Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

73 бет

«Қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І . ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде ғалымдардың ой-пікірлері
  2. Мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі бағыттары.

II. ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ

АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1. Қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке

тәрбиелеудің жолдары

2. 2. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудегі педагогикалық

тәжірибе

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КIРIСПЕ

Зерттеудiң көкейкестiлiгi: Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында ғылыми-техникалық жаңалықтарды меңгеру мен ұлттық мәдени мұраларды жандандыруға ерекше көңiл бөлініп отыр. Қоғам дамуының жаңа кезеңінде жеткіншектерге ұлттық-патриоттық рухта тәрбие берудiң сапалық деңгейiн көтерiп, адамгершiлiк түсiнiктерi мен ұғымдарын тәрбиелеудi бiлiм беру мекемелерi мiндет етiп қойып отыр.

Қазақстандағы жалпы бiлiм берудi реформалау жүйесiнiң жүзеге асырылуы республикамыздың тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасу жағдайында үлкен қоғамдық маңызға ие болып отыр. Елiмiздiң жаңадан қабылданған Конституциясында жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен ғылымды қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру жөнiнде мәселе көтерілген. Қазақстан Республикасының Конституциясы қоғамның негізгі құндылығы ретінде адамды, оның өмірі, құқығы мен бостандығын белгілейді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында: «Жеке адамның шығармашылық, рухани дене мүмкіндіктерін дамыту адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектілігін байыту - қазіргі білім беру жүйесіндегі басты міндеттердің бірі», - деп орынды айтылған [1] .

Осыған орай, «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндетi - ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практиканың жетiстiктерi негiзiнде жеке тұлғаны қалыптастыру және дамыту үшiн қажеттi жағдайлар жасау», - деп Қазақстан Республикасы Бiлiм туралы Заңы бiлiм беру саласының алдына үлкен мiндеттердi жүктейдi [1; Б. 10] .

Елбасы Н. Ә. Назарбаев өзiнiң Қазақстан халқына Жолдауында: « . . . оқушыларды қазақстандық патриотизм шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретiнде тәрбиелеу аса қажет . . . ұлттық мiнез-құлық, биiк талғампаздық, тәкәппарлық, тектiлiк, бiлiмдiлiк, биiк талғам, ұлттық намыс қасиеттерiн сiңiрiп қалыптастыруымыз керек», - дегенi мәлiм [2] .

Жас ұрпақтың адамгершілік тұрғыда азамат болып қалыптасуы, ұзақ мерзімді оқу-тәрбиенің негізінде білім мен тәрбие негіздерін игерту ордасы - мектепте өтеді. Мектеп қабырғасында игерілетін білім мазмұны, оқушылардың ғылым негіздерімен қоса тәрбие заңдылықтарын да қамтиды. Тәрбие қоғам мәдениетін жасаушы, әрі сақтаушы, әрі оны келер ұрпаққа жеткізуші басты құралдардың бірі. Сонымен бірге, тәрбие беру арқылы тұлғаның іштей түлеуіне мүмкіндік бере отырып, оны рухани құндылықтарды жасауға, насихаттауға жетелейді.

Міне, сондықтан жалпы білім беретін орта мектептің түпкі стратегиялық нысанасы мүлде жаңаша, шығармашылық тұрғыдан ойлай алатын, танымдық мәдениеті биік адамдардың жаңа легін, дүниеге мәдени тұрғыдан жоғары жауапкершілікпен қарай білетін, біліктілігі жоғары азаматтарды қалыптастыру идеясы болуға тиіс.

Сондықтан жеке тұлғаның рухани және жан-жақты дамуының қайнар көзi бiлiм мен ғылымды, тәрбиені қоғам талабына сай дамыта отырып, жас ұрпақ бойында имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi қалыптастыру басты міндет болып есептеледі.

Адамгершiлiк тәрбие педагогиканың тарихы мен теориясында кеңiнен зерттелiп жүрген мәселелердiң бiрi. Осыған орай, мектепте оқушыларды қоғамның моральдық нормасын орындауға қатыстыру, олардың тәртiп және мiнез-құлық тәжiрибесiн қалыптастыру, санасына және мiнезiне педагогикалық ықпал жасаудың бiрлiгiн қамтамасыз ету, Отанға, халқымызға деген патриоттық сезімін тәрбиелеу міндеттерін жүзеге асыру: бiрiншiден, тәрбие процесiнiң объективтi және субъективтi жақтарының бiрлiгiне, яғни оқушыларға қойылатын педагогикалық талаптарға - бұл объективтi жағына; ал, жеке адамның қоғамдық норманы меңгеруі - бұл тәртiп пен мiнез-құлық тәрбиесiнiң субъективтiк жағына байланысты; екiншiден, тәрбие шараларының мазмұнына, идеялық деңгейiне байланысты.

Адамгершiлiк тәрбиесiнiң мазмұны, оған қойылатын талаптар тәрбие бағдарламасында көрсетiлген. Осы бағдарламаға сәйкес мектептiң, сынып жетекшiлерiнiң, қоғамдық балалар ұйымдарының iс жоспарларында оқу-тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формасы анықталады, iс жүзiне асырылады.

«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасы білім берудің мақсат-міндеттері мен мазмұны ізгіліктік, рухани-адамгершілік пен демократиялық идеяларға негізделген мемлекетіміздің білім беру саясатын айқындайды [3] .

Аталған идеяларды жүзеге асыру жалпы білім беретін мектептердегі оқу-тәрбие үрдісіне жаңа талаптар қою, оған құрылымдық, мазмұндық тұрғыдан өзгерістер енгізу арқылы мүмкін болатыны белгілі. Осыған орай, 12 жылдық мектептегі оқу үрдісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде оқушылардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мектеп оқушыларына адамгершiлiк тәрбие беру - қазiргi мектептердегi басты мiндеттердiң бiрi, өйткенi, бiздiң қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамалардың ролi барған сайын артып, iзгiлiк, имандылық, мейiрiмдiлiк сияқты адамгершiлiк құндылықтардың ықпал аясы кеңейiп келедi.

Адамгершiлiк тәрбиесі педагогиканың тарихы мен теориясында кеңiнен зерттелiп жүрген мәселелердiң бiрi.

Әр халықтың ұрпақ тәрбиелеудегi сан ғасырға созылған өзiндiк тарихи тағлымы, ой-пiкiрлерi бар болғандықтан, жеткiншектердiң адамгершiлiк тәрбиесi туралы тұжырымдар философ, тарихшы, этнограф, психолог, педагог ғалымдардың зерттеу еңбектерiнен орын алған. Оның тамыры тереңге жайылып, Орхон-Енисей жазбаларынан бастап, қазақ даласының аты аңызға айналған кемеңгер ойшылы Қорқыт атаның, Аристотельден кейiн тарихта «Әлемнiң екiншi Ұстазы» атанған данышпан, ойшыл әл-Фарабидiң және сол орта ғасыр дәуiрiндегi ғұламалардың (Ж. Баласағұн, Қ. А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки [4, 5, 6, 7] ), XII-XIX ғасырда өмiр сүрген ақын-жыраулардың (Асанқайғы, Қазтуған, Доспамбет, Шалкиiз, Жиенбет, Ақтамбердi, Үмбетей, Бұқар жырау, Махамбет, Майлықожа [8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17] т. б. ) жастарға тәрбиесi туралы мұраларынан бастау алады. Аталған ойшылдардың еңбектерi ғылыми-педагогикалық тұрғыда сараланып, елiн, жерiн, Отанын, ұлттық мәдениетiн сүйетiн арлы, адамгершiлiгi мол, парасатты ұрпақ тәрбиелеуде баға жетпес мұра болып табылуда.

Адамгершiлiк тәрбиесiнiң жас ұрпақты тәрбиелеуде алатын орны жөнiнде қазақ зиялыларының еңбектерінде де сөз болған, әсiресе, XIX ғ. Екiншi жартысында Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев [18, 19, 20] мұраларында жалғасын тауып насихатталады.

XX ғасыр басында қазақ халқының бiлiм беру саласында үлкен бетбұрыстар болды. Ұлттық негiздегi төлтума оқулықтар, адамгершiлiк тәрбиесi мәселесiне арналған ғылыми еңбектер жарық көрдi. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан мұраларды жинақтау, оны бүгiнгi оқушылардың адамгершiлiк тәрбиесiне пайдалану А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, Ғ. Қараш [21, 22, 23, 24, 25, 26] және т. б. еңбектерiнде көрiнiс тапты.

Оқушыларды адамгершiлiкке тәрбиелеуге жоғары оқу орындары студенттерiн даярлау проблемасының кейбiр салаларын М. И. Гей, А. А. Гобронидзе, Е. Б. Полевничая, Э. Р. Ашхаруа, В. П. Бездухов, Р. К. Төлеубекова, Л. А. Байсерке, В. А. Ким, А. А. Калюжный [27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35] т. б. секiлдi педагог-ғалымдар бiршама зерттесе, ал бастауыш сынып оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеу мәселесi И. С. Марьенко, Н. И. Монахов, Б. Ы. Мұқанова, Р. М. Қоянбаев [36, 37, 38, 39] және т. б. ғалымдар еңбектерiнiң зерттеу объектiсi болды.

Адамгершілік тәрбиесін жетілдірудің этнопедагогикалық негіздері К. Ж. Қожахметова, Ж. Б. Сәдірмекова, А. К. Қисымова, Б. Ғ. Өтешева және т. б. ; тұлғаның қалыптасу ерекшеліктері А. Қ. Аренова, Ә. М. Мұханбетжанова, С. Қ. Қалиев, Қ. Жарықбаев және т. б. ; жеке тұлғаның адамгершілігін арттыру Б. Қ. Игенбаева, А. Ж. Тұрсынов және т. б. еңбектерінде қарастырылған.

Тәрбие жұмыстарына ғылыми сипаттама бере отырып халықтық тәрбие тұрғысынан негiздеген қазақ ғалымдары Қ. Б. Жарықбаев, С. Қ. Қалиев, С. А. Ұзақбаева, К. Ж. Қожахметова, Қ. Бөлеев, Ә. Табылдиев, Ш. И. Джанзақова, А. Ашайұлы, С. Иманбаева [56, 57, 58, 59, 60, 61, 62, 63] және т. б. ұлттық педагогиканың теориялық негiзiн айқындаумен қатар, мектептегi тәрбие жұмысын жетiлдiрудiң практикалық жақтарын, тәрбие үрдiсiнiң тиiмдiлiгiн арттыру жолдарын, ерекшелiктерiн ашып көрсеттi.

Халық педагогикасы дәстүрлерi негiзiнде мектеп оқушыларын адамгершiлiкке тәрбиелеуге тәрбиешiлердi, болашақ мұғалiмдердi даярлау мәселелерi А. Әлiмбековтың, К. Ф. Тешебаеваның, А. Маноновтың, Ж. С. Хасанованың, А. С. Мағауованың, Ж. Сәдiрмекованың [64, 65, 66, 67, 68, 69] және т. б. зерттеулерiнде әр қырынан сөз болады. Сонымен қатар, бiздiң зерттеу тақырыбымызға жақын С. Қ. Абильдина, Р. Б. Үсембаева, Ә. С. Әмiрова [70, 71, 72, 73] т. б. педагог-ғалымдардың еңбектерiн айтуға болады.

Жоғарыда аталған еңбектер мектепте адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелерінің біркелкі зерттелгенін айқындайды. Алайда зерттеуші ғалымдардың адамгершілік тәрбиесі мәселесіне қосқан маңызды үлесіне қарамастан, қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мәселесі кешендi зерттелмеген.

Қазіргі уақытта еліміз саяси, экономикалық және әлеуметтік дағдарыстарды басынан өткізіп, еңселі елулікке бет бұруда, бұл әрине қоғамның адамгершілік нормаларды меңгеруіне әсер етпей қоймайды. Әлеуметтік-экономикалық өзгерістер кезіндегі қазіргі заманғы педагогика теориясы мен практикасындағы көкейкесті мәселелерге жеке тұлғаның адамгершілік дамуын жатқызуға болатындығын әлеуметтік және педагогикалық зерттеулер көз жеткізіп отыр.

Сондықтан да мектеп оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің жолдарын қарастыру ең басты мәселеге айналуда. Ол төмендегідей себеп-салдарға байланысты:

  • саяси-әлеуметтік, экономикалық, педагогикалық факторлардың әсері мен адамгершілік тәрбиесі процесін жүзеге асыру шарттары;
  • көптеген педагогикалық ұжымдардың едәуір өзгеріске ұшыраған әлеуметтік жағдайларда адамгершілік тәрбиесін нәтижелі жүзеге асыруға дайын еместігі;
  • адамгершілікке тәрбиелеу теориясы ережелерінің басым көпшілігі қазіргі қоғам талабына лайық бағытталмаған.

Зерттеу барысында жүргізілген сұхбат, сұрақ-жауап, анкета, мектеп оқушыларымен және мұғалімдерімен әңгімелесу адамгершілік тәрбиесінің парадигмаларын, мақсатын, мазмұнын, формалары мен әдістерін біршама өзгерту қажет екендігін дәлелдеді.

Қазiргi мектептерде қалыптасқан тәжiрибелiк-педагогикалық жұмыстар көрсеткендей, адамгершiлiк тәрбиені жүзеге асырудың мүмкiндiктерi мен мазмұны әлi де нақты айқындалмаған. Бiрiншiден мектеп оқушыларының физиологиялық және психологиялық ерекшелiктерiне байланысты адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыру өзгешеліктерінің теориялық негiздерi мен ғылыми-әдiстемелiк жүйесінің толықтай нақтыланбауы, екiншiден мектептерде адамгершiлiк тәрбиені қалыптастырудың бүгiнгi өмiр талабына сай ұйымдастырылмауы, оған деген қажеттiлiгi және балалардың бiр-бiрiне, үлкендерге, қоршаған ортаға деген адамгершiлiк қасиеттерi мен рухани мәдениетiнiң барынша қалыптаспауы арасында қайшылықтар туындайды. Бұл қайшылықтардың шешiмiн табу, бiздiң зерттеу проблемамызды айқындайды. Демек, аталған проблема әлi де болса педагогика ғылымында шешiмiн тапқан жоқ және оның қазіргі мектеп жағдайында зерттелмегендiгi біздің зерттеу жұмысымыздың өзектілігін анықтап, зерттеу тақырыбын «Қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері» деп таңдауымызға негiз болды.

Зерттеудiң мақсаты: Қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми-теориялық негiздерiн айқындау және оның тиімділігін тәжiрибелiк-эксперимент жұмысында тексеру, әдістемесін даярлау.

Зерттеу объектiсi: жалпы білім беретін орта мектептегi оқу-тәрбие үрдісі

Зерттеу пәнi: Қоғам дамуының жаңа кезеңінде оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің жүйесі.

Зерттеудiң ғылыми болжамы: егер, мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негiздерi анықталып, адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыру жүйесi жасалса, адамгершiлiк құндылықтарды сыныптан тыс жұмыстарда қалыптастырудың мазмұнын құрып, әдiстемелiк жағынан қамтамасыз етiлсе, онда рухани-адамгершiлiк құндылықтары қалыптасқан, ұлттық сана-сезімі жоғары тұлғаны тәрбиелеуге мүмкіндік туындайды және оқушылардың рухани-адамгершiлiк құндылықтарын қалыптастыруға, өзiн-өзi тәрбиелеуге ықпалын тигiзедi, себебі сыныптан тыс тәрбиелік жұмыстар, тәрбиелік шаралар мазмұны рухани-адамгершілік негізде құрылады және сол арқылы дамудың жаңа деңгейіне қол жеткізуге болады.

Зерттеудiң мiндеттерi:

- мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыруды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негiздеу;

-мектеп оқушыларының адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастырудың мүмкiндiктерiн анықтап, мазмұнын сұрыптау;

- мектептегi бiлiм беру үрдісiнде адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыру технологиясын жасау, оны тәжiрибелiк-эксперименттен өткізіп нәтижесiн шығару, ғылыми-әдiстемелiк ұсыныстар беру.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: жеке тұлғаны қалыптастыруда философтардың, психологтардың, педагогтардың ғылыми-теориялық, ғылыми-педагогикалық қағидалары және олардың жеке тұлғаны дамытудағы iс-әрекет пене өзара қарым-қатынас теориялары, оқушылардың адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыру жұмысындағы ролi жайлы iлiмдерi болып саналады.

Зерттеудiң жетекшi идеясы: оқушылардың адамгершiлiк тәрбиесін қалыптастыру барысында олардың ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға негізделген мiнез-құлқын, сана-сезiмiн, кiсiлiк қасиеттерiн, адами iзгiлiктерiн, адамгершiлiк қажеттiлiгiн, мәдениетiн қалыптастыруға негiз болады.

Зерттеу көздерi: зерттеу проблемасына байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пiкiрлер, Қазақстан Республикасының заңдары, қаулы-қарарлары, Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң тұжырымдамалары, бағдарламалары, оқулықтар мен қосымша материалдар, iзденушiнiң жеке педагогикалық қызметi мен ғылыми-әдiстемелiк жұмыстары.

Зерттеу әдiстерi: зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-әдiстемелiк, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге теориялық талдау жасау; мектеп мұғалiмдерiнiң iс-тәжiрибесi; мектеп құжаттарымен (ресми материалдар, жоспарлар, бағдарлама және т. б. ) танысу, мектеп жұмыс нәтижесiн салыстыру, сауалнама және әңгiмелесу, педагогикалық бақылау, эксперимент нәтижесiне баға беру, математикалық статистикалық өңдеу.

І. ҚОҒАМ ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫ АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде ғалымдардың ой-пікірлері

Адамгершілік, оның ішінде рухани адамгершілікті жастарымыздың бойына сіңіру қаншалықты маңызды екендігі жөнінде ғалымдарымыз өз зерттеулерінде айтып, ол туралы құнды-құнды ой-пікірлерін қалдырды.

Қазақ халқының арғы тарихымен байланысты жеткен жазбаша деректердегі Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан Уәлиханов еңбектеріндегі оқу, білім, адамгершілік, тәлімдік ой-пікірлер және жазықсыз жапа шеккен зиялылар А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Х. Досмұхамбетов М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов халықтық тәрбиенің ұлттық негіздері жөніндегі ой-пікірлері мектеп жасындағы балалар өмірінде ойынның атқаратын мәні жөніндегі Н. Құлжанованың аса құнды еңбектері бар.

Алып ойдың кеніші - Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950ж) дүние жүзілік ғылыммен, даналық болжамдарымен ықпал еткен ұлы ғалым. "Ақылдың мәні туралы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы", "Мемлекет қайраткерлерінің нақыл сөздері", "Бақытқа жету жайында" т. б. еңбектерінің тағылымы мол. Әділдік, инабаттылық, мейірім, жомарттық-адамгершілік көрсеткішін бірінші орынға қойды [ ] .

Адамды бақытқа жеткізетін даналық жол-қайырымдылық, имандылық, адамгершілік екендігін әр жақты дәлелдеді, Ал оған жетудің кілті тәлім-тәрбие, адамның өзін-өзі тежей білуі екендігін айтып: " . . . адамгершілікке негізделген татулық, жарасымдылық, келісе білушілік бақытқа жеткізеді. Бұл - қайырымдылық", -деп көрсетті ұлы бабамыз. Болашаққа үміт сеніммен қарау мен соған ұмтылу ешкімді жәбірлемей, ар-намысына тимей қарым-қатынас жасау - әділет жолы. Бұл қасиеттер тәрбие арқылы адам бойына сіңетіндігіне сеніп, оған машықтанып, жаттығуды қолдады.

Адамда болуға тиісті ізгілік пен қайырымдылықтың өнегелі үлгісін данышпан бабамыз былай тізді:

• Тәні таза, дене бітімі мінсіз, өмірге бейім, икемділік;

• Тиісті мәселенің жәй-жапсарын ақиқат шындыққа сәйкес

жете түсініп, ұғына білушілік;

• Түсінгенін, көргенін, естігенін, аңғарғанын жадында сақтап

ұмытпаушылық;

• Байқағанын сол заматта ұғынатын алғырлық, ишаратты тез

аңғаратын ақыл иесі болушылық;

• Ой-түсінігін тапқырлықпен дәл де айқын жеткізе алатын

тілмарлық;

• Өнер-білімге құштарлық, оқудан және үйренуден жалықпайтын

еңбекқорлық;

• Ішіп-жеуге қанағатшыл, сауыққұмарлық пен ләззатшылдыққа жирене

қарайтын тазалық пен пәктік;

• Шындықты сүйіп, өтірік пен суайттықты, жалғандықты жеккөрушілік;

• Жаны асқақ, ар-намысын ардақтап қорғай білушілік.

Бұл игі қасиеттерді бойға дарыту-бала дүниеге келген кезден бастап жүйелі түрде жүргізілуін ұлы ұстаз қайырымды қала басшысына тән мінез-құлықтар арқылы меңзей отырып, адамгершілік әдептің ізгі сипаттарын белгілеп берген болатын. Тәрбие арқылы жүзеге асуға тиісті асқақ арманға толы бабамыздың педагогикалық толғанысы осыдан он бір ғасыр бұрын айтылғанымен де, күні бүгінге дейін өзінің қадір - қасиетін жоймаған, қайта уақыт озған сайын жаңарып жасара беретін пайымдаулар. Егемен еліміздің болашақ иегерлерінің бойына ұлы ұстаз нұсқаған адамгершілік әдістерінің мейірім шапағаттарын балбөбектердің сәбилік шағынан бастап дарытуға ниеттенсек, басшылыққа алсақ ісіміз табысты болары хақ. Әрине, дана ойшыл бабаларымыз ұсынған тәлім - тәрбиелік пайымдауларын бала ойыны арқылы жүргізілсін деп айтпағанымен де, сәбилік шақтағы тәлім, үйрету, тиісті әдет дағдарларын меңгертіп машықтандырудың тиімді жолы ойын екені баршаға аян. Қазақ халқының көне тарихындағы аты әлемге мәшһүр болған ойшылдарының тәрбие жөніндегі даналық», ойларын шола қарағанда XI ғасырдың ұлымұрасы, Жүсіп Баласағұнның "Қүтты Білік" еңбегінің орны ерекше. Өзі өмір сүрген уақыт деңгейінен Жүсіп Баласағүн «Құтты білікте» адамгершілік қасиеттерін сипаттап, өнегелі тәлімдерді келер ұрпаққа бағыштаған. Бұл дастан 72 тараудан тұратын 6600 тармақ болса, онда - Әділет, Бақыт, Ақыл, Қанағат деп аталатын бейнелік есімдер арқылы аталып отырған төрт қасиет суреттелген. Дастандағы кейіпкерлер кеңесінде өмір сүрудің ережелері, мінез-құлық, ақыл-ой, адамгершілік әдептерінің озық үлгілері, дидактикалық таным-түсініктер суреттелген. Ізгілікке жетелейтін ғибраттар айтылған:

Тәрбиеші ал ізгілікті, көшелі,

Ұл-қыз жақсы, таза болып өседі . . .

Ұл-қызыңа әдеп үйрет, білім бер.

Бастауы көне ғасырда жатқан адамгершілік танымда тәрбиенің ізгілік жолы отбасынан басталатындығын Жүсіп Баласағұн дөп басқан.

Халықтық тәрбие адамгершілік, адалдық, қайырымдылық өнегелері отбасынан бастап өркендетіп, салт-дәстүрге орай бойға дарытатындығына ден қойған. Адамзаттың тарихи даму барысында елді мекендердің күрт өсуі, қалалардың кеңеюі, қоғамдық өзгерістерге қарай отбасылық тәрбиемен қатар, әсіресе, біздің заманымызға тән ұжымдық тәрбиеге негізделген балабақшада жүргізілген тәрбие саласы өркендеді.

Демек, тәрбие ана сүтімен дарыса, адамның бүкіл өміріне жалғаса келетін құбылыс екендігін және отбасылық өнеге қандай болса, келешекте оның нәтижесі де сондай болатындығын нақты нұсқаған.

Ұлы гуманистік тәлімдік ақыл-кеңес - баланы неғұрлым жас кезінен бастап үйретсе, солғұрлым бойға тиянақты дарып, машықтық дағды бүкіл тірлігіне жалғаса кетеді. Халықтың дәстүрлі сипатына үйлесімді мінез-құлыққа тәрбиелеу-әрбір тұлғаның жарасымды тіршілік етіп, өміріне көрік беретіндігін нұсқайды.

Ұлы бабамыз құрмет тұтқан мінез-құлық жөніндегі толғаныстарын және халқымыздың дәстүрлік ғұрпы мен танымына орай айтқан әр саладағы тәлімдік болжамдарын, дидактикалық пайымдауларын өмірге жарасымды қолдана білсек, бүгінгі ұрпаққа ешбір жаттығы жоқ, өмірін көріктендірерлік ғибраттар.

Ғасырлар қойнауында жатқан жазбаша жеткен мұраларымызжөнінде сөз еткенде XII ғасырда өмір сүрген Қожа Ахмет Иассауиді айта аламыз. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет кесенесі-дүние жүзіндегі тандаулы мәдени ескерткіштердің бірі. Қожа Ахметтің "Диуани Хикметі" әдебиеттің алтын қорына қосылатын туынды болуымен бірге, тәлім-тәрбиелік пайымдауларының да мәні зор. Сопылық жолга берік бекіген бабамыз ұстанған тәрбиелік қағидасы-құдай жолына берілуге негізделген әділеттілікті тұтыну. Ойшыл ұстаздың тәрбие жөнінде берер ақылы-ешкімгеқиянатжасама, зәбір көрсетпесе, дүние құмарлық пен баққұмарлыққа салынба, жоқ-жітікпен кем-кетіктерге шын ниетіңмен жәрдемдес, пейілің таза болсын. Тәрбие арқылы бойға сіңірілетін өмір сүрудің басты ережесі-қанағат пен рақымшылдық, тағдырға тағзым етіп, басқа түскенге көне білу, үлкеннің сөзін, білікті ғұламаны жәнеұстазақылын екі етпей ұғыну қағидалары. Бұлардың бәрі білім мен тәрбие арқылы бекитіндігіне сеніммен қарады [ ] .

Тақуалықты пір тұтқан ғұламаның "Даналық кітабы" сәуегейлік ойға толы. Адамның тәлім-тәрбиелік таным-түсінік көкжиегін кеңейтерлік ойларын діни нанымдарымен дәйектеп, тағлым қылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеудің мазмұны
Педагогикалық практиканың жүргізілуі жөнінде оқытушылардың есебі
АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫН РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІККЕ ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Адамгершілікке тәрбиелеу, бауырмалдыққа үндеу - қазақ халық ертегілерінің басты арқауы
Бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде халық
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
Патриоттық тәрбие берудің педагогикалық негіздері жайлы
Бастауыш оқушыларының адамгершілік тәрбиесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz