Комбинациялық кесте


Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік Университеті
Жаратылыстану және технология ғылымдары факультеті
Реферат
Орындаған: Рахмет Ақжан
Тексерген Бакишев Айбек Калибекович
Мамандығы: Математика
Өскемен қаласы
2020-2021 оқу жылы
Мазмұны
- Кіріспе
- Негізгі бөлімСтатистикалық әдістерді қолдану туралы жалпы түсінікСтатистикалық әдістердің қолдану мүмкіншілігі
- Зерттеу нәтижелерін кесте түрінде ұсыну.
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Статистикалық әдістердің мазмұнында, мағынасында өзге де ғылым салаларындағы мағына тәрізді, зерттеуге алынатын құбылыстың өзіндегі шындық оның нақтылығы жатыр. Яғни статистика өзінің түпкілікті мақсатына жету үшін, қолданатын әдістерінде сол зерттеу объектісінің өзінде бар, қашанда анық көріне алатын, шындықты білдіретін жағдайлар жатыр. Зерттеу әдісінің бұлай белгіленуі, зерттеудің нәтижесіне дұрыс жетуге жағдай жасай алады.
Мысалы, белгілі бір коғамдық құбылыс құрылымының сандық жағын ашып беру үшін, әрине ол кұбылысты алдымен жинауға, бақылауға тура келеді. Бақылау қашанда сол зерттелетін құбылысты барынша толық қамтуды мақсат етеді. Себебі біріншіден, бақылауда қамтылмай қалған бөліктер болса, олар екінші бір жиынтыққа жата алмайды. Олардың ортақ белгілері, яғни пайда болу уақыты, аумағы, құбылыстың сапалық белгілерінің бір тектілігі бір жиынтыққа жатқызылуын талап етеді. Екіншіден, бақылау толық көлемді қамтығанда ғана, ол сол құбылыстың сандық жағы туралы өмір шындығын көрсете алады. Бұл статистиканың негізгі міндеті болып табылады. Сондай-ақ қоғамдық құбылысты бақылау толық жүргізілгенде, оның сандық жағындағы заңдылықтар барынша анық, нақтылана байқалады.
Әлеуметтік-қоғамдық құбылыстың белгілі бір уақыттағы және аумақтағы құрылымын анықтау үшін, сол зерттеуге алынған құбылыстың өзінде болатын белгілерді анықтау керек болады. Ол белгілер түрі, көлемі т. б. ерекшеліктері бойынша әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, халық санағын жүргізгенде әрбір адамның жынысына, ұлтына, жасына, еңбекке тартылғандығына көңіл бөліп, оларды тиісті құжаттарда көрсетуге болады. Мұндай белгілер жиынтыққа жататын әрбір жеке адамда міндетті түрде болады. Халық санағын жүргізгеннен кейін, халықты жасына, жынысына, ұлтына қарай топтастыруға болады. Бұл жиынтықтың құрылымын білдіреді. Ал жиынтық құры-лымының шын мәнінде бар екенін аталған белгілерден байқауға болады. Әрбір адамның жынысы, ұлты, кәсібі міндетті түрде болады.
Белгіленген әдістердің түгел қолданылуы ғана зерттелетін қоғамдық құбылыстардың, уақиғалардың жан-жақты сапалы талданғанын, дұрыс зерттеудің жүргізілгенін білдіреді.
Статистикалық әдістерді қолдану үшін, оның іске асырылуына жағдай жасайтын әдістемелер белгіленеді.
Статистикалық әдістемелер ретінде, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағының құрылысындағы және ол құбылыстардың өзге құбылыстармен байланысындағы заңдылықтарды ашуға қолданылатын әдістерді іске асыру үшін белгіленген тәсіл-құралдардың жүйесі алынады.
Негізгі бөлім
2. 1 Статистикалық әдістерді қолдану туралы жалпы түсінік
Статистикалық әдістер деп- зерттеуді жоспарлау, материалдар жинау, өңдеу, нәтижелерін көрсету кезінде қолданылатын зерттеу жұмыстарының әдістерін айтамыз. Статикалық әдістерді зерттеу материалдарын ғылыми өңдеп ұсынуға мүмкіндік беретін құрал деп қарсатыруға болады.
Педагогикалық зерттеудің кемшіліктеріне тоқталғанда, әдетте мынаны айтады:
1) Педагогикалық құбылысты объективті өлшеу үшін критерийлердің жеткіліксіз өңделмеуі
2) Көптеген құраушы факторлар есебінен дәл және объективті құбылыс себептерін анықтау қиындығы
3) Басқа ғылымда қолданылатын әдістер көмегімен педагогикалық құбылыстар арасындағы байланысты табу қиындықтары
Кез келген ғылымда нәтижелер объективтілігі құбылыстың өлшеу дәлдігі, талдау мен өңдеуге байланысты. Бірақта педагогикалық ғылымда соңғы уақытқа дейін құбылысты субъективті сипаттау басым. Нақты статикалық құбылыстың сапалық жағын зерттеу мүмкін емес. Ғылымда егер нақты критерий, өлшемдер және жан-жақты зерттеу, сапалық және сандық құбылыстың жақтары болмаса жеткілікті объективті деп айту мүмкін емес. Осыны ескеріп соңғы кездерде гуманитарлық ғылымдарда да, оның ішінде педагогикада да, құбылыстың сандық жақтарын өлшеу мен зерттеу жұмысының нәтижелерінің сенімділік мәселелерін шешудің жолдарын іздей бастады. Статистика құбылыстың негізін ашпайды. Ол тек екі құбылыстың статикалық сенімді айырмашылығын бекіте алады, бірақ оның себебін түсіндіре алмайды. Мысалға, оқытудағы жаңа әдіс жоғары нәтиже көрсетеді. Осындай статистикалық есептеу негізінде неге жаңа әдіс жақсы болу себебін айта алмайды. Оның оқу үрдісінің терең талдау, жан- жақты оқытушы мен оқушы әрекетін бақылау негізінде айтуға болады. Ғылымда фактілерді дәл бекіту жеткіліксіз, олардың негізін, өзара байланысы мен өзгерісін теориялық түрде түсіндіру керек. Педагогикада қолданылатын статикалық әдістер құбылысты зерттеу үшін қолданады. Бірақ оларға сүйеніп, қорытынды, болжам жасауға болмайды.
2. 2Статистикалық әдістердің қолдану мүмкіншілігі
Практика көрсеткендей жеткіліксіз, дайындықсыз арнайы ғылыми ой -санасыз, құбылыстар арасындағы себептік байланыстарды табу және талдау білмей зерттеу жұмысының мазмұнын, түсініктерін статикалық есептеулері көп жағдайда дұрыс емес қорытындыларға әкеледі. Кейде бұл гуманитарлық ғылым салалаларында болып тұрады, өйткені олар математика статистикалық әдістерді жеткілікті қолдануды білмейді. Педагогикалық зерттеу жұмысында статистикадан бас тартпау керек. Статикалық әдістер зерттеу нәтижелерін жүйелеу және өңдеуге, оның ғылыми ақиқаттығын тексеруге мүмкіндік беретінін ескеру керек.
Құбылыстар туралы жалпы түсінік және орташа көрсеткіштері
Статистика -көптеген құбылыстардан тұратын құбылыстар жиынтығын қарастырады. Статикалық әдістерді қолданғанда бірқатар мәліметтер зерттеуші репрезентативный деп санаған бір мәнге меншіктеледі. Педагогикада статикалық әдістер педагогикалық құбылыстың жиынтығының анықталған нәтижелерін қысқаша ұсыну немесе салыстыру үшін қолданады. Жиынтыққа кіретін бөлек құбылыстарды жиынтық элементтері деп атайды. (Әдетте х1 у1 деп белгіленеді) . Егер элементтер жиілігін F деп белгілесек, ал олардың қосындысын (Ғ) жиынтық көлем деп аталады және N деп белгілейміз. Жиынтық элементтеріне ең аз дегенде бір белгі тән, оның әдетте нақты сандық мәні болады және оның неізінде бір жиынтық элементінен екіншісін айыруға болады. Жиынтықтардың сандық сипаттамалары үшін әртүрлі орта көрсеткіштер қолданады. Статикалық әдістер қолданғанда бір маңызды жағдайға назар аударған жөн; жиынтық элементінің мәні жалпы заңдылық бойынша пайда болмайды, ол кездей -соқ факторлар әсерінен пайда болады. Мысалға, қатысушылардың білімін бақылау жұмысы нәтижесіне қарап бағалайды. Негізінде дұрыс. Бірақ бақылау жұмысына кездей-соқ жағдайлар әсер етуі мүмкін: қатысушылардың психикалық күйі, шаршау, көшіру мүмкіндігі т. с. с. Қатысушылардың білім деңгейін бір ғана қатысушының көрсеткішіне сүйеніп анықтауға болмайды. Тек бақылауға бірнеше қатысушы кіргенде және орта көрсеткіштерін талдағанда ғана қорытынды жасауға болады. Орташа көрсеткіштер жиынтық элементтерінің жеке мәндеріне қарағанда тұрақты болып келеді. Орта көрсеткіштер ғылыми ақпараттың қайнар көзі болып табылады, егер оларды есептеу барысында үлкен сандар заңы ескерілсе.
Бұл заңның негізін келесі түрде баяндауға болады.
1) Көп мәліметтердің саны жеткілікті болғанда жиынтықтың бірқалыпты құрамының заңдылықтарын табуға болады.
2) Осы заңдылықтарды сандық түрде тек орта көрсеткіштермен сипаттауға болады.
3) Жиынтық заңдылықтар неғұрлым дәлірек болса, соғұрлым зерттелетін элементтер саны көп болады.
Құбылыстардың ортадан басқа жаққа ауытқуы көп объектілер санымен өзара толықтырылады. Орташа салыстыру немесе параметрлік әдістерді егер зерттелінетін шамалар шкалалық қатынаста немесе бірқалыпты интервалдық шкалаға келтірілсе ғана қолдануға болады . ”Параметрлік” деген атау орташа көрсеткіштердің параметрлерін салыстыратындықтан шыққан. Жиынтық көлемі бірнеше элементпен мыңдаған элементтер арасында болуы мүмкін.
2. 3 Статикалық зерттеу жұмысының кезеңдері
Педагогикалық мәселелерді статикалық зерттеуде біз 4кезең бойынша қарастырамыз:
1) Зерттелетін объектінің негізгі қасиеттерінің цифрлары көмегімен сипаттау үшін моделін құрау.
2) Қандай да бір құбылыс туалы сандық мәліметтерден бақылаудың көмегімен мәліметтерді жинау.
3) Жалпы сандық мәліметтерді табу және оларды өңдеу.
4) Мәліметтерлі талдау.
Бірінші кезең қалыптасу деп аталады, бұл кезеңде нақты цифрлар мен толтырылатын математикалық модель алынады. Екінші кезеңде мәліметтер жинайды. Үшінші кезеңде мәліметтерді өңдейді. Тек төртінші кезеңде мазмұнды қорытындылайды. Зерттеу жұмысының нәтижелерін шығару бұл бөлек жиынтық элементтері туралы жинаған мәліметтерден бір тұтас ретінде жиынтықты сипаттайды, мәліметтерге ауысу кезеңі. Жай хабарлауда бақыланатын жиынтық бір тұтас аморфты масса ретінде қарастырылады. Топтық хабарлауда зерттелетін жиынтықты бір белгісі бойынша топтарға бөлінеді. Осылайша топтау жиынтықты танудың ең жақсы құралы болып табылады. Екінші статикалық әдістердің бірі орташа құрылымдық деп аталады. Жалпы жиынтық көлемі әртүрлі мүшелер саны бар нақты бөліктерге бөлінеді. Сандық белгілері бойынша топтау немесе сандық топтау сандық сипаттағы белгілерге негізделеді. Мысалға тест нәтижелері, жасы, жұмыс жылдамдығы т. с. с.
Сапалық белгілері бойынша немесе атрибутивті топтау сандық сипаттағы қайталана беретін белгілерге негізделеді (қатысушылардың жынысы, ұлты, жүйке әрекетінің типі, әлеуметтікжағдайы т. с. с. ) . Зерттеу нәтижелерін бір немесе бірнеше белгілері бойынша топтауға болады. Белгілер санын жай және құрама топтау деп бөлуге болады. Жай топтауда жиынтықты тек бір белгісіне қарап бөлуге болады. Құрама топтауда бір уақытта бірден көп белгісі бойынша топтауға болады. Зерттеу нәтижелерін шығару үшін әртүрлі әдістерді қолдануға болады:штрихпиц, фишка, перфокит, рейтеркарт, механикалық.
Зерттеу нәтижелерін кесте түрінде ұсыну.
Кесте мәндері және құру.
Зерттеуден алынған мәліметтерді әдетте үш тәсілмен ұсынуға болады.
1) Жұмыс мәтін түрінде көрсетіледі.
2) Кесте түрінде ұсынады.
3) Графикалық бейнелер түрінде ұсынылады.
Бірінші тәсіл сандық мәліметтер аз болғанда қолданылады. Педагогикалық зерттеулерде сандық көрсеткіштерді ұсынудың негізгі тәсілі әртүрлі кестелерді қолдану болып табылады. Кестелер қандайда бір құбылысты сандық белгілері бойынша көрсетуге мүмкіндік береді. Әрбір кесте екі бөліктен тұрады мәтіндік және цифрлық . Мәтіндік бөлігінде кесте тақырыбы, сөздік түсініктемелер, қосымша ескертумен сілтемелер жатады. Цифрлық бөлігінде статикалық мәліметтер кесте нөмірі беріледі. Барлық кестелерде тақырып болуы тиіс. Тақырыпта қысқаша кесте мәліметтерін сипаттау керек. Әрбір кесте араб цифрымен белгіленеді. Кесте нөмірін тақырыптан бір жол жоғары оң жақ бұрышына жазады. Жол мазмұнын түсіндірген тақырыптар кестенің бірінші бағанында орналасқан, бір бағандағы параметрлер ондық сандары бірдей болуы керек.
Кесте түрлері
Баған мен жолдардың бөлігіне қарай кестелер 6 топқа бөлінеді. Жай кесте. Құрастырылған жиынтық бөлік құбылыстар туралы жинақталған мәліметтерден тұрады.
Таллин қаласының ПТУ қатысушыларының саны 1 кесте
Топтық кесте. Топтық кесте деп бір белгісі бойынша топталған кестені айтуға болады.
Қатысушылардың саны бойынша училищелерді топтау 2 кесте
Комбинациялық кесте. Бірден көп белгісі бойынша топталған мәліметтер жиынтығын айтуға болады. Егер кесте тақырыбында алдымен қатысушылардың жасы берілсе, оны кейін қыз бен ұл деп бөліп, жас аралыққа бөлген. Жоғарыда айтылғандай комбинациялық кесте жай мен топтық кестелерге қарағанда салыстырумен талдау үшін жақсы қолайлы шарттар жасайды.
Комбинациялық кесте 3 кесте
8-10
жас
10-12
жас
Құрамдық кесте. Құрамдық кестеніде екі немесе одан көп жалғастырушы жай немесе топтық кестеден тұрады. Екінші үшінші бағандар бөлек кестені құрайды, ал екінші өзіндік кестені 4, 5, 6 бағандар құрайды. Бұл кесте бойынша 8 жастағы ұл мен қыздардың санын анықтауға болмайды. Комбинациялық кесте бұны көрсете алды. Комбинациялық немесе құрамдық кестені таңдау зерттеу мен кесте құру мақсатына байланысты болады. Егер кесте ұсыну кестесі ретінде керек болса, зерттеу нәтижелері туралы толық мағлұмат болуы тиіс, яғни оны комбинациялық кесте түрінде жасаған жөн. Бақылау мәліметтерін жазу үшін жұмыс кесте деп аталатын жай, топтау немесе құрамдық кестелерді пайдаланған дұрыс.
Құрамдық кесте 43 кесте
Шахматтық кесте. Жинақталған матералдарды педагогикалық зерттеулерде қолданады. Шахматтық кестенің көмегімен бір белгілері арасындағы байланысты көрсетуге болады. Шахматтық кестені педагогикалық зерттеулерде математикалық әдістерді қолдану кезінде құруға болады. Шахматтық кестеде кез келген комбинациялық кесте мәліметтерін көрсетуге болады. Мысалға, келтірілген комбинациялық кестеде қатысушыларды жынысы бойынша бөлуді шахматтық кестедеде қолдануға болады. Шахматтық кестеден әрбір жас тобында неше ұл, неше қыз екені көрініп тұр.
Шахматтық кесте
Қиылысқан кесте. Шахматтық кестеде қанша баған болса сонша жол болуы мүмкін. Егер мысалға, зерттеушілерді қатысушылардың қай ауданнан екенін немесе қай оқу орнынан екенін және қаншасы оқудан кейін өз ауданына оралғаны туралы сұрақ қызықтырса, онда келесі қиылысқан кестеде құруға болады.
Қиылысқан кесте
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz