Араб Тілінің жазылуы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

ОҚА “ЛИНГВА” ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ ОРТАЛЫҒЫ

Реферат

Пәні: Тіл біліміне кіріспе

Тақырыбы: Араб тілі

Орындаған: Ташмет Дана

Тексерген: Қазкен Айпара Бағдатқызы

2020-2021 оқу жылы

Араб тілі - семит тілдерінің ішіндегі сөйлеушілер саны жағынан бірінші орын алатын, әлемде 422 миллионға жуық адам сөйлесетін тіл. Араб тілі негізінен араб елдерінде және Түркия, Сенегал, Чад, Эритрея елдерінде таралған. Араб тілі Құранның тілі болғасын мұсылмандардың арасында қасиетті тіл саналады және кейбір құлшылықтар (мыс. : намаз) араб тілінен басқа тілде орындалмайды.

Араб тілі жалпы тіл білімінде генеологиялық классификация бойынша хамит-семит тілдері тобының ең бай тармағы болуымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымының ресми тілі ретінде әлемдегі негізгі тілдердің біріне айналады Қазір бұл тілде 190 млн-ға жуық адам сөйлейді.

ХХ ғасырдың отызыншы жылдарыны дейін араб әліппесін қолданып жазған ата-бабаларымыздың мұраларын игеру үшін, азаттығымыздың нәтижесінде мұсылман қауымы ден қойып отырған ислам дінін, қасиетті Құран мағынасан жете түсіну үшін және қазақ тіліне енген араб кірме сөздеренің этимологиясын айқындап, олпрдын мағынасын, грамматикалық құрылысын, т. б. салыстыра зерттеу үшін араб тілін меңгеру аса қажет.

Қазақстанда араб тілі бұрынғы Қазақстан Компартиясы Орталық коммитеті мен Министірлер кеңесінің қаулысы бойынша 1975 жылдан бері оқытылып келеді . Қазіргі уақытта республика бойынша елуден аса жоғары және отра білім беру орындарында араб тілі арныйы пән ретінде жүргізілуде. Араб тілі флективті тілдердің қатарына жататындықтан грамматикасының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, басқа тілдерде сөзжасам есім сзден жасалса, араб тілінде көптеген есім сөздер етістіктен белгілі бір үлгілер бойынша жасалады.

Араб тілі грамматикасы сарф және наху болып екіге бөлінеді . Сарф (морфология) сөз және оның формалары туралы ілім. Араб тілінде морфология негізінен етістікті, оның баптарын, түрлерін және етістіктен және есімнен жасалған туынды есім сөздерді зерттейді. Наху(синтаксис) - сөз тіркесі және сөйлем туралы ілім. Араб тілінде синтаксис сөздің сөйлемдегі тәртібін және сөздің өзгеруін зерттейді.

Семит т3лдер тобына жататын араб тілі алғашқыда тек Араб жарты аралында ғана қолданылған. Хижраның 1 ғасырынан бастап ислам дінінің дүние жүзіне кең таралуына байланысты араб тіліне қажеттілік арта түсті. Классикалық араб тілінің негізгі қасиетті Құран тілінен бастау алады.

Араб Тілінің жазылуы

Араб жазуында 28 әріп бар. Олардың үшеуі (а, и, у) созылыңқы дауысты дыбыстарды, қалғандары дауыссыз дыбыстарды бейнелейді. Дауыссыз дыбыстардың асты-үстіне харакаттар (көмекші белгілер) қойылады. Бұл белгілер Құранда, сөздікте, оқу құралдарында міндетті түрде қойылып, ал қалған кездерде қойылмауы мүмкін.

Құснихат үлгілерінде Араб жазуының сулс, куфа, сулх, парсы, диуани, насталих, т. б. түрлері пайдаланылады.

Араб жазуы қазіргі кезде барлық араб елдерінде, ислам дінін ұстанатын бірқатар мемлекеттерде (Индонезия, Үндістан, Иран, Ауғанстан, Кавказ елдері және Орта Азия, т. б. ) қолданылады.

Араб тілінің жазылу тарихына келер болсақ, жаһилиет дәуірінде арабтарда жазу дамыған жоқ. Арабтар өз араларында тек келісімшарттар жасаған уақытта ғана жазатын еді. Сонымен бірге басшылар арасындағы хаттар. Бәдәуи арабтар хат жазуды намыс санап тек жаттап алатын.

Келісімшарттар мен хаттардан басқа жәһилиет дәуірінің шайырлары өз шығармаларын қағазға түсіретін.

Йемен халқы б. з. д. 1000 жыл бұрын жазу қолданған. Діни қағидалар мен заңдарын тастарға қашап жазған. Бірақ жазуды күнделікті өмірде қолданғаны туралы нақты мәлімет жоқ.

Қазақстанда Араб жазуы ислам діні арқылы 7-9 ғ-лар аралығында таралған. Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, С. Бақырғани т. б. ғұламалар Араб жазуын өздері туып-өскен орталарында үйренгені, сол дәуірлерде арабша оқытатын медреселер болғанын көрсетеді. Араб жазуы алғашқыда “қадым”, кейін “төте” жазу үлгілері түрінде Қазақстанда 1928 ж-ға дейін пайдаланылып келді.

Қолжанылған әдебиеттер:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдес мемлекеттердің латын графикасына көшуінің маңызы туралы
Қазақ фонетикасының құрылымы
Қазақ халқының Түркі халықтарымен бірге латын графикасына көшуі
Орфография
Қазақ тілі орфографиясындағы негізгі және қосалқы принциптер
Қазақ жазуының тарихы
Латын тілін синхрониялық аспектіде қарастыру
Араб графикасына негізделген жазуды қазақ мәдениеті
Қаншама қазақтың ошағы сөнді
Бастауыш сыныптардағы орфографиялық қателерді түзету және ескерту бойынша жүргізілетін тиімді әдістері мен жұмыс түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz