Пішуден кейінгі қан ағуды емдеу



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА" КАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Айғырды пішуден кейінгі қан кетуі және алдын алу

Орындаған:
Тексерген: Камсаев Қ.М

Нұр-Сұлтан 2021ж
С. СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН
Каф. меңгерушісі: ___________профессор Е.Е Муханбеткалиев
________________2021 ж.

курстық жұмысты орындауға арналған
ТАПСЫРМАСЫ

Пән: Ветеринарлық хирургия
Студент:
Тобы: Ветеринариялық медицина - топ
Жұмыстың тақырыбы: Айғырды пішуден кейінгі қан кетуі және алдын алу

Керекті деректер:


Түсініктеменің мазмұны
Орындау мерзімі
Жұмыс көлемі
1
Кіріспе
Қаңтар-Ақпан
2
2
Әдеби шолу
Қаңтар-Ақпан
1
3
Негізгі бөлім
Қаңтар-Ақпан
9
4
Қорытынды
Қаңтар-Ақпан
1


Графикалық бөлім мазмұны
Орындау мерзімі
Парақтар саны
Формат
1
суреттер
Қаңтар-Ақпан
2
А4

ӘДЕБИЕТТЕР:

Тапсырма берілген күні Жұмысты қорғау күні ______________
Курстық жұмыстың жетекшісі ___________________________________ _____
Тапсырманы орындауға қабылдады ___________________________________
күні, студенттің аты-жөні, қолы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ МЕДИЦИНА" КАФЕДРАСЫ

Курстық жұмысқа
ПІКІР
Пән: Ветеринарлық хирургия
Студент: Тобы
Жұмыстың тақырыбы: Айғырды пішуден кейінгі қан кетуі және алдын алу
Жұмыстың берілген тапсырмаға сәйкестігі _____________________________
___________________________________ _______________________________
Кемшіліктері___________________________________ ___________________________________ _____ ___________________________________ _____ ___________________________________ _____ _______

Курстық жұмысты тексеру күні ___________________________________ ____
Болжамды бағасы ___________________________________ ______________
Қорғау күні ___________________________________ _____________________
Қорғағаннан кейінгі бағасы

Күні Жетекшінің қолы

Жоспары
Кіріспе
6-7
Әдеби шолу
8
Эпикриз
9-18
Айғырды пішу түрлері
9-14
Пішуден кейінгі қан ағу
15-16
Жануарларды пішуден кейінгі асқынулар
17
Ұманың жалпы сірлі қабығының түсуі
18
Ауру тарихы
19-35
Қорытынды
36
Тіркеме
37-38
Пайдаланған әдебиеттер
39



Кіріспе
Мемлекетіміздің мал шаруашылығын, оның ішінде -мал, құс және басқа жануарлардан өнім алуды дамыта отырып, елімізде қажетті азық-түлік, өндіріске керекті шикізаттар алу үшін жануарларды тиімді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Сондықтан да жедел ветеринарлық жәрдемнің тез көрсетілуінің, мамандардың қажетті жабдықтармен және ауру мал мен жануардың организміне әсер ететін дәрілермен қамтамасыз етілуінің маңызы зор. Алғашқы жедел ветеринарлық көмек басқа да ветеринария жұмыстармен қоса мал дәрігерлік емдеу ісінің негізін қалайды. Алғашқы ветеринарлық жедел жәрдем мал тұрған жерде көрсетіледі; ветеринарлық мекемеге әкелінген мал мен жануарларға күрделі оперативтік ем қажет болған кезде емдеу мекемесінде стационар жағдайында жәрдем жасалады. Мал мен жануар ауырып, жалпы жағдайы төмендегенде оларға жедел де, сапалы да, әрі тиімді кемек, көбінесе үлкен қалаларда көрсетіледі. Мұндай қалаларда арнаулы авто-көліктерде жабдықталған ветеринарлық жәрдем керсетілетін ветстанциялар бар, ол мал дәрігерлерін, орта және кіші буындағы ветфельшерлерді (веттехниктерді) ауырған малға тез жеткізеді.
Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталанады, олардың еті нәзікті, көбірек құнды болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмден тазаланады; жүннің сапасы жақсарады; жұмысшы малдар тынық және көбірек шыдамды келеді, пішілген сиырларда сүт шығу дәуірі ұзартылады деген пікір бар. пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді.
Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда, ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда, жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауының күретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақтануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді.
Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады. Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады. Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. Дәл осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.
Бұл курстық жұмыстың міндеті мен мақсаты:
Айғырды пішу жолдарын қарастыру
Пішуден кейінгі қан ағуды емдеу
Этиологиясын және патогинезін анықтау жолдарын игеру
Жануарларды пішуден кейінгі асқынуларды зерттеу

Әдеби шолу

Жаунарлардың хирургиялық аурулары кеңінен таралған, олар жалпы жұқпайтын ауруларға шаққанда құрайды. Олар малшаруашылығына үлкен экономикалық шығын әкеледі, шығандар ауру жануарлар өнімділігі төмендеуінен, оларды емдеуге жұмсалған материалдық шығындардан, уақытынан бұрын шығынға жіберілуден, сонымен қатар өлімге ұшырау салдарынан құралады.[1]
Хирургиялық аурулар ішінде жарақаттанулар, асептикалық, іріңді қабынулар мен өзге үрдістер жиі ұшырасады.
Ауылшаруашылық жануарларында хирургиялық аурулардың көп таралуын, шаруашылықтарда алдын алу жұмыстарының жөнді орындалмауымен түсіндіру қажет болар. Атап айтқанда, тұрақтарда ұстау барысында моцион жетіспеушілігі, тұяқтарды кезеңді түрде тазартып, қырықпау, азықтандыру, ұстау кездеріндегі олқылықтар. [2]
Ветеринар мамандары қызметтілігі кезенде ветеринарлық шаралардың жоғары деңгейде жүргізілуін қамтамасыз етуге парыздар. Олар ұдайы түрде жоспарлы алдын алу қарап күту, зоогигиеналық шамалар қолданылуын қамтиды, хирургиялық ауру жануарларды уақтылы анықтап, емдеу жұмыстарын қткізеді.
Малшарушылығы нысандарындағы емдеу алдын алу жұмыстарының жетістіктері болашақ мамандарды оқу орындарында дайныдауға тікелей байланысты. [3]
Аумақты ветеринарлық хирургия пәні болашақ ветеринарлық малдәрігерлерінің дайындауда үлкен орын алады, әрі маңызды. Бұл пән оларды жануарлар өміріне қаіуп төндеретін патологияларды емдеп, алдын алуға үйретеді. [4]

Эпикриз
Айғырды пішу
Пішу жыныс бездерінің қызметін жасанды түрде тоқтатуы. Оны әртүрлі әдістермен жүзеге асыруы мүмкін. Көбінде пішу арқылы жыныс бездерін кесіп алып тастайды. Еркектерде жыныс бездерді қан мен қамтамасыздығын және инервациясын бұзу, операциялық тәсілдерді қолдаумен оның құрамын толық немесе жарым - жарты қиратылады. Жыныс бездердің функциясы және басқа әсерлермен тоқтату мүмкін, мысалы радиоактивтілік сәулеленудің, химиялық және гармондық дәрілердің қолдануымен қазіргі заманда иммунологиялық пішу тәсілдеріде бар. Хирургиялық операциялық пішудің үлкен шаруашылық мағынасы бар.
Пішілген малдың организмінде заттар алмасуына терең өзгерістер шақырады және осыған орай оның дамуында морфологиялық ерекшеліктер байқалады. Пішілген мал жақсырақ бордақталанады, олардың еті нәзікті, көбірек құнды болады, еркектерде болатын арнайы ерекше жағымсыз иістен және дәмден тазаланады; жүннің сапасы жақсарады;жұмысшы малдар тынық және көбірек шыдамды келеді, пішілген сиырларда сүт шығу дәуірі ұзартылады деген пікір бар.
Жыныс бездері толық алынғанда, еркек малда оны орхидектомия (грек. Orhis - жұмыртқалық, ectomte - иссечение), ал ұрғашыларда - овариэктомия деп атайды. (лат. Ovarium - аналық без).
Пішуге көрсетулер және қарсы дәлелдері. Пішуді мал шаруашылығында бордақыланатын малдан қосымша май, ет және жүн алуда қолданады, өсіруге жрамдысыз еркектерді кездейсоқ ұрықтандыру қақпайлауына, сонымен қатар малды топтап ұстауынжеңілтуіне және малды жұмысқа пайдалануын жеңілдету үшін. Көбінде асылтұқымды емес және жұмысқа пайдаланатын жануарларды пішуге жібереді [1].
Еркектерді емдеу көрсеткіштерімен интравагинальдық жарықтарда,ұмалардың механикалық қирауында, көп уақытқа созылған қабынуда,жалпы қынап қабықтың шемен пайда болған түрлерде, ең бауыныңкүретамырларының варикозды кеңейуінде, ісіктерде пішеді. Сиырларды бордақтануын жақсарту үшін және емдеуге келмейтін бедеулікке апаратын аналық бездердің ауруларында пішеді. Шошқаларды бордақтаудың алдында пішіп жібереді.
Пішуді шаруашылықта жұқпалы ауруларға қарсы (топалаң, эмкар,тіліме және шошқалардың обасы және т.б.) профилактикалық шаралардың басталуынан немесе аяқталуынан 2 аптадан кейін пішуді кешіктірмей жоспарлайды. Дәл осылай жоспармен жұмысшы малдарды пішеді.
Бекіту. Операцияны жатқан немесе тұрған малға орындайды. Жатқан оқиғада жығу тәсілдерінің бірін қолданып малды сол жағына жатқызып, оң жамбас аяғын операция орыны толық жақсы ашылғанша тарта түсе бекітіп байлайды. Қалған аяқтарын бос қалдырады. Тек кәрі және күшті бұқалардыңкеуде аяқарын тұсамыс буындардан жоғарырақ бірге қосып байланыстырады. Тұрғызыппішкенде (жас өгізшілерді пішуде) малды бағанаға қысқа байлап,мұрын қысқышымен басын бекітеді. Жақсы бекіту үшін жамбасаяқтарына тілерсек тұсына бұрау салуға болады.
Айғырдыпішу үшін арнайы стационарлық жабтықтарды дайындауға болады. Ол бір азықтанатын науамен біріккен, сырғауылдардан жасаған 10 ағаш станоктардан құрылады. Станоктардың жанында 10бас мал сиятын қаша жайғастырады, одан мал тек станоктар арқылы шығады. Жануарлар артқа шегінбеу үшін, оларды әрбір станокта болатын металл тұтқамен арттан бекітеді. Малдың басында тұратын көмекші пішу, орындалулары өлшеммен, станоктанстанокқа кешіп өте олардың бекемдеуін жүзеге асырады. Операциян жасаушы хирург малдың артында тұрады.
Жансыздандыру. Бір жастан жоғары бұқаларға пішуді жансыздандыру-мен орындау қажет. Анестезияны тұқымдық тікелей ен бауынаұманың мойындарына немесе интратестикулярды еннің қабатына жансыздандыратын ерітінділерді иньекциялайды. Ұманы қосымша кесу сызығын новокайнмен жансыздандырады.
Негізінде бұқаларды 2 әдіспен пішеді: қансыз (перкутарлық) және қанды.
Қансыз (перкутарлық) әдіс ен бауын механикалық әсерімен жүзеге асады.
Ен бауын перкутарлық мыжуының мақсаты енді қанмен жәнежүйкеленуін қамтамасыз етуін тоқтату. Перкуталық пішуді жасау үшін Бурдиццо, И.А. Телятников, М.А. Ханин - Тыныбековтың және т.б. қысқыштарын қолданады.
Сол қолмен ұманың мойнынан алып оны сипалап ішіндегі бір ен бауын табады. Оны латероалды тартып оның нұсқасына Бурдиццо қысқышының браншын орналастырып тері арқылы енбауын қысып, 0,5-1 минут қысқышты жібермей ұстайды, содан соң қысқышты 1,5 - 2 см төмен жылжытып орналастырып ен бауын екінші қайтара жаншиды. Осы істерді екінші енге қайталап жасайды.
Телятниковтың (№2 үлгі) немесе Ханин - Тыныбековтың қысқыштармен енге жақынырақ (тамырлыны конус шектеріне) орналастырып әдеттегі тек қана бір рет қысады. Ен бауын ұманың шетіне жылжытып үстінен қысқыштардың еріндерінің 10 арасына жайғастырады, одан кейін қысқыштың тұтқаларын екі қолмен жылдам қысып 5 секундтен артық ұстайды. Сықыр сезілсе ол ен бауының жарылуын көрсетеді. Сықыр байқалмаған жағдайда қысқышты алып 1,5 - 2см жоғарырақ қайтадан орналастырады. Дәл осылайша екінші ен бауына әсер жасайды. Қысқышты салған орнында ен бауларының аралықтарында шұңқыр байқалады, содан соң 10-15минут мөлшерде сол орында емен немесе грециялық жаңғақ көлеміндей гематома пайда болады. Бір айдан кейін пішу нәтижесін тексереді, егер ендер азаймаса, операциянықайталайды. Кейбір тәжірибелер Телятниковтың қысқышын, ен бауынаекі рет салу қажет деп санайды сонда еннің қанмен қамтамасыз етуіне кепілдігі толық жетеді және оның регенарация болуының алды. Перкутарлық әдіспен пішілген өгізшелер, енді толық алыптастап пішкендермен салыстырғанда бордақтаған кезде оларға азықтың аз шығынымен (5 - 10%), тірі салмағы өсуі 8 - 17 % артық болған, және олардың ұшасы 6 - 10 % ауыр тартқан.
Жасанды криторхизмды 1,5-2 айлық бұқаларға ұма төменгі бөліміне енді жоғары қынаптық каналға тықсырып, эластратор (ампутатор),арқылы резеңке сақина салуымен өңдейді. 15 күннен кейін күшпен ұманың төменгі бөлім бөлініп түскеннен кейін ендері дамымайды. Пішілген малға шағын мөлшер тестостеронды қолданғанда олардыңдене дамуы қарқынды болып, салмағы көбейіп артуына жағдай жасалады бұл тәсіл АҚШ-та пайда болды.
Қанды әдіс. Техникалық атқарумен және сонымен қатар алатын нәтижесінің ерекшелігімен оның бірнеше түрлері болады.
Лигатура қолданумен пішу. Ұманы сандарды арасынан ішіндегімазмұнымен қоса ұстап, артқа қарай керіп тартып алып оның каудальдық немесе латеральдық жағынан ен сыртқа шығатында көлемде тік тіледі. Тілгенде ұманың барлық қабаттарын және жалпы қынап қабықты толық ашады. Жараның төменгі бөлімде қынаптың буданы және проксимально онан әрі жыртып ен бауы-ның жіңішкертілген учаске деңгейін жеетіліп оны ашып алады. Ен бауына №8-10 жібек немесе синтетикалық лайықты жуандықты жіптен лигатура салып, оны пішулік тәрізді түйінмен байлайды. Ен бауын лигатурадан 2-2,5 см төмен қайшымен кесіп алады.
Ен бауының тұтқылына 5% йод ерітіндісін жағып, жара жақтарын дезинфекциялайтын маймен жабады немесе асептикалық күрделі ұнтақ (йодоформ, ақ стрептоцид және бор қышқылы) салады. Қосалқаның құйрығының резекциясы малдың гормондық функциясын сақтап, тек қана жыныс клеткаларын өндіруі мен шығару қабілеттілігінен айырады. Мына тәсіл негізінде жыныс стерилдеуіне келеді.
Операцияны тұрған малған орындайды, кейін ұманың төменгібөлімінің терісін әсіресе түп аумағын мұқият зарарсыздандырып,операция жасаушы сол қолмен оны енмен бірге төмен тартады. Ұма терісінің бүрмелері толық түзелуге тиісті. Ұма тігіске перпендикулярды тікелей оның сол және оң жағынан ұманың түптер қабаттарын жалпы қынаптық қабықпен қоса жарып тіледі. Кесу ұзындығы әрбір жақта 1,52 см болады.Жара қуысы арқылықосалақаның құйрықтарын жеңіл салмақ салумен сыртқа шығарыполарды қайшымен кесіп тастайды.Жаралардың шеңберін йод ерітіндісіменөндейді. Жара жақсы жазылады. Пішілген малды сиырлардан бөлекұстайды.
Малдарды пішу, кебінесе жас төлдерді (бұзау.қозы, лақ т.б.) экономикалық тиіміділігі үшін өнімнің сапасын жақсарту, бір бағытты тұқым алу мақсатында (тексіз аталы малдар пішіледі) жүргізіледі. Үй жануарларын (мысық) жағымсыз иіс шықпас үшін пішеді. Өкінішке орай пішуден кейін көптеген асқынулар кездеседі
Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады. Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады.
Пішуден кейінгі асқынулар төмендегідей жіктеледі: ерте қан ағу, кеш қан ағу, операциядан кейін жануарлар антисанитарлық жағдайда күтіліп, организмнің жалпы қорғаныс күші азайғанда және табиғи саңалаулары кеңдігінен (шап, ен, кіндік т.б.) болатын асқынулар тіркелген. Жануарларды пішу алдында зерттеу керек. Оларды пішетін шаруашылықтарда індетті инфекциялық аурулардың тұтануы және жаңа ошағы анықталғанда пішуге болмайды. Табиғи саңылаулары кең жануарлар (қоян т.б.) сақтықпен пішкен жөн. Іріңді операциядан соң пішуге қатал тиым салынады.

1.2 Пішуден кейінгі қан ағу
Қан ағу біріншілік -пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.
Қан ағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылғанда, инструмент дұрыс қайралмаса немесе дайындалмағанда; ен бауының қан тамырларында патологиялық өзгерістер болғанда; қан тез ұйымағанда, аш диета 12 сағатта көп болғанда; малды жығып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т.б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа шығып жараланудан соң қан ағу басталады.
Клиникалық белгілері: Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сел ағып тез тоқтайды. Ал патологиялық қан ағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ ағады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі, сыртқы тұқымдық жыныстыру артериясы, шәует тұқым түтікшесін) үзуден. Бұдан қан зуылдап ағады. Аққан қан жалпы сірлі қабық қуысына жиналады.
Пішкен малдан қан кеп кеткенде конъюнктиваның, басқа кілегей қабықтардың түсі өзгеріп, пульс, демалыс бұзылып, қанда гемоглобин мен эритроцит азайып, мал қалшылдап жүріс тұрысы бұзылады. Бір сөзбен айтқанда, жануардың жалпы жағдайы төмендейді.
Ен бауынан қанның зуылдап көп мөлшерде ағуы - сыртқы және жыныстың артерияның және шәует түтікшесі артерияларының қабырғасының бұзылуынан болады [3].
Балау: Сырткы қан ағуды визуальды байқаймыз, ал ішкі қан ағуда кілегей қабықтгодың түсінің өзгеруінен білеміз.
Емі: 1. Егерде ен қабынан қан ақса, оны гемостатикалық пинцеттермен қысып қан аққан жерге лигатура салып не болмаса тампон жасап тоқтатуға болады; 2. Егерде ен бауынан қан ақса төмендегідей істейміз: а) малды қайтадан жығу; б) ен қабығының ішін ұйыған заттардан тазалау; в) жалпы қынап қабықшасын Пьяна қысқышымен қысып жазады; г) ен бауының ұшын, қолмен болмаса Корнцанг қысқышымен тауып өзімізге тартып лигатура саламыз.
Қанағу біріншілік -- пішіп жатқанда, екіншілік пішкенен соң кішкене уақыттан соң, кешірек пішкенен соң бірнеше күн өткеннен кейін қанағу болады.
Қанағудың себептері: Пішудің техникасы бұзылғанда, инструмент дұрыс қайралмаса немесе дайындалмағанда; ен бауының қан тамырларында патологиялық өзгерістер болғанда; қан тез ұйымағанда, аш диета 12 сағаттан көп болғанда; малды жығып байлағанда жедел қимылдар жасалып зақымдануда және генетикалық саңылаулар кең болса (шап, кіндік, т.б) құрсақ қуысындағы мүшелер сыртқа шығып жараланудан (жыртылудан) соң қанағу басталады.
Клиникалық белгілері: Жай дұрыс пішуде қан кескен жерден сәл ағып тез тоқтайды, ал патологиялық қанағуда ол тамшылап көп мөлшерде ұзақ ағады. Осы қан ағу патологиясының ішіндегі, мал өміріне қауіптісі, ен бауынан қан ағу, бұның себебі оны қатты жұлқып (ішкі , сыртқы тұқымдық жыныстық артериясы, шәует түтікшесі артериясынан).

1.3 Жануарларды пішуден кейінгі асқынулар
Пішу ветеринариялық хирургияда көп кездесетін операцияларға жатады.Асқынудың этиологиясы: негізінен операция техникасы бұзылса, антисептика, асептика ережесі сақталмағанда және операция таза емес алаңда жасалса асқынулар болады.
Пішуден кейінгі асқынулар төмендегідей жіктеледі: ерте асқыну, кеш асқыну, операциядан жануарлар антисанитарлық жағдайы күтіліп, организмнің жалпы қорғаныс күші азайғанда және табиғи саңылаулары кеңдігінен (шап, ен, кіндік т.б.) болатын асқынулар тіркелген [8].
Жануарларды пішу алдында зерттеу керек. Оларды пішетін шаруашылықтарда індетті инфекциялық аурулардың тұтануы және жаңа ошағы анықтағанда пішуге болмайды. Табиғи саңылаулары кең жануарлар (қоян т.б.) сақтықпен пішкен жөн. Іріңді операциядан соң пішуге қатал тиым салынады.

1.4 Ұманың жалпы сірлі қабығының түсуі
Көбінесе жылқы мен түйе түліктерінде кездеседі.
Себебі: 1) пішкенде ұманың басқа ұлпалардың күшке салып қатты тартқаннан өткенде бұлшық еті эластикалық қабықша сірлі қабықшадан бөлінеді.
2) қысқышпен қысқанда немесе лигатура салғанда сірлі қабықтың сырғып кетуінен.
Клиникасы: пішкен кезде немесе белгілі уақыт өткен соң ұманың кесілген жерінен ақ жапырақша шығып тұрады. Ол ластанып, үстіне микробтар түсіп, бетіне фибринді экссудат пайда болады және ез айналасындағы терісі ісінеді.
Балау: осы айтылған белгілерді көзбен кереміз. [10].
Болжам: бастапқы мезгілінде жақсы, уақыт өткен сайын қауіпті.
Емі: шыққан белігіне антисептикалық ерітінділермен жуып-шайып, қан ағуын тоқтатамыз, жансыз жерінен кесіп тастаймыз. Алдын-ала себебін жойып, малды пішкенде сақ болған жөн.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Ветеринарлық медицина кафедрасы

АУРУ ТАРИХЫ

Малдың түрі: айғыр жынысы: еркек түсі: қоңыр
Жасы: 4
Кімдікі: Нұржанов Жандаулет
Түскен уақыты 25.01.2021
Диагноз: пішуден кейінгі қан ағу
Аурудың аяғы: Жануар сауықты

Күні __20.02.2021__ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды пішу және оның жарақаттанудың алдын алудағы маңызы. Сиырдың жарақаттануы және оның алдын алу
Жануарларды пішу жайында
Новакаин блокадасын қолдану әдістері
Қан кету және электр жарақаттары
Малды қансыз пішу әдісі, перкутарлық пішу
Хиругиялық ауруларды емдеуде новокайн блокадасын қолдану
Пішетін малдың жасы, уақыты, орыны жне пішуге даярлау
Кеуде қуысының зақымдануы
Зақымданған және науқас адамдарды күту
Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын
Пәндер