Қанның мөлшері мен құрамының жасқа байланысты өзігерістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

Реферат

Тақырыбы: Қан және лимфаның гистологиясы
Орындаушы: Мавланбеков Тахиржан

Қазақстан
2021
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1. Қан және оның компоненттері туралы ... ... ... ... ... ... ... . ...
1.1 Қанның ағзадағы функциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2 Лимфа ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
2. Қан және лимфаның гистологиясы
2.1 Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері...12
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
Қолданылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

Кіріспе

Қан (гр. haemo ;лат. sanguis -- қан) -- ағзадағы ішкі сұйық ортаның бірі. Ол қантамырларының тұйық жүйесін бойлай ағып, тасымалдау қызметін атқарады. Қан барлық мүшелердің жасушаларына қоректік заттар мен оттегін жеткізеді және тіршілік әрекетінің өнімдерін зәр шығару мүшелеріне тасымалдайды. Организмдегі биологиялық әрекетшіл заттардың гуморальдық реттелу қызметі қанның қатысуымен іске асады. Қан ағзаның инфекциядан қорғаныш реякциясын қамтамасыз етеді.
Қан
Қан -- ересек адам ағзасында шамамен бес литр қан болады. Қан -- ағзадағы дәнекер ұлпасының бір түрі. Оның негізгі бөлігі жасуша аралық сұйық зат -- плазмадан құралады. Плазмадан қан жасушалары -- эритроциттер мен лейкоциттер және қан пластинкалары -- тромбоциттер болады. Тромбоциттер сүйектің кемік майындағы жасушалардан түзіледі. Олардың жетілуі, қорға жиналып, бұзылуы басқа мүшелерде өтеді. Эритроциттер тасымалдау, лейкоцит фагацитоздау жəне тромбоцит қан ұшуға қатысады.
Плазма негізінде еріген органикалық және бейорганикалық заттары бар судан тұрады. Плазма құрамының өзгеруі ағза үшін өте қауіпті. Қанға үздіксіз көптеген заттардың қосылуына қарамастан, плазманың құрамы өзгермейді. Плазмадаға артық заттар зәр шығару мүшелері арқылы шығарылады: қан өкпеде көмір қышқыл газынан, ал бүйректе -- судың артық мөлшері мен онда еріген минералды тұздардан арылады

Негізгі бөлім
Қан және оның компоненттері туралы
1.1 Қанның ағзадағы функциялары
Қан - ағзаның сұйық байланыс тіні арқылы қалыптасқан ішкі ортасы.
Плазма мен жасушалардан тұрады (лейкоциттер, эритроциттер мен тромбоциттер). Ол жүрек соғуы әсерімен тамырлар жүйесі бойынша айналады және дененің өзге тіндермен ұйқаспайды. Орташа есеппен, адамның жалпы салмағына шаққанда қанның жалпы үлесі 6,5-7 % құрайды.
Қан плазмасы - құрамында су және басқа да заттар бар (ақуыздар және өзге де қоспалар) бар қанның сұйық бөлімі. Альбуминдер, глобулиндер және фибриноген плазманың негізгі ақуыздары болып табылады. Плазманың 85 % су құрайды. Органикалық емес заттар шамамен 2-3 %; катиондар (Na+, K+, Mg2+, Ca2+) және аниондар (HCO3-, Cl-, PO43-, SO42-). Қан құрамындағы органикалық заттар (шамамен 9 %) құрамында азот бар (ақуыздар, аминоқышқылдар, несепнәр, креатинин, аммиак, пуриндік және пиримидингтік нуклеотидтердің алмасу өнімдері) және құрамында азот жоқ (глюкоза, майлы қышқылдар, пируват, лактат, тер, триацилглицеролы, холестерин) болып бөлінеді. Сонымен бірге, қан плазмасында газдар (оттегі, көмір қышқылды газ) және биологиялық белсенді заттар (гармондар, дәрумендер, ферменттер, медиаторлар) бар.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) - формалық элементтердің ең көп тараған түрі. Жетілген эритроциттерде ядро жоқ және олардың формасы екі жағынан бүгілген диск тәрізді. Оның тіршілік ұзақтығы 120 күн, бұдан кейін байыр мен көкбаурда бұзылады. Эритроциттерде құрамында темір бар ақуыз бар - гемоглобин. Ол эритроциттердің басты функциясы - газдарды, алдымен оттегі тасымалдауды қамтамасыз етеді. Гемоглобин қанға қызыл түс береді. Өкпеде гемоглобин ақшыл қызыл түсті оксигемоглобинге айналып, оттегіні байланыстырады. Тіндерде оксигемоглобин оттегі шығарып, гемоглобинді қайта қалыптастырады және де қанның түсі қоңырлай бстайды. Гемоглобин тіндерден өкпеге оттегіден басқа карбогемоглобин түріндегі көмір қышқыл газды тасымалдайды.
Тромбоциттер (қан пластиналары) жасушалық мембранамен шектелген сүйек кемігіндегі ірі жасушалар (мегакариоциттер) цитоплазмасының фрагменттері болып табылады. Қан плазмасының ақуыздарымен бірге (мысалы, фибриноген) олар зақымдалған тамырдан ағып жатқан қанның ұюын қамтамасыз етеді, бұл арқылы ол ағзаны қан кетуден сақтайды.
Лейкоциттер (ақ түсті қан жасушалары) ағзадағы иммундық жүйенің бір бөлігі. Олар қан жүйесінен тыс тіндерге шығуы мүмкін. Лейкоциттердің басты функциясы - бөтен денелер мен қоспалардан сақтау. Олар вирустар мен түрлі зиянды заттарды анықтайтын Т-жасушаларды; осы заттарды жоятын антиденелер мен макрофагаларды бөлетін В-жасушаларын қалыптастыра отырып, иммундық реакцияларға қатысады. Қандағы лейкоциттердің саны басқа формалық элементтердеге қарағанда төмен.Қан қалпына тез келетін тіндер қатарына жатады. Қанның формалық элементтерінің физиологиялық регенерациясы қан жасаушы ағзалары арқылы бұрынғы жасушаларды жою және жаңасын қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. Сүйек кемігі адам мен өзге сүтқөректілердегі негізгі бөлік болып табыады. Адамда қызыл немесе қан жасаушы сүйе кемігі негізінен жамбас сүйектерде және ұзын түтікше сүйектерде орналасқан.
Қан қан тамырларының тұйық жүйесі бойынша үздіксіз айналалып, ағзадағы түрлі функцияларды атқарады:
Тасымалдаушы -- қанды айналдыру; оның бірнеше кіші функциялары бар:
Демалу - оттегіні тіндерден және көмір қышқылды газды тіндерден өкпеге тасымалдау;
Қоректендіру -- қоректендіру заттарды тіндер жасушаларына жеткізеді;
Экскреторлық -- зат алмасудың қажетсіз заттарын ағзадан шығару үшін өкпе мен бүйрекке тасымалдау;
Термореттегіш -- дене температурасын реттейді;
Реттеуші -- оларда пайда болатын заттарды (гармондар) тасымалдай отырып, түрлі ағзалар мен жүйелерді өзара байланыстырады.
Қорғаныс -- бөтен антигендерден жасушалық және гуморалдық қорғанысты қамтамасыз ету;
Гомеостатикалық -- гемеостазды (ағзадағы ішкі ортаның тұрақтығы) - қышқылды-негізгі тепе-теңдікті, су-электролиттік балансты және тағы басқаны сүйемелдеу;
Механикалық -- ағзаларға қан келу арқылы тургорлық кернеуді беру.
1.2 Лимфа
Лимфа табиғатынан сарғыш түсті,лимфа капиллярлары мен тамырларында жылжитын сұйықтық.Лимфа сұйығының құрамында лимфоплазма мен лимфоциттер болады.Лимфоплазма химиялық құрамы жағынан қан плазмасына ұқсас,бірақ белоктары аз.Ең көп белогі альбулиндер.Белоктың құрамында диастаза,линаза және гликолитикалық ферменттерде бар.
Лимфоплазманың құрамында бейтарап майлар,қарапайым қанттар, әртүрлі қосындылармен кальций,магний,темірде болады.
Лимфаның формальды элементтерінің құрамында лимфоциттер мен моноциттер,лейкоциттердің кейбір түрлері,кейде эритроциттерде кездеседі.
Лимфа тіндегі,мүшелердегі лимфакапиллярда жиналып,көптеген факторлардың әсерінен (осмотикалық және гидростатикалық қысымнан)тіндерден лимфоплазмаға өтіп отырады.Лимфаның құрамы үнемі өзгеріп отырады.Шеткі лимфа(бұл лимфа түйініне дейінгі бөлігі),аралық(лимфа түйінінен өткеннен кейін) және орталық (көкірек ,оң жақтағы лимфа ағымы) болып бөлінеді.Лимфа сұйығының қалыптасуына қаннан жасуша аралық кеңістікке бөлінген су және басқа заттармен қоса тін аралық сұйықтық өте қажет.
Лимфа айналым жүйесі қызметі мен құрылысы жағынан қан айналым жүйесі мүшелерімен тығыз морфологиялық байланыста болады. Себебі, бұл жүйе ұлпалар мен мүшелерде, олардағы зат алмасу процесі кезінде қаннан, оны қоршаған ұлпаға сүзіліп шыққан ұлпа сұйығынан басталып, соңында организмнен лимфаны жинайтын ірі лимфа өзектерінің (оң лимфа бағаны, көкірек өзегі) алдыңғы қуыс венаға құйылуымен аяқталады. Лимфа айналым жүйесінің жануарлар организмдеріндегі атқаратын қызметі алуан түрлі. Атап айтқанда:
1) ұлпааралық кеңістіктегі артық ұлпа (ткань) сұйығын өзіне сорып алып, дренаждық қызмет атқарады;
2) ұлпалардағы қан капиллярларының қабырғасы арқылы өтеалмайтын ірі молекулалы белоктық зат және ішекте қорытылған майдың мономерлері (май қышқылдары, глицерин) тікелей лимфаға сорылады;
3) сыртқы ортадан организмге түскен бөгде заттар мен микроорганизмдерді жойып, лимфаны биологиялық және механикалық тазалаудан өткізеді;
4) лимфа түйіндерінде лимфоциттер мен антиденелер (иммунды глобулиндер) түзіледі.
Лимфа жүйесінің дамуы. Омыртқасыз жануарлар мен төменгі сатыдағы омыртқалы жануарларда лимфа жүйесінің қызметін вена қан айналым жүйесі атқарады. Балықтар мен қосмекенділерде лимфа айналым жүйесі қарапайым лимфа қойнаулары түрінде жетілген. Олар негізінен терінің астында және ішкі мүшелерде болады. Құстарда лимфа қойнауларының орнында жіңішке келген, түтікше лимфа тамырлары жетіледі. Лимфа тамырлары тек жүрек жаққақарай ғана ашылатын қақпақшалармен жабдықталған. Бірақ олардыңсаны аз. Ал сүтқоректі жануарларда лимфа тамырлары тым жақсыжетілген. Олардың ішісі бетінде қакпақшалар жиі орналасады.
Лимфоидты құрылымдар мен лимфа түйіндері тек жылы қанды жануарларда ғана болады. Мысалы, құстарда мұндай құрылымдар жұтқыншақта, өңеште жене бүйенде орналасады. Ал лимфа түйіндері негізінен сүтқоректі жануарларда жоғары деңгейде жетілген.

2.Қан және лимфаның гистологиясы
2.1 Қан жүйесінің физиологиясы және оның жастық ерекшеліктері
Адам организмінің тіршілігі денеге қуат беретін қоректік заттарды қабылдап, оларды қорыту арқылы сақталады. Тамақ құрамындағы қоректік заттар организмде қорытылып, оттегінің қатысуымен болатын тотығу барысында энергия бөледі. Қоректік заттардың осы өзгерістерінің нәтижесінде адамның денесінде зат алмасудан пайда болған организмге қажетті заттармен қоса, қажетсіз, тіпті денені уландыратын заттар да пайда болады. Мұның бәрін тасымалдау қызметін денедегі қ а н атқарады. Қан бүкіл денені аралап, оның ұлпаларындағы клеткалардағы заттың алмасуына қажетті химиялық заттарды әкеліп, қажетсіз заттарын әкетеді. Мұны мен қоса, қан дененің тұрақты температурасын сақтауға қатысады, организмнің иммундық қасиеттерін қамтамасыз етеді және мүшелердің қызметін гуморальдық реттеуге қатысады.
Адамның денесіндегі қан -- организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі
Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды.
Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттар. Оның құрамында белок 0,3-0,6%, май және липидтер 0,1%, 120 мг% глюкоза қанты, 0,9% көмірсутегі, минерал заттар - натрий, калий, кальций, хлор түздары, амин қышқылдары мен полипептидтер 4-10 мг%, мочевина 10-25 мг%, түрлі ферменттер, гормондар, холестерин т. б. заттар болады.
Плазманың белоктарының негізгілеріне альбуминдер 4,5%, ά,β,γ-глобулиндер 2-3 %, фибриногендер 0,2-0,3 % жатады. Плазманың осмостық қысымы мен белсенді реакциясы қанның маңызды физикалық және химиялық қасиеттеріне жатады. Плазманың осмостық қысымы деп оның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттардың ерітінділерін тудыратын қысымын айтады. Плазманың осмостық қысымы ондағы минерал заттарының мөлшеріне байланысты: неғұрлым олардың плазмадағы концентрациясы көп болса, соғұрлым осмостық қысым да көп болады.
Қан клеткалары мен денедегі ұлпалардың тірлігі үшін, плазманың осмостық қысымының гүрақтылығының маңызы зор. Қанның белсенді реакциясы оның құрамындағы сутегінің иондарының концентрациясына байланысты және оны рН реакциясы (сутегінің корсеткіші) деп белгілейді. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығы денедегі бүкіл ферменттердің қатысуымен болатын реакциялар үшін маңызды.
Қалыпты жағдайда қанның рН = 7,36 тең, Бұл әлсіз сілтінің реакциясы. Қанның белсенді реакциясының тұрақтылығына қанның буферлік жүйесінің үлкен маңызы бар. Кейбір бейорганикалық қосындылар, белок заттары қанға келетін зат алмасуының нәтижесінде қышқыл немесе сілтілік қасиеттері бар заттармен қосылыстар жасайды. Мысалы, дене еңбегімен шұғылданғанда қанға зат алмасуынан пайда болған қышқыл заттар келеді. Қанның буферлік қасиеті гемоглобин, карбонаттар, плазманың белоктарының буферлік жүйелеріне байланысты. Бұлардың ішіндегі аса маңыздылары гемоглобиндік және карбонаттық буферлік жүйелер.
Қанның меншікті салмағы ересек адамда 1,055-1,063 кгм3. Жаңа туған нәрестенің қанының меншікті салмағы аздап жоғарырақ 1,060-1,080 кгм3. Сәбидің өмірінің алғашқы айында ол 1,050 кгм3 шамасына дейін төмендейді де кейіннен қайта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қандағы қоректік заттарды тұрақты ұстап тұратын функционалды жүйе
Қан жүйесі ауруларын дербестеу
Гемоглобин күрделі зат
Қанның құрамы мен қасиеттері
Қан жасушалары
Қан және оның жас ерекшеліктері
Қанның иммундық қасиеттері. Иммунитет
Қан жасушаларының қызметі. Балалардағы лейкоцитарлық қиылысулар
Қан жүйесінің маңызы мен мөлшері қандай
Балалар мен жасөспірімдердің жалпы өсу мен даму заңдылықтары жайлы
Пәндер