Қоғамтану пәнін оқыту әдістері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Реферат

Тақырыбы:Қоғамтану және өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістері.

Оқытудың белсенді әдістері

Орындаушы:

Тексерген:

Алматы

2021

МАЗМҰНЫ

Кіріспе. . . . 3

Негізгі бөлім . . .

"Қоғамтану" пәнін оқытудың тиімді жолдары . . .

1. 1 Қоғамтану пәнін оқыту әдістері . . . 5

1. 2 Оқытудың белсенді әдістері . . . 6-7

2. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдіснемесенің ерекшеліктері

2. 1«Өзін. өзі тану» сабағында жағымды ойлаудың рөлі8-9

2. 2 Оқушыларды терең рухани. адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдісі10

Қорытынды . . . 11

Қолданылған әдебиет тізімі . . . 12

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі:

«Халық пен халықты теңестіретін - білім» - деп қазақтың абызы Мұхтар Әуезов айтқандай, білім бәсекесіне бейім шәкірт тәрбиелеу - біздің өмірлік мақсатымыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдарға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім берудегі ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделген. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір мұғалімнің ізденісі, жаңа тәжірибе, жаңа қарым - қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. «Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру».

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері:

өзін-өзі тану және қоғамтану пәнін оқытудың ерекшеліктері мен әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудағы әдістемелерінің рөлін айқындау.

Зерттеудің міндеттері:

Өзін-өзі тану және Қоғамтану пәндерін мектепте оқыту шарттарын анықтау;

Өзін-өзі тану және Қоғамтану пәндерін оқыту әдістемесінің ерекшеліктерін талдау.

Өзін-өзі тану және Қоғамтану пәндерін оқыту әдістемесінің териялық негізінің мәнін ашу,

шу;

Негізгі бөлім

"Қоғамтану" пәнін оқытудың тиімді жолдары

1. 1 Қоғамтану пәнін оқыту әдістері

Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты - оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу - әрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. «Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту - бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Мақсаты - оқу үрдісінің өнімділігін арттыру».

В. П. Беспалько: "Педагогикалық технология- оқу мен тәрбие процестерінің еске түсіру барысында қолданған құралдар мен әдістер жиынтығы, олар білім мақсатын тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді" дей отырып деңгейлеп оқытуды былай жіктеген болатын:

1. Оқушылық деңгейде бала мұғалім көмегімен амал-әрекет жасайды. Мұнда тапсырмалар алдыңғы сабақты нысықтауына мүмкіндік беретіндей, жаңа тақырып үшін тиімді, өмірмен байланысты болуы керек.

2. Алгоритмдік деңгейде тапсырам оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру үшін беріледі. Мұндай іс-әрекетте келтіретін тапсырмалар: мәтінмен берілген кері есептер, кері байланыс функциясын атқаратынтексеру тапсырмалары, логикалық есептер, ребустар, сөзжұмбақтар.

3. Эвристикалық деңгей өнімді деңгей. Танымдық іздену түріндегі тапсырмаларды орындау барысында қарапацым білімдерін жетілдіріп, жаңа білімді меңгеріп, жаңалық ашады.

4. Шығармашылық деңгейде оқушылардың іздену нәтижесінден қалыптастырған ұғым, түсініктерінің, қияли мен белсенді ой-еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі бір дәрежеде олардың жеке басының икемділінгін байқататын дүние жасап шығуына бағытталған тапсырмалар.

Пәнді оқытуда әртүрлі тиімді әдіс - тәсілдерді пайдалану - білім сапасын арттыруда бірден-бір мүмкіндік беретін жағдай. Заманауи жоғары технологияларды пайдалану арқылы және сабақты жүйелі ұйымдастыру арқылы, біз оқытушылар сапалы білім беруге қол жеткізе аламыз. Қазіргі кезде қолданылып жүрген технологиялардың бәрін бір сабақта қамту мүмкін емес. Сондықтан, әрбір пәнді оқыту технологиясын таңдап, іріктеу және оны іс - әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін арттыруға болады. Соның бірі «Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлауды дамыту» техногиясын басшылыққа аламын. «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдаланудың тиімділігі сол, білім алушылар өз ойларын ортаға сала алады, сабақ барысында барлық оқушыларға назар аударылады, өз деңгейлерін көре алады, талдау жасап үйренеді.

Бұл технологияны пайдаланудың төмендегіде тиімді жақтары бар:

1. Білім алушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;

2. Танымдық қабілеттілігін қалыптастырады;

3. Әлеуметтік мәдени тәрбие қалыптастырады;

4. Білім алушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;

5. Білім алушыны кез-келген сұраққа жауап ала алады;

6. Қосымша мәліметтер береді.

7. Білім алушыларға сенімділік білдіріледі;

8. Талантты, қабілетті балалар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер оқуға ниет білдіріп, өзіне деген сенімсіздіктен арылады.

9. Білім дәрежесі бірдей оқу топтарында оқу жеңілдейді

1. 2 Оқытудың белсенді әдістері

Қазіргі таңда «Қоғамтану» пәні сабағында электронды оқулық, яғни, мультимедиялық оқулықтарды пайдалану - бала таным көкжиегін кеңейтуге, замана көшін сезінуге жетелейтін технология дегенмен де, сабақ барысындаға берілетін тапсырмалар мен сұрақтардың өзін түрлендіріп, қызықты етіп, немесе ойын түрінде де ұйымдастырып отырсақ білім алушылардың сабаққа деген қызығушылықтары оянады. Мысалы, өз тәжірибемнен: «Ұлттық экономика және оның динамикасы» тақырыбын түсіндірген кезде тарих сабағымен салыстыра отырып, «Ой қозғау» сұрақтарын қоямын. Мысалы:

1. Патшалық Ресей кезінде қазақстанның экономикалық даму бағыты

2. ЖЭС кезіндегі Қазақстанның экономикалық даму бағыты

3. КСРО кезіндегі Қазақстанның экономикалық даму бағыты

4. Тәуелсіз Қазақстанның экономикалық даму бағыты

"Қоғамтану" пәнін оқытудың негізгі міндеттерінің бірі-студенттердің теориялық білімдерді меңгеруін және түсініктік-ұғымдық ойлауын қалыптастырудың тиімді әдістері мен құралдарын іздестіру мәселесі қажеттілікке айналуда.

Теориялық мазмұнға бағытталған оқу қызметін басқару әдістемесін құру құралдарының бірі-логикалық-құрылымды немесе графиктік кестелер болып табылады.

Кестелер оқыту процесінде түсіндіру, есте сақтау, бекіту қызметін атқарушы көрнекілік құралдары немесе оқу ақпараттарын, мазмұндағы білім элементтерін белгілі бір құрылымдық жүйемен жеткізу формасы ретінде қолданылады.

Логикалық құрылымды кестелер нақты модель, яғни білімді өрнектеудің шартты материалданған формасы ретінде студенттерге ұғымдарды, заңдылықтарды кестелер түрінде көрсетілген сыртқы заттық (материалданған) әрекеттерді меңгеруден бастауға мүмкіндік береді. Кестелер ұғымдарды мазмұнға сай меңгерудің маңызды шарты болып табылады.

Өз тәжірибемнен бай мазмұны бар қазақ философиясы тарихын игеруде көрнекі, нақты кестелердің алатын өзіндік орны бар.

Тақырып мазмұндарын көрсететін кестелердің үлгісі:

1- кесте

Алғы философия

Күлтегін (ҮІІ ғ. ) елдік, халықтық қасиеттер

Қорқыт тіршілік және мәңгілік мәселесі

Тоныкөк (ҮІІ ғ. ) шығыс-түрік мемлекетіндегі реформатор

Анарыс (Анархасис) (ҮІ б. ғ. д. . ) ел билеу жолдарын айтқан ғұлама, реформа жасаған

Алғы философия және оның қалыптасу барысы

2 кесте

Ортағасырлық Қазақстан философиясы

Ортағасырлық Қазақстан философиясы

Махмуд Қашқари (1029-1101 ж. ж. ) Түрік халқының салт-дәтүрін, менталитетін, тілін зерттеген

Жүсіп Баласағұн (1015-1016 ж. ж. ) Елді әділетті басқару мәселелері

Қожа Ахмет Иассауи (1166 ж. қ. б. ) Ақиқатты танып-білу жолдарын қарастырып сопылық (суфизм) философиясын дамытқан

Мухаммед Хайдар Дулати (1499-1551) Тарих философиясы мәселелерін қойып қарастырған, дін философиясын дамытқан.

Қоғамтану сабағында көлемді тақырып өткенде қосымша бейнехабарлар мен бейнематериалдар қажетті элемент болып табылады. Мысалы, " ҚР Президентінің құқықтық мәртебесі" тақырыбын түсіндіру барысында, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев туралы бейнефильмді білім алушылардың назарына ұсынып, ал оның өмір жолы, қызметі туралы мағлұма беру үшін оқытудың ойындық формасы брейнринг өткіздім. Сонымен қатар, « Үш кезең» деп аталатын тапсырма берген кезде бірінші қалай жазылатынына, айтылу ережесіне және мағынасын ашып жазуды үй тапсырмасы ретінде беремін. Мысалы:

Термин сөздердің жазылуы
Термин сөздердің қазақша мағынасы
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты
Термин сөздердің жазылуы: Индивид
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:
Термин сөздердің жазылуы: Конвенция
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:
Термин сөздердің жазылуы: Конституция
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:
Термин сөздердің жазылуы: Мораль
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:
Термин сөздердің жазылуы: Материя
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:
Термин сөздердің жазылуы: Декларация
Термин сөздердің қазақша мағынасы:
Термин сөздердердің қоғамда қолдану бағыты:

Кейбір сабақтарда топтық жұмыс кезінде «Ойланудың алты қалпағы» тапсырмасын үй жұмыстарын орындауда пайдаланамын. Бұл кезде топтарға сұрақтарды бөліп тастаймын. Әр топ 6 жауаппен беруі керек. Бұл тапсырманың тиімділігі оқушылар бірінің сұрағын бірі толықтырып отырады және сұраққа толық жауап алынады. «Кәсіпкерлік қызмет негіздері» деген тақырыпты өткен кезде білім алушыларды Бизнес жоспардың құрылымымен таныстыру үшін Ж. Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» технологиясы білім алушының да, оқытушының да шығармашылық қызметін дамытуға бағытталған тапсырмасын пайдаланамын.

Деңгейлік тапсырмалар үш деңгейдеберіледі.
1-деңгейдегі тапсырмалар «танып білу», яғни мақсатын біледі;
2-деңгейдегі тапсырмалар бар қаражатын үйлестіру, орынды жұмсау;
3-деңгейдегі тапсырмалар- шығындарын есептей отырып, табыс табуға ұмтылу, яғни оқушылардың қабілеттерін ашу мақсатында беріледі.

  1. «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту әдіснемесенің ерекшеліктері

2. 1 1. 1 Өзін-өзі тану сабағында жағымды ойлаудың рөлі

Әдістемелік тәсілдер шаттық шеңбері, сергіту сәті, тыныштық сәті, сабақ дәйексөзі (жағымды айту), топпен өлең айту және музыка т. б. адамда тұрақты адамгершілік-рухани және бірінші кезекте жағымды ойлауға бағытталған. Психологтар жағымды ойлауүрдісі кезінде адам келеңсіз жаман ойдан арылады, стресстен, әр түрлі қиын мәселелерді ұмытады деп айтады. Өз кезегінде келеңсіз жаман ойлар біздің істерімізге, мінез-құлқымызға, көңіл-күйімізге, өмір сүру әдебімізге, жалпы бәріне де әсер етеді. Ішкі дауысқа құлақ аса отырып, адам әр түрлімәселелерге психологиялық тұрақтылықты табады. Қорытындысында жағымды көңіл-күйдіңқолдауымен дұрыс ойлау қалыптасады, ол адамда қоршаған дүние мен өзінің үйлесім табуынаәкеледі. Жан тыныштығының үйлесімділігіне қол жеткізу үшін ақылды тазартып, тыныштандыру

қажет. Жағымды ойлау бұл - адамның жақсыны ең басына қоя отырып, жақсы мен жаманды айыра білуі. Жаман жағдаяттардан сабақ, тәжірибе алып, аулақ болу, өз ойына келеңсіз жаман ойларды жинамау. Әлемнің шексіз кең екенін түсіну, солай бола тұра бізге қалай қарайтындығы, қандай жағдайда болсаңызда тек қана сізге байланысты. Жақсыны қабылдай білу және өзіңнен жамандықты шегіндіре білу, жағымды көңіл-күйдің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. Алжағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілдері тезірек жағымды ойлауға және өз өмірінің тұтасүйлесімділікке өтуіне мүмкіндік жасайды. Жағымды көңіл-күй әдістерін кейде кейбір рухани тәжірибе әдістерімен - , Өзін-өзі тану пәнін оқыту әдістерінің ерекшеліктері деп есептейді. Психологтармен оларды салыстыру талдаулары жасалған. Медитация жағдайында шоғырландыру тіршілік етудің

анағұрлым нәзік деңгейіне өтеді, нүктесіне жеткенше ойлаудың және сезімнің нәзік құрылымын жеңіп шыққанша медитацияланушы ішкі тыныштыққа ешқандай мақсатқа бағытталмай мөлдір таза санаға батады. Ол транценденттік жағдайға енеді немесе уақытты ешқандай да бір түйсінбей таза санада болады. Біршама уақыттан соң, бір сәттен соң ойлау атқылап жаңадан басталады. Медитацияға жалпылама анықтама - сезім мүшесінің қатысуынан тыс әлде ненің пісіп жетілуі. Медитация уақыты шектелмеген, сананың толық өшуі деп саналады. Медитация аяқталғаннан кейін талқыланбайды. Ішкі жағымды көңіл-күйдің әдістемелік тәсілі эмоциялық қоздыру жағдайын жеңіп шығуға бағытталған, танымдық және физикалық күштен кейін (егер оқушылар өзін-өзі тану сабағына математика немесе дене тәрбиесі сабағынан кейін келсе, оларды тынышталдырып, жағымды көңіл-күй келтіру керек) . Осы тәсілдерді қолдану кезінде шоғырлану тек қана өз-өзінде қалады. Оқушылардың шындықты қабылдаулары жаттығуды барлық кезеңінде бірдей сақталады. Жағымды көңіл-күй туғызуға 2 минуттан 5 минутқа дейінгі уақыт беріледі. Бұл уақыт ішінде терең транс жағдайына кіру мүмкін емес, бірақ жағымды ойлауға көңіл-күйді келтіруге сананы тыныштандырып, оны тазалауға болады. Жағымды көңіл-күйдің әдістері кейбір кездерде арнайы берілген тақырыптарды көрсету үшін қолданылады. Мысалы: Маған қай жерде жақсы, жайлы орын бар? Бұл образды ойлауды елестете білуді сол сияқты бәрінің шығармашылығын дамытады, содан соң баланың жағымды образды елестетуден кейін жаңағы Маған қай жерде жақсы, жайлы орын барда суретке салу ұсынылады. Ары қарай салынған сурет талқылынады. Оқушының бірде бір сұрағы жауапсыз қалдырылмайды. Мұғалімнің ішкі жағдайы жайлы атмосфера тудыру үшін басты рөл атқарады. Егер біз оқушыларға ішкі тыныштық жағдайын меңгерткіміз келсе, ал біздің санамыз бұл уақытта әлде бір нәрсе тепе-теңдікте болмаса, біздің осы жағдайымыз оқушыға беріледі, бізге бұл қолма-қол кері байланыс ретінде қайта беріледі. Сондықтан маңыздысы жағымды көңіл-күйді қабылдау мұғалімнің де тәжірибесі болады, егер біз оны оқушылардың адамгершілік-рухани дамуы болсын десек. Тәжірибе көрсеткендегідей белсенді психологиялық ойындарды, тәсілдерді қолданғанда өте сақ болу керек, белсенді қимылдан кейін ақыл және сезімнің шапшуы, осыған дейінгіден де жоғары болады. Өз сабағында оқушылардың зейінін оның тыныштыққа енуіне аудару керек, сондықтан олардың назарын сыртқы әлемге аударатын әдістерді қолданбай-ақ қойған жөн. Біздің сабағымыз жүректен-жүрекке арқылы жүреді, маңыздысы соған икемдену, яғни біздің табиғи рухани ақиқатымыз болып табылатынына, бізге бір уақытқа көргендерімізден басқа бізде өзгешелік бар екенін білуге көмектеседі. Бізге бұл мақсатқа қалай жетуге болады? Біздің жүрегімізге жақындауымызға, онымен бірге қол жеткізуге, осы жолда қандай кедергілер күтеді. Бұл біздің денемізге байлаулы болуымызбен, біздің тілегімізбен және қиналысымызбен тығыз байланысты, қай кезде бір нәрсеге қол жеткізгіміз. Бізді барлық осы байлаулылығымыз бен тілегіміз тығыз материяға ұқсаса, ол біздің жүрегімізді жауып оның жарқырауын көрсетпейтін сияқты. Сабақ барысында жағымды көңіл-күй туғызу әдістерін қолдану төмендегідей оқушылардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамытуға көмектеседі:

* Тәртіп

* Өзін-өзі бақылау

* Денсаулық

* Сананың тепе-теңдігі

* Жады

* Шоғырландыру білу

* Интуиция

* Досына деген қарым-қатынаста сүйіспеншіліктің пайда болуы

* Ішкі жан тыныштығы

2. 2 Оқушыларды терең рухани-адамгершілік әңгіме үрдісіне тарта білу әдісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамтану пәнін оқытудың тиімді жолдары
Дүниетану пәнін оқыту әдістемесі
Кеңес елі мектептеріндегі тарих пәнінің оқытылуы және ондағы ұлт республикалары тарихының орны
Қазақ хандығының шығу тарихы
Әлеуметтанудың пәні мен объектісі
Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметтері
Әлеуметтанудың пәні мен әдісі
Заң психологиясы жайлы түсінік жайлы
Мектепте тарихты оқытудың әдістемесі – педагогикалық пән
Қазақ тілін оқытуда пәнаралық байланыстың орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz