Бұршақ қоңызы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Бұршақ бітесі. Түйнек бізтұмсықтары. Бұршақ және үрмебұршақ дән қоңыздары. Бұршақ жеміс жемірі, бұршақ қан көбелегі биологиясы, зияндылығы. Зиянкестерге қарсы күресу шаралары.

Орындаған: Мүсілім Еркежан
Тобы: ЗР-316К
Тексерген: Искендирова Рабиға

Алматы қ. 2021ж. Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Бұршақ бітесі
2. Түйнек бізтұмсықтары
3. Бұршақ қоңызы
4. Үрмебұршақ қоңызы
5. Бұршақ жемірі
6. Бұршақ немесе акация көбелегі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Денсаулық сақтау министрлігімен келісілген Өсімдіктердің зиянкестер мен ауруларына және арамшөптерге қарсы күресу үшін ауыл шаруашылығына рұқсат етілген химиялық және биологиялық заттардың тізімі жыл сайын қайталанып тұрады. Дәл осы тізімде бұршақ дақылдарының зиянкестеріне қарсы күрес шаралары мен экономикалық зияндылық шектері де ұсынылған. Ауыл шаруашылығы зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т.б. жатады. Мысалы, қырыққабатты - қырыққабат ақ көбелегі мен қырыққабат қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды.
Астық дақылдарының зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т.б.), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т.б.), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т.б.), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т.б.) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т.б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т.б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелегі, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т.б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты.

Негізгі бөлім. Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homoptera отряды, Аphidinea отряд тармағы, Aphididae тұқымдасы).
Сурет-1. Бұршақ бітесі - Acyrthosiphon pisi
Бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы - 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде жәнежерге түскен бұтақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдын өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар біржылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердіңжас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін төмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы(жылы - жаңбырлы) жағдайларында байқалады.
Күресу шаралары. Біржылдық және көпжылдық бұршақ дақылдарын бұршақ бітеден қорғау үшін кеңістікті оңашалаудың үлкен маңызы бар. Бұршақ дәнділерді қайталап отырғызуға болмайды. Жерге түскен дән өскіндерінің пайда болуына (өсуіне) жол бермеу керек. Көп жылдық бұршақты төмен кесінді жасап жинау қажет. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді. Бұршақ егісінде бұршақ бітелеріне қарсы осы препарттардың біреуімен. Актеллик 500 э.к. 1,0лга, алтын э.к.-0,15л\га, деция 2,5%, э.к. 0,2л\га бүрку жұмыстарын жүргізу қажет.
Экономикалық зияндылық шегі: Бүрлену фазасында және келесі даму кезеңдеріндегі бітелердің экономикалық зияндылық шегі 20% немесе 100 сермегенде 250-300 біте өскіннің толық пайда болуымен 2-3 жапырақ кезінде жүргізіледі. Жазда, тұқымның толысу мен жаппай гүлдеу фазасында.
2. Түйнек бізтұмсығы: теңбіл - Sitona lineatus L. және қылшықты - S.Crinitus Herbst (Бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera). Қоңыздың бастүтігі қысқа, денесінің ұзындығы - 3-5мм, денесінің түсі топырақты сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі иілген,аяқтары жоқ, ақшыл қоңыр басы бар, дене тұрқы 5 мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбенесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырықтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз айларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды.Түйнекті бізтұмсық бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек жәндік пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, місінді зақымдану қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.
Сурет-2. Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus
Күресу шаралары. Бұршақ дақылдарын зиянкестерден қорғау үшін учаскілерді көпжылдық бұршақ дақылдарын біржылдық бұршақ дақылдарынан кеңістікті оңашалау керек. Агротехникалық шаралар егіс және өсімдіктерді күту кезінде қолйлы мерзім ішінде жоғары деңгейде орындалуы тиіс. Егін себу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төрт ноқатты бұршақ қоңызы
Бұршақ бітесі
Бұршақты өсіру технологиясы
Зиянды жәндіктер (зиянкестер)
Үрмебұршақ дақылының өсіру технологиясы
Асбұршақ
Ауыл шаруашылығының зиянкестері
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары
Астық дақылдарының карантинді зиянкестері
Ауылшаруашылық өсімдіктерінің карантині
Пәндер