Ветеринария ісін ұйымдастыру


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

Ф. 7. 04-03

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринарлық медицина кафедрасы

__Ветеринария ісін ұйымдастыру пәні бойынша

Курстық жұмыс

Пәні:. Ветеринария ісін ұйымдастыру

Жұмыс тақырыбы: Ветеринария мамандарының жұмысын ұйымдастыру

Мамандығы: Ветеринарлық медицина

Орындаған:. Әбдіғаппар Айтбек Балқыбайұлы, АП-17-8дк2

(студенттің аты жөні, тобы)

Жетекші:. Қамбаров А. А

(оқытушының аты - жөні, ғылыми дәрежесі, атағы)

Жұмыс

бағасы

бағасына қорғалды

«»2020ж.

Норма бақылау:

қолы, аты - жөні

Комиссия:

қолы, аты - жөні

қолы, аты - жөні

Ф. 7. 05 - 04

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринарлық медицина кафедрасы

«Бекітемін»

Каф. меңгерушісі

«»2020ж.

№Тапсырмасы

Ветеринария ісін ұйымдастыру пәні бойынша курстық жұмыс

Студент: Әбдіғаппар Айтбек Балқыбайұлы

(тегі, аты-жөні)

Жұмыс тақырыбы: Ветеринария мамандарының жұмысын ұйымдастыру

Бастапқы мәліметтер

Курстық жұмыстың мазмұны

Орындалу

мерзімі

Көлемі

(парақ саны)

№: 1
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 2
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 3
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 4
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 5
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№: 6
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):
№:
Курстық жұмыстың мазмұны:
Орындалумерзімі:
Көлемі(парақ саны):

Ұсынылған әдебиеттер: 1.

2.

3.

Тапсырма берілген күні жұмысты қорғау күні

Жұмыс жетекшісі

(қызметі, тегі, аты - жөні, қолы)

Тапсырманы орындауға қабылдаған

( күні, студенттің қолы)

Ф. 7. 04 - 06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

« Ауылшаруашылық ғылымдары» жоғары мектебі

«Ветеринарлық медицина» кафедра

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі

(қолы, аты - жөні)

2020ж.

Курстық жұмысты қорғау

Хаттамасы №

пәні

студенттобы

Курстық жұмыс тақырыбы

Қорғау кезінде келесі сұрақтарға жауап алынды:

1.

2.

3.

Курстық жұмысты орындау кезінде алынған балл (60 мүмкіндіктен) , қорғау бағаланды (40 мүмкіндіктен) балл.

Сомалық баллы

Жұмыстың бағасы

Курстық жұмыс жетекшісі

Комиссиямүшелері

Комиссия мүшелері

Қорғау күні2020ж

Мазмұны

Нормативтік сілтемелер . . . 4

Кіріспе . . . 5

Негізгі бөлім . . . 8

11Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау . . . 8

2. 2Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау . . . 9

2. 32 ҚР ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу…… . . . 11

2. 4 ҚР заң актілеріне сәйкес құқық бұзушылық істерді қарау . . . 12

2. 5 Жеке және заңды тұлғалардың ветеринария саласындағы қызметі14

Қорытынды . . . 22

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 25

Нормативтік сілтемелер

Осы әдістемелік нұсқау келесі құжаттарды қолдануға сілтемелер жасалған:

ҚР СТ 1. 5 -2004 Стандарттардың мазмұны оны түзу, рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС - 2 102-68 КҚБЖ (ЕСКД) Конструкторлық құжаттардың түрлері мен комплектілігі.

МЖМБС 2. 104-68 КҚБЖ (ЕСКД) Негізгі жазбалар.

МЖМБС 2. 601-95 КҚБЖ (ЕСКД) Пайдалану құжаттары.

МЖМБС 2 701-84 КҚБЖ (ЕСКД) Схемалар түрлері мен типтері. Орындауға қойылатын жалпы талаптар.

МЖМБС ҚР 04-2003 Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнімдердің классификаторы (ЭҚТБӨК)

СТ ОҚМУ 4. 02-2008 Университет стандарты. Сапа менеджменті жүйесі құжаттарын түзу, мазмұндау мен рәсімдеуге қойылатын жалпы талаптар.

СТ ОҚМУ 7. 11-2008 Университет стандарттары. Оқу-әдістемелік процесстерді басқару.

1. Кіріспе

Ветеринарияның теориялық негізін жалпы биологиялық ғылымдар қарайды. Соған орай ветеринарлық ғылым құрамында жануарлардың ішкі, сыртқы құрылысын зерттейтін морфологиялық, жалпы биологиялық және арнайы ғылым пәндер кіреді. Ветеринарлық ғылымдар қатарындағы ветеринарлық істі ұйымдастыру - арнайы ғыльми деректерді біріктіруші ғылым саласы болып табылады. Ғылым саласы ретінде оның мақсаты - мал өсіруші шаруашылықтарда ет, сүт, мал өнімдері текті шикізат даярлаушы, сақтаушы, өңдеуші кәсіпорындарда, көлікте халық шаруашылығының басқа да салаларында мал дәрігерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру, ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін және ветеринария мамандарының жұмыс атқаруы негізгі формалары мен әдістерін зерттеу.

Сонымен қатар мемлекеттік, ведомсвтолық және жеке кәсіпкерлік ветеринарлық қызметтің негізгі құрылымы мен заңдылықтарын зерттеуге бағытталған.

Қазақстан Республикасының егеменді ел болу кезеңінде әлеуметтік экономикалық реформаның дамытуда ветеринарияның өте зор. Әлеуметтік экономиканың қайта құру нэтижелі деңгейіне байланысты. Ветеринария ісін ұйымдастыруды нашар жүргізу - шаруашылық ісінің бұзылуына, малдан алынатын өнім сапасының төмендеуіне, мал басының кемуіне және эртүрлі індет ошақтарының пайда болуына әкеп соқтырады.

Республикадағы ветеринарлық істің жағдайы әлеуметтік-экономикалық істің факторларға байланысты. Оған жататындар: қоғамдық құрылыс, өндіріс деңгейі, ғылым мен мәдениеттің дамуы, жоғары және арнаулы орта вет еринарлық білім беру орталықтары, ветеринарлық мекемелерді, өнеркәсіпті және ауыл шаруашылығын білікті мамандармен қамтамасыз ету, сонымен қатар материалдық техникалық жағынан дұрыс жабдықтау. Өкінішке орай, Қазақст ан Республикасында және көршілес тэуелсіз мемлекеттерде элеуметтік-экономикалық өзгеріс кезеңі ветеринарлық қызмет жағдайына айта қалғандай кері әсерін тигізіп отыр. Нарықтық экономика қиыншылығына қарамастан, мемлекеттік деңгейде ветеринарлық істі жақсарту барысында эртүрлі жұмыстар жүргізілуде. Мысал ретінде айта кететін болсақ, ветеринарлық заңдар ережесі, нормативтік құқықтьщ құжаттар, білікті мамандарды даярлау, эртүрлі ветеринарлық қызметке арналған құрал-жабдықтар, препараттар, дәрі-дәрмектермен аспаптар жасау. Ветеринарлық басқару қызметін жаңа құрамда қайта құру, мал шаруашылығындағы объектілерге қатаң түрде ветеринарлық-санитарлық бақылау жасау және адам мен малға ортақ ауруларға қарсы тиімді күрес шараларын жүргізу сияқты жұмыстар атқарылып жатыр.

Пән құрамында ветеринарлық зандылық жинағынан негізгі қағидалары, ветеринарлық істің экономикасы мен статистикасы, ветеринарлық санитарлық бақылауұйымдастыру, ветеринарлық қызметті жабдықтау, құрылыс салу, іс қағаздарын жүргізу және тағы басқа тауарлар бар. Пән тарауының әрқайсысында өзіне тэн ветеринарияның ұйымдастыру экономикалық іс-әрекетті мэнісі, қыры, сипаты қаралады.

Мэселен ветеринарлық заңдылық деп - ветеринария туралы үкімет тарапынан жарияланған заңдар, басқарушы органдар бекіткен нұсқаулар, типтік анықтамалар, ережелер және т. б. құжаттар жинағы болып табылады. Бұл жинақта ветеринарлық мамандар жергілікті экімшілік және барлық азаматтардың мал шаруашылығында ет-сүт, мал текті шикізат өңдеуші өнеркәсіпте, көлікте, халық шаруашылығының басқа да салаларында ветеринарлық санитарлық қолайлықты қамтамасыз ететін қызмет тэртібін шектеп, міндеттерін айқындайды. Осыған орай, ветеринарлық істі ұйымдастыру істі ұйымдастыру Пәні ветеринарлық заңдылық қағидаларына сәйкес, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетуді, ветеринарлық мекемелер мен қызмет топтарының жұмыс тәсілдері мен формаларын, ветеринария мамандарымен азаматтардың ветеринарлық қызмет көрсету барысындағы өзара қарым-қатынасын, сүт өндіру, шошқа өсіру, мал бордақылау, қой өсіру шаруашылықтарының арнайы кешендер мен құс фабрикаларында ветеринарлық қызмет көрсету ерекшеліктерін мемлекеттік және ведомсвталық ветеринария мамандары жұмысын нормалауды және еңбек ақы төлеуді зерттейді.

Ветеринарлық ісі экономикасы мал аурулары алдын алу, емдеу, оларды жойып жіберу шараларының, ветеринарлық шараларды жүзеге асыру әдіс-тәсілдерінің, мал шаруашылығына ветеринарлық қызмет көрсетудің ветеринарлық мекемелер жұмысының экономикалық тиімділігін зерттейді.

II. Негізгі бөлім.

2. 1 Мемлекеттік ветеринариялық қадағалау .

Соңғы 3 жылда жыл сайын отандық кәсіпорындардан барлық сатып алынған ветеринариялық препараттардың орта есеппен 58 %-ы сатып алынды, оның ішінде, 2017 жылы - 59, 6 %, 2018 жылы - 47, 6 %, 2019 жылы - 64, 2 %. Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың ветеринария саласындағы бөлімшелері бұл кәсіпорындардан тиісті облыс әкімдіктерінің қаулысымен бекітілген профилактикасы, диагностикасы жергілікті бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесіне енгізілген аурулардың профилактикасы бойынша ветеринариялық препараттар сатып алады. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) .

Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Еуразиялық экономикалық одақтың ветеринариялық дәрілік заттар өндірісіне қойылатын талаптарды енгізу жөніндегі Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2016 жылғы 3 қарашадағы № 77 шешімімен бекітілген халықаралық GMP стандартына сәйкес тиісті өндірістік тәжірибенің қағидаларын енгізу бойынша іс-шаралар жоспарын әзірледі және барлық отандық ветеринариялық препараттар өндірушілерге жолдады. Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты сияқты ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсету немесе қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды сәйкес келтіру, елдің ішкі нарығын қамтамасыз ету мақсатында биопрепараттар өндірісінің көлемін ұлғайту жөнінде шаралар қабылдауға қатысты Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институтында (бұдан әрі - Институт) ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге және ветеринариялық препараттар өндіруге қажетті ғылыми кадрлар мен еңбек ресурстары бар. Институт биотехнология саласында шет елдерден әкелінетін препараттардан экономикалық толық тәуелсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабілетті биопрепараттар өндірісін әзірлеу, енгізу және ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізуде. Институт.

Халықаралық эпизоотиялық бюромен, Пирбрайт, Вейбридж, (Англия), АНСЕС (Бельгия), ПИВЕТ (Польша) және басқа халықаралық ғылыми орталықтармен іскерлік байланыс орнатылған. Сондай-ақ ҚХР-ның, Англияның, Францияның, Ресейдің, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және т. б. мемлекеттердің ғылыми орталықтарымен белсенді келіссөздер, бірлескен жобаларды ресімдеу және ғылыми делегациялар алмасу жүргізіп отырады. Институт базасында биокомбинат құрылысына қатысуға әлемдегі биопрепараттар өндіретін жетекші компаниялардың бірі - «Берингер Ингельхайм» (Мериал) компаниясы өз келісімін берді. Бұл компания жыл сайын Қазақстан бойынша 1, 6 млрд. теңгеден астам қаржыға сатып алатын аусылға қарсы вакцинаны өндірудің технологиясын енгізуге дайын. Ветеринариялық препараттардың сапасын бақылау бойынша тәуелсіз мемлекеттік ғылыми-бақылау ұйымын құру мүмкіндігін қарастыру қажеттігіне қатысты «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ветеринариялық препараттарды, жемшөп қоспаларын тіркеу сынақтарын, байқаудан өткізуді, сондай-ақ препараттарға шағым түскен кезде олардың серияларын (партияларын) бақылауды жүзеге асыру мақсатында республикалық мемлекеттік кәсіпорын нысанында мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар құрады. Көрсетілген заңға сәйкес бұл функция Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Ветеринария бойынша ұлттық референттік орталық» РМК-ге (бұдан әрі - «ВБҰРО» РМК) жүктелген. «ВБҰРО» РМК 2019 жылы II-IV топтағы микроорганизм мен гельминттермен жұмыс істеуге рұқсат алды, бұл аталған топтардағы аурулардың қоздырғыштарымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

2. 2 Ветеринария саласындағы қызметті лицензиялау

1. Ветеринариялық қызмет Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның міндетті түрде лицензиялауына жатады.
2. Лицензиат өзінің ветеринария саласындағы қызметінің нәтижелері бойынша ветеринариялық анықтамалар береді, Қазақстан Республикасының ветеринария туралы заңдарында белгіленген нысандар мен тәртіп бойынша есеп жүргізіп, ветеринариялық есепті табыс етіп отырады.
3. Ветеринария саласындағы мынадай қызметтердің түрлері мемлекеттік монополияға жатқызылады:
1) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың ерекше қауіпті ауруларының диагностикасы;
2) ветеринариялық препараттардың, мал азығына қосымшалардың сынақтан өткізілуі, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, мал азығын, мал азығына қосымшаларды тексеруді, ветеринариялық препараттар топтарының/партияларының тіркелуі;
3) ветеринариялық препараттардың республикалық қорын сақтау;
4) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбеге енгізілген ең қауіпті жануарлардың індетті ошақтарын жою;

5) мемлекеттік шекарадағы ветеринариялық бақылау орындарында көлік құралдарын дезинфекциялау.

4. Мемлекеттік монополияға жатқызылған ветеринария саласындағы қызметтің жүзеге асырылуын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.

«Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» мемлекеттік:

1. көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) .

2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

3. Мемлекеттік қызметті:

  • ветеринариялық мақсаттағы ветеринариялық препараттарды өндіру жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - Министрліктің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) ;
  • жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу жөніндегі қызметпен айналысуға лицензия беруді - облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
  • Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
  • көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе порталға құжаттар топтамасын тапсырған күннен бастап:
  • лицензия және (немесе) лицензияға қосымша берген кезде - 15 (он бес) жұмыс күні;
  • лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеген кезде - 3 (үш) жұмыс күні;
  • лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын берген кезде - 2 (екі) жұмыс күні;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсыруы үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут;

3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 30 (отыз) минут.

Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Өтініш беруші құжаттардың толық емес топтамасын ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті әрі қарай қараудан жазбаша дәлелді бас тартады.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия және (немесе) лицензияға қосымша, оны қайта ресімдеу, лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық түрде. Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, көрсетілетін қызметті беруші басшысының қолы қойылады және мөрмен куәландырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.

7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы»

Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) сәйкес ветеринария саласындағы қызметпен айналысу құқығы үшін лицензиялық алымды орналасқан жері бойынша бюджетке төлейді:осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия берген кезде лицензиялық алым 6 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрайды;

лицензияны қайта ресімдеу үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 10 %-ын, бірақ 4 АЕК-тен аспайтынды құрайды;

лицензияның телнұсқасын беру үшін лицензиялық алым лицензия берген кездегі мөлшерлеменің 100 %-ын құрайды. Лицензиялық алымды төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға электрондық сұрау салуды портал арқылы берген жағдайда, төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі - ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

2. 3 ҚР ветеринария саласындағы заңдарында белгіленген тәртіппен ветеринариялық есеп пен есептілік жүргізу

1) аймақ - жануарлардың жұқпалы аурулары бойынша эпизоотиялық жағдаймен сипатталатын, ауру ошағының маңайында оның белең алуына байланысты немесе осы аумақты жұқпалы аурулардың пайда болуынан қорғау үшін ұйымдастырылатын эпизоотияға қарсы іс-шаралар жүргізілетін, әкімшілік-аумақтық бөлінісіне қарамастан шартты түрде шектелген аумақ;

ауру бойынша қолайсыз пункт (қолайсыз пункт) - эпизоотия ошағы белгіленген аумақ;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқор - диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жануардың жеке нөмірі туралы, оны ветеринариялық дауалау туралы деректерді, сондай-ақ жануардың иесі туралы деректерді тіркеудің бірыңғай, көпдеңгейлі жүйесін көздейтін, жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдар жүзеге асыратын және уәкілетті орган пайдаланатын ветеринариялық есепке алудың бір бөлігі;

3-1) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру - ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi;

3-2) ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің эмиссиясы (бұдан әрі - жеке нөмірлер эмиссиясы) - ауыл шаруашылығы жануарларының жеке нөмірлерінің жүйелі нөмірленуін айқындау жөніндегі іс-шаралардың жиынтығы және оларды республиканың әкімшілік-аумақтық бірлігі бойынша бөлу;

3-3) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан үзінді көшірме - жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы мамандары ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан уәкілетті орган бекіткен тәртіппен және нысанда жануарлар иелерінің талап етуі бойынша алатын, диагностикалық зерттеулер нәтижелерін қоса алғанда, жүргізілген ветеринариялық іс-шаралардың мерзімдері мен сипаты туралы мәліметтер;

3-4) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшiн пайдаланылатын сырғалар (iлiнетiн, радиожиiлiк таңбасы бар), болюстер, чиптер және басқа да бұйымдар (құралдар) ;

3-5) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған атрибуттар - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізу үшін пайдаланылатын құрал-саймандар мен аспаптар;

3-6) ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) белгiлеу жөнiндегi лазерлiк станция (бұдан әрi - лазерлiк станция) - ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) жеке нөмiр түсіруді жүзеге асыратын ұйым;

бақылау аймағы - буфер (қорғаныш) аймағы пен қолайлы аймақ арасында белгіленген аймақ;

4-1) биологиялық қалдықтар - жануарлардың өлімі, тірі организмдермен және биологиялық тіндермен (материалдармен) ветеринариялық практикалық және ғылыми қызмет пен эксперименттер нәтижесінде түзілген, сондай-ақ жануарларды өсіруді, дайындауды (союды), жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауды, қайта өңдеу мен өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінің, ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдардың қызметі процесінде пайда болатын материалдар, заттар, малдан, өсімдіктерден және минералдардан қалған қалдықтар (жануарлардың өлекселері, абортталған және өлі туған төлдер, ветеринариялық конфискаттар, жемшөп қалдықтары) ;

буфер (қорғаныш) аймағы - жануарлар ауруын қоздырғыштың әкелінуіне жол бермеу мақсатында ветеринариялық іс-шаралар жүргізу арқылы қолайлы аймақта немесе мәртебесі белгіленбеген аймақта жануарлар субпопуляциясының зоосанитариялық мәртебесін қорғау үшін белгіленетін аймақ;

ветеринария (ветеринария саласы) - жануарлардың аурулары мен азықтан улануын (зақымдануын) зерделеуге, олардың профилактикасына, диагностикасына, оларды емдеуге және жоюға, мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерінің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ халықты жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауға бағытталған арнаулы ғылыми білімдер мен практикалық қызмет саласы;

ветеринариялық бақылау бекеті - уәкілетті орган ведомствосының шекара және кеден пункттері (Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері) аумағында, сондай-ақ автомобиль қатынасы шегінде Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізудің өзге де орындарында және уәкілетті орган айқындаған өзге де орындарда орналасқан, қажетті жабдықпен және аспаптармен жарақтандырылған, өткізілетін (тасымалданатын) объектілерге мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды және (немесе) өткізілетін (тасымалданатын) объектілердің әкелінуі, транзиті туралы алдын ала ақпаратты қабылдауды жүзеге асыратын бөлімшесі;

ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) қағидалар - мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау объектілеріне қойылатын ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық, зоогигиеналық) талаптарды белгілейтін, сондай-ақ ветеринариялық нормативтердің негізінде ветеринариялық іс-шараларды жүргізу тәртібін айқындайтын, жеке және заңды тұлғалардың орындауы үшін міндетті болып табылатын нормативтік құқықтық акт;

ветеринариялық құжаттар - уәкілетті орган бекіткен тәртіппен мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлары беретін ветеринариялық сертификат, ветеринариялық-санитариялық қорытынды; тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық ахуал туралы, жануарға, жануарлардан алынатын өнімге және шикізатқа жергілікті атқарушы органдар құрған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдардың ветеринария саласындағы маманы, сондай-ақ жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімнің және шикізаттың ветеринариялық нормативтерге сәйкестігін айқындау жөнінде өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері беретін ветеринариялық анықтама;

ветеринариялық паспорт - уәкілетті орган белгілеген нысандағы құжат, онда: жануарларды есепке алу мақсатында жануардың иесі, түрі, жынысы, түсі, жасы (тyған күні), жеке нөмірі көрсетіледі т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарларды диспансеризациялауды ұйымдастыру
Қазақстан Республикасындағы малдәрігерлік жүйе
Заңның мақсаттары және маңызы
Облыстағы ветеринарлық қызметті басқару. Шаруашылықтың мал дәрігер мамандарының қажетті санын есептеу әдістемесі
Малдәрігерлік бақылауға жататын орындар
Жекеменшік кәсіпкерлік ветеринарлық қызметті үйымдасіыру
Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Малдәрігерлік саласындагы кәсіпкерлік
Ветеринария жүйесін ұйымдастыру
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кəсібі, республика экономикасының басты саласы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz