Қалалық вет


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

https://yt3.ggpht.com/a/AATXAJz7R5NTU4eMjfZ88X8nkAaGRIc_3ZavoDcjWpj3pw=s900-c-k-c0xffffffff-no-rj-mo ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КеАҚ ЖӘҢГІР ХАН АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН АГРАРЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

“Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы” институты

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қалада ветеринарлық қызметті басқару мен оның ұйымдық құрылымы.

Орындаған: ВС-31 Әтімбетова А. А.

Тексерген: в. ғ. к., доцент м. а. Абирова И. М.

Орал, 2020

Қалалық ветеринариялық қызметті ұйымдастыру

Бөлімді жоғары білімді маман-бастық басқарады.

Бөлімнің бастығын ҚР АШМнің облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық басқарма бастығы ҚР АШМнің ветеринариялық Департаментіңің келісімімен оны қызметке тағайындайды және босатады.

Бөлімнің бiрiншi басшысының өкiлеттiгi:

1) Бөлім басшысы қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін дербес жауап береді;
2) өзіне бағынысты қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіліктерін айқындайды;
3) өз құзіреті шегінде бөлімді мемлекеттік органдар мен басқа ұйымдарда таныстыру;
4) заңдарда белгіленген тәртіппен бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;
5) бөліммен қабылданған актілерге қол қояды;
6) Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес бөлімді барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұсынады.
7) Бөлімнің құзіретіне кіретін мәселелер бойынша барлық кәсіпорындар, ұйымдар мен бөлімшелер орындауға міндетті ұсыныстар мен нұсқаулар береді, өкілеттігіне жататын басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды;
8) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес бөлімнің қызметкерлерін марапаттайды және тәртіптік жазалар қабылдайды;
10) гендерлік теңдік саясатын жүзеге асыру жұмыстарын ұйымдастырады;
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіліктерді жүзеге асырады.
Бөлімнің бiрiншi басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

Қалалық ветеринариялық қызметтегі ветеринариялық менеджмент

1. Жалпы ережелер

1. қалалық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлім) ветеринариялық бақылау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.
2. Бөлімнің құрылтайшысы Қызылорда қаласының әкімдігі болып табылады.

3. Бөлімнің миссиясы ветеринария саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізу болып табылады.

Бөлімнің мiндеттерi:
1) халықтың денсаулығын адам мен жануарларға ортақ аурулардан қорғау;
2) жануарларды аурулардан қорғау және оларды емдеу шараларын ұйымдастыру;
3) ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;
4) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағын басқа мемлекеттерден жұқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан қорғау;
5) жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асырған кезінде қоршаған ортаны ластаудың алдын-алу және оны жою.
Бөлімнің функциялары:
1) облыстың жергiлiктi өкiлдi органына бекiту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгiлеу жөнiнде ұсыныстар енгізу;
2) қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды және жоюды ұйымдастыру;
3) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
4) мүдделі тұлғаларға өткізіліп жатқан ветеринариялық іс-шаралар туралы ақпарат беруді ұйымдастыру және қамтамасыз ету;
5) ветеринария мәселелері бойынша халықтың арасында ағарту жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
6) жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерін, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияларды ұйымдастыру;
7) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
8) жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін, алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
9) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімдер қабылдау;
10) қаланың аумағында жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін қалалық аумақтың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының ұсынуы бойынша карантин немесе шектеу іс-шараларын тоқтату туралы шешімдер қабылдау;
11) мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
12) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
13) эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
14) эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
15) Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалау:
ішкі сауда объектілерінде;
жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда) ;
ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларда;
экспорт (импорт) және транзитті қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;
тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;
экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне;
16) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жабдықтау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;
17) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;
18) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
19) уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;
20) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорды жүргізу бойынша іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
21) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және облыстың жергілікті атқарушы органына ақпарат беру;
22) ветеринариялық есепке алу мен есептілікті жинақтау, талдау және оларды облыстың жергілікті атқарушы органына ұсыну;
23) облыстың жергілікті атқарушы органына жануарлардың жұқпалы және жұқпалы емес ауруларының профилактикасы бойынша ветеринариялық іс-шаралар жөнінде ұсыныстар енгізу;
24) облыстың жергілікті атқарушы органына профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі жөнінде ұсыныстар енгізу;
25) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен сатып алынған ветеринариялық препараттарды сақтауды ұйымдастыру;
26) облыстың жергілікті атқарушы органына тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
27) ауру жануарларды санитариялық союды ұйымдастыру;

Қалалық ветеринариялық қызметтік мекемелер

Республикамыздағы ветеринария қызметі бірегей мақсатпен арнайы қызмет атқарушы органдар, мекемелер, ұйымдар және қызметтер жүйесінен тұрады. Олар ветеринариялық қызметті тікелей атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді

атқарушы және оған тиісті жағдай туғызып, қамтамасыз етуші болып екі топқа бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Ішкі саудада ветеринарлық санитарлық бақылау ұйымдастыру
SC Food ЖШС-нің ірі қара мал бұзаутазын алдын алу және онымен күресу шаралары
Ветеринариялық құжаттардың бланкілеріне қойылатын талаптар
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Жануарларды тасымалдау шарттары
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Аусыл ауруының анықтамасы
Темір жол көліктерімен жануарлардың барлық түрін тасымалдауда ветеринариялық -санитариялық бақылау
Иттердің парвовирусты энтеритпен ауруға шалдығу динамикасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz