездеседі. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы хронологиялық және жүйелік
жинақтар жасау үшін барлық нормативтік актілерді сала-салаға топтастырып,
реттеп, тізім жасап жатыр.
Инкорпорация арқылы нормативтік актілер тек сырттай реквизиттеріне
сәйкес жинақталады. Олардың ішкі мазмұнына инкорпорация тиіспейді,
кемшіліктерін жоя алмайды.
Жүйелеудiң келесі түрi – консолидация (топтастыру), яғни қалыпты
актiлердiң көптiгiн бiр iрiлендiрiлген актiге бiрiктiру. Жаңа iрiленген акт
оған енген қалыпты актiлердi ауыстырады, өйткенi, құқық шығарушы орган оны
жаңадан қабылдап отыр және өзiнiң ресми деректерi: атауы, қабылданған күнi,
нөмiрi әрi лауазымды адамның қолы бар. Былайша айтқанда, топтастыру
мемлекеттiк органдардың құқық шығару қызметiнiң бiр түрiн бiлдiредi.
Соған қарамастан, бұл құқық шығарудың өзгеше тәсiлi. Оның басты
ерекшелiгi – топтастыру кезiнде қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеудiң
мазмұны өзгермейдi. Бұрын қабылданған актiлердiң қалыпты нұсқаулары жаңа
актiге өзгерiссiз бiрiктiрiледi. Олар ең әрi кеткенде редакциялық жөндеуге
түседi: қарама-қайшылықтары, қайталанулар, өздiк-создықтығы жойылады,
мазмұны ұқсас қалыпты нұсқаулар және т.б. бiр тармаққа жинақталады.
Топтастыру шаруашылықты басқару, салық салу, әкiмшiлiк жауапкершiлiк
мәселелерi бойынша қалыпты актiлердi тәртiпке келтiру мақсатында, бiр
сөзбен айтқанда, ондаған, жүздеген шашыраңқы қалыпты нұсқауларды олардың
мазмұнын өзгертпей бiрiктiруге болатын жердiң бәрiнде құқық шығару
қызметiнде пайдаланады.
Консолидация – бiрнеше қалыпты құқықтық актiлердiң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заң актлерін кодификациялау
“ЗАҢДАРДЫ ЖҮЙЕЛЕУ”
Президенттің нормативтік жарлықтары
Кодификация (сұрыптау) және инкорпорация (реттестіру) құқықтық нормаларды жүйеге келтірудің негізгі жолдары
Қүкық шығармашылық процесінің негізгі сатылары (стадиялары)
Жүйелеу және оның түрлері
Құқық шығармашылықтың негізгі қағидалары
Нормативтік актілердің күші
Нормативтік актілерді жіктеу туралы жалпы түсінік
Республикасы Президентінің Конституциялық заң күші бар жарлықтары
Пәндер