Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы - білім берудегі оқытушылардың кәсіби қызметінің көрсеткіші іспеттес



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.Х.ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

МӨЖ

Тақырыбы: Қазақстанда және шет елдерде жоғары білім алудың жағдайы мен даму тенденциялары
Орындаған: Мақсұтова А.М.
Қабылдаған: Жамирова У.Ш

ТАРАЗ 2020
Жоспар
Кіріспе
3
Қазақстандағы жоғары білім алудың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары
5
Шет елдерде жоғары білімді маман даярлаудың жағдайы
8
Қорытынды
11
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
12

Кіріспе

Егеменді Қазақстан өз тарихында күрделі бетбұрыс кезеңін бастан кешіріп отыр.
Республика тәуелсіздік алып дүниежүзілік қоғамдастықтанып, егеменді мемлекетке айналды. Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу жеке тұлғалардың жан-жақты дамуымен және олардың кәсіптік жағынан қалыптасуымен тікелей байланысты.
Нарық экономикасына көшу, құқықтық мемлекет құру және азаматтық қорғау талаптарын қаматамасыз ету, білім беру жүйесінде үлкен өзгерістер енгізуді қажет етіп отыр. Мұндай маңызды да күрделі мәселелерді шешу үшін адамзат мәдениеті мен тәрбие тағылымдарының үлгілі тәжірибесіне сүйенудің қажеттілігі анықталуда. Осы тұрғыдан алып қарасақ, еліміздің білім беру ісінің тарихында хронологиясы жағынан ғана емес, мазмұны жағынан да жаңа дәуір басталды.
Қазақстан Республикасының әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену міндеті елде ғылыми сыйымды технологиялық білімі бар, басқарушылық қабілетке ие, нарықтық экономикада дұрыс бағыт таңдай алатын жоғары білікті мамандар болған кезде және дүниежүзілік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне жауап беретін тиімді білім беру жүйесі қүрылғанда шешіле алады.
Білім туралы Заңның 31-бабына сәйкес жоғары оқу орындарында магистратура жоғары оқу орындарынан кейінгі деңгейге жатқызылғаны белгілі. Магистратура мен докторантураның бағдарламалары біршама өзгерістерге үшырады. Қазір олар ғылыми-зерттеу компоненттерін ғана емес, білім беру компоненттерін де қамтиды. Осыдан заң қандай міндеттерді атқарады дегенге келсек, жаңа қабылданған Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы мынадай міндеттерді шешуге: бірінші, әлемдік білім беру кеңістігіне кірігуге (интеграция); екінші, педагог қызметкерлердің мәртебесін көтеруге; үшінші, сапалы білім берудің қол жетімділік кепілдігін көтеруге; төртінші, басқару және қаржыландыру жүйесін жетілдіруге мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңына сәйкес қазақстандық әлемдік білім беру кеңістігіне кірігу міндеті: Білім берудің құрылымы мен мазмұнын жаңарту; Оқыту технологиясын жетілдіру; Білім беру сапасының ұлттық бағалау жүйесін дамыту жолдары арқылы шешіледі.
Көптеген жоғары білім беру мекемелері Қазақстан Республикасының жоғары білім жүйесінің әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялану міндетінен білім берудің Болондық моделін жүзеге асыруда, ол төмендегідей деңгейлерден тұрады:
1. Бакалавриат (аяқталмаған жоғары кәсіптік білім) - 4 жыл, төменгі сатысы - 2 жыл; жоғары сатысы - 2 жыл.
2. Магистратура (жоғары кәсіптік білімнің екінші сатысы) екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратура, 3 триместрді қамтиды - 1 жыл; ғылыми магистратура - 2 жыл.
3. Докторлық бағдарлама - жоғары кәсіптік білімнен кейінгі докторлық бағдарлама екі траекторияда іске асады: кәсіптік магистратурадан кейін - 3 жыл; ғылыми магистратурадан кейін - 2 жыл.
Жоғары білімнің үш деңгейлік жүйесінің енгізілуі сонымен бірге, білім бағдарламаларының диапазонының кеңеюі мен олардың рыноктық экономика талаптарына сәйкес икемділігі мен шоғырлану дәрежесін күшейтуге бағытталған. Жоғары білімнің бұл моделінің жүзеге асырылуы өзінің өміршеңдігі мен өзектілігін көрсетті, сол сияқты оның келешекте әрі қарай өзгертілу қажеттілігін пайымдады. Қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің үш деңгейлі моделінің даму бағыттары майда мамандықтар түрін қысқартып, оларды кеңірек пәндерге, бағдарламаларға біріктіруді, бизнеспен өзара әркеттестікті арттыруды, түлектердің еңбек рыногындағы қажеттілігін қамсыздандыруды қамтиды [1].
2012 жылы Қазақстандағы ЖОО саны 2008 жылмен салыстырғанда 5-еуге кеміген.
Жоғары білім беру жүйесіндегі мұндай үрдісті Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің ЖОО қоятын талаптарының артқанын, мемлекетік бақылау мен үйлестіру, реттеу шараларының қатаңдағанымен түсіндіре аламыз. Сонымен бірге жеке меншік ЖОО санының артуы оларға автономияның көбірек берілуінен, ал шешім қабылдау орталықсыздандырылып, ЖОО басшылығына берілгенімен анықталады. Егер бұрын мемлекет экономикамен қатар, өз жоспарларын жүзеге асыру үшін мамандарды даярлауды да жоспарлаған болса, қазіргі күні жоғары білім жүйесі ұлттық және халықаралық еңбек рыноктарының талаптарын ескеруге тырысады. Жоғары оқу орнының бәсекеге қабілеттілігіне және білім берусапасына ықпал етуші факторларды біз төмендегідей топтарға бөле аламыз:
1. Объектінің білім беру қызметтерін алу сапасы (абитуриент, студент, аспирант, даярлық курстарының тыңдаушылары, кәсіби біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушылары).
2. Субъектінің білім беру қызметтерін беру сапасы (оқыту бағдарламаларының сапасы, профессор-оқытушылар құрамының сапасы, қызмет көрсету үдерісін ресурстық қамсыздандыру сапасы, материалдық-техникалық база, ақпараттық- әдістемелік амсыздандыру, ғылыми-зерттеу сапасы).
3. Білім беру қызметтерін көрсету сапасы (білім беру қызметтерін көрсетуде қолданылатын технологияларды жүзеге асыру және оны ұйымдастыру, білім беруқ ызметтерін көрсету үдерісін бақылау сапасы, білім беру қызметінің нәтижесінің сапасы).
4. Тұтынушылардың қанағаттану дәрежесі (білім беру қызметтерін пайдаланушылардың сапаға қанағаттануы, білім беру қызметін көрсетушілердің өз жұмысына қанағаттануы, қоғам мүшелерінің білім дәрежесі).
Халықаралық білім кеңістігінде жоғары білім бойынша кредиттік оқытудың іргелі 4 жүйесі бар. Олар: Еуропалық жүйе - ESTS, американдық жүйе - USCS, британдық жүйе- CATS,Азия мемлекеттері және тынық мұхиты кеңістігіндегі жүйе - USTS. Қазақстанның білім беру жүйесі негізінен Еуропалық кредиттік жүйеге енуді көздеп отыр. Еуропалық кредиттік жүйе бойынша еуропадағы Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Италия, т.б.мемлекеттерде білім беріледі.
Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға көшудегі басты мақсат-Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен біріктіру болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту жүйесінің Ережесі Болон декларациясының негізгі үстанымдарын басшылыққа алып жасалынған. Әлемдегі 12000 университетте жоғары білім беру Еуропалық кредиттік оқыту жүйесі негізінде іске асырылуда.
Білім беру жүйесіндегі интеграциялық процестердің мақсаттары мынаған саяды:
-жоғары білім алуға мүмкіндік алудың шарты ретінде 12-13 жылдық, мектептегі
оқыту жүйесіне көшу;
-оқу мерзімі 4 жыл және квалификациясы еңбек нарығы сүранысын қанағаттандыратын және әрі қарай білім алуды жалғастыруға жарайтын "бакалавр" дәрежесі бар аяқталмаған жоғары білім беру;
- магистр және доктор дәрежелері бар аяқталған жоғары білім беру;
- барлық ұлттық жоғары білім беру жүйелеріне European Credit Transfer System (ECTS) есептік бірлік жүйесін немесе қайта есептеу, жинақтау функцияларын қамтамасыз ететін және шетелде оқытудың академиялық талап түрғысынан мойындалуына кепілдік беретін біріккен жүйені енгізу.
Жоғары оқу орны жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне интеграциялау талаптары мынадан тұрады:
-білім берудің қазақстандық моделін (үлгісін) құру;
-білім беру жүйесін Лиссабондық конвенцияның (1997) және Болондық декларацияның (1999) ережелеріне бейімдеу;
- Қазақстан Республикасы Білім туралы Заңы, Еуропалық аймақта жоғары
білімге жататын квалификацияларды мойындау туралы, Конвенцияны ратификациялау туралы тұжырымдамасы Қазақстандық моделінің (үлгісінің) қүқықтық негізі болып табылады.
Кредиттік оқыту жүйесінің негізгі үстанымдары мынадай:
-ұлттық білім беру жүйелерін халықаралық деңгейде адамдарға қолайлы жерінен білім алуға мүкіндік беру;
-кез-келген үлттық білім беру жүйесімен сәйкестігі;
-жоғары білім берудің барлық бағдарламалары мен формаларының (күндізгі, кешкі, арақашықтықтан (дистанциялық), сырттай оқыту) қолданылуы;
-халықаралық есептік ауысу мүмкіндігі;
-диплом қосымшалалырының жалпы еуропалық үлгігіе сәйкестігі.
Кредиттік оқыту жүйесі - бірізді емес (нелинейная) оқыту жүйесіне жатады.
Бірізді емес оқыту жүйесіне - оқу процесін жекелей жоспарлау арқылы жүйелі түрде ұйымдастыру тәсілі жатады.
Кредиттік оқыту жүйесінің мақсаты мыналар:
-ұлттық білім бағдарламасының халықаралық дәрежеде танылуын қамтамасыз ету:
-білім сапасын әлемдік дәрежеге көтеру;
-студенттердің өз іс-әрекетін ұйымдастыра алу және білімін жетілдіру қабылетін дамыту.

Қазақстандағы жоғары білім алудың қазіргі жағдайы мен даму тенденциялары

Алғаш рет 1979 жылы Д.Боткин, М.Эльманджара, М.Малитце Рим клубына арнайы дайындаған Үйренуге шек жоқ деген баяндамасында, білімнің қоғам дамуындағы роліне және оның келешекте адамзат пен қоғамның мәдени даму арасындағы қайшылықты жеңудегі маңызына тоқтала келіп, оқу жүйесінде қаракеттер мен өмірдің байланыстарына ерекше көңіл бөліп, инновациялық оқыту деген үғым енгізді.
Инновациялық білім беру жүйесін төмендегіше анықтауға болады: Адам - қоғам - табиғат арасындағы үйлесімділікті жаңаша қалыптастыратын дүниетану процестеріне көзқарас өзгеріп, субъектінің ойлау жүйесін мәдениетті тұрғыдан жетілдіру; білім берудің әдісі мен мазмұнын оқушының іскерлік, жігерлілік қабілетін және жаңашылдық қасиеттерін қалыптастыратын әдіснамалық әдістерге бағыттау; пәндерді оқыту барысында адамның рухани байлығына, өнегелілігіне, істеген ісіне әлеуметтік жауапкершілікпен қарауына көңіл бөлу; субъектінің алған ғылыми білімін, оның әлеуметтік түрмысын іскерлік қабілетімен үшастыра қарастыру, т.б.
Сонымен инновациялық білім берудің негізгі мақсаты - адамның шығармашылық әлеуетін сақтау және дамыту, өз іс-әрекетін қоғамдағы өзгерістерге сай бейімдеу, әрі іс-әрекетке жауапкершілікпен қарау, пәнаралық байланысты дамыту жән дүние танудағы субъектінің жан-жақты ұғым жүйесін қалыптастыру, т.б. Яғни, қоршаған ортаның қоғамның даму сатысына әсерін зерттеу, табиғат құбылыстары заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан қорытындылау, өмірдің қажеттілігіне жарату; негізінен алғанда білімнің мазмұны мен құрамына жаңашылдық көзқарасты талап етеді.
Педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығы - білім берудегі оқытушылардың кәсіби қызметінің көрсеткіші іспеттес. Жаңа енгізілген немесе инновация адамның кәсіптік қызметінің бәріне де тән болғандықтан, ол табиғи түрде зерттеудің, талдаудың және тәжірибеге енгізудің нысанына айналды. Инновация өздігінен пайда болмайды. Ол - ғылыми ізденістердің, жекеленген мұғалімдер мен тұтас ұжымның озық педагогикалық тәжірибесі. Бұл процесс стихиялы дамымайтындықтан ол басқаруды қажет етеді.
Инновация - жаңалық, жаңашылдық, өзгеріс деген ұғымды білдіреді. Инновация -құрал және процесс ретінде әлдебір жаңалықты ендіру деген сөз. Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері, мақсаты мен мазмұнына, оқытушы мен студенттің бірлескен қызметін үйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар -озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық Ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процестердің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір-бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің түтастығы түрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни, инновациялық процестің нәтижесі теория мен практиканың тоғысуында пайда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, оқытушы жаңа педагогикалық технологияның, теория мен насихатшысы қызметін атқарады.
Осы процесті басқару оқытушының өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, әдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдауын қамтамасыз етеді. Ал, педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты қазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылықтың қажеттілігі бірқатар жағдайлармен айқындалады.
Біріншіден, қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік-экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу-тәрбие процестерін ұйымдастырудың технологиясын жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген оқытушы қызметінің инновациялық бағыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда. Екіншіден,білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енгізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етеді. Нәтижесінде оқытушы арасында педагогикалық білімнің ролі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, педагогикалық оқу-тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдаудан бұрын педагогикалық қызметтің жаңа әдіс-тәсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмады. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда үсынылған жаңалықтарды практикада қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастады. Сондықтан да білім беру орны басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мүғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.Инновациялық бағыттылық белгілі бір жаңа енгізілімнің тиімділігіне баға беретіндей нақты критерийлерді пайдалануды қажет етеді. Педагогика бойынша зерттеу тәжірибелеріне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда жоғары білім алудың қазіргі жүйесі мен даму тенденциялары
Оқыту мен білім берудегі инновациялық технологиялардың қолдану мүмкіндіктері
Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын жетілдіру
Біліктілікті арттыру жүйесінде шетел тілі мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін дамытуды теориялық – әдіснамалық тұрғыда негіздеп, мәселені тиімді шешудің педагогикалық шарттарын анықтау
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің 12 жылдық білім беру жағдайында даярлаудың ғылыми педагогикалық жүйесі
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы оқытудың жаңа технологияларын ендіру
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Педагогикалық тәжірибені оқыту проблемасы
Экономика сабағын оқытудағы оқушылардың белсенділігін арттырудың заманауи тәсілдермен оқыту
Пәндер