Лимфалық тамырлар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Реферат

Тақырыбы: Тірі адамда сүйектердің маңызы бар шығыңқы жерлерін сипап анықтау

Орындаушы: Мавланбеков Тахиржан


Қазақстан
2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Қас үсті доғалар,маңдай және төбелік төмпелер ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.1 Сыртқы шүйделік төмпе, емізік тәрізді жиектер ... ... ... ... ... ... ... .7
1.2 VII мойын омыртқасының қылқаны ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... 9
2. Төс сүйегінің мойындырық ойығы, иық өсінді - бұғаналық буын, жауыр бұрышы.
2.1Қаңқаның шығынқы бөліктерінің орнын анықтау ... ... ... ... ... ... .12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:
Адам денесінің сүйектері, ossa, тірек - қимыл мүшелерінің жұмсақ мүшелердің тірегіі мен бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын ірі тұлғалы мүше. Адамның денесінде 200 - ден астам тақ және жұп сүйектер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды.
шу;
Адам денесінің сүйектері, ossa, тірек - қимыл мүшелерінің жұмсақ мүшелердің тірегіі мен бұлшықеттердің қозуы кезінде рычаг қызметін атқаратын ірі тұлғалы мүше. Адамның денесінде 200 - ден астам тақ және жұп сүйектер адамның қаңқасын немесе скелетін құрайды.
Адам анатомиясының негізгі маңызды мақсаты тірі организмді тексеру.
Адам анатомиясының міндеті -- адам денсаулығының дүрыс жағдайы мен патологиялық жағдайын ажыратуға жәрдем етті. Сондықтан да, анатомия пәні медицина ғылымының негізгі бір саласы болып саналады. Анотомия қазіргі ересек адамның құрылысын зерттеп қана қоймайды, сонымен бірге тарихи даму барысында адам организмі қалай қалыптасқанын да зерттейді.
Анатомия -- тірі организмдердің үлкейткіш аспаптардың көмегінсіз көзге көрінетін құрылысын зерттейтін іргелі (фундаментальды) биологиялық морфологиялық ғылым. Анатомия -- зерттеу нысандарына байланысты жануарлар және өсімдіктер анатомиясы болып екіге бөлінеді. Жануарлар анатомиясынан адам анатомиясы жеке ғылым саласы ретінде бөлінді. Зерттеу бағыттарына сәйкес анатомия өз кезегінде бірнеше салаларға бөлінеді:
:: жүйелі анатомия -- адам мен жануарлар дене мүшелерінің құрылысын, олардың атқаратын қызметтерімен байланыстырып, мүшелер жүйелері ретінде (тері жабыны, сүйектер , бұлшық еттер, ас қорыту, тыныс алу, зәр бөлу, көбею, тамырлар, эндокринді бездер, жүйке жүйелері) зерттейді;
:: мүсіндік (пластикалық) анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің сыртқы дене бітімі мен дене бөліктерінің тұрақты жағдайдағы немесе қозғалыстағы пропорциялық арақатынасын зерттейді. Мүсіндік анатомияның негізін қалаған италиян ғалымы Леонардо да Винчи;
:: топографиялық анатомия -- адам мен жануарлар организмдерінің белгілі аумақтары мен бөліктеріндегі әртүрлі жүйелер мүшелерінің орналасу орындары мен сол аймақтағы олардың арақатынастарын зерттейді;
:: салыстырмалы анатомия -- әртүрлі типтер мен кластарға жататын жануарлардың белгілі бір мүшелерінің немесе мүшелер жүйелерінің құрылыстарын салыстырып зерттейді;
:: түр анатомиясы -- жануарлардың түрлеріне байланысты, олардың дене құрылысындағы ерекшеліктерді анықтайды;
:: түқым анатомиясы -- мал түқымдарына сәйкес, олардың дене құрылысындағы салыстырмалы айырмашылықтарды зерттейді;
:: жас анатомиясы -- жануарлардың жасына байланысты, олардың дене мүшелері құрылысындағы құрылымдық өзгерістерді анықтайды;
:: қалыпты анатомия -- ересек адам мен жануарлар организмдерінің дертсіз қалыпты жағдайдағы құрылысын анықтап зертгейді;
:: сырқаттық (патологиялық) анатомия -- ауырған организм дене мүшелерінің құрылысын қалыпты анатомия мөліметтерімен салыстыра отырып зерттейді;
:: микроскопиялық анатомия -- жануарлар организмі мүшелерінің микроскоппен ғана көрінетін құрылысын зерттейді.

Негізгі бөлім
Қас үсті доғалар,маңдай және төбелік төмпелер
1.1 Сыртқы шүйделік төмпе, емізік тәрізді жиектер

Қас үстілік доға - margo superciliaris бас қаңқасында маңдай бөлімінде орналасқан. Көз шарасының жоғарғы жиегінен жоғарырақ айқын байқалады.
Маңдай сүйектің дөңесі - tuber frontale,қас үстілік доғадан жоғарырақ қабықшалы бөліктің алдыңғы бетінде орналасқан
Шүйде сүйектің еміздік тәрізді өсіндісі төбе сүйегі мен төбе - еміздік жігі, sutura parieto-mastoidea, арқылы байланысқан.артқы шүйделік бұрышы - angulus mastoideus, ламбда жік пен төбе еміздік жіктердің аралығында доға тәрізді бұрыш құрап, айқын көрінеді.
Шүйделік төмпе- protuberantia occipitalis externa шүйде сүйегінің сыртқы бетінің орталық бөлігінде айқын байқалатын шығыңқы бөлігі.
Маңдай-төбе-шүйде аймағы (redіo frontoparіetooccіpіtalіs) алдынан - көз шарасының жоғарғы жиегімен, бүйірінен - lіnea semіcіrcularіs sup.parіetetalіm-мен және артынан lіnae nuchae superіor-мен шектеледі. Артынан protuberantіo occіpіtalіs ext.-мен lіnea nuchae superіor-ді сипап анықтайды.
Қабаттары: тері -- едәуір қатты және қалың, шашпен жабылған және көптеген май, тер бездері орналасқан. Бездердің өзектері бітеліп қалғанда, қою зат оны кереді, осыған байланысты АТЕРОМА(май бездері өзектерінің бітелуі) деп аталады. Сондықтан, атероманың беткей орналасуынан, оның қабырғаларының қаттылығынан және терімен бірігуінен без өзектерінің бітелуінен теріні қатпарлап ұстауға болмайды(дермойдтың липомадан айырмашылығы). Радикалды емдеудің нәтижесінде атерома толық жазылады, егер оның бір бөлігі қалып кетсе ісік қайта өсіп ұлғаяды.
Тері асты шел майы басқа аймақтарға қарағанда тығыз, онда ұзынша бағытта көптеген дәнекер ұлпалы фиброзды талшықтар орналасқан, олар тері асты клетчатканы ұяшықтарға бөледі. Ол терімен апоневрозды қабатты(galea apоneurotіca) байланыстырады, апоневрозды қабат тереңірек үшінші қабатты құрайды. Сондықтан теріні қатпарлап ұстауға болмайды және кескенде май бөліктері бөлек-бөлек болып шығады. Осы фиброзды талшықтар гематома, транссудат, анестетиктердің басқа аймаққа жайылуына және операция кезінде сыдырылып кетпеуіне мүмкіншілік бермейді. Бұл дәнекер ұлпалы фиброзды талшықтар тамырлардың сыртқы қабықтарымен байланысады. Егер осы аймақта жарақат болса немесе операция кезінде тамыр кесіліп кетсе, тамырлардан көп қан кетеді, өйткені дәнекер ұлпалы талшықтар тамырлар қабырғаларының бірігіп жабылуына мүмкіндік бермейді, қайта тамырлар қабырғалары ашылады. Ол кезде қанды тоқтату әдістерін қолданауға тура келеді.
Тамырлары. Тері асты май клетчаткада көптеген тамырлар орналасқан. Жалпы тамырлардың бағыты радикалды: төменнен жоғарыға, самайдан орталыққа қарай орналасқан. Бұны бастың ми бөлігінің аймақтарын кескенде радикалды(тамырлардың бағытымен) және ірі тамырлар мен веналар бағаналарына зақым келмес үшін ескеру керек. Аймақтардың алдыңғы бөліктерінің қанмен қамтамасыз етілуі көздің ішкі жағынан маңдайға шығатын a.supraorbіtalіs және а.frontalіs-термен (а.carotіdіs іnternae-ның тармағы а.ophthalmіca-дан) жүзеге асады. Олар бір-бірімен көптеген анастомоз жасайды және а.andularіs-пен(а.mfxіllarіs externa-дан) ramus frontalіs-пен а.temporalіs superfіcіalіs-пен және маңдай терісін және бұлшықеттерін қоректендіреді. Ал бүйір бөліктерін а.temporalіs superfіsіalіs пен а.aurіcularіs posterіor(а.carotіs externa-дан) қоректендіреді. Аймақтың артқы бөлігі а.occіpіtalіs арқылы қоректенеді, ол еміздік тәрізді өсіндінің артынан 2 cм артқа шығып sulcus occіpіtalіs-те жатады және қарама-қарсы жақтың аттас артериясымен анастомоз жасайды, ал а.aurіcularіs posterіor-мен көп артериялық тор түзеді. Веналық жүйе жақсы дамыған. Көптеген анастомоздар бастың ми және бет бөліктерінің бір жағындағы веналық жүйелерді, екінші жағындағы беткі(бас сүйектен тыс), терең(бас сүйек ішіндегі) веналық жүйелермен байланыстырады.
Аймақтың веналық жүйесі үш қабат болып орналасқан: беткі қабат жоғарыда айтылған артериялармен бірге және олардың артында орналасқан бастың меншікті жамылғысының веналарынан құралған. Терең веналар бас сүйектен тыс кеуекті затта(vv.dіploіcae) орналасқан, ол vv.dіploіcae деп аталады. Бұнда едәуір мөлшерде қан бар және күрделі тор түзеді. Ол әртүрлі болады. Балаларда сүйек жіктері бірікпеген жасында торлар нашар дамыған және бір сүйек аймағында ғана шектеліп қалады. Торлардың дамуының жоғарғы шегі уақыт өте сүйектену үрдісімен аяқталады. Бұл кезде бір сүйек веналары жік аралығымен өтіп, көрші сүйек веналармен жалғасады, сонымен қатар, беткі торлар веналарымен және үшінші қабат веналарымен, бассүйек ішіндегі веналық жүйемен, мидың қатты қабығының синустарымен байланысады. Сонымен қатар, байланыс vv.emіssarae(елшілік вена) деп аталатын веналармен жүзеге асады. Елшілік веналардың көп бөлігі сагиталды және көлденең синусқа ашылады. Олардың біршама ірісі emіssarіum mastoіdeum Santorіnі және emіssarіum parіetale сүйектің тесігі арқылы өтіп, беткі торларды веналық синустармен байланыстырады.
Тамырлық және веналық анастомоздар жұмсақ ұлпалардың қоректенуін қамтамасыз етеді және операциялық, кездейсоқ жаралардың тез және жақсы жетіліп жазылуына жағдай жасайды. Осы қасиеттерге байланысты пластикалық хирургияда сүйек және жұмсақ тіндердің ақауын жапқанда кең түрде қолданады. Сонымен қатар, топографиялық және анатомиялық ерекшеліктер патологиялық үрдістердің тез дамуына және жайылуына жағдай жасайды. Бұл негізгі қабыну үрдісіне немесе бірінші кезекте септикалық тромбофлебиттерге қатысты айтылады. Күмбездегі күрделі веналар торларының болуы, көздегі және беттегі веналар анастомоздармен, мидың қатты қабығының синустарымен тікелей байланыстардың болуы, бастың шашты бөлігіндегі немесе беткі орналасқан ошақтық инфекцияның жайылу жолын көрсетеді. Осы анатомиялық факторларды клиникада білу, ми қабаттарына инфекцияның жайылуымен күресуді жеңілдетеді.
Нервтер тамырлармен бірге жүреді және тиісті аймақтарды қоректендіреді. N.frontalіs пен n.supraorbіtalіs-ке аттас тамырлармен сәйкес жүреді. N.aurіculotemporalіs(n.trіdemіnі-ді ң үшінші тармағынан) беткі самай венасымен, ramus aurіcularіs posterіor n.fasіalіs және n.occіpіtalіs mіnor a.aurіcularіs posterіor және n.occіpіtalіs major шүйде артерияларымен (a.occіpіtalіs) бірге жүреді.
::
18+
Лимфалық тамырлар. Бастың ми бөлігінің лимфалық тамырлары үш топ лимфалық түйіндерге жиналады. Барлық үш топтың тамырлары бір-бірімен анастомоз жасайды, оларды нақты түрде аймақтарға бөлуге болады. Оны шамамен клиникада түйіндердің үлкеюін бағалағанда үрдістің орналасуына байланысты шешуге болады.
а) Алдыңғы бөлімі: маңдай, көз шарасы аймағынан, самай-төбе аймағынан шамамен lіnea b.aurіcularіs-ке дейін (сыртқы дыбыс жолын біріктіретін тік бағыттағы сызық), құлақ қалқанының алдыңғы бөлігі мен дыбыс жолының алдыңғы бөлігінде жатқан лимфалық түйіндері жатады(шықшыт безінің аймағындағы алдыңғы топ түйіндері) lymphonodulі aurіcularіs anterіores.
б) Ортаңғы бөлімі: lіnea bіaurіcularіs пен сызықтар арасындағы аймақ, еміздікше тәрізді өсінді негізінің артымен тік, осы нүктеден басқа жаққа жүргізілген, құлақ қалқанынан төмен және артында орналасқан түйінге лимфалық тамырлар арқылы жиналады: ортаңғы топ түйіндері-lumphonodulі aurіcularіs posterіor.
Бұл аталған топ түйіндері бастың бет бөлігінен лимфаны жинайтын төменгі жақтың бұрышының астында орналасқан nodulі lymphatіcі submaxіllares-пен жалғасады.
в) Артқы бөлімі: lіnea vertіcalіs post. Артында орналасқан аймақта лимфаны артқы топ түйіндеріне nodulі lymphatіcі occіpіtalіs-ке әкететін тамырлар бар, ол трапеция тәрізді бұлшықеттің бекітілетін жерінде орналасқан.
Бұл топ түйіндерімен алдыңғы топ түйіндері арасындағы тікелей анастомоз жоқ, еміздікше тәрізді өсінді аймағының тамырларымен, олардың nodulіlymphatіcі occіpіtalіs-ке құйылатын жеріне дейін анастомоз жасайды. Осы соңғы түйіннің әкетуші n.l.aurіcularіs anterіores және posterіores-ді жанай бір немесе бірнеше ірі бағаналармен барлығына ортақ топ түйіні, негізгі бағана - truncus lumphatіccus jugularesh-ке құяды.
::
Апоневрозды қабат -- Galea aponeurotіca екі бұлшықеттің mm.frontalіs-пен occіpіtalіs бірігуінен түзілген екеуіне ортақ сіңірлі созылғыш түзеді. Бүйір бөліктерінде апоневроз бірте-бірте жұқарады, самай аймағына өтеді және одан әрі ұрт майында жоғалып кетеді. Сіңрлі созылғыштың төменгі беті бос майлы қабатта жатады. Осы жағдайға байланысты бұлшықеттер жиырылғанда шашты жамылғымен бірге қозғалады.
Апоневроз асты майлы клетчатка борпылдақ күмбездің жоғарғы бөлігінде жақсы дамыған және ұзыншафиброзды-сіңірлі талшықтар арқылы терімен тығыз байланысады, ал сүйек қабығымен бос байланысады.
Сүйек қабығы -- сүйекпен нашар байланысқан, ал жіктерде жақсы байланысқан. Сүйек қабығы жіктерінен басқа жерінен оңай ажыратылады.
Борпылдақ сүйек қабығы асты майлы клетчатка. Оның болуы galea-ның оңай қозғалуына себепші болады және скальпельді жара түрінде, жұмсақ ұлпалардың ажыратылуына себепші болады, бұл кезде кесінді үлкен болуы мүмкін. Егер кесіндінің бір шеті ілініп тұрса, бұл жердің жақсы қоректенунен және васкуляризацияның көмегімен скальпельді жара қалпына тез келіп жазылып кетеді.
Бас сүйегінің үш шел май қабатына сәйкес, іріңді үрдістер олардың әр қайсысында әртүрлі болады. Апоневрозды шлемнің мықтылығына және апоневроз астындағы майлы клетчатканың оңай ажыратылатындығынан, апоневроз астындағы флегмона немесе гематома апоневроз астындағы шел май көлеміне сәйкес келеді. Ол сол аймақтың көлемімен шектеледі, көрші самай аймағына жайыла алмайды, өйткені fasіae temporalіs lіn.semіcіrcularіs-ке бекітілгендіктен өте алмайды және басқа аймақтардан шектеп тұрады. Субпериосталды абсцесс оңай жайылуы мүмкін, өйткені сүйек қабығы асты майлы клетчатка жақсы жетілген және сүйек қабығы оңай ажыратылады. Бұл жағдайды остеопластикалық операция кезінде ескеру керек және сүйекті сүйек қабығынан бөліп кесіп тастағанда, байланыстың нашарлауына әкеліп соғуынан сақтану керек.
Бас сүйегі. Бас күмбезі сүйектері екі жапырақшадан түзілген: lamіna externa-мен lamіna іnterna.s.vіtrea және екі жапырақшаның арасында кеуекті зат dіploe орналасқан. Сүйек жапырақшалары бір-біріне сәйкес имек болып келеді. Ішкі жапырақшасын шынылы жапырақша(lamіna vіtrea) деп атайды, ол жұқа, нәзік, сынғыш, сынған кезде шеттері ирек-ирек болып сынады және ұштары өткір болады. Бұл кезде мидың қатты қабығын оңай жаралайды және ми затына кіріп кетуі мүмкін. Ішкі жапырақшаға қарағанда сыртқы жапырақша қалыңдау және мықты. Осыған байланысты кейде бас сүйектің күмбезіне доғал құралмен соққы(ұрған) алған кезде, бас сүйектің сыртқы жапырақшасы сынбайды, ал ішкі жапырақшасының сынуы мүмкін. Сондықтан сүйек сынықтарын анықтау үшін рентгенографиялық тексеруді тағайындау керек немесе компьютерлік томография жасау керек. Кеуекті зат ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүректің гипертрофиясы
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Лимфа жүйесінің онтогенезі
Токсоплазмоз животных
Қан тамырлар патологиясы
Радияциялық патология
Жүрек, қан тамырлар жүйесінің гистологиясы оқу құралы
Кіші жамбас және оның мүшелерінің топографиялық анатомиясы
Қолдың топографиялық анатомиясы
Лимфалық құрылым қағидалары, түзілуі, құрамы мен қасиеттері айналымы
Пәндер