Карантин орнату және оны алу тәртібі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

"Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы" институты

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Карантин орнату және оны алу тәртібі. Конвенциялық тыйым орнату.

Орындаған: ВС-31 Әтімбетова А.А.топ студенті
Тексерген: в.ғ.к.,доцент м.а. Абирова И.М.

Орал,2020
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Карантин орнату және оны алу тәртібі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

Жалпы ережелер
1. Осы Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Ветеринария туралы 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу немесе алып тастау тәртібін анықтайды.
2. Шектеу iс-шаралары және карантин Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 28 наурыздағы № 18-03128 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7583 болып тіркелген) жануарлардың шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленетін жұпалы ауруларының тізбелеріне енгізілген жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша белгіленеді.
2. Шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу тәртібі
3. Әкімшілік-аумақтық бөлінісіне және жануарлардың жұқпалы ауруларының таралу дәрежесіне байланысты эпизоотиялық ошақ белгіленген аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда шектеу іс-шаралары немесе карантин белгіленеді.
4. Шектеу іс-шараларын және карантинді тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынысы бойынша:
1) облыстың аумағында орналасқан екі және одан көп ауданда жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда облыстың жергілікті атқарушы органының;
2) республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының;
4) тиісті аумақта жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда аудандық маңызы бар қала, елді мекен, ауыл, ауылдық округ әкімінің шешімімен белгіленеді.
5. Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы ұсынысы:
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу енгізілетін әкімшілік-аумақтық бірлікті;
шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу себептерін (аурудың атауын), жануардың түрін көрсете отырып, ерікті нысанда жазбаша түрде ресімделеді.
Тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының шектеу іс-шараларын немесе карантинді белгілеу туралы ұсынысына инфекция ошағын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 27 қарашадағы № 7-1618 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10021 болып тіркелген) нысан бойынша эпизоотологиялық зерттеу актісі және ветеринариялық лаборатория беретін сараптама актісі (сынақ хаттамасы) қоса беріледі.
Жергілікті атқарушы органның шектеу іс-шараларын және карантинді белгілеу туралы шешімінің күшіне енгенінен кейін, бір жұмыс күні ішінде оның көшірмесі тиісті аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторына жолданады.
6. Шектеу іс-шараларының немесе карантиннің ұзақтығы жануарлар ауруларының түріне, аурудың инкубациялық кезеңіне, жануарлардың организмінде ауру қоздырушылардың сақталуына және ветеринариялық iс-шаралар кешенін жүргізуге байланысты.
3. Шектеу іс-шараларын және карантинді алып тастау тәртібі
7. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңның мақсаттары және маңызы
Етті бастапқы өңдеу
Төтенше жағдайлар пайда болған кезде санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шараларды өткізуді ұйымдастыру
Жануарлардағы аусылдың әледегі таралу
Карантиндік шаралар жайлы
Жұкпалы аурулардың алдын алушы ветеринарлық шаралары
ӘСКЕРИ ЭПИДЕМИОЛОГИЯ
Карантин және обсервация туралы түсінік
Бота ешерихиозы (ақтышқақ) ауруына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Пәндер