Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
РЕФЕРАТ
Оқтан болған зақымданулардың сот-медициналық сараптамасы.
Орындаған: Тошанов Д.А.
Тексерген: Базилова А.А.
Алматы қаласы
2021 жылы
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
Пайдаланған әдебиеттер.
Қорытынды.
Кіріспе.
Сот медицинасы - сот істерін жүргізу кезінде туындайтын медициналық және биологиялық мәселелерді зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Бастапқыда сот медицинасы мен криминалистика қылмысты ашу мен тергеу жөніндегі біртұтас ғылым болды. Кейіннен мәліметтердің жинақталуына, зерттеу тәсілдерінің түрленуі мен жетілуіне орай сот медицинасы бөлініп шықты. Сот медицинасының дамуы қоғамда құқықтық қатынастардың өркендеуі мен медицина және биология ғылымдардың дамуына тікелей байланысты.Сот медицинасы теориялық және практикалық бөліктерден тұрады. Теория объективті заңдылықтарды зерттеумен және практикаға қажетті ұсынымдар даярлаумен айналысады. Практика болса сот ісін жүргізу кезінде туатын нақты медициналық-биологиялық мәселелерді шешумен айналысады. Сот медицинасы зерттеуге денсаулықты бұзған немесе өлімге әкеп соққан адамның сырттан әсер алу түрлері негіз болады. Сот медицинасы сараптама тірі адамға, мәйітке, заттай дәлелдемелерге, өзге де іс материалдарына жүргізілуі мүмкін. Сараптама кезінде биологиялық заттай дәлелдемені (қан, шаш, түк, ұрық, сілекей, адам мен жануардың ішкі органдары, тін бөлшектері, т.б.) тексеру үшін және сәбидің әке-шешесін анықтау мақсатында сот-биологиялық зерттеу жүргізіледі. Сот медицинасы сот-медициналық танатология (өлім себептері мен механизмін зерттейді), сот-медициналық травматология (мертігу диагностикасы мен механизмін қарастырады), сот-медициналық токсикология (улануды анықтау және алдын алу әдістерін қалыптастырады), сот-медициналық гинекология бөлімдерінен, сондай-ақ жоғары темп-раның, электрлік және сәулелік энергияның әсерін зерттейтін, т.б. бөлімдерден тұрады. Ғылым ретінде сот медицинасының бастауы француз хирургі Амбруаз Пареннің (1579), сицилиялық дәрігер Фортунато Фиделистің (1602), италиялық дәрігер Павл Закхиакстың, неміс дәрігері Иоган Бонның (1689) сот-медицинасы мәселелер жөніндегі еңбектерінде жатыр. 18 ғасырда сот медицинасы бойынша шығармалар саны көбейді. 1821 жылдан Германия, Австрия, Англия, Францияда сот медицинасы бойынша журналдар мен жинақтар шыға бастады.
Сот медицинасында сараптама бойынша бағалауға әр түрлі жарақаттарды алған адамдар және жекелеген адамдардың денесіндегі жарақаттар, сыртқы тік немесе қиғаш эсерлерден болған жағдайларда жиі қарастырылады. Сот медицинасында бұл жарақаттарды дене жарақаты деп атайды. Мұнда анатомиялық бүтіндігі немесе физиологиялық ағзалардың қызметі, не әр түрлі сыртқы фактор эсерінен (механикалық, температуралық, химиялық, физикалық және т.б.) денсаулықтың бұзылуы немесе өлім болған жағдайлар жатады. Осы жайттарды механикалық жарақаттарда нақтырақ қарастырамыз. Жарақаттар әр түрлі заттардың адаммен әсерлесу нәтижесінде пайда болады. Жарақат адам денесі немесе зақымдалған объектінің қозғалысы мен статистикасына теңеледі. Сот-медициналық сараптамада зақымдалудың морфологиялық ерекшелігін, қай затпен тигізу механизмінің пайда болуы, денсаулық жайы және жапа шегушінің өмірін анықтайды. Заңгерлер механикалық жарақаттың жіктелуін клиникалық көріністері динамикасының жойылуын, осыдан жарақатты бақылау және жүйелеуін, жарақаттың пайда болу уақытын және қай затпен жарақатты тигізгендігін қарастырады. Жара, сызат, қанталау, ішкі ағзалардың зақымдануы және жарақат ұғымдарының мағынасын қарастырайық. Сызат - адам денесінде тері үстінен доғалданған затпен қысым түсірсе немесе осы заттың үстінен адам сырғанаса пайда болады. Сызат заттың пішінінің ұзындығына және оның қорғанысының бағытына байланысты әр түрлі болады. Мұнда оқты қарудан немесе жарылатын заттан алынған механикалық жарақаттар қарастырылады. Оқ тиген кездегі жарақаттар механикалық, химиялық, термиялық эсерден пайда болады. Оқ тигендегі жарақаттардың пайда болуы: оқ энергиясына, зақымданған дененің анатомиялық ерекшеліктері (жұмсақ ұлпалар, сүйек, шеміршек) мен жәбірленушінің киімінің қалыңдығына байланысты. Бұл жарақаттардың механизмі мынандай: оқ үлкен жылдамдықпен денеге тигенде ауыр соққы береді және өзінің жанындағы мүше мен тіндерге зақым келтіреді. Оқ сүйекке түскенде сынықтар пайда болып, жақын жатқан тіндерді зақымдайды. Оқ тигендегі жарақаттар: тұйық, жанап өтетін, тесіп өтетін болады. Олардың негізгі элементтері - кіру тесігі, жарақат жолы, шығу тесігі.
Кіру тесігі - оқтың денеге кіру жері. Оқ денеге кірген кездегі пайда болатын зақымдалулар сипаты:
а) тері және ұлпадағы ақаулардың пайда болуы.
Оқ перпендикулярлы түрде және үлкен энергиямен кірген болса, теріні тесіп өтеді, мұнда жара шеті тегіс, ішке кіргізілген, сол уақытта тері бөлшектері жарақат жолының ішіне тартылған, тері тесігі дөңгелек тәрізді және жарақат жолына қарағанда 1-2 мм-ге кіші болады.
Оқ кинетикалық энергия бойынша теріні теспей, жыртады, сонда тері созылып жыртылады.
б) шегінді белдеу. Оқ перпендикулярлы түрде кіргенде 1-3
мм алқызыл-сары түсті сақина тәрізді болады. Шөгінді белдеу
сыртқы тесікте пайда болуы мүмкін, себебі оқтың денеден шығу
аумағы терінің беткі қабатының аршылуына әкеліп соғады.
в) дақты белдеу. Ол қарудың металынан, ыс бөлігінен туындайды. Оның ұзындығы 0,5-2,5 мм және де денеде шөгінді белгіге
ұқсас болып келеді. Дақты белдеуде металдың бөліктерінің жиналуын спектральді талдау арқылы білуге болады. Бұл қарудың
және қосымша заттардың идентификациясы үшін қажет. Өлімге алып келетін жарақаттардың дәлелі болып, пергаментті дақтар деп аталатын, өлікте тері деңгейінен төмен орналасқан, коңырқай-сары мәйіт дақтары. Өлімге алып келетін өмірлік зақымдарды анықтау үшін сот-медициналық сараптамасы тағайындалады. Жарақат аумағындағы ағзалар мен ұлпалардың бөлшектерін микроскоптық зерттеу арқылы, ағзаның жарақатқа қатысты реакциясының алғашқы белгілерін және тамырдың өмірлік патологиялық өзгерістерін нақтылауға болады. Оқ-дәрінің (патрондардың, артиллерия снарядтарының, миналардың, гранаттардың, жарылғыш заттардың) және оның бөліктерінің (капсюльдер, тұтандырғыштар, детонаторлар) жарылуынан бастап атылатын қарудың барлық түрінен салынатын жарақаттар оқ тигендегі жаралар деп саналады. Бұл жарақаттар сипаты жағынан алғанда мейлінше алуан түрлі. Олардың көпшілігі таза механикалық жарақаттар болып табылады. Ал басқалары механикалық факторлардың ғана емес, оның үстіне атыстың немесе жарылыстың температуралық, химиялық факторларының да әсер ететіндігінен аралас жарақаттар да болуы мүмкін. Сот медицина сараптамасын жүргізгенде сарапшының осы жарақаттардың сипаты мен механизміне, қолданылған снаряд пен оқ атылған қаруға, атылған қашықтыққа, зақым келтірілген атыс санына, оқтың кірген және шыққан жеріне, жара жолының бағытына, т.б. қатысты бірқатар сұрақтарға жауап қайтаруына тура келеді. Ал оқ тигендегі жарақаттардың сипаты көптеген себептерге, бірінші кезекте қару мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz