Абай және қазақ әдеби тілі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Абай шығармаларындағы фразеологизмдердіӊ жасалу жолдары

ЖОСПАРЫ:
Кіріспе
Абай және қазақ әдеби тілі

Негізгі бөлім
I. Абай шығармаларындағы фразеологизмдердің лексика-семантикалық және
құрылымдық сипаты

II. Абай шығармаларындағы перифраздар

III. Абай шығармаларындағы өзгертіліп қолданылған
фразеологизмдер

Қорытынды

Кіріспе. Абай және қазақ әдеби тілі

Абайдың қазақ әдеби тілі даму тарихындағы алатын орны туралы қазіргі
қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырым бар, ол: Абай - қазақтың
қазіргі жазба әдеби тілінің ірге тасын қалаушы деген қағида. Бұл қағиданы
белгілегендер- М.Әуезов, Қ.Жұмалиев, С.Мұқанов, М.С.Сильченко, Б.Кенжебаев,
Б.Ысмайылов т.б. сияқты әдебиет зерттеушілері мен Қ.Жұбанов, С.Аманжолов,
І.Кеңесбаев, Н.Сауранбаев, М.Балақаев, А.Ысқақов, Р.Сыздықова, Ғ.Мусабаев
тәрізді тіл мамандары. Проф.Қ.Жұмалиевтің Абай поэзиясының тілі атты
монографиясымен бірге жоғарыда аталған ғалымдар әр кезеңде, әр тұста
Абайдың қазақ жазба әдеби тілі тарихындағы атқарған рөлі мен алған орны
туралы сөз етіп келді. Бұл ғалымдардың кейбіреулері жеке мақалалар арнап,
енді біреулері ұлы ақынның әдеби творчествосы туралы жазған үлкен
монографияларының немесе басқа еңбектердің ішінде Абай қолданған жеке
сөздер мен кейбір көркемдеу тәсілдерін және грамматика саласындағы бірқатар
ерекшеліктерн жүйелі түрде болмаса да, аз-аздап талдап көрсетіп берген.
Жоғарыда аталған тілші-ғалымдардың ішінде ғалым Р.Сыздықованың есімін
ерекше атап өткіміз келеді. Оның Абай шығарымаларының тіліне арналған әр
жылдары жарық көрген Абай шығармаларының тілі, Абай өлеңдерінің
синтаксисі, Абайдың сөз өрнегі атты бірнеше еңбектері бар1. Осы аталған
еңбектер Абайдың тілдік тұлғасын танытатын зерттеулер деп тануға болады.
Абайдың қазақ поэзиясы тіліне қосқан үлесі, істеген еңбегі, енгізген
жаңалықтары ретінде мына тақырыптарды көрсетіп, оларды жеке-жеке талдаған
жөн: 1. поэзия тіліне қаламгер қолтаңбасын салу дәстүрі, яғни шығармашылық
контекст дегеннің Абайда айқын көрінуі; 2.өлең тілінің сөздік құрамына
енген өзгерістер; 3. айқындық пен дәлелдік; 4.фразеология саласындағы
жаңалықтар мен өзгерістер; 5. жеке сөздерді таңдап, талғап жұмсау, оларды
поэтизмге айналдыру; 6.өлеңнің синтаксистік–композициялық құрылысына енген
өзгерістер.
Біз курс жұмысымызда жаңа сипаттағы қазақ ұлттық әдеби тілдің
негізін салған ұлы ақын Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы
фразеологизмдерді жан-жақты талдауды мақсат еттік. Жұмысты орындау
барысында ұлы ақынның шығармашылығы бойынша ілгерінді-кейінді жарық көрген
еңбектерді басшылыққа ала отырып, өлеңдері мен қарасөздеріндегі
фразеологизмдердің лексика-семантикалық және құрылымдық сипаттамасын
үйреніп шықтық.

Негізгі бөлім
1.Абай шығармаларындағы фразеологизмдердің лексика-семантикалық және
құрылымдық сипаты

Фразеология дегеніміз, біріншіден, фразеологизмдердің жиынтығы, әлемі,
қазынасы, екіншіден, фразеологизмдерді зерттейтін ғылым саласы. Абай
фразеологиясы дегенге осы екі ұғымның екеуі де енеді. Біз бұл бөлімде
Абай қолданған әр алуан сөз тіркестерінің әлемін көрсетуді де, сол әлемнің
түр-түсін, сыр-сипатын, қызметін зерттеп, талдап танытуды да көздедік.

Біз әңгіме ететін фразеологизмдеріміз-суреттеме сөз тіркестері, яғни
поэтикалық фразеологизмдер. Бұлар әдетте бір нәрсені: затты, сынды,
қимылдың амалын жай атамайды, суреттеп, бейнелеп, астарлап, мадақтап не
балағаттап атайды, яғни айтушының сол нәрсеге-обьектіге, пейілін-
көзқарасын білдіре атайды. Демек, поэзия тіліндегі фразеологизмдердің басты
белгісі- олардың образды (бейнелі) болатындығы. Ал бейнеліліктің сүйегі
тілдік метафорада жатады. Метафора дегеніміз сөздердің мағына ауыстырып
жұмсалуы болса, фразеологизмдер сөз мағынасын құбылтудың бірден-бір көзі
болып табылады.
Өлең дегеніміз дыбыс пен сөзден өрілген өрнек, төгілген кесте, бұл
кестені салуда фразеологизмдердің орны айрықша. Фразеологизмдер-сандаған
жылдар мен ғасырлардың қазынасы, бұл, бір жағынан, ол-жеке қаламгерлердің
табысы, еңбегі, ізденісі. Фразеологиялық тіркестер-семантикалық шоғырлар,
яғни жеке сөз мағыналарының бір-бірімен түйісуінен туған жаңа мағыналық
дүниеліктер. Демек, белгілі бір қаламгердің жалпы тілдік қазынасын және
көркемдік байлығын зерттеуде оның фразеологиясын тауып тану ерекше орын
алады. Сондықтан Абай тілінің фразеологиясын, оның ішінде образды
тіркестерін арнайы сөз ету- біздің бұл жұмысымыздың өзекті бөлігі.
Бұл жерде біз образды фразеологизмдер дегенді әдейі бөліп алып отырмыз,
өйткені суреткер тілінде терминдік мәндегі тіркестер де, атауыш мәндегі,
яғни бір нәрсені жай атайтын тұрақты тіркестер де кеңінен қолданылады. Егер
фразеологизмдердің бұл топтарын сөз етер болсақ, ол өз алдына бөлек
талдануы қажет болар еді, бірақ бұл -өлең тілінің өрнегі жайындағы әңгіме
емес, ақынның лексика- фразеологиялық қазынасы туралы ізденістер болмақ.
Сонымен қатар кейбір мамандар фразеологизмдер класына мақал-мәтелдерді де,
нақыл сөздерді де, қалыптасқан формулалар мен өзге де штамптарды жатқызады.
Ал бұларды әңгіме арқауы ете қалсақ, мұны да өз алдына бөлек қарастыру
қажет. Бұлардың барлығы да бейнелі, астарлы тіркестер болғанымен, табиғаты,
яғни тілдік қызметі мен стилдік жүгі образды фразеологизмдерден өзгеше дүен
өзгеше дүиелер.Демек, ақын тілінің фразеологизмдер қорын сөз етудің мақсаты
оларды тек түстеп, түгендеу ғана емес.
Сонымен қатар фразеологизмдер экспрессияның таптырмас құралы. Поэзия тілі
жұмсаған фразеологизмдердің қай-қайсысы да образды болып келеді, бірақ
олардың өзі экспрессивтік бояуы жағынан бірі күшті, бірі солғындау деген
сияқты болып бөлініп тұрады. Ақын қажет жерінде тым күштілерін іздестіреді,
жоқ болса өзі жасайды. Мысалы, тілдегі көңілі қалу, көңілі жабырқау
дегендер де фразеологизмдер, бірақ Абайға бұлардың беретін әсері солғындау
көрінеді, сондықтан көңілге ажым салу деген мүлде тың тіркес жасайды, мұның
экспрессиясы алдыңғы тіркестерге қарағанда әлдеқайда күшті. Сол сияқты
біреудің еңбегін олжалау, пайдалану деген сөздер информативтік қызметтегі
жай атаулар, ал осылардың орнына ақын адам сауу, адам аулау деген
фразеологизмдерді қолданса, бұл тіркестер өздерінің сонылығымен,
әсерлілігімен көзге түседі, көңілге қонады, образ болып келеді. Мысалы:
Адам аулап, Сыпыра саулап, Байды жаулап жетісер (129-б).
Абай тіліндегі фразеологзимдерді зерттеуде оларды екі қырынан қарап
талдау қажет. Бірінде, жоғарыда айтқандай, фразеологиялық тіркестерді жалпы
түстеп-түгендеу, мұнда, жоғарыда айтқандай, фразеологиялық тіркестерді
жалпы түстеп-түгендеу, мұнда негізгі назар Абайдың өзі ұсынған авторлық
фразеологимздерге аударылады, олардың жасалу механизмі сөз болады,
екіншісінде фразеологизмдерді ақынның қалайша жұмсағанын айқындау, мұнда
негізгі назар фразеологизмдердің құрылымы мен мағынасына енгізілген
өзгерістерге аударылады.
Алдымен, Абай тіліндегі образды фразеологизмдерді түстеп-түгендеуге
келсек, мына жайттарға көңіл аудару керек.
Абай негіз етіп алған қазақтың ауызша дамыған әдеби тілі, яғни ақын-
жыраулар поэзиясы мен шешендік сөздері образды фразеологизмдерде өте бай
болады. Қазақтың Абайға дейінгі ұлттық ерекше белгілерін іздей қалсақ,
сірә, олардың бірі- өте бейнелі, әсерлі, әуезді тіркестердің молдығы дер
едік.
Суреткер әдеби тілді қолдануда сол тілдің негізінен, дәстүрінен ешқашан
қол үзбейді. Тіпті қазақ әдеби тілінің жаңа сапалы кезеңін бастаған Абайдың
өзі байырғы қазақ поэзиясының тіл өрнегін жалғастырады, оның дәстүрін
сақтады дей аламыз. Әрине, бұл дәстүрді бұлжытпай, еш нәрсе қоспай,
өзгертпей сақтаған жоқ.
Абай тілі де осы жалғастылықты көрсетеді. Ұлы суреткер тілінде жүздеген
фразеологизм қолданылған болса, оның дені өзіне дейінгі әдеби тілі
қазынасынан алынған. Ал бұлардың басым көпшілігі жалпытілдік деген топ
құрайды. Мысалы, Абай жұмсаған ащы тіл (ызалы сөз, қатты айтылған кейіс
сөз), қара тер болу (босқа шаршау), мал шашу (малды орынсыз жұмсау), сүттей
ұю (шынымен илану, мейлінше сену), ант ішу (уәде беру, қарғанып-сілену), ақ
ниет (адал ой), ала қолсыз ( әділ, ешкімді бөліп-жармайтын адал) сияқты
фразеологизмдер тек поэзияда емес, жалпыхалықтық тілде кеңінен
қолданылатын элементтер. Әрине, бұлар да бейнелеп айтатын сөз тіркестері.
Бұлар ауызша сөйлеу тілінде де, өлең сөз бен шешендік сөздерде де жиі
қолданылатын, кейде тіпті стильдік мақсат көздемей-ақ жұмсала беретін
тіркестер. Мысалдар келтірейік:
1. Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ
Бес дұшпаның білсеңіз
2. Ескі досын көргенде,
Есебі жоқ ант ішіп...
Иман жүзін тоздырар (43-б).
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сия, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл (179-б.).
Болмасқа болып қара тер,
Қорлықпен өткен қу өмір (71-б).
Біздің ойымызша, Абай тіліндегі ажал жету, азат болу, арыз айту, басу
айту, дау айту, ләззат алу, мазаны алу, ант ету, ар тұту, шығынға бату,
ұмыт болу сияқты тіркестердің фразеологизмдер ретінде белгілі бір стильдік
мақсат көздей жұмсалуынан гөрі, іс-әрекет, қимыл-қозғалысты жай атау
қызметі басымырақ. Өзге қаламгерлерде де тіпті ауызекі сөйлеу тілінде де
солай: дау айтты, мазаны алды, шығынға батты, ойына алмады дегендер олардың
дауласты, мазалады, шығынданды, ойламады деген жеке сөз болып келетін
эквиваленттерімен жарыса қолданыла береді, бұл екі қатардың екеуі де
көбінесе жай атауыштық қызмет атқаратын тәрізді. Ғылыми таныммен айтсақ,
бұлар образды фразеологизмнен гөрі лексикалық тіркес деп аталатын күрделі
сөз категориясына жуықтау тұрады. Сондықтан бұл типтегі тіркестерді Абай
тілінің өрнектеуіш құралдары ретінде көрсетудің жөні әрдайым келе бермейді,
дәлірек айтсақ, олардың стильдік қызметі айқын сезілмейді.Мысалы: Бұлттай
қасы жауып екі көзін, Басын сіліксе қар жауып мазаңды алды(55). Ләззат
алсақ болмай ма, Көз жұмулы, көңіл мас?(83-б.).
Ал сәлем айту, ақыл айту тәрізді тіркестердің жеке сөз болып келетін
қатарлары мүлде жоқ, сәлем беру, ақыл беру сияқты тіркес түріндегі
синонимдері ғана бар, демек, бұл типтес тіркестердің де тексте бейнелеуіш
элемент болып келуінен гөрі жай атауыштық қызметі басым. Дегенмен, біз
әдеттегідей, яғни Абай тілі сөздігінде оларды фразеологизмдер деп
көрсетуіне қарап, бұларды сөз етер болсақ, эстетикалық-көріктеуіш
элементтері талдау орайында емес, ақынның сөздік қазынасын түгендеу
саласында қарастырар едік.
Жылдар, тіпті ғасырлар бойы сұрыпталып, тұрақталған бай фразеология
дүниесін пайдалану- тек Абайдың емес, әрбір ақын, жырау, жазушының амалы,
ісі. Бірақ мұнда да әрбір суреткердің немесе әдебиеттің әр жанрының өзіне
тән қолтаңбасы байқалып тұрады. Мысалы, ел қорғау, жауға аттану, ата жауы
қалмақтармен немесе қызылбастармен жер үшін, мал үшін, қыз үшін қырқысу
сияқты мотивтегі әдебиеттің тұтас бір циклін-Батырлар жырын жасаған қазақ
тілінде осы жанрға тән жүздеген фразеологизм қалыптасқан. Айталық мұздай
темір құрсану (мықты қарулану, сауыт-сайман, қару-жарақты болу), туы жығылу
(ұрыста жеңілу) ат сауырысын беру (ұрыста немесе шапқыншы шақта көмекке
келу, қол ұшын беру, қарайласу). Сөздіктерде осылай түсіндірілгенімен, бұл
тіркестің біреудің қасынан кету, арқасын беру мағынасында да жұмсалғаны
байқалады.
Абай өлеңдерінде де, прозасында да жалпыхалықтық тіл қазынасына
жатататын бейтарап мәнді тіркестерді еркін пайдаланған. Мысалы, қас сағыну-
қас сағынбау тіркесі қастық жасау, қастық ойлау деген мәндегі ежелден бар
көне фразеологизм. Бұл фразема Бәрі де жолдасына қас сағынбайды деген
мәтелде де сақталған. Мұның жаулық сағыну варианты да бар. Мысалы, Бұхар
Абылай ханға: Басыңа мұнша көтерген Жұртыңа саулық сағынба-демей ме?
Абайда: ...мен ананы кедей болса екен деп, ол мені кедей болса екен
деп,әуелде ішімізбен қас сағындық (98-б. 3-сөз.).
Сол сияқты Абай қолданған із жоғалту, ішіне қонбау, көзге ұру, көзіне
бағу, қырымға қарау, табанынан тозу, намысқа шабу, тілін безеу, сұқ қадау,
шырыш бұзу, шаужайынан қағу, мойыны түсу сияқты қимыл-әрекетке қатысты
тұрақты тіркестер-жалпы тілдік қазынанын ертеден келе жатқан мүлкі. Мысалы:
Бас қосылса арысқа, Кім шабады намысқа (46- б.). Табаныңнан тозасың, Құр
жүгіріп тарпылдап (62-б.). Сондай-ақ, жас өспірім, өр көкірек, жау жүрек
тәрізді сындық мәнді тіркестерді де Абай жалпы халықтық тілден алып
жұмсаған. Мысалы: Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай (124-
б.). Жас өспірім замандас қапа қылды, Сабыр, ар жоқ, аял жоқ, ілді-жұлды
(139-б).
Абайда кездесетін атауыш фразеологизмдердің бірқатары өз заманындағы
әлеуметтік, саяси-экономикалық қарым-қатынастарға байланысты туған жаңа
тіркестер. Мысалы, басына іс түсу (әлеуметтік мәндегі қылмыс таңылу),
орынға сайлану әкімшілік орынға отыру, әкім болу), түсіп қалу
(әкімшілік орыннан айрылу: Босқа-ақ түсіп қаларсың, Біреу кетсе түшкіріп
(56-б.), байға кірісу (ат майын алу, сауын сауу тәрізді экономикалық
қатынастардың жаңа түрлерімен күн көру), міндетті болу (ұлықтарға қызмет
ету). Бұлардың көбі Абайдың Қара сөздерінде қолданылған атауыштық
тіркестер, ал осы тәрізді замандық жаңа фразеологизмдер тек Абай емес,
ХIХ ғасырдың II жартысындағы қазақ ақындарының біразында кездеседі. Мысалы,
Біржан салда: ат мініп, ақша ұстау, Ақан серіде: таразыға тартылу, жер
аудару, закон сұрау, жалға жүру т.т.
Абайдың фразеология саласына сіңірген еңбегі мен жаңалықтары, әрине, бұл
көрсетілгендер емес. Бұрынғы зерттеушілер, әсіресе Абайдың поэтикасын
талдаған ғалымдар Қ. Жұмалиев, Б.Кенжебаев, Т.Нұртазиндер, сондай-ақ ұлы
ақынның қазақ әдеби тілінің даму барысындағы орны мен қызметін азды-көпті
әңгімелеген тіл мамандары Абайдың өзі жасаған фразеологизмдерінің көзге
түсетіндігін баса айтқан болатын1.
Абай шығармашылығының негізгі тақырыбы-адам, қоғам, сол қоғамның заманы.
Осыған сай ақын поэзиясында жұмсалған образды тіркестердің мағынасы
жағынан, яғни лексика-семантикалық тұрғыдан адамды сипаттайтын, адамның
ішкі жан дүниесін танытатын, адамның іс-әрекет, қимылын суреттейтін, сол
қимыл, іс-әрекеттің орындалу амалын бейнелейтін, өмірді, өлімді, жастықты,
кәрілікті астарлап атайтын, табиғат құбылыстарын бейнелейтін
фразеологизмдер деп қарастыруға болады. Бұл семантикалық топтардағы
фразеологизмдер байырғы және жаңа болып және бөлінеді.
Адамды, оның қадір-қасиетін, түр-тұрпатын, ақыл-мінезін суреттеп,
бейнелеп сипаттайтын фразеологизмдердің дені тілде қалыптасқан, байырғы
элементтер: ақ жүрек (адал ниет), бұл тіркесті Абай Онегиннің аузына салды,
ол Татьянаға екінші рет сорлы асық болып жазған хатында: Хұп білемін
сізге жақпас Ескі жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас-Мезгілі жоқ қай
медеу? (22-б.86ж.)-дейді. Бұл жердегі Татьяна Ларинаның ақ жүрегі-оның
жалғансыз сезімі.
Ақ пейіл, ақ көзді, жау жүрек, жел өкпе, жел буаз деген фразеологизмдерді
де, Абай халық тілінен алып адамдардың қасиетін, мінезін сипаттауға
жұмсаған.Мысалы: Жікшіл ел жетпей мақтайды, желөкпелер шын деп ойлайды (135-
б.37-сөз.). Су жұғар ма, Сөз ұғар ма, Сыпыра жылмаң желбуаз? (130-б.).
Жасаулы жаудан бұрылмай, Жау жүрек, жомарт құбылмай (124-б.)
Сұлу қыздың портретін бейнелеп сипаттау үшін ақ тамақ, қалам қас деген
тұрақты тіркестерді қолдануынан да, текті атаның тұқымын сом алтынның
сынығы деп бейнелеуінен де байырғы көріктеу құралдарына иек артқаны көрініп
тұр. Бірақ бұл қатардағы образды тіркестер Абайда аса көп емес. Мысалы:
1.Айттым саған қалам қас,
Саған құрбан мал мен бас (83-б.)
2.Ата тегің мұндағы-
Орта жүздің ұлығы;
Ана тегің ондағы-
Өзен судың тұнығы.
Екі асылдың қосылған
Сом алтынның сынығы (170-б).
Абай тілінде ең көп кездесетіндер-адамның ішкі жан дүниесін, көңіл күйін
сипаттайтындар мен іс-әрекетін, жүріс-тұрысын, қимыл-қозғалысын
суреттейтіндер. Олар да жалпыхалықтық және авторлық болып келеді.
Өлең тақырыбына алып отырған кейіпкердің сезімін, көңіл күйін, жүрек
лүпілін, жан сырын бейнелеп беру үшін көз майын ағызу (зар мұңын айту),
айға талпыну (қолы жетпеске ұмтылу), шыр айналу (қайғыдан есеңгіріп қалу),
дүниеге бой алдыру (өмірдің ырқына көну, қажу), қап салу (қайыршылық
кешу), ит қылу (қор ету, қорлау) сияқты неше алуан әсерлі
фразеологизмдердің Абай тіліне еркін оралуы заңды. Мысалы: Жылайын,
жырлайын, Ағызып көз майын.Айтуға келгенде, Қалқама сөз дайын (115-б.) Жас
жүрек жайып саусағын, Талпынған шығар айға алыс (15-б. 1986ж.).Көп адам
дүниеге бой алдырған, Бой алдырып, аяғын көп шалдырған (154-б.) Ояна келсе
дап-дайын, Қайыршы болу, қап салу (60-б.1986ж.). Бұл топқа жататын образды
тіркестердің бірқатары Абайдың өзі жасаған соны немесе өзгертіп қолданған
байырғылар болып келеді. Мысалы, адам аулау, адам сауу, көңілге ажым
салмау, аяғы маймақ тарту, күнді айдау сияқты фразеологизмдер өзгелерде
жоқ, бірен-сараны кездессе, дәл Абай жұмсаған мағынада емес. Ақын
өлеңдерінен мысалдар келтірейік: Шаруаң үшін көрінген ақыл айтып, Жолың
тайғақ, аяғың тартар маймақ (215-б.). Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп,
адам саумақ-өнерсіз иттің ісі (101-б. 4-қарасөзі, 1986ж.). Көп жылдар көп
күнді айдап келе жатыр (186-б).
Адамның іс-әрекеттерін, қозғалыс-қимылын суреттеу үшін Абай
фразеологизмдерді таңдағанда, олардың жалпыхалықтық тілдегі байырғыларының
күштілерін алады. Мысалы, қулықпен амалдап бір нәрсенің ебін табу деген
мағынаны беруде қарағайды талға жалғау деген образ өте әсерлі. Бұл образда
биік қарағай мен бәкене талшыбықты бір-біріне жалғастыру мүмкін емес, бұл
сияқты қиынның қиынын жүзеге асыру үшін қулық амал керек. Халық данасы осы
образды қарағайды талға жалғау жеп жасаған болса, Абай оны Амалдап
қарағайды талға жалғап, Әркім жүр алар жердің ебін қамдап-деп амалдап
компонентін қосып,бұдан да әрі әсерлі етіп жұмсаған.
Өмір мен өлім- толғана білген ақынның қай-қайсысының да соқпай кетпейтін
тақырыптары. Ақын өмірді, тірлікті сөз етеді, ал тірлік болған жерде өлім
болады. Суреткер өлімді: Адам баласы өледі немесе пәленше өлді деп жай
хабарлау үшін сөз етпейді, сонымен қатар тірліктегі өмірдің мәні, мұндағы
сан алуан құбылыстар, адамның өмірдегі орны жайында өз пайымын толғау үшін
де "өлім" тақырыбын фразеологиялық тіркестің мағыналық арқауы етеді. Абай
бұл орайда ажал жету, дерт алу, күні біту, көзіне құм құйылу, көрге кіру,
көз жұму сияқты байырғы қазақ көркем тілінде қалыптасқан кәнігі
тіркестермен қатар өзі жасаған ант (антұрған), мезгіл келу (Жұрттың сөзі
тағдырға адам көнбек, Бір антұрған еріксіз мезгіл келмек... Жұрт айтқан сол
ант мезгіл келсең керек 84-б.), өрт алу (баласы өлген анаға шығарып берген
жоқтауында: Жеміс ағаш бәйтерек Балдырғанын өрт алды) сияқты перифраздық
тіркестерді бейнелеуіш құралға айналдырады. Мысалдар келтірейік:
Ассыз, сусыз, дерт жеңіп,
Өзі де әбден жүдепті.
Тоғыз миллион санарда
Ажал жетті, күн бітті (64-б).
Ал өлең мазмұны өмір, тіршілікке арналған жерде де ақын жай

бейтарап мәнді жеке не күрделі сөздерді қолданудан гөрі, олардың образдық
қызметіне жиірек жүгінеді, өйткені, Абайдың бізге ұсынып отырғаны-поэзия,
ал поэзия бір нәрсе жайында баяндамайды, сол нәрсені суреттейді. Айталық
ақын: Көп жылдар көп күнді айдап келе жатыр.Сипат жоқ, сурет те жоқ, көзім
талған (186-б)-десе, мұнда көп жасап келемін деген идеяны дәл осы түр де
немесе көп жыл өмір сүріп келемін деп берсе, жай баяндау ғана болар еді,
ал көп жылдар күнді айдап келе жатыр десе, осы идеяны оқушы (тыңдаушы)
сезіміне әсер ететіндей суреттеп білдіреді. Адам дүниеге келді, туды деген
ойды (идеяны) поэзияда дәл осы сөздермен білдіру экспрессиясы жағынан дүние
есігін ашу дегенмен теңесе алмайды, сондықтан Абай соңғы тіркесті қалайды.
Мысалы: Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең
(50-б).
Болашақ өмір деген тіркес бейтарап атау болса, осы ақын өлең тілінде
келер күн деп білдірген екен, бұл да образды фразеологизм болып шыққан.
Мысалы: Келер күн келеді екен не дайындап, Қараңғы, қарағанмен болжай алман
(27-б.1986ж.). Біраз өмір сүру деген ұғымды өмірдің өрін тауысу, белге
шығу, талай жерге келу деп құбылтып білдіру, сөз жоқ, поэтикалық тіл талабы
ақындық құдыреттің көрінісі: Келдік талай жерге енді, кіруге-ақ қалдық
көрге енді... Өмірдің өрін тауысып, Білімсізбен алысып, Шықтық міне белге
енді(96-б.).
Міне, бұл көрсетілгендер Абай қолданған фразеологизмдердің лексика-
семантикалық негізгі топтары. Әрине, бірді-екілі бейнелі тіркестер жоғарыда
көрсетілген тақырыптардан тыс тұруы мүмкін. Мысалы, рухани күш деген тіркес
жай бояусыз атау, ал оны ақын жол азық деп астарлап атаса, бұл тіркес
перифраздық бейнелі фразеологизм болып шығады:
Кеш деп қайтар жол емес, Жол азығым мол емес (70-б.).
Фразеологизмдер құрылымы жағынан есім мағыналы, етістік мағыналы, үстеу
мағыналы болып бөлінеді1. Қазақ тілінде, сірә, сан жағынан етістік мәнді
фразеологизмдер басым болып келеді деп ойлаймыз және олардың барлығы дерлік
адамның әрекет-харекеттерін бейнелеп, суреттеп, астарлап атайды. Абайдың
жырлаған ең басты обьектісі- адам, оның қоғамдағы іс-қимылы болғандықтан,
ол образ жасауда жалпыхалықтық тілдегі дәстүрлі фразеологизмдерді
кеңінен, еркін, орынды жұмсаған. Әрине,бұл тәсіл тек Абайдың ерекшелігі
емес, сөз зергерлерінің қай-қайсысы да да фразеология қазынасына иек
артпай, поэзия дүниесін жасай алмайды. Қазақтың ауызша дамыған әдеби
тілінің-ақын-жыраулар мұрасының бұл игілікті дәстүрі Абайдай шебердің
қолына мол байлықты ұсына салған. Әсіресе, қазақ халқының күнкөріс
тіршілігінен, айналасын қоршаған табиғат құбылыстарын танудан алынған
образды сөз өрнегі Абай тіліне еркін оралып отырады.
Құлын-тайдай айқасу, дөң айналмау (атты адам дөң айналады), арқасы босау
(мініс атының арқасы босайды), қырқын мінсе, қыр артылмау, ат үстінен ұйқы
алу, атының басын бұру, бәйге атындай аңқылдау, малға шылбыр беру, атының
жалын құшу, із жоғалту (малдың ізін таба алмау) деген тіркестер сан
ғасырлар көшпелі өмір кешіп, мал шаруашылығымен айналысып келген қазақ
халқының өзіне қажет образдарды да көбінесе осы салаға қатыстырып алғанын
көрсетеді. Мысалы: Қай жеріңнен көңілге қуат қылдық, Қыр артылмас болған
соң, мінсе қырқың? (16-б). Бай қартайса малына берер шылбыр, Мал өмірді
жаңғыртпас құдай ұрғыр (174-б.). Білімділер сөз айтса, Бәйгі атындай
аңқылдап (34-б). Құлын тайдай айқасып,ойын салып, Кептерше сүйініскен
демалыс бар (46-б.). Үш күн арқаң босаса, Бола қалдың бас асау (59-б.)
Бұлардан басқа да, ақ жем болу, істің ақ пен қарасы, ақыр заман, аллаға
жазу, алла оңғару, басын бұлт шалу, ант ату, арқаға қағу, аруақ аттау,
табанынан таусылу, қара тер болу, ұя бұзу, ісі түсу, іш қайнау сияқты
көптеген фразеологизмдерді де Абай өзі жасаған жоқ, жалпыхалықтық қордан
алды. Мысалы: 1. Мал мен бақтың кеселі ұя бұзар,
Паруардигар жаратқан несін жан қып! (14-б).
2. Мәз болады болысың
Арқаға ұлық қаққанға (65-б.)
3.Байыған сайын күтім жоқ
Бейілі кетті, ант атты (62-б.)
4. Аузын ашса, көрінер кірсіз тісі,
Сықылды қолмен тізген, іш қайнайды (9-б.)
Бұлардың барлығы да Абайдың сөз кестесінің бояуын құбылтып, көз бен көңіл
тартатындай әсем болып төгілуіне үлес қосқан бұйымдар. Мысалы, шаршады
деген ұғымды осы сөзбен ғана білдірсе, бұл қимыл-әрекетті жай ғана
хабарлау болып шығар еді, ал оның орнына бұл ұғымды ақын: Су сарылдап
құйылды, кемені ырғап, Отыз құлы таусылды табанынан... немесе: Елің бұзық
болған соң, Ояз жатыр шартылдап, Табаныңнан тозасың, Құр жүгіріп тарпылдап
(62-б.)–деп берсе, көрсетілген екі фразеологизмнің екеуі де шаршау
ұғымына экспрессивтік-модальдік реңк үстеп, оны әлдеқайда әсерлі етіп
экспрессивтік-модальдік реңк үстеп, оны әлдеқайда әсерлі етіп береді: таң
атқанша су төккен құлдар да оязға жақсы атты көрінем деп тырысқан болыс та
жай шаршап қоймайды, әбден сілесі құрып шаршайды, екінші мысалда тіпті
босқа сандалып, әуре болып шаршау деген реңк те бар. Міне, образды
фразеологизмдердің күші қайда жатыр.Екі-үш сөздің тіркесі арқылы негізгі
ұғыммен қатар бірнеше қосалқы ұғымды пайдалануға болады екен. Тілдің осы
күш-құдыретін сөз зергерлері де, тілді пайдаланушы халық та жақсы білген,
өйткені мұндай образды тіркестер сөйлеу тілінде де кеңінен қолданылады
Абай тіліндегі фразеологизмдерді түстеп-түгендеуде басты назар олардың
Абай қаламынан тән жаңаларына аударылмақ. Бұл орайда талданар материал
баршылық.
Жасалатын образдар әдетте фразеологияға иек артатын болса, Абай бұл ретте
жаңа тіркестер жасаудың жүйелі жолдарын жүзеге асырған. Жаңа образ жасайтын
немесе ақынның айтпақ идеясын күшейтетін тіркестер құрастыру үшін Абай бір
сөзді бірнеше фразеологизмнің компоненті етіп пайдалану тәсілін ұсынды. Бұл
Абайға дейінгі бірде-бір ақын-жырау тілінде ұшыраспаған құбылыс. Мысалы,
Абай сату етістігін тіркесжасам құралы етіп алады да, бұрыннан бар сақал
(ын) сату, ар-ұятын сату, жақынын сату, арын сату дегендердің үстіне осы
модельмен еңбегін сату (еңбегіне сүйену), жан сату (жанын пида қылу),
көзін сату (телміру,тілену), сөз сату (сөзін бұлдау, сөзін бір керегі
үшін өткізу), терін сату (күш-қайратын еңбекке жұмсау), күлкі сату
(алдау, көлгірсу), қулық сату (қулығын асыру, алдау) қулығын сату
(өтірік тыңдағансу), қылығын сату (әрекетін жұмсау), жүрегін ұстап сату
(сыртынан иемдену, басын саудаға салу), жүзін сату ( өтірік жақсы
көріну) деген он шақты жаңа тіркестер жасайды. Мысалдар арқылы көрейік:
Пайда деп, мал деп туар ендігі жас,
Еңбекпен терін сатып түзден жимас.
Меліш сауда сықылды күлкі сатып,
Алса қоймас,араны тағы тоймас (25-б.)
Арын сатқан мал үшін антұрғанның
Айтқан сөзі құрысын, шыққан үні (14-б.)
Адалды сатсаң арамға
Құдай қабыл етер ме? (6-б).
Құлағын сатқан тәңірі атқан
Оңдырар ма, оңар ма? (204-б).
Арын сатып, ант ұрып іздегені-
Бір семіз ат, аяғы бір табақ ас (139-б).
Абай жаңа образды тіркестердің құрылымдық элементі етіп етістіктердің
ішінде сату-дан басқа сауу (адам сауу, қулық сауу, еңбегін сауу), бағу
(күлкі бағу, ғылым бағу, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Абай поэзиясындағы араб тілінен енген сөздер
Қазақ әдеби тілінің зерттелуі
Абай шығармаларының тілі
Абай шығармашылығының зерттелуі
Абай өлеңдері тілінің зерттелуі
Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі
Абай тілінің зерттелуі
Қазақ тілі сабағын Абай шығармашылығымен байланыстыру
Абай шығармаларындағы кірме сөздердің қолдану ерекшеліктері
Қазақ әдеби тілі тарихының мәселелері
Пәндер