Дыбысты дабыл



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
1.ТЖ жою кезінде іздеу.
2.Есту әдісі
3.Іздеу- жаппай сүзе іздеу, жануарларды пайдалану
4.Іздер арқылы іздеу
5. Көргендерден сұрастыру

Кіріспе
1.ТЖ зардабын жою кезінде зардап шеккендерді іздеу және оларға бірінші медициналық көмек көрсету құтқарушылардың басты міндеті болып табылады. Зардап шегушілерді іздеу,барлаудың нәтижесімен танысудан,жұмыс жүргізу аймағымензерттеуден,ТЖ сипатын және іздеуді жүргізу әдісін анықтаудан басталады. Жұмыс жүргізу орнын зерттеу кезінде географиялық және топографиялық карталар,суреттер қолданылады,рекогносцировка жүргізіледі,метеорологиялық мәліметтер,жануарлар және өсімдіктер әлемі,жергілікті жер бет-бедері,жолдар,асулар,омарта тұратын орындар,жайылым,су тәртібі,өтуі қиын жерлер зерттеледі.ТЖ сипатын және жұмыс жүргізу аймағын зерттегеннен киін құтқарушылар зардап шеккендерді іздеудің қолайлы әдісін тандайды. Зардап шеккендерді іздеу тәсілдерінің негізгі қатарына жататындар:көзбен шолу,дыбысты есту,жергілікті жерді барлау,барлап қарау,ізбен іздеу,көргендерден сұрау,әуеден іздеу,жануарларды арнайы құралдармен іздеу.

Адам 90% жуық ақпаратты көру көмегімен алады. Сондықтан зардап шеккендерді іздеудің негізгі тәсілі көзбен шолу. Ол жергілікті жерді қараудан және зардап шеккендердің тұрған жерін анықтаудан тұрады.Көзбен шолу әдісі байқау,көз қапері қаншылықты,көбінесе,көрнекті болып тек дененің аздаған бөлігі,киімдердін көрінісі,жабдықтар,киіндіру,қанның іздерін құтқарушылардың көруіне жоғары талап қояды.Көзбен іздеу барлық көрінетін аумақты немесе ТЖ аймағын қараудан басталады.Сонымен қатар,құтқарушы бір орында немесе қозғалып жүріп бақылау жүргізеді.

Көз жетерлік жерлерді көру үшін жергілікті жердің шарттарын қолдану қажет:тауға,мұнай мұнарасына,үйдің төбесіне,ағашқа шығу.көзбен іздеу үшін қолайлы жағдай -- ауа райының ашық болуы.Оптималды көзбен шолу мақсатында мақсатына сәйкес дүбірлер,ұлғайтқыш әйнектер,перископтар,түнде көретін құралдар қолданылады.Олар адамның көзі жетпейтін қашықтықтар мен жағдайларда баақылау жүргізеді.

Түнгі уақытта, қараңғы тыныш кенестіктерде,үңгірлерде,тұманда немесе түтінде көзбен іздеу жұмысын жүргізу үшін прожекторлар, фонарлар, шамдар, алаулар, білтелер, жарық түсіретін реакторлар қолданылуы керк.

Кейде оттың немесе фонардың жарығын көру мақсатында көзбен іздеу төнде істелінеді.Үлкен қаланың жарықтары 60км қашықтықта, тік прожектордың жарығы -- 50км қашықтықта,автомобиль фарының жарығы -- 10км қашықтықта, алау оты -- 8км қашықтықта, электр фонарының жарығы -- 3-4км қашықтықта көрінеді. Күндіз бақылау кезінде үлкен мұнаралар, шіркеулер, элеваторлар 18-20км, елді мекендер 15-16км, ірі үйлер адамдар 1,5-2км қашықтықтан көрінеді. Көру сезімталдығын терең және қалыпты дем алу, бетті және салқын су немесе қармен қайта-қайта, сүрту көмегімен жоғарлатуға болады. Жарық-сәулелі, қарлы, мұзды, су кеңістігі жағдайында көзбен бақылауды қолдану кезінде қара көзілдірік, күнқағарларды міндетті түрде пайдалану керек.

Барлық алынған ақпаратты құтқарушылар бақылау журналына, қаратаға, нысана сұлбасына енгізеді немесе штабқа жібереді.

2.ЕСТУ ӘДІСІ
Көзбен шолу қиындаған кезде немесе оны қолданыла алмаса, онда зардап шегушілерден дыбысты ақпарат алу арқылы жүргізіледі. Негізгі дыбысты дабылға жататындар: әңгме, айқай, ыңырсу, жылау, ысқыру, дем алу, қорылдау, алақанмен шапалақтау, дүрсіл, тарсыл, ату, жару, двигатель дыбысы, иттің үруі, құстардың шуы.
ДЫБЫСТЫ ДАБЫЛ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕСТІЛУ ҚАШЫҚТЫҒЫ
Дыбысты дабыл
Қашықтығы
Жарылыс
2-15км
Пойыз шуы, паравоз гудогы, сирена
7-10км
Трактордың гүрілі
3-7км
Мылтық дауысы
2-3км
Автомобиль гүрілі, аттың кісінеуі, иттің үруі
2-3км
Адамның айқайы
1-1,5км
Құлаған ағаштың сатыры
0,8км
Ескек дыбысы, ағаштарды кесу және аралау
0,5км

Зардап шегушілерді іздеу кезінде құтқарушылар үнемі аз ғана уақыт арасында жауап қайтуын тыңдап, дыбысты дабылды өздері бере алады. Дыбысты ақпаратты алу үшін барлық жұмыс түрін бірнеше минутқа тоқтату керек. Сол уақытта барлығы дыбысты дыбысты тыңдаулары керек және оның орны мен келген бығытын анықтап зардап шеккендерді іздеуге крісулері қажет.Жедел ІҚЖ жүргізудің маңызы зардап шеккендерді дыбысты дабыл арқылы дұрыс анықтап табу. Қате жіберген жағдайда зардап шеккендерен қайтадан, ал кейбір жағдайларда бірнеше рет дыбысты ақпарат алу қажет. Жұмысты жүргізу барысында бұл ақпарат үнемі дәлелдену керек.

Жеткілікті күшті және үнемі алып отырған дыбысты дабылдардың бағытын анықтау аса қиындық тудырмайды, сонымен қатар ондаай кезде қателіктер болуы екі талай . Әлсіз және қайта -- қайта қайталанған дабылды анықтау әлде қайда қиын. Бұл жағдайда дыбыс шыққан жақа қарай құлақты тосып оны тындау керек. Одан кейін басты 15-20% оң(cол) жаққа бұрып қайтадан дабылды тыңдау керек. Қай жақтан ең қатты дыбыс шықса, оны табудың дұрыс бағдары болып табылады. Ең көп қиындық тудыратын жеке щыққан дабыл бағдарын анықтау. Бұл жағдайда бірнеше адамның пікірін білу қажет және оларды ескере отырып дыбыстың шыққан бағытын анықтау керек. Дыбыстық тербелістер әртүрлі ортадан беріле алады (ауа, сұйықтық, қатты дене). Мұнда олардың қасиеті дыбысты ақпаратты тыңдау әдісімен алу. Осы мақсатта құлақ қатты денеге қойылады. Егер осындай денені ұрса, соқса немесе оны тырналаса онда дыбыс тралады және естіледі.

Егер құлақ дыбысты дабылдарды ести алмайтын болса, онда арнайы аккустикалық құралдар қолданылады: жаңғырлық, геофон. Олардың жұмыс істеу қағидаттары адамның тіршілік ету сипатын білдіретін (дем алу, ыңырсу, айғайлау, жүрек соғысы, қозғалысына) негізделген. Зардап шеккендерді акуустикалық құралдармен іздеу әдісі зардп шеккендерді аккустикалық құралдармен іздеу әдісі зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлердегі шуды (дыбысты) өлшейді. Мұнда - Пеленг-1 -- аккустикалық құралын пайдалана отырып жақсы нәтижеге жетеді. Зардап шегушілерді дыбысты ақпаратпен іздеу кезінде керекті, маңызды тіпті бөгде дыбыстар болған жағдайда да тыңдай білу маңызды.

3. Іздеу -- жаппай сүзе іздеу, барлау, жануарларды пайдалану
Құтқарушыларды іздеудің бір әдісі жергілікті жерді бақылау. Ол зардап шеккендер өз беттерімен қозғала алмаса, дыбысты және басқа да дабылдар бере алмаса тәртіп бойынша табиғи ортада қолданеылады. Бұл әдіс жаяу жүру кезінде және зерттелетін аумаққа зейін қойып көзбен шолып қарап шығу үшін негізделген. Жекелеген жағдайларда жаяу жүріп сүзе тексеру техника мен жануарларды пайдалана отырып жүзеге асырылады.

Іздеу алдын ала шаршыға бөлінеді содан кейін оның әрқайсысы сүзіп тексеруге шығады. Әуелде жұмыс жетекшісі жергілікті жерде қозғалу бағытына бағдар жасайды; шартты дабылдар, жиналу орындары және іздеу учаскілерінің қашықтығы туралы айтылады. Қозқалыс оның шетіне тәжірибелі құтқарушылар қойлып, саппен жүзеге асырылады. Олар дабылдар береді.

Жергілікті жерді сүзе жүріп тексеру кезінде әрбір құтқарушы аумаққа зер салып қарап онда зардап шегушілердің болуы мүмкін жерлерді байқаулары керек( құлаған ағаштар, жар , кұз, үйме жапырақтар, күртік қалар, шоғырлар), заттай айғақтар жинаулары қажет.

Зардап шеккендерді тапқан кезде оларға көмек көрсетіп көшіруді ұйымдастырып, жетекшіге баяндап одан ары адамдарды іздеу жалғастыру керек. Іздеуді тоқтату шешімін тек жұмыс жетекшісі шешім қабылдай алады. Жергілікті жерді сүзе тексеру кезінде құтқарушылар топографиялық карталармен , орман шалушыларға карталарымен, құбылнамаларымен, зардап шеккендерге көмек көрсететін шұғыл құралдармен, азық-түлктермен қамтамасыз етілуі керек. Іздеуге қатысушылардың қозғалулары қауіпсіздік шалаларын қадағалай отырып жүзеге асырылулары керек, ал киімдер мен аяқ-киімдер жұмыс жағдайы мен ауа райына лайықты болуы қажет.

4. Табиғи ортада зардап шегушілерді іздеудің тиімді әдісі қарда, шөпте, батпақта, мұзда, шаңда, құмда, заттарда қалған іздер және таңбалар арқылы іздеу. Із бойынша зардап шеккендердің жүрген жолдары , қолда бар техниканың, жануарлардың қозғалу бағыты, тексерілетін жергілікті жердегі жабдықтар, азық-түліктер, дәрі-дәрмектер, зардап шеккендердің жағдайы, топ құрамының саны және сапасы, адамдардың табылған уақыты анқталыды.

Із жақсы көрінген жағдайда зардап шеккендер табылғанға дейін іздеу тоқталмайды. Із арқылы іздеуді 5-6 адамнан топ болып құрылған құтқарушылар жануарлар мен техникаларды пайдалана отырып жаяу жүру арқылы жүзеге асырылады. Бұл негізгі топтың бірнеше топқа юөлінуі жағдайында да зардап шеккендің саны мен олардың қозғалу бағытына байланысты, әр түлі бағытта жүру жылдамдығы мен тиімді көмек көрсетуін қамтамасыщ етеді. Ізбен іздеу бірнеше күнге созылуы мүмкін. Сондықтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құлақтың құрылысы және қызметі
Есту анализаторы. Дыбыстық тітіркенуді қабылдау
Көру мүшесі
Құлақ
Сыртқы, ортаңғы, ішкі құлақтың құрылысы, қызметтері. Статокинетикалық және есту анализаторлары. Кіреберіс- ұлу нерві( VІІІ-жұп)
Есту биофизикасы
Көру, есту, иіс, дәм, тепе-теңдік талдағыштарының бөлімдері
Есту және тепе-теңдік мүшелері
Қазақтың ұлттық аспаптары туралы
ШУЛЫ ҰРМАЛЫ АСПАПТАР
Пәндер