Аударма өнері және көркемдік түсініктер туралы
Аударма саласы — мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі. Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн тәртібінде тұра бермек. Және солардың актуальдылығы — белгіл кезеңдерге байланысты жағдай. Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын жоймайды, өйткені ол қашан да жаңа, соны проблемаларға жол ашады, мұрындық болады. Ол проблемалардың негізгісі, бір сөзбен айтсақ, аударманың әсіресе классикалық шығармалар аудармасынын, көркемдік дәрежесі, оны екінші тілде жасаудың жолдары.
Аударма өнері, аударма үлгілері, ең алдымен, әр дәуірдің жемісі болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық дәуірде, барлық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні, ертеңгі бүгінгіні алдына үлгі ете отырып, соның жетістіктерін пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп, аударманы алға дамытады.
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сәт қадамынан бастап-ақ аудармалық шығарманың жалпы мазмұнын, идеясын беру мақсаты дұрыс ұсталды. Және оқырман ұғымы, талғамы, талабы еске алынып отырды. Аударып отырған ақынның, жазушының идеялық-көркемдік ерекшелігін дәл жеткізу — Абай аудармаларында тамаша іске асырылды. Ал осы қасиеттердің бәрі күні бүгінге шейін аудармада ұсталатын негізгі бағытқа кіреді, соның проблемалары болып саналады.

АУДАРМА ӨНЕРІ ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ТҮСІНІКТЕР ТУРАЛЫ
Аударма саласы — мәдениет пен әдебиеттің көне мүлкі, үлкен дүниесі.
Ол туралы айтылатын сөз, қойылатын проблема қашан да туындай бермек, күн
тәртібінде тұра бермек. Және солардың актуальдылығы — белгіл кезеңдерге
байланысты жағдай. Аударма туралы қай кезеңде не айтылса да маңызын
жоймайды, өйткені ол қашан да жаңа, соны проблемаларға жол ашады,
мұрындық болады. Ол проблемалардың негізгісі, бір сөзбен айтсақ,
аударманың әсіресе классикалық шығармалар аудармасынын, көркемдік
дәрежесі, оны екінші тілде жасаудың жолдары.
Аударма өнері, аударма үлгілері, ең алдымен, әр дәуірдің жемісі
болғандықтан да, әр кезеңдер түрліше бой көрсетуі заңды. Тіпті барлық
дәуірде, барлық кезеңде кәдеге аса беретін, үнемі үлгі етіп ұстайтын
аударма да және аударма өнері де баршылық. Бірақ бүгінгі кешегіні,
ертеңгі бүгінгіні алдына үлгі ете отырып, соның жетістіктерін
пайдаланады, өз тұсының ерекшеліктерін қосады, сөйтіп, аударманы алға
дамытады.
Қазақ әдебиетіндегі алғашқы сәт қадамынан бастап-ақ аудармалық
шығарманың жалпы мазмұнын, идеясын беру мақсаты дұрыс ұсталды. Және
оқырман ұғымы, талғамы, талабы еске алынып отырды. Аударып отырған
ақынның, жазушының идеялық-көркемдік ерекшелігін дәл жеткізу — Абай
аудармаларында тамаша іске асырылды. Ал осы қасиеттердің бәрі күні
бүгінге шейін аудармада ұсталатын негізгі бағытқа кіреді, соның
проблемалары болып саналады.
Жақсы аударма, жаман аударма ұғымдары бізде жиі қолданылады.
Мұның біріншісі: аудармашы шығарманың идеялық мазмұнын, көркемдік
ерекшелігін жақсы бере білген деген сияқты сөздермен сипаттала
салынады.
Екіншілерге айтылатыны және едәуір өкінішпен айтылатыны
аударма төңірегінен кәсіп іздеушілер, пайда тапқыштар туралы болып
кете береді. Сөйтіп, біріншілер аударма өнерінің сара жолында тұрғандар
дәлінеді де, аударма өнерінің барлық табысы, жетістігі соларға танылады.
Ал, аудармалардағы мешеулік, кемшілік пен жетіспеушілік, сорақылық
дегендер жаңағы кәсіп іздеушілердің еншісіне күні бұрын бөліне
салынады. Ал, мәссленің байыбына бара қарасақ, жаңағы еншілеудіц
екеуінде де үстірт қорытынды, біржақтылық бар.
Біздің аударма өнерінде етек алған тәсілдердің ең бастылары деп
еркіи аударма, жолма-жол аударма ұғымдарын айта аламыз. Шынында да,
аудармаға еркін аударма немесе жолма-жол деп айдар тағудың өзі
аударма өнеріндегі көркемдік. дәлдік, адекваттық талаптарға орайлас
туғаны анық. Бұл талаптардың үдесінен шығу біреулерді еркіндік жолына,
енді біреулерді түпнұсқаға байланған жолма-жолдың тәсіліне әкеп маңдай
тіретті.
Тіпті жолма-жол аударманың өзінде таңғажайып сырлар, жолдар
бар екені аян. Аударма мәдениеті өскен сайын жолма-жол аудару әдісі де
кеңіп, өріс ала бастады деуге де бүгінгі күннің шындығы бар. Сол
тәсілмен аударылған шығармалар да көп. Олай болса, жолма-жолдық
ұғымы толық сөз етілуі, оның біздегі кейбір жақсы да, жаман да жақтары
көрсетілуі керек. Айта кетейік жолма-жолдың әдісін қолдаушылар
негізінен, дұрыс пікір ұсынады. Олар аударма түпнұсқаға жақын болған
сайын автордың стилі, үні толық беріледі дейді. Ал осы дұрыс пікірдің
өзі тәжірибеде бір тілден екінші тілге жай кешіре салу әдісін
туғызды. Шынын айтсақ, мұның аударма өнерімен байланысы шамалы
еді. Бұл әдіс бір ғана бізде емес, басқа ұлт әдебиетінде де
қолданылды, әлі де бар. Бір кезде Украина әде-биетін аударушылардыц
орыс тілін украиналандыру ұраны да осыған ұқсас болатын. Олардың;
давайте, сделаем как у автора ұраны, немесе подтягивание читателя до
уровня оригинала дейтіндері біздегі ұзақ заман орын алған орыс
классиктерін сол қалпында беру дейтін пікірден айырмашылығы аз. Басқа
жақтарын сөз етпегеннің өзінде, бұл тұжырымдар аудармашыларды тежеп,
былайша айтқанда, қол-аяқтарын матап келді. Талай классикалық тамаша
шығармалар көркемдік, эстетикалық қасиеттерінен айырылды. Осы жайды көре
білген украин ақыны М. Рыльский: Әрбір аудармашы шығарманы өз тіліне
аударуы керек деген пікір айтты.
Біздің ең негізгі пікіріміздің бірі — аударма өнеріндегі ана
тілінің (аударылған тілдің) орны, онық ролі туралы болуы да осы пікірден
шықты.
Қазақ тілі агглютинативтік, түркі тілдес халықтардың тобына жатады.
Оған флективный (орыс, неміс, ағылшын) немесе басқа да аналитикалық
(француз) тілдердің барлық заңдарын таңа беруге келмейді.
Аударма тілі туралы әңгіме қозғағанда, кейбіреулердің айтқанындай,
негізгі нысанамыз түпнұсқа тілі емес, ана тілінің ерекшелігі болуы шарт.
Аударма — әдебиеттің көне мұрасы, белгілі өнер саласы. Оның
проблемалары да әрі ескі, әрі жаңа болып түрлене береді. Оны зерттеу
аспекті де сан алуан болып келеді. Соның бірі — лингвистикалық бағыт
делінеді. Ол, негізінен, аудармада грамматикалық категорияларды тірек
етеді. Аудармаға осы категориялардың тұрғысынан қарайды. Бізде көптеген
шығармалар осы бағытта аударылып жүр. М. Әуезов бұл бағыттың негізгі
кемшілігі — көркемдіктің жұтаңдығы екендігін ескерткен. Осы
лингвистикалық барыт қазақ әдебиетінде де сөз болды. Оның өз
қолдаушылары да бар. Бұл жөнінде Ә. Сатыбалдиевтің Рухани қазына атты
еңбегінде көптеген пікірлер келтірілген.
Аударма өнері, көркемдік дәлділік, аудармадағы талант, эрудиция
дегендер — аударманың қадым заманнан бері келе жатқан проблемалары.
0рыс, батыс, шығыс классйкалық әдебиетінің белгілі шығармаларының
ана тілімізде көрінуі, олардьщ аударылуы, көркемдігі, дәлділігі, әсіресе
өміршеңдігі көркем аударма проблемаларын күн тәртібіне ертеден-ақ қоя
бастады. Әр тілдегі аударма тәжірибесіне, үлгісіне, өнегесіне үңілтті.
Аударма принципі туралы ой екшеуге мәжбүр етті. Әрине, ол проблемалардың
бәрін дұрыс ұғып, оған дұрыс баға беру үшін де ұзақ заман, ұзақ өріс
керек болды.
Сонда да осы проблемалардың аударма әдебиетінің күн тәртібіне
қойылуы, айтылуы, сөйтіп, пікір жинақталуы керек екеніне де дау болмаса
керек.
Міне, соларды әңгіме ету аударма әдебиетінің өзіне тән көптеген
проблемаларын да туғызады. Осы проблемаларды тарихи тұрғыдан да,
белгілі аудармашылардың еңбегі тұрғысынан да сөз етер мезгіл жетті.
Қазақ әдебиетіндегі сондай жеке тамаша үлгі, өнеге Абай аудармалары
екені мәлім. Әрине, Пушкинді аударуда Қасым Аманжолов, Ғали Орманов,
Қалижан Бекхожин, Қуандық Шаңрытбаев аудармаларының кейбір үлгілері Абай
дәстүріне кейде біршама жақын десек те, жалпы алғанда поэзияны
аударудағы Абай үлгілері — біздің әлі де жетпеген шыңымыз, алмаған,
аспаран асуымыз. Аударма өнеріндегі болашаққа апарар мұрамыз. Оны
Абайдың төл шығармаларымен қоса жасайтын мәңгілік мұра деп толық айтуға
болады. Аударма өнеріндегі Абай мұрасы дегеніміз— ол — ақындық өнер, ол
— ана тілінің құдіретті күші, ол — орыс классиктері: Пушкин, Лермонтов,
Крыловты ана тілімізде көркем сөйлете білу. Шын шебердің өзі аударып
отырған ақыннының жүрегін, үнін сезінуінің, соңы ана тілінде жасаудың
жолы, со-лардың принциптері, аударма өнерінің ерекше бір сыры, сипаты.
Міне, бұл жайлардың барлығы да қазір де біздің аудармашылардың хал-
қадірінше, шешіп жүрген, немесе шешуге тырысып жүрген проблемалары. Мұра
дегендер, әсіресе, әдеби мұра, сол мұра қалпында бұлжымай қала
бермейтіні мәлім.
Ол жеткізбес биік деңгейінен айрылмаса, үлгі-өнеге болуынан жазбаса
ғана құнды. Абай аудармалары осы талғамға татып, таңдай тұшытып жүрген
халықтың алтын казынасына айналған дүниелер екені даусыз. Бірақ бұл
пікірді қостамайтындар да барға ұқсайды. Мысалы, Ә. Нілібаев өзінің
Желе жортып жүре беру жөн бе? атты макаласында (Қазақ әдебиеті, № 36,
6 сентябрь, 1974) ...Абайдың бірер ақынның бірер шығармасын еркін
аударғанын бүгін бүтіндей ережеге, заңға айналдыруға болмаса керек деп
жазады. Дұрысында, Абай тек бірер ақынның бірер шығармасын ғана аударған
жоқ. Ол орыс әдебиетінің классиктері: Пушкин, Лермонтов, Крылов
шығармаларын аударды. Сонымен қатар, батыс классиктерін де қазақ
қауымына танытты. Гете, Байрон, Мицкевичтерді орыс классиктері арқылы
жеткізді. Абайдың аударма шығармаларының жалпы саны кырыққа жуық.
Бұлардыц ішінде тұтас толық аударылған өлеңдер де, үзінділер де бар.
Пушкин, Лермонтов шығармалары сарынымен өзінше жазған, солармен туыстас
туындылар да ұшырасады. Абай түпнұсқа мазмұнын аудармашы өзінше
баяндауға ерікті екенін көрсетті.
Бұл жалпы аударма өнерінде бар болғанымен, қазақ әдебиетінде кездеспеген
тәжірибе, Абай ғана ашқан жол. Абай қазақ топырағында шын мәніндегі
аударма әдебиеттің, оның ішінде орыс әдебиеті классиктері шығармаларын
аудару үлгісін жасаушы болды. Көркем аударманы өнер етіп тұңғыш
таныстырушы да және таратушы да Абай. Поэтикалық аударма дегеніміздің
өзі жалпы адамзат мәдениетінің айнасы екені де Абай өнерінен анық
көрінді. Осы жайлар Абай аудармаларын халықтық қазына деңгейіне көтерді.
Ардагер ақын салған жол ұлт мәдениетінің, интернационалдық мәдениеттің,
әдеби даму, әдебиеттердегі өзара ықпал дегендердің асқан өнегесі болып
қалды және қала да береді.
Міне, осыдан кейін Абай бірер ақынның бірер өлеңін аударды деуге
ауыз қалай барады. Абай аудармасы өнеге болудан қалды деп қалай айта
аламыз. Әрине, Абай аудармалары да белгілі дәуірдің жемісі. Оны жоққа
шығара алмаймыз. Онда сол дәуір, сол уақыт таңбалары бар екені рас.
Бірақ жоғарыда айтқанымыздай, Абай аудармалары көркемдік, тәлімдік
жақтарынан әлі де биік белесте, асқан өнер дәрежесінде қала берері
талассыз ақиқат. Классиктің лассиктігі де сонда жа-тыр. Біз үшін
мәселенің манызды жағы осында.
Бүгінгі қазақ тілі Абай тілінен әлдеқайда байығанына, орасан
дамығанына қарамастан, Абай тілі өнегелік, үйренерлік дәрежесінде қалды.
Бұл — аудармада Абай стилі туралы айтуға право береді. Бізде белгілі
мөлшерде Абай дәстүрі де бар.
Бұл пікірлерді Абайдыц аудармадағы ізденушілік, асқан шеберлік
қасиетін танытатын туындыларымен дәлелдеуге болады. Соның бір тамаша
мысалы — Гете — Лермонтовтан жасаған Қараңғы түнде тау қалғып өлеңінің
аудармасы. Абай шығарманың мазмұнын, философйялық толғауын дәл беретін
жолдар табады. Аудармада Гетеде жоқ, бірақ Лермонтовта бар жолдар,
сөздер мен Абайға ғана тән жолдар да жүргенін білеміз. Соның өзінде Абай
аудармасы тіпті Гете нұсқасы-мен де үндес түсіп жататынына еріксіз таң
қаласыз.
Лермонтовтағы:
Подожди немного,
Отдохнешь и ты —
Тыншығарсың сең-дағы,
Сабыр қылсаң азырақ,—
ҚОРЫТЫНДЫ
Біз осы еңбегімізде аударма әдебиеті белгілі бір дәуірдің жемісі
екенін анықтағандай болдық. Қазіргі совет дәуірінде, социалистік бағыт
етек алып, жер жүзіне тамырын кең жайып отырған заманда, талай халықтар
империализм бұғауынан құтылып, өз бетіне дербес ел болып, күн санап
совет елінен өзінің туысын тауып жатқан кезеңде, аударма әдебиетінің
үлкен дәнекер екендігін айттық. Бұл және де аударма әдебиеті идеология
майданындағы күрделі құралдың бірі екендігін баса көрсеткендей болдық.
Әрине, біз төл әдебиеттің өсу жолын, аударма әдебиетінің өсу
жолымен тығыз байланыстырып отырдык. Осы пікірімізді орыс әдебиетінің
үлгілерімен дәлелдеуге тырыстық. Жалпы аударманың, оның ішінде қазақ
тіліндегі аудармалардың тарихи өсу жолдары барлығын көрсетіп, соның
тарихи — мәдени мәнін айқындағандай болдық.
Конкрет материалдарға сүйене отырып, қазақ аударушыларының
табыстары мен кемістіктерін батыл көрсетіп, өзімізше дұрыс деген бір
алуан мәселелер көтердік.
Гоголь-сынды ұлы классиктің казақ совет әдебиетіне әсері, немесе,
онан үйрену жәйлі біраз кезеңдерге тоқталып, өзіміздің бақылау-
зерттеулерімізге сүйене отырып, бірнеше түйіндер де жасағандай болдық.
Бұлар көтерілген өзекті мәселелердің фактылық жағы десек, осыдан
туатын күрделі сұрақтар мен келелі проблемаларға жауап бере отырып,
аударма өнерінің өркендеу бағытына сай бірнеше міндеттер қоя кету де
жөн.
1. Аударма әдебиеті қазір көлденен адамдардың кәсіпшілік ететін
ермегі емес, мемлекет ісінің бірі, ұлт мәдениетін жасаудың күшті құралы,
өзіне тән ерекшелігі бар көркем әдебиеттің келелі жанры болу керек.
2. Аударма шын мәніндегі көркем шығарма сатысына жетуі қажет.
3. Жақсы аударма халқымыздың дүние тануын, ой-санасын кеңейтуде
күшті құрал болсын.
4. Жазушы-ақындарымыздың шеберлік қабілетін күшейтіп, ілгері
өсіретіні ақиқат.
Шын мәнінде негізгі нұсқадан кем түспейтін классикалық аударма
жасауға қазіргі кадрларымыздың мәдениеті мол жететіндігі де анық.
Ендеше: қазақ тіліне орыс классиктерінің аударылу сапасы осы күнгі
шетелден орыс тіліне аударылған кітаптардың сапасына жететін болсын.
Мысалы, біз Шекспирді, Шиллерді, Гетені, Бальзак, Диккенс, Байрон,
Гюголарды орыс тілінде қалай оқысақ, қазақ тілінде де: Пушкин,
Лермонтов, Гоголь, Грибоедов, Тургенев, Достоевский, Гончаров, Некрасов,
Чехов, Толстой, Горький, Шолохов, Маяковскийлерді де солай акуымыз
керек, Бұлай ету үшін әр жазушы өзіне лайық сүйген авторын, әдістес —
қаламдас авторын аударсын. Міне, сонда барып аударма әдебиеті мен төл
әдебиеттің арасындағы меже жойылады, шетелден шыққан улы классиктерді
өзіміздің тума авторларымыз Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит
Мүсіреповтар сияқты оқитын боламыз.
Бұған орыс әдебиетіндегі аударма тарихы үлкен айғақ. Баяғы
Қарамзин, Полевой аудармалары осы күні үмітсіз ұмытылды.
Олар түгіл беріректе аударылған, мезгілінде тәуір де көрінген
аудармалар да көнеріп қалды. Сөйтсе де, сол аудармалар өсу жолында көп
көмегін де тигізді.
Совет дәуірінде өсу жолы өте жедел, өйткені аударма бізде күрделі
істің, игілі мақсаттың елеулі тұлғасындай. Совет елі жұмыла кірісіп
отырған келелі ісіміздің бірі осы.
Тағы айталық, аударма әдебиеті төл әдебиетпен жедел өседі, төл әдебиет
аударманы кемелдендіреді. Ендеше аударушылар казіргі өсіп, кемелденген
төл әдебиетімізді көз жазбай сарқа оқып, өмірден қалмай еріп отыруы
керек.
Кейінгі аударма — алдыңғы аудармадан үздік шығатын болса,
түпнұсқаның бұрынғы аударушы аша алмаған кейбір сырын ашып бере алса —
оның көмескі қалған бір жаңалығын тауып, сол арқылы біздің ой-
сезімімізді оятып, байыта алса — онда аудармаларды қымсынбай-ақ қайталап
басып шығара беру керек дейді Иван Кашкин. Классиктер жөнінде біз осы
пікірді қолдаймыз.
Жоғарыда көрсетілген тілек-мақсаттарға осы еңбегіміз жауап бере
алса, онда біз алға қойылған міндеттің орындалғандығы деп ұғамыз.
1 Ив. Кашкин. В борьбе за реалистический перезод Кн. Вопросы худ.
пересода стр. 132, М. 1955 г.
Кіріспе
Көз жеткісіз көне заманда, қарым-қатынас бүгінгідей етек алып
жайылмаған кезеңде, талай-талай ұқсас ойлар толғаныс-тебіренулер, тіпті
біріне-бірі сырттай ұқсап кететін жеке-жеке сөздер де болған. Бірақ,
осылардың бәрі бір елде туып, бөгде елдерге содан таралмаған тәрізді. Ең
әуелі осы жәйттің басын аша кетелік.
Кейде некен-саяқ сырттай ұқсастықты ұшыратсақ-ақ болғаны Ия, мынау
жат жұрттың ұғымы, мұны пәленшеден түгенше алып пайдаланған екен... деп
шамалаймыз. Тіпті мұндай долбарлаудың кейбір орашолақ үлгілері өткен
заманда орыс халқының зерттеушілерінде де болған ғой. Мысалы, орыс
филологиясының көрнеікті қайраткері Ф.И.Буслаев орыс халқының ауыз
әдебиетіндегі толғаулардың біразын көне ертектерден іздеген, кейбірін
ежелгі санскритке апарып теліген, бұл бағытты Мифологиялық школа деп
атайды; кезінде Ф.И.Буслаевтың осы сыңаржақ пікірін жеріне жеткізе
сынап, мансұқ еткен аты-шулы сыншыларымыз
Н.Г.Чернышевакий мен Н.А.Добролюбов 2 еді.
Баяғыда 1858 жылы А.Вельтман деген ғалымның Тарихи халық
аңыздарының жинағы (Свод исторических народных преданий) атты
кітабына да Н.А.Добролюбов рецензия жазған-ды: А.Вельтман мырзаның
филологиялық әдістері оның өзі ашқан мынадай тіл заңдарына
тиянақталады,— дейді. Мысалы:
1. Бір тілден екінші тілге көшкенде әрбір дауысты дыбыс кез келген
дыбысқа ауыса береді.
2. Сондай-ақ әрбір дауыссыз дыбыс та толып жатқан дауыссыз
дыбыстардың біреуіне ауыса салады.
3. Әрбір сөздің ішіндегі дауысты, дауыссыз дыбыста, әріпте, тіпті
бүтін буын да, әдемі естілуі үшін түсіп те қалуы кәдік, немесе жаңадан
қосылып та кетуі мүмкін.
4. Дауыстылардың дауыссыздарға айналуы да немесе керісінше көшуі де
ықтимал,—бұдан әрі ол: V ғасырда болан гунның қолбасшысы Аттиланы
Киевтің ұлы князі — орыс халқының патшасы етіп шығарады, өйткені, ескі
латын тілінде гун деген сөз huni (хуни) болып жазылса, оны А.
Вельтман chuni (куни) сонсоң chueni (куени) етіп орыс тіліне
таяп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz