Сиырды саууға дайындау



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сүттенуші және қысыр сиырларды азықтандыру, бағу және күту кезіндегі гигиеналық ережелер мен талаптар.

Орындаған: Басболов З.Т.
Тобы: ТППЖ-31
Тексерген: аға доцент Есенгалиев Қ.Г

Орал,2020
Жоспар
I.Кіріспе ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
II.Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1. Сиыр сауу және сүт өндіру гигиенасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...5
2.2.Сауын сиырлардың азықтандыру рациондары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
2.3.Сүтті және етті мал шаруашылығында бұзауларды әртүрлі тәсілдермен бағу кезіндегі гигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.4.Ірі қара малын жаю мен бордақылау кезіндегі зоогигиеналық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
III.Қорытынды ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16
IV.Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

Кіріспе
Сүт құрамында ақуыздар мен 20 аминқышқылдары, липидтермен, 30-дан астам май қышқылдары, әртүрлі көмірсулардан басқа 17 түрлі дәрумендер, ондаған ферменттер, 40-қа жуық минералды заттар бар. Сүтті қанның плазмасымен салыстырғанда, сүт құрамында 90 есе қант, 18-20 есе май көлемі жоғары келеді, ал қальций мен фосфор көлемі едәуір көп болды. Қан құрамында казеин болмайды. Ал азық құарамында сүттің қанты мен майы (лактоза), казеин мен альбумині де болмайды. Сондықтан азықтың коректік заттары қанмен араласқанда, тез өзгеріске ұшырайды. Қанның құрамынан сүттің құрамына ауысқан заттар Мысалы: қан құрамындағы глюкоза сүттік қантқа айналады.
Сүттегі ақуыз қан құрамындағы аминқышқылдарынан және оның бөлшектері полиптерден бөлінеді. Қанның құрамындағы бейтарап майлар мен фосфаттар, сірке қышқылдары сүт құрамындағы майларға айналады. Сиыр сүтіндегі майлардың көлемі қарындағы ас қорытуға тікелей байланысты болып келеді. Олар жекеленген май қышқылдарынан пайда болады. Қан құрамындағы дәрумендермен минералды заттар сүт құрамына еш өзгеріссіз енеді. Толыққұнды азықтандырудың негізі, сүтті сиырларды қуатпен, қоректі, минералды заттармен және дәрумендермен жеткілікті түрде қамтамасыз ету. Сүттің сапасы малдың тұқымына, сүттену кезеңіндегі азықтандыру қоректілігіне, малды қорада және жайылымда ұстау мезгіліне және олардың физиологиялық жағдайларына байланысты.
Сүттің құрамында: құрғақ зат-11-16%, ақуыз-3-4,3; май-3,3-6,5; қант-4,2-4,8 және күл-0,6-0,8%. Құнарлығы 3,3 МДЖ. Ақуыз құрамында барлық ауыспайтын амин қышқылдары, оның ішінде лизин қышқылы 8,5%, метионин 2,7% болады. 23 Орта есеппен сауын сиыр сүттену кезінде әр 100 кг тірілей салмаққа 2,8-3,2 құрғақ затты пайдаланады, ал сүттілігі жоғары сиырлар 3,53,8 кг, кей кезде 4-4,7 кг құрғақ зат жей алады. Сиырдың сүттілігі мол болған кезде құрғақ заттың құнарлылығы қуат тұрғысында мол болуы керек. Құрғақ затта қуат мөлшерінің аз болуына, азық мөлшерінің төмендеуіне байланысты қажеттілікті қамтамасыз ету үшін азықты толыққұнды етіп толықтыру қажет. Орташа өнімділікте 1 кг сүтке 0,7-1,3 МДж қажет. Сүттілігі 20 кг сиыр өнімділігіне 8,5-9,5 МДж қажет етеді. 20кг сүттіліктен асқан кезде 8,9-10,12 МДж, құрғақ заттың құнарлылық қуатын 8 МДж-дан төмендетуге болмайды. Орта өнімділік кезінде қортылаын протеин мөлшері 1 МДж 8-9 г, жоғары өнімділікте 10-10,5 г қажет .Сүттенудің алғашқы кезеңінде азық қоректілігінің және олардың қуаттылығының төмендеуін тәуліктік рационынды толыққұнды азықтармен (дәнді жемдермен, шөп ұнымен, тамыртүйнекті азықтармен) толтыру керек. Сүттену кезеңінің екінші жартысында сауын сиырының тәуліктік рационын құрама және қоспа азықтарымен күшейтіп, сүт өнімділігін арттырып протеині көп азықтармен толтырылуы керек. Бұл сүттену кезеңінде сауын сиыры буаздықтың екінші жартысын өткізіп жатқанда, яғни құрсағындағы төлдің өсуіне және дамуына үлкен әсер етеді. Әсіресе осы уақытта желіндеген сиырға органикалық және минеаралдық қоспа азықтарды мейлінше толық берілуі керек. 24 Тууға 2 ай қалғанда буаз сиырмен құнажындар жақсы қоңды болу керек, тек артық семіз болмауы керек. Осы сауылмайтын уақытта буаз сиырдың тірідей салмағының артуы 10-12 пайыз болу керек, немесе тәуліктік қосымша салмағы 800-900г өсіп отыруы керек. Сондықтанда сауылмайтын буаз сиырмен құнажындардың бойында азықтардың қоректілігімен қуаты және оларға деген мұқтаждығы татымды әрі қанағаттанарлық болу керек.
Сауылмайтын сиырмен буаз құнаждындардың қоректік заттарға деген мұқтаждығы олардың тірідей салмағының көлеміне, жоспарланған сауын сүтіне және азықтың қоектік заттарына байланысты болады. Жоғары өнімді сүтті сиырлар (4000-6000 кг) сүттену кезеңі бойынша сүтпен бірге 144-220 кг ақуыз, 150-300 кг май, 200-300 кг лактоза, 6-9 кг калций, 4,5-7 кг фосфор бөліп шығарады. Сондықтан сауылмайтын буаз сиырдың тәуліктік рационында жоғарыдағы көрсетілген қоректік заттардың барлық түрлері жоғарғы мөлшерде болуы шарт. Азықтың сапасы, (ірі, шырынды және құнарлы) өнімнің құрамындағы ыдырайтын протеин бөлшектеріне әсер етеді. Қант және протеиннің көлемі басқа қоректік, минералдық, дәрумендік заттарға байланысты. Протеин сапасы сиырлардың рационында шикі және қорытылатын боп көрсетіледі, ол месқарында ыдырайтын (ЫП) және ыдырамайтын (ЫДП) болып бөлінеді. Осы протеиннің бөлшектерін (фракциясын) толық пайдалану сүт өнімінің жоғары болуына әсер етеді. Зерттеулер бойынша сауын сиырлардың протеиндеріндегі ыдырайтын бөлігі шикі протеинге қарағанда бірінші 100 күн сауын мерзімінде -60-65%; екінші 100 күнде -65-70, соңғы мезгілде 70% ыдырайтынын көрсетеді. Сауын сиырлардың рационындағы құрғақ затта 18-28% жасұнық болуы тиіс, егер осы мөлшерден не көп, не аз болған жағдайда азықтандырудың сіңімділігі 20%-ға дейін кемиді.
Рациондағы құрғақ заттың көлемі жасұнықтың көлеміне байланысты өзгеріп отырады. Мысалы: сүттілігі 10кг сиырдың тәуліктік рационында жасұнықтың мөлшері 28%-дан, сүттілігі 1120 кг арасында - 27-24%, 21-30 кг-23-19%; 30 кг асқанда-19% және оданда кем болмауы керек. Көмірсулар қуат көзі ғана емес, ол ағзада зат пен қуат алмасуын реттеуші, олар жетіспеген кезде азықтың азотты пайдалануы төмендейді.

Негізгі бөлім
Сиыр сауу және сүт өндіру гигиенасы
Сиыр сауу - еңбекті көп қажет ететін процестердің бірі. Қолда байлап ұстау кезінде сиырлар өздері тұратын орындарында тасымал шелегіне АД-100Б, ДАС-2В сауу қондырғысын пайдалану отырып немесе сүт өткізгішкі АДМ-8А-1, АДМ-8А-2 сауу қондырғысын пайдаланып 283 сауылады (26-сурет). Соңғы кездерде көптеген фермалар автоматты бас жіпті ОСП-Ф-26 малды қолда ұстау жаблыктарымен жабдықталған. Олар сиырды сауын залында ДДС-8А, УДА-16А "Елочка" типті, УДТ-6, УДА-8А "Тандем" типті және УДА-100 "Карусель" типті сауу кондырғыларын пайдаланыпсаууға мүмкіндік береді.
Мал өрісте ұсталса сиыр сауу үшін УДС-ЗА және УДС- 3Б сауу агрегаттары пайдаланылады. Сиырды сауу Аса сапалы сүт өндіру үшін MCT 13 265-88 "Сиыр сүті Дайындау кезіндегі талаптар" шаруашылықтар мынандай жағдайларды орындауға тиіс. Мал қораны таза устау, үнемі дезинфекция жасап тұру керек, мүмкіндігіне қарай сиырды сауын алаңында сауу қажет. Сиырларды жүйелі түрде тазалап, қора-жайды дер кезінде жинау керек. Мал қо- расы жақсы желдетілуі тиіс. Ыдыстар мен аппаратуралар мүкият жуылып, дезинфек- цияланып, санитариялық ере- желерді сақтай отырып, арнайы орында сақталуы керек. Ауру немесе ауруға күдік туғызған сиыр дереу жалпы табыннан бөлінуге тиіс. Сиырды саууға дайындау. Сауу - күрделі рефлекторлы процесс. Өйткені, оған жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері, т.б. органдар катысады. Ауру немесе ауруға күдік туғызған сиыр дереу жалпы табыннан бөлінуге тиіс. Сиырды саууға дайындау. Сауу - күрделі рефлекторлы процесс. Өйткені, оған жүйке жүйесі, ішкі секреция бездері, т.б. көптеген органдар қатысады.
Сиырлардың сүт беру рефлексін күн тәртібін, әсіресе азықтандыру және суару тәртібін сақтау жолымен қолдан отыру керек. Мал сауу кезінде азықтандыруға үйренеді де 5-7 минуттың ішінде жақсы сүт береді. Соған орай азық беру жагын катан сактау кажет.
Сиырды күнде бір мезгілде сауған жөн. Сауатын қорада тыныштық сақтау қажет, сауын аппаратының жағдайын алдын-ала тексеру керск. Желін таза да жылы 40-45"Ссумен жуылады, күргатылып сүртіледі, сүттің алғашқы 2-3 тамшысын бөлек алысқа жерге сауу болмайды сауып алынады. Сауын залы немесе алаңы бар фермаларда желін ағынды сумен, яғни шлангамсн-ақ жуылып, таза сүлгімен сүртіледі.
Сауыншының сауу кезіндегі басты міндеті: сауын аппаратын желінде коп ұстап қалуға болмайды. Өйткені, сиыр желіні мен емшегін ауыртуы мүмкін. Сүттің таусыла бастаған сәтін қарау әйнегінен немесе сауу уақыты арқылы білуге болады. Саууды аяқтау сөзін дұрыс аныктай білудің маңызы зор. Сондай-ақ сауу стакандарын дер кезінде емшектен алудың да маңызы одан артық болмаса кем емес. Өйткені, сауын аппаратын мерзімінен коп үстау желіннің қабынуына әкеп соктырады. Машинамен сауып болған соң, емшек күрғатылып сүртілелі, сыланады, сөнтіп, антисептикалық эмульсия жарық май жағылады. Машинамен саууға смшегі жақсы жетіліп, дұрыс біткен ұзындығы 8-9 см, сні 2-3 смсиырлар іріктеледі. Емшектері ұзын, жіңішке, жуан және зақымданған сиырлар тек қолмен ғана сауылалы.
Қолмен сауу. Бұл әдіспен сауылуы қиын және түнгыш бұзаулаған сиырлар сауылады. Оның ең жетілген түрі жұдырықтап сауу. Қолмен неғұрлым жылдам, сиыр толық сүт бергенге дейін минутына 80-90 рет қысу біркелкі сауған жон. Әуелі алдыңғы, содан сон артқы смшектер сауылады. Бұл әдістің кемшілігі - сүттің санитариялық сапасы нашар- лайды, машинамен сауғанға қарағанда микроорганизмдер 17 есе коп болады, шелекке түскенІ түнір ки і литр сүтте 100 мыңға дейін микроорганизмдер жинайды.
Желінді күту. Сүт безінің өнімділігі, сүт сапасы және сүт безінің жағдайы желінді күтуге байланысты жайттар. Желінді күту мынандай жолдардан тұрады: оны құрғақ және таза, жарақаттандырмай, салқын тигізбей үстау, малды үнемі таза да жылы төсеніш үстінле бағу ылғал және лас еден желіннің суыққа ұрынуына, ластануына, емшск үрпінен әкеп соқтырады.
Желінсаудың алдын алу. Сауын аппаратының жүмысы сиырдың сүт құрау және сүт беру процестері секілді физио- логиялық қызметіне қатал түрде сай келуі керек.

Сауын сиырлардың азықтандыру рациондары
Сауылатын сиырларды азықтандыруда пішеннің үлесі өте жоғары болады. Сапалы дайындалған пішен рацион құрамында өте үлкен маңызды алады. Ол рациондағы қоректі заттардың көзі болып табылады, бірақ құрамында 20%-дан көп жасұнық болатындықтан мал организмінде басқа азыққа қарағанда нашар қорытылады. Дегенмен сапалы дайындалған пішен протеин, қант, дәрумендер және минералдық заттардың қоры болып саналады.
Пішеннің сапасы, өнім ішіндегі өсімдіктердің ботаникалық құрамына, өскен жерінің ауа-райы жағдайымен, қолданылған тыңайтқыштың көлеміне, ылғалдығын стандартқа сай келтіріп, оны орып жинауына және дайындау мезгіліне, тағы басқа жағдайларға байланысты. Сапалы пішенді пайдалану көлемі (жеуі) сиырдың жоғарыда көрсетілген пішен сапасымен және рациондағы басқада азықтардың көлемі мен сапасына байланысты. Егерде тәуліктік рационында сүрлем мен пішендеменің көлемі аз немесе көп болса, сиырлардың әр бір 100 кг тірілей салмағына тәулігіне бір басқа 3 кг дейін пішен жеуіне болады. Неғүрлым тәуліктік рационында пішендеме мен сүрлем көлемі көп болса, солғұрлым пішен көлемі рационда кемітіледі. Мысалы, сүрлем орташа көлемде берілсе (20 кг тәулігіне) 2,0-2,5 кг пішен беріледі, ал көптен берілсе, онда 1,5-2 кг дейін пішен көлемі азайтылады. Азықтың қорытылуы мес қарында жүруі үшін көп ғалымдар сиырдың әр бір 100 кг тірілей салмағына ірі азықтың көлемін 1 кг дейін төмендету қажет емес деп есептейді. Сауын сиырға беретін сүрлемнің мөлшері күнделікті рациондағы құрғақ заттың көлеміне байланысты болып келеді, күнделікті оның мөлшері әрбір 100 кг тірілей салмаққа 1,8 кг құрғақ зат болуы керек. Пішен жетіспеген кезде 50% мөлшерін сабанмен толықтыруға болады. Сұлы, арпа сабаны сапалы азық деп саналады. Сабанды көп мөлшерде қолданған кезде, оны әр түрлі әдістермен дайындап беру керек.
Сабанмен азықтандыру. Сауын сиырына Қазақстанның көп жерінде сабанды азық ретінде береді. Сабанның қоректелігі қандай дақылдың сабаны екендігінде және сақталу немесе өңдеу жағдайына байланысты болады. Әсіресе, сұлы, арпа, жүгері т.б. дақылдардың сабандарының қоректілігі жақсы деп аталынады. Жаздық егін 34 дақылдары сабандарының, күздік егіндерінің сабандарына қарағанда протеині көп (5-7%), ал жасұнық -20-28% болса, азық майлығы өте төмен болады (1-2%). Астық тектес дәндердің сабанында -36-42% жасұнық, аздап протеин-3-4%, ал азық майы -1-2% болады. Сабан неғұрлым ірі және қатты болса, ол малға солғұрлым жұғымсыз келеді. Жақсы сабанның түсі ақшылдау, ажарлы және жылтыр болады. Сабан түсінің қараюы, иістенуі, көгеруі оның азық ретінде жарамсыз болғандығының белгісі. Сабанды азық ретінде пайдаланудан бұрын, оны алдын ала дайындап өңдеген дұрыс. Өңдеудің бірнеше әдістеме жолдары бар, бұларды таңдау алдында өңдеу шығынын және олардың пайдалы коэффициентін есептеп алғаны дұрыс. Бұл өңдеу әдістемелерінің кейбіреуі текқана сабанның дәмділігін арттырады және оны көгеруден сақтайды, ал кейбіреулері (сүрлемі) оның сіңімділігін және қоректілігін де арттырып, малдың қоңдылығын өсіреді. Сауын сиырды Пішендемемен азықтандырудың үлкен маңызы бар, өйткені пішендеме құрамында сүрлемге қарағанда 2 есе қуатты және құнарлы заттар артық болады. Мұндай азық, тәуліктік рационда протеин мен қантқа бай болады, яғни малды протеин мен қанттың тәуліктік мұқтаждығын қанағаттандырады.
Сүрлем - сауын сиырының азықтық рационындағы өзектік азық деп есептелінеді. Жоғарғы сапалы сүрлем мал денсаулығына және олардың физиологиялық жағдайына, сонымен қатар малдан алынатын сүт өнімінің артуына өте үлкен ықпал жасайды, әсіресе қыс мезгілінде. Сүрлемнің қоректік бағасы, оның қандай өсімдік түрлерінен жасалғанына, дайындау технологиясына және мезгіліне, химиялық құрамына т.б. жағдайларға байланысты. Неғұрлым сүрлемнің құрғақ зат көлемі жоғары болса, солғұрлым сүрлем құнарлы, әрі қоректі болады. Тәуліктік рационында бір бас сауын сиыр үшін сүрлемнің мөлшері рациондағы құрғақ затқа шағып есептелінеді. Мысалы, сиырдың әрбір 100 кг тірілей салмағына шаққанда 1,8 кг құрғақ зат болуы керек екенін біз жоғарыда атап өттік. Сауын сиырларды Тамыртүйнектіқ өнімдерімен азықтандырудың маңызы өте жоғары. Себебі тамыртүйнекті азықтар сауын сиырлар үшін сүт айдағыш азығы деп аталынады. Сауын сиырларды азықтандыруға қант және азықтық қызылша, шалқан, сәбіз тағыда басқа тамыр түйнекті өнімдер қолданылады. 35 Қант қызылшасы 1 кг сүтке 0,3 кг мөлшерде, ал 10-15 кг күнделігіне бір бергені 5-6 кг аспауы керек. Азықтық қызылшаны 0,7-1,3 кг немесе қант қызылшасында 2-2,5 есе көп. Ірі азықты тамыр жемістерді 100 кг салмаққа 2-3,5 кг мөлшерде пішендемемен ауыстыруға болады. Көк азықтармен азықтандыру. Мал шаруашылығы үшін малды лагерде бағудың мәні зор. Жақсы жайылым, көк шөп малдың өсуіне, өнімнің көбеюіне зор әсер етеді. Жылы күн, таза ауа, күннің көзі, жас балауса шөп, еркін жүріс-малдың жеген азығын жақсы сіңіруіне, уақытында күйлуіне, әсіресе жас малдың өсуіне қолайлы жағдай туғызады. Жазғы жайылым кезеңінде мал өз организмінде қоректік, минералдық заттардың, дәрумендердің қорын жинайды. Бұл малдың түрлі ауыруларға шалдықпауына, қысқа қарай сүті мен қоңдылығы төмендетпеуге себеп болады. Малды үнемі құнарлы көк шөппен қамтамасыз етіп отыру үшін сиырларды жазда бөліп (табын) бағуды дұрыс ұйымдастыру жаз жайылымының негізгі шарты болып табылады. Сиырларды жайылымға шығару. Сиырларды бірден күні бойы жаюға болмайды. Себебі, азықтандырудың кенет өзгеруі оның ауруға шалдығуына және сүтінің кемуіне себепші болады. Ол үшін жайылымға шығаруды абайлап, бірте-бірте орындау керек. Бірінші алғашқы 2-3 күннің ішінде сиырларды күніне 2-3 сағаттай ғана түс ауа жайып алады, келесі 2-3 күн ішінде 4-6 сағатқа дейін, одан кейінгі 2-5 күнде мал жаюды 8-10 сағатқа жеткізеді. Міне, осыдан кейін жайылымға толық шығарады. Ескертетін нәрсе жайындағы шөптің биіктігі 10-15см-ден төмен болмауы керек. Өріске шығарудың бірінші күннен бастап-ақ сиырларға қорада қолдан көк шөп бере бастайды. Өрістің шөбі көбейген сайын қыста беріп келген азықтың мөлшерін азайта беру қажет немесе өріске шығару алдында сиырларға жүгері сүрлемін, тамыр-жемістерді, тәулігіне 40-50 кг-ға дейін, тіпті одан да көп берген жөн. Міне, мұндай шаралардың соң сиырлар жайылымның шөбін жақсы жейітін болады. Жайылымдарды маусым кезеңіне тиісінше пайдалану. Табиғи жайылымдық жерлерді тиімді пайдаланудың басты шарттарының бірі жайылымды кезең-кезеңге дәл бөліп игеру. Суы бар өрістер барлық кезең кезінде пайдаланылады. Шөлді аймақта жайылымның едәуір бөлігі, көбінесе қыстың күні пайдаланылады. Егер шөлді аймақтағы жайылымдар сумен қамтамасыз етілсе, оларды бүкіл жыл бойы пайдалануға болады. 36 Далалық аудандарда жайылымдарды кезеңіне қарай мынандай ретпен пайдалануға болады: Жаз басындағы жайылымдар: бидайықты-қурайлы, бозды беткейлер мен сай-салалардағы астық тұқымдас түрлі шөпті жайылымдар, суарма шабындықтардың орнындағы көрпе көгі, көлтабандар, сай-салалардағы сай-салалардың беткейлері мен ұлтандары. Күзгі жайылымдар: ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Волга сауу аппараты
Сауын сиырға арналған мал фермасында сауын аппараттарын пайдалануды және ондағы сүт сақтау ыдысына конструкторлық өзгеріс енгізуді жобалау
Ірі қара гигиеналары
Сауын сиырлар гигиенасы
Саууға арналған сиырларды азықтандыру нормалары
Сүт кешендеріндегі сиырдың желінсау ауруы және оған қарсы жүргізілетін тиімді ветеринариялықсанитариялық сақтандыру шараларын ұсыну
Сүт өнімі жайлы
Сауын сиырларының гигиенасы
Сиырларға арналған қора - жай
Ағаш ыдыстарда сақталған сүт
Пәндер