Компанияға жалпы мінездеме



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ҚAЗAҚCТAН PECПУБЛИКACЫ БІЛІМ ЖƏНE ҒЫЛЫМ МИНИCТPЛІГІ НAPXOЗ УНИВEPCИТEТІНІҢ ЭКOНOМИКAЛЫҚ КOЛЛEДЖ

0516000 - Қаржы МАМАНДЫҒЫ (САЛАЛАР БОЙЫНША)

ТАНЫСУ ТӘЖІРИБЕСІ БОЙЫНША ЕСЕП

РАХАТАҚ КОНДИТЕРЛІК ФАБРИКАСЫ

Орындаған

студент
Нұрғазы Айдана
мамандық
Қаржы
курс
2
топ
Қ-232
Тексерген

оқытушы
Мейрамова Дамира
Баға

АЛМАТЫ, 2021
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1.КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ. (Рахат АҚ МЫСАЛЫНДА)
1.1 Компанияға жалпы мінездеме ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Жұмысшылардың қызметтік инструкциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқауы ... ... ... ... ... .9
1.4 Бухгалтерлік есептік формалары мен әдісін ұйымдастыру ... ... ... ... ... ...1 2
1.5 Компанияның қаржылық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14

2.Рахат АҚ МЫСАЛЫНДА КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
2.1 Компанияның бухгалтерлік балансы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.2 Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебі ... ... ... ... 16
2.3 Компанияның пайда мен зияндар туралы есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 17

3. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІ ҰЙЫМДАСТЫРУМЕН ТАНЫСУ
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚҰРЫЛТАЙ ҚҰЖАТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 18
3.1Лицензия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
3.2Компания жарғысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...19 3.3Компания реквизиттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .22

Кіріспе
Мен Нұрғазы Айдана Айдосқызы Нархоз Университеті Экономикалық колледжінің 2курс студенті.
Практика өту кезеңі:11.01.2021-23.01.2021
Практика өту жері: РАХАТ АҚ.
Ең біріншіден, жалпы танысу практикасы деген не? деген сұраққа жауап берер болсақ,бұл студенттің алдағы уақытта,болашақта өзінің мамандығын танып білуі үшін және жұмысына деген сүйіспеншілігі пен қызығушылығын арттыру үшін бағытталған тәжірибе. Бұл практика барлық студент үшін қызықты деп ойлаймын.Себебі,лекцияларды тыңдап қана қоймай,экскурсияларға бару,әртүрлі тәжірибелер жасау арқылы осы таңдаған кәсіпорынның жұмысымен толықтай танысамыз.Бірақ қазіргі жағдайға байланысты мен бұл практикамен онлайн түрде таныстым.
Танысу тәжірибе кезінде:
* Тәжірибе өту барысында міндеттерімен,бағдарламасымен және тәртібімен таныстым.Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігімен таныстым.
* Кәсіпорынның құрылымымен және құрылтай құжаттарымен таныстым.Құрылымдық бөлімшелерінің құрамымен және олардың өзара қатынасымен,қызметтерімен,басқару органдарының құқықтары мен міндеттерін оқып білдім.
* Ұйымның қызметін жоспарлау бойынша құжаттармен танысып,қабылданған бизнес жоспарлар мен баяңдарламаларды оқып білдім.
* Ұйымның құрылу мақсаттарына,оның қызметтінің бағыттарына,көрсететін қызметі мен жұмысына,сату нарығына сипаттама жасадым.
* Ұйымның қаржы қызметі жұмыстарымен және міндеттері бөлуімен,қаржы қызметкерлері жұмысындағы және лауазымдық нұсқаулығындағы негізгі бағыттармен таныстым.
* Ұйымның қаржы саясатымен таныстым,оны қалыптастыру,бөлу процесін,оның материалдық және материалдық емес активтерін тиімді пайдалуына талдау жасап бақыладым.
* Ұйымның қаржылық көрсеткіштерін қалыптастыру және жоспарлауды,ұйымның бухгалтерлік есебі мен қаржылық есеп беруін меңгердім.
Практиканы өту мақсаты,есеп беруге керекті құжаттарды жинауға және сұрақтар тізбесін,кәсіпорынның басқару әдістерін басқару игеруге практикалық зерделеуге мүмкіндік берді:жоспарлау,ұйым және кәсіпорынның шаруашылық талдауы.Кәсіпорынның ең басты міндеті,жиынтық әдіс арқылы мүмкін болатын:кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау болып табылады.
Қызметімен және есептілігімен танысуға шешім қабылдаған кәсіпорын ретінде мен "РАХАТ" АҚ кондитерлік фабрикасын таңдадым, себебі бұл кәсіпорын мені ҚР-дағы жоғары позицияларыммен қызықтырды.
Мен ендігі кезекте Рахаткондитерлік фабрикасының есеп саясатын зерттейтін боламын.Яғни,өзімнің болашақ мамандығым-қаржыгер ретінде компанияның қаржылық жағдайын қарастырамын.
Қаржыгер ретінде тек қана қаржы саласында жұмыс істеп қана коймай,ақша қаражаттарымен дұрыс жұмыс жасай біліп,олардың дұрыс жұмсалуын қадағалау.Осы себептен де Рахаткондитерлік фабрикасының қаржы саясатын зерттеуді жөн көрдім.
1. КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТІМЕН ТАНЫСУ (ЖШС, АҚ МЫСАЛЫНДА )
Сонау 1992 жылы кондитерлік фабрика ретінде құрылып, бүгінде бәсекеге қабілетті алып компанияға айналған Рахат еліміздегі кондитерлік нарықтың көшбасында тұр. Бүгінде бұл компанияның өнімдері әлем елдеріне де танымал. Тіпті, шетелдіктер Қазақстан дегенде, Қазақстан плиталық шоколадын тілге тиек етеді. Сондықтан да Қазақстан шоколады базарлықтың таптырмас түріне айналды. Қазақстандық тұтынушылар жылдар бойы тексерілген сапаны таңдап, Рахат компаниясының шоколадын сатып алғанды артық көреді, сөйтіп, компанияны осы санат бойынша нарықтағы көшбасшы атағына жақындата түсті.
Қазіргі уақытта Рахат АҚ өзімен қазіргі заманғы өнеркәсіп комплексін ұсынады және оның екі өндірістік аумағы-Алматы қаласындағы фабрикасы және басты кәсіпорынның қуатын толықтыратын Шымкент қаласындағы бөлімшесі.Бүгін республиканың 14 қаласында тұтынушыға бірлескен қызмет көрсету стилімен,фирманың өнімдері толық көрсетілген фирмалық дүкендері ашылды.Екі онжылдық ұзақтығында Рахат АҚ өндіріс көлемі және шығаратын кондитер бұйымдарының сапасы жағынан Қазақстан нарығында сөзсіз лидер болып келеді.
Рахат АҚ - диабетпен ауыратын адамдарға арнап арнайы өнім шығаруды меңгергенҚазақстандағы жалғыз кәсіпорын. Бұл сұрыпталымға калориясы төмен және табиғи шикізатпен тең қант алмастырғышы бар шоколад, кәмпит, печенье және вафлидің бірнеше атаулары кіреді.
Кондитер өнімдерін шығаратын өндірушілер арасында Рахат АҚ өнімінің айрықша ерекшелігі - әр алуандығымен ажыратылатын шоколад өнімдерін шығарудың басымдығы.
Кәсіпорында сапаны бақылаудың кешенді жүйесі және бірыңғай жауапкершілікке негізделген ішкі сапа жүйесі ұйымдастырылған және іске асуда. Бұл жүйе өндірістің әр сатысында шикізат пен өнім сапасын бақылауға негізделген.
Компания мақсаты - өздерінің дәмді өнімдерімен адамдарға қуаныш сыйлау.
Компания қызметімі көне дәстүрді сақтай отырып, қазіргі заманның талабына сай барынша көп адамның қажеттілігін жоғары сапалы кондитер өнімдерімен жоғары деңгейде қанағаттандыруға бағытталған.
Керемет кондитер өнімдерін шығару арқылы қорды да арттырады.
Қазақстан мен оның шет аймақтарындағы әр адамға өз еліміздің байлығы пен қонақжайлылығын бейнелей отырып, Қазақстандағы және Орталық Азия нарығындағы № 1 компания болуға ұмтылу.
Тұтынушыларға: қазақстандық және шетелдік тұтынушылардың кең шоғырының қажеттілігін сапалы тауарлармен (көтерме, бөлшек) қанағаттандыру.
Акционерлерге: бизнестің тұрақты, ашық түрде дамуын қамтамасыз ету және табыс табу үшін компанияны бірлесіп және қаржылық басқарудың тиімді механизмін құру.
Қызметкерлерге: нақты қойылған міндеттер мен жауапкершілікті бөліп беру арқылы қызметкерлердің жұмыс тиімділігін арттыру. Қызметкерлердің алға қойған міндеттерін орындауы мен компанияның жұмыс нәтижесіне байланысты оларға ынталандыру жүйесін енгізу. Бірыңғай мәдениет қалыптастыру.

1.1Компанияға жалпы мінездеме...
Рахатақ кондитерлік фабрикасы туралы жалпы сипаттама
Рахат АҚ Қазақстандық басқа кондитерлік өнім өндірушілердің арасында шоколад өнімдерінің алуан түрін шығаруда басымдық танытуымен ерекшеленеді.
Рахат АҚ-ның сұрыпталым қоржыны 10 түрлі топқа жататын алуан түрлі кондитерлік өнімнің 250-ден аса атауымен толыққан. Кондитерлік фабрика дистрибьюторлық желісі жөнге салынған нарық көшбасшысы бола отырып, атауы 400 асатын жоғары сапалы кондитерлік өнім өндіреді. Компанияның ассортиментінде шоколадты және желе кәмпиттері, карамель, ирис, шоколад тілімдері, печенье, вафли, зефир, драже және т.б. бар. Кейбіреулерінің Қазақстан нарығында аналогы жоқ.
Фабриканың күнделікті өндірістік қуаты тәулігіне 250 тонна өнім шығарады. Елдің кондитерлік өнімдері әлемнің 11 еліне, соның ішінде Германия мен Қытайға экспортталады. Кәсіпорын 10 цех пен бір қосалқы цехтен тұрады. Бүгін зауыт басшылығы журналистерге шоколад өндірудің жаңа желісін көрсетуді шешті. Оған компанияның өз қаражатынан шамамен 2 млрд теңге инвестиция жұмсалды. Қызмет көрсету үшін 45 жұмыс орны құрылды.Қазіргі кондитерлік өндіріс орны 1941 жылы күз айларында Мәскеу мен Харьков қалаларынан эвакуацияланған кондитерлік фабрикалардың негізінде құрылған. Сол айдың өзінде 50 тонна тәтті тағамдар өндірілді.1980 жылдың басында фабрика толық қайта құрылымдаудан өтіп, жаңа цехтар ашылды, шоколад және түрлі сұрыпты кәмпиттер өндірісі жолға қойылды. 1980 жылы -- какао өндеу және шоколад бұйымдары (жобалық қуаты 12,7 мың тонна). 1982 жылы еңбекті механикаландыру деңгейі төмендеп, 64,8 % - ға, оның ішінде цехтарда негізгі өндірістің 71,5 % - ға, ал учаскелерінде қосалқы қызмет 47,9 % төмендеді.
КСРО ыдырағанға дейін фабрика "Кондитерпром Министрлігінің" Қазақ КСР тамақ өнеркәсібі бірлестігіне кірген. 1992-ші жылы жекешелендірілді және акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Қазіргі уақытта фабриканың 250-ден астам ассортимент атаулары әр түрлі кондитерлік өнімдерге жататын 10 түрлі топтары бар. Өнім "Рахат" кондитерлік фабрикасынан Ресей, Германия, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан, Қытай және Ауғанстан елдеріне экспортталады. 2013 жылдың қаңтар айында оңтүстік корея тобы АҚ "Рахат" бойынша акцияларды сатып алу келіссөзін жүргізді. Сол мезгілде Рахат акциялары өсе бастады: алдымен 2,5 мың теңге, содан кейін 6,5 мың теңгеге дейін көтерілді.1978-1979 жылдары цехтардың жұмыскерлеріне арналған асхана, дәрігерлік санитарлық бөлім, кеңейтілген тұрмыстық орынжайлары бар әкімшілік-тұрмыстық корпустың құрылысы жүрді. 1992 жылы мемлекеттік кәсіпорын Рахат акционерлік қоғамы болып қайта құрылып, Рахат сауда белгісі болып тіркелді. 2001 жылы Шымкент қаласында еншілес кәсіпорын ашылып, алғашқы өнімдері өндіріле бастады. 2007-2009 жылдары Кельн қаласындағы (Германия) ISM кондитер және бисквит өнімдерінің Халықаралық арнайы көрмесіне қатысты.1991 жылы мемлекетіміз Тәуелсіздік алғаннан кейін фабриканың да басқа өндіріс орындары сияқты меншіктік формасы өзгерді. 1992 жылы Алматы кондитерлік фабрикасы Рахат акционерлік қоғамына айналып, кәсіпорынға акционерлік капиталдар құйылды.
Рахат атауы
1992 жылы Алматы кондитерлік өнімдер фабрикасы атауын өзгерту керек болған. Сол кезде Рахат деген атауды фабрикадағы жұмысшының он жастағы қызы ойлап тапқан. Әкесінің тәттілер арасында жұмыс істегеніне қызығып қойылған деген болжам бар. 1993 жылы қызға сол атауды ойлап тапқаны үшін сыйлық берілген.
Рахат өнімдерді қайдан алады?
Рахат компоненттерінің 90%-ы сырттан келеді. Қазақстаннан тек ұн, сірне мен су алады. Рахаттың негізгі өнімі -- какао бұршақтары. Барлық ірі компаниялар оны негізінен бір елден сатып алады, бұл -- Гана. Басқа ингредиенттерге келетін болсақ, шетелден жаңғақтардың 7 түрі импортталады. Жержаңғақтың көп бөлігі Бразилия мен Аргентинадан, бадам Калифорниядан, кешью Вьетнамнан, фундук Түркиядан, Германиядан тәтті салма әкеледі. Ал қантты Ресейден сатып алады, өйткені отандық қанттар Рахат стандарттарына сәйкес келмейді.

Басшылығы
Директорлар Кеңесінің мүшелері:
Директорлар Кеңесінің мүшелері:

Тәуелсіз директор
Директорлар Кеңесінің мүшесі
Директорлар Кеңесінің төрайымы

Басқарма мүшелері:
1. Попелюшко Анатолий Висханович
2. Зенков Александр Сергеевич
3. Хильчук Наталья Мироновна
4. Рустемова Римма Асхатовна
5. Гордиенко Ольга Ильинична
6. Кристаль Лариса Герасимовна
Орташа тауар айналымы айына шамамен 5,2 миллиард теңге. Ал компания акцияларының жалпы нарықтық құны -- 64 800,00 млн. теңге ($ 172,01 млн). Сонымен қатар компания сыртқы нарықтарға кеңеюін жалғастыруда, бұған экспорттық тауарлардың өткен жылмен салыстырғанда 10% -ға өсуі дәлел.
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды.Компания өнімдері отандық нарықпен қоса жақын және алыс шет елдерге де белгілі. Рахат АҚ ішкі нарықта өз өнімдерінің жоғарғы деңгейдегі қолжетімділігі саясатын жүзеге асыруда. Еліміздің 14 облыс орталығымен қоса 18 қаласында компанияның өнім өткізу жүйелері болғандықтан, Рахат АҚ сату географиясы бүкіл Қазақстанды қамтиды. Алматы қаласында өнімдерді өткізу ірі көтерме сауда арқылы сатып алушылар, сонымен қатар фирмалық бөлшек сауда орындары арқылы жүзеге асырылады. Республиканың басқа аймақтарына Рахат АҚ өнімдерін жеткізу фирмалық сапалы өнімдер сатуды жүзеге асыратын, ауқымды дистрибьюторлық желі (еншілес кәсіпорындар) құру арқылы қамтамасыз етіледі.
- "Рахат-Ақтау" ЖШС Ақтау қаласында және Маңғыстау облысында өнімдерді көтерме және ұсақ көтерме сатумен айналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 2,3% - ды және ақшалай көріністе 2,4% - ды құрады.
- "Рахат-Ақтөбе" ЖШС Ақтөбе қаласы мен Ақтөбе облысында кондитерлік өнімдердің көтерме және бөлшек саудасымен айналысады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 2,7% - ды және ақшалай көріністе 3,1% - ды құрайды.
- "Рахат-Астана" ЖШС Астана қаласы мен Ақмола облысында кондитерлік өнімдерді көтерме, ұсақ көтерме және бөлшек саудада сатумен айналысады. Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 4,8% - ды және ақшалай көріністе 6,1% - ды құрайды.
- "Рахат-Қарағанды" ЖШС Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында кондитерлік өнімдерді көтерме және бөлшек сатумен айналысады. Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 4,5% - ды және ақшалай көріністе 5,1% - ды құрайды.
- "Рахат-Орал" ЖШС Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысында кондитерлік өнімдердің көтерме, ұсақ көтерме және бөлшек саудасымен айналысады. Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай 4,0% - ды және ақшалай көріністе 4,4% - ды құрайды.
- "Рахат-Талдықорған" ЖШС Талдықорған қаласы мен Алматы облысында кондитерлік өнімдерді көтерме сатумен айналысады. Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 3,5% - ды және ақшалай көріністе 3,1% - ды құрайды.
- "Рахат-Шымкент СҮ" ЖШС-Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласында кондитерлік өнімдерді көтерме және шағын көтерме саудада сату. Корпоративтік сату көлемдеріндегі үлес заттай көріністе 15,8% - ды және ақшалай көріністе 12,9% - ды құрайды.
- "Алматы кәмпиттері"ЖШҚ. Аталған еншілес ұйым Бішкек қаласында (Қырғыз Республикасы) орналасқан. Негізгі қызмет түрі кондитерлік өнімдерді көтерме және бөлшек сату болып табылады. Корпоративтік сату көлеміндегі үлес заттай көріністе 4,3% - ды және ақшалай 4,3% - ды құрайды.
Клиенттерге қызмет көрсету сапасының жоғары стандарттарын сақтай отырып, телекоммуникациялық технологиялардың даму деңгейін арттыра отырып және өзінің техникалық мүмкіндіктерін кеңейте отырып, Компания жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Бүгінгі таңда біз білікті штаты және жақсы клиенттік базасы бар лайықты инфрақұрылымы бар ірі кондитерлік фабриканы ұсынамыз.
Жетпіс жылдан аса үзіліссіз өнім өндіріп келе жатқан өндіріс орнының материалдық-техникалық базасы үнемі уақыт талабына сай жаңартылып келеді. Қазіргі кезде Рахат АҚ Қазақстан нарығында ғана емес, республикамыздың шет аймақтарында да - Белорусь, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Германия, Қытай, Ауғанстан, Моңғолия, Ресей елдерінде сатылады. Келешекте ТМД-ның өзге республикалары мен алыс жатқан шет мемлекеттер тарапынан Рахат АҚ өнімдеріне қызығушылықтың артуына байланысты компания өнім шығаруды арттырып, экспорт көлемін ұлғайту арқылы өткізу нарығын кеңейтуді көздейді.
Рахат АҚ-ында энергия тиімділігін арттыру мақсатында 2014 жылы ИСО 50001:2011 энергия менеджменті жүйесі әзірленіп, сертификаттаудан өтті. 2013 жылы Оңтүстік Кореяның LOTTE Confectionery кондитерлік компаниясы Рахат АҚ акцияларының негізгі пакетін иеленді. 2019 жылы LOTTE Confectionery Рахат АҚ-ының қолданыстағы акцияларын сатып алып, өз үлесін 95,5656%-ға дейін арттырды.
1.2 Жұмысшылардың қызметтік инструкциясы
Қызметкерлерді басқару фирманың стратегиялық мақсаттары мен еңбек нарығын құру шарттарын есепке ала отырып, кадр саясатын жасаудан басталады.
Кәсіпорында 4500-ден астам адам өнімді еңбек етуде.Алдыңғы жылмен салыстырғанда 13,8%. Жаңа бөлімдердің көбеюіне және негізгі және қосымша цехтарда ауысымның көбеюіне байланысты басшылар саны 4 адамға,мамандар саны 8 адамға өсті. Жұмыс режимінің өзгеруіне байланысты көмекші қызметтің саны өсті.
Компания тұтынушылардың мүддесін ғана емес, өз қызметкерлері туралы да ойлайды. Компания қызметкерлері үшін өнімді және қанағаттанарлық тұрғыда еңбек етуге мүмкіндік беретін жағдайлар жасайды. Бірінші және екінші ауысым қызметкерлері үшін ыстық тамақпен қамтамасыз ететін асхана жұмыс істейді, жоғары санатты дәрігерлер қызмет істейтін санитарлық бөлім бар, сауна мен жаттығу залы бар сауықтыру орталығы қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның басты ұстанған саясаты, ол - жұмысшыларды әлеуметтік жағынан толық қамтамасыз ету болып табылады. Компания еңбеккерлері медициналық көмекті кәсіпорын ауласынан шықпай-ақ ала алады. Еңбек кодексіне сәйкес еңбекті корғау мен оның қауіпсіздігінің сақталуы күнделікті бақылауға алынған.Түрлі сала мамандарының біліктілігін көтеру бойынша жүйелі сабақтар жүргізілетін оқу класы бар, мемлекеттік тілді үйрету курстары ұйымдастырылған. Кәсіпорын жанында орта білімді мамандарды оқытатын арнайы оқу орны бар. Рахат АҚ келешек жас буын кадрларды дайындауға ерекше көңіл бөледі.Білімгерлер компания есебінен тегін білім алады, ал тәжірибелік сабақты өндіріс орнындағы цехтардан үйренеді. Осы арқылы жұмыскерлер дамып отырады,яғни бір ғана жұмыспен шектелмейді.Бұлардың барлығы компанияның үлкен бір ерекшелігі деп айтсақ болады.
Жұмыс уақытын қолдануды талдау:
2006 жылы фабриканың барлық жұмысшылары өткен жылмен салыстырғанда 20,6% -ға көп жұмыс өтеген.Біліктілігіне және тәжірибесіне сай барлық жұмысшылардың біліктілік дайындығы бар.
Кәсіпорын басқармасы қазіргі заман басқару әдістеріне аса маңызды назар аударады және әрқашанда өз жұмысшыларының біліктілігін соның ішінде басты мамандар мен орташа буынды жоғарылатуға қамқорлық жасауда.
Автоматтандырылған есепті жүргізу барысында компьютерде жұмысты орындау 70-ке жуық маманға өз күшімен оқытылды.
Жоғарғы оқу орындарының сыртқы бөлімінде оқитын 20 жұмысшы жұмыс істеуде.Одан баска,кәсіпорынның базасында студенттер оқу-тәжірибелік және кәсіби практикаларын жиі өтеді.
Әлеуметтік сұрақтармен жиындар орындалады.Зейнеткерлерге,ҰСА мүгедектеріне,табиғи және де ақшалай көмек көрсетіледі. Қапшағайдемалыс орнында фабриканың 52 жұмыскерлері демалады.
Күнделікті асханаға 250 адам келеді.АҚ Рахат-Тр ыстық тағамдарды жеткізу ұйымдастырылған. II-сменадағы жұмыскерлерді ұйымдастырылған жоспар бойынша кезекші автобуспен таратады.Қол келісім шартына байланысты 10,20,30 жыл (51 адам) кәсіпорында жұмыс істеген жұмыскерлерге,200% базистік айлық еңбекақыдан ақшалай жәрдемақы төленеді және де құрмет грамоталармен марапатталады. 50-60 жасқа келген мерейгерге(42 адамға) ақшалай жәрдем ақы және гүл беріледі.

1.3 Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бойынша нұсқау
Еңбекті қорғау - жұмыс барысында адамның қауіпсіздігіне, денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігін сақтауға кепілдік беретін әлеуметтік-экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және емдік-профилактикалық шаралар.
Еңбекті қорғаудың мақсаты - жұмысшылардың денсаулығын және өмірін сақтау.
Адамдар - ең құнды ресурс болып табылады, сондықтан адам өміріне қамқорлық жасау және сақтау кәсіпорынның жұмыс берушілерінің (басшыларының) басты міндеті болып табылады.
Еңбекті қорғау жөніндегі негізгі заңды актілерге Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің, Қазақстан Республикасындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау Заңының сәйкес нормалары жатады.
Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі қызметкерлердің еңбекті қорғау
құқығын іске асыруға кепілдік береді және жұмыс беруші мен қызметкер
арасындағы еңбекті қорғау саласын реттейтін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компания жарғысы
Қазақмыс корпорациясы ЖШС
Баян Сұлу кондитерлікфабрикасы
Компания реквизиттері
Компанияның қаржылық саясаты
Танысу тәжірибесі барысындағы міндеттерім
Қаржы менеджменті. Оқу құралы
Лизингтік қатынастар туралы
Адам ресурстарын басқару стратегиясы
Жаңа қызметкерлерді іздеу әдісітері
Пәндер