Онымен қатар, өнер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес ашық акционерлік қоғамы

Ғ. Ж. Дәукеев атыындағы АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Описание: Описание: https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=a5e0c4996471653904781aa1a6c7d1d1-l&n=13

«Әлеуметтік пәндер» кафедрасы

№2 Семестрлік жұмыс

«Философия» пәні

Тақырыбы : Қазіргі заманғы өнердің ерекшеліктері және адамзат дамуындағы маңызы.

«» 2020ж (бағасы) (қолы)

Алматы 2020

Жоспар:

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Өнердегі адам феномені мәселесінің логикалық-әдіснамалық алғышарттары

2. Өнердегі адам болмысы мәселесі ауқымындағы «руханилық»

және «мәдениет» ұғымдарының өзара қатынасы.

3. Интенционалдылық - адамның өнердегі жасампаздығын

зерттеудің конституивті принципінің көрінісі

Қорытынды

КІРІСПЕ

Негізгі бөлім:

Өнердің адам мен әлемді көркейту тәсілі ретіндегі жоғары міндеттері 86

1. Көркем шығарманың рухани мәні мен маңызы 86

2. Өзара қатынас пен сұхбат - көркем шығармашылықтың мәндік негізі

3. Көркем шығарманың жасаушы тұлғасы, оның кейіпкері мен реципиенті

Қорытынды

Кіріспе

Өткен ғасырларда өнер адамды, әлемді табиғат деп бейнелеп, оны

ұқсатуға тырысқандығы мәлім. Табиғат әсем емес, оны көріп және сезіп

тұрған адамның жаны әсем. Аристотельдің «ars imitator naturam» - «өнер

табиғатқа еліктейді» атты қағидасы көптеген жүзжылдықтарға созылған

өлшем болды. Дегенмен, өз жанынан қоспай, өлі табиғатты бейнелеу адам

үшін адамды да, әлемді де көркейтпек емес. Әрине, өз арасында суретшілер

шығармашылықта ондай қағиданы бұзып жатқан кездері де болған шығар.

Өнердің адам мен әлемді көркейтуіне мұның үлесі қанша болды деген ой

туады. Шындығында, жоғарыда айтылған Аристотель қағидасының мәні әлде

қайда кең болса: «өнер де табиғат жолын ұстанады, табиғат жасағанды өнер

де жасайды, яғни, табиғат тәрізді формалар жасайды» дегенді білдіреді.

Сонда, бұл табиғат жасағанды соқыр қайталау емес, шығармашылықтықтың

қанша дегенмен бар екенін растайды. Бұл мәнді. Онымен қатар, өнер

Аристотельде «техно» ars атты ұғымға ие. Ол «жасанды форма беруді

қамтитынға» қол өнері де кіреді деген. Сонымен, суретшінің көру шындығын

бейнелеуге ұмытылысы оның әрдайым ізденіс идеалы болып келгені ақиқат.

Ал, енді көру шындығы құнды ма әлде көркем ойланды қымбат па? Өнерде

көркейтудің қандай басқа тәсілдері бар? Аристотельде өнер мимесиспен,

қайталаумен байланыстырылды. Аристотель санаған өнердің мәні сол ерекше

қайталаудың тарихи суреттемеден айырмашылығы, өнер жалпылық туралы

маңызды болатын заттар туралы айтатындығында. Өнер туындысынан

жасалған нақтылық «елес» болып адамды нақты эмоцияларды сезуге, бірақ

«сахнаға жүгірмеу», болып жатқан нәрсеге ара-қашықтық сақтауға тәуелді

етеді. Осындай алшақтату және жинақтау амалы мүмкіндіктің ерекше

дәрежесінде, болып жатқан «шынайы еместе» болады. Бұл өнердегі миместің

сипаттамасы.

Дегенмен, бұл пікірлерді басқалардікімен салыстырып, әрі қарай

тереңдетейік. Ғарифолла Есім грек философы Аристотельдің өнерді

мимесис, яғни еліктеу деп түсіндіруге тырысқандығы қате пікір деп санайды.

«Өнер адамның дүниеге еліктеуінен туған жоқ, керісінше, әлемнің адамға

«еліктеуінен» туған. Әлем адамдық сипатқа ие болғанда көркемдік

қалыптасқан. Гректер қосымша қиялдағанымен, құдайлардың өзін бар

болғанда адам кейпінде суреттей алған. Адам баласынан асқан қиял жоқ.

Қиял қаншама «табиғатынан» шығып кеткісі келгенімен, оның өлшемі -

адам, оның қасиеттері. Мәселе, тек метафора, гипербола т. б. тәсілдер арқылы

адамдық қасиеттерді мейлінше ұлғайтып немесе кішірейтіп, ол кейбір

адамдық қасиеттерді адамнан тыс онтологиялық мәнде, кеңістікте

қарастырып әуре сарсаңға түседі, себебі көркемдіктің өзі де, оны жасаушы

да - адам» деген пікірі өте мәнді айтылған [67, 319 б. ] .

Белгілі нидерландық тарихшы Й. Хейзенга өзінің «Homo Ludens» атты

еңбегінде: ойын - әлемдік мәдениеттің шексіз дамытушысы және

күрделендірілген принциптің шексіз бастауы, ойыннан тыс ештеңе жоқ» деп

табады. Мәдениеттің негізі ерекше табиғатқа ие, оның негізін ешқандай да

халықтар, мемлекет, шіркеу, мектеп, партия немесе ассоциациялар тәрізді

ұжымдық субъектілер қалай алмайды және ұстап та тұра алмайды дейді.

Құтқарылудың жолын үкіметтің араласуынан күтпеу керек. Бұл үшін

индивидуумның өзінің іштей тазаруы қажет. Адамның рухани күйінің

(habitus) өзі өзгеруі қажет деп табады. Жаңа мәдениетті тек тазарған адамзат

қана жасай алады» [67, 511 б. ] . Бұл үдерісте Хейзинга ежелгі гректер

қолданған тәсіл - катарсисті, тазаруды келтіреді. Гректер катарсис, тазару

деп - «трагедияны аңдау арқылы шақырылатын рухтың күйін айтқан, бірде,

заттар бастауын тереңінен тану пайда болатын қайғыға ортақтасу мен үрей

қосылған жүрек үнсіздігі. Ол кейіннен шынымен борыш пен тағдырға

қайтадан мойын ұсынуға дайындайтын. Трагедияның өзіндегідей сахнада

актерлер көрсеткендейді, көкке қыр көрсететінді (hybris) сындыратын, ол

тұрпайылық инстинкттерден арылтып, жанды сейілтетін нәрсе» [67, 513 б. ] .

Көру ақиқаты бейнелеу өнері үшін мағынасыз болуы мүмкін емес. Ол

міндетті түрде адамның сыртқы және ішкі әлемімен үйлесе, адам

болмысының қандай да бір шынайы нұсқасын көрсетуі тиіс. Тура солай

белгілі бір философиялық және эстетикалық талғам-талаптарымен әрбір

дәуір, әрбір суретші өзінің уақытына сай адамын бейнелеп, оның мәніне

деген мінездемесін беріп, өзгертті. Күрделі қоғам мүдделері рухани өмірге

тереңдей ене, жеке тұлғаға деген қызығушылық классикадан мұра болып

қалған тұрақты «пластикалық» және «жалпы идеалды» көзқарастарды

жеткіліксіз деп табады. Тарихи реалистік бейнелеу өнерінде адам мәні

туралы тұрақты түсінік нақтылана, әлеуметтік мінездеме мен жеке тұлғаның

ерекшеліктерін бойына сіңіреді. Адам келбетінде оның түр-тұрпатының

дұрыстығы ғана емес, оның психологиялық айқындығына мән беріле,

адамның келбеттілігі - оның ішкі жан дүниесі сұлулығының көрінісі арқылы

көрсетіледі. Сұлулықтың өзгермелі ұғымдары көркем бейнелеудің жаңа

түрлерін әкелді. Ал, қазіргі заманғы өнерге байланысты Тәуелсіз Қазақстан

тұсындағы сипатын мынадай міндеттерде көрді: «Қоғамның ендігі міндеті -

жеке адамның табиғи мәдениетін айқындайтын ұлттық болмысқа қозғау салу,

сұраныс тудыру, ішкі естеліктің қайта жаңғыруына мүмкіндік жасау, түрткі

болу» делінген.

Өзара қатынас пен сұхбат - көркем шығармашылықтың мәндік

жақтары ретінде

Адамның тіршілік иесі ретіндегі ерекшелігі және жоғарғы

рухтылығының, оның еркіндігінің көрінісі - шығармашылығы. Адам

шығармашылықта әлемді тануға ұмтылады, оны бейнелеп қана қоймайды,

сонымен бірге, өз тұрғысынан көркемділік пен үйлесімділікте жетілдіре

дамытуға тырысады. Өмірдегі жоғары рухтың, үйлесімділіктің өте нәзік

заңдылықтарына сәйкес өзгертеді, әдемілік пен мәнділікке үлесін қосады.

Адам өз өмірін шығармашылыққа арнайды. Өмір бойы ізденіс пен таным

жолында ғұмыр кешеді. Адам шығармашылықпен айналысу барысында,

өз болмысымен етене араласа келе, өзінің мәндік түп тамырын

айқындауға да қол жеткізеді.

Міне бұл, өнердің адам мен әлемді көркейту ретіндегі тәсілдері.

Көркем шығармашылықтағы рухани бастаулары. Ол адамның жоғары

гуманистік мақсаттары мен идеалдарын айқындаушы мүмкіндігі.

Өзара қатынас (коммуникация) пен сұхбат (диалог) осы аталған

көркем шығармашылықтың мәнді тетіктері. Аталған шығармашылықта

адам ең алдымен әлемге, шығармашы ретінде өзіне, сосын осы

шығармашылығы арқылы қоршаған ортасына, яғни басқа адамдарға

қатынас жасайды. Бұл болмыстың реалды және идеалды формаларын

қамтиды.

Көркем шығарманың жасалуы - материалмен байланысты. Яғни,

болмыстың негізгі формаларының бірі «материалды болмыспен»:

денелермен, заттармен, табиғи құбылыстармен байланысты.

Шығармашылықтағы әлемге қатынас жасау - «идеалды болмысты», яғни

жекелендірілген рухтың болмысы түрінде, жеке нақтылық ретінде

идеалды барлықты қамтиды. Көркем шығармашылық болмыстың негізгі

формаларының бірі - «адами болмысты» қамтиды. Адамның өзімен өзі

және материалдық әлем болмысында, материалдық және рухани

(идеалды) бірлігі ретіндегі жағдайын білдіреді. Адамның өмір сүруіндегі

өзара қатынас пен сұхбатты осылай атауға болады.

Қоғамдағы адамның болмысы және қоғамның болмысын өзінде

қамтитын әлеуметтік болмыс - адам санасының негізгі қасиеттерін

қамтиды. Адам санасының басты қасиеттері: идеалдылық,

интенционалдылық, идеаторлық. Идеалдылық - бұл ерекше, материалды

емес сананың заты. Идеалды сана өз табиғатында: материалдық әлемге

қарама-қарсы; материяға тән емес; кейбір жағдайларда материяға қатысты

бастапқы: материалдық құрылғылар арқылы танымсыз, ұстатпайды.

Сана көп жағдайда материя адында болады - нақтырақ айтқанда

адаммен жасалынатын, өзгеретін материя. Мысалы, әр затты жасау

кезінде санада әр кезде ой, осы заттың «бейнесі» бар. Адамның санасы

адамның іс-әрекеті арқылы жәй және күрделі заттарды дүниеге алып

105

келеді. Интенционалдылық - бұл затқа бағытталғандық. Сана затсыз

болмайды.

Қазіргі уақытта «көркем мәдениет» пен «эстетикалық мәдениет»

ұғымдарын аралас қолдану жиі кездеседі. Эстетикалық мәдениет ұғымы

қоғамдағы эстетикалық құбылыстардың жиынтығын: құндылықтар,

наным-сенімді, иедалдар және т. б. қамтиды. Көркем мәдениет болашақта

эстетикалық бола тұрып, адамның өнермен өзара әрекетіне негізделген.

Егер эстетикалық мәдениет эстетикалық құндылықтарды жасау, сақтау,

тарату мен тұтыну болса, көркемділік бұл құндылықтардың көркем-

образдар арқылы игерілуінің көрінісі. Көркем мәдениеттің мәнділік

сипаты көркем образдың рухани ерекшелік мазмұнын көрсету қабілеті,

бір жағынан түсіну, әсерлену мен бағалау, көркем-образды бастау болып

табылса, екінші жағынан осы руханилықты шығармашылықпен

материалдандыру. Көркем мәдениет тұлғаның рухани дамуы мен

үйлесімділігін білдіретін фактор, қоршаған шындықты субъектпен

көркем-образды игеруі мен материалды құрылуының тұтастығын

білдірсе, сонымен бірге көркем құндылықтар әлеміндегі бағдарлылықты

және тұлғаның бағалау өлшемінен шығатын олардың рухани ішкі

мазмұнға айналуы. Н. Бердяевтың пікірінше

шығармашылықтың тағы да мынадай себептері бар:

• Шығармашылықтың көзі платондық эрос сияқты тек жеткіліктілік

пен байлықта ғана емес, кедейшілік пен жетіспеушілікте;

• Шығармашылық ауру адамның кеселінен жазылу жолдарының бірі;

• Шығармашылықта адамның ішкі бөлектенуі бүтінделеді;

• Шығармашылықтық актіде адам өзінен-өзі шығып, өзін күндеушілік

пен кінәлаудан арылады;

• Адам өзін тек әлем мен басқа адамдар қатынасына қарап анықтай

алмайды. Онда ол өзінің бойынан қоршаған әлемінен жоғары

көтерілетін күшті таппай, оның құлы болуы мүмкін еді.

• Адам өзін ең алдымен болмысқа қатынасында, оны көтермелеуші

Құдай қатынасында анықтауы қажет. Тек өзінің бетін Құдайға

бұрғанда ғана ол табиғат әлемінен жоғары көтеріле, оның өзінің

ақиқатты бейнесін табады. Сонда ғана оның әлемде жасампаз

болатын күшке қолы жетеді.

Адамды Құдайға сенбеген күннің өзінде де жасампаз болды десе, бұл

сұрақ оның санасымен, кейде өте таяз қойылуымен байланысты. Адамның

табиғат әлемі мен өзінен жоғары көтерілу қабілеті, оның жасампаз болуы

адамның Құдайға сенуіне, Құдайды мойындауына қарағанда өте терең

фактіге - Құдайдың барлығына байланысты. Мұны әрқашан ұмытпау керек»-

дейді [69, 119 б. ] .

Өнер шығармасындағы жасаушы адам, кейіпкер адам және

қабылдаушы адам

Әрбір өнер шығармасы нақты шығармашымен жасалынатындығы,

шығармадағы табылатын көркем ойланды немесе образды бейне-кейіпкер

және оларды қабылдаушы көрерменнен тұратын тізбек бар. Олар өз алдына

орындалатын үдеріс көркем шығарманың бағытын анықтаушы өзіндік моделі

бар өнердің типі, көркемдік тұжырымның түрлі мәндік қабаттары. Олардың

әрқайсысында адамның ішкі және сыртқы ортамен өзара әсерлесуінің типтері

көрініс табады. Осылардың барлығының әсерінен шығарма басқа мәдени

феномендерден де күрделі бола түседі. Оның күрделілігі көркем мәтіннің

автор тұлғасы, қазіргі реципиент (қабылдаушы адам), дәуір мәтінін туғызған

шындық пен дәуір шындығы, оның айтайын дегені мен айтылған, тура

түсінуден тасаланған астардың арғы жағында тұратындығы. Шығарманың

әлеуметтік болмысы - ол оқырман мен автор сұхбаты үдерісіндегі шексіз

жамиғатпен тұтыну (нақтырақ айтқанда мәтінде орын алған автор ойы) .

Шығарма өзімен-өзі қала отырып жаңа өмірлік және көркемдік тәжірибемен

өзара әсерлесуге түсе тарихи өзгереді, жаңа мәнділік және құндылықтық

сипаттарға ие болады. Әрбір жаңа ұрпақпен ол «тың және бүгінгі көзбен»

оқылады. Көркем мәтіннің әртекті оқылуы оның қабылдануындағы шартты

түрдегі автор мен реципиент (оқырман, көрермен, тыңдаушы) «сұхбаты»

түрінде өтеді.

Көркем шығармашылықтың философиямен байланысы антикалық

философтарда (Пифагор, Платон, Аристотель, Плотин және т. б. ) орын алған.

Бұл ретте ол философиялық бағыттар қатарында арнайы зерттеудің объектісі

ретінде неміс классикалық философиясында кең орын алған. Көркем

шығармашылық процесіндегі философияның ролі туралы мәселе ХХ ғасырда

да әртүрлі философиялық мектептердің өкілдерінде қарастырылды. Ол

теоретиктің материалистік немесе идеалистік дәстүрге жататындығына

байланысты болды. Философия әлем мен адам жөніндегі бірыңғай ғылыми

ілім болып табылады, ал өнер ғылыми және философиялық ақиқаттың

образды-эмоционалды көрінісі. Мұндай тәсілдер өнер дүниетанымына

қатысты аспектіде «қолданбалы философия» немесе тіпті «екінші сортты»

философия ретінде көрсетіледі. «Платонның пікірінде «ақындар

туындыларын көріпкелдер тәрізді бейсаналы түрде шығарады, яғни олар

жоғарғы даналықтан шынайы түрде тыс қалады. Ақындар өздері жазатын

заттардың мәнін түсінуі темірді тартатын магниттегі магнетизмді

түсінгенінен артық емес. Бұл тәсілде көркем образдар жай «көлеңкелердің

көлеңкесі» тәрізді» бағаланады» [24, 11 б. ] . Олар «идеяларды емес, бізді

қоршаған сезім әлеміндегі қоршаған затты бейнелейді, олардың өзі күңгірт

идеялар түрінде көрінеді». Бұған өнер туралы талқылауды айтарлықтай

деңгейде Гегель ұсынады. Гегель Платонмен салыстырғанда өнердің

танымдық ролін жоғары бағалады, бірақ ол өнерді адамзат тарихының бір

кезеңіндегі ғана абсолюттің мәніне бара-бар етіп көрсетіп - антикалық

дәуірде сезімдік және рационалдық бастаулар әлі бір-бірімен біте қайнасқан

жағдайдағыдай болды. Гегельдің түсінігінше орта ғасырлардағы көркем

шығармашылық «азат етілген рухани бастаманы» толық көрсете алмас еді,

осыған қатысты дінге орын берді. Мұндай қарастыруда өнер -

философиялық немесе ғылыми ақиқат көрінісінің тек ерекше бір тәсілі.

Басқа жағынан алғанда, өнер «әлемді танудың ерекше тәсілі» деген

бұрыннан келе жатқан көзқарас бар. Демек, көптеген белгілі суретшілер

айтқанындай, ешқандай да терең дүниетаным ғылым тәрізді формада

толығымен көрініс беруі мүмкін емес, сондықтан оны толық көрсету үшін

міндетті түрде көркемдік әдістерді пайдалануды талап етеді. Сөйтіп, Гетенің

пікірінше өнер шындықтың таза рационалдық әдіспен қол жетпейтін және

«өмірдің таза ағысы» байқалмайтын тұстарын тануға көмектеседі.

Боккаччоның көрнекі ақындарды философтар қатарына жатқызғаны белгілі,

ал Шеллинг Шекспирді, Данте мен Мильтонды жоғарғы деңгейдегі

философтар деп атады. Біртұтас данышпан тұлғаның айқын мысалы болып

табылатын әрі суретші, әрі ғалым Леонардо да Винчи көркемдік және

ғылыми әдістердің арасындағы айтарлықтай айырмашылықты.

«Кескіндемені» Леонардо да Винчи бірден-бір «табиғаттың ақиқат

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МУЗЫКА ЖӘНЕ ӘДІС
Авторлық құқық объектілері
Зергерлік бұйымдардың түрлері
Музыканың тылсым сырлары
Замана суреткер Әбілхан Қастеев
Тұлға және мәдениет әлеуметтануы
Фразеологиялық тіркестерді аударуда кездесетін проблемалар “М.Б.Әләвидің «چشمهایش» романы бойынша”
Шашубай Қошқарбайұлы
Ұлттық киімдер тігу, оюлар ою
Гуашь бояуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz