Темірбетон құбыры құрылысының мерзімін анықтау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Автомобиль көлігі жергілікті тасмалдаудың ең ыңғайлы түрі. Қазіргі таңда ұзақ шақырымдық жерлерге ауыр жүктер мен жолаушыларды тасымалдауды атқарады. Ал қалған тасымалдау түрлерін автомобиль жолдары атқарады.

Автомобиль жолдары аймақтың экономикалық белсенділік деңгейіне әсерін тигізеді, нарыққа өнімді тасымалдауға мүмкіндік береді.

Жолдар халықтың еңбек етуінің кеңейтіп, ал жолдың болмауы халықтың әлеуметтік дамуына әсер етіп, ауылдық жерлердегі жұмыссыздықты тудырып, халықтың жан-жақты мәдени дамуына әсер етеді.

Автомобиль жолының торабы дамымаған елдерде халықтың әлеуметтік қызметі инфрақұрылымы дамыған елдерге қарағанда 2-3 есе жоғары.

Басқа да көлік түріне қатысты автомобиль жолдарының артықшылығы келесіде:

- біріншіден ол, жүкті бір жерден екінші жерге тасымалдайды;

- екіншіден жедел жеткізетін жүктерді қысқа шақырымдық жерге емес, үлкен шақырымдық жерге де тасымалдау кезінде тиімді;

- үшіншіден халықтың саны аз аудандарда үлкен роль атқарады, өйткені жүкті тасмалдауды қамтамассыз ету мен қатар жолды салу ауылшаруашылықтың барлық аймағын қамту бойынша жұмыстың барлық түрін, жаңа ірі аудандарда құрылыстың жүруіне ықпал етеді

Төртіншіден, бүгінгі таңда экономиканың дамуын кіші кәсіпкерліктің дамуымен байланыстырылады. Егер көліктік -коммуникативтік тораптардың болмауына байланысты кәсіпкерлер өзіне қажетті өнімдерді тасымалдай алмайды соның есебінде кіші кәсіпкерлік кең көлемде дамымайды

Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінен автомобиль көлігінің болашағы зор екенін көреміз. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың дамуы жүк көтерімділігі жоғары автомобильдердің шығуына ықпал етті. Оларды рационалды қолдану жүкті тасымалдауға кететін шығынды төмендетеді. Бірақ тасымалдаудың экономикалық тиімділігі жолдың жағдайына байланысты. Автмобиль жолы қозғалыстың жоғарғы жылдамдығын және өткізу қабілеттілігін қамтамассыз ету керек. Бұл халыққа қажетті кірістің көбеюіне және пайдаланудағы тауарды өндіретін салалардың дамуына әкеледі. Мұның бәрі ұлттың әлеуметтік дамуына әкеледі.

Соңғы он жылдықта Қазақстан Республикасы әлемдік интеграциялық процеске белсенді қатысуда. Сапалы көлікті инфраструктура сервисті қызмет жоғарғы деңгейімен ішкі және транзитті тасымалдау мен жолаушыларды тасымалдауды қамтамасыз ететін экономикалық элементтің шынайы элементі болып табылады.

Қазіргі кездегі автомобиль жолының сапасы автожол саласына жаңа жаңа талаптар қояды. Автомобиль жолы мемлекеттің саяси даму болып табылады.
Онымен қоса ішкі көліктік пайдалану қызметінен басқа жол инфраструктурасы халықаралық транзиттік тасымалдаудағы талаптарды қанағаттандыра отырып, аудан аралық және мемлекет аралық көліктік көпірлердің функциясын атқарады. Қазіргі жағдайда автожолдың инфраструктуралық қызметіне жол саласы өзінің даму жолында пайдаланушылар тарапынан қажет екенін көрсетеді.

Автомобиль көлігіндегі тасымалдау көлемінің өсуі өнім өндіру көлемінің ұлғаюымен, кәсіпкерліктің дамуымен, қызмет көрсетудің кеңеюімен, халықтың тұрмыстың жағдайының дамуымен, қажетті шикізат көздері мен жаңа аймақты игерумен, халықаралық сауда саттықтың кеңеюімен, халықаралық көліктік дәріздері бойынша транзитті тасымалдаудың дамуымен байланысты.

Автомобиль жолдары қызмет көрсету мерзіміндегі инвестициялық және ресурстық қорды қажет ететін актив болып табылады. Дамудың тұрақтылығы мен автомобил жолының саласының тиімділігін көтеру ұзақ мерзхімді дамудың келесі тапсырмаларын шешеді:

- автожол саласының қаржыландыру көлемін сақтау мен оны барлық кешенді жол жұмысчтарын орындау мен күрделі жөндеу мерзімін қадағалауды қажет ететін фактілік қажеттілік;

- Халықаралық стандарт саласындағы сапаны басқаруды толық енгізу;
- жалпы пайдаланудағы тиімділікті көтеру үшін жұмысты өндіру технологиясы мен әдістерін дамыту;

- Саланы ұйымдастырудағы жалпы тиімділік пен қызметкерлердің білктілік деңгейін көтеру;

- автожол саласындағы даму бағдарламасын өңдеудегі жолды пайдаланушылар мен қоғамдық қатысуды көтеру;

- Қазақстан Республикасы территориясы бойынша автожол саласының дамуының ұзақ мерзімдік бағдарламасын құрастыру.

  1. САЛЫНАТЫН АВТОМОБИЛЬ ЖОЛЫНЫҢ ҚЫСҚАША МІНЕЗДЕМЕСІ

Жер төсемесі құрылысы ауданының сипаттамасы.

Климаттық анықтамаларға және СНиП 2. 01. 01-82 “Құрылыстық климаттану және геофизика” сәйкес құрылыс ауданының негізгі климаттық сипаттамалары анықталады:

  1. Климаты

Қала Еуразия құрлығының ішкі бөлігінде, мұхиттардан едәуір алшақтықта орналасқан, осының кесірінен қала климаты шұғыл континенталды болып келеді. Ауа райының шұғыл континенталдығы күн мен түн, қыс пен жаз арасындағы температураның айырмашылығында, Күн радиациясы мен құрғақшылықта көрініс табады.

Қыс мезгілінде қаланың ауа райы Исландия үстіндегі терең циклон (испандық минимум) мен Моңғолия үстіндегі қуатты азиялық антициклонның әсерінде болады. Бұның кесірінен солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа бағытталған үлкен бар градиенттері пайда болады.

Ақтөбедегі орташа жиынтық Күн радиациясы тәулігіне 108 ккал-ға тең, Күн сәулесі көлемінің орташа жылдық көрсеткіші - 2316 сағат.

Жазы ұзақ әрі ыстық. Жылына бес ай бойы күндізгі орташа температура 20 °С асып түседі. Қысы қоңыр салқын, жылымықтар болуы мүмкін. Ең қалың қар жамылғысы қараша айында байқалады (31 см) . Ашық, бұлтты және жауын-шашынды күндердің жылдық саны - сәйкесінше 174, 148 және 43 күн. Орташа жылдық бұлттылық коэффициенті - 5, 7 балл. Атмосфералық жауын-шашын ең көп түсетін ай - маусым (35 мм), ең аз түсетін ай - қыркүйек (19 мм) .

  • Орташа жылдық температура - +5, 3 C°
  • Орташа жылдық жел жылдамдығы - 2, 4 м/с
  • Орташа жылдық ауа ылғалдылығы - 68 %

1кесте

Ақтөбенің ауа райы
Ақтөбенің ауа райы: Көрсеткіш
01
02
03
04
05
06
07
08
09
10
11
12
13
Ақтөбенің ауа райы: Абсолюттық максимум, °C
4, 5
5, 3
23, 6
30, 9
39, 0
39, 9
42, 2
42, 9
38, 3
29, 7
17, 0
11, 2
42, 9
Ақтөбенің ауа райы: Орташа максимум, °C
−8, 1
−7, 1
−0, 4
13, 3
22, 0
28, 2
29, 9
28, 3
21, 7
12, 1
0, 7
−5, 7
11, 2
Ақтөбенің ауа райы: Орташа температура, °C
−12, 3
−11, 9
−5, 4
7, 0
14, 9
20, 9
22, 7
20, 7
14, 0
5, 7
−3, 2
−9, 7
5, 3
Ақтөбенің ауа райы: Орташа минимум, °C
−16, 5
−16, 3
−9, 8
1, 4
7, 9
13, 4
15, 6
13, 5
7, 4
0, 6
−6, 5
−13, 6
−0, 2
Ақтөбенің ауа райы: Абсолюттық минимум, °C
−48, 5
−45
−37
−18, 9
−7, 6
−0, 9
4, 1
0, 7
−7, 9
−26, 3
−35
−41, 5
−48, 5
Ақтөбенің ауа райы: Жауын-шашын нормасы, мм
25
23
26
31
34
35
29
27
19
27
28
29
333
  1. Географиясы.

Ақтөбе облысы - Қазақстанның солтүстік-батыс өңірінде орналасқан әкімшілік бірлік. Территориясы бойынша Қарағанды облысынан кейінгі екінші орында.

солтүстікте-Ресей Федерациясының Орынбор облысымен;

оңтүстігінде-Өзбекстан Республикасының құрамындағы Қарақалпақстанмен;

батысында-Маңғыстау облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облысымен;

шығысында-Қостанай облысымен;

оңтүстік-шығысында-Қызылорда облысымен шектесіп жатыр.

Облыс солтүстіктен оңтүстікке дейін 700 шақырым, шығыстан батысқа дейін 800 шақырым жерге созылған 300 мың шаршы шақырым аумақта орналасқан. Облыс 12 селолық, қалалық, және әкімшілік аудандарға бөлінген. Аумағында 6 қала, 3 кент бар. Әкімшілік орталығы-Ақтөбе қаласы.

1. 3 Өсімдік қабаты жануарлар әлемі

Ақтөбе өлкесінің дүниесін зерттеу жұмыстары ерте кезден басталып, 150 жыл бұрын ботаник және әуесқой табиғат зерттеушілері: А. Шренк, И. Борщов, П. Семенов-Тянь-Шаньский, И. Северцов, Эйхвальдтардың еңбектері арқылы ғылымға белгілі бола бастады. Оның ішінде 1825-26 ж. ж. жарық көрген Эйхвальдтың - Каспий теңізінің Маңғыстаудан Шағадамға дейінгі жағалауындағы өсімдіктер дүниесі туралы еңбегі айрықша маңызды. Г. С. Карелин 1832 ж. Каспий теңізінің терістік шығысынан қамал салу үшін қолайлы орын іздей жүріп, Маңғыстаудың өсімдіктер дүниесі жөнінде құнды пікірлер қалдырды. И. Г. Борщовтың 1965 ж. жарық көрген «Арал-Каспий аймағының ботаникалық географиясына материалдар» атты еңбегінде Маңғыстау жарты аралының өсімдіктер дүниесі жөнінде көптеген ескертпелер жасалды. Маңғыстау жерін зерттеген атақты геологтар Барбот де Марин, Баярунас, Андрусов, Алексейчиктердің еңбектерінен де бұл аймақтың өсімдіктердүниесі туралы көптеген мағлұматтар алуға болады. Ақтөбенің құмды аймақтары мен Үстірт жонындағы түйелер де, сондай-ақ, Сам, Матай құмадарында: сексеуіл, жүзген, жыңғыл, қоянсүйек, ақшаотау, шағыр, құсқанбас, Орталық Үстірт жонының шығыс, терістік шығыс бөлігінде баялыш; тау бойы мен Түпқараған аймағында және Оңтүстік Ақтөбе жазығының ойпаң тұстарында қарағаш, қаттықара, қараған, түйесіңір өседі. Сонымен қатар, жердің бедері мен құрылымына, топырағының ащы, тұщылығына қарай теріскен, күйреуік, жантақ; құм жағаларында - сүттіген, Бозашы түбегінің теңіз жағалауында сораң мен садақ, Оңтүстік Маңғыстау жазығының үштен екі бөлігінде тітір шөбі өседі. Итсигекпен адыраспан, құрқашаш пен сүттіген көбіне елді мекенде немесе мал көп жайлаған тұяқкесті жерлерде кездеседі.

Ақтөбе өңірінің миллиондаған жылдармен өлшенетін тарихы, соған сәйкес, сан алуан табиғат жаратылыстары мен жануарлар дүниесінің болғаны белгілі. Қазіргі кезеңде Маңғыстаудың қай түпкірінен болса да тіршіліктің маусымдық ерекшеліктеріне байланысты:хайуанаттардың, бауырымен жорғалаушылардың, сүтқоректілердің, кемірушілердің, жыртқыш аңдар мен құстардың шөл далаға тән өкілдерін кездестіруге болады. Олардың ішінде: кірпі, дала тасбақалары, кесірткелер, жыланбас пен улы қарашұбар жылан, оқ жылан, су жылан, құм жылан, сарыүйек, ешкіемерден бастап, дала тышқандары: қосаяқ, сарышұнақ, күзен, қарсақ, түлкі, қасқыр т. б. жиі кездеседі. Ал, мәлін, борсық, қарақұлақ өте сирек, оларды шалғайдағы қалыңдықтар мен мемлекеттік корықтардан ғана кездестіруге болады. Сондай-ақ, көктем шыға келетін кішкентай көк және сары шымшықтар мен күзгі салқындықтың хабаршысы суықторғайдан бастап, дала құстарының үйреншікті түрлері: қарға, бозторғай, қараторғай, қарабауыр, шыл, жек, қарлығаш, көкек пен кептер, жыртқыш құстар: қаршыға мен әр түрлі қарақұстар, дала бүркіттері кездессе, теңіз жағалауы мен аралдарда: қасқалдақ, шағала, үйрек, торалақаз, қоқиқаз, аққу сияқты су құстары мекен етеді. Ақтау қаласы маңындағы Қаракөл заказнигінде жоғарыда аталған су құстарынынң бірсыпырасын кездестіруге болады. Сонымен қатар, Бозашы, Ембі заказнигі мен Үстірт-Қарамая, Кендірлі қорығының таулы, шыңды жерлерінде - арқар; Жазық, Жайылма коңырлықтарында қарақұйрықтар мекен етеді. Бозашы түбегінің терістігі мен терістік шығысы, қарағайлы Кент, Тасорпа бетінде, Үстірт жонындағы үлейлерде, Сам, Матай құмы төңірегінде киіктер жиі ұшырасады. Үй жануарларынан жергілікті халықтың өсіретін малдары: кәдімгі қазақтың түсайыр түйесі, Адай тұқымды жылқы, қаракөл қойы, жеке қожалықтарда сиыр, ешкі түліктері. Бұлардың ішінде Адай жылқысы мен қазақтың түсайыр түйесі - ғасырлар бойы түбектің табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан, өміршеңдігі мен экономикалық тиімділігі жоғары тұқымдық қор болып есептеледі.

  1. Жер қабаты.

Облыс табиғаты ерекшеліктерінің бірі - оның жер бедерінің тегіс, шола жазықтығы. Жерінің беткейлік сипаты солтүстік -шығысыңан оңтүстік-батысқа қарай төмендей түседі және өзіндік ерекшеліктері жағынан бес ірі геоморфологиялық аймаққа: Орал таулары шеткі үстіртінің батыс бөлігіне, Жалпы Сырт қыратының оңтүстік бөлігіне, Сырт алды кемеріне, Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі мен Жайық өзені орта ағысының аңғарына бөлінеді. Облыстың солтүстік бөлігін Жалпы Сырттың оңтүстік сілемдері алып жатыр, оның өзі де жонды-белесті қыратты жазық болып келеді де, өзен аңғарларымен жекелеген адырларға мүшеленген. Жалпы Сырттың абс. Биіктігі 100-ден 200 м-ге дейін жетеді және тек кейбір көтеріңкі түстары ғана 200 м-ден асады. Шаған мен Деркүлдің аңғарлары Жалпы Сырт шегінде өте терең тілімделген және аллювийлік шөгінділерден түзілген. Облыстың солтүстік-шығысын Орал таулары шеткі (Жем) үстіртінің батыс бөлігі алып жатыр, ол негізінен көтеріңкі Шыңғырлау (Утва) - Елек су айырығымен және оған неғүрлым жақын жатқан бірқатар басқа да ұсақ геоморфологиялық аймақ элементтерімен сәйкес келеді. Бүл өңір едәуір кең аңғарлар жүйесімен мүшеленген, абс. биіктіктері 100-260 м жонды-белесті жазық болып келеді. Орал таулары шеткі үстіртінде, Ақбұлақ қыстағының оңтүстік-шығыс жағында, теңіз деңгейінен жоғары 263 м абс. биіктігі бар, бүкіл Батыс қазақстан облысының ең биік жері - Ақтау тауы жатыр. Сырт алды кемері Жалпы Сырттың оңтүстік және Орал таулары шеткі үстіртінің батыс беткейлерін қамтиды, бір жағынан Жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртімен, екінші жағынан Каспий маңы ойпатының жағына тік құлама жасап, ендік бағытта тар алқап ретінде созылып жатыр, бұл жерде оның абс. биіктігі 45-100 м-ге жетеді. Кемер жер бедері жағынан алғанда жазық болып келеді және Жалпы Сырт пен Орал таулары шеткі үстіртіне қарағанда болмашы мүшеленген су айырығы учаскелеріне бөлінеді. Өзен аңғарлары түгел солтүстіктен оңтүстікке қарай бағытталған. Облыс аумағынын басым бөлігі солтүстік- шығыстан оңтүстік-батысқа қарай жалпы еңістенген Каспий маңы ойпатының солтүстік бөлігі шегінде жатыр. Солтүстігінде ойпаттың абс. биіктігі 25 м-ге жетеді де, оңтүстік бағытқа қарай біртіндеп аласара береді. Оңтүстігінде, шамамен Тайпақ ауылы ендігінен бастап ол теңіз деңгейінен төмендеп, 10 м-лік Каспий маңы депрессиясына айналады. Жазықтығына қарамастан, ойпат рельефі неғүрлым ұсақ учаскелерге молынан мүшеленген (су айырықтары, аңғарлар, тұйық ойыстар түрінде) . Осы жерде Жалпы Сырттан құлаған шағын өзендердің суы жиналатын Шежін-Дүре-Балықты депрессиясы айқын бедерленіп тұр. Облыстың шығысында Орал таулары шеткі үстірті мен Сырт алды кемерінен аққан су жиналатын Байғұты депрессиясы қалыптасқан. Каспий маңы ойпаты өзендерінің аңғарлары әлсіз тілімделумен сипатталады және тек Жайық өзенінің аңғары ғана ойпатты солтүстіктен оңтүстікке қарай кесіп өтеді. Ойпаттың бүкіл аумағында дерлік көктемде су басып қалатын онша терең емес ойпаттар, қазаншұңқырлар мен көлтабандар жиі кездеседі (олардың терендігі 3-6 м, диаметрі 0, 5-2, 0 км) . Облыс жерінің оңтүстік және шығыс бөліктерінде ойдым-ойдым құм басқан шағын өңірлер бар, негізінен олар едәуір дәрежеде жел мүжіген атыраулық және қайраң теңіз шөгінділерінен түзілген. Сонымен бірге облыстың бүкіл аумағы түзды тектониканың ықпалына ұшырағаны байқалады, түз күмбездері жер бетінде биіктігі 20-50 м-лік жайпауыт көтеріңкі төбелер күйінде кездеседі.

Территория релефі түзу. Облыста су деңгейіне қатысты солтүстік батыстан оңтүстік батысқа қарай төмендейді.

  1. Гидрология

Жоса мен Шат өзендерінің қосылған жерінен бастап Бақсай деп аталады. Аралтөбе ауылынан оңтүстікке қарай 3 км жерде Ырғыз өзеніне құяды. Ұзындығы 100 км (Жоса бастауынан), су жиналатын алабы 2060 км². Салалары: Ащысай, Жоса, Шат. Бақсай ағып өтетін жер бедері белесті, ал солтүстік-батыс бөлігі жазық, көптеген қысқа сайлармен тілімделген. Көктемде судың тұздылығы 0, 4-0, 85 г/л, жазда 2, 0-3, 0 г/л-ге дейін өседі. Суы мал суаруға, құс өсіруге, кейде ауыз суға да пайдаланылады. Жауын- шашын, жер асты суымен қоректенеді. Жазда арнасы құрғап, қарасулар пайда болады. Жылдық орташа су шығыны 1 км2-ге шаққанда 0, 25-0, 50 л/сек. Бақсай суат ретінде пайдаланылады.

КЛИМАТТЫҚ МІНЕЗДЕМЕ

2 кесте - Қазақстанның негізгі метеостанциялары бойынша жел бағытының қайталануы

Метеостанция атауы
қаңтар
шілде
C
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
СБ
С
СШ
Ш
ОШ
О
ОБ
Б
СБ
Метеостанция атауы: 1
қаңтар: 2
шілде: 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
Метеостанция атауы: Ақтөбе облысы
қаңтар: 1
шілде: 16
27
9
10
27
9
1
8
16
10
11
14
25
10
6

3 кесте - орташа айлық және жылдық ауа температурасы

Метео станция атауы
Айлар
Жыл
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Метео станция атауы: 1
Айлар: 2
Жыл: 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Метео станция атауы: Ақтөбе облысы
Айлар: -15. 1
Жыл: -14. 5
-8. 7
3. 0
12. 4
17. 9
20. 3
18. 0
11. 7
2. 8
-7. 0
-13. 3
2. 3

4 кесте - Орташа айлық және жылдық жел жылдамдығы

Метеостанция атауы
Айлар
Жыл

v≥15

м/с

I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Метеостанция атауы: 1
Айлар: 2
Жыл: 3
v≥15м/с: 4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
Метеостанция атауы: Ақтөбе облысы
Айлар: 5. 6
Жыл: 6. 5
v≥15м/с: 6. 8
5. 8
5. 4
5. 4
4. 5
4. 3
4. 7
5. 4
5. 9
6. 1
5. 5
50

5 кесте - Орташа айлық жауын-шашын мөлшері, мм

Метеостанция атауы
Айлар
Жыл
I
II
III
IV
V
VI
VII
VIII
IX
X
XI
XII
Метеостанция атауы: 1
Айлар: 2
Жыл: 3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
Метеостанция атауы: Ақтөбе облысы
Айлар: 12
Жыл: 13
17
21
28
42
44
28
21
25
15
16
282

6 кесте - Қар қалыңдығының биіктігі

п/п

XI
XII
I
II
III
IV
5 %
Қыстағы ең көп
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
1
2
3
ср
мак
мин
№п/п: 26
XI: -
XII: 6
I: 8
II: 12
III: 14
IV: 17
5 %: 20
Қыстағы ең көп: 22
23
24
26
26
23
20
13
.
.
.
45
30
67
16

2. САЛЫНЫП ЖАТҚАН ЖОЛДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

2. 1Техникалық нормативтер

Автомобиль жолдарын жобалаудың нормаларын және техникалық шарттарын пайдалана отырып /7/ берілген жолдың санатына сәйкес негізгі техникалық нормативтерді анықтау қажет.

ІІ категроияға қажетті негізгі нормалар кестеде берліген

7 кесте

№ р/с
Элементтер атауы
Санаттың негізгі параметрлері
№ р/с: 1
Элементтер атауы: Қозғалыс жлоағының саны, дана
Санаттың негізгі параметрлері: 2
№ р/с: 2
Элементтер атауы: Ені, м
№ р/с:
Элементтер атауы: а) қозғалыс жолағы, м
Санаттың негізгі параметрлері: 3, 75
№ р/с:
Элементтер атауы: б) жүру бөлігі, м,
Санаттың негізгі параметрлері: 7, 5
№ р/с:
Элементтер атауы: в) жол жағасы, м
Санаттың негізгі параметрлері: 3, 75
№ р/с:
Элементтер атауы: г) жер төсемесі, м
Санаттың негізгі параметрлері: 15, 0
№ р/с: 3
Элементтер атауы: Бөлу жолағының қозғалыстың түрлі бағытында ең аз ені, м
Санаттың негізгі параметрлері: 0, 75

2. 2 Ұзына бойлық қима

Жол осі бойынша топографиялық картадан немесе негіз жобалаукезінде нивелирлік журналынан алынған жер белгілері арқылы ұзына бойлық профиль сызылады.

Ұзына бойлық профильде жер беті сызығын салу үшін оның трасса бойындағы пикеттерде және қосу нүктелерінде белгілерді білу қажет. Плюстік нүктелеріге: горизонтальдардың тығыздығы өзгеруінің сипаттайтын жарлар еңістіктерінің өзгеру нүктелері, жергілікті рельефінің жоғарлату және төмендету нүктелерінде опырылысқа және де жергіліктін ұзына бойлық қимасының басқа өзгерулеріне сай болатын сынық нүктелері кіреді. Көрші тұратын горизонтальдар арасындағы пикеттер және плюстық нүктелер белгілері интерполяциямен анықталады.

Ұзына бойлық профильді жобалау миллиметрлік қағазда жүргізіледі. Ұзына бойлық профильдің масштабы:

  • горизонталды 1:5000
  • вертикалды 1:500
  • топырақты 1:50

Жер сызығының ұзына бойлық профилін сызу үшін келесі жағдайларды

жасау керек:

- 13 графаны пикеттерге бөледі (пикеттің ұзындығы 100 м), ал астындағы 14 графаға пикеттердің номерлерің белгілейді. Қосу нүктелері бар пикетерінің жағдайын вертикалды сызықпен көрсетеді және нүктелер арақашықтығын жазады;

- километрді, трасса планының түзулерін және қисықтарын 14 графада көрсетеді;

- түзу участіктерде төбесінде оның ұзындығын, астында румбын жазады. Оңға бұрылу кезінде қисықтарды қисықтың басынан қисықтың соңына дейін төбеге қарап жатқан, солға астына қарап жатқан жақшамен көрсетеді. ҚБ және ҚС нүктелерінде келесі пикетке дейінгі арақашықтықты көрсетеді. Бос жерінде оның номерін, бұрыш және радиус мәнін жазады;

- 12 графаны толтырады, жер белгілерін 1 см дәлілдікке дейін жазады;

- жер беті сызығы сетканың жоғарғы сызығынан 8 -13 см аралығында орналасу керек;

- 1 графаны трасса планына сәйкес толтырады.

Дипломдық жобадағы жолдың ұзындығы 10 км, II категориялы автомобиль жолы V климаттық зонада ороналасқан, осы бөліктегі топырақ ауыр саздақтарды құрайды. Берілген бойлық профиль бойынша ПК0 - ПК10 аралықтарын R = , К = 2666, i = 12, 5 дөңес қисық сызық және ПК16 - ПК20 аралықтрын R =240, К = 120, i = 40 еңіс қисық сызықтар қамтиды.

Жобаланған жолымыз план бойынша қарағайлы орманды, автомобиль жолын, өзенді және құм карьерін кесіп өтеді. Соған байланысты шоғырланған жұмыстар (көпір, құбырлар) және аумақтың ылғалдылық түріне қарай ұңғымаларды орнату белгіленді .

2. 3 Жер төсемесінің көлденең қимасы.

Жер төсемiнiң көлденең профильдерi типтiк көлденең профильдер бойынша жобаланады. Олардың өлшемдерi мен пiшiндерi жердiң рельефiне, ұзына бойлық профильге, топырақтық және гидралогиялық жағдайларға, сондай-ақ жолды қар баспау шарттарына байланысты қабылданады. Жобаланған көлденең профильдер нөмiрленiп, жоғарғы жағына қандай үйiндi биiктiгiнде немесе ойық тереңдiгiнде қабылданғаны жазылады. Ұзына бойлық профильдiң 4-графасына тiк сызықтармен сол көлденең профильдiң қолданылатын жол бөлiгi көрсетiледi. Көлденең профильдер сызу қағазына 1:100 немесе 1:200 масштабтармен сызылады. Көлденең профиль қабылданған жол бөлiгiнiң бiр нүктесiне бекiтiлiп, оның элементтерiнiң белгiлерiнiң мәндері жазылады. Курстық жоба үшiн 4-5 көлденең профилдiң типi жеткiлiктi. Көлденең профильдiң элементтерiнiң сипаттамалары талапқа сай арнайы таблица түрiнде толтырылады.

2. 4 Жасанды құрылыс

Су құбыры - бұл күрделі қондырғы. Оның көмегімен қаланы, ауылды, өндіріс пен шаруашылық орындарын бір орталықтан сумен қамтамасыз етеді. Тұрмыстық су құбыры тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз етеді, заводтар мен мекемелердегі адамдардың тұрмыстық қажетін қанағаттандырады. Өнеркәсіптік су құбыры тек қана өндірістік және технологиялық қажеттіліктерді қанағаттандырады.

Автомобиль жолын салуда жасанды құрылыстардан темірбетонды су құбыры кездеседі. Олар келесі кестеде көрсетілген:

8 кесте

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғимаратта қабылданған конструкциялар
Түркістан қаласының жел бағыты
Құрылыс сыныбы
Жабын қабатының материалдары
«Екі секциялы, екі қабатты, он екі пәтерлі кірпіштен салынған тұрғын үй»
72 пәтерлі тұрғын үй, дүкені мен офис және шаштараз жобасы
Қалқымалы шатыры бар резервуарлар жабдықтарының ерекшеліктері
Уақытша ғимараттарды есептеу
Қонақ бөлме
Арал ауданындағы Кері ағар каналының ПК 65 50 гидротехникалық құрылымын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz