Қай жаңғырту мен тану бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі


К і р і с п е
Бастауыш мектеп - өскелең ұрпаққа білім берудің бастамасы. Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты еліміздің көркейіп-өркендеуіне, ел талап-тілектерінің бетбұрыстарына байланысты жаңа ұрпақтың психологиясы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, оны неғұрлым өмір талабына өрістеті міндеттері қойылды.
Еліміздің егемендігі мен тіліміздің тәуелсізді де өскелең ұрпаққа жаңа талаптар қояды. Бала психологиясын жан-жақты зерттеп, оны терең білу, оның даралық ерекшеліктерімен үнемі санасып отыру мектеп мен мұғалімдерге жауапты міндеттер жүктейді.
Бастауыш мектеп кезеңінде негізгі іс-әрекет оқу болғандықтан, баланың барлық психикалық процесіне өзгеріс енеді. Оқу іс-әрекеті балаға өзінің есте сақтау процесін басқаруды талап етеді. Мектептегі оқу процесінің талаптары мен өзіне тән мазмұны бұл процесті дамытады. Есте сақтау деңгейі - есте сақталатын материалдың мазмұнына, іс-әрекет сипатына, материалды есте сақтау және қайта жаңғырту тәсілдері мен әдістерін меңгеру деңгейіне байланысты болады. Сондықтан дипломдық жұмысымның тақырыбын: «Бастауыш сынып оқушыларының есте сақтау процесін жаңғыртудың жолдары, құралдары мен әдістері» деп алдым.
І ТАРАУ.
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСТЕ САҚТАУ ПРОЦЕСІН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Ес процесі және олардың жүзеге асу заңдылықтарына қысқаша шолу
Ес дегеніміз сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс.
Ес - күрделі психикалық процестердің бірі. Ес есте қалдыру, қайта жаңғырту, тану, ұмыту секілді процестерден тұрады.
Естің физиологиялық негіздерін бір кезде И. П Павловтың жүйке жүйесінің пластикалық қасиеті туралы ілімімен түсіндірген. Жүйке жүйесінің пластикалылығы дегеніміз - түрлі қозулардан қалған әсерлердің қайтадан уақытша байланысқа түсе алу қабілеті. Уақытша байланыстардың тікелей тітіркендіргіштер әсер етпеген жағдайда да мида жасалынуы ойда бүрынғы байланыстардан із қалып отыратындығын көрсетеді. Бірақ бұл жалпы долбар. Өйткені адам есінің мимен қалайша байланысты екендігі жөнінде ғылымда әлі нақтылы деректер жоқ. Мәселен, ес құбылысының табиғатын зерттеуші ғалымдардың бір тобы оны мидағы, электр қүбылыстарымен байланыстырса (есті зерттеудегі электро-физиологиялық бағыт), енді бір зерттеушілер есте мидың нейро-химиясына байланысты түсіндіргісі келеді. Соңғы бағыттың өкілдері мидың кейбір клеткаларын (нейрондарын) бір сыдырғы зерттегенмен (мидан нуклеинді қышқылдар комплексінің табылуы) естің бүкіл ми массасынан алатын орнын әлі анықтай алмай келеді.
Бір нәрсені есте сақтау - оны байланыстыру деген сөз. Ес процесінің негізі болып табылатын байланыстарды психологияда ассоциация деп атайды. Егер бұрын бірнеше объектіні бір мезгілде немесе бірінен соң бірін елестетсек не ойласақ бүлардың арасында байланыс пайда болады. Кейін объектінің біреуін ғана елестетсек миымызда оның қалған бөлігін тудыруға себеп болады. Ассоциациялық принципті алғаш рет ойлап тапқан ежелгі грек ойшылы Аристотель (б. э. д. 384-322) болды.
Аристотель асоциацияларды тек тікелей елестетумен байланыстырып, психикалық әрекеттің қалған түрлерін (ойлау, қиял, ерік т. б) түсіндіруге бүл принципті қолданбады, ғылымда тұңғыш рет ассоциация ілімін шартты рефлекс теориясымен дәлелдеген, осы негізде көптеген психикалық процестердің табиғатын түсінуге болатынын көрсеткен ұлы орыс ғалымы И. П. Павлов болды. Павлов психилогияда ассоциациялар деп аталатын қүбылыс ми қабығында екі қозу процесінің қабаттасып келуі не байланыста пайда болып, сан рет қайталаудың нәтижесінде бекіп отыратын уақытша байланыстар екенін түсіндірді. Ұлы ғалым бұл туралы былай деп жазды "Уақытша жүйкелік байланыс жануарлар дүниесінде де, біздің өзімізде де байқалатын жан-жақты физиологиялық қүбылыс.
Сонымен қатар, ол түрлі әрекеттерден, әсерлерден қүрылса да немесе әріп, сөз, әлде ойдан қүрылса да психикалықтар ассоциация деп атайды. Ассоциациялардың Аристотель заманынан белгілі үш түрі бар. Олар: іргелестік, ұқсастық және қарама-қарсылық ассоциациялар. Бұл ассоциациялар жөнінде И. П. Павлов былай дейді: «Шартты байланыс бұл, сірә, біздің бір мезгілдік ассоциация дейтініміз болса керек! Шартты байланыстардың генерализациясы ұқсастық ассоциациясы дегенге сәйкес келеді. Шартты рефлекстің (ассоциациялылық) анализі мен синтезі, сайып келгенде, ой әрекетінің негізгі процестерімен мәні бірдей нәрсе»
Кезінде Аристотель ойлап тапқан ассоциациялардың табиғатын былайша түсінуге болады:
1) Іргелестік ассоциациясы бойынша бір зат жөніндегі елес өзімен бірге оған қатысы бар екінші затты туғызады. Мәселен, Кремль ұғымы Қызыл алаң ұғымын, көктем туралы ұғым, шөп туралы ұғымды туғызуы мүмкін.
2) Ұқсастық ассоциациясынан нәрсенің, көріністің бейнелері өздеріне ұқсас образдарды еске түсіреді, яғни бір зат жөніндегі елес сол затқа қандай болса да ұқсастығы бар екінші затты елестетеді. Мәселен, толқынның шуы адамдардың самбырлаған сөзін, жапырақтың сыбдыры адамның жайлап сөйлеуін т. б.
3) Қарама-қарсылық ассоциациясында бір зат туралы елес оған қарама-қарсы екінші затты не құбылысты еске түсіреді. (Ақ пен қара, биік пен аласа, айқай-шу мен тым-тырыс т. б) .
Ес процестерінсіз адам баласы мәдениеттің қандай саласы болмасын, қалағанынша меңгере де, жан-жақты жетіле де алмас еді. Егер біздің есімізде ертеректе қабылданған нәрселер сақталмаса, бізге өмірді әр кез қайта жасап отыруға тура келер еді, не болмаса өмірдегі заттардың барлығы да әр уақытта белгісіз, не жаңа нәрсе болып көрінер еді.
Ес адамның басқа жан қүбылыстарымен де (қабылдау, ойлау, қиял, т. б. ) тығыз байланысып жатады. Ол, әсіресе, ойлау үшін аса қажет. Нәрсе есте дүрыс сақталмаса, бүл жәйт ойлауға қиындық келтіреді. Ж. Аймауытов: « . . . еске түсіру өнері дегеніміз- ойлау өнері . . . Байланыстардың мәнісі - ойлау деген сөз», - дейді.
Ес туралы бірнеше теориялар бар. Енді солардың кеибіріне тоқталайық.
Ассоциациялық теория. Бүл қисынды ұсынған неміс психологтары ішінде Эббингауз бен Мюллер. Бұлардың айтуынша, есте қалдыру адамның психикалық әрекеттерінде ассоциациялық байланыстардың пайда болуымен сипатталады. Өткен тарауда айтқанымыздай, бір-біріне жақын орналасқан, не белгілі бір уақыт ішінде қосақтасқан елестеуді бірнеше рет қайталау арқылы түрлі ассоциациялық байланыстар пайда болып, олардың күші ұлғайып отырады. Заттар мен құбылыстар бір-біріне қаншама жақын болса, олардың байланыстары да мықты болады. Ал олардың аралық уақыт мөлшері бір-бірінен алшақ болса, олардың байланысы да нашар болады. Демек заттар мен құбылыстардың байланысы қаншама мықты болса, олар адамның есінде тезірек немесе көп уақытқа дейін ұмытылмай, тез еске түсіп отырады. Эббингауз адам а, б, с, д, е, т. б. осы секілді құбылыстардың бірнеше тобын қабылдайтын болса, онда жаңағылардың бейнелері пайда болып, бір-біріне байланысып отырады. Осылардың ішінде «а» мен «б» өте жақын болғандықтан, олардың әсер етуден пайда болатын елестердің де байланысы күшті, берік болады. Ал енді объектілер бірінен-бірі алыстаған сайын, заттар мен нәрселердің қашықтығы ұзай бастайды. Сондықтан «а» мен «б», «б» мен «с»-ның байланысы біртіндеп әлсірей береді. Әрине, адамның есінде «а» мен «б», «а» мен «е» байланысы «б» мен «с»-ға қарағанда мықтырақ болып келеді.
Мюллердің теориясы бойынша, адам материалдарды жаттауда жаттайтын заттарын бірнеше топтарға бөліп отырады. Бүған заттар мен материалдардың бірнеше мүшелері еніп, кіріп отырады. Бұл жерде олардың түрған орны адамға көбірек әсер етіп, осы арқылы адам оларды еске түсіріп, жаңғыртып отырады. Кей кезде есте қалған нәрселердің қай уақытта және қай жерде еске түскені, ол нәрсенің орнын еске түсіру материалдар мен заттарды еске түсіруді жеңілдетіп отырады. Әсер етуші заттардың бірімен бірінің байланысы, олардың әсері арқылы пайда болатын елестердің байланысы, есте қалатын заттардың орны арқылы еске түсіп отыруы, ес процесінде елеулі орын алады. Бірақ адамның есі жалғыз осы шарттарға тәуелді емес, бұларды абсолюттендірудің де қажеті шамалы. Ес туралы теориялардың екінші тобына Гештальт психологиясының айтқан қисындары жатады. Осы бағыттың көрнекті өкілі Коффканың айтуынша, ес мәселесі қабылдаудың формалы структура, «жүйелі», «ұйыстырулы» фон дейтін проблемасымен астарласып жатады.
Сыртқы дүниедегі заттардың әсерінен мида әр түрлі іздер қалады. Олар заттың мазмұн-мағынасын ашатын образдар, суреттер емес, тек әсер етуші заттардың сыртқы көрінісін, формасын, структурасын белгілеп отыратын іздер. Бұлар бір қалыпта тұрмайды, әр кез өзгеріп отырады. Ес те қабылдау сияқты сыртқы дүниедегі заттардың мазмұн-мағынасын адам санасына сәулелендірмейді, жалғыз ғана олардың қалдығын, формасын структуралап белгілейді. Бүл пікірдің де сыңаржақ екендігі байқалады.
Француз психологы Бергсон «екі ес» туралы теориясында адамның екі есі бар, оның бірі - тән есі, яғни қимыл - әдет есі дейді, екіншісі - рухани ес, яғни рух есі. Оның айтуынша, тән есі адам миы жүмысымен байланысты. Рух есі мимен байланысты емес, ол - мисыз емес. Ол тек қана сананың таза қасиеті, өйткені сыртқы дүниенің әсерімен байланыспайтын өзінен-өзі іштен, санадан шығып пайда болатын ес. Естің осы екі түрі біріне - бірі қарама-қарсы болып келеді. Тән есі өте төменгі қарапайым ес болып саналады да, рух есі-өте жоғары сатыда түрған күрделі, ол тән есін билеп отыратын, соған үстемдік жүргізіп отыратын ес.
Қылық психологиясы (Уотсон, Торндайк т. б) шартты рефлекстердің, дағдылардың пайда болуымен тектес. Бүлардың пікірінше ес те, әдет те «үйрену» деген проблемаға енгізіледі. Биховиотистер естің жалғыз ғана физиологиялық негіздеріне ерекше мән беріп, естің айрықша өзгешеліктерін, сипаттарын басқа психологиялық функциялардың арасындағы орнын дұрыс ажырата алмайды.
Ес туралы тағы бір теорияның айтуынша, адамның есі материяның биологиялық функциясы болып саналады. Демек барлық органикалық материяда олардың биологиялық функциясына орай естудің түрлі деңгейлері болады. Физиолог Геринг пен психолог Симонның есту мнемоникалық теориясына негіз салды. Симонның айтуынша, әсер етуші заттар мен құбылыстар адамның миына әсер етіп, түрлі-түрлі органикалық іздер қалдырады. Осыны Симон «мнема» деп атайды. Оның пікірінше, органикалық дүниеде еске ұқсас кейбір көріністер кездеседі. Бірақ бұларда адам есіне тән (қажетінде еске түсіру, танып білу, сақтау т. б) сияқты функциялар болмайды. Расында адам есіне ұқсас әрекеттер хайуанаттар түгіл, құрт-құмырсқалар мен жәндіктерде де ұшырайды. Түрлі жолмен әсер етіп, олардың тіршілігін қалағанымызша өзгертуге де болады. Мысалы, құрбақа сияқты қабығы қатты кішкене жәндікке тәжірибе жасалынған. Зертеуші толқынның күшімен құрбақа судың жиегіне шығып қалып өліп кететінін көрген. Кейін ол жаңағы жәндіктің сыртта сусыз қалу уақытының мөлшерін ұлғайтады. Бұрын судан шыққаннан кейін-ақ жәндік өліп қалса, енді ол сусыз біраз уақытқа дейін өмір сүре алатын болған.
Енді бір оқымысты инфузориялардың біріне тәжірибе жасап, олардың тіршілік әрекетін байқап көрген, Ол өсімдіктерді қараңғы жерде ұстау арқылы жоңышқа, қызғалдақ секілді т. б гүлдерді өз жапырақтарының ашылып-жабылуын түрлі уақытқа «үйреткен». Тағы бір ғалым акация түрлеріне тәжірибе жасап, оларды қараңғы жерде ұстап, кейде оған жарық сәулелерін түсіріп, оның гүлдерінің солып, не ашылуының уақыт мөлшерін өзгертіп отырған. Ол акация жапырақтарының ашылып-жабылуына 18, 12, 6, 3 сағатта қайталап отырған. Осы жоғарғы айтылған фактілерге қарағанда, төменгі сатыда тұрған жәндіктер мен өсімдік әрекеттерінің өзгеріп отыратындығын көрсетеді.
Мәдени-тарихи теория. Бүл теорияға негіз салушы - орыс психологы Л. С. Выготский. Ол адамның барлық психикалық әрекетін, сонымен бірге есін екіге бөледі. Мүның біріншісі табиғи анайы ес, екінші түрі - мәдени ес. Выготский табиғи анайы ес алғашқы адамдарда және осы кездегі мәдениеті кейбір себептермен артта қалған елдердің адамдарында болады. Табиғи ес, ол адамның жаратылысынан пайда болатын, заттар мен болмыстарды тікелей есте қалдыратын, оларды есте қалдыруда ешбір құрал-саймандарды қолданбайтын ес.
Мәдени ес мәдениеті алға кеткен, өркениетті елдерде болады. Ол түрлі құрал-саймандарда қолданудан көрінетін, мазмұны бай, жабайы еспен салыстырғанда жоғарғы сатыда түрған ес.
Естің биохимиялық теориясы. Ес механизмін нейрофизиологиялық дәрежеде зерттеу мәселелері осы кездегі биохимиямен ұштасады. Осы бағыттағы зерттеу нәтижелері есте сақтау екі сатылы сипатта болады деген жорамал жасайды. Бұл жорамал бойынша алғашқы сатыда тітіркендіргіштер тікелей әсер еткеннен кейін мида электрохимиялық қысқа реакциялар пайда болып, олар клеткаларда физиологиялық өзгерістерге ұшырайды. Екінші сатысында бірінші саты негізінде биохимиялық реакция пайда болып, жаңадан протейндер дейтін белокты заттар құрайды. Бірінші саты тек секунд, минуттарға созылады. Ол естің қысқа мерзімді физиологиялық механизмі. Ал екінші сатыда клеткаларда химиялық өзгерістерге ұшырайтын заттар ұзақ мерзімде есте сақтаудың механизмі болып табылады.
Мұндай жорамалдардың шындығын анықтау мақсатымен сабауқұйрық тышқандарға арнайы тәжірибе жүргізілген. Адам есінен уақытша танып қалғанда, науқастанбастан бұрын көрген-білгендерін ұмытып қалатыны мәлім. Бұл жайт адамдарға қысқа мерзімде әсер еткен нәрселердің ізі -электрохимиялық реациялардың биохимиялық өзгерістерге жетпей, басылып қалатындығын көрсетеді.
Естің химиялық теориясын қолдаушылар есте сақтаудың физиологиялық негізі клеткалардағы нуклейн дейтін қышқыл молекулаларының бөлінуімен байланысты деп санап, бұл генетикалық немесе нәсіл қуалау арқылы беріліп отырады деп есептеледі. Ал антогенетикалық не дара адамның есі рибонуклейн қышқылына байланысты делінеді. Мұның мәнін айқынырақ түсіну үшін мынадай бір мысал келтірейік. Алматы қаласынан Кеген ауданы жаққа бір самосвал машинасы кетеді. Машина сағатына 50 км жол жүреді. Сол машина 95 км жол жүргенде апатқа ұшырап, жүргізуші жарақаттанады. Жүргізуші емделіп шыққан соң, одан апатқа кімнің кінәлі екендігін сүрағанда, ол 70-75 км-ге дейінгі көргендері мен кездестіргендерін айта береді. Бірақ 75 км-ден 95 км-ге дейінгі аралықта болған оқиғаларды айта алмайды. Оның себебі - мағлұматтардың консолидация күйіне енбегендіктен, жүргізуші есіне сақталмағандығы.
Швеция биохимигі Хиденнің зерттеулері клеткаларда тітіккендіргіштерді күшейтудің РНК затын көбейтіп, ұзақ уақыт бойы химиялық іздер - қалдыратынын анықтаған. РНК өте өзгергіш; оның өзіндік өзгеруі 10-ның 15 дәрежесінен 10-ның 20 дәрежесіне дейінгі сандар арасында болып отырады. Осындай биохимиялық зерттеулер арқылы табылған жаңа мағлұматтар болашақта адамның ес процесін басқаруда үлкен жетістіктерге жетгізуі мүмкін. Адамның ес процесі - өте күрделі және адамның іс-әрекетіне орай жоғарыдан төмен қарай дамып, бүтіннен бөлшекке, организмнен мүшеге, одан клеткаға және керісінше ауысып отыратын процесс. Сондықтан, естің механизмін әр түрлі дәрежеде анықтаған зерттеу нәтижелері бір-бірін толықтырып отырады.
Естің негізгі процестері есте сақтау, қалдыру, ұстау, тану және қайта жаңғырту болып табылады.
Есте сақтау - алынған әсерлерді есте ұстауға бағытталған, есте ұстаудың алғы шарты болатын процес. Есте ұстау - мағлұматты белсене қайта өндеу, жүйелеу, жалпылау, оны игеру процесі. Қай жаңғырту мен тану бұрын қабылдағандарды қалпына келтіру процесі. Олардың арасындағы айырмашылық - тану обьектімен қайта кездескенде, қайталап қабылдағанда болады да, қайта жаңғырту объект жоқ кезде жүзеге асады.
Есте сақтау мақсатының болу, болмауына қарай ықтиярлы және ықтиярсыз болуы мүмкін. Ықтиярсыз есте сақтау - бұл ойластырмай есте сақтау. Мұнда адам есте сақтауды мақсат тұтпайды, есте сақтау үшін күш те жұмсамайды. Есте сақтауды қамтамасыз ететін арнайы тәсілдер де қолданбайды. Мағлұмат өзінен-өзі есте сақталғандай болады. Жеке өмір оқиғалары, әсіресе оның күшті әсер еткендері есте ықтиярсыз сақталады. А. А. Смирнов пен П. И. Зинченконың зерттеулері көрсеткендей әрекет мақсатымен, оның негізгі мазмұнымен байланысты нәрселер есте ықтиярсыз сақталады.
П. И. Зинченконың тәжіриебелерінде мектеп оқушыларына есте шығару ұсынылған. Тәжірибелердің бір сериясында оқушылар есепті ұсынылған шарт бойынша шығарған, екіншісінде олар есеп шартын берілген сан бойынша ойлап тауып, үшіншісінде есеп шартын да, санды да өздері ойластырған.
Кейін оқушылардан есептің шартына енген сандарды қайта жаңғыртуды талап еткен. Тәжірибе нәтижелері оқушылардың бүкіл есепті өздері құрастырған жағдайда сандарды есте сақтайтынын көрсетіп берді. Сандар әрекет мақсатымен ерекше тығыз байланыста болғандықтан есте ықтиярсыз сақталған.
Мұндай жайт оқушылар контурлы картамен жұмыс жасағанда да байқалады. Мысалы, мұғалім олардың алдына контурлы картадағы дөңес пен ойпаң жерлерді түрлі-түсті қарындашпен белгілеу мақсатын қояды. Осы жұмыс процесінде мектеп оқушылары өзендердің ағысының бағытын, тау, көл, теңіз, қалалардың орналасуын есте ықтиярсыз сақтайды.
Ықтиярлы есте сақтау - мағлұматты есте сақтауға саналы мақсат қойылуымен сипатталады. Ол үшін жаттау процесі ұйымдастырылып, ерік- күші жүмсалады. Жаттау процесінде есте сақтауға көмектесетін негізгі ойды бөліп қарау, жоспар жасау, қайталау және сол сияқты арнайы тәсілдер қолданылады.
Басқа белгі бойынша ес негізіне жататын байланыстар сипаты бойынша есте сақтау механикалық және мағыналық болып бөлінеді.
Механикалық есте сақтау көп рет қайталау арқылы сыртқы байланыстарды нығайтуға негізделген. Мағыналық есте сақтау жаңа мағлұмат пен бұрыннан таныс мағлұматтар арасында мағыналы байланыс жасауға негізделген. Жеке бөлшектер талдауға түседі және жалпыланады. Мағыналық есте сақтау тезірек және тұрақтырақ болып табылады. Кейде тек қана мағыналық есте сақтау жеткіліксіз болып, мағыналылық та, механикалық та есте сақтауды пайдалану, яғни мағлұматты түсінген соң оны көп рет қайталау қажеттілігі туады. Оқыту процесінде механикалық есте сақтауға сүйенбей өту мүмкін емес.
Есте сақтау беріктігі көптеген себептерге байланысты.
Есте сақтау жеке адам қасиеттеріне, оның мүддесі мен бір нәрсеге бейімділігіне тәуелді болады. Есте адамның мүддесіне сай нәрсе сақталады да, ол үшін маңызы шамалы, бәрі бір нәрселер ұмытылып қалады.
Есте сақтау жаңа біліммен ұштастыруға қажетті білім қоры болса, сәттірек болады. Білім кемістігі кезекті мағлұматты үғынуға мүмкіндік бермейді. Еске білім ғана емес, сондай-ақ ес те білімге тәуелді.
Есте сақтаудың табысты болуына адамның алдында түрған мағлұматты текске таяу немесе «өз сөзіңмен айтып беретіндей» сол ізбен немесе басқаша есте сақтау мақсатыда әсер етеді. Мақсатқа сәйкес жаттау, сананы қайта жаңғыртуды дәл етуге бағыттағанда жеке фразалар мен сөздер ойша қайталанатын болып, қайта жаңғыртудың бір ізділігі көзделген жағдайда мағыналы байланыстар жасалып, мағлұматтың логикасы ой елегінен өтіп, әр түрлі ұйымдастырылады. Есте сақтау беріктігіне сана бағытының да маңызы бар. Егер мектеп оқушысының білімді берік игеру, ұзақ есте сақтау ниеті болмаса, материал тек келесі сабақ үшін жатталады да тез ұмытылып қалады. Мұны болдырмау үшін бұрын алған білімді жүйелі түрде тексеріп, оқушыларды жаңа материалды игеру процесінде қажет болатын нәрсені арнайы қайталамай-ақ қайта жаңғыртып отыруға үйрету керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz