Инфляцияның мемлекеттік басқарудағы жолдары
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Бөлім.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
1.1. Инфляция, оның себептері 4
1.2. Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері 6
1.3. Инфляцияның түрлері 7
1.4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары 8
2.Бөлім. Инфляцияның мемлекеттік басқарудағы жолдары
2.1 Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері 9
2.2 Инфляция деңгейін анықтау жолдары 16
2.3 Қазақстандағы инфляция ерекшеліктері және мемлекетке қарсы шаралар 19
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе
Жұмысыздықтың өзекті мәселесін табиғи деңгейі еңбек нарығының
құрлымымен анықталады. Бірақ та жұмысыздықтың деңгейін сақтау, инфляцияның
өсу қарқынын төмендетуге арналған экономикалық саясат үнемі оңды нәтиже
бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, осы мәселені
қайтаруымызға болады. Айталық жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін
төмендегенде де бағалардың өсуі бірдеп тоқталмайды, керісінше бірден
тоқталмайды, керісінше біраз уақыт өсу жалғаса беруі мүмкін.
Берілген бітіру жұмысымның мақсаты инфляцияны тежеу, экономиканың
қызып кетуінің теріс салдарын болдырмау, инфляцияның теріс салдарын
төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру үшін нақты айырбас бағамының
қажетті икемділігінің ұстау, қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге Үкімет пен Ұлттық Банктің
экономикадағы ақша ұсыныстарын реттеуді, бәсекелестікті дамытуды және ішкі
тауар нарықтарының теңгерімділігін арттыруды, тариф және сауда саясаты
жөніндегі іс – шараларды жүргізуді болжайтын инфляцияға қарсы кешенді
саясатын қалыптастыру және іске асыру жолымен қол жеткізілетін болады.
Монетаризімнің Чикаго мектебі – неошебералистік қозғалыстағы
американдық монетаризмнің өзектілігі 50 –ші жылдардың соңы мен 60 –ші
жылдардың басында экономикадан Нобель сыйлығының (1976 ж) лауреаты М.
Фридменнің (1912 жылы туған) бірнеше басылымдарымен байланысты еді. Ол және
оның жақтаушылары кейномандық ақша емес фактордан (мысалы инфляцияның) гөоі
ақша факторын қалады.
Филипистің қисық сызығының пайда болуы, М. Блауг айытқандай,
кенсандық революция кезеңіне тән қарапайым экономикалық кеңестерге деген
экономика ғылымындағы алғашқы айтулы сенімсіздік 1958 ж. А. У. Фелипстің
эмперикалық қисық сызығымен байланысты еді. М. Блауг экономикалық саясаттың
мақсаты ретіндегі инфляцияның толық жұмыспен қамтудың кенсандық идеясын
жалпы еткізді деп жазды.
Конфликтерде бағаның тұрақтылығы мен жұмысыздық қатар тұра алмайды;
жұмысыздықты азайту инфляцияны жеделтету арқылы мүмкін, ал инфляцияны
төмендету жұмысыздықты көбейтеді. Сондықтан бағаның тұрақтылығы мен
жұмыспен қамтуға бір мезгілде қол жеткізу идеясының орнына бағаның
тұрақтылығын болмаса жұмыспен толық қамтудытаңдау келді.
М. Фридмен және оның жақтаушылары Филипстің конструкциясын зерттей
келе, былай дейді; қисық сызық тұрақты емес, әсіресе 60- шы жылдардағы әлем
елдеріндегі экономикалық ситуацияның өзгеруінің әсері бар. Бұл кезде қисық
сызықтың логикасына қарсы инфляцияның өсуі жұмысыздықты қысқартпай,
керісінше ұлғайтты, 70 – шы жылдардың басында бір мезгілде инфляция мен
жұмысыздық өсті. Бірақ монетарлық экономикалық ой – пікір келесі АҚШ – тағы
республикалық үкіметі тұсында көп жетістікке жетті. Ол кезең рейгономика
деп аталып, доллардың нақты нығайту арқылы инфляция баяулайды дейді.
1 Бөлім.Инфляция және инфляцияға қарсы саясат
1. Инфляция, оның себептері
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт бойы өмір сүруде.
Оның пайда болып ақшаның шығуымен, қызметтермен байланыстырылады. Инфляция
термині латын сөзі – inflato – қампаю тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861-
1865 жылдардағы азамат соғысы кезінде пайда болып, айналымдағы қағаз
ақшалардң тым көбейіп кету процессін білдірген. ХІХ ғасырда бұл термин
Англия мен Францияда қолданыла бастады. Экономикалық әдебиеттерде инфляция
түсінігі ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып,
кеңес өкіметінің экономикалық әдебиеттерінде 20-жылдардың орта кезінде
көрінді.
Инфляцияның жалпы, әдеттегі анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне алып келеді. Алайда инфляцияны айналым
процессін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіндіру
жеткіліксіз. Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға
ғана тән ғажайып құбылыс емес. Ол – күрделі әлеуметтік-экономикалық
құбылыс, оны тудырушы рынок шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс
сәйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние жүзіндегі көптеген елдердің
экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті күшті валютамен салыстырғанда
құнсызданады. Инфляцияны бұлай түсіндіру, яғни ақшаның алтынға қатысты
құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эвивалент деп
қарастыруда жатыр. Ең алдымен бағаның өсуі тауарға сұраныстың оның
ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар рыногында сұраныс пен
ұсыныстың сәйкестілігінің бұзылуы әлі инфляция емес. Инфляция елдегі баға
деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайлар да әсер
етеді. Мысалы, 70-жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының
өсуінен (мұнай бағасы 20 есеге өсті) емес, басқа да тауар мен қызмет
көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7%-
ке, 1979 жылы – 9%-ке артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының өзгеруі
еңбек өімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға, ұдайы
өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен экономиканы
мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуіге, ақша өлшемінің
девальвациялануы мен равельвациялануына, рынок коньюктурасының өзгеруі мен
сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және т.б. байланысты. Демек,
бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өскін, инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдың түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХІХ-ХХ
ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы өзгеріп
отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен депрессия
фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне алып келуі тиіс. Циклдық
толқулардың тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып
кетуінде. Мұндай құбылыс шығынның ифляциясы деп аталады, ол өз кезегінде
баға деңгейінің жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның
инфлияциялық өсуіне көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы
құрылыс материалдарының бағалары өндірісті ұлғайтады, ал олар рынокты
толықтыру барысында, баға төмендеуі тиіс.
Сонымен, баға өсуінің инфляциялық себептеріне нені жатқызамыз?
Инфляция көп сәйкессіздіктермен байланысты екені есте ұстап, оның ішіндегі
ең бастыларын атайық.
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе-теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тапшылығында көрінеді.
Егер дефицит орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырса, басқаша
айтқанда ақша станогы белсенді пайдаланылса, онда айналыста ақша массасы
көбейеді. Айырбастың сандық теңдігін MV – PO еске түсірсек, M мен P
көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.
Екіншіден, осындай жолмен, әдіспен инвестицияны қаржыландыру
жүргізілген жағдайда да бағаның инфлияциялық өсуі болады. Әсіресе
экономиканы милитарияландырумен байланысты инвестиция инфлияцияны өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқа пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. Әскери ассигнациялар бір сәтке ғана
қосымша төлем қабілеті бар сұраныс туғызып, тауармен қамтамасыз етілмеген
ақша массасының өсуіне алып келеді. Әскери шығындардың өсуі мемлекеттік
бюджетті тұрақты тапшылық жағдайына және мемлекеттік қарыздың ұдайы өсуіне
ұрындырады.
Үшіншіден, баға деңгейінің жалпы өсуі қазіргі нарықтық экономиканың
ерекшелігіне байланысты. Бұл кезең жетілген бәсеке кезіндегі нарықта
көптеген өндірушілер болып, өнімдердің түрі аз, капитал ауысуы оңай уақытқа
мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал
олигополист (жетілмеген бәсекелес) едәуір дәрежеде бағаны билейді.
Олигполиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап отыру үшін
өндіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. Өздері
билік жүргізетін нарықта бағаның төмендеуін болдырмау үшін олигополия мен
монополия икемді тауар ұсынысына қарсы болады. Салаға жаңа өндірушілердің
келуін тежеу үшін олигополистерге жиынтық сұраныс пен ұсыныстың сәйкес
келмеуі көмектеседі.
Төртіншіден, елдің экономикасының ашық болуы оның бірте-бірте әлемдік
шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның қаупі
туады. Жоғарыда аталған 1979 жылғы энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан алып келетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбаттауына алып
келді. Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. Әрине өз
валютасын ревальвациялау ұлттық валютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай
импортын арзандатуға болады. Бірақ ревальвация отандық тауарлардың
эскпорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта
бәсекелестік қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфлияция өзіне-өзі дем беретін сипат алады, ол
инфлияцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің елімізде де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық
пен өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы
саясаттың ең басты міндеті.
Инфляциялық күту жағдайындағы экономикаға ықпал етудің механизмі
қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген хплық,
бағаның одан әрі өсуін күтеді. Мұндай жағдайда еңбекшілер жалақыны
көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. Өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға
белгілейді, сөйтіп қысқа мерзімде шикізат, материал, қосалқы бөлшектер
қымбаттайды. Мысалы Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы)
инфляцияның жоғары қарқыны тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндігінен сақтанып, алдын ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарлатты. Нәтижесінде Ресей экономикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрыңғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана мес, инфляцияны
күткен деңгейден де асып түсті.
Дүниежүзілік қоғамдастықтың барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан
түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты факторлардың комбинациясы
жекелеген елдің нақты экономикалық жағдайына байланысты. Айталық Батыс
Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыс біткеннен соң инфляция көптеген тауарлардың
тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың
күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның
басқа елдерден келуі және т.б. факторлар себепші болды. Бұрыңғы КСРО-ны
алсақ, жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы жылдардағы инфляциялық себептеріне
экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция) жатады, ол әміршілдік-
әкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес кономикасына тән жағдай ЖҰӨ-дегі әскери
шығындар үлесінің көптігі, өндіру, бөлу және қаржы-несие жүйесін
монополияландырудың жоғары деңгейі, ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы
және т.б. ерекшеліктер.
2. Инфляцияның альтернативті (баламалы) көздері
Батыс экономистері жасаған теорияларда инфляцияның альтернативті
қайнар көздері ретінде сұраныс инфляциясы мен шығындар инфляциясын
көрсетеді. Бұл концепциялар инфляция болуының әр түрлі себептерін атайды.
Сұраныс инфляциясы. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының бұзылуы
сұраныстан көрінеді. Мұндағы негізгі себептер: мемлекеттік тапсырыстардың
ұлғаюы (әскери, әлеуметтік шығындар), толық жұмыспен қамтылған кездегі
өндіріс құрал-жабдықтарына сұраныстың өсуі, өндірістік қуаттардың толық
жұмыс істеуі, кәсіподақтар әрекетінің нәтижесінде еңбекшілердің сатып алу
қабілетінің жоғарылуы (жалақының өсуі) т.б. осының салдарынан айналымға
тауар көлемінен артық ақша түсіп, бағалар өседі. Мұндай жағдайда өндірісте
жұмыспен қамту толық болғанымен өндірушілер ұлғайған сұранысқа тауар
ұсынысымен жауап бере алмай қалады. Басқаша айтқанда айналымдағы төлем
қаржыларының көбеюі шектелген тауар ұсынысына тап болады, сөйтіп бағаның
жалпы деңгейі өседі.
Шығындар инфляциясы бағалардың өсуін, өндіріс шығындарының ұлғаюымен
түсіндіреді. Шығындардың көбеюі баға белгілеудің олигополиялық
тәжірибесінен, мемлекеттің экономикалық және финанстық саясатынан, шикізат
бағасының өсуінен, кәсіподақтың жалақыны көтеру талабынан және т.б. болады.
Тәжірибеде инфлияцияның бір түрін екіншісінен айыру оңай емес, олар бір-
бірімен тығыз байланыста, сондықтан жалақының өсуі, мысалы, сұраныс
инфляциясы немесе шығындар инфляциясы ретінде де көрінуі мүмкін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдердің бәрінде
дерлік ұзақ уақыт бойы толық жұмыспен қамту, еркін нарық немесе бағаның
тұрақтылығы болмағанын атап өту керек. Экономиканың тоқырауы мен құлдырауы
кездерінде де өндіріс өз қуаттарын толық пайдаланбаған уақытта да бағалар
үнемі өсіп отырады. Барлық бағалардың бір мезгілде өсуі ХІХ-ХХ ғасырдың
бірінші жартысындағы циклдық өзгерістердің алапат құбылысы кезінде орын
алды. Мұндай құбылыс стагфляция деп аталады, ол экономикалық дағдарыс пен
стагнация (өндірістің) тоқырауы жағдайындағы бағаның, инфляцияның өсуі.
3. Инфляцияның түрлері
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция, әдетте,
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс жылдарында
мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз ақшаларды
шығаруға мәжбүр болды. Соңғы жылдары бірқатар елдердің экономикасы үшін ол
айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10%-дан
аспайды. Экономикалық теория, мысалы, кейнсшілер, мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп, ал мемлекетті тиімді экономикалық
саясат жүргізуші субъекті деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс пен
сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға мүкіндік
береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20-дан 200
процентке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қарқынын есепке алады.
Аса зор, шексіз инфляция (гиперинфляция) айналымдағы ақша мөлшері мен
тауар бағасы деңгейінің тым шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы
никарагуада, азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300%-ға дейін
жетті. Мұндай жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты
тобына да қиын болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан
өткізген бірқатар елдерде бағалардың өсі қарқыны айналымдағы ақша
мөлшерінің өсу қарқынын әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы,
1945-1946 жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық
валютаға деген сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға
тырысып бағады. Нәтижесінде айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ол оның
санының көбеюіне тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін
шарықтайды. Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері
болатындығын атап өту керек. Басыңқы (придавленная) инфляция кезінде
бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60-жылдары көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен
жүрді. Ал 70-жылдары ол бақылаудан шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты
жүрісін бұзды, қоғамдық өндірістің бірінші жауына айналды. Инфляциялық
процесстің ең қызған шағы 70-жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек сауда
бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ-та 1956-1965 жылдары 1,7%, 1966-1974
жылдары – 5,1%, 1975-1980 жылдары 9,3% болды. Англияда осы кезінде ол 3,1,
6,0 және 17,9%, Францияда 5,0, 5,9 және 10,9% тең болды. 80-жылдардың
соңына қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4%-ға теңесті, 1987 жылы
3,7%-ға төмендеп орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны көптеген
себептермен түсіндіруге болады, олардың ішіндегі негізгілері: мұнайға
әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін тежеу
шаралары.
Инфляция балансталған, тепе-теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның өсуі
баяу және ол барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай жағдайда
бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл бағалардың
тұрақтануы кезеңіндегі экономикалық ахуалды білдіреді.
Болжамды, күткен инфляцияны кенеттен өршитін инфляциядан ажырата білу
керек. Күткен инфляцияның мерзімін анықтауға болады, үкімет оны
жоспарлайды. Мысал ретінде Ресей Федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы
бағаны ырықтандыру алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының
бағдарламасын келтіруге болады.
Кенеттен болатын инфляция бағаның күтпеген кезде өсуімен сипатталады,
ол ақша айналымына, салық салу жүйесіне теріс әсер етеді. Егер экономикалық
инфляция күтілген болса, халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп,
артық тауарлар сатып алуға ұмтылады, қызмет көрсету шығындарын шамадан тыс
көбейтеді, сөйтіп экономикаға қиындық келтіреді. Қоғамдағы шын қажеттілік
бүркемеленеді, шаруашылықтың қалыпты жайы бұзылады. Бағаның тұтқиылдан
шарықтауы инфляцияны күтуді одан әрі арандатып, бағаның өсуін өршітеді.
Егер бағаның тұтқиылдап өсуі инфляцияны күту басталмаған экономикада орын
алса, онда халқтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт
өсуі қысқа мерзімді құбылыс, ол төмендейді деген үмітпен, тұтынушылар
нарыққа сатып алу қабілеті бар сұраныс бар ретінде ретінде ғана ақша
жұмсайды, көбірек сақтап, жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта
бағаның өзіне оны төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да
өзінің тепе-теңдік жағдайына келеді. Біз нарықтық шаруашылық қызметінің
әсерін, оңды нәтижесін көрсеттік. Мұны Пигу эффектісі деп атайды.
4. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік зардаптары
Инфляцияның зардаптары күрделі және көп түрлі болып келеді.
Инфляцияның жоғары деңгейі баға мен пайда нормасын жоғарылатып, уақытша
коньюктураны жандандырады. Процесстің ушығуы барысында инфляция ұдайы
өндіріске кедергі келтіріп, қоғамдағы экономикалық және әлеуметтік
шиеліністерді тереңдетеді. Инфляция аттың текіректеп шауып, бой бермеген
кезіндегідей шаурашылықтың шырқын бұзып, айтарлықтай зиян келтіріп,
экономикалық саясатты жүргізуге жол бермейді. Бағаның әр түрлі өсуі
экономика салаларының арасындағы сәйкестілікті бұзып, тұтынушылар сұранысын
бүркемелеп, ішкі рынокта тауарлар өткізуді қиындатады. Мұндай инфляция
тұтынушының ақшадан тауарға ауысуын күшейтіп, бұл процессті таудан аққан
тасқынға айналдырып, тауарға тапшылық тудырып, ақша қорлануына ынтаны
жойып, ақша-несие жүйесінің қызметін бұзады. Бұдан басқа халықтың жинағы
құнсызданады банктер, несие беретін мекемелер зиян шегеді. Өндірістің
интернационалдануы инфляцияны бір елден екіншісіне аударады, халықаралық
валюта және несие қатынастары күрделенеді.
Инфляцияның әлеуметтік зардаптары да бар, ол ұлттық табысты қайта
бөледі, халыққа салық үстіне салық болып, номиналды және нақты жалақының
өсу қарқынын қызметтер мен тауарлар бағасының күрт өсуінен кейін қалдырады.
Инфляция зардабын барлық жалдамалы жұмысшылар, еркін кәсіп иелері,
зейнеткерлер т.б. басынан өткізеді.

2.1.Инфляцияның мәні, түрлері және оның пайда болу себептері
Инфляцияның мәні – ол тауарлар мен қызметтердің бағасының өсуі және
тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның
құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция қоғамдық
ұдайы өзгерістегі диспропроцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен
шығынның үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез – келген экономикалық
формацияға тән құбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары
арасында, комерциялық құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және
шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция ұзақ уақыт өмір сүруде. Оның
пайда болуын ақшаның шығуымен, қызметімен байланыстырады. Инфляция термині
латын сөзі – inflatio – ісу, қампаю, қабару деген сөзді білдіреді. Инфляция
тұңғыш рет Солтүстік Америкада 1861 – 1865 жыдлардағы азамат соғысы кезінде
пайда болып, айналымдағы қағаз ақшалардың тым көбейіп кету прцесін
білдірген. ХIХ ғасырда бұл термин Англиямен Францияда қолданыла бастады.
Экономикалық әдебиеттерде инфляция түсінігі ХХ ғасырда бірінші
дүниежүзілік соғыстан кейін жиі қолданылып, кеңес өкіметінің экономикалық
әдебиеттерінде 20 – жылдардың орта кезінде көрінді.
Инфляцияның жалпы анықтамасы – айналымдағы ақша массасының
қажеттіліктен тыс артып кетуі – Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына және тауар
бағаларының соғұрлым өсуіне әкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін
құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп түсіну жеткіліксіз. [1400-411б-
б]
Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен, ол тек ақшаға тән
ғажайып құбылыс емес. Ол - күрделі әлеуметтік – экономикалық құбылыс,
оны тудырушы нарық шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс

экономикалық өміріндегі ең өткір прблемалардың бірі.
Ақша тауарларды сатып алу қабілеті тұрақты балютамен салыстырғанда

құнсыздануы, алтынды бұрынғыша ақша сияқты жалпылама эквивалент деп

ұсынысынан артық болуымен байланысты. Белгілі тауар нарығында сұраныс пен

деңгейінің өсуі. Бағаның көтерілуіне нақтылы экономикалық жағдайларда әсер
етеді. Мысалы, 70- жылдардағы энергетикалық дағдарыс тек мұнай бағасының

көрсету бағаларының өсуімен байланысты. 1973 жылы жалпы бағаның деңгейі 7
пайызға, 1979 жылы – 9 пайызға артты. Ақша әсерінен тыс, тауар бағаларының
өзгеруі еңбек өнімділігінің артуына, циклдық және маусымдық толқуларға,
ұдайы өндірістегі құрылымдық өзгерістерге, бағаның монополиялануы мен
экономиканы мемлекеттік реттеуге, салықтың жаңа ставкаларын енгізуге, ақша
өлшемінің девальвациялануы мен ревальюциялануына, нарық коньюктурасының
өзгеруі мен сыртқы экономикалық байланыстардың ықпалына және тағы басқаға
байланысты. Демек, бағаның өсуіне көптеген неше түрлі себептердің әсері
болады.
Коньюктураның циклдық толқуынан болатын бағаның өсуін инфляцияға
жатқызуға болмайды. Циклдің түрлі фазаларынан өту барысында (әсіресе ХIХ –
ХХ ғасырдың бас кезіне тән классикалық түрі) бағалардың динамикасы
өзгеріп отырады. Аласапыранның бас кезіндегі оның өсуі дағдарыс пен
депресия фазасында төмендеп, жандану кезінде баға тағы да көтеріледі. Еңбек
өнімділігін арттыру бағаның төмендеуіне әкелуі тиіс. Циклдық толқулардың
тағы бір көрінісі жалақының өсуі еңбек өнімділігінен артып кетуінде. Мұндай
құбылыс шығынның инфляциясы деп аталады. Ол өз кезінде баға деңгейінің
жалпы өсуіне алып келеді. Кездейсоқ апаттар да бағаның инфляциялық өсуіне
көп әсер етпейді. Айталық, су басып кеткен аймақтардағы құрылыс
материалдарының бағасы өсіп кетеді. Бұл құрылыс материалдарын шығаратын
өндірісті ұлғайтады, ал олар нарықты толтыру барысында баға төмендеуі тиіс.
Сонымен баға өзінің инфляциялық себептеріне мыналарды жатқызамыз:
Біріншіден, мемлекеттік шығыстар мен кірістердің тепе – теңдігінің
бұзылуы, баланстың болмауы. Ол мемлекеттік бюджеттің тпшылығынан көрінеді.
Егер дефициті Орталық эмиссия банкісінен заем арқылы қаржыландырылса, онда
айналыста ақша массасы көбейеді. Айырбастың сандық теңдігі МV ═РО болса, М
мен Р көрсеткіштері өсуінің байланысы анық.

жүргізілген жағдайда да бағаның инфляциялық өсуі болады. әсіресе,
экономиканы милитариландырумен байланысты инвестиция инфляцияы өршітеді.
Ұлттық табысты әскери мақсатқада пайдалану, өндірістік емес шығындар – олар
қоғамдық байлықты текке рәсуа етеді. әскери ассигнациялар бір сәтке ғана

ақша массасының өсуіне әкеледі. әскери шығындардың өсуі мемлекеттік

мүлдем ұқсамайды. Қазіргі нарық белгілі дәрежеде олигополиялық нарық. Ал,

Олигополиялар бағаны өсіруді бірінші болып бастамаса да, олар оны қолдауға
ынталы. Жетілмеген бәсекелес бағаның жоғары деңгейін ұстап тұру үшін
ондіріс пен тауар ұсынуды қысқарту арқылы дефицит жасауға тырысады. өздері
илік жүргізетін нарықты бағаның төмендеуін олдырмау үшін олигополия мен

келмеуі көмектеседі. [2144-б]
Төртіншіден, елдің экономикасының анық болуы оның бірте – бірте
әлемдік шаруашылық байланыстарға тартылуы барысында импорттық инфляцияның
қаупі туады. Жоғарыда аталған 1979 жылға энергияға бағаның шарықтауы
(энергетикалық дағдарыс) сырттан әкелетін мұнайға бағаны өсіріп,
технологиялық тізбек бойынша басқа тауарлар бағасының қымбатауына әкеледі.
Импорттық инфляциямен күресу мүмкіндігі шектеулі. әрине өз
валютасын ревалюциялау ұлттық балютаның құнын жоғарлату арқылы мұнай
импортын арзандатуға болады. Бірақ, ревальвация отандық тауарлардың
экспорттық бағасын да қымбаттатады, ал бұл дүниежүзілік нарықта бәсекестік
қабілетті төмендетеді.
Бесіншіден, инфляция өзіне - өзі дем беретін сипат алады, ол
инфляцияны күту нәтижесінде орын алады. Батыс елдерінің көптеген
экономистері және біздің де осы факторды ерекше көрсетуде. Халық пен
өндірушілердің инфляцияны күту себептерін жою инфляцияға қарсы саясаттың ең
басты міндетті.

қандай? Баға деңгейінің жалпы өсуі жағдайында өмір сүруге үйренген халық,

көбейтуді талап етеді. Халық тауарларды көптеп алады, өйіткені олардың
бағасы ертең тағы да өсуі мүмкін. өндірушілер өз өнімдеріне өте жоғары баға

қымбаттайды. Мысалы, Ресей экономикасындағы (қаңтар – көкек 1992 жылы)
инфляцияның жоғарғы қарқынды тұсында өндірушілер өздерін жабдықтаушылардың
бағаны көтеру мүмкіндегінен сақтанып, алдын – ала өз өнімдерінің бағасын
жоғарлатты. Нәтижесінде, Ресей эконоикасындағы басқа да ТМД елдеріндегі
бағалар бұрынғы төлем қабілеті бар сұраныс деңгейінен ғана емес, инфляцияны
куткен деңгейден де асып түсті.

түрлі себептері бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың
комбинациясы жекелеген нақты елдердің экономкалық жағдайына байланысты.
Айталық, Батыс Европада II дүниежүзілік соғыс біткен соң инфляция көптеген
тауарлардың тапшылығынан пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық
құбылыстың күшеюіне мемлекеттік шығыстар, баға мен жалақының арақатынасы,
инфляцияның басқа елдерден келуі және т.б. фактрорлар себепші болады.
Бұрынғы КСРО – ны алатын блсақ, жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе – теңсіздік
жатады ол әкімшіл - әміршіл жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тән
жағдай ЖҰО – дегә әскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру, басу және қаржы
– несие жүйесін монополияландырудың жоғары деңгейі ұлттық табыстағы жалақы
үлесінің аздығы және т.б. ерекшеліктер.
Соңғы кездерге дейін дүниежүзілік шаруашылықта инфляция әдетте
төтенше жағдайларға байланысты пайда болатын еді. Мысалы, соғыс
жылдарындағы мемлекеттер әскери шығындарын жабу үшін көп көлемде қағаз
ақшаларды шығаруға мәжбүр болады. Соңғы жылдары бірқатар елдердің
экономикасы үшін ол айықпас ауруға, ұдайы өндірістің тұрақты факторына
айналды.
Инфляция қарқынының жай, орташа жүруі кезінде бағаның өсуі 10 % - тен
аспайды. Экономикалық теория, мысалы кейнешілер мұндай инфляцияны
экономикалық даму үшін оңды жағдай деп есептейді. Мұндай инфляция өндіріс
пен сұраныстың өзгерген жағдайларына қарай бағаларды түзеп отыруға
мүмкіндік береді.
Жоғары қарқынды (галопирующая) инфляция тұсында бағаның өсуі 20- дан
200 % ке жетеді. Ал бұл экономика үшін үлкен салмақ. Бірақ, көптеген
контракт, келісімдер бағаның мұндай өсу қаркынын есепке алады.

тауар бағасы шарықтап, шектен тыс өсуін білдіреді. Мысалы, Никарагуада
азамат соғысы жылдарында бағаның жылдық өсуі 3300 % - ке жетті. Мұндай
жағдайда халық үлкен зиян шегеді, тіпті қоғамның ауқатты тобына да қиын
болады. Ұлттық шаруашылық бүлінеді. Гиперинфляцияны басынан өткізген
бірқатар елдерде бағалардың өсу қарқыны айналымдағы ақша мөлшерінің өсу
қарқынынан әлдеқайда жоғары болады. Мұндай құбылыс, мысалы, 1945-1946
жылдары Венгрияда байқалды. Шаруашылық субъектілері ұлттық валютаға деген
сенім жоғалған кезде, қолдағы құнсызданған ақшадан құтылуға тырысады.
Нәтижесінде, айналымдағы ақша айтарлықтай өсіп, ал оның санының көбейуіне
тең болады. Салдарында баға қауіпті шектерге дейін шарықтайды.
Гиперинфляцияның басталуына инфляциялық күтудің де үлкен әсері блатындығын
атап өту орынды. Басыңқы инфляция кезінде бағаның өсуі байқалмай қалады.
50-60 жылдарда көптеген елдерде инфляция орташа, бірқалыпты қарқынмен
жүрді. Ал, 70- жылдары ол бақылаудн шыға бастады, ұдайы өндірістің қалыпты

процестің ең қызған шағы 70 – жылдардың екінші жартысы. Мысалы, бөлшек
сауда бағасының жылдық орташа өсуі АҚШ – та 1956-1965 жылдары 1,7 %, 1966-
1974 жылдары - 51 %, 1975-1980 жылдары – 9,3 % болды. Англияда осы кезде
3,1: 6,0 және 17,9 %, Францияда 5,0 : 5,9 және 1,9 %. 80 – жылдардың соңына
қарай бағаның өсу қарқыны төмендеп, жылына 4 % - ке тең болды. 1987 жылы
-3,7 % - ке төмендеп, орташа инфляцияның үлгісіне сәйкес келді. Мұны
көптеген себептермен түсіндіруге болады, олардың ішінде негізгілері:
мұнайға әлемдік бағаның төмендеуі, баға бәсекесінің артуы, жалақы өсуін
тежеу шаралары.
Инфляция баланстанған, тепе – теңдікті болуы мүмкін, яғни бағаның
өсуі баяу, яғни барлық тауарлар мен қызметтерге бірдей өседі. Мұндай
жағдайда бағаның жылдық өсуіне сәйкес ставка проценті көбейеді, бұл
бағалардың тұрақтануы кезіндегі экономикалық ахуалы білдіреді.

керек. Күткен инфляция мерзімін анықтауға болады, үкімет оны жоспарлайды,
мысалы Ресей федерациясының, Қазақстанның 1991 жылы бағаны ырықтандыру
алдында жасаған бағаны жоғарлату қарқынының бағдарламасын келтіруге болады.

инфляция күтілген болса, онда халық өз табысының құнсыздануынан қауіптеніп,

Егер бағаның тұтқиылдан өсуі инфляцияны күту басталмаған экономикада орын
алса, онда халықтың бағаның өсуіне көзқарасы өзгеше болады. Бағаның күрт
өсуі қысқа мерзімді құбылыс, л төмендейді деген үмітпен тұтынушылар нарыққа
сатып алу қабілеті бар сұраныс ретінде ғана ақша жұмсайды, көбірек сақтап,
жинауға тырысады. Сұраныстың көлемі азайған шақта бағаның өзіне оны
төмендету мақсатында қысым жасалады. Экономика тағы да өзінің тепе – теңдік
жағдайына келеді.
Инфляция жұмысыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды, 1958 жылы ағылшын
экономисі А. Филипс осы ықпалды өлшеп көрсететін сүраныс инфляция үлгісін
жасап, ұсынды. 1961 – 1956 жылдар аралығында Ұлыбритания статистика
мәліметтерін қолданып, Филикс еңбекақы кесімдері мен жұмысыздық
деңейлерінің расындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты анықтаған.
Филипистің айтуынша, Англияда жұмысыздықтың 2,3 – 3 % - тен артық
өсуі бағалар мен жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмысыздықтың қысқаруы
баға мен еңбекақының өсуін қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша
айытқангда, ұлттық экономикада жұмысыздықты инфляцияның өсу қарқынын
арттыру арқылы қысқартуға болады.
Филипс есептеулерінің теориялық негізін З. Липси есімді экономисі
жасаған екен. Кейінен американ Р. Солоу және П. Самуэльсон Филипс қисығын
жетілдіріп, оның орташа үлгісін жасап берген. Олар Филипс моделінде
еңбекақы ставкасын тауар бағаларының өсу қарқынымен ауыстырады. Бұл түрінде
Филикс қисығы белгілі экономикалық саясатты жүргізу үшін, ең алдымен,
жұмыспен қамту, экономиканың өсуі, бағаларды тұрақсыздандыру жағдайларын
анықтауда қолданылады. Х сызығында жұмысыздық деңгейі (% - пен), У
сызығында – тауар бағаларының өсу қарқыны (% - пен) көрсетілген. Филипс
қисығы осы көрсеткіштердің ара – қатынасын белгілейді:
Егер қалыптасып отырған жұмысыздық мысалы И1 (Р1 – инфляция
деңгейінде) өте жоғары деп саналса, онда бұл жұмысыздық деңгейін қысқарту
мақсатында белгілі ақша несие және қаржы – бюджет іс - шараларының
жүргізілуі қажет болды. Жұмысыздықты қысқарту үшін өндірістің өсуіне
қосымша жағдай жасалады. ЖҰО-нің өсуі жалпы сұраныс өскен жағдайда тауар
бағалары да өседі, ал нарық бағаларының деңгейі өскенде ұсыныс, өндіріс
арқылы өседі, түптеп келегнде ЖҰО өседі. Ұлттық өндірістің өсуі өндіріс
факторларына, оның ішінде еңбекке қосымша сұранысты қалыптасырады,
жұмысыздық қысқарады.айталық, жұмысыздықтың үлес салмаұы U2 – ге дейін
қысқарған болып, онда инфляция қарқыны Р2 – ге көтеріледі. Бұл экономиканың
қызуын арттырып, дағдарыс жағдайын қалыптасыруы мүмкін. Сондықтан, үкімет
енді басқаша саясат жүргізуге мәжбүр болады. Инфляцияны тежеу мақсатында
бюджет шығындарын қысқартады, қымбат ақша – несие саясатын іске қосады.
Осы шаралардың нәтижесінде бағалардың өсу қарқыны Р3 деңгейге дейін түседі,
ал жұмысыздық сәл өседі, оның деңгейі U3 –ке жетеді.
Батыс тәжірибесі көрсеткендей, Филипс қисығын қысқа мерзімдік
экономика жағдайында қолдануға болады, ал ұзақ мерзімде Филикс заңдылығы
сақталмайды және оны белгілі бір жағдайлармен түсіндіруге болады.
Осы жағдайлардың расында сұранысты ынталандыру саясатының орны
ерекше. Мәселе мынада: үкіметтің жұмысыздықты қысқарту мақсатында іс -
әрекеттері қысқа мерзімдік, уақытша ғана нәтиже береді.
Айталық, номиналды еңбекақының өсуіне байланысты еңбек ұсынысы
артады. Сонда Филикс қисығы концепциясына сәйкес инфляцияның өсуі
жұмысыздықты қысқартуы мүмкін. Номиналды жалақының өсуі осы инфляцияның
өсуіне байланысты жүреді. Бірақ, уақыт өткен сайын инфляцияның өсу қарқыны
нминалды жалақының өсуінен артады, сондықтан нақты жалақы төмендейді. Еңбек
ұсынысы өспейтін болады.
Номиналды жалақы өскенде, кәсіпкерлер де еңбек факторына қосымша
сұранысты қысқартады. Жұмысшылардың номиналды жалақыны инфляция деңгейінен
артық көтеру талабы кәсіпкерлер үшін тиімсіз болады, бұл нақты пайданы
азайтады. Сондықтан кәсіпкерлер қосымша жұмысшыларды жұмысқа алуды
тоқтатады, ал белгілі жағдайда олар жұмыс орындарын қысқартып, жұмысыздықты
арттырады. Бұл мәселеге 60 жылдары американ экономисі М. Фридмен ерекше
назар аударған еді. Оның айтуынша жұмысыздықпен инфляция арұылы күресу
тиімсіз, керек десе, қауіпті іс - әрекет екен. Еңбекақы мөлшерлемесінің
номиналды өсуі табыстың нақты өсуіне сәйкес еместігі анықталған соң
инфляциямен бірге жұмысыздық өсетін болады, яғни стагфляция басталуы
мүмкін.
Стагфляцияны Филипс қисығы арқылы солдан – оңға қарай жылжуымен
сипаттауға болады. Филикс қисығы жұмысыздық пен инфляция баламасын талдау
құралы ретінде тек баяу инфляция жағдайында қолдануға болады деген пікір
бар. Ал, тосын инфляция жағдайында бағалардың күрт өсуі жұмысыздықты
бұрынғыданда жоғары көтеріп жіберуі мүмкін. Басқаша айытқанда,
статистикалық деректердің негізінде жасалған Филикс қисығы ұзақ мерзім үшін
тұрақты экономиканың заңдылығын көрсетеді. Филикс қисығының орнына 1979
жылдан бастап, АҚШ пен Англияда жұмысыздықтың табиғи деңгейі деп аталатын
теория қолданған. Теорияның мәні: ұзақ мерзімде жұмысыздықтың деңгейі оның
табиғи деңгейінен артса, қоғамда баяу инфляция экономиканың өсуіне,
қоғамның оңды дамуына әсер ететін фактор болады.
Қоғамдағы жұмысыздық деңгейі оның фракциондық және құрылымдық
түрлерінен құралған болса, жұмысыздықтың табиғи деңгейі еңбек нарығының
құрлымымен анықталады. Бірақ, жұмысыздықтың табиғи деңгейін сақтап,
инфляцияның өсу қарқынын тьөмендетуге арналған экономикалық саясат әрқашан
оңды нәтиже бере бермейді. Бұл саясаттың жақсы жақтарын ескере отырып, мына
мәселені ескеру қажет: жұмысыздық өзінің табиғи деңгейіне дейін
төмендегенде де бағалардың өсуі бірден тоқталмайды екен, керісінше біраз
уақыт өсу жалғаса береді. Бұған қоса, Батыс елдерінің көбінде жұмысыздық
деңгейі өсуде. Мысалы, АҚШ – та жұмысыздықтың табиғи деңгейі 60 – жылдары 4
% - ке тең болса, 80 – жылдардың екінші жартысында 6-7 % - ке дейін өскен
екен.
Ал өз еліміздің жағдайына келетін болсақ, 2003 жылғы мәліметтер
бойынша ҚР-ның еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің алдында
Президент қойған бірнеше тапсырма болды. Оларды министрлік және жергілікті
басқару орындары орындауы тиіс.
Бірінші тапсырма – елдегі кедейлік масштабын төмендету. Бұл
министрліктің тұрақты айналысатын бірінші кезектегі басты тапсырмасы. Бұл
тапсырманы шешуде ең басты көңіл ауылға бөлінеді.
Кедейлік масштабын төментдету үкімет бағдарламасының бірнеше шаралары
бойынша іске асырылады. Оның ішінде қоғамдық жұмыс саласын кеңейту,
жұмыспен қамтылуын дамыту, табысы аз азаматтарға көмек ретінде
микронесиелер беру, ауыл тұрғындарын малмен, тұқыммен, ауыз сумен,
техникамен қамтамасыз ету шаралары.
Қазіргі кезде табысы кедейлік деңгейінен төмен 29 пайызды құрайды.
Экономика және бюджетті жоспарлау министрі К. Келімбетовтың айтуынша, 2006
жылы үкімет кедейлік деңгейінде табыс табатын тұрғындар саны 20 пайызға
төмендейді деп күтуде.
Екінші тапсырма – жұмыспен қамтудағы белсенді жәрдем, еңбек
қатынастарының легализациясы және еңбек ресурстарының сапасын арттыру.
Эксперттік баға бойынша (диаграмма 1) жұмысыздар саны 2003 жылдың мамыр
айында 656,4 мың адам болды. Бұл 200 жылдың орташа жылдық көрсеткішінен
асып түсті. Көрсетілген динамика бойынша 2003 жылы жұмысыздық деңгейі 8 %
-тен аспады. Үкімет жаңа кәсіби білім беруде білімді, жұмыспен қамтамасыз
ету жүйесін, әлеуметтік қамсыздандыруды біріктіру жоспарланған. Сонымен
қатар, кадрларды қайта даярлау мәселесі е қарастырылды. Осылайша, 2002 жылы
20 мыңнан астам адам кәсіби оқытылды. әр адамның оқуына кеткен шығын 5000
теңгені құрады. Дәл осы жылы 211 мың қосымша жұмыс орны, ал қоғамдық
жұмыстармен 10 мың адам айналысты.
Үшінші тапсырма – жаңа механизм өндіру және әлеуметтік көмек көрсету
құралдарын жетілдіру. Бұл мәселені шешу үшін жұмыспен қамтуда және еңбек
қатынастарын жетілдіру туралы заңнама негізін тұрақтандыру жұмыстары
жүргізіледі. Ең алдымен еңбек кодекісін әзірлеу ҚР-нің жұмыспен қамту
туралы заңына өзгертулер енгізу және Еңбек туралы заңға толықтырулар
енгізді. 2003 жылдың сәсірінде тұрғындардың орташа номиналдық ақшалай
табыстары (диаграмма 2 ) 9201 тенгені құрап, 2002 жылдың сәуірімен
салыстырғанда 10,4 % ке өсті, нақтылы ақшалайтабыс 3,1 % ке өсті. Мысалы,
2003 жылдың қаңтар – наурыз айларында тұрғындардың жа басына
шаққандаақшалай табысы 28 722 теңге болды, бұл 2002 жылмен салыстырғанда
14,3 % ке жоғары болды. Нақты ақшалай табыс ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz