Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік капитал



Жоспар:
I тарау. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.
1.1 Кәсіпкерлік: мәні, мазмүны және түрлері 4
1.2 Еркін кәсіпкерлік пен оның түрлері 9
1.3 Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 12
14 Кәсіпкерліктің қалыптасуы. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік
тіжірбие 18
II тарау. ҚР .дағы кәсіпкерлікті және шағын Бизнесті дамуын басқару.
2.1 Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару 21
2.2 Шағын бизнестің мазмұны және ерекшеліктері ... .. 27
2.3 Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы 29
2.4 Капиталдың айналымы мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33

ΙΙΙ тарау.Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлікті және Шағын Бизнестің дамуын басқару.

3.1.Қ.Р. . дағы кәсіпкерлікті басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
3.2.Шағын бизнестің мазмұны және ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38
3.3.Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы ... ... ... ... ... ... ... .40
Қорытынды 42
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІП Т.РЫСКУЛОВ атындағы
ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ ҚАРЖЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ИНСТИТУТЫ
ЭКОНОМИКАЫҚ ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКАКАФЕДРАСЫ

КУРСТЫҚ Ж¥МЫС

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ ПӘНІ БОЙЫНША

Тақырыбы: Қазақстандағы кәсіпкерлік: мәні түрлеі және типі.

Орындаған: 1 курс
студенті
Тексерген: аға
оқытушы

Астана

Жоспар:
I тарау. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.

Кәсіпкерлік: мәні, мазмүны және түрлері 4
Еркін кәсіпкерлік пен оның түрлері 9
Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары 12
14 Кәсіпкерліктің қалыптасуы. Шағын бизнесті дамытудағы шетелдік
тіжірбие 18

II тарау. ҚР -дағы кәсіпкерлікті және шағын Бизнесті дамуын
басқару.

1. Қазақстандағы кәсіпкерлікті басқару 21
2. Шағын бизнестің мазмұны және ерекшеліктері ... .. 27
3. Қазақстандағы шағын бизнестің қалыптасуы мен дамуы 29
4. Капиталдың айналымы мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...33

ΙΙΙ тарау.Қазақстан Республикасындағы Кәсіпкерлікті және Шағын
Бизнестің дамуын басқару.

3.1.Қ.Р. – дағы кәсіпкерлікті
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..36
3.2.Шағын бизнестің мазмұны және
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..38
3.3.Қазақстанда шағын бизнестің қалыптасуы мен
дамуы ... ... ... ... ... ... ... .4 0

Қорытынды 42
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 45

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмыстың тақырыбы Кәсіпкерлік және кәсіпкерлік
капитал. Бұл тақырыпты мен үш тарауға бөліп жаздым: Кәсіпкерлік: мәні,
мазмұны және түрлері, Кәсіпкерлік капиталдың мәні мен түрлері, ҚР-дағы
кәсіпкерлікті және шағын бизнестің дамуын басқару. Бұл жұмысымда мен
кәсіпкерлік дегені не екен, оның атқаратын қызметтері, мазмұны мен түрлерін
қарастырып жаздым.
Қазақстанда құрылған кәсіпкерлік субъектілерінің басым бөлігі сауда
саласында.қызмет жасайды. Өйткені сауда немесе коммерциялық бизнес баска
бизнес түрлеріне қарагавда жақсы дамыган. Бұған дәлел, Казақстан
қалаларындағы әр түрлі дүкендер мен базарлар саны.
Біздің Республикада кәсіпкерлікгі дамытуға үлкен ден қойылып,
бірқатар заңдар мен жарлық қаулылар қабылданған. Алғашқы құжаттардың бірі
болып, Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы заңы 1992 жылдың 4
шілдесінде қабылданып, онда кәсіпкерлікті мемлекеттік қорғау және қолдаудың
мәні мен мазмұны, басты мақсаттары мен бағыттары айқындалады. Кәсіпкерлік
мемлекеттік қоргау және қолдау дегеніміз — аталған қызметті орындаудағы
құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық, жағдайды қалыптастыру,
мемлекетте жаңа экономикалық құрылымдарды орнату болып табылады.
Республикада Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау
көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның "Шағын кәсіпкерлікті
дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі шаралар
туралы" Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы құқықтық және қаржы-
материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-жерде азаматтарды шағын
бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай жасалуына жоғары талап қойып, бұл
мәселені ұлттық экономиканың стратегиялық аса маңызды секторы ретінде
қарастырып отыр. Алайда, қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге
асуы жеткіліксіз болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін
қаржы мардымсыз болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал
көздерін іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші
деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте несие
беру тәртібі баяу енгізілуде.
Сол сияқты кәсіпкерлік капиталдарының қандай болатының және олардың
түрлерін қарастырып өттім және шағын бизнестің дамуын, қалыптасуы мен
ерекшеліктерін қарастырып өттім.

І ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК: МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

1.1. Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны және түрлері.

Кәсіпкерлік: мәні, мазмұны. Буржуазиялық экономикалық теорияда
кәсіпкер ұғымы XVIII ғасырда қолданыла бастады. А. Смиттің ойы бойынша,
кәсіпкер - сауда-саттық мақсатты жүзеге асыру және пайда түсіру үшін
экономикалық тәуекелге баратын меншік иесі болып табылады. Ол өндірісті өзі
жоспарлайды, ұйым-дастырады және соның нәтижесіне оған өзі иелік жасайды.
Бүгінгі таңда кәсіпкер немесе өсімқор деп, иелігіндегі қажетті
қүралдары бар пайдалы жүмысты ұйымдастырушы адамды айтады. Бұлардың
қатарына жататындар — шағын кәсіпорындардың иесі, акционерлік қоғамның
басқарушы, кооперативтің жетекшісі және шаруашылық бірлестіктерінің
менеджерлері.
Бүгінгі таңдағы капиталистік елдердегі кәсіпкерлік ҒТП-тің
нәтижесіне; капиталистік экономикалық жүйенің өсіңкілеу дамуына икемділігін
қамтамасыз ететін құралдарға, жұмыскерлерінің қалың топтарының
творчестволық және ұйымдастыру қабілетін жүзеге асыратын формаларға тығыз
байланысты.
Экономикалық әдебиеттерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш шарты
айтылып жүр.Кәсіпкерлікпен айналысу дегеніміз — аталған субъектінің
(кәсіпкердің) шаруашылық әрекет түрін, оны жоспарлау; өнімді өткізуде және
т.б. таңдауда олардың жиынтық бостандығы мен құқығы болуы керек деген
сөз.Кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың өндіріс құрал-жаб-дықтарына,
өнімге және табысқа иелік құқығы болуы маңызды шарт. Өзін-өзін басқару мен
шаруашылықты таңдауда бостандықты, инвестициялауды нақты қамтамасыз ететін
белгілі бір экономикалық орта және қолайлы жағдай кдзжет. Толығырақ
айтқанда, белгілі бір кәсіпкерлікпен айналысу үшін — нарықтық бәсекелестік
тәртіп бойынша, шаруашылық жүргізуге қолайлы жағ-дай туғызу.
Кәсіпкер дегеніміз кім? — бұл сұраққа жауап іздестіру барысында
тікелей жеке адамдардың еңбекке бейімділігі мен кабілеттілігін және олардың
өздерінің ой-пікірлерін жүзеге асырудағы әрекеттерін сипаттауға тура
келді.Осы орайда, кәсіпкерлер - қашанда өз бетінше шешім қабылдамайды;
белсенді, жаңалыққа, оны тез жүзеге асыруға бейімдік танытады; нысаналы
нәтижеге жұмыс істейді; сындарлы сынға және орынды мадақта дайын; ашық,
іскер адамдар арасында өзін еркін сезінеді; өзіне және серік-тесеріне катаң
талаппен қарайды; адамдарды басқаруға, оларды әр-дайым рухтандырып, іс-
қимылдарын үйлестіріп отыруға бейім, икемді адамдар болып келеді.
Кәсіпкердің нарықтық экономиканың басқа агенттерінен айырмашылығы -
өзінің экономикалық, әрекетінің нәтижесінде пайда түсіре білетіндігі. Пайда
— кәсіпкердің сұранысты қамтамасыз ету мақсатымен шығындалған қаржы мен
баға арасыңдағы айырмашылық.
Кәсіпкердің пайдасын меншік иелерінің табастарының ажырата білу қажет.
Акция бойынша, дивиденд, депозиттерге процент, жер үшін алатын рента, бұлар
— меншік иесіне түсетін табыстар. Әлбетте, бұл табыстың көзі — акционерлік
компанияны басқару органдары, банк, арендаторлар өз қолына басқа біреудің
меншігін алып, жаңа өнімдер өндіріп, кредит беріп немесе жалға алған жерде
ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп, оны өткізуді ұйымдастыру барысында
нарықта белсенді қызмет атқара отырып, түсірген пайда болып саналмайды.
Төмендегі ұғымдардың: кәсіпкерлікті — менеджменттен, және оны
басқарушыдан ара-жігін ажырата білу қажет. Кәсіпкер — бұл меншік иесі әрі
ол шаруашылықпен тікелей айналысады. Ол нарыққа өзінің дербес
жауапкершілігі арқылы тәуекелге баратын адам. Ал менеджмент — жалпы өндіріс
пен тауар айналымын тиімді жүргізу мен пайда табу мақсатындағы басқару
жүйесі мен формаларының, әдістері мен құралдарының жиынтығы болып табылады.
Менеджер — шаруашылықты ұйымдастыру мен шаруашылық басқару жағынан
арнайы кәсіптік білімі бар жалдамалы басқарушы. Ол өз әрекетінде мүліктік
жауапкершілікті мойына алмайды. Яғни оның сөзсіз тәуекелге баруы өзінің
басқару орнынан айрылу деген сөз.
Кәсіпкерліктің ұйымдық – құқықтық формалары. Кәсіпкер іс-қимылы мен
тұрмыс-жағдайы, мінез-құлқына қарай екі түрге бөлінеді: Біріншісі — бұрынғы
классикалық кәсіпкерлік — шаруашылықтың (кәсіпорын, фирма) қолда бар ішкі
ресурстарын тиімді пайдалана отырып, нәтижелі әрекет жасайтын кәсіпкер.
Екіншісі - қазіргі өтпелі кезеңде әрекет жасайтын кәсіпкерлік. Бұл жағдайда
кәсіпкер қолда бар пайда көзін емес, әртүрлі (ішкі және сыртқы) мүмкіндікті
пайдалану арқылы әрекет жасайды. Олар пайда көзінің жеткіліксіздігіне
қарамастан, талмай іздеудің мүмкіндікті пайдалану арқылы сол кеңістікте бар
барлық мүмкіндіктерді орынды және ұтымды пайдаланудың баламалы жолдарын
қарастырады.
Кәсіпкерлік ұйымдастыру - құқықтық жағынан: жекедара кә-сіпкерлік,
компаниялар және серіктестік болып бірнеше түрге бөлінеді.
Жеке-дара кәсіпкерлік. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың біршама шарттары
бар. Бұлар мемлекет тарапынан барлық шаруашылық салаларына олардың
меншігінің талан-таражға түспей, сақталуына кепілдік және нарықтық қарым-
қатынастардың барлық өкілдеріне занда ескертілген жәйттерден тыс
жағдайларда тең құқық пен экономикалық еркіндік беру; шаруашылықты
жүргізудің нарықтық бәсеке тәртібіне көшу; нарықтың қажетті инфрақұрылымның
қалыптасуы; қолда бар пайда көзі, несие, ақпарат құралының еркін де ашық
болуы; бұрынғы заңдардың кәсіпкерлікке қарсы баптарын алып тастау, сондай-
ақ, қажетті баптар мен жаңа заңдарды қабылдау тәрізді шарттардан тұрады.
Бұл кәзіргі заманғы классикалық кәсіпкерлікті жолға қою шарттары.
Әрине, мәдениетті, өркениетті кәсіпкер болу оңай емес, ол көп уақытты, көп
ізденісті, мол тәжірибені қажет етеді. Сондықтан да бұлар, Батыс елдерінде
"бизнес" дегеніміз өнер деген қанатты сөз кеңінен тараған.
Қазіргі нарықты экономикаға көшу кезінде дербес еңбекпен айналысуға
занды түрде рұқсат берілген. Әр адам өз еңбегіне негізделген шаруашылық
жүргізу үшін өндіріс құрал-жабдықтарына, өндірілген өнімге, одан түскен
табыстар мен әр түрлі мүліктерге заңды ие болуына құқығы бар.
Компания. Сіз өз белсенділігініз арқылы кәсіпкерлік әрекетке табысты
боларынызды сезіне түстініз делік. Енді кәсіпкерлік әрекетінізді ұлғайтуда
ойластыра бастайсыз. Әрине, ол үшін сізге ғимарат, құрал-жабдықтар, көп
мөлшердегі сапалы шикізаттар қажет. Тағы да банктен кредит алуға
талаптануға болады. Бірақ банк сізден кепілдік немесе мүліктік салымды
талап етеді. Осы жағдай байланысты қайбірде кәсіпкерлікпен айналысуға
қабілетін бар басқа адамды шақыруға да болады. Соның нәтижесінде жеке
меншік фирма компанияға айналады, яғни капиталы - бірнеше дербес мүлік
иелерінің бірлескен меншігіне негізделген фирма пайда болады.
Мұндай компаниялардағы капитал — аталған компанияға қатысатын
мүшелерінің қосқан жарналарынан құралады. Олар: ақшалай, мүліктік,
патенттік, авторлық немесе басқа да құқықтық және т.б. әр түрлі формада
болуы мүмкін. Олардың барлығында компания мүшелерінің өзара келісімдері
бойынша ақшала бағаланады. Сөйтіп компания капиталында оның әрбір мүшесінің
өзіндік үлестері болады.
Серіктестік - үлестері әр түрлі формалы және оның құрамынан шыққан
кезінде сондай алынатын, барлық мүшелері кәсіпкерлік әрекетке жеке
араласатын шағын компаниялар болып табылады.
Серіктестік дегеніміз — бірнеше адамның немесе занды тұлғалардың
бірлесе кәсіпшілік жасауы. Серіктестіктің мынадай түрлері бар: а) толық
серіктестік (серіктестіктің міндеттемелері бойынша, оның мүшелері өздерінің
барлық мүліктермен ортақ та толық жауапкершілікке болады); ә) коммандитті
серіктестік немесе "сенім артқан серіктестік". Мұнда серіктестік
мүшелерінің бір бөлігі осы ұжымның міндеттемелері бойынша, өз мүліктері
есебінен толық жауапкершілікте болса, ал қалған бөлігі тек өздері қосқан
жарнасы көлемінде ғана жауапкершілікте болатындықтан, басқару ісіне
араласпайды; б) шектелген жауапкершіліктегі серіктестік. Серіктестіктің
міндеттемелері бойынша, оның мүшелерінің бәрі тек өздерінің қосқан
жарналары көлемінде ғана жауапкершілікте болады; в) қосымша
жауапкершіліктегі серістестік. Яғни, бұл жерде серіктестіктің
міндеттемелері бойынша, оның мүшелері ең алдымен өз жарналары көлемінде, ал
жанарлары жетпей қалаған жағдайда өз мүліктерінің жарнаға тең көлемінде
қосымша жауапкершілікте болады; г) серіктестіктердің тағы бір ерекше түрі —
акционерлік қоғамдар деп аталады. Бұл қаржысы акцияларды сату арқылы
жиналатын және сол акция иелеріне келешектегі пайда есепбінен дивиденд
беріп отыратын серіктестіктер.
Экономикалық мағынада акцияны қалай түсінуге болады?
Акция — бұл оның иесі акионерлік қоғам капиталына өз үлесін қосқанын
және оның сол кәсіпорынның түсірген пайдасының белгілі бөлігін алуға құқы
бар екенін растайтын бағалы қағаз. Акционердің өз акциясына алып отыратын
табысы дивиденд деп аталады.
Қарапайым акция акционерлік қоғамның өз арасында бөлуге арналған
пайданың бір бөлігінен дивиденд алуға құқық береді. Сонымен бірге, акцияның
бұл түрі акционерлердің жиналысында қатысуға және бір дауысқа құқық береді.
Біздің мысалда барлық акциялардың номиналдық құны бірдей болғандықтан,
әрбір акция тепе-тең дивиденд әкеледі және олар акционерлердің жиналысында
бір ғана дауысқа ие. Шын мәнінде, қоғам басқарушысы мен қарамағындағы
кәсіпорын иесі — акционерлер жиналысыңца оларға акцияның көп дауыс беретін
санын иемденетін ұйымдастырушылары болып саналады. Әдетте акционерлік
қоғамды құрушылар - банк немесе ірі өздерінде бақылау пакетін, яғни, бүкіл
акционерлік қоғамды бақылауында ұстап отыруға мүмкіндік беретіндей мөлшерде
акциялар қалдырады.
Акциялар құнды қағаз нарықтарына - қор биржаларында сатылады және
сатып алынады. Бірақ акция бағасы (акция курсы) әдетте осы құжатта
көрсетілген ақша сомасына сай келе бермейді. Акция бағасы дивидендтің
мөлшері мен процентінің мөлшерлеріне байланысты болып және өзінің иесіне
ақша салғаны үшін дивиденд сияқты табыс алуды қамтамасыз ете алатын ақша
сомасына сай келеді. Айталық, 100 долларлық акцияға 4 доллар дивиденд
төленеді, ал банктер салынған ақша үшін 2 процент төлейді екен делік.
Мұндай жағдайда акция бағасы:

дивиденд 4доллар
"100- 100 = 200 доллар оолады.
банк проценті 2
Көріп отырганымыздай, акцияның нақгы багасы оның өзінде көрсетілген
мөлшердегіден көтеріңкі болуы мүмкін. Ал егер диви-денд банк процентінен
кем болса, онда акция бағасының төмен бо-луы да мүмкін.
Акция бағасында дивиденд ыкдал жасайтын болғандықган, акция курсы,
әдетте, акционерлік компаниялардың өндірістік қыз-метінің жайын білдіреді.
Сонымен, бірге акция курсы саясат сала-сындағы, әсіресе, экономикаға әсер
ететін өзгерістерді сезгіш келе-ді. Міне, осылайша қор биржалары —
капиталистік елдердегі саяси және экономикалық өмірдің барометрі деп
аталуы осыдан айқын көрінеді.
Сондай-ақ, қарапайым акциядан тыс ерекше акцияларда шы-ғарылады. Және
олар өзіндік айырмашылыкдармен сипатталады. Қарапайым акцияларға түсетін
дивидендтің мөлшері, біріншіден, шаруашылық жылының нәтижесіне тәуелді
болса, (акционерлер арасында бөлінетін пайда бірде көп, бірде аз болуы
мүмкін) ерекше акцияларт нақты белгіленген дивиденд анықталады (ол акция
банкісінде көрсетілген). Бұл жағдайдағы дивиденд — акцияның номиналдың
қүнына сәйкес процентпен анықталады және оны қан-дай жағдайда болсын,
кемітуге жол берілмейді. Дивиденд қашанда ең әуелі акцияларға (пайда
жеткіліксіз болған жағдайда, резервті қорды қолданады), содан кейін гана
қарапайым акцияларға төлене-ді. Екіншіден, ерекше акциялар иелерінің
акционерлер жиналысын-да дауыс беруге құқығы жоқ.
Кәсіпкерлік әрекеттің негізгі үйымдастыру-құқықгық форма-ларын
жоғарыда қарастырып өттік. Ендігі жерде одан кәсіпкер-ліктің ұйымдастыру-
экономикалық формаларын айыра білуіміз қа-жет. Бұл кәсіпкерлер арасындағы
өңдірістік әрекетті үйымдастыруға байланысты көрініс береді. Сол арқылы
кәсіпорындарды ұйымдас-тыру мен олардың даму жолдарын кдрастыра аламыз.

1.2. Еркін кәсіпкерлік пен оның түрлері.

Жеке меншік еркін кәсіпкерлікке жол ашады. Еркін кәсіпкер-лік
дегеніміз, жеке кәсіпшінің немесе кәсіпорынның өндірістік қорларды
керегінше сатып алуға, қалауынша тауар өндіруге немесе Іфізмет көрсетуге
және тауарлары мен қызметтерін еркін бағамен сатуға хұкдылық. Кәсіпкерлерге
қалаган салада кәсіппен айналы-суға үкіметтің немесе жергілікті
әкімшіліктің ешқандай жасанды кедергілері бөгет бола алмайды.
Талдау еркіншілігіне кәсіпкерлердің өндірістік ресурстары мен
қаржыларын қалауынша пайдаланута еркіндігі, жұмыскерлердің өз мамандықгар
мен қабілеттеріне қарай еңбектің қалаған түрімен шү-ғылдануларына
еріктіліктері сатып алуға еріктері жатады. Бүлардың ішінде ең маңыздысы
түтынушының еркіншілігі. Нарықгы эконо-микада түтынушы ерекше жағдайда
болады, белгілі мағынада ол тәуелсіз. Ал кәсіпкерлерді алсақ, олар
түтынушыларға тәуелді, со-лардың қажеттерін өтеу істеріне бағыт беріп
отырады. Сондай-ақ, жұмыскерлердің тәуелсіз таңдау еркіншіліктері тәуелді
еркіншілік-ке айналады.
Әркім өз пайдасын ойлануына байланысты тандау еркіншілігі жүзеге асады
да, нарықгың негізгі болып саналатын бәсекені туды-рады. Бәсеке бар жерде
тауарлар қажетінше өндіріледі, олардың са-палары жақсарады және бағалары
төмендейді. Бұл, әрине, тұтыну-шылардың ойынан шығатын жағдайлар. Бәсекенің
мәні экономи-калық биліктің бір қолда болмай, көптеген өндірушілер мен тұты-
нушылар көп болған жағдайда, не бір сатушы, не бір алушы өзі қа-лаған
бағада тұра алмайды да, тауар бағасын нарық белгілейді. Са-тушы мен
алушының дағдыры нарықгың қолында делінетіні осы-дан.
Үдайы өндірістің циклы өндіріс, бөліс, айырбас және тұтыну
кезендерінен тұратын болғандықган, кәсіпкерліктің өндірістік, ком-мерциялық
және қаржы-несиелік түрлерін айыруға болады. Өнді-рістік кәсіпкерлік
негізінен тауар өндірісі мен қызмет көрсету сала-ларын қамтыса,
коммерциялық кәсіпкерлік оларды сатумен айна-лысады, ал қаржы-несиелік
кәсіпкерлік ақша айналысымен шүғыл-данады. Бүлардың әр қайсы кәсіпкерліктің
дербес түрі болғанымен, олар өзара тығыз байланысты және бірін бірі
толықгырып отырады.
Өндірістік кәсіпкерліктің қызмет орны өндірістік кәсіпорын-дар болса,
коммерциялық кәсіпкерлік сауда орындарында, ал қар-жы-несиелік кәсіпкерлік
коммерциялық банктер мен қүнды қағаз-дар биржаларында жүргізіледі. Бүлардың
әрқайсының өзіне тән ерекшеліктері болады. Өндірістік кәсіпкерлікке тауар
өндіру мен түрмыстық қызмет көрсету жатады. Мүнда кәсіпкер үшін өнім өн-
діруді үйымдастыру негізгі қызмет болса, өндіріске қажетті ресурс-тарды
сатып алу мен даяр өнімді сату көмекші қызметке жатады. Іске кіріспей тұрып
кәсіпкер өндірістің қай саласына капиталын салатынын, қандай тауарлар мен
қызметтерге сүраныстың барын аныісгап алады. Қарекетінің екінші кезеңінде
ол тауар биржасы ар-қылы болашақ өнімін алушылармен келісім-шарттарға
отырады. Әрине, өндірістің көлемі шағын болса, кәсіпкер тәуекелге бел бай-
лап, шартсыз-ақ өндірісін бастай береді.
Ісін бастау үшін косіпкерге қолда бар өндірістік мүмкіншілік-термен
қатар басқа мекемемелердің (қүрылыс, жабдықгау, көлік,байланыс, т.б.)
қызметтерін пайдалану қажет болады. Олардың қыз-меттерін кәсіпкер жалдайды.
Сондай-ақ, өнімінің бастапқы тобы сатылғанша кәсіпкерге уақытша қаржы қажет
болуы мүмкін, сон-дықтан ол коммерциялық банктен несие сұрауға мәжбүр
болады. Өнімі көтерме саудамен өткізіледі де, кәсіпкердің есеп-шотына қаржы
түседі. Басқа мекемелердің қызметтері мен банктің несиесі сол қаржымен
өтеледі. Кәсіпкерді бүдан басқа да төлемдер күтетіні белгілі: әртүрлі
салықтар, қорларга көмектесу, айып төлеу, т.б.
Кәсіпкерліктің нәтюкесі барлық төлемдерден қалған таза табыспен, яғни
түскен пайданың мөлшерімен белгіленеді. Пайда-ның мөлшері ақшадай кіріс пен
өндіріс шыгындарының арасын-дағы айырмашылықпен анықгалады. Кәсіпкердің
пайдасы екі өл-шемнен белгіленеді: бірі - жалпы немесе баланстық пайда,
екіншісі — таза немесе қалдық пайда. Жалпы пайда кәсіпорын табысынан
өндірістік шыгындардың орнын толтырғаннан қалатын пайда бол-са, таза пайда
жалпы пайдадан салықгар мен басқа да төлемдерді бергеннен қалатын қалдық
пайда. Өндірістік тиімділігін таза пайда-ны өндіріс шығындарына бөлу аркылы
аныкгайды, оны кәсіпорын-ның рентабельдігі деп атайды.
Коммерциялық кәсіпкерліктің негізгі қызметі тауар алып-сату. Сондықтан
мүндай кәсіппен шүғылданушыларды саудагерлер деп атайды. Сауда орындарын
жекешелендіруге байланысты, коммер-циялық кәсіпкерлік басым болады да,
саудагерлік кәсіптің завды түрі болып саналады. Коммерциялық кәсіпшілікке
мынадай қыз-меттер жатады:
1) тауарларды сатып алып қайта сату және тасымалдау үшін,
сондай-ақ делдалдық және жарнамалық қызметтерге жүмыскерлер
жалдау;
2) тауарларды сактау және сату үшін қажетті қоймалар мен
дүкендер салу немесе жалға алу;
3) коммерциялық банктен тауар сатып алу үшін несие алу жә-
не оны процентімен қайтару;
4) түтынушыларға тауарды бөлшектеп сату;
5) салық пен басқа да төлемдерді төлеп отыру, т.б.
Қаржы-несиелік кәсіпкерліктің ерекшелігі сол, мүнда акдіа
мен басқа да қүнды қағаздар сатылып-алынады. Бүл нарықтың бел-сенді
әукілдері коммерциялық банктер, қаржы биржалары, сантан-дыру қоғамдары мен
басқа да қаржы-несие мекемелері. Мүнда да әуел баста акдіаның, валютаның,
басқа да қүнды қағаздардың са-тып алушылары болжанады және ондай көлемде
үсынылатын ақша мен қүнды қағаздардың қайнар көздері қарастырылады.
Кәсіпкерлік қашанда тәуекелділікпен байланысты. Нарық қа-тысушыларына
қашанда еркіндік береді, ал оның төлеуі болады. Бір кәсіпкердің еркіндігі
басқа кәсіпкер мен түтынушылардың еркіндіктеріне нүқсан келтірмейтін болуы
керек, өйткені соңғылар оның тауарларын немесе көрсететін қызметтерін
қабылдау-қабылдамауға, олардың баға және тарифтерімен келісу-келіспеуге
ерікті. Нарықтық қатынастарға қосылушылардың әрқайсы өз пайдасын ойлайды,
біреудің олжасы екінші біреулерге зиян болып тиуі мүмкін. Айта-лық, бір
тауарды сату-алуды оған қатысушы екі жақ бірдей үгпай-ды: бірі үгқанда,
екіншісі соншалық үтылады. Сонымен қатар қай кәсіпкер болмасын бәсекелесін
нарықган ығыстырып, өзіне молы-рақ түтынушылар тартпақ болады. Сондықтан
кәсіпкерлік қашанда белгісіздік пен тәуекелдіксіз болмайды. Кәсіпкер
тәуекелдіктен бас тартпай, оның әсерін шектен шығармауға тырысады. Кәсіпкер
өзі-нің ісіне қатаң жауапкершілікпен қарайды. Демек, кәсіпкерге қауъш-
қатерлердің қайсы бірінен ресми түрде сақгануға болады. Мысалы, сақгандыру
қоғамдары арқылы кәсіпорын мүліктерін сақ-тандыруға мүмкіндік бар.
Мүндай жағдайда кәсіподакгардың маңызы көтеріледі. Олар мен
кәсіпкерлер арасында келісім-шарттар жасалып, онда еңбек ету жағдайына
қойылатын талаптар да өседі. Мысалы, кәсіпорынның рентабельдігі өскен сайын
жұмыскерлердің жалақысы да көтерілуге тиіс. Сондай-ақ, кәсіпорын
қызметкерлерінің өмірі мен денсаулы-ғын қауыпсіздендіруге міндетті болады.
Мұндай келісім-шарттар-дың орындалуын кәсіподақгар қадағалап отырады.

1.3. Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары.

Фирма нарықгық экономиканың негізгі экономикалық агенті. Бір немесе
бірнеше кәсіпорыннан тұратын, пайда табу үшін тауар мен қызметтер жасап
шығаруға ресурстарды пайдаланатын ұйымды фирма деп атайды. Фирмаларды
жіктеу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады, олардың маңыздысына
меншіктің формалары және фирманың көлемі жатады.
Меншіктің формасына сәйкес фирмалардың немесе кәсіпкер-ліісгің үш
түрін атап кетуге болады:
1. индивидуалдық немесе жеке кәсіпкерлік;
2. серіктестік;
3. корпорация (акционерлік қогам).
Индивидуалдъщ кәсіпкерлік деген бір адам иелік ететін бизнес.
Индивидуалдық бизнестің иелік етушісі сонымен бірге менеджер қызметін
атқарады. Оның мүлігі мен жауапкершілігінде шек бол-майды. Индивидуалдық
кәсіпкерліктің басты кемшілігі — капи-талының аз мөлшерде болуы.
Артыкдіылықгары: меншік иесінің әркдйсы барлық пайданы иемденеді,
өзгерістердің қандайын болма-сын өзі жүргізе алады. Индивидуалдық бизнесмен
занды түлға болмайды. Сондықган ол тек табыс салығын төлейді, корпорацияға
белгіленген салық төлемейді. Бизнестің аса кең тараған бүл форма-сы ұсақ
дүкендерге, қызмет сферасына, фермаларға, заңгерлік іс-әрекеттерге тән
болады.
Серіктестік дегеніміз екі және одан да көп адам иелік ететін бизнес.
Бұл да занды тұлга емес, сондықган табыс са-лығын ғана төлейді және
фирманың барлық қарыздарына Іпексіз жауапкершілік артады. Артықшылығы:
ұйымдастырылуы жеңіл, қо-сымша қаражаттар және жаңа идеяларды іске тарту
мүмкіндігі болады. Кемшіліктер:
1. шаруашылық дами түскенде қаржы ресурстарының тапшы-
лығынан қосымша капиталды іске тарту мүмкіндігі шектелген;
2. фирма мүшелерінің барлығы бірдей іс-әрекет мақсаттарын
жетіле түсінбеуі;
3. фирма табыстары мен шыгыстарындағы бірге тапқан мүлік-
терді бөлудегі әр кісінің үлес салмағын анықтаудың қиындығы.
Брокерлік кеңселер, аудиторлық фирмалар, қызмет көрсету сфера-
сының мекемелері және т.б. көбінесе, серіктестіктер формасында
үйымдастырылады.
Акционерлік қогам. Мәселені баяндамас бүрын әуелі акцио-нерлік қоғам
туралы бірер ауыз сөз айта кетуге болады. Мүнда еске салатын жайт: бүрынғы
КСРО-да ақционерлік қоғам сонау 20-шы жылдары пайда болған еді. Олар
Мемлекеттік және аралас (мемлекеттік жекеменшіктік және мемлекеттік-
кооперативтік) кә-сіпорындар негізінде сауда-өнеркәсіп салаларында әрекет
етті. Ал соңыра, 1992 жылы 22 акционерлік қоғам қүрылды, осылайша 1925
жылдың басында оның жалпы саны 150 жетті. Бірақ әкімшілік-әміршілдік
басқару жүесінің қалыптасуы мен тауар-акдіа қатынас-тарын шектеу
акционерлік қоғамды жоюға әкеліп соқты. Ақыры 20 жылдардың соңы мен 30-
жылдардың басында аталған акционерлік қоғамдар мемлекеттік бірлестіктерге
айналдырылды.
Қазіргі тавдағы нарықгық экономикаға көшуге байланысты жүргізіліп
жатқан экономикалық реформаны жүзеге асыру, соның ішінде меншік формаларын
қайта құру ісінде акионерлік қоғам өзекті проблемалардың біріне айналып
отыр.
Жоғарыда қарастырылған серіктестіктер кәсіпкерлік әрекетті шектейді.
Себебі олардың мүшелері өздері қосқан үлестерін әу бас-та келісілген сол
формада ғана қайтарып алуға мүмкіндіктері бар. Мәселен, серіктестіктің бір
мүшесі үлесі ретінде ғимаратты берсе, ол одан шыққан кезде сол өндірісті
тоқгату қажет болады, Міне, осыдан сақгану үшін серіктестікті акионерлік
қоғамға айналдыруға болады. Мүнда қоғамда барлық қосылатын үлес тек ақшалай
салы-нады да, оның күрамынан шыкқанда оның үлес акдіалай қайтары-лады. Сол
арқылы қоғамның бір мүшесінің одан шыуы өндірісті тоқтатудан кұтқарады. Тек
қана қогамның ақша капиталын өз мөл-шерінде кемітеді. Бүл — жабың
акионерлік кргам.
Жабық акионерлік қоғамның мушелері капиталға қосқан өз үлесін
дөлелдейтін акия алады. Және бұл қоғам бүндай әрекеттері бойынша,
жауапкершілігі шектелген серіктестік ретінде жұмыс іс-тейді.
Фирманың көлеміне сәйкес бизнес кіші, орташа және ірі биз-нес болып
бөлінеді.
Осы заманда батыс экономикасында кіші бизнес шаруашылық-тың ең ірі
секторын құрайды. Бұнда барлық жұмыспен қамтыл-гандардың жартысынан көбі
еңбек етеді. Кіші бизнестің типтік формасына франчайзинг (Ғгапсһізе —
жеңілдік) жүйесі мен венчур-лік (үепіиге — бел байлау, тәуекел ету)
кәсіпкерлігі жатады.
Франчайзингке ұсақ жеке фирмалар жатады. Белгілі жерде, белгілі
сферада, өздерінің қызметтерінде ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалану
құқығына ие болу үшін, олар бір-бірімен кон-тракт жасасады. Бүлардың баға
жағынан тауарды жеткізуде, жаб-дықтармен қамтылуда жеңілдікгері болады.
Кіші фирмалар ірі ком-паниялардың өнімдерін бөлшек саудада сатушы
қызметтері арқылы атқарады. Бүндай контрактар екі жаққа пайдалы: үсақ
фирмалар ірілерден қамқорлыққа ие болады, олардан сауда жасайтын аймақ
алады, ал ірі фирмалар өнімдерін өткізуге жұмсалатын ақшаны үнемдейді және
қамқорына алғандардан үдайы төлемдер алып түрады.
Венчурлік фирма. Бүл гылыми зерттеумен және оны әрі дамы-тумен
айналасатын коммерциялық үйым. Олар, осымен қатар, ғы-лыми жаңалықгарды
иемденетін компанияларды қаржыландырады және консультаия жүргізеді.
Венчурлік кәсіпорындар жаңалық енгі-зуден бизнес жасайды. Олардың
әрекеттері тәуекелділікті тілейді, бірақ жаңа өнім нарықгың талабына, сатып
алушылар қажеттеріне, шығындардың төмендеуіне сәйкес келмесе, күйіп кетуі
мүмкіндігі мол. Сондықган венчурлік фирмалар өнімнің бір түрін жасауды тез
аяқгап, оның басқа жаңа түрлерін жасаумен айналасуға тырысады.
Верчүрлік кәсіпкерлік екінші дүниежүзілік соғыстан кейін түңғыш рет
АҚШ-да пайда болган. Венчурлік фирмалар Қазақстан-да қүрыла бастады, бірақ
жалпы шағын кәсіпкерлікке үқсас, кең та-рамай отыр. Ал Қазақстан үшін шағын
кәсіпкерліктің маңызы өте зор, өйткені ол көп мәселе шешеді:
4. Қазақстан халқының елеулі бөлігін күратын жағдайы төмен
адамдар үшін соншама көлемді капитал салымынсыз түтыну тауар-
лары мен қызметтер өндірісін кеңейтуге ат салысады;
5. халықгың материалдық және қаржылық қаражаттарын өнді-
ріске тартуға көмектеседі;
• ірі өндірістен босаған адамдарды жұмыспен қамтуға мүмкін-
дік береді. Кіші бизнестің әлеуметтік-саяси мағынасы да зор: ол қо-
гамның түрақтылығының кепілі болып табылатын "орташа" таптың
даму негізі. Бірақ шағын бизнестің даму қарқыны қанағаттандыра-
ды деп айтуға ерте.
Бұның ішкі және сыртқы себептері аз емес: Ішкі факторлар:
1. старттық капиталдың жетімсіздігі;
2. банкілермен баланыстың нашарлығы.
Сыртқы факторлар:
3. қисынсыз салық жүйесі;
4. завдардың шикілігі, тұрақсыздығы;
5. "криминалдық прессинг"
Шағын бизнесті жандандыру үшін қажет шараларды үш ба-ғыттан жургізу
қажет:
1. шағын бизнестің ішкі ортасын жақсарту керек;
2. нақгы фирмаларға тікеле көмек көрсету;
3. шағын кәсіпорындарының өзін-өзі ұйымдастыруын күшейті.
Орташа бизнестің рөлі мәз емес. Бүл ірі кәсіпкерлікпен де,
ұсақ кәсіпкерлікпен де бәсекелес болады. Нәтижесінде ірілер қата-рына шығуы
мүмкін, немесе мұлде күйрейді. Тек кейбір ерекше мо-нополистік өнім
шыгаратын болса жағдайы жөнді болуы мүмкін (мүгедектерге, жарымжандарға
арналған техника жасау, қала сағат-тарын жөндеу) т.б.
Ірі бизнес, көбінесе бизнестің ең түрақгысы. Оның нарықгағы монополдық
болмысы көпшілік тұтынуына арналған арзан және мол өнім өндіруге мүмкіндік
береді.
Баршаға мәлім, нарық бостандық әкеледі, ал әкімшілдік, ие-рархия,
бақылау және саналы жоспарлаудың болуы туралы бостан-дыққа шек қояды.
Мәселе нарық механизмін пайдаланудың арзанга түсуінде. Нарықгың әр мүшесі
өздерінің жеткізушілері мен жабдық-таушылары және сатып алушылары туралы,
келіссөз жүргізу және келісім-шарт талаптарының орындалуы туралы информация
алуға мәжбүр болады. Осы үшін шығын жасалынады. Осындай шығын-дар
трансакциондык, (лат. ігапзасііо "келісім") шығындар деп атала-ды.
Бүл шығындар нарықгық агенттердің бір-бірімен қатынаста-рын келістіру
процесінде пайда болады. Егер экономика тек жалғыз физикалық түлғалардан
түрып, "жаппай, тағы" нарық болса, мини-келісімдер өте көп болғандықган,
трансаіщиондық шығындар тым көп болар еді. Фирманы үйымдастыру, осы
шығындарды төменде-тудің әдісі болып табылады. Фирмалар нарықгық механизмді
шек-теп, жою мақсатымен, нарықтық үйлесімнің қымбат болғандығына жауап
ретінде қүрылады деген түжырымдар жоқ емес. Шынында трансакцияларды
нарықтың көмегінсіз, фирманың ішівде жасау ар-зан түседі екен. "Иерархия"
(фирма) мен нарықтың бір-бірінен ар-тықшылығы жоқ.
Нарықгық және әкімшілік реттеу тетіктерін салыстыру ар-қылы, фирманың
қажетті көлемін анықтауға болады. Ол нарык^ы пайдаланудың шекті шығындары
мен әкімшілік бақылауды қолда-нудың шекті шығындарының тендесу нүктесі
арқылы белгіленеді. Осы "иерархия" (фирма) пайдалы болады, ал содан кейін ~
нарық пайдалы. Фирманың оптималдық көлеміне өндірістің саласы, тех-нология,
фирманың интеграциялану дәрежесі, т.б. әсер етеді.
Фирма теориясында фирмалар тік және көлденең интеграция-ланган
фирмалар болып бөлінеді.
Тік интеграция деп өндірістік процестің ең төменімен, оның ең жоғары
сатысына дейін (мысалы, мұнайды өндіруден бастап одан шығарылған өнімдерді
сатуға дейін) айналысатын фирмалар бірлестігін атайды.
Көлденең интеграция — бір түрлі бизнеспен айналысатын фир-малардың
бірлестігі. Көлденең интеграцияның бір түрі — диеерсифи-кация (агылшынша
сііүегзійсаііоп — саналуан, көптүрлілік). Бүл, бір-бірімен технологиялық
байланысы болмайтын, саналуан фирмалар-дың бірлестігі. Мысалы, химиялық
концерн "Дюпон-де-Немур" хи-миялық тал жіп, дәрі-дәрмек, рефрижераторлар,
ұшақгар өндірісте-рін біріктіріп отыр.
Қазақстанда бизнесті үйымдастырудың ерекшеліктері бар. "Кәсіпорын"
деген категорияға мазмұны жағынан жаңа толықтама енгізілді. Ақыріы уақытқа
дейін ол ерекше үйымдық-құқықгық форма деп түсінілетін, яши меншігі жоқ
коммерциялық үйым деп, өйткені жоспарлы экономикада меншік иесі мемлекет.
Шынында мемлекет өз кәсіпорындары арқылы тек өзімен өзі іс-әрекетте бол-ды,
өйткені кәсіпорындарының өздерінің мүліктерін "сату" туралы бір-бірімен
жасасқан келісім шарттары осы мүлікке деген меншік қүқын өзгертпейді,
өйткені мемлекет меншік иесі болып қала берді.
Нарықтық түсінім жағынан "кәсіпорын" кәсіпкерліктің ерек-ше
үйымдастыру - қүқықгық формасы емес, ол тек түліктік кешен -ғимараттардың,
қүрылыстардың жабдықгардың, шикізаттардың жиынтығы болып табылады. Ол
унитарлық болады, өйткені оның мүліктері жалгыз меншік иесінде болады,
сондықтан жүмыскерлер-дің арасында бөлініске түспейді.
Унитарлық кәсіпорынның бір түрі — федералдық қазыналық кәсіпорындар.
Мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіп-орындар завды түлға болады.
Заңды түлтт өзінің меншігінде, немесе, шаруашылық пайда-лануъшда,
ақшалай мүлігі болатын және өздерінің міндеттері үшін осы мүлік мөлшерінде
жауап беретін, ұйымдар жатады. Заңды тұл-ғаға коммерциялық және
коммерциялық емес үйымдар жатады.
Коммерциялъщ ұйымга пайда табуды қызметтерінің негізгі мақсаты деп
түтатын ұйымдар жатады.
Коммерциялық емес ұйымдарға пайда табумен, оны мүшелері-нің арасында
бөлуді мақсат етпейтін үйымдар жатады.
Коммерциялық ұйымдардың формалары:
1. шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдар;
2. өндірістік кооперативтер;
3. мемлекеттік және муниципалдық унитарлық кәсіпорындар.
Шаруашылық серіктестіктер мен қоғамдардың мынадай фор-
малары болады:
4. толық серіктестік;
5. сенімді серіктестік (коммандиттік серіктестік);
6. жауапкершілігі шектелген қоғам;
7. қосымша жауапкершілігі бар қоғам;
8. акционерлік қоғам (ашық, жабық);
9. балалық және тәуелді қоғамдар.
Кәсіпкерлік іс-әрекетпен айналысатын және өздерінің қара-мағындағы
мүліктер шамасында іс-әрекеттерінің нәтижесіне жауап-ты серіктестік толык,
серіктестік деп аталады.
Егер толық серіктестіктермен қатар осы серіктестікте бір, не-месе,
бірнеше мүше-салымшылар (коммандистер) болса, онда бүн-дай серіктестіктер
сеиімдегі (коммандиттік) серіктестік деп атала-ды. Коммандистер шығын
қауіпіне өздерінің салымдарының мөл-шерінде ғана жауапты болады және олар
осы серіктестіктің кәсіп-керлік қызметіне қатынаспайды. Бүлар
серіктестіктің пайдасынан қосынды капиталдағы өздерінің салымдарына сәйкес
бөлімін ала-ды.
Жауапкершшгі шектелген ңотмның мүшелері, өздері қосқан салымдардың
қүны көлемінде шығындар қауіпына жауапты болады.
Крсымша жауапкершілігі бар қогамдардың мүшелері жауапкер-шілікті
өздері қосқан салымдарының құнына сәйкес, барлығына ортақ есе көлемінде
жауапты болады. Егер бір мүше банкрот болса, оның жауапкершілігі
қалғандарына, солардың салымдарына про-порционалды бөлінеді.
Балалык, шаруашылык, қогамга капиталының мөлшері барлық қоғамның
жарғылық капиталы мөлшерінің басым көбін қүрамай-тын қоғам жатады.
Сондықган бүндай қоғам, барлық қоғам шешім-деріне шешуші ықпал ете
аламайды. Балалық қоғам негізгі қоғам-ның қарыздары бойынша жауапты
болмайды.
Тәуелді қоғам, әдетте, негізгі қоғам дауыс беретін акциялардың 20%
артық акцияға ие болған жағдайда орын алады.
Өндірістік кооператив өздерінің бірлескен жеке еңбектеріне және
қосылған төлемдеріне негізделген, бірлесіп өндірістік, немесе, басқа да
қызметтер атқару ұшін қосылған адамдардың еркін бірлес-тігі.
Унитарлық кәсіпорын — бұл меншік иесі оның қарауына бер-ген
мүліктерге меншік қүқы жоқ, коммерциялық үйымдар. Унитар-лық форма тек
мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындарға тән болады.
Материалдық және басқа қажеттерді қанагаттыру мақсатпен, адамдардың
жарна төлемі негізінде құрган еркін бірлестігі, түтыну кооперативі деп
аталады. Тұтыну кооперативтердің кәсіпкерлік қыз-меттерден түскен табыстары
солардың мүшелері арасында бөлінеді.
Крғамдық және діни үйымдарға рухани және басқа материал-дық емес
қажеттерді қанағаттандыру мақсатпен қүрылған азамат-тардың еркін
бірлестіктері жатады. Бүлар коммерциялық емес қү-рылымдар. Бірақ, бүлардың
тек қүрылғандағы мақсаттарға жету үшін (мысалы балауыз шам, крест,
шіркеулердің тізбек бауларын жасау) кәсіпкерлік қызметпен айналысу қүқы
болады.
Крр деп еркіндік негізде жарналар арқасында қүрылған ком-мерциялық
емес үйымдар аталады. Бүлардың әлеуметтік, қайырым-дылық, мәдени, ағарту
немесе басқа мақсаттары болады. Қор өз ал-дына қойған қоғамдық пайдалы
мақсаттарға жетуді қамтамасыз ету үшін, кәсіпкерлік қызметтермен айналыса
алады.
Коммерциялық және коммерциялық емес үйымдар ассоциа-ция жөне одақ
болып бірлесуі мүмкін.

1.4. Кәсіпкерліктің кдлыптасуы. Шағьш бизнесті дамытудағы
шетелдік тәжірибе.

Капитал (ағылшынша — бас мүлік, бас сома, латынша - ең басты) —
экономикалық ғылымының ең маңызды категориялары-ның бірі, нарықгық
шаруашылықгың қажетті элементі.
Капиталдың формаларымен экономикалық мектептердің қо-сарласып дамуы
бүл категорияны түңғыш зерттеушілердің - мер-кантилистер және физиократтар
оған сыңаржақгы қарауының себе-бі болды.
Капитал категориясына ең толық, жан-жақгы зерттеуді өзінің Капитал
(1987ж.) деп аталған еңбегінде К. Маркс жүргізген. Ка-питалдың қызмет
етуінің нақты формаларын зерттеумен қатар, ол оның мәнін, мазмүнын айқындап
көрсетеді. К. Маркс капиталды зат деп қомай, ол оны қозғалыс деп
түжырымдады. Капитал эко-номикалық ғылымның тарихында капиталды
капиталистер мен жалдамальт жүмысшылар арасындағы ерекше белгілі тарихи
қоғамдық қатынастар деп көрсетті. Осымен қатар Маркс капиталдың заттық түрі
болады деп көрсетті — станок, машина, шикізат т.б. турінде.
Капиталдың алғашқы кррлануы (ргеүіоз асситиіаііоп) өзіндік еңбекке
негізделген индивидуалдық жеке меншікгі жою процесі. Ол бір жақтан, тікелей
өндірушілердің тек қана жұмыскерге - идеалдық жұмыскерге, екіншіден,
қоғамдық құрал-жабдықгар мен өмір сүруге қажет құралдардың капиталға
алмасуы болып табылады.
Өнеркәсіптік буржуазияның қалыптасуының алғашқы қадам-дары, мүліктік
жіктелумен байланысты, қолөнершілер ортасында дами бастаган. Бөлініп,
кәсіпкер бейнесін алған, аса бай цех ше-берлері және саудагерлер - сатып
алушылар, ыдырашн үсақ өнді-рушілердің жалдама еңбегін пайдалануды
кеңейтті. Бірақ бүкіл әлемдік нарықгың дамуы, капиталды қорландыру қарқынын
жоға-рылатуды талап етті. Осы міндетті жүзеге асыру үшін мемлекеттің үкімет
аппараты кең пайдаланылды.
Капиталдың алғашқы қорлануын тездетуге, отарлық соғыстар мен басып
алған отарлар халқын шексіз тонау, мемлекет қарызы мен салық жинаудың өсуі
өз үлесін қосты.
Бюджет тапшылығын жою үшін мемлекет ақша капиталының иелері арасында
ірі сомаға заем орналастыратын болды. Бүл мемле-кетке қарыз беруші бейнесін
алған буржуазияга, үкіметтің міндетте-мелеріне сәйкес төленетін, елеулі
көлемдегі проценттерді иелеуіне мүмкіндік берді, Мемлекет несиесінің дамуы
қүнды қағаздардың, биржалық ойындардың дамуын жандандырды.
Капиталдың алғашқы қорлауының маңызды қүралы болып протекционизм
жүйесі қызмет етті. Сыртқы сауда саясаты импорт-тық баж салығының жоғары
болуын талап етті. Бүл басқа елдерден келетін тауарларға шек қоюға және
өнеркәсіп тауарларын осы ел-ден сыртқа шығарғаны үшін сыйлық төлеуге жол
ашты. Бірнеше елдерде өнеркәсіп шикізаттарын сыртқа шығаруға тікелей тыйым
салынды; жаңа өндіріс ашкдн кәсіпкерлерге алғашқы капитал тіке-лей
қазынадар ірі ақшалық субсидия нысанында қүйыла бастады.
Әр елдердегі капиталдың алғашқы қорлануының негізгі заң-дылықтарының
баршасына таән ортақ белгілерінің болуы, оның осы елдердің әрқайсысына тән
нақгы нысандарының болуын жоққа шығармайды.
Бүгінгі біздің елдік басындағы өтпелі кезенді кейбіреулер капиталдың
алғашқы қорлану процесімиен тендестіреді. Бірақ бүл процестер бір-бірімен
толық үлеспейді. Бүгінгі Қазақстан дирек-тивтік баға белгіленуіне және
ресурстардың орталықтан бөлінуіне негізделген әміршіл-әкімшіл жүйеден,
реттеудің нарықгық әдісте-ріне көшу кезеңінде отыр. Міне осы жағдай,
капиталдың алғашқы қорлану процесінен, дәстүрлі ұғым бойынша, негізгі
айырмашылықты белгілейді.
Бұларға ортақ қасиет, ол жеке меншік түрінде жаңа материал-дық
негізде кәсіпкерлер табының қалыптасуы. Бұның ішкі және сыртқы қайнар
көздері бар.
Ішкіге аддымен жекешелендіру жатады. Ол мемлекеттік мен-шікті келесі
әдістер арқылы бөлуге мүмкіндік береді:
6. өнеркәсіптің ауыр (бүның ішінде әскери-өнеркәсіп кешені)
және жеңіл салаларындағы қаражаттарды екіншінің пайдасына сәй-
кес қайта бөлу;
7. капитадды қызметтер мен сауда сферасында шоғырландыру;
8. жерді және табиғи ресурстарды отын-куат кешендерінің және
басқа да қуат сақтаушылардың "өз еркімен" өзіне қаратып алуы;
9. тандаулы (элиталық) кәсіпорындарға және оның иелеріне бар-
терлік айырбас жүргізулері үшін олар өндірген өнімнің бір бөлігіне
жарлық ету құқын беру;
10. сыртқы сауданы ырықгандыру (либерализация) нәтижесівде
түскен пайданы шетелдермен сауда жасайтын фирмалардың алуы;
11. "челнок" импортынан түскен табысты алу;
12. мемлекеттің кейбір мекемелерге елімізге шеттен келген спирт,
арақ, темекі өнімдері үшін тағайындалған салықгық жеңілдіктерді
беруі;
13. коррупция, рэкет, көлеңке экономика және т.б.
Кейінгі ошкылдықгарда экономикасы дамыған Батыс елдерін-де бәсекенің
дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түс-ті. Мүның басты себебі
— экономикалық сектордың кәсіпорында-рына тән артыкдіылықгар.
АКДІ-та шағын бизнес түрақгы түрде мемлекеттік қолдауға ие. Әр түрлі
мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықгық базаға негізделеді.
Солардың бірі "Шағын бизнес туралы" заң. АКДІ конгресінде шағын бизнес
проблемаларымен екі комитет ай-налысады. Федералдық деңгейде шағын бизнес
әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы - шағын бизнесті
жан-жақгы қолдау. Әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жү-мыс
істейді. Онда шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын
дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер
кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Совдықтан да АКДІ конгресі шағын бизнеске
тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті қолдау және дамыту
мақсатында бірнеше програм-ма жасады. Негізгі бағдарлама бүл инкубаторлық
бағдарлама. Инку-баторлар — ол университеттер, компаниялар, федералдық
органдар, штаттық басқармапар жанында қүрылатын үйымдар. Қойылган мақсатқа,
қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік,
жекеше болуы мүмкін. АҚШ-та шагын кәсіп-орындар экономикада жетекші рөл
атқарады.
Жапониялық шагын және орта бизнес. Шағын және орта биз-несті дамыту
жөнівде Жапония мемлекеті де ұлкен тәжірибеге ие болып отыр.
Жапония шағын бизнеске ерекше назар аударады. Себебі ша-гын бизнесті
дамыту арқылы Жапония соғыстан қираган елден жо-ғары технологиялық дамыған
елге айналды. Жапонияның халық шаруашылығында шағын және орта бизнес
субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен
салыстыр-ғанда алдыңғы қатарда тұр. Жапонияның шағын бизнесті мемлекет-тік
қолдауының басты ерекшелігі — басымды бағыттарды дамытуда-ғы уақыт мерзімі.
Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен
өзгеріп түруы мүмкін. Онда шағын бизнесті мақсатты түрде бюджеттен
қаржыландырады.
Ресей Федерациясындагы шашн және орта бизнес. 1995 жылы РФ-да "Шагын
бизнесті мемлекеттік қолдау туралы" заң қабылдан-ды. Бұл заң бойынша
жаңадан қүрылған кәсіпорындар 2 жылға дейін табыс салыгын төлеуден
босатылады. Шағын бизнесті Феде-ралдық Қоры арқылы әр түрлі жобалар
қаржыландырады. Шағын кәсіпкерлік федералдық және жергілікті бюджеттерден
қаржылық көмек алады, жергілікті салықтар бойынша әр түрлі жеңіддіктерге
ие. Сонымен бірге жергілікті бюджеттерден шағын бизнестің инфрақұрылымын
қүру жобалары да қаржыландырылады.
Үлыбританияның шагын бизнестегі тәжірибесі. Үлыбританияда шагын
бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион фунт стерлингтен
аспайтын, активтер сомасы 1 миллион фунт стер-лингтен және жыл бойы 50
адамды жүмыспен кдмтитын кәсіп-орындар жатады. Үлыбритания мемлекеттік
консультациялық қыз-меті бастаушы кәсіпкерлерге қажетті кеңестер береді.
Шағын биз-нес жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер үшін әр түрлі семинар-
лар мен курстар үйымдастырып түрады. Сонымен қатар Үкімет банктер алдында
кәсіпкерлер үшін қарыздық кепіддеме береді. Ша-ғын кәсіпорындар салыклы
табысқа жеткеннен соң ғана төлейді.
Францияда шағын және орта бизнесті экономика, қаржы, ин-дустрия
министрлігінің бір департаменті бақылайды. Әкімшілік қы-сым бірқатар
әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында азайды.
Францияда шағын бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет
бонификациялайды. Бонификация — бүл жеңілдету. Қар-жылық механизм арқылы
мемлекет шағын бизнеске несие үсыны-сын арттырды. Францияда жүмыссыздар өз
кәсіпорын ашу үшін мемлекет сүйене алады.
ΙΙ ТАРАУ. КӘСІПКЕРЛІК КАПИТАЛДЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ

2.1. Кәсіпкерлік тәуекелді талдау.

Кәсіпорынның қызметіне әсер ететін тәуекелдік факторы на-рықгық
экономикада үдей түседі. Тәуекелділік кдндайда бір жа-ғымсыз жағдайдың
болуының мүмкіндігін көрсетеді. Тәуекелдыік угымы кәсіпорын ресурстарының
бір бөлігін жоғалту ықгималды-ғын, қызметті жүзеге асыру нәтижесінде
табыстардың толық алын-бауын немесе қосымша шығындардың пайда болуын
білдіреді.
Тәуекелділік ықгималдық категориясына жатады. Әр кәсіпкер басшы типіне
байланысты тандап, тиімді тәуекел деңгейін өзі белгі-лейді. Икемді
басшылар, егер тәуекелділік ерікті болып, ал орын-даушылар өз ісінің маманы
болса, олар тәуекел шешімдерді қабыл-дауға тырысады. Кәсіпкерлік
тәуекелділіктің жагымды деңгейдегі және мақсатты шешімдер қабылдаған кезде
белгілі бір жоғалтуларға апаруы ықгималдығын білумен шекгеліп қоймай,
сонымен қатар ол жоғалтуларға сол немесе басқа деңгейден аспай ықгималдығын
да қарастыруы керек.
Өзін-өзі сакупандыру меншікті қаражаттардың бөлігінің есебі-нен зиянды
жабу және ойда болмаған шығындарды жабуға қаражат жинақгаумен байланысты.
Құны фирманың қаржы көрсеткіштері-мен салыстырғанда аса көп емес муліктің
немесе бір типті мүліктің көп мөлшерін жоғалту кдупі төнгенде, ішкі шаралар
көмегімен өзін-өзі сақгандыру орынды болады. Шет елдерде тәуекелді азайту-
дың кең тараган тәсілі — хеджиралау (аудармасы — жоғалтулардан сақгау),
қарсы валюталық, коммерциялық, несиелік және басқа та-лаптар мен
міндеттерді даярлау. Бірақ, тәуекелдің көп бөлігі толы-ғымен кәсіпкерлерге
жүктелген. Жағдайларды болжап, кәсіпкерлік тәуекелді бағалауды үйрену
керек.
Кәсіпкерлік тпәуекел — бүл бизнестің түріне байланысты ком-панияның
қызметінің тәуекелі. Олардың негізгі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік капиталдың маңыздылығы және қалыптасу көздері
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне, нысаны мен түріне қарай классификациялау
Кәсіпкерлік туралы мәлімет
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiк, кәсіпкерлік капитал
ТУРИЗМДЕГІ КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗДЕРІ ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Кәсіпкерлік және кәсіпорын
КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ТӘУЕКЕЛІН БАСҚАРУДЫ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Қонақ үй кәсібінің нарықтағы ішкі және сыртқы факторларының дамуы
Кәсіпкерлік ісінің Қазақстандағы қазіргі жағдайы
Пәндер