Қабыну фазасы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
комерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Торшалық альтерация және адаптация.

Орындаған: ВМ-302 топ студенті
Карипжанова Ф.
Тексерген: Мыржиева А.

Алматы 2021ж.
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім

oo Қабыну этиологиясы.
oo Қабыну фазасы: Альтерация (зақымдану), Экссудация, Пролиферация
oo Бейімделу (адаптация) және орынтолтыру мәні.
oo Адаптация үдерісітері

III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Торша -- вирустардан басқа барлық тірі организмдердің негізгі тіршілік бірлігі.
Торша өз бетімен ағза сияқты немесе көп торшалы азғалар құрамында өмір сүре алады. Торша -- күрделі ағза, өмір сүруі мен көбеюіне жауапты көптеген құрамдары бар. Ондай арнайы құрамдар (органоидтар) қатарына рибосомалар, митохондриалар, эндоплазматикалық ретикулум, Гольджи комплексі, лизосомалар, торша мембранасы, хромосомалы ядро (нуклеоид), микрофибрилдер т. б. кіреді. Торша өте көп және әртүрлі қызметтері -- белоктың түзелуі, ондағы генетикалық акпараттардың іске асуы, тіршілік процестерінің реттелуі ферменттердің көмегімен жүргізіледі.
Тірі организмі өзінің әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерге қарсы жауабын қалыптастыратын ішкі және сыртқы ортамен үздіксіз қарым-қатынаста болады. Организмнің белгілі бір тітіркендіргіштерге қарсы жауап беру қабілеті эволюция процесінде дамыған биологиялық заңдылық. Осы реакцияның ең көне және белгілі түріне қабыну процесі жатады.
Қабыну(іnflаmmаtіо -- өрт, алаулану) деп организмнің эволюция барысында толық дамыған, патогенді әсерлерді жоюға және зақымдалған ағзалардың, тканьдердің, клеткалардың құрылымдық өзгерістерін қайта қалыптастыруға бағытталған, қан айналымының ерекше бұзылуымен, қан тамырлары өткізгіштігінің асып кетуімен және клеткалардың пролиферациясымен (көбеюімен) сипатталатын жергілікті реакциясын атайды.
Қабыну жергілікті реакция болғанымен, бүкіл организм мүмкіншілігінің бейнесі сияқты. Қабыну организмнің мақсатқа сәйкес қорғаушы бейімдеуші реакциясы болып саналады. Бірақ, биологиялық сәйкестілік әрдайым клиникалық сәйкестілікке сай келе бермейді. Қабыну организм үшін пайдалы реакция болғанымен, көптеген зиянды көріністердің де себебі бола алады. Мысалы, ми қабықтарының қабынуы (менингит) осы ауруды қоздырушы менингококтарға қарсы бағытталған және соларды жойып жіберуге арналған қажетті реакция болғанымен, өте асқынып кеткенде, ауру өлімінің бірден-бір себебі болады. Сондықтан қабынудың организм үшін пайдасы мен зияны туралы туған сауалды диалектикалық тұрғыдан шешкен дұрыс.
Медицинаның атасы Гиппократ, біздің дәуірге дейінгі 460 жылы қабынудың пайдалылығын, іріңді ошақта ауру тудырушы себептердің жойылып бітетіндігін айтып кеткен. Ол өз уақытында қабынудың екі белгісін: қызару (rubor) және домбығу (tитоr) белгілерін жазып қалдырған. Ертедегі Рим дәрігері Цельс, Гиппократтан кейінгі екі ғасырдан соң, қабынудың және екі белгісін айқындады. Олар: қабынған жердің ауыруы (dоlоr) және ыстығының көтерілуі (саlоr). Қабынудың бесінші белгісі -- ағза қызметінің бұзылуы (funsiolaesae) -- Гален тарапынан жазып қалдырылған. Ғылыми әдебиетте бұл белгілер Цельс Гален пентадасы деген атпен белгілі.
Р. Вирхов (1859) қабынудың нутритивті (қоректену) теориясын жасады. Ол қабыну негізінде клеткалардың зақымдануы және дистрофияға шалдығуы жатады деп есептеген.

Негізгі бөлім

Қабыну әр түрлі ішкі және сыртқы себептерден болады. Ішкі (эндогенді) себептерге: некроз, қан құйылу, тканьдерге тұздардың шөгіп қалуы, организмде азот шлактарының, өт пигменттерінің жиналып қалуы және т. б. жатады.

Сыртқы (экзогенді) себептерге: химиялық (концентрленген қышқылдар, сілті, скипидар), физикалық (радиоактивтік сәуле және электр тогы, ыстық және суық әсерлері), механикалық, биологиялық факторлар кіреді. Биологиялық факторлар қабынудың ең көп кездесетін себептерінің бірі. Оларға вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, рикетсиялар, микоплазмалар, хламидалар, жануар паразиттері тудыратын жұқпалы аурулар және иммундық кешендерге байланысты пайда болатын қабыну түрлері жатады.

Қабыну ошағындағы өзгерістер негізінен үш фазадан тұрады:
oo Альтерация -- тканьдердің, клеткалардың зақымдануы.
oo Қан тамырларынан қанның сұйық бөлігінің (экссудация) және қан элементтерінің (эмиграция) сыртқа бөлініп шығуы (бұл процесс төменде жан-жақты талданады).
oo Пролиферация -- клеткалардың көбеюі нәтижесінде тканьдердің қайта қалпына келуі немесе сол жердің тыртықтанып бітуі. Мұның барлығы гистион деп аталатын дәнекер тканьнің құрылымдық-қызметтік өлшемінің территориясында өтеді.

Гистион құрамына негізгі зат, коллагенді, эластикті, аргирофилді талшықтар, нерв талшықтары қоршаған микроциркуляция арнасының бөлігі кіреді.

Альтерация -- тканьдердің зақымдануы, олардың дистрофиядан некрозға дейінгі барлық өзгерістері. Алғашқы альтерация зақымдаушы факторлардың тікелей әсерінен (жарақаттану, күйік және т. б.) дамиды.
Қабыну альтерация фазасынан басталады. Себебі, альтерацияға шалдыққан жерден биологиялық әрекетшіл заттар -- қабыну медиаторлары бөлініп шыға бастайды. Сонымен қатар қабыну ошағында белоктардың, майлардың, көмірсулардың ыдырау өнімдері, зақымданып жойылған клеткалардың лизосомаларынан бөлініп шығатын гидролиздеуші ферменттер (40-қа жақын), митохондрийқұрамындағы тотықтандырушы-тотықсыздандырушы ферменттер жиналады, сөйтіп, тканьдік ацидоз дамиды.
Медиаторлар қабынуды іске қосушы механизмдерге жатып, көптеген клеткалардан және плазма құрамынан бөлініп шығады. Оларды екі топқа бөліп қарауға болады. Тікелей әсер етуші медиаторларға серотонин, гистамин, анафилаксияның бояу әсерленуші субстанциясы, тромбоциттерді белсендіруші фактор жатады.
Жанама әсер етуші медиаторларға комплемент жүйесінің компоненттері, нейтрофилдер мен макрофагтардың лизосомалық ферменттері жатады. Қабыну медиаторларының қайнар көзі болып лаброциттер, тромбоциттер, базофилді және полинуклеарлы лейкоциттер, макрофагтар мен лимфоциттер және плазма компоненттері есептеледі. Қысқаша айтқанда, қабыну ошағында Зат алмасу өрті басталады.
Қабынудың екінші экссудация фазасы, альтерация кезінде бөлініп шыққан медиаторлар әсерінде дамиды. Ол бірнеше күрделі өзгерістерді өз ішіне алады: а) микроциркуляция арнасының реакциясы және оған байланысты қанның реалогиялық қасиеттерінің бұзылуы; б) майда қан тамырларының өткізгіштігінің артуы; в) қан тамырларынан қан плазмасының бөлініп шығуы; г) қан элементтерінің шығуы.
Эксудативті қабынуда қабынудың үш компонентінің ішінде эксудация процесі басым болады. Тканьдердің арасында, ағзалардың қуыстарында жалқық жиналады. Жалқықтың құрамы ауру тудырушы микробтардың түріне, ферменттік қасиеттеріне, бөліп шығаратын токсиндеріне организмнің реактивтігіне, қан тамырларының өткізгіштік мүмкіндігіне байланысты. Кейінгі кездері іріңді қабынудың негізгі қоздырушылары болып стрептококтар, стафилококтар, Гр- - таяқшалар (көкірің таяқшасы, протей, ішек таяқшалары) есептелінеді.
Аурудың барысында жалқықтың бір түрі екінші түрімен алмасуы мүмкін. Мысалы, плеврит сарысулы қабынумен басталып, кейін сарысулы-фибринді, ақырында, фибринді-іріңді қабынуға айналады.
Қабыну ошағында клеткалардың көбею процесі басым болғанда оны пролиферативтік (продуктивтік) қабыну деп атайды. Көбейген жергілікті (гистиогенді) және гематогенді (қан арқылы келуші) клеткалар бір жерге ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардағы өкпе туберкулезі
Қабыну және қабынудың себептері
ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Қабыну процесі
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Біріншілік туберкулез
Ағзаның жарақатқа жалпы және жергілікті реакциясы
Қазақстандағы ластану салдарынан дамитын генетикалық аурулар
Балалардағы туберкулез
Қабынудың этологиясы
Пәндер