Тұрғызып - жайып ұстау


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

https://yt3.ggpht.com/a/AGF-l79O4LxECMARSFsC6dPIdq_tDlwdLdxPZLhLnA=s900-c-k-c0xffffffff-no-rj-mo ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы” институты

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Қойларды жайылымдық, жайылымдық тұрақтық және айдаулық бағудың ветеринарлық гигиеналық бағасы».

Орындаған: Басболов З. Т.

Тобы: ТППЖ-31

Тексерген: аға доцент Есенгалиев Қ. Г

Орал, 2020

Кіріспе

Қойларды төрт түрлі жүйелерде ұстайды: тұрғызып-жайып, жайып-тұрғызып, жайып және жыл бойына тұрғызып қолда ұстайды. Тұрғызып-жайып ұстау. Мұндай жүйеде қойларды жылдың ұзақ уақытын қолда тұрғызып, ал шамалы мезгілін жайып күтіп-бағады. Қолда тұрғызып көбінесе қойларды қыс айларында азықтандырып, серуендететін алаңы қаралған қораларда ұстайды. Ашық алаңдардың (база) ішінде азық науаларын орнатып, су ішетін астаулармен тұз салатын орындар белгіленеді. Ауа райының қолайлы кездерінде базаға шығарып азықтандырып, түнгі жатар кезде қораға қамайды. Ал күннің жылынған мезгілдерінде жайып-бағады. Жайып-тұрғызып ұстау тәсілін - табиғи жайылымдары бар аймақтарда қолданады. Біздің еліміздің көптеген жерлерінде мал жаятын, әсіресе ұсақ малдар жайылатын жайылымдар жеткілікті кездеседі де оларды қыс кездерінде қар көп баспайды. Мұндай аймақтарда ауа райының қолайсыз кездерінде пайдалану үшін жеңіл, үш қабырғалы, төбесі жабылған қоралар немесе буылған қамыс, талдардан жасалған, төбесі қазақ үйше тоқылған-катондар тұрғызылады. Үш қабырғалы қораларда да, сол сияқты катондарда да қалың, құрғақ төсеніштермен қамтамасыз етілуі керек. Қысқы айларда нашар, әлсіз, ауру малдарды көректендіру үшін азық қорын дайындайды. Қысқы немесе ерте көктемгі мал төлдету кезінде саулықтарды қозылары мен алғашқы айда ұстау үшін, табындағы малдың 30-35 % шамалап жылыланған қора соғылады. Жайып ұстау тәсілі - жайылым жерлерге бай аймақтарда қолданып, малды жыл бойына жайып тек қыстың суығында, ерте көктемде қоздаған малдарға қатаң және құрама азықтар дайындайды. Мұндай жыл бойы қойларды жаю мен күтіп-бағуға оңтүстік жылы аймақтар қолайлы болады. Тұрғызып қолда ұстау тәсілі - егін шаруашылығымен шұғылданып, мал жаятын жерлері жоқ аймақтарда қолданылады. Мұндай жағдайда қойларды қораларда ұстап, ал оларға азықты жасанды, екпелі шөптерден дайындайды. Жайылымға малдары тек серуендеу үшін ғана бостады. Жазда оларды қоршалған алаңдарда азықтандырып, ал қыста қораларда көректендіреді. Қораларды қыстың жайсыз, суық мезгілдерінде және төл алатын кездерде пайдаланады. Қойларды жылы, ылғалды және тығыз қораларда ұстауға болмайды, өйткені ондай жағдайда малдар әлсізденіп, жүнінің өсуі бөгеліп, тұяқ аурулары пайда болып, резистентілігі төмендеп ауруға жиі шалдыққыш келеді. Бағыты бойынша қой шаруашылықтары екіге бөлінеді: бірінші - тұқымдық, яғни малдардың бұрынғы тұқымын жақсартумен қоса жас тұқымды тоқтыларды өсіріп, жаңа тұқымды малдарды еңгізу, екінші - өнім алуға (жүн, ет, елтірі т. б. ) негізделген. Алынатын негізгі өнімдеріне байланысты қойларды биязы, жартылай биязы, қылшық жүнді ет-жүн-сүт бағытындағы, каракул (елтірі) және тондық (сең-сең) терілер алуға арналғандар болып бөлінеді.

Қойларды азықтандыру және күтіп-бағудың гигиенасы

Қойларды биологиялық құнарлы азықтар мен қамтамасыз ету, олардың аман сақталуы мен өнімінің молаюының бірде-бір кепілі болып саналады. Рационда неғұрлым күкірті бар аминқышқылдары (цистеин, цистин, метионин) көп болса, солғұрлым қой жүні өседі. Азықтағы протейннің мөлшері емес, сапасы мал өніміне айтарлықтай әсерін тигізеді. Басқа малдармен салыстырғанда, қойлардың қатаң азықтың түрі, құрамы мен сапасына сезімталдығы жоғары болады. Мысалы, қойларды тарының соломымен көректендіру олардың жүннің түсуіне соғады. Сол сияқты, қойлардың жүнінің сапасы оларды қыша (горчица) шөптері мен және ірі сабақты, қышқылдары дәнді шалғындар мен азықтандырғанда төмендейді.

Биязы және жартылай биязы жүнді қойларды селеулі шөптер мен көректендіруге болмайды, әсіресе дәні піскеннен кейін, селеудің басы қатайып, жүн арасына кіреді де, біртіндеп теріні, тесіп етке өтіп, кейде тіпті ішкі өкпе, жүрекке дейін жетеді де, малды жүдетіп, ауруға ұрындырады. Сол сияқты түйе ошаған (репей) араласқан шөппен де азықтандыруға болмайды.

Қойлардың рациондарында минералдық заттардың жетіспеушілігіде олардың денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Әсіресе, қыс айларында, қозыларда минералды заттар мен витаминдердің жетіспеушілігінен бірін-бірі еміп, жүнін сорып, соның салдарынан ұлтабарының аузына жеке ішек жолына жүн-жұрқа жиылып, ауруға ұшырап, кейде жаппай өлім-жітімге шалдығады. Бұдан сақтандыру үшін саулықтар мен қозыларға арналған азықтарға сәбіз, сүйек ұны, тұз қосып береді. Қойлардың арасындағы арық, әлсіз малдарды іріктеп бөліп алып, жеке күтім жасау қажет. Қыс аяғында, көктемнің басында азықтың тапшылығынан, немесе құнарсыздығынан қойлардың жүнінің жіңішкеруі, сынауы көбейіп, экономикалық шығынды арттырады. Қойларды арнайы азық науаларын пайдаланып, ашық жерлерде - аландарда көректендірген дұрыс болады. Ондай жағдайда қатаң, құрама және сулы азықтар үшін екі жақты немесе бір жақты науалармен қамтамасыз етіледі.

Бір жақты науаларды қораның немесе базаның ұзын қабырғаларының бойымен сырт бетін қабаттасытырып орнатады.

Екі жақты азық науаларын қораның, алаңның ортасына қояды да екі жағында малдардың еркін келіп тұруына мүмкіндік жасалады. Мұндай науалардың жалпы ұзындығы 2-3 м болып, әр ірі малға - 0, 25 м, қозыларға - 0, 15 орын қаралады. Рештак-науаны тақтайдан төрт бұрышты жасап, 30-40 см биіктікте аяққа орнатып, енін - 25-30 см, тереңдігін - 10-12 см жасап, екінші қабатына қатаң азық салынатын сирек сырықшалардан, төбесі ашық, науа қалдырады.

Ұрықтандырудың алдында 1, 5-2 ай бұрын арпа жармасы, жүгері, сұлы ұнтақтары т. б. құнарлы азықтармен көректендіру (протейндері мол) қоздауын 10-30 % арттырады. Күйлі саулықтар ірі қозылар туып, сүті мол болады. Сол сияқты қойларды сүрлеммен азықтандырған сүтін 15-22 %, жүнін - 20 % жоғарлатады.

Буаз саулықтар минералды заттарға сұранысы жоғары болып, туардың алдында, әсіресе кальции және фосфорға тәуліктік сұранысы 10 есе артады. Рационда кальций, фосфор, кобальт, мыс, йод, жез, темір, марганец және витаминдер А, Д, Е жетіспеушілігі өте әлсіз қозылардың тууына және саулықтың сүтінің кемуіне апарып соғады.

Қойларға арналған азықтар сапалы болып, ас қорту жүйелерінің ауруларына ұшыратпайтын, әсіресе ұнтақты азықтар тыныс жолдарына тұрып, өкпесіне кетіп, әртүрлі ауру тудырмас үшін дымқылдап берген дұрыс. Ас тұзы мен зат алмасу процесстерінің жұмысын бұзып уланбас үшін, тәуліктік мөлшерін ірі қойлар үшін - 10-15 г, қозыларға - 5-8 г аспауы керек.

Қойларды таза сумен қамтамасыз ету керек, әсіресе олардың жаз айларында суға сұранысы жоғары болады да тәулігіне кем дегенде екі рет, таңертең және кешке суарылуы қажет.

Қойлардың күтімі жақсы болып, таза жерлерде ұстаған жағдайда жүннің өсуі жақсарып, сапасы артады, іші таза емес, ылғалдығы жоғары, асты сыз жерлерде ұстағанда, олардың жүндерінде, әсіресе бауыр жүндеріне нәжістер қатып, оның түсін сарғайтып, серпінділігі төмендеп, сыңғыш болып, сапасы нашарлайды. Қойлардың жүндерінің сапасын төмендетпеу жолында, сол сияқты оларды тікенек шөптердің ішіне жібермей маяларды қоршап қояды.

Қойлардың басқа малдардан артық биологиялық ерекшеліктері, олардың ірі топтармен жайылып, көптеген жерлерде жыл бойына, қар астынан керек көректерді тауып жейді (тебіндеп) . Олар тауылы, шөлейт, жартылай шөлейт жерлерде жайылып көректенеді, әсіресе жаз айларында шөбі қысқа қыратты жерлерде жайылса, қысқы кездерде шөбі қалың, шалғынды аймақтарда қар астынан тебіндеп азықтанады.

Егер ауа құрғақ болса, ірі қойлар суықтан қорықпайды, бірақ қатты желді, ылғалды-жауынды күндері суыққа төзімсіз болады. Буаз сулықтарды мұздақ қарлы жерлерге жаюға болмайды. Ондай жағдайда олардың тұяқтары қыйылып, мұз қабыршақтарын жұтып, іш тастауға апарып соғады.

Буаз саулықтарды қоздар алдында 20-30 күн бұрын, және туғаннан соң 5-7 күндер бойы жайылымға шығармай қолда тұрғызып күтеді. Саулықтарды қозыларымен бірге 20-30 күннен кейін құрғақ, шөбі мол жерлерге жаяды.

Қойларды көбінесе 0º дейінгі температурада, бірақ ауа құрғақ кездерінде 5-6ºС жоғары болмаған жөн. Жылы сызды қораларда ұстағанда олардың тұяқтары ауруға ұшырап (айырма болып), жүні нашар өсіп, түсіп өнімі төмендетеді. Сондықтан қой қоралар құрғақ, ауа температурасы 5-6ºС, ылғалдығы 80 % және газдардың, әсіресе аммиактың концентрациясының көбейіп кетпес үшін қалыпты желдетілуі керек.

Қойларға арналған қораларға құрылыс материалдарын әрбір аймақтың жер орайы, ауа райына байланыстырып алады.

Қойлар өте қорқақ болып, әрбір тосын жағдайлардан үркіп, қаты күйзеліске ұшырағыш келеді. Әсіресе қорада, шарбақ қорғандарда қамауда тұрғанда үріксе бір-бірінің үстіне шығып кетіп, бастығырылып өлім-жітімге ұшырайды. Үріккен қойлар күйзелісті жағдайдан өте жай (1-2 ай) шығады да, күйін төмендетіп, өнімін азайтады.

Қой шаруашылығы ет - жүн бағытындағы және биязы, жартылай биязы жүн бағытындағы болып бөлінеді. Ет-жүн бағытындағы қой шаруашылығы ылғалы жеткілікті және климаты біршама жұмсақ аудандарда, ал биязы жүнді қой шаруашылығы неғұрлым құрғақ аудандарда таралған. Дүниежүзі бойынша қой саны 1, 2 млрд басқа жетіп отыр. Қой шаруашылығының ет-жүн бағытындағы тауарлы өндірісі Солтүстік және Оңтүстік Американың, Аустралия мен Оңтүстік Еуропаның, Орталық және Орта Азияның, Оңтүстік Африканың қоңыржай және субтропиктік белдеулерінің құрғақ аудандарында жақсы дамыған. Биязы жүнді қойлар өте сапалы жүн береді, ол жүн маталарын жасау, кілем тоқу мен тері-былғары өнеркәсібінде қолданылады. Алдыңғы Азия, Орта Азия және Оңтүстік Африка елдерінде қаракөл елтірісін дайындау жолға қойылған. Дүниежүзіндегі қойы ең көп ел - Аустралия (130 млн астам), одан кейін Қытай (112 млн-нан астам) . Ал Қазақстандағы қойдың саны 2008 жылы 16 млн-нан сәл ғана асты. Жүн өндіруден жетекші елдер қатарына Аустралия, Қытай, Жаңа Зеландия, Уругвай және Ресей жатады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы жайлы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы
Ірі қара малдарын ұстау тәсілдері
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы туралы ақпарат
Жылқылар мен түйелердің гигиенасы қойлар мен ешкілердің гигиенасы жайлы
Ірі қара малының гигиенасы туралы
Ірі қара мал гигиенасы жайлы ақпарат
Ірі қара малының гигиенасы жайлы ақпарат
Ірі қара малының гигиенасы туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz