Ақша саясаты



ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері, несие механизмінің мазмұны және несие саясаты, оның элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 . 10
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері, несиелеудіұйымдастыру принциптері және несиелеу әдістері. ... ... ... ...11 . 15

ІІ. ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША . НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Ақша төлемі және аударымды жүзеге асыру тәсілдері ақша.несие саясатын жүргізудегі аспектілер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 . 18
2.2 ҚР.ның ақша.несие саясатының қазіргі даму ерекшеліктері ... ... ... ... .19 . 21

ІІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША.НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1 ҚР.ның ақша.несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен тапсырмалары.22 . 25
3.2 ҚР.да ақша . несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық Банкінің ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 26 . 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 33

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2
І. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері, несие механизмінің
мазмұны және несие саясаты, оның
элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3 – 10
1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері,
несиелеудіұйымдастыру принциптері және несиелеу әдістері. ... ... ... ...11
– 15

ІІ. ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ 
2.1 Ақша төлемі және аударымды  жүзеге асыру тәсілдері ақша-
несие саясатын жүргізудегі 
аспектілер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16 -
18
2.2 ҚР-ның ақша-несие саясатының 
қазіргі даму ерекшеліктері ... ... . ... ... 19 – 21

ІІІ. ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
3.1 ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен
тапсырмалары.22 – 25
3.2 ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі Ұлттық
Банкінің
ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... . 26 – 31

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 32

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... 33
КІРІСПЕ

Ақша – несие сясаты ақша, несие және банктердің атқаратын қызметтеріне
байланысты туындайтын ақша қатынастардың ерекше жүйесін зерттейді.
Курстық жұмыста ақша-несие саясатының ерекшеліктері және келесідей
сұрақтар қарастырылған:
– ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері;
– ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері;
– несие саясаты, оның эелементтері;
– несие механизмінің дамуы;
– несиелеуді ұйымдастыру принциптері;
– несиелеу әдістері;
– ҚР-ның ақша-несие саясатының қалыптасу негізі, мақсаты мен
тапсырмалары;
– ҚР-да ақша – несие жүйесінің қызметі мен оны жетілдірудегі
Ұлттық Банкінің ролі.
Ақша және несие теориясы бір орталықтан жоспарлау жүйесінен – нарықтық
қатынастарға өту кезеңіндегі ақша айналымы және несиелеуді ұйымдастыру
тәжірибелерімен тығыз байланысты. Ақша және несиенің өзіндік ерекше
белгілерін, олардың қоғам мен экономиканы қайта құрудағы ролі мен қызметін,
сондай-ақ басқа да экономикалық категориялармен өзара әрекетін атнып
білудің өзі қаржы-несие мекемелерінің ақша-несие саясаттарының ғылыми
негізін анықтайды.

І. АҚША САЯСАТЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
1.1 Ақша саясат туралы түсінік, оның даму кезеңдері, несие
механизмінің мазмұны және несие саясаты, оның элементтері.

Әрбір мемлекеттің өзіне тән ұлттық ақша саясаты болады.
Ақша саясаты – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық
заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша саясаты 16-17
ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның
кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған.
Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша
саясатына өзгеріс енгізді.
Ақша саясатының типі: ақша – ерекше тауар ретінде жүруіндегі яғни
жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін
атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша саясатының
төмендегідей элементтері кездеседі:
- металл ақша айналысы, бұл жерде ақша тауары, яғни толық құнды
ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін
орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады.
- несие ақшалары және қағаз ақша айналысы. Бұл жерде атына сай,
айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата
ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған
металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып
бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде биметаллизм ақша жүйесі пайда болып,
одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті.
Биметаллизм – ол мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент ролін
алтын мен күміске бекіткен ақша жүйесі. Алтын және күміс монеталар кең
көлемде соғылып, еркін айналысқа түсті, биметаллизмнің үш түрі болды:
– параллельді валюта жүйесі, алтын және күміс монеталар
арасындағы қатынас металдың нарықтық бағасына сәйкес стихиялы
түрде бекітілді;
– қосарлы валюта жүйесі, бұл қатынасты мемлекет анықтады;
– ақсақ валюта жүйесі, күміс монеталар алтын белгісі болып
қалыптасты.
Ақша ретінде екі металдың қолданылуы жалпыға ортақ эквивалент
табағатына қарама – қайшы болды. Алтын мен күміс арасындағы шекті қатынасты
белгілеуде қиындықтар туды. Қосарлы ақша жүйесін мемлекетаралық реттеу
нәтижесіз болды. Күмістің құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар
айналыстан қазынаға кете бастады.
Монометаллизм – жалпыға эквивалент ролін бір ғана металл (не алтын, не
күміс) атқаратын ақша жүйесі. Алтын монометтализмі алғаш рет Ұлыбританияда
1816 ж., Германияда -1871-1873 жж., Францияда -1876-1878 жж., Ресей мен
Жапонияда 1897 ж., АҚШ-та -1900 ж. белгіленді. Күміс монометаллизм Ресейде
1834-1852 жж., Үндістанда 1852-1893 жж., Нидерландфыда 1847-1875 жж.
қолданылды.
Құн белгілерін алтынға айырбастау сипатына байланысты алтын
монометаллизмі үш түрге бөлінді:
– алтын монета стандарты, оған алтын монетасының айналысы,
алтынның ақша қызметін атқаруы, құн белгілерінің еркін алтын
монеталарға өсу құны бойынша айырбасталуы және т.б. тән.
– алтын құйма стандарты – Ұлыбритания мен Францияда енгізілді.
Мұнд банкноталар заңмен бекітілген сомманы (Ұлыбританияда -1700
фунт стерлинг, Францияда 215 франктың құны 12 кг массасындағы
стандарт құймасының бағасына сәйкес келеді) ұсынған жағдайда
алтын құймаларына айырбасталды.
– алтын девиз стандарты – Германияда, Австралияда, Данияда,
Норвегияда және басқа елдерде бекітілген. Бұл банкноталардың
алтынға, шетел валютасына (девизіне) айырбасталатынын
білдіреді. Сөйтіп, бұл стандарт бір елдің валюталы басқа елдің
валютасына тәуелділігін көрсетті.
1929-1933 жж. дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың нәтижесінде алтын
монометаллизмнің барлық формалары жойылды. Алтынға айырбасталмайтын
несиелік ақшалардың жүйесі бекітілді. Банкнотаның алтынмен қамтамасыз
етілуі және оны алтынға айырбастау капиталистік елдердің барлығында
тоқтатылды. Сөйтіп, 1972 ж. шетел орталық банктері үшін АҚШ долларын
алтынға айырбастау да тоқталды. Ақша эмиссиясын қамтамасыз етуінің негізі
мемлекеттің бағалы қағаздары болды.
Алтын айналысынан айырбасталмайтын несиелік ақшалар жүйесі, ақша
бірлігі құндарының қалыптасу механизміне қарай айырбасталды. Несиелік
ақшалардың номиналдық құны оның нақты құнынан біршам асап тұрады.
Эмиссиялық жүйені реттеу ашық нарықтағы операциялар, міндетті резервтер
нормасы, пайыз мөлшерлемесі, ақша-несиенің басқа да әдістері арқылы, қаржы
және валюта саясатының көмегімен жүзеге асырылады.
Айырбасталмайтын несиелік ақшаларға өту ақша жүйесінің іргетастық
қағидаларының, яғни ақша айналымының объективтік қажеттілігінен артық
айналысқа ақша шығаруды шектеу қағидаларының бұзылуына әкеліп соқты.
Шаруашылық механизмінің құрамдас бөлігі ретіндегі ақша жүйесі қоғамдық
ұдайы өндіріс процесіндегі сәйкесіздіктерге жауап қайырады. Кез келген
сәйкессіздіктер ақша жүйесінің тұрақсыздығына, ақырында ақшаның
құнсыздығына, инфляцияға әкеп тірейді.
Өркениетті мемлекеттердің тәжірибесінде несие саясаты туралы екі түрлі
ұғым қалыптасқан: біріншісі – несие – есеп қатынастары, оның түрлері мен
несиелеу әдістерінің жиынтығы; екіншісі – несие –қаржы институттарының
(мекемелерінің) жиынтығы. Несие қатынастары қарыз капиталының қалыптасуымен
оның жұмсалуынан туындап, несиенің барлық формалары мен түрлерін қамтиды.
Несие саясаты несие – қаржы мекемелерінің жиынтығы ретінде жеке және заңды
тұлғалардың уақытшұа бос ақшаларын есеп шоттарда шоғырландырып, оларды
кәсіпорындарға, үкіметке және халықтың әр түрлі топтарына қарызға береді.
Несие саясатынан несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының
мазмұнын несие мекемелерінде әр түрлі субъектілердің уақытша бос ақш
капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және
белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге
несие саясаты мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының
экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы
өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие саясаты арқылы
кәсіпорындардың, ұйымдардың, және халықтың ақшалы есеп айырысуы мен
төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық,
инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операциялар өтеді.
Несие саясатының маңызы мен ел экономикасындағы ролі біраз
көрсеткіштермен, атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен,
кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын
қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және
т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір
кезеңге және қоғамдық – экономикалық формацияның өзіне тән несие саясатының
құрылымы болады. Мысалы, 20 ғасырдың 20 жылдарынан 90- жылдардың бас жағына
дейін КСРО-да жоспарлы – орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң
орталықтанған несие саясаты құрылды.
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі,
өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен
дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие саясатында
көптеген өзгерістер кездеседі.
Олар: Біріншіден, банк капиталының шоғырлануы мен орталықтануы
нәтижесінде банк монополиясының пайда болуы: 19 ғ. аяғы 20-ғ. басында әр
мемлекеттерде ақша капиталының көп бөлігін жинақтаған ірі банктер бөлініп
шыға бастады. Бұл ірі банктер қарыз капиталының нарығында үстемдік етті.
Олардың капиталының мөлшері ірі клиенттерді және жинақ салушыларды өзіне
тартып, нәтижесінде үлкен табыс табудан өсті. Несие саясатында ірі
банктердің үлесінің өсуі тек операция жүргізумен ғана емес, сонымен қатар
капиталдардың бірігуінің интенсивті процесіне байланысты болады.
Екіншіден, әр түрлі несие мекемелері арасында бәсекенің күшеюі. Банк
монополиясы мен несие қатынастарының өркендеуі қарыз капиталының нарығында
бәсекені өршіте түсті. Бәсеке біртектес және әр түрлі несие мекемелерінің
арасында жүреді. Мысалы, коммерциялық банктер, немесе сақтандыру
компаниялары өзара бәсекеге түседі. Бәсеке нәтижесінде ірі компаниялар ірі
мөлшерде несиені оңай алып, кәсіпорындарды өз ықпалында ұстау үшін несиені
жеңілдікпен береді. Ондай жеңілдіктер несие алудың жағдайларына жасалады.
Бірақ банк қызметіне бұрынғысынша жоғары тарифтер мен проценттік төлем
ақысы сақталады. Сондай-ақ клиенттерге банк қызметінің қосымша түрлері
көрсетіледі.
Үшіншіден, банк капиталы мен өнеркәсіп капиталының бірігіп қаржы
капиталын құруы. Өнеркәсіп пен банк ісінде монополиялардың пайда болуы және
олардың бірігіп жұмыс жүргізуі қаржы капиталының құрылуына негіз болды.
Себебі банктік несие - өнеркәсіпті несиелеудің басты көзі. Банктік несие
өнеркәсіп компанияларының тағдырын қаржы қажет болған кезде несие берумен
шешіп отырады. Сөйтіп, несие беруші мен қарыз алушының байланысы негізінен
төмендегідей тұрғыда жүргізіледі: өнеркәсіп компанияларына банктердің несие
беруі; ағымдағы және есеп айырысу операцияларын жүргізуі; эмиссиялық
құрылтайшы операциялары және акция иемдену жұмыстары.
Төртіншіден, несие жүйесіндегі құрылымдық өзгерістер. Арнаулы несие –
қаржы мекемелерінің дамуы мен олардың жұмыс масштабының ұлғаюы қаржы
капиталы нарығындағы банк ісінің кеңеюіне жол ашып, несие жүйесінің
құрылымдық өзгерістеріне әкеп соқтырды. Несие жүйесінде жаңа буындардың
пайда болуына байланысты ресурстар мен операциялардың жиынтық сомасында
коммерциялық банктердің үлесі төмендеді. Капиталын иемденуіне қарай банктер
және несие – қаржы мекемелері мемлекеттік және жеке болып екіге бөлінеді.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік
реттеудің ұлғаюына байланысты. Дегенмен, экономикаға несие – қаржылық, ақша-
есеп және т.б. қызмет түрлерін көрсететін негізінен жеке несие мекемелері.
Қазіргі несие жүйесі күрделі, әр көпбуынды құрылым. Егер несие
мекемелерінің клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін негізге алғанда несие
жүйесі үш элементтен құрылады: орталық банк, коммерциялық банктер және
маманданған несие – қаржы институттары.
Несие саясаты несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске асыру
құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелі процесті ұйымдастыру принциптері
мен тәртібін белгілейді. Несие саясаты несие механизмі көмегімен жүзеге
асырылады.
Жалпы несие саясаты мынадай сипатта болуға тиіс:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға
мүмкіндік береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен
нұсқаулықтарды қамтитын құжаттардан тұрады.
Несие саясаты несиелік қызметтің келесідей негізгі бағыттарын
анықтауға мүмкіндік береді (сүрет 1).

Сүрет 1 - Несие саясаты арқылы анықтайтын несиелік қызметінің
бағыттары
Несие саясаты несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды,
өз кезегінде, несие саясатының қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады. Несие саясатында мынадай элементтер
көрсетілуге тиіс:
– несиелік қызметті ұйымдастыру;
– несиелік портфельді басқару;
– несиелеуге бақылау жасау;
– құзыретті бөлу принциптері;
– несиелеуді таңдаудың жалпы критерийлері;
– несиелеудің жекелеген бағыттары бойынша шектеулер;
– несиелермен жасалатын ағымдық жұмыстардың принциптері;
– несиелер бойынша зиян шегу жағдайларына резерв жасау.
Іс жүзінде несие саясатын іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі
бір формада, яғни соған сай келетін мынадай үш құжат түрінде көруге болады:
1) несиелеу саясаты;
2) несиелеу стандарты;
3) несиелеу нұсқаулықтары.
Сондай-ақ аталған үш құжат ерекше бір құжатта – Несиелік саясат
бойынша жетекшілік ету біріктіріледі.
Несие саясатында несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер жұмыскерлерінің
қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу стандарты,
несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты – бұл несиелік қызметті жүзеге асыратын барлық
қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартына мынадай сұрақтар қарастырылады:
– қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау
тәртібі;
– несиенің кепілхаттар және кепілдемелермен қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар;
– әкімшілік стандарттар және несиелік процесті ұйымдастыру
ережелері;
– қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
– құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
– несиелеудің айрықша түрлері бойынша ережелер.
Несиелік нұсқаулық несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритімін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді.
Басқаша айтқанда, ол несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады.
Жалпы, несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпараттар жинау
және несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит,
несиелер бойынша мүмкін болар зиян процесін қамтитын несиелік процестің
барлық кезеңдері көрсетіледі.

1.2 Ақша жүйесі, оның элементтері және негізгі типтері
Жалпы мемлекеттік заңдармен реттелген елдегі ақша айналысын
ұйымдастыру ақша жүйесі болып табылады.
Ақша жүйесі келесі элементтерден тұрады:
Ақша бірлігінің атауы. ҚР-ның ақша бірлігі ретінде 100 тиыннан
құралған 1 теңге болып табылды.
Ақа белгілерінің түрлері. Егер 1991 ж. 1 қаңтарына дейін айналыста
қазыналық билеттер, онда қазіргі кезде ҚР ақша белгілері болып олардың өсу
құны бойынша төлемнің барлық түрлеріне қабылданатын банкноттар мен
монеталардан құралады. Олар Ұлттық банктің міндеттемесі болып табылады және
барлық активтермен қамтамасыз етіледі.
Эмиссия тәртібі. Қолма-қол ақшаларды шығарып, олардың айналысын
ұйымдастыру және айналыстан шығаруды Ұлттық банктің қолма-қолсыз ақша
эквивалентін алумен банкнота мен монеталарды сату формасында жүзеге
асырады.
Ақша түрлері. Заңды тқлем құралы болып табылатын: қағаз және несие
ақшалар.
Валюталық бағам дегеніміз – бұл басқа бір елдің ақша бірлігіне қатысты
бейнеленген сол елдің ақша бірлігінің бағасы.
Әлемдік тарихта ақша жүйесінің келесі типтері болған:
- металдық айналым, мұнда ақшалай тауар ақшаның барлық қызметін
атқарады, ал несие ақшалар металға айырбасталады;
- несие және қағаз ақша айналысы, мұнда алтын айырбастамайтын
банкнотамен айналысатын ығыстырылып шығарылды және қазынаға
айналды.
Несие механизмі – нарықтық қатынастарға сай экономиканың тиімді дамуын
қамтамасыз ететін несие түрлерінен, несиелеу принциптерінен, несиелеу
әдістері мен тәсілдерінен және несиелік тәуекелді басқарудан тұратын
экономикалық механизмнің құрамдас бөлігі.
Қазіргі несие механизмі экономикалық механизмнің бір бөлігі ретінде
бола отырып, іс жүзінде несие қызметінің жүйесін нақты және кешенді түрде
бейнелейді. Нарықтық экономика жағдайында несиенің дамуы және қызмет етуі
үшін пайдаланылатын несиелік механизм өзінің негізі және құрылымы бойынша
объективті сипатқа ие. Олай болмаса несиелік механизм несиенің экономикалық
категория ретіндегі қызмет етуін жеткізе және тура бейнелей алмай, сондай-
ақ оның қозғалысының объективті негізінен айырылып қалар еді.
Несие механизмі несиелеуді экономикалық ұйымдастыру қатынастарының
белгілі бір қабатын, яғни несиелік қатынастардың жоғарғы буынын білдіреді.
Мұндағы буын ретінде несиенің объективті сипатын және несиелік қатынастарды
ұйымдастыруға байланысты шаруашылықтың субъективтік қызметінің өзара іс
әрекеті түсіндіріледі.
Несиелік механизмге несиенің мазмұны және өзіндік ерекшеліктерін
сипаттайтын қатынастар және олардың пайда болу әдістері, тәсілдері және
формалары жатады. Соңғылары несиелік қатынастардың мәніне жатпағанымен де,
олар несиелік іс-тәжірибені сипаттайтын процеске жақын немесе оның үстінде
қалыптасады.
Несиелік механизмнің басқа экономикалық механизмдер сияқты мынадай
құрылымдық элементтері болады (сүрет 2).

Сүрет 2 - Несиелік механизмнің құрылымдық элементтері

Несиелеу принциптері несиенің мәнін және қызметтерін, сондай-ақ
несиелік қатынастарды ұйымдастыру облысындағы объективті экономикалық
заңдардың талаптарын бейнелейді.
Несиелеу принциптері негізінде несиелік процесс, яғни банктік
несиелердің берілуі, пайдаланылуы және қайтарылуы жүзеге асырылады.
Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты
шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы
шеңберінде қатынасу нәтижелілігі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері екі топқа
бөлінеді:
1 топқа – жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
– несиенің мақсаттылығы;
– несиенің дифференциалдығы.
2 топқа – несиенің мәнін бейнелейтін принциптер:
– несиенің мерзімділігі;
– несиенің қайтарымдылығы;
– несиенің төлемділігі;
– несиенің қамтамасыз етілуі.
Қазіргі несиенің дифференциалдық принципінің мазмұны өзгерген десе
болады. Біріншіден, ол мерзімділік принципімен байланысады, яғни несие
уақытында қайтара алатын шаруашылық органдарына беріледі. Сондықтан да
несиелеудің дифференциялануы тек несиелік қабілетті сипаттайтын
көрсеткіштер негізінде ғана жүзеге асырылады. Екіншіден, бұл принцип
несиелік келісім жасалғанға дейін және банктер несиелік ресурстарға деген
сұранысын оқып-үйрену барысында потенциалды қарыз алушылардың несиелік
қабілетін және сұралып отырған несиенің қамтамасыз етілу сипатын және
олардың банк үшін пайдалылығын, сондай-ақ қаражаттардың жұмсалу ұзақтығын
жетекшілікке ала отырып, бастапқы несиені орналастырғанға дейін іске
қосылады. Үшіншіден, несиелік қабілеттілігіне байланысты несиелеудің
дифференциалануы, оның өткен жүйедегі вариантымен салыстырғанда қаталдау
болып табылады.
Экономикасы жақсы дамыған елдердегі қарыз алушының жағдайы жақсы болып
келген жағдайларда несие қамтамасыз етілмеуі де мүмкін.
Кепіл несиені қамтамасыз етудің ең тұрақты формасы ретінде мынадай
шарттарды сақтайды: біріншіден, кепілдің құнын анықтау барысында несие
мөлшері мен пайыз мөлшерлемесін қоса алғандағы сомасын, сол сияқты кепілді
іске асыруда және оны ақшаға айналдыру үшін уақытты дурыс анықтау қажет;
екіншіден, кепіл туралы келісім жасаған кезде, барлық заңдылық жақтарын,
құқылығын, міндеттілігін тексере отырып, тұрақты және заңды түрде қорғалуын
қамтамасыз ету қажет; үшіншіден, бүгінгі жағдайға сай, қарыз алушының
иелігінде болатын кепілдің тұрған жерін, жағдайын, құндылығын үнемі бақылап
отыру қажет. Бұл айтылған жағдайлар көбіне бағалы қағаздарға да байланысты
болып келеді.
Несиелерді қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиелерді сақтандыру.
Бұл енді біздің тәжірибемізде кезінде қолданылғанымен де, оның айналысында
көптеген мәселелер орын алуда.
Несиелеу әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорындардың қаражат айналымының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық тәжірибеде несиелеудің екі
әдісі қолданылған:
- қалдық бойынша;
- айналым бойынша.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы несиеленетін
құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болды. Ондай құндылықтарға: әр
түрлі тауарлы-материалды құндылықтар, аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі
шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Қорлардың
нормативтен жоғары өсуі несиеге деген сұраныс тудырып, ал олардың азаюы
несиенің сол мөлшерде қайтарылуын талап етті.
Айналым бойынша несиелеу әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы
материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардың түсу және жұмсалуына
байланысты анықталады. Бұл несиелеу әдісінде жаңа несиенің берілуі мен
бұрын берілген несие бойынша қарыздың қайтарылуы уақыт бойынша ұштасып
қалып отырды.
Айналым және қалдық бойынша несиелеудің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым – қалдықтық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несиеге деген қажеттіліктің туындауына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие тауарлы
– материалды құндылықтарды кепілге алып, шығындар айналымының бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде, несие клиенттің банк алдындағы
мерзімді міндеттемелері негізінде өтеледі.

ІІ. ТӨЛЕМ АЙНАЛЫМЫ ЖӘНЕ АҚША – НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Ақша төлемі және аударымды  жүзеге асыру тәсілдері ақша-
несие саясатын жүргізудегі  аспектілер.  
Бағалардың ұтымды жүйесін қалыптаст ыру  қатаң ақша –несие және икемді 
салық саясатын көздейді. Мемлекет  тапшылықсыз бюджетті қамтамассыз ету
үшін және инфляцияға қарсы күрестің барлық шараларын қолдануға міндетті.
Бұл шараларда мемлекеттік шығындарды қысқартудың, ақылға сиымды шеңберде
бюджеттің салық базасын ұлғайтудың, ең әрі кеткенде халық шаруашылығының
барлық салаларындағы тиімсіз өндірістерге жәрдемақы беруді шұғыл
қысқартудың өзара байланысты қадамдары көзделінеді. Ал мұндай шаралар өнім
өндірушілердің ешқайсысын да жігерлендірмейді. Мемлекеттік бюджеттен онда
да ақша басатын станоктың жұмысы есебінен қаржы алуға және беруге арқа
сүйеу әлде қайда жеңіл сияқты. Ал дербес өзіндік шаруашылық қызметінің
нәтижелері үшін толық жауап беретін бола тұра өндірісті дамытуға, өз
қызметкерлерін материалдық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша несие саясаты мақсаттары мен құралдары
Қазақстан Республикасыдағы ақша.несие саясатын жүргізу ерекшеліктері
Банк жүйесі. Ақша-несие саясаты
Экспанциондық ақша - несие саясаты
Ақша-несие саясаты жайлы
Ақша-несиелік реттеу саясаты
Ақша базасы - Ұлттық банк шығаратын ақша
Мемлекеттің ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Ақша-несие саясаты туралы ақпарат
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Пәндер