ФОТОГРАФИЯ ЖАНРЫ ДАМУ ТАРИХЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Әреджан Н. Н

ДЕРЕКТІ ФОТО МЕН ФОТОРЕПОРТАЖ ЖАНРЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы 5В050400 - «Журналистика»

Алматы, 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

«___»хаттама_

Кафедра меңгерушісі, с. ғ. д., профессорСұлтанбаева Г. С

«__»___2017ж.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

ДЕРЕКТІ ФОТО ЖӘНЕ ФОТОРЕПОРТАЖ ЖАНРЫНЫҢ БҮГІНГІ КҮНГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

5В050400 - «ЖУРНАЛИСТИКА»

Орындаған: А. Н. Назира

Ғылыми жетекші: А. Ә. Абдраим

Алматы, 2018

РЕФЕРАТ

Диплом жұмысының тақырыбы : Деректі фото және фоторепортаж жанрының бүгінгі күнгі маңыздылығы

Диплом жұмысының көлемі: 65 бет

Диплом жұмысына пайдаланған әдебиеттер: 28

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы фотографияның қалыптасуы мен деректі фото жанры сөз болса, екінші тарауында фотожурналистиканың негізін қалаған тұлғалар, сонымен қатар, деректі фото жанрын дүниеге әкелген тұлғалар жайында айтылады.

Диплом жұмысында қолданылатын тірек сөздер: БАҚ құралдары, фотография жанры, фотоөнер бірлестігі, деректі фото, фоторепортаж

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Еліміздегі фотография өнерін, соның ішінде деректі фото жанрына қызығушылық тудыру;

Диплом жұмысында қолданылатын әдіс-тәсілдер: талдау, саралау, зерттеу, салыстыру, тарихи әдіс.

Диплом жұмыстың дерек көздері: ҚР Конституциясы, ҚР Тіл туралы заңы, ҚР Азаматтық кодексі, оқу құралдары, зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалар, ресми сайттар, газет-журнал басылымдары.

Жұмыс нәтижелілігі: БАҚ-тың фотографиямен тығыз байланыста екенін айта отырып, фотожурналистика саласына соның ішінде, деректі фото мен фоторепортаж жанрына демеу көрсету мәселелері көтеріледі.

ГЛОССАРИЙ

Фотосурет - жарық және физикалық, химиялық процестердің түрін пайдалана қағаз немесе сандық бұқаралық ақпарат құралдарына берілетін объект суреттердің нәтижесі.

Фотожурналистика - көзғарас пен пікірді фотосуреттердің көмегі арқылы білдіретін журналистиканың айрықша саласы.

Фотосуреттеме - фотопублицистиканың негізгі жанрының бірі. Фотосуреттеме қысқа әрі нұсқа баяндау тәсілімен түсіріледі. Заман тынысын дәл, ұтымды көрсетіп, көрермендеріне әрі ақпараттық хабар жеткізе алады. Журнал беттерінде жарияланған фотосуреттемелер болған оқиғадан арнайы тікелей хабар беруге арналмаса да, бірақ шұғыл түсірілгені сезіліп тұрады.

Фотозертхана - пленкаларды айқындап, суреттерді басып шығаруға арналған жарық өтпейтін бөлме.

Фоторепортаж - публицистикалық жанр. Ол шұғыл түсіріліп, болған оқиғаларды жеткізуде өзінің деректілігімен құнды материал ретінде пайдаланылады.

Фотоочерк - публицистикалық жанр. Негізгі бағыты қоғам өміріндегі айшықты бетбұрысқа толы құбылыстарды фотосурет арқылы беру.

Тосын суреттер - белгілі бір адамның өзінің түсірілімге қатысып жатқанын білмейтінін суреттер.

Ракурс - түсірілімнің нысанына қатысты фотоаппараттың орналасу деңгейі, дақтарды жою, түстерді жөндеу.

Композиция - түсірілімдегі басты және артқы фонда орналасқан объектілердің көз мөлшерінің гармониялық талаптарына сай орналасуы.

Әйнеккөз (объектив) - арнайы оптикалық шыныдан немесе пластмассадан жасалған линзалы элементтер жиыны.

Фон - түсірілімнің басты объективісінің артынла орналасқан кеңістік.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . 4

  1. ФОТОГРАФИЯ ЖАНРЫ: ДАМУ ТАРИХЫ. . . 4Фотография өнерінің шығу тарихы . . . 4Деректі фото жанрының дамуы және инфрақұрылым ерекшелігі . . .
  2. ДЕРЕКТІ ФОТО: ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ҰЙЫМ БІРЛЕСТІГІ. . . Деректі фото жанрының негізін салған тұлғалар . . . Деректі фотоның бүгінгі күнгі маңыздылығы . . . Заманауи фотожурналистиканың ерекшелігі . . .
  3. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .

ҚОСЫМША . . .

КІРІСПЕ

Жұмыстың сипаты: Диплом жұмысында деректі фото жанрының бүгінгі күнгі маңыздылығы мен пайда болуы және даму жолы қарастырылады. Сонымен қатар, артықшылығы мен даму ерекшелігі талданып, қоғамдағы және БАҚ-тағы рөлін зерделей отырып, қажеттілігі мен тиімділігі зерттеліп, ұлтаралық келісімді сақтаудағы нақты ұсыныстар беріледі.

Тақырыптың өзектелігі: Әлемнің деректі фото жанры БАҚ-та, жалпы ел өмірінде рөлі орасан зор. Осы орайда:

  • фотография кез-келген жағдайда сөзсіз нақты дәлел көрсете алуы;
  • фотожурналистика саласын насихаттауда жергілікті ұлт рөлінің ескерілмей қалуы;
  • фотожурналистика саласы бойынша қазақ тілді материалдардың аз болу себептерін, даму процессінің баяу орындалуы;
  • деректі фото жанрының бүгінгі күнгі маңыздылығына тоқталу:
  • фоторепортаж жанрының өзге жанрдан ерекшелігі.

Диплом жұмыстың мақсаты мен міндеттері : Деректі фото жанрын өрбіту; жалпы деректі фотоның деректілігін айқындап, қызығушылық тудыру; фоторепортаж жанрының жандылығына тоқталу; деректі фото жанрында жылдамдықтың, шеберліктің керек екенін айқындау; керемет фотография жасаудың өзі өнер екендігін, уақыт пен шыдамдылықты қажет ететін өнер түрі екенін баяндап, жеткізу.

Жұмыстың нысаны: Деректі фото мен фоторепортаж жанрының БАҚ-тағы орны және бүгінгі күнгі маңыздылығы.

Диплом жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері: ҚР Конституциясы, ҚР Тіл туралы заңы, ҚР Азаматтық кодексі, оқу құралдары, зерттеу еңбектері, ғылыми мақалалар, ресми сайттар, газет-журнал басылымдары.

Диплом жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытындыдан тұрады. Жұмыстың бірінші бөлімінде жалпы фотографияның қалыптасуы мен жанрлары сөз болады. Сонымен қатар, деректі фото жанрына түсініктеме беріледі. Ал, екінші тарауында фотожурналистиканың, соның ішінде деректі фото жанрының негізін қалаған, тарихта есімдерін қалдырған тұлғалар жайында айтылады. Деректі фотоның деректілігі айқындалады.

І. ФОТОГРАФИЯ ЖАНРЫ: ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Фотография өнерінің дамуы және инфроқұрылым ерекшеліктері

Адамзат өмірін мәнді де сәнді етуге зор септігін тигізген жаңалықтардың бірі - фотография. Фотография 1839 жылдың 7 қаңтарында дүниеге келді. Яғни, сол күні Париж Ғылым академиясының ғылыми хатшысы Доминик Франсуа Араго осы ғылым академиясының сол күні өткен кезекті мәжілісінде француз өнертапқышы Луи Жак Манде Дагер ашқан «Камера Обскура», ішкі артқы қабырғасына салынған иодталған қалайы табақшаның бетіне «Қара қобдишаның» алдыңғы саңылауынан жарық түсіру арқылы заттың бет-бейнесін алуға және оны сынап буына ұстаудың көмегімен сақтауға болатыны жөніндегі жаңалығын жария етті. Соған байланысты бұл күн ресми түрде фотографияның туған күні болып тарихқа енгізілді. Сондай-ақ, оның өмірден өз орнын табуына Дагердің жерлесі әрі ұстазы Жозеф Носефор Ньепс пен ағылшын ғалымы Вильям Генри Фокс Тальботтың қосқан үлесі зор болды. Олардың ашқан бұл жаңалығы жер шарының түкпір-түкпіріне лезде таралып кетті. Тіпті, сол жылы Ресейге де жетіп үлгерген. Қазан айында орыс әскерінің офицері Теремин Петербургте «Қара қобдишаның» объективін 25 минут ашып қойып, Исаакий шіркеуінің сыртқы бейнесін түсіріп алды. Фотография өнері Қазақстанға 1841 жылдың 6 желтоқсанында аяқ басты. Дәл сол күні Ордада «Жәңгір мектебінің» ашылу салтанатына Жәңгір хан Ресейден арнайы фотограф шақыртып, осы мектепке алғаш қабылданған оқушылардың ортасында отырып суретке түскен. Сол фотосурет әлі тарихқа белгілі. Алайда, фотографияның сонау Еуропаның қақ төрінен бастау алып, айналасы бір-екі жылдың ішінде кең байтақ Қазақ жеріне жетуі қаншалықты жылдам болғанымен, оның мерзімді баспасөз беттерінен орын табуы соншалықты шабандық танытуы көңілге қаяу түсірмей қоймайтыны анық. Оның, әрине, өзіндік объективтік себептері де жоқ емес. Біріншіден, өнеркәсібі әлі өрге басып үлгермеген бұл өлкеде мерзімдік баспасөзді басып шығаратын баспаханалар жоқтың қасы болды. Ал, екіншіден, олардың бәрі де ескі, фотография клишелерін жасайтын цехтармен қамтамасыз етілмеді. Анда-санда газет бетінде көрініс тапқан фотосуреттердің өзі Мәскеуден арнайы дайындалған клишелер арқылы жіберіліп отырылды. Бұл іспен толығырақ шұғылдануға мүмкіндік беретін Республикалық баспахананың өзі де Қазақ АССР-нің астанасымен бірге Орынбордан Қызылордаға, Қызылордадан Алматыға көшіп отыруына байланысты жаңа техникалық жабдықтармен жарақтандыра алмады. Әйтпесе, фотография өнеріне деген қызығушылық Ресейден Қазақстанға қоныс аударушылар тарапынан да және жергілікті ұлт өкілдері арасынан да аз болған жоқ. Оның мысалы ретінде бүкіл саналы ғұмыры, атап айтқанда, 1899 жылмен 1958 жылдың аралығын қамтыған Дмитрий Поликарпович Багаевтың фотографиялық қызметі тек бір ғана өркендеу жолына бағытталса, Евсей Ефимович Блехманның шығармашылық қызметі Қазақстан Республикасының алғашқы АССР болып құрылған кезінен тың және тыңайған жерлерді игеру кезеңіне дейінгі тыныс тіршілігін әсте қалт жібермей, фото - кино аппараттарына арқау етті.

Қазақ фотожурналистикасына алғаш болып қызығушылық танытып, қадам бастаған қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі бар ақын Шәңгерей Бөкеев болды. Шәңгерей Бөкеев қазақтың сол кездегі бетке ұстар белгілі азаматтарының басым көпшілігінің фотошежірелік суреттерін түсіргені тарихтан белгілі. 1901 жылы Бөкей ордасының жүз жылдық мерейтойына орай Петерборда өткен салтанатына ІІ Николай патша оған алғаш фотоаппарат және оның құрал-саймандарын қоса сыйлаған. Шәңгерей Бөкеевтің сондағы алғашқы түсірген суреттері бар, олар Оралда әлі де сақтаулы. Ғасыр басынан бастап қазақтың сол кездегі бетке ұстар белгілі азаматтарының басым көпшілігінің шежірелік фотосуреттерін түсіргенімен шектеліп қалмай, жер шарының жартысын жаяу аралағандағы көрген бейтаныс халықтың қиын да, күрделі тұрмыс тіршілігін фотообъективке нысана етіп алған сансыз суреттердің иесі Әліби Жангелдиннің де фотография саласындағы баға жетпес бай мұралары туралы сөз етпеуге болмайды. Бірақ, өкінішке орай, қазақтың танылмай келген өнерінің және аты аңызға айналған революционер әрі қоғам қайраткерінің артына қалдырған осы еңбектерінің бірең-сараңы ғана болмаса, көпшіліктің ұстағанының қолында, тастағанның жолында шашылып, із-түссіз жоғалып кетуі өзекті жанның өзегін өрбейтіні сөзсіз. Оларды жинақтап-сақтап, мұражайларға немесе архивке өткізіп отырғанда, келешек ұрпақтың игілігіне жаратуға, қазіргі тәуелсіздік алған тұстағы тарихымызды түгендеуге зор септігін тигізер еді.

Фотография өнері бастапқы кездерде мерзімдік баспасөзді безендіру әрі көркемдеу құралы ретінде қолданылды. Оның баспасөз беттерінен тұрақты орын алуы және газет-журналдардың штаттық кестесіне фототілші мамандығы енгізілгеннен бастап, бұл саланың маңыздылығы 1932 жылдың 9 мамырынан бастап арта түсті. Осы күні Алматыда ВКП Орталық Комитетінің партиялық баспасының Қазақстандағы филиалы ашылды. Соған байланысты баспахана техникалық тұрғыдан жаңартылып, газет-журнал беттерінде жарияланатын фотосуреттердің клишелерін жасайтын цех іске қосылды. Бұл өз кезегіне орай мерзімдік баспасөздің сапасын арттырумен қатар олардың бір орталыққа шоғырландырылуына мүмкіндік туғызды. Осылай фотография мерзімдік баспасөздің бетіндегі безендіру, көркемдеу құралынан бірте-бірте кеңейіп, журналистиканың жеке саласына қарай аяқ басты.

Елімізге қауіп-қатер болып төнген екінші дүниежүзілік соғыстың салдарынан бұл кезде көптеген облыстық, аудандық газеттер жабылып қалды. Енді-енді жаңадан қалыптасып келе жатқан қазақ фотожурналистикасы осы уақытта сәл болса да тоқырауға тап болды. Оның қайта өрлеуі, соғыстан кейін елуінші жылдардың екінші жартысынан басталды. Осы уақытта қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің бір топ түлегі фотожурналистиканың дамуына барынша үлес қосты. Олардың ішінде Р. Дүйсенғалиев, С. Ақпанбетов, Б. Тілекметов, Н. Жұбанов сияқты т. б фототілшілер бар еді. Араға көп уақыт салмай, бұлардың қатарына Қ. Мұстафин, С. Пернебаев, Ж. Бозымбеков, Ж. Пайызов, С. Бәсібеков, Д. Егізовтар келіп қосылды.

Сонымен қатар, елімізде фотография өнеріне еңбегі сіңген тұлғалар аз емес. Солардың алғашқысы КСРО Журналистер одағының Рысқали Дүйсенғалиев Ұлы Отан соғысының ардагері әрі Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері. 1952 жылдан бастап фототілшілікпен айналысқан. Сонымен қатар, бірнеше рет республикалық деңгейде фотокөрмелер ұйымдастырды. ТМД елдері мен шетелдерде өткен байқауларда көптеген жүлделерге ие болған.

Петр Редько «Лениншіл жас» газетінде ұзақ жыл, одан соң «Мәдениет және тұрмыс» журналында қызмет істеген. Бекмұхамбет Тілекметов Қазақ университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1956 жылы бітіріп шықты. Отыздан асқанда «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне жұмысқа орналасты.

Бекмұхамбет Тілекметов 1943 жылы 18-ге толған шағында әскерге алынып, 1950 жылға дейін қызмет етті. Кейін Қазақ университетінің журналистика факультетіне түсіп, оны 1956 жылы бітіріп шықты. Отыздан асқанда «Социалистік Қазақстан» қазіргі «Егемен Қазақстан» газетіне жұмысқа орналасқан.

Нұрғожа Жұбанов 1961 - 1990 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында қызметін бастаған. 1990-2000 жылдары «Шалқар», «Қазақ елі», «Заман Қазақстан», «Ұлан» газеттерінде қызмет еткен. 1989 жылы Мәскеуде өткен КСРО фотосуретшілер одағының съезінде Қазақстан фотосуретшілер одағының бірінші хатшысы болып тағайындалды.

Қайрат Мұстафин ҚР Журналистер одағының мүшесі. Ұзақ жылдар бойы Қазақ телеграф агенттігінде еңбек етті. Зейнетке шыққанға дейін «Өнер» баспасында қызмет атқарды.

Жүнісбек Пайызов «Білім және еңбек» қазіргі «Зерде» журналында қызмет атқарған. Негізінен, Ұлттық академияның ғылыми зерттеу институттарының және жоғары оқу орындарының өмірінен фотосуреттер түсіріп отырған. Сондықтан да оның жеке мұрағатында Қазақстан ғылымының фотошежіресі хатталған деуге болады.

Қазақ фотожурналистикасы дегенде ойға ойланбастан оралатын тағы бір тұлға Сиез Бәсібеков. Республикамызда фотожурналисттер арасында алғашқы болып «Құрмет орденімен» марапатталған. «Лениншіл жас», «Егемен Қазақстан» газеттерінде қызмет атқарған. Сайлау Пернебаев «Қазақстан мұғалімі», «Социалистік Қазақстан» газетінде, кейін 1981 жылдан бастап зейнеткерлікке шыққанға дейін республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарған. Оның газет беттерінде жариялаған фотосуреттері одақтық газет-журналдар кункурстарында 16 дүркін бас жүлдені жеңіп алған.

Дендірбай Егізов Қазақтың спорт фотожурналистикасының негізін қалады. Бір ғана басылымда - республикалық «Спорт» газетінде қызмет істеді, тек бір ған соқпақ жолмен жүрді. Спорт фототілшісі болып өмірден озды.

Нұрмамбет Қизатұлы Қазақ фотожурналистикасының айтулы шеберлерінің бірі. Суретке түсіруімен жастайынан әуестенген. Республикалық «Заң газетінде», одан соң зейнетке шыққанша «Жетісу» газетінде қызмет атқарған.

Алашыбай Есмағамбетов әсерден кейін 1971 - 1972 жж. аралығында қазақ радиосында редакторлық қызметтен бастап, кейін «Лениншіл жас» қазіргі «Жас Алаш» газетінде секретариатта қызмет істеген. Жан-жақты талантын көрсете білді, оған қоса фототілшілік үлкен еңбегін атауға болады.

Тағы бір қазақ фотоөнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған - Рахымбай Ханалы. Ол еңбек жолын «Қазақ әдебиетінде» бастап, «Ұлан», «Жас Алаш» газеттерінде жалғастырған. Ал өмірінің соңғы он шақты жылы еларалық «Қазақстан-Заман» газетімен тығыз байланысты.

Әскер Исаков қазақ фотожурналистикасын зерттеуші. Ол сонымен қатар, республикалық басылымдарда да қызмет етті. Өмірінің соңғы кезеңдерінде Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіндегі филология факультетінің журналистика кафедрасында аға оқытушы болып жұмыс істеді. Қазір ғылым мен техниканың ғарыштап өскен шағы. Ол фототехниканың күот өсуіне септігін тигізді.

Көне замандарда шетелдің фототілшілерінің қолынан ғана көретін Жапония, Америка Құрама Штаттарының шығарған осы заманғы озық фотоаппараттарына қызығатын уақыт өтті. Қазіргі кезеңде заманауи сандық фотоаппараттарды игерген, республикалық басылыидарда қызмет атқарған және атқарып жүрген аға буын фототілшілер: Берсінбек Сәрсенов «Егемен Қазақстан» газеті (Алматы), Айтжан Салықұлы «Айқын» газеті, Орынбай Балмұрат «Егемен Қазақстан» газеті (Астана), Асылхан Әбдірайымұлы « Жас Алаш» газеті, Сайлау Майлыбаев Парламент баспасөз қызметі, Шүкір Шахай Үкімет баспасөз қызметі, Талғатбек Асанов Алматы қалалық әкімшілігі баспасөз қызметі, Алмат Мұхамеджанов ҚазҰУ-дың баспасөз қызметінде жұмыс атқарады.

Республика шеңберінде фотожурналистика саласы, оның ішінде қазақ ұлттық фотожурналистика елеусіз қалып бара жатыр. Еліміздің бірде-бір оқу орны, арнайы кәсіби емес, әуесқой деңгейде фотосурет түсірімшілердің қызметіне жүгінеді. Ендеше фотоөнер жеке бір адамның ғана мәселесі емес, бүгінгі күннің өзекті, тарихи мәселесі. «Мәдени мұра» бағдарламасының жанашырлары ұйымдастырған жедел шаралар аясында, Қазақстанның өткен кезеңдеріне көз жүгіртетін құнды фотоқұжаттарды қалпына келтіріп, жинақтап, сараптау мәселесі қарастылырылмапты. Өкініштісі еліміздің шежіресі баяндалған небір айшықты деректі фотожұмыстардың назардан тыс қалғаны. Мәселен, өмірден озған фотошежіреші Рысқали Дүйсенғалиевтің Мұхтар Әуезов, Жамбыл Жабаев, Ғабит Мүсірепов, Бауыржан Момышұлы, Күләш Байсейітова, Жұбан Молдағалиев сынды тағы басқа да тарихи тұлғалардың қайталанбас сәттері сақталған жеке мұрағаты қамқорлықтың жоқтығынан жойылып барады. Сол сияқты, қазақ журналистикасының майталмандары, марқұмдар Қайрат Мұстафин, Сайлау Пернебаев, спорт фотожурналисі Дендербай Егізов, Сиез Бәсібеков, Жүнісбек Пайызов сынды аға буындардың қас-қағым сәттік жұмыстары әр жерлерде шашылып жатқаны жанға батады. Ал негізгі фотожурналистика, фототілшілік қызметі соғыстың алдында ашылған, бірақ қазақ фотожурналистикасының басталған кезеңі деп соғыстан кейінгі уақытты айтамыз.

Жасанды жарықты пайдаланған сәтте тек қана екі шамның көмегімен көптеген жарық комбинацияларын алуға болады. Жарықпен жұмыс - фотографияның ең қызықты саласы. Оның арқасында сіз тәжірибе жүргізіп, өз шығармашылығыңызды шыңдап үлгересіз. Бағытталған жарықпен жұмсақ жарықты қосу арқылы мүлде болмаған жаңалықтар ашуға мүмкіндік бар. Фотографқа жарықты дұрыс пайдаланудан бөлек, суретшілік қасиеттер де керек. Бір ған жарық көзі қатысқан фототүсірілімнің жақсы шығуы өте сирек. Мұндай сәттерде жарықты жұмсарту қажет. Ол үшін жарықтың алдына ақ мата неме ақ қағазды қою керек. Әрине, жарықты фотошоп бағдарламасымен жақсартуға болады. Алайда, өз қолыңызбен жақсы жағдай дайындасаңыз, көп кадр жасай аласыз және бағдарламаға уақыт кетірмейсіз. Өте қатты жарықты жұмсарту үшін оны ақ қабырғаға бағыттау қажет. Қосымша жарықты алудың тағы бір түрі - ақ қағаз. Қағазды түсіріліп жатқан нысанның шетіне қойсаңыз, жарық жұмсарып шыға келеді. Бірақ, жасанды жарыққа ең дұрысы екі шамды пайдалану болып табылады, яғни, сіз бірінші шамды бағыттауға, ал екінші шамды жұмсартуға пайдалана аласыз. Жұмсақ жарық түсірілімдегі барлық кеңістікті жұмсартады. Ол нысанның нобайларын бұлыңғырлайды, соның нәтижесінде суреттегі анықтамалық төмен болады. Жұмсақ жарық ешқандай элементтерді бөліп шығармайды. Ал, бағытталған жарық өте анық әрі терең болады. Алайда екі жарық өз бетінше ешқашан қолданылмайды.

Бөлмедегі түсірілім қиын болғандықтан, оған көп дайындық керек, сондықтан ең алдымен, табиғи жарықты пайдалануды үйренген абзал. Табиғи жарық уақыт пен ауа райына байланысты. Бұлтты күндері жарықтың тек ашықтылығы өзгерсе, ашық күндері оның бағыты да өзгереді. Жазда күн көкжиектен 90 градусқа жоғары орналасқандықтан, жердегі нысандардың көлеңкесі жоғалады. Бұл түсірілім үшін ең қолайсыз кезең. Көлеңкелер фото салу күн шуағы жарықты заттың тіке алдынан берген кезде де жоғалады. Күн батарда және шығарда заттардың ұзын көлеңкелері айқын көрінеді, сондықтан сурет нәтижелі болып шығады. Жарыққа қарсы түсірілген суреттерде нысандардың сұлбасы ғана көрінеді. Осындай жарық кезінде фотомодель көзін жұмып қалмайды, алпайда, аталған суретті түсіру үшін мол тәжірибе қажет. Жарықтың бағыты - күннің орналасуының жалғыз ерекшелігі емес. Күні бойы жарықтың спектрлік құрамы да өзгереді. Бұған ауа молекулалары себеп болып табылады. Мысалы, күн көкжиектен төмен орналасқанда оның сәулелері атмосферада ұзақ қашықтыққа барады, ал күн төбеде тұрғанда олардың ұзындығы қысқа болып, көк түсті сәулелер көп мөлшерде ауада сақталады.

Фотография - қоғамда болып жатқан ақпаратты түрлі-түсті етіп, бейнелеп, көпшілікке жеткізетін әлеуметтік қоғамдық құжат. Қоғамдық құжатты жасайтын адам - фотосуретші. Қоғам шындығын тарихта қалдыратын фотосуретшілер. Фотосурет түсіру - нағыз шынайы өмір. Адамзат фотосуретке үйренгені соншалық фотосуретсіз бұқаралық ақпарат құралын елестете алмайды. Фотосуреттер - өмірдің айнасы, ел тарихының куәгері. Фотожурналистика-фотосуретті негізгі ойды білдіру құралы ретінде қолданатын журналистиканың ерекше түрі. Фотожурналистика фотосуреттің басқа жанрларынан келесі қасиеттерімен ерекшеленеді: Уақыт-түсірілімдер оқиғаның даму контектісінде хронологиялық мәнге ие. Объективтілік-журналистің оқиғаны бүкпесіз, шынайы түсіруі шарт. Ақпараттық-түсірілімдер мәтінмен қоса алғанда белгілі бір ақпарат беріп, оқырманға оқиға барысы туралы түсінік береді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фото жанрлар мен баспасөз жанрлары арасындағы ұқсастық пен ерекшелік
Қазіргі заман газеттеріндегі фото жанрлар
Лирикалық шығармалардың түрлері және оның оқытудың мақсаттары
Компьютерлік бағдарламалар
Медиа және медиа білім беру
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Қанат Бейсекеевтің деректі фильм жанрындағы шығармашылығы
Толғау жанрының табиғаты
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЛИРИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАЛАРДЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақ сурет өнеріндегі фотореализм және гиперреализм бағытын ұстанатын суретшілер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz