Ақпаратты қорғау жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
4
1
Ақпараттық қауіпсіздік
5
1.1
Пәнді аймақты сипаттау
5
1.2
Ақпаратты қорғау жүйесі
6
1.3
Зерттеу объектісінің сипаттамасы
9
1.4
Туристік агенттілік қызметі
9
1.5
Зерттеу объектісі шешетін міндеттер жиынтығы
15
1.6
Зерттеу объектісінің аппараттық және бағдарламалық құралдарын пайдаланудың ағымдағы деңгейі
15
1.7
Кәсіпорынның жалпы қауіпсіздігін зерттеу
18
2
Зерттеу объектісінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу
27
2.1
BitLocker бағдарламасын жүзеге асыру
27
2.2
Ақпаратты криптографиялық түрлендіру әдістерін талдау және таңдау
30

Қорытынды
32

Қолданылған дерек көздері
33

Қосымша A
34

Антиплагиат
35

Кіріспе

Ақпарат - әртүрлі формада өмір сүруі мүмкін. Ол қағазда жазылып почта арқылы немесе электронды түрде электрондық каналдар арқылы жіберілуі мүмкін, фильм түрінде көрсетілуі тіпті жай әңгіме үстінде айтылуы мүмкін. Қазіргі күнгі қатал бәсекелестік жағдайында әртүрлі жерден шығатын ақпаратқа қауіп төніп тұр. Бұл қауіп ішкі, сыртқы, кездейсоқ немесе әдейі болуы мүмкін. Жаңа технологияларды пайдалану денгейінің өсуіне байланысты ақпаратты сақтау, алмасу, қабылдау арқылы күнделікті өсіп отырған осы бір қауіп-қатерге ашық бетпе-бет келіп отырмыз. Әрбір ұйымның ішінде ақпараттық қауіпсіздік саясатына сұраныс туып отыр. Өмірлік маңызы бар корпоративтік ақпаратты және клиенттеріңізді құпияда сақтауыңыз қажет.
Ақпаратты қорғау -- ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді.
Ақпараттық қауіпсіздік режимін қалыптастыру кешендік мәселе болып табылады. Оны шешу үшін заңнамалық, ұйымдастырушылық, программалық, техникалық шаралар қажет.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады:
қол жеткізерлік (оңтайлық),
тұтастық,
жасырындылық.
Курстық жұмысымның мақсаты - ақпараттық қауіпсіздік жүйелерімен танысу және ақпаратты заң жүзінде қорғау туралы мәліметтер беру. Ақпараттық қорғау жүйесін жобалау әр түрлі жағдайда жүргізіледі.
Ақпараттарға, ақпараттарды өңдеу құралдарына және өндірістік үдерістеріне қол жеткізудің ақпараттық қауіпсіздік саясатының және қол жеткізуді басқару саясатының талаптарына сәйкес басқарылуы тиіс.
Курстық жұмыстың нысаны:Жобалау, Java бағдарламалау тілі.
Пән: Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау;
Мақсаты: тапсырманың жеке нұсқасына сәйкес туристік агенттілік үшін ақпаратты қорғау жүйесін жобалау
Мақсатқа сүйене отырып, тапсырманы орындау үшін келесі міндеттерді қойдым:
a) Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау
b) Ақпараттың негізгі ағып кету көздерін зерттеу
c) Клиенттік қосымша әзірлеу
Бұл жұмыстың өзектілігі:
Туристік агенттілік үшін ақпаратты қорғау жүйесін жобалау.

1. Ақпараттық қауіпсіздік

1.1. Пәндік аймақты сипаттау

Ақпараттық қорғау жүйесі жобалау әр түрлі жағдайда жүргізілуі мүмкін және бұл жағдайларға негізгі екі пaраметр әсер етеді: ақпарат қорғау жүйесіне арнап әзірленіп жатқан деректерді өңдеудің автоматтандырылған жүйесінің қазіргі күй-жағдайы және ақпаратты қорғау жүйесін жасауға кететін қаржы мөлшері.
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау мен әзірлеу келесі тәртіп бойынша жүргізуге болады:
oo қорғанылуы көзделген деректердің тізбесін және бағасын анықтау үшін деректер өңдеу жүйесін қойылған талдау жасау;
oo ықтимал бұзушының үлгісін таңдау;
oo ықтимал бұзушының таңдап алынған үлгісіне сәйкес ақпаратқа заңсыз қол жеткізу арналарының барынша көбін іздеп табу;
oo пайдаланылатын қорғаныш құралдарының әрқайсысының беріктілігін сапасы мен саны жағынан бағалау;
oo орталықтанған бақылау мен басқару құралдарын әзірлеу;
oo ақпарат қорғау жүйесінің беріктілігінің сапасын бағалау.
Ақпараттық қауіпсіздік -- мемкелеттік ақпараттық ресурстардың, сондай-ақ ақпарат саласында жеке адамның құқықтары мен қоғам мүдделері қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, мазмұнына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауіпсіздіктің өте маңызды 3 жайын атап кетуге болады: қол жеткізерлік (оңтайлық), тұтастық және жасырындылық.
Қол жетерлік (оңтайлық) - саналы уақыт ішінде керекті ақпараттық қызмет алуға болатын мүмкіндік. Ақпараттың қол жеткізерлігі - ақпараттың, техникалық құралдардың және өңдеу технологияларының ақпаратқа кедергісіз (бөгетсіз) қол жеткізуге тиісті өкілеттілігі бар субъектілердің оған қол жеткізуін қамтамасыз ететін қабілетімен сипатталатын қасиеті.
Тұтастық - ақпараттың бұзудан және заңсыз өзгертуден қорғанылуы. Ақпарат тұтастығы деп ақпарат кездейсоқ немесе әдейі бұрмаланған (бұзылған) кезде есептеу техника құралдарының немесе автоматтандырылған жүйелердің осы ақпараттың өзгермейтіндігін қамтамасыз ететін қабілетін айтады.
Жасырындылық - заңсыз қол жеткізуден немесе оқудан қорғау.
1983 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі қызғылт сары мұқабасы бар Сенімді компьютерлік жүйелерді бағалау өлшемдері деп аталатын кітап шығарды.
Қауіпсіз жүйе - белгілі бір тұлғалар немесе олардың атынан әрекет жасайтын үрдістер ғана ақпаратты оқу, жазу, құрастыру және жою құқығына ие бола алатындай етіп ақпаратқа қол жеткізуді тиісті құралдар арқылы басқаратын жүйе.
Сенімді жүйе - әр түрлі құпиялық дәрежелі ақпаратты қатынас құру құқығын бұзбай пайдаланушылар тобының бір уақытта өңдеуін қамтамасыз ету үшін жеткілікті ақпараттық және программалық құралдарды қолданатын жүйе.
Жүйенің сенімділігі (немесе сенім дәрежесі) екі негізгі өлшемі бойынша бағаланады: қауіпсіздік саясаты және кепілділік.

1.2. Ақпаратты қорғау жүйесі
Қолдануға қажетті кез-келген басқа программаның тұжырымдамасы сияқты қорғаныс жүйесін құру тұжырымдамасы да мынадай сұрақтарды қарастырады: ақпаратты қорғау аймағындағы практикалық зерттемелердің өзектілігі, қорғаныс жүйесін құрудың негізгі кезеңдері және қорғаныс мәселесін шешудің әр түрлі әдістемелерінің салыстырмалы талдауы.
Қорғаныс жүйесін құрудың негізгі кезеңдері төмендегідей болып жіктеледі:
1. Мүмкін болатын қауіп-қатердің талдауы келесі қауіп-қатерден қорғанудың негізгі түрлерін зерттеумен айналысады:
- Ақпараттың конфиденциалдығының бұзылуының қауіп-қатері;
- Ақпараттың бүтінділігінің бұзылуының қауіп-қатері.
Бұл кезең шындығында да барлық қауіп-қатердің жиынтығынан байсалды зиян (вирус, ұрлық) келтіретіндерін таңдаумен аяқталады.
2. Қорғаныс жүйесін жоспарлау кезеңі қорғалатын құрылымдар тізімінен және оларға мүмкін болатын қауіп-қатерден тұрады. Бұл кезде қорғанысты қамтамасыз етудің келесі бағыттарын назарға алу қажет:
- құқықтық-этикалық;
- моральды-этикалық;
- қорғанысты қамтамасыз етудің әкімшіліктік шаралары;
- қорғанысты қамтамасыз етудің аппараттық-программалық шаралары.
3. Қорғаныс жүйесін іске асыру ақпаратты өңдеудің жоспарланған ережелерін іске асыруға қажетті құралдарды орнату мен баптауды қамтамасыздандырады.
4. Қорғаныс жүйесін сүйемелдеу кезеңі жүйенің жұмысын бақылау, ондағы болып жатқан оқиғаларды тіркеу, қорғанысты бұзуды айқындау мақсатымен оларды талдау және қажетінше қорғаныс жүйесін түзетумен сипатталады.
Ақпаратты қорғау әдістері төмендегідей болып жіктелінеді.
Қорғаныстың аппараттық әдістерін қолдану мынадай техникалық құралдарды пайдалануды ұсынады:
1. Тыңдалатын және жазылатын құрылғылардан қорғайтын TRD-800 категориялы радиохабарлағыштар мен магнитофондар детекторы;
2. Жасырын бейне бақылау құратын модульдік нөмірлер;
3. Ақпаратты жеткізудің дұрыстылығын қамтамасыз ететін ақпаратты анықтылыққа тексеру сызбалары;
4. Құпиялы құжаттарды жіберуге арналған SAFE-400 категориялы факстік хабардың скремблері.
Қорғаныстың аппараттық әдістері ресурстардың үлкен шығынын талап етеді.
Программалық әдістер есептеуіш алгоритмдер мен қатынауды шектеуді қамтамасыз ететін программаларды және ақпаратты рұқсатсыз пайдаланудан шығаруды ұсынады. Программалық әдістер келесі функцияларды іске асырады:
1. Идентификация, аутентификация, авторизация (Pin кодтар, парольдер жүйелері арқылы);
2. Резервті көшіру және қалпына келтіру процедуралары;
3. Антивирустық программаларды белсенді қолдану және антивирустық қорларды жиі жаңартып отыру;
4. Транзакцияны өңдеу.
Ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдісі - бұл ақпаратты шифрлаудың, кодтаудың немесе басқаша түрлендірудің арнайы әдісі, мұның нәтижесінде ақпарат мазмұнына криптограмма кілтінсіз және кері түрлендірмей шығу мүмкін болмайды. Криптографиялық қорғау - ең сенімді қорғау әдісі, өйткені ақпаратқа шығу емес, оның тікелей өзі қорғалады, (мысалы, әуелі тасуыш ұрланған жағдайдың өзінде ондағы шифрланған файлды оқу мүмкін емес).
Мұндай қорғау әдісі стандартты операциялар немесе программалар дестесі түрінде жүзеге асырылады. Операциялық жүйенің негізіндегі қорғау көбінесе қатынас құруды басқарудың процедураларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мәліметтер қорын басқару жүйелері деңгейіндегі қорғау құралдарымен толықтырылуы керек.
Қазіргі кезде ақпарат қорғаудың криптографиялық әдісінің көпшілік қаблдаған жіктеуі жоқ. Дегенмен, жіберілетін хабарламаның әрбір символы шифрлауға түскенде шартты түрде 4 негізгі топқа бөлуге болады:
- ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдары сол немесе басқа алфавит символдарымен алдын ала белгіленген ережеге сәйкес ауыстырылады;
- аналитикалық түрлендіруде шифрланушы мәтін қандай да бір аналитикалық ереже бойынша түрлендіріледі;
- орын ауыстыру шифрланушы мәтіннің символдарының орны жіберілетін мәтіннің берілген блогының шегінде қандай да бір ереже бойынша шифрланады.
Ақпаратты шифрлаудың сенімділік дәрежесі бойынша көптеген программалық өнімдер бар. Кең таралған программалардың бірі болып Циммерменн құрған Pretty Good Privacy (PGP) болып табылады. Оның криптографиялық қорғау құралы өте күшті. Танымдылығы мен ақысыз таратылуы іс жүзінде PGP-ны дүние жүзінде электрондық хат алысу стандартына айналдырды. PGP программасына желіде көпшіліктің шығуына мүмкіндігі бар.
Ақпаратты қорғаудың ұйымдастырушылық әдісі келесі іс-шаралардың ұйымдастырылуы мен іске асырылуын қарастырады:
1. өртке қарсы қорғаныс;
2. жанбайтын сейфтерде аса қажетті құжаттарды сақтау;
3. өту жүйесі арқылы қатынау регламенті;
4. бақылау жүйесін ұйымдастыру;
5. қолданушылардың әр түрлі категорияларының қорғаныс объектілері мен олардың орындалу талаптарына қатынауды регламентациялайтын көмекші нұсқамаларды даярлау.
6. мамандарды таңдау мен даярлау;
7. қауіпсіздік мәселесі бойынша семинарларға, конференцияларға қатысуды қамтасыз ету мен ұйымдастыру.
Дербес компьютердің программалық өнімі мен жіберілетін ақпаратқа рұқсатсыз шығудан ең сенімді қорғау - әр түрлі шифрлау әдісін (ақпарат қорғаудың криптографиялы әдістері) қолдану болып табылады.
Қорғаудың криптографиялық әдістері деп ақпаратты түрлендірудің арнайы құралдарының жиынтығын айтамыз, нәтижесінде оның мазмұны жасырылады.
Криптографиялық әдістердің маңызды аймақтарда қолданылуына қарамастан криптографияны эпизодтық қолдану оның бүгінгі қоғамда атқаратын ролі мен маңызына тіптен жақын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын көрсеткен жоқ. Криптография өзінің ғылыми пәнге айналуын электрондық ақпараттық технологиямен туындаған практиканың қажеттілігіне парыз.
Криптографиялық әдістердің теориялық негізі болып математика мен техниканың төмендегідей бөлімдерінде қолданылатын математикалық идеялар табылады:
- қалдықтар кластарының жүйесіндегі модульдік арифметика;
- сандардың жай көбейткіштерге жіктелуі;
- ақырлы өрістердің математикалық ақпараттары;
- алгебралық көпмүшеліктер қасиеттері;
- дискреттік логарифм мәселесі;
- кодтау теориясы.

1.3. Зерттеу объектісінің сипаттамасы

SmartTur туристік агенттігі 2007 жылғы 7 шілдеде құрылған, ЖК жеке кәсіпкерлігі болып табылады, Жарғыны және қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алады. Қызмет мерзімі шектелмеген. SmartTur ға жалғыз жеке агенттілік болып табылады.
Агенттілікте оның қазақша тіліндегі толық фирмалық атауы бар және оның орналасқан жері көрсетілген дөңгелек мөр бар.
Агенттіліктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды қаласы, Шахтерлар даңғылы 107.
SmartTur - дың ұйымдық құрылымы:
Кәсіпорынның қызметін басқару функцияларын басқару аппаратының бөлімшелері және жеке қызметкерлер жүзеге асырады, олар бір-бірімен экономикалық, ұйымдастырушылық, әлеуметтік, психологиялық және басқа қатынастарға енеді. Кәсіпорынның басқару аппаратының бөлімшелері мен қызметкерлері арасында қалыптасқан ұйымдастырушылық қатынастар оның ұйымдастырушылық құрылымын анықтайды.
Кәсіпорынды басқарудың ұйымдық құрылымы деп басқару аппаратындағы бөлімдердің, қызметтер мен бөлімшелердің құрамы (тізбесі), оларды жүйелі ұйымдастыру, бір-біріне және компанияның жоғары басқару органына бағыну және есеп беру сипаты, сондай-ақ үйлестіру және ақпараттық байланыстар жиынтығы, басқару функцияларын басқару иерархиясының әртүрлі деңгейлері мен бөлімшелеріне бөлу тәртібі түсініледі
Ұйымды басқару құрылымында келесі элементтер бөлінеді:
oo сілтемелер (бөлімдер)
oo басқару деңгейлері (сатылары) ;
oo байланыстар (горизонталь және тік).
Басқару буындарына құрылымдық бөлімшелер, сондай-ақ басқарудың тиісті функцияларын не олардың бір бөлігін орындайтын жекелеген мамандар жатады. Басқару буындарына бірнеше құрылымдық бөлімшелердің қызметін реттейтін және үйлестіретін менеджерлер кіруі керек.
Басқару буынын қалыптастыру бөлімнің белгілі бір басқару функциясын орындауына негізделген. Бөлімдер арасында орнатылған байланыстар горизонталь болып табылады.

1.4. Туристік агенттілік қызметі

Туризм құрамында қамтылған қызмет көрсетулерге, оларды беру жеріне, қызмет көрсетілген халқына байланысты ішкі және халықаралық деп бөлінеді.
Ішкі туризм -- туризмнің берілген мемлекеттің территориясында сол елдің тұрғындарымен (ішкі туристер) іске асырылуымен байланысты қызмет.
Халықаралық туризм -- туризмді бір елдің халықының басқа елдің территориясында іске асырумен байланысты қызмет. Мұндай туристер шетел туристері категориясына жатады. Басқа мемлекет территориясында туристерге туристік қызмет көрсетулерді ұсынку мен қызмет - көшпелі туризм деп аталады да, шетел туристеріне мемлекеттің территориямһсында көрсетілген туристік қызмет кірме туризм деп аталады.
Айта кететін жағдай, неғұрлым жалпы категорияларға туристерді жіберу мен туристерді қабылдау ұғымдары жатады. Олар бірдей деңгейде ішкі және халықаралық туризмге қатысты болып келеді. соынмен қатар туризм статистикасында туристік келу деген ұғым орын алған. Сол себептен туристік келулерге қарай туристік ағымдар бағаланады. Туристің ішкі табиғатынан келесі түсінік туындайды: турист келгендіктен, ол қайтадан кетуі тиіс.
Туристік қызметтің екі (моделі) үлгісі белгілі: классикалық туристік қызмет. Классикалық туристік қызмет - қызмет номеклатурасын жаңарту және ұйым. Инновациялық туристік қызмет ең алдымен туристік қызмет қызметтегі новаторлықпен. Туристік фирма қызметімен айналысатын кәсіпкердің бойында болуы қажет қасиеттер:
Заңды әрекет шеңберінде іскерлік қызметтің кез-келген сұрақ бойынша
Өз қызметінің нәтижесінде экономикалық және басқа бір қызығушылықты
Тәуелділікке бойсұну және өз мойнына жауапкершілікті алу. Тәуелділік
Жұмысқа деген әрқашан да инновациялық тәсілдемені иелену (қызмет
Қазіргі кездегі жағдайларда табысты істің жетік ұйымдастырылуы үшін туристік
Туристік фирма қызметінде келесідей сатыларды бөліп шығарады:
Туристік қызметпен айналысатын кәсіпкердің мүмкіншіліктері мен нарықтық қажеттіктері
Қызмет және маркетинг өндірісінің жоспары мен жұмыс жасауды
Ресурстардағы және тауарды жеткізушілердегі қажеттіліктің анықталуы.
Жұмыстың жүзеге асырылуы, қызмет өндірісінің техникалық, қаржылық, ұйымдастырушылық
Фирманы басқару - бұл жұмыстың түзетілуі және талдануы, бақылау,
Туристік қызметтік орта - бұл туристік қызметтің нәтижелеріне
Қызметтің алғашқы үш түрін қайта өндірудің сатысымен байланысты айырады. Қызметтің соңғы түрін (төртінші) туристік қызмет қызметің қөмекші түрлеріне. Туристік қызметтің ерекшеліктерімен байланысты туристік ұйымның туристік қызмет қызметтері. Осылайша, туроператорлардың қызметі көп жағдайларда турөнімнің және оның бөлшектік. Турагенттер делдалдардың қызметін - турларды сатушылардың функциясын атқарады.Контрагенттер - туристік қызметтерді орындаушылар, (қонақ үйлер, мейрамханалар, тасымалдаушылар,Туристік ұйымдар ұйымдастырушылық дайындықты, қызметті сату мен орындауды қоса. Кеңес берушілік туристік қызмет қызмет туризм саласында кеңінен қолданылады. Туристік фирма қызметіндегі идея бұл - экономикалық белсенділіктің кәсіпкермен.Кәсіпкердің қызметі идеялардың банкісін құруды болжамдайды, олар қызмет өндірісінің. Идеялардың алғашқы экспертті бағалануының кәсіпкердің өзімен жасалуы практикалық. Практикалық позиция тұрғысынан идеялардың бағалануы үшін нарықтағы жағдайлары. Туристік нарықта өндірістік болжамдалатын қызметтерге сұраныс және ұсыныс. Екінші эксперттік бағалау қызығушылық танытқан мамандармен жүзеге асырылады және Қабылданған идеяның жүзеге асырылуы бірнеше этаптан тұрады:
Бизнес-жоспар, оның мәні, жұмыстың жүзеге асырылуының нақты есептерімен
Қағазға алынатын қаржы қаражаттары мен серіктестердің тартылуы;
Егер фирма жаңадан құрылған болса, жеке фирманың мемлекеттік тіркелуі.
құрылтайшылардың құрамын анықтау және құрылтай құжаттар өңдеу;
құрылтайшылар фирманың қызметі мен құрылуы туралы келісім шарт
директор мен басқа да басшылардың тағайындалуы туралы фирма
банкте уақытша шот есептің ашылкы;
фирманың орналасу жері бойынша бөліміндегі тіркеу поштасында фирманың
фирманың адамдарымен өздерінің салымдарын банкке салу және онда
кәсіпорынның салық инспекциясы бар аудандарда тіркелуі;
дөңгелек мөр мен бұрыштық штамптың әзірленуіне рұқсат алу;
Фирманың тауардың өндірісіне ұйымдастырушылық техникалық дайындығы;
Туристiк фирма қызметі - жеке және заңды тұлғалардың туристiк
1) туристердi орналастыру орындары - мейманханалар, мотельдер, кемпингтер, туристiк
2) туристiк өнiмдi ұсыну - туристiк қызмет көрсетуге (жарнама,
3) тур - белгiленген мерзiмдер шеңберiнде белгiлі бiр маршрут
Туристiк ұйымдар - қызметiнiң негiзгi түрi туристiк қызмет болып туристiк фирма қызметін көрсету - өзiнiң туристiк саяхаты кезеңiнде Қазақстан Республикасының туристiк қызмет туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына
2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының
Туристiк қызметтiң субъектiлерi мен объектiлерi
Туристiк қызмет субъектiлерiне:
1) туристiк операторлар (туроператорлар);
2) туристiк агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бiрлестiктерi;
5) экскурсанттар;
6) туристiк қызмет саласындағы өзге де бiрлестiктер;
7) туристiк қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн мемлекеттiк органдар
2. Туристiк қызмет объектiлерi - табиғи объектiлер және табиғи-климаттар.
Туристiк индустрия - туристерді орналастыру құралдарының, көлiктiң, қоғамдық тамақтандыру.Жалпы Шығыс Қазақстан облысындағы туризмнің дамуын талдау қабылданып, жүргізіліп жатқан мемлекеттік, облыстық деңгейлердегі бағдарламаларға қарамастан оның басқа елдермен салыстырғанда әлі де төмен дәрежеде екендігін көрсетті. Бұл саланың облыстың туристік-рекреациялық мүмкіндіктерін ұтымды пайдалана алмай отырғандығының басты себептері:
1. Көлік мәселесі. Туристердің басым бөлігі сервис және сенімділік жағынан шетелдік әуе тасымалдаушыларын таңдайды, соның салдарынан отандық әуе компанияларында жолаушылар ағысы төмен. Әуе билеттері құнының жоғары болуына байланысты турфирмалар өнімінің бағасы қымбат, соған орай халықаралық нарықта біздің турөнімнің бәсекеге қабілеттілігі төмен. Автокөлік шекаралас мемлекеттерге шоп-турларды ұйымдастыруда және экскурсиялық маршруттарда қолданылады. Бірақ оның дамуы облыс аймағындағы туристік объектілерге апаратын жолдардың жағдайына және туристік көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету деңгейіне байланысты артта қалып отыр. Шығыс Қазақстан облысындағы автобус паркі моральдық, физикалық тұрғыда тозған автобустар ғана ұсына алады. Облыстағы келешегі бар туристік объектілерге тікелей темір жол көлігімен жету мүмкін емес.
2. Туристерді орналастыру орындары. Шетелдік туристерге облыс орталығының өзінде сапалы қызмет көрсетуге сәйкес қонақүйлер жоқ, барының материалдық базасы 80% тозған, өйткені олар 60-жылдары салынған. Көптеген зерттеу мәліметтері бойынша туристік классқа жататын 2-3 жұлдызды және шағын, орта қонақүйлердің қызметі рентабелді болып келеді. Облыс орталығының өзінде мұндай қонақүйлер саны 3-4 аспайды. Ал тікелей туристік объектілерде қонақүйлер құрылысы әлі күнге қолға алынбай отыр.
3. Кадрлық қамтамасыз етілу. Туризм саласының кадрлармен қамтамасыз етілу деңгейі осы уақытқа дейін қанағаттанарлықсыз болып отыр. Облыста туризм менеджерлерін дайындайтын бірқатар жоғары оқу орындары бар. Ал экскурсия жүргізушілер, гидтер, нұсқаушылар дайындайтын арнайы оқу орындары жоқ.
4. Ішкі және кіру туризмін дамыту мәселелері. Облыста 2009 жылдың 1-қаңтарында 48 туристік фирма, оның ішінде 25 туроператорлық, 22 турагенттік және 1 экскурсиялық фирма әрекет еткен. Аталған туристік фирмалардың көрсететін қызметтерінің 80% жуық үлесін шығу туризмі құрайды. Бұл фирмалардың ішкі және кіру туризмін дамытуға ынта білдірмейтіндігінің басты себебі облыстағы туризм инфрақұрылымының төмен деңгейі және ішкі, кіру туризмін дамытуда мемлекет, жергілікті басқару органдары тарапынан жеңілдіктердің қарастырылмауы.
Осы мәселелерді шешу үшін туристік фирмалар қызметінде маркетингті жетілдіру маңызды.
Туризмнің дамуы көлік инфрақұрылымын дамытумен тікелей байланысты. Резидент емес туристер облыс аумағына көбінесе автожол немесе әуе көлігімен келеді. Ішкі туризм мақсатында автожол көлігі жиі пайдаланылады. Турлар мен экскурсиялық бағдарларды ұйымдастыру автомобиль жолдарының жағдайына байланысты.Сондықтан Семей-Қайнар, Алматы-Өскемен, Өскемен-Шемонайха, Қарағанды-Аягөз, Зырян, Катон-Қарағай, Омбы-Майқапшағай, Зайсан-Қалжыр-Теректі сияқты туристік объектілерге апаратын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және қайта жөндеуден өткізу қажет.Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысында туризмді дамыту және оның әлеуетін ұтымды пайдалану үшін келесі шараларды жүзеге асыруды ұсынамыз.
Кіру туризмi мен iшкi туризмдi дамыту мақсатында көшi-қон, визалық және тiркеу рәсiмдерiн, кеден және шекара бақылауын жеңілдету мәселелерi жөнiндегi заңнаманы жетiлдiру, халықаралық шарттар базасын кеңейту үшін шет елдермен ынтымақтастықты жандандыру, белгiленген техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сәйкес туристiк және қонақ үйлiк қызмет көрсетулердiң сапасын арттыру қажет.
Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелерiн шешу үшiн сумен жабдықтау және су тарту жүйесiнiң құрылысын салу, телефон желiсiн төсеу немесе өткiзу және спутниктiк байланыспен қамтамасыз ету, көлiк жолдарын салу және қайта жаңғырту керек. Бірінші орында сұранысы жоғары жағажай және емдеу-сауықтыру туризмін дамыту аймақтарын коммуникациялық жүйелермен қамтамасыз ету қажет. Туризм инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын ескере отырып Алакөл және Марқакөл көлдерінде, Бұқтырма су қоймасында туркласс санаттағы мейманханалар желісін, қонақ үйлер мен кемпингтер салуды қажет етеді.
Сонымен қатар, туризм саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық бизнес-қоғамдастықтардың Қазақстанның туристiк мүмкiндiктерi туралы хабардарлығын арттыру және осыған байланысты шетелдiк ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту, даму институттары мен қорлары, екінші деңгейдегі банктер қаражатынан қаржыландыру туристік саланы дамытуға зор ықпал етеді. Инвестиция көздерін табу туристік және кәде-сый өнімдері индустриясын дамытуға, кіру туризмiн жандандыруға тартымды, әлемдiк стандарттарға сәйкес келетiн туристiк инфрақұрылым объектiлерi бар аудандар салудың өңiрлiк жоспарларын әзiрлеуге, киiз үйлер дайындайтын кәсiпорындарды қалпына келтiру және жаңаларын салуға, ұлттық қолөнердi қайта жаңғыртуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен ықпалын тигізеді.
Туристік өнім маркетингiн қамтамасыз ету үшiн Шығыс Қазақстан халықаралық және республикалық деңгейдегі туристiк көрмелерге, биржаларға, жәрмеңкелерге белсендi қатысу, әлемдiк туристiк нарыққа iлгерiлету мақсатында облыстың тартымды туристiк имиджiн қалыптастыру жөнiндегi iс-шараларды жүргізу керек.Туристiк кадрларды сапалы дайындауды қамтамасыз ету үшiн туристік индустрия субъектілері үшін әлемдік деңгейдегі жетекші сарапшыларды шақыра отырып, шебер-кластарын, треннингтер өткізу, туризм және мейманханалық шаруашылық саласындағы мамандықтар бойынша оқыту бағдарламаларын әзірлеу, гидтар, экскурсияшылар, туризм нұсқаушыларын айрықша қорғалатын аумақтар мен мемлекеттiк ұлттық парктер үшiн оқыту семинарлары мен бiлiктiлiгiн арттыру курстарын тұрақты негiзде жүргiзу қажет.
Маркетингтік қызметті тиімді жүргізуде ақпараттың рөлі зор. Техника мен ғылымның дамуы туристік қызметтің (қонақ үй шаруашылығында материалды-техникалық базаны, көлікте, саяхат бюросында) жаппай өндіру құралын жетілдіруге мүмкіндік туғызады. Әсіресе туристік маркетингте компьютерлік техниканың туризм индустриясына енгізуді бөліп көрсету керек, мұнсыз қазіргі уақытта бұқаралық туристік саяхатты ұйымдастыру мүмкін емес.Туристік саланы ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк қамтамасыз ету үшiн қажеттi көлiк жолдарының, инженерлiк және инфрақұрылымдық объектiлердiң болуын ескере отырып, аудандар бойынша туристiк индустрия мониторингiнiң тетiгiн әзiрлеу, ұқсас халықаралық желiлермен одан әрi оны кiрiктiру мақсатында облыс аумағында бiртұтас туристiк-ақпараттық желi құрудың қажеттілігі туып отыр.
Дүниежүзiлiк туристiк ұйымның ресми тiлдерiнде облыстың туристiк әлеуетi, мәдениетi мен тарихы, туристiк ұйымдар мен қонақ үйлiк қызмет көрсетулер, көлiктiк коммуникациялар мен байланыс, виза алу тәртiбi, тiркеу және әкiмшiлiк рәсiмдерi туралы жаңартылып отыратын деректер банкi бар Шығыс Қазақстан облысының туризмі жөніндегі сайт жаңартылуы тиіс. Туристердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн туристiк кадрларды арнайы даярлауды және туристерге қызмет көрсету жөнiндегi туроператорлар мен турагенттердiң қызметiнде қауiпсiздiк техникасы жөнiндегi нормалардың, ережелердiң сақталуын бақылауды жүзеге асыру керек.Шығыс Қазақстан облысында туризм саласында халықаралық ынтымақтастықтың рөлі зор. Бұл ретте трансшекаралық туристiк бағдарларды дамыту жөнiнде Орталық Азия мемлекеттерiмен, бiрiншi кезекте Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Монғолия Республикасымен өңiрлiк ынтымақтастықты дамыту қажеттілігі туып отыр.Туристік қызмет сферасының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың маркетингтік аспектілері нарықты зерттеу, тұтынушылардың сұранысы мен талғамын анықтау, ассортименттік, баға, өткізу, жылжыту саясаттарын әзірлеуді қамтиды. Мысалы, туризмі жақсы дамыған мемлекеттер бюджеттен жарнамаға қаражат бөле отырып тур өнімді жылжыту саясатын жүргізеді. Түркияда туристік компаниялардың персоналды оқыту және әлемдік нарыққа фирмалық марканы жылжыту шығындары бюджет есебінен қайтарылады. Қазақстанда кіру туризмін дамыту үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Internet - желі жүйесінде ақпаратты қорғаудың әдістері
Оптикалық қорғау құралдары
Ақпаратты криптографиялық әдіспен қорғау
Ақпаратты қорғау жүйелерінің талаптары
Операциялық жүйелерде рұқсат етілмеген қолжетімділіктен ақпаратты қорғау
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауiпсiздiк тұжырымдамасы
Ақпаратты қорғау жүйесінің көлеңкесіздігі
Ақпаратты қорғау үшін ұйымдастырылатын әрекеттері
Ақпаратты қорғаудың аппараттық құралдардың белгіленуі және сипаттамалары
Ақпаратты қорғау және ақпараттық қауіпсіздік
Пәндер