Эмоцияларды басқару



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
ҒҰМАРБЕК ДАУКЕЕВ АТЫНДАҒЫ АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

СРС-2

Тақырыбы: Интеллект жалпы қабілеттілікті бағалау ретінде. Интеллектті бағалау. Креативтілігі: шығармашылық қабілеті.
Мамандығы:Жылу энергетика
Орындаған: Тохтау Диас
Тобы: Тэк 19-2
Тексерген: Танибергенова Р.К
__________ ________ _______ ______________2020ж.
(бағасы) (қолы)

Алматы, 2020
Жоспары

Кіріспе 3

1. Интеллект жалпы қабілеттілікті бағалау ретінде
4
2. Қабілеттілік психологиялық құбылыс ретінде
7
3. Эмоциялық интеллект феномені және оның тұлға аралық өзара әрекеттесудегі маңызы

9
Қорытынды
15
Әдебиеттер тізімі
16

Кіріспе

Бұл зерттеуде тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері қарастырылған. Тұлға құрылымындағы интеллекттік даму және өзіндік сананың негізгі компоненттерінің бірі өзіндік бағалау ерекшеліктерін өзара байланысты қарастыра отырып, интеллекттік дамуға этнопсихологиялық түсініктердің әсері зерттеледі.Жұмыста әртүрлі этносты құрайтын сыналушылардың интеллекттік дамуы, олардың этнопсихологиялық түсініктері, атап айтқанда: ұлттық салт-дәстүрлер, этностық мәдениет, дін, халық творчествосы, басқа ұлтқа деген толеранттылық сияқты түсініктердің интеллектпен өзара байланыста дамитындығы эксперимент барысында анықталды.Сонымен қатар, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысы әртүрлі этностық топтарда эксперимент барысында зерттелді.Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда қоғам талаптарының бірі жан-жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру болып табылады.
Еліміздегі түбегейлі өзгерістер тұлға құрылымына психологиялық тұрғыдан жаңа сипатта қарауды қажет етеді. Сонымен қатар, қоғамдағы болып жатқан өзгерістер творчестволық тұлғаның мақсатқа бағытты қалыптасуын, белсенді өмірлік бағыты бар тұлға дамуын талап етіп отыр. Бұл талаптың жүзеге асуы белгілі бір дәрежеде тұлға белсенділігінің табиғаты түсінігімен анықталады. Сондықтан тұлға дамуында интеллекттік белсенділікті және өзіндік бағалауды айқындау - басты мәселелердің бірі. Сондай-ақ, интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысын этнопсихологиялық негізде зерттеу бүгінгі таңдағы этнопсихология ғылымының басты мәселелер қатарынан орын алады. Осы орайда тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалау ерекшеліктерін зерттеу, олардың өзара байланысын және этнопсихология аясында қарастыру мәселесінің артта қалып отырғандығын атап өткен жөн.Интеллекттік даму мен өзіндік бағалауды зерттеу нәтижесінде тұлғаның мінез-құлқы мен іс-әрекет мотивациясында этномәдени ерекшеліктерге негізделген айырмашылықтардың бар екендігі айқындалды. Өзіндік бағалау мен инттеллекттік даму тұлғаның өмір сүріп отырған ортасына, сондай-ақ, оның өз-өзіне қатынасына байланысты. Сондықтан тұлғаның интеллекттік дамуы мен өзіндік бағалауының өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсерін анықтау, сонымен бірге жаңа эксперименттік психологиялық зерттеу қажеттігі туындайды.

Интеллект жалпы қабілеттілікті бағалау ретінде

Бүгінгі таңда адамдар мен қоғамның салауаттылығы бүкіл өркениетті әлем үшін әлеуметтік сипатқа ие болып отыр. Адам салауатты өмір салты мен денсаулық мәдениетін игермей тұрып, өзін білімділер қатарына жатқыза алмайды. Өйткені әрқайсымыздың денсаулығымыз - бұл жеке байлық қана емес, сондай-ақ еліміздің экономикалық қуатының өсуі үшін де қажетті шарт.
Тұлғаның жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері дамыту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады.
Гуманистік психология адамды биологиялық емес əлеуметтік тіршілік иесі ретінде қарастырады. Осы көзқарасқа сəйкес адам баласы өзін қоршаған адамдармен, қоғаммен қарымқатынас жасамайынша дами алмайды. Мұндағы тұлғаның қоғаммен байланысы қоршаған ортамен сəйкес жүру емес, өзара қатынаста жəне өзара əрекетте болу мақсатымен жүреді. Дəлірек айтар болсақ, адам баласы - эмоциялық тіршілік иесі, бір адамның эмоциясы келесі адам эмоциясымен іргелесіп өмір сүреді. Осы тұста эмоциялық реакциялардың сəйкестігі мен ортақтығы аясында мəселе туады.
Бұл мəселе бір адамның келесі адаммен диалогқа түсуі барысында шешіледі
Эмоционалды интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі.
Интеллект (лат.іntellectus -- таным, ұғыну, аңдау) - жеке тұлғаның ақыл-ой қабілеті. Ақыл-ой сезімі адамның таным әрекетімен байланысты. Алғашында бұл термин адам психикасының орынды ойлау функцияларын белгілесе, казіргі кезде оған барлық танымдық үрдістер кіреді.
Интеллект - адамның болмысты тануының негізгі нысаны. Интеллект - ақпаратты мақсатты бағытта қайта өңдеуге, реттеуге, оқуға қабілеттіліктің күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті.
Эмоциялық интеллект (ЭИ) дегеніміз өз сезімдері мен өзге адамдардың сезімдерін түсінуге, өзіне мотивация туғызып, өз эмоцияларын да, басқа адамдарға қатысты эмоцияларды да басқара білуге қабілеттілікті білдіреді.
Бұл анықтама академиялық қабілеттерден ерекшеленетін, бірақ оларды толықтыратын және ақыл - ой дамуының коэффициентімен бағаланатын таза танымдық қабілеттерді сипаттайды.
Эмоционалды интеллект идеясы Э.Торндайк, Дж.Гилфорд, Г.Аизенк сияқты авторлар қарастырған әлеуметтік интеллект ұғымынан шықты. ЭИ-тің ашылуын болжаған ең алғашқы жұмыс 1920 ж. Р.Торндайк жүргізген зерттеу болды. Бұл автордың моделі бойынша интеллектуалдық әрекеттердің жалпы негізі кӛптеген жекелеген факторлардың ӛзара әрекеттестігінде ашылды.
Э.Торндайк алғашқы болып жалпы интеллектінің әлеуметтік интеллект - басқаларды түсіне білу және қоршағандарға қатысты өзін-өзі дұрыс ұстау немесе ақылмен әрекет ету қабілеті сияқты бөлігін бөліп көрсетті.
Эмоционалды интеллект ұғымына Х.Гарднер ерекше жақын келді, ол өзінің көптеген интеллект теориясының аясында ішкі тұлғалық және тұлғааралық интеллектіні сипаттады. Оның осы ұғымдар аясына сыйдырған қабілеттерінің ЭИ-ке тікелей қатынасы бар. Мысалы, ішкі тұлғалық интеллектіні ол өзінің эмоциялық өміріне, өзінің аффектілері мен эмоцияларына апаратын жол: сезімдерді тез ажырата білу, оларды атай білу, таңбалық кодтарға айналдыра білу және өз мінез-құлқын түсіну мен басқару үшін құрал ретінде пайдалана білу қабілеті деп түсіндірді.
Эмоционалды интеллектінінің ғылыми психологиядағы алғашқы және анағұрлым танымал моделін 1990 жылы Питер Сэловей мен Джон Мэйер ұсынды, олар эмоциялық интеллект терминіне анықтама берген алғашқы зерттеу жұмыстарын жариялады, сондай-ақ, оны өлшеу әдістемесін ұсынды (EQ). Бұл модельдің алғашқы нұсқасы 1990 жылы ұсынылған болатын.
Олар эмоционалды интеллектіні өзінің және басқалардың сезімдері мен эмоцияларын қадағалай білу, оларды ажырата білу және осы ақпаратты ойлау мен әректтерді бағыттау үшін қолдана білу қабілеті ретінде анықтады. 1997 жылдан бастап қана эмоциялық интеллектіні эксперименталды зерттеу басталды. Арнайы тренингтер мен дамыту топтары жанұялық климатты, тұлға аралық қарымқатынасты реттей бастады, яғни эмоциялық интеллект іс жүзінде нəтиже бере бастады. Эмоциялық интеллект деңгейі жоғары тұлғалар өз жəне өзгенің эмоциясын түсінетін, эмпатияға бейім, қарым-қатынаста эмоцияны басқара алатын болғандықтан əлеуметте адаптацияланған əрі мақсаттарына жете алатын индивид ретінде көрінеді. Ата-ана тəрбиесінде эмоциялық интеллектінің алатын орнының маңызды тұстарын жəне бала дамуында эмоциялық интеллектінің рөлін зерттеу арқылы отбасындағы психологиялық жағдайды позитивті өзгерту біздердің маңызды мақсаттарымыздың бірі.
Қазіргі зерттеулердің бір сыпырасы эмоция мен интеллект арасындағы өзара байланысты зерттеуге бағытталған. Эмоциялық интеллект психологиядағы жаңа бағыттардың біріне кіреді.
Г. Гарднер мен П. Сэловей ұсынған эмоциялық интеллект ұғымы мыналарды қамтиды:
1) өзіндік эмоцияларды тану,
2) эмоцияларды басқара алу,
3) өзіндік мотивация,
4) өзге адамдардың эмоциясын тани білу.
1. Эмоциялардың идентификациясы. Эмоцияларды қабылдау (яғни эмоциялардың бар екендігін байқай білу қабілеті), оларды идентификациялау, бара бар білдіру, шынайы эмоциялар мен олардың жасандылығын ажырата білу сияқты өзара байланысты бірқатар қабілеттерден тұрады.

2. Эмоцияларды ойлау мен іс-әрекеттің нәтижелілігін арттыру үшін қолдану.
Эмоцияларды зейінді маңызды оқиғаларға бағыттау үшін қолдану, міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызатын эмоциялар туғызу (мысалы, жақсы көңіл-күйді шығармашылық идеялар туғызу үшін қолдану), көңіл-күйдің толқуын мәселені әр түрлі тұрғыдан талдау құралы ретінде қолдану қабілетінен тұрады.
3. Эмоцияларды түсіну. Эмоциялар кешенін, эмоциялар арасындағы байланыстарды, бір эмоциядан екіншісіне ӛтуді, эмоциялардың себептерін, эмоциялар туралы вербальды ақпаратты түсіну қабілеті.
4. Эмоцияларды басқару. Эмоцияларды қадағалау, жағымсыз эмоциялардың қарқындылығын тӛмендету, өз эмоцияларын, оның ішінде жағымсыздарын да ұғыну қабілеті, эмоциялық тұрғыда артылған мәселелерді олармен байланысты жағымсыз эмоцияларды басып-жаншымай шешуге қабілеттілік. Тұлғалық өсуге және тұлғааралық қатынастарды жақсартуға мүмкіндік туғызады.
Р.Бар-Онның моделі ЭИ ұғымына өте кең түсінік береді. Ол ЭИ-ні адамның әр түрлі өмірлік ситуацияларды табысты жеңіп шығуына мүмкіндік беретін барлық когнитивті емес қабілеттер, білімдер мен құзыреттілік ретінде анықтайды. Р.Бар-Он ЭИ-нің бес компонентімен теңдестіруге болатын құзыреттіліктің бес сферасын бөліп кӛрсетті; бұл компоненттердің әрқайсысы бірнеше субкомпоненттерден тұрады:
1. Өзін тану: өз эмоцияларын ұғыну, өзіне деген сенімділік, өзін-өзі құрметтеу, өзін-өзі өзектілендіру, тәуелсіз болу.
2. Тұлғааралық қарым-қатынас дағдылары: эмпатия, тұлғааралық өзара қатынастар, әлеуметтік жауапкершілік.
3. Бейімделуге қабілеттілік: мәселені шешу, шынайылықпен байланыс, икемділік.
4. Стрестік ситуацияларды басқару: стреске тұрақтылық, импульсивтілікті қадағалау.
5. Басым көңіл-күй: бақыт, оптимизм.
Р.Бар-Он эмоциялық интеллектіні өлшеуге арналған, EQ деп аталатын сауалнама құрастырды. Бұл сауалнама жоғарыда аталған субкомпоненттерге сәйкес келетін 15 шкаладан тұрады. Ұсынылған модельге негіз болып дәл осы компоненттерді бөліп кӛрсетудің дұрыстығын растайтын қандай да бір эмпирикалық мәліметтер емес, автордың кәсіби тәжірибесі мен әдебиеттерді талдау табылатындығын атап кеткен жөн.
Эмоционалды интеллектінінің мүмкіндіктерін дамыту мәселесі ғылымда пікір талас тудырып отыр. Сонымен бірге эмоционалды білімдер мен дағдыларды арнайы оқыту үрдісінде қабылдауға болады деген түсінік бар. Қазіргі кезеңде ЭИ биологиялық және әлеуметтік алғышарттары негізделетін эмоционалды білім үшін ғылыми негізде талдау жасау қажет. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі кӛрсеткендей ЭИ қабілеттерін дамыту үшін биологиялық алғышарттардың негізінде темпераменттің қасиеттері және мидың ассиметриясын функционалдайтын туылғаннан берілетін айырмашылықтар жатыр. ЭИ әлеуметтік алғышарттары ең алдымен отбасылық ортада қалыптасады. Олар ерлі зайыптылардың арасындағы қатынастармен, ата-ананың баланың ішкі өміріне назар аударуымен, жағымды Мен бейнесі мен ӛзін ӛзі дұрыс бағалауды қалыптастырумен, ӛзін ӛзі бақылауды дамытумен, эмоционалды ақпараттарды дұрыс талдай алумен, баланың мінез-құлық ерекшелігіне көңіл бөлумен және тәрбиелеу стратегиясымен сипатталады.
Шетел психологтарының зерттеулеріне сүйене отырып, ЭИ бұл адам өмірінің барысында оның деңгейі мен өзіндік жеке-дара ерекшеліктеріне негіз болатын бірқатар факторлардың ықпалымен қалыптасатын психологиялық құрылым деген қорытынды жасауға болады. Әйтсе де, әр түрлі авторлардың осыған байланысты көзқарастары жарым-жартылай ғана ұштасады, көпшілігі нақты тұжырымдалмаған, кейде ЭИ ұғымы тым кең түсіндіріледі. ЭИ-нің тұтас психологиялық теориясын құру әлі алда тұрған мәселе. Өйткені, ЭИ-нің оқудағы маңыздылығын кӛрсететін сенімді эмпирикалық дәлелдер әзірге жоқ, бірақ осы саладағы ізденістерді жалғастыру қажет.

Қабілеттілік психологиялық құбылыс ретінде

Қазіргі жаһандану заманында адамзат алдында бұрын болмаған жаңа əлеуметтік мəселе қойылып отыр. Ол - əлемдік бəсекеге төтеп бере алатындай еңбек ету, бəсекеге қабілетті өмір сүру, бəсекелестікте ұтылмайтындай іскер маман болу. Мұны нарықтық экономиканың құралы деп түсінуіміз керек. Қоғамымыздың қарыштап даму кезеңінде адамның жай қабілеттілігі мен біліктілігі əлемдік бəсекелестік жарыста озып шығу үшін жеткіліксіз болып отырғаны белгілі.
Қабілеттілік туралы мəселе - ең күрделі проблеманың бірі. Оның сипаты мен заңдылықтарын, түрлері мен жетілдіру жолдарын, адамның іс-əрекетімен жəне мақсат-мұраттарымен байланысты зерттеумен ұзақ жылдар бойы философтар, экономистер, психологтар, педагогтар шұғылданып келді. Алайда, қабілет мəселесі əлі де ғалымдардың күнделікті тақырыптарынан түспейтін, зерттеулерді-ізденісті қажет ететін өзекті мəселелердің бірі болып отыр. Бұл мəселенің түп тамыры ғасырлар тереңінде жатқаны да белгілі.
Қабілеттілік - жеке адам туралы ілімнің құрамды бір бөлігі болып табылады. Қабілеттілік ұғымын ғылымға алғаш рет Платон енгізген əрі көптеген ғалымдар оның пікіріне сүйенеді. Яғни, қабілеттіліктің пайда болуы тұқымқуалаушылықтан болады. Ал оқыту жəне тəрбиелеу олардың ары қарай даму үрдісін жылдамдатады. Оған дəлел ретінде, ұлы танымал адамдарды мысал етті (Моцарт, Раффель т.б). Платонның ойынша, адамдар өздерінің қабілеттеріне қарай əртүрлі болады, біреулері басқару үшін, біреулері бағыну үшін дүниеге келеді. Дегенмен, бұл ойларды теріске шығарушылар да болды.

Адамдар ақыл-ойының əртүрлі дəрежеде болу себебі оларды тəрбиелеудегі айырмашылықтарға байланысты (Гельвеций), əрбір адамның белгілі бір қабілеттілікпен туатындығы (Дидро) туралы алғашқы ой-пікірлер қабілеттіліктің психологиялық функциясын аша түсті.
Қабілеттілік туралы ой-пікірлерді дамытудың маңызды кезеңі бұл испан дəрігері Хуан Уартенің есімімен тығыз байланысты. Ол өзінің Examen de ingenious paralassciencias (1575 ж.) атты кітабында əр адамның іс-əрекеті жоғары қабілеттілік дəрежеде болу үшін Хуан Уарте: ағаш ұстасы - егіншілікпен, тоқымашы - сəулеткерлікпен, заң қызметкері - дəрігерлікпен, дəрігер - адвокаттықпен айналыспасын, əркім табиғат берген қабілетіне лайықты кəсіппен немесе өнермен айналысатын болсын деген шарттың орындалу керектігін ұсынған.
Чех педагогы, гуманист Я.А. Коменский Ұлы дидактикасында (1632) қабілеттілікті дамытатын таным процесінің рөлі анықталды.
Ағылшын философы Фрэнсис Бэкон табиғи дарындылықты мойындап, қабілеттілікті дамытуда тəрбиенің маңызды рөл атқаратынын айтқан. Ал Томас Гоббс қабілеттіліктердің түрлерін бөліп көрсетіп, қабілеттілік қатынасында табиғат адамдарды тең жаратты деген.
Ағылшын философы Джон Локк материалистік сенсуализимнің негізін салушы өзінің еңбектерінде білімсіз жəне идеяларсыз жан былай айтқанда, ақ қағаз секілді (латын тілінен аударғанда tabula rasa - таза тақта). Адам баласы өмір тəжірибесі арқылы қабілеттері дамиды деп көрсетеді .
К. Маркс қабілеттіліктің əлеуметтік мəнін талдай келіп, оны адамға лəззат беретін, ұйықтап жатқан түрлі сезімдерді оятатын, адамның мəнді күші саған.
Адам қабілеттілігі А.Н. Радищевтің, В.Г. Белинскийдің, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың еңбектерінде де əлеуметтік тұрғыда талданған. Абайдың шығармаларында, əрбір қазақ азаматының өзінің қабілетіне сай, бала бағу немесе мал бағу, білім қуу, өнер үйрену, егін егу, сауда жасау сияқты белгілі бір кəсіппен айналысу қажеттігі айқын көрсетілген.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында қабілеттілікті зерттеудің жаңа кезеңі басталды, психологиялық тестілеу, онымен бірге ғылымның жаңа бағыты ретінде даралық ерекшеліктердің психологиясы (дифференциалды психология) пайда болды. Бұл мəселемен Францияда өзінің қызметкерлерімен бірге А. Бине, АҚШ-та Д. Кеттел мен С. Холл, Германияда - В. Штерн мен Э. Крепелин айналысты.
ХХ ғасырдың басында француз психологы А. Бине ақыл-ойдың даму деңгейін анықтау тəсілдерін жасаған. Кейінрек, неміс психологы В. Штерн интеллектің жеке деңгейін сипаттау үшін интеллектуалдық коэффициентін есептеп шығаруды ұсынды, əрі ақыл-ой қабілеттілігіне мынадай анықтама берді: Ақыл-ой қабілеттілігі - өз ойын саналы түрде жаңа талаптарға қарай бағыттайтын, жаңа міндеттер мен өмір жағдайына бейімдейтін жалпы ақыл-ой қабілеттілігі.

Қабілет мəселесі арнайы психологиялық зерттеудің пəні ретінде - ағылшын ғалымы Ф. Гальтон ұсынған адамдағы ерекшеліктердің эксперименттік жəне статистикалық зерттеулерінің негізінен болып табылады. Ф. Гальтон адамдардың жеке дара ерекшелігі мəселесін зерттеп, 1869 жылдан бастап ғылыми зерттеулер жүргізе бастады. Сонымен бірге ұлы да қабілетті адамдардың өмірлерін бақылай келе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоциялар және эмоционалдық интеллект
Жеке және тұлғалық ерекшеліктерді талдау мен өзіңді және басқаларды түсіну арқылы басқару
Эмоция және эмоциялық интеллект туралы теорияларды салыстыру нәтижесінде заманауи тұлғаның жетістікке жету индикаторын жасау
Эмоциялық интеллект - адамның өзінің және өзгелердің эмоциясын түсіну және олардың эмоциялық күйіне бейімделу икемділігі
Эмоциялық интелектіні дамыту бағдарламасын құрастыру
Эмоцияналды интелект, салыстырмалы талдау
Эмоцияларды түсіну
Жасанды интеллектуалды эмоцияны тану жүйелері
Эмоционалдық интеллекті дамыту бағдарламасын құру
Эмоцияларды басқару жолдары. Эмоциялық процестер және эмоцияның басқарылуы
Пәндер