Оптикалық дисграфияны түзету


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

С. Аманжолов атындағы Шығыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының бойындағы лингвистикалық талдау және синтездеу бұзылғаны негізінде дисграфиялық түзету бойынша логопедиялық жұмыс»

5В010500 - «Дефектология» мамандығы бойынша

Орындаған КҚО ДФ А

тобының студенті

Орындаған КҚО ДФ Атобының студенті:

Ғылыми жетекшісі

аға оқытушы

«___»2016ж.

:
Орындаған КҚО ДФ Атобының студенті: Норма бақылаушы «___»2016ж.
:

Өскемен 2016

Мазмұны

Кіріспе
3
Кіріспе: 1
3: Бастауыш сынып оқушыларының бойындағы лингвистикалық талдау және синтездеу бұзылғаны негізінде дисграфиялық түзету бойынша логопедиялық жұмыстың ғылыми-теориялық негіздері
5
Кіріспе: 1. 1
3: Ғалыми-теориялық зерттеулердегі дисграфия мәселесі
5
Кіріспе: 1. 2
3: Лингвистикалық талдау және синтездеу бұзылғаны негізінде дисграфиялық түзету бойынша логопедиялық жұмыстың сипаттамасы
24
Кіріспе: 2
3: Тілдік талдау мен синтез бұзылысы негізіндегі дисграфияны түзету бойынша логопедиялық жұмыстың негізгі бағыттары.
34
Кіріспе: 2. 1
3: Констатирлеуші эксперимент: бастауыш сынып оқушыларының тілдік талдау мен синтез бұзылыстарын зерттеу
34
Кіріспе: 2. 2
3: Қалыптастырушы эксперимент: тілдік талдау мен синтез бұзылысы негізіндегі дисграфияны түзету бойынша логопедиялық жұмыстың бағдарламасын енгізу
Кіріспе: 2. 3
3: Бақылау эксперименті: Тілдік талдау мен синтез бұзылысы негізіндегі дисграфияны түзету бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасының тиімділігін анықтау
39
Кіріспе: Қорытынды
3: 60
Кіріспе: Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
3: 62

Кіріспе

Жазудың бұзылысы төмен сыныптарда оқитын балалрда сөйлеу патологиясының ең жайылмалы түрі болып табылады. Мектепте оқуды бастау кезінде кейбір балаларда жазуды меңгеруде қиындықтар анықталады, олар кейіннен дисграфия деп аталатын тұрақты, арнайы қателіктерге өтуі мүмкін. Жыл сайын бастауыш мектептерде дисграфияның әртүрлі түрлері кездесетін балалар саны жоғарылайды. Л. Г. Парамонова мәліметтері бойынша төмен сыныптардағы дисграфиясы бар балалар саны мектептің 30 % құрайды.

Жазудың бұзылысы туралы білімдер 100 жылдан астам уақытты құрайды. Қазіргі кезде отандық логопедияда симптоматика сұрақтары, дисграфия механизмдері, бұл сөйлеу бұзылысының құрылымы жеткілікті көрсетілген; әдістемелік тәсілдер де жасалған, диграфияның әртүрлі түрлерін түзетудің дифференцирленген әдістері мен бағыты, мазмұны толық ашылған(Л. Н. Ефименкова, А. Н. Корнев, Р. И. Лалаева, Е. А. Логинова, Л. Г. Парамонова, И. Н. Садовникова, Е. Ф. Соботович, О. А. Токарева, С. Б. Яковлев және т. б. ) .

Бірақ қазіргі уақытқа дейін бұл бұзылыстардың диагностикасы мен түзетілуі сұрақтары өзекті болып қалады, бұл жалпы білім беретін мектептерде оқитындар арасында дисграфияның үлкен жайылмалылығымен ғана емес, оны жеңудің қиындығымен де байланысты.

Н. И. Буковцева «бұл бұзылыстың негізгі мееханизмі қазіргі уақытқа дейін тілдік анализдің әртүрлі түрлерінің толық қалыптаспауы: синтаксистік, морфологиялық, фонематикалық» деп атап өткен.

Осы түрлердің біреуінің қалыптаспауы тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфия сияқты бұзылысқа әкелетінін атап өту керек. Сондықтан логопедиялық жұмыс тілдік талдау мен синтездің барлық түрлерінің дамуына бағытталуы керек.

Логопедияда дәстүрлі түрде тілдік талдау мен синтездің үш түрін ажыратады. Р. И. Лалаева «тілдік талдау мен синтез сөйлемдердің сөздерге талдауы мен сөздердің сөйлемдегі синтезін; буындық талдау мен синтез; фонематикалық талдау мен синтезді болжайтынын» көрсетеді. Тілдік талдау мен синтездің қалыптаспауымен негізделген қателіктер әртүрлі болып келеді және түзетуі қиындық тудырады.

Зерттеу мақсаты: Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасын құру және оның тиімділігін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  • Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыстың теориялық негіздерін ашу;
  • Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасын құрастыру;
  • Констатациялаушы, қалыптастырушы және бақылау эксперименттері арқылы тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасының тиімділін анықтау, қорытындылау.

Зерттеу нысаны-обьектісі: Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфия тән бастауыш сынып оқушылары

Зерттеу пәні: Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасы

Зерттеу болжамы:

Тілдік талдау мен синтез бұзылысы себебінен болған дисграфияны жою бойынша логопедиялық жұмыс бағдарламасын қолдану оң нәтиже береді, егер түзету сабақтары жүйелі түрде жүргізілсе.

Зерттеу жұмысында қолданысын табқан әдістер және әдістемелер:

  • Әдебиеттер мен ғылыми зерттеулерге теориялық талдау жасау;
  • Байқау;
  • Әңгіме;
  • Эксперимент;
  • Г. А. Волкова, Коноваленко В. В., Коноваленко С. В., Дьякова Н. И ұсынған фонематикалық үрдістерді зерттеу әдістемелері негізінде құрылған диагностикалық материалдар;
  • Р. И. Лалаеваның «Логопедическая работа в коррекционных классах» және Е. В. Мазанованың авторлық бағдарламасы: «Коррекция дисграфии на почве нарушения языкового анализа и синтеза» еңбектерінің негізінде құрастырылған диагностикалық әдістемелер.
  • Сандық-сапалық талдау;

Эксперименталды зерттеу 2015-2016 жж. Өскемен қаласындағы «Алтын дән" балабақшасы КМҚК негізінде өткізіледі.

Зерттеу тобы-выборкасы: Алтын-дән балабақша-мектебінің бастауыш сынып оқушылары.

Әдістері:

Практикалық: жаттығулар, ойын әдістері, модельдеу

Көрнекілік әдістер:

Байқау, суреттерді қарау, үлгі көрсету.

Сөздік әдістер:

Әңгімелеу, сипатау.

1 Бастауыш сынып оқушыларының бойындағы лингвистикалық талдау және синтездеу бұзылғаны негізінде дисграфиялық түзету бойынша логопедиялық жұмыстың ғылыми-теориялық негіздері

1. 2 Ғалыми-теориялық зерттеулердегі дисграфия мәселесі

Балалардың жазуындағы спецификалық қателерді түзету және диагностикалау сұрақтары көптеген ғалымдардың назарын аударуда. Жазудың бұзылуын белгілеуде, негізінде, дисграфия, агрофия, дизорфография, эвалюциялық дисграфия (баладағы оқуды меңгеру үрдісінің бұзылуын белгілеуге) деген терминдерді қолданады.

Дисграфияның негізгі белгісі (симптоматикасы) жазуда кездесіп тұрақты және қайталанып отыратын ерекше қателер болып табылады. Ондай қателерді төмендегідей топтастыруға болады: әріптерді алмастыру және шатастыру, сөздік дыбыстық, буындық құрамының бұзылуы, сөйлемде сөздердің бірге жазылуы, аграмматизмдер. Сонымен қатар дисграфияда сөзсіз функциялардың бұзылуының белгілері де байқалады.

И. Н. Садовникова жазудағы қателерді толық анықтап жүйелеу және түзету жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін ерекше қателерді деңгейлік принципке сүйеніп талдау қажет деп есептейді. Соның негізінде ерекше қателерді үш топқа бөледі:

- әріп және буын деңгейіндегі қателер;

- сөз деңгейіндегі қателер;

- сөйлем деңгейіндегі қателер.

Әріп және буын деңгейіндегі қателер

1. Бастауыш сынып оқушыларының жазуында жиі кездесетін қателер әріпті немесе буынды тастап кету (түсіп қалуы) . Мысалы, қармақ-қрмақ; балапан-бапан, тырна-трна. Сөздегі екі немесе одан да көп әріптердің түсіп қалуы дыбыстық талдаудың күрделі түрде бұзылуының салдарынан болады да, сөздің құрамын мүлдем бұзылуынана әкеліп соғады. Мысалы, қант-қт, қуыршақ-қуырша.

2. Әріптер мен буындардың орнын ауыстыру сөздегі дыбыс кезектілігін анықтап талдау қиыншылықтарының салдарынан болады. Сөздің буындық құрамы сақталуы мүмкін ( пенал-пелан, кран-канр) .

3. Әріптерді қосып жазу (артық әріп қосу) . Мысалы, шалбар-шыалбар, шалбыар, бақшада-бақшыада, құрт-құырт. Мұндай қателер жазу кезіндегі сөзді іштен жәй айтып отырған кезде қосымша дыбыстар естілуінің салдарынан байқалады. Мысалы, бала «бақшаға» сөзін жазу кезінде сөздегі әріптерді іштен айтып отырып жазады, және әріптерді баяу айтады, сонда «Ш» әрпін жазғанда «ШЫ» бірнеше рет айтып қайталайды. Жазуда жиі кездесіп жүрген қателер сөздегі әріптердің қайталанып жазылуы. Мысалы, (Аарман, Шшана, Оорман) . Мұндай қателер бірінші сыныпта сауат ашу кезеңіндегі балалардың графомоторикалық дағдыларын механикалық бекіту нәтижесінде байқалуы мүмкін [1, 43б. ] . Егер де қосып жазуда кездесетін қателерді (қуырт, бақшы, аға, Аарман) салыстырып қараса олардың себептері әр түрлі екенін байқауға болады, соған байланысты түзету жұмысының бағытында өзгеше болу тиіс. Жазуда кездесетін жиі қателер-әріптерді алмастыру болып табылады. Оқушы сөз құрамындағы дыбыстарды бөліп айта алғанымен, оны белгілейтін керекті әріпті таңдап сәйкестендіре алмайды. Ондай қателер төмендегідей жағдайларда байқалуы мүмкін:

- фонема мен графиканы сәйкестендіре алмаған жағдайда;

- акустикалық-артикуляциялық жағынан ұқсас дыбыстарды анық ажырата алмаған жағдайда;

- жазылу ұқсастығы бойынша ұқсас әріптерді ажырата алмаған жағдайда.

Бір әріпті екінші әріппен тұрақты алмастыруы сирек кездеседі. Көбінесе әріптерді шатастыру жиі байқалады, онда жазуда бір әріп бірде дұрыс, бірде қате белгіленеді. Шатастырудың үш түрі байқалады:

- акустикалық-артикуляциялық

- оптикалық

- кинестетикалық ұқсастық бойынша шатастыру

Персевирация, антиципация

Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады. Персеверация (тұрып қалу, тұтығып қалу) мысалы, сөзде: магазин - магазим, балапан - балапап; сөз тіркестерде: кішкентай күшік - кішкентай күкік; сөйлемде: Апа балапанға тары ташты.

Бұл қателер де фонематикалық есту қабілетінің жеткіліксіз даму салдарынан болады.

Антиципация - алдын алу (келесі сөзде кездесетін әріпті, буынды алдын ала жазу) . Мысалы, жаңбыр жауды - жабдыр жауды; балапан - бапапан. Бұл аталған екі түрлі қателер қозу процессінің әлсіз дифференциялауының әсерінен болады.

Сөз деңгейіндегі қателер

Сөз деңгейіндегі қателерге:

- сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы;

- бірге жазылуы;

- контаминация жатады.

Сөз бөлшектерінің бөлек жазылуы мынандай жағдайларда кездеседі:

- сөздің бірінші әріп, буыны орыс тіліндегі қосымша сөздер, приставкаға ұқсас болғанда (мысалы и - дут, на - чалось т. б. ) ;

- артикуляциясы ұқсас емес екі дыбыс қатар келгенде ( ұршық, кірпі)

Контаминация дыбыстың талдау процесінің дөрекі бұзылуы салдарынан туындайды. Ондай жағдайда сөзді немесе сөйлемді түсіну мүмкін болмайды.

Мысалы, сабақ басталды - «сббст»

Сөйлем деңгейіндегі қателерге аграмматизмдер деп аталатын қателер жатады, яғни:

- сөйлем мүшелерінің байланысының бұзылуы;

- септік жалғауларды дұрыс пайдалана алмауы;

- орыс тілінде қосымша сөздерді дұрыс қолданбауы;

- сөйлемнін шегін анықтай алмауы.

Сонымен И. А. Садовникова жазудағы қателерді төмендегі кестедегідей жүйелейді

Жазудағы ерекше қателер

↓ ↓ ↓

Буын және әріп деңгеіндегі қателер

Сөз деңгеіндегі қателер

Сөйлем деңгейіндегі қателер

Буын және әріп деңгеіндегі қателер:

- әріпті, буынды тастап кету; - алмастыру; - шатастыру; - қосып жазу.

Сөз деңгеіндегі қателер:

- сөзді бөліп жазу; - сөздерді бірге жазу; - контаминация

Сөйлем деңгейіндегі қателер:

- сөйлем шегін айырмау; - аграмматизм - (сөйлемдегі сөздердің байланысының бұзылуы)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дисграфияның әр түрінің логопедиялық түзету жұмыс бағыттары
Дисграфия себептері
Жазбаша сөйлеу тілі бұзылысының этиологиясы
«Зияты бұзылған 3-5 сынып оқушылардың жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарының сипаты»
Жазылу тілінің бұзылу себептері
Зияты зақымдалған оқушылардың жазуында кездесетін қателер және сауаттылыққа үйрету жолдары
Кіші мектеп жасындағы ақыл есі кем оқушылардың жазбаша сөйлеу дағдысын қалыптастыру
Тіліміздің грамматикалық амалдары түрліше
Олигофренияның топтастырылуы
Логопедия ғылымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz