Технология мен мәдениеттің байланысы


Комерциялық емес ашық акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы
№1 Семестірлік жұмыс
Тақырып: Мәдениет типологиясы:мәдениет типі түсүнігі, мәдениеттердің тарихи типологиясы, сызықтық және жергілікті ыңғайлы құрылымдар.
Мамандығы: 5B071700-Жылу энергетика
Орындаған: Амангелді Медет Тобы: Тэк-19-2
Тексерген: доцент Тәңірбергенова Рабиға
̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ « ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ » ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ ̲ 2020 ж.
(бағасы) (қолы)
Алматы, 2020
•Жоспары
•Кіріспе
•Мазмұны
1. Мәдениет Технологиясы.
2. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
3. Мәдениеттердің тарихи типологиясы.
4. Пайдаланаған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
“Мәдениет” атауы латын тілінен алғашында <топырақ өңдеу> дегенді білдіреді. Сөйтіп табиғи себептерден туған өзгерістерден өзгеше, адам әрекеттерінен табиғат обьектісінде болатын барлық өзгерістер мәдениет деп түсінілді. Кейіннен “мәдениет”сөзі адам жасағанның бәрін білдіретін жинақтаушы атауға айналды. Осы тұрғыда алғанда мәдениет адам жасаған “екінші табиғат”, табиғатта жоқ, адамның саналы қызметінен жасалған бүкіл дүние ретінде қарастырылады. Мәдениет дегеніміз - белгілі бір адамдар тобы үшін ортақ мінез - құлық нормалары мен үлгілері, сенімдер мен адамгершілік құндылықтарының жиынтығы.
Адамдардың өзара байланыстарының өзгеруі олардың мәдениетіндегі өзгерісте де туғызады. Осы жөнінен алғанда адам мәдениетінің әлемі адамның аса мәнді қуатты күштері қалыптасуының дамуы мен көрініс табуының, олардың табиғатпен қоғамда іс жүзінде асырылуының аясы болып алады.
Күнделікті санада мәдениет ұғымы дербес адам, белгілі бір әлеуметтік тұтастық сипаттамасы үшін әдетте бағалаушылық қызмет атқарады. Ал мәдениеттің ғылыми ұғымына иеленетін болсақ онда оны адамдарың жасампаздық қызметі нәтижесінде жасалған және жасалынатын материалдық және рухани құндылықтар жиынтығы ретінде қарастырамыз. Рухани мәдениет - өркенді рухани құндылықтар жиынтығын тиісті мәдени - ағарту мекемелерінің құндылықтары мен өзіндік өндірісін танытатын рухани өмір дамуының нәтижесі, адам шығармашылығының жемісі. Бұл ұғым жасалынған құндылықтарды ғана емес, сондай ақ оларды өндіру, бөлу және тұтыну процесінің өзінде қамтиды.
Мазмұны
Мәдениет - адамзаттың болмыс пен сананың барлық салаларындағы әлеуметтік-прогрестік шығармашылығы қызметі; бұл қызмет заттандыру (қазыналар, нормалар, белгі жүйелерін және т. б. жасау) және затсыздандыру процестерінің диалектикалық бірлігі болып табылады, өмір шындығын өзгертуге, адамзат тарихының байлығын жеке адамның ішкі байлығына айналдыруға, адамның мәндік күшін барынша айқындап, дамытуға бағытталады. Мәдениет адам жасағанәлем сияқты «екінші табиғат». Мәдениет адамдардың өмір сүрген ортасымен қарым-қатынасы. Қарым қатынас нәтижесінде қалып тасқан ерекше құбылыс. Мәдениет әр түрлі әлеуметтік құрылым, топтардың, жіктердің, ұлттардың, жеке адамдардың өмір сүруі жағдайына сәйкес болып қалыптасады. Қоғамда адам тілегінен тыс мәдениет қалыптаспайды. Мәдениеттің дамуы қоғамды ілгері жылжытады. Мәдениетке бірден бір ой бөлген Абай Құнанбаев. Сократ, Спенсер, Блинский, Чернышевский сияқты ойшылдар Мәдениеттану жеке пән ретінде ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде қалыптаса бастады, сондықтан да оны әлі де болса да буыны бекімеген жас ғылымдар саласына жатқызамыз. Мәдениеттану мәдениет туралы ғылым, сонымен қатар философиялық ілім, өйткені ол философияның басты саласы мәдениет философиясын қамтиды. Қазіргі кезеңдегі материалдық және материалдық емес өндіріс орындары еңбекке қабілетті, технологиялық мәдениетті игерген адамдарды қажет етеді. Осыған орай, соңғы кездері педагогикалық құжаттардағы «технологиялық мәдениет», «еңбек мәдениеті» ұғымдарының мәнін көпшіліктің дұрыс түсінуі қажетті шарт болып табылады. Көне замандағы адамдар әр уақытта да құдайлар қоршауында болды, олардың санасынан құдайлар берік орын алды. Үйде де, түзде де құдайлар адамдармен бірге болды оларды жебеп, қорғап отырды. Құдайлар қалаларда тұрды, қала заңдары мен қала азаматтарын бәле жаладан қорғады. Сондықтан эллинист Макс Поленц полистік патриотизмді ерекше дәріптейді. Қазіргі адамзат баласы мыңдаған халықтардың жүздеген мемлекеттеріне біріккен миллиардтаған саны бар жұртшылық. Олардың бәріне ортақ не болуы мүмкін? Олардың бәріне ортақ нәрсе - мәдениет, адам баласының саналы іс-әрекетінің жемісі ретіндегі мәдениет, жасампаздық рухының көрінісі ретіндегі мәдениет. Бұл әлемде абсолютті бірдей екі адам болмайтындығы сияқты егіздей ұқсас екі мәдениет те болмайды. Алуан түрлі мәдениеттер арасында қандай қарым-қатынас болуы мүмкін? Оларда өзара түсіністік бар ма?. . Осы сияқты көптеген сұрақтар мәдениеттанушының алдында міндетті түрде туады және толассыз туа береді де. Себебі мәдениетті адам өмірден мән мен мағына іздейді, жаңаны танысам деп талпынады.
Мәдениет технологиясы
Түркия мен Ислам әлемінде өркениет, мәдениет, технология сынды түсініктер және осы түсініктерге қалай қарау мәселесі екі жүз жылдан бері талқылануда. Технология жайлы дау-дамайлар таяу кезеңде алаулануда. Технологияның тек технологияның өзі ғана емес екені, технологиямен бірге мәдениеттер де қамтылған көптеген қаланбаған нәрселердің келетіні, сондықтан технологиядан аулақ тұрылуы жөніндегі көзқарастар да алға тартылуда.
Анкара Йылдырым Беязыт Университеті Саясаттану факультетінің деканы Профессор Доктор Кудрет Бүлбүлдің аталмыш тақырыпқа байланысты анализін ұсынамыз.
Батыстан не алу керек?
Алдымен бұл дау-дамайдың жаңа және тек технологияға тән емес екенін айта кетейік. Басты түйін батыстан ненің алынуы немесе алынбауы тақырыбындағы дау-дамайдың жалғасы. Бұл тақырып Османлының соңғы дәуірінде заттық ілгерілеу мен рухани ілгерілеу, нақтылы мәдениет пен өнеркәсіп мәдениеті сынды түсініктер туралы зиялы қауымдар талқылаған болатын.
Дау-дамайдың мазмұнын Акифтің өлеңімен қысқаша қорытындылауға болады:
«Мәдениетіңді сақтап,
Уақытты жұмсап тезірек
Таңдап алыңыз ғылымды.
Мәдениет пен ғылым- ұлттың қос қанаты.
Конституционализм дәуіріндегі кейбір түрікшіл ойшылдарының, әсіресе Исламшыл ойшылдарының тұғырларын батыс ғылымының алынуы, бірақ өз мәдениетінің жоғалтылмауы деп қорытындылауға болады. (Осы тақырыптағы көзқарастарымды «Батысқа қалай тұғыр алуымыз қорғануымыз керек» атты мақаламнан оқи аласыздар) .
Одан кейінгі кезеңде Акиф және тағы басқа зиялыларды батысты жеткілікті дұрыс түсінбеді деп сынға тарты. Мен Акиф орынсыз сынға тартылды деп ойлаймын.
Технология мен мәдениеттің байланысы
Технология шүбәсіз технологияны өндірген қауымның жалпы мәдениетін бейнелейді. Адамды қайтадан жаратуды дизайн еткен жасанды ми технологиясы ішінде орын алған мәдениеттен бөлек түсінуге бола ма? Батыс мәдениеті деген жоқпын. Енді бұндай технологиялар Қытай сынды батыс тысы қауымдарда да өндірілуде.
Мысалы, тек дұшпан армияларын ғана емес, атылғанда аймақтағы жүз мыңдаған адамды, өсімдіктерді, барлық жан-жануарларды жойған, зақымдары салдарынан атылған жерлерді ешқандай нәрсе өспейтін күйге айналдырған Атом бомбасын Жапонияға лақтырған зейіннен бөлек түсінуге бола ма?
Осы түсінікке қарсы Кануни Сұлтан Сүлейманның көзқарасы басқа бір технология мен мәдениет байланысына үлгі бола алады. Кануни сарайдың бақшасындағы құмырсқалардың ағаштарды шірітулеріне мазасыз болған. Алайда құмырсқалардың да жандарын ойлап, жағдайды бір өлең арқылы Шейхулислам Әбуссуд Әпендіден сұрайды:
«Құмырсқалар миуалы ағаштарды шірітті
Зияны бола ма құмырсқаны қырсақ егер?»
Әбуссуд Әпендінің өлеңмен берген жауабы, басқа бір технология мен мәдениет байланысының айқын бір жауабы тәрізді:
«Ертең о дүниеге барғанда,
Сүлейманнан есебін сұрайды құмырсқа».
Екі көзқарастың да өндірілетін технология және осы технологияның адам баласын апаратын орны да басқаша болады.
Технологияның келуімен шетелдену де бір тақырып болып табылады.
Қай технология?
Технологияның шүбәсіз мәдениетпен байланысының болуымен қатар түрлі мәдениеттердің барлық технология өнімдерінің жаман болғанын ойлау сыңар жақты және қақпайлау бір тұғыр. Әрбір мәдениет өмір тіршілік барысында өз қажеттілігін қамтамасыз ететін технологиялық жаңалықтарды да өндіреді. Адам қажеттіліктерінің түрлі мәдениетте бір-бірімен еш үйлеспегенін айтуға болмайды. Сондықтан күнделікті өмірде әрбір мәдениеттегі адамдар ұқсас технологияларды қолдануда.
Сол себепті түрлі мәдениетте өндірілген технологияларға сыңар жақты түрде қарауға болмайды. Өз болашағымыз, өркениет және мәдениет құндылықтарымыз аясында талғамды ұстануда болғанымыз жөн.
«Ғылым Қытайда болса барып алыңыз», «Ғылым-- мүминнің жоғалтып алған малы», «Дұшпанымыздың қаруымен жасақтаныңыз», «Күшті мұсылман әлсіз мұсылманнан тіпті қайырлы» деген хадистері бізге технология тақырыбында талғамды болуымыз керектігін насихаттауда. Технология тақырыбында белсенді бір ізденіс ішінде болуымызды талап етуде. Дұшпандардың қаруымен жасақтан деген сөз бір мұсылман үшін басқа бір елге атом бомбасын атуды қамтымайды. Технологияның алынуға болатынын ойлағандар да бұны айтпаса керек.
Қандай ұсыныс бар?
Технологияға күдікпен қарағандар немесе болымсыз қарағандар қарсы шығудың тысында нақтылы бір ұсынысты ортаға қоя алмауда. Жалпы айтқанда батыс технологиясы, батысты дамытқан зейіндердің жалғасы ретінде қаралуда. Батыс сенімі, философиясы, ғылымымен бір тұтас ретінде қабылдануда. Бұл сындар күдіксіз белгілі бір серпіліс сезім жаратуда. Алайда бұл ғылымның Қытайдан болса да алуға болатын тұғырдың керісіндегі тар аядағы бір тұғыр болып табылады. Жалпы қабылдау немесе мүлде қарсы шығу да дұрыс емес. Технология өндірмеумен қатар өндірген технологияға да түбегейлі түрде қарсы шығу топас, надан, фанатик бір қауым жаратуы мүмкін.
Енді бір тараптан тіпті аз технология қолдану немесе Мұсылманша өмір сүріп, осыған сәйкес бір технология өндіру ұсынысы ортаға қойылуда. Бұл ұсыныс орынды. Әр түрінен қажеттілікке қарай аз өндіру барлық нәрсенің өте көп өндірілген бір дәуірде тұтыну ысыраптарына бір соққы. Шүбәсіз мұсылмандар мұсылманша өмір сүрулері керек және өздерінің тұрмыс қажеттілігіне сай технология өндіру талпынысында болғаны жөн. Мұндай ұсыныстар күнделікті өмір тіршіліктерінде, заманауи дамумен үйлескенде мағыналы. Алайда Ислам әлемінде әлемге өзін жауып тастап, террорды бір әдіс ретінде қараған ұшқары ағымдардың да кең қанат жайғанын көрудеміз.
Ислам әлемі көп тұтынғаны, көп технология қолданғаны үшін қазіргі оқиғалар болуда деп айтуға болмайды. Керісінше тіпті аз технология қолданғаны үшін болуда. Османлы дәуірінде, яғни 1838 жылы Балта порты сауда келісіміне дейін шетелдік бұйымдардың елге кіруі тақырыбында қатал шектеме және тыйымдар бар еді. Үндістанда Гандидің қасарысуы, АҚШ-та Амишлердің технологияға қарсы шығулары баршаға аян. Жеткен түйін әлі батыстың үкімдерінен және жаңа потенциалдан сөз қозғап отырсақ, әлемге жабық, заманауи дамудан хабары жоқ бір өмір сүрудің бір альтернатива өндіре алмайтыны шайдай ашық. Бұл әдістер капиталист өндіріс түрін әлсіретуі мүмкін. Алайда капиталист осы таңда батысқа тән болған, алайда ертең өзгеруі мүмкін .
Технология үрейі
Технологияға күдікпен қарау жоғарыда аталғандар аясында болса онда түсінуге болады. Бұның тысында технологияға қарсы шығу бір наразылықтың, жабық болу ұсынысының, кері шегінудің, топастықтың және өз сенімінің аздығының бейнесі болуы мүмкін. Технология үрейі немесе қарсы болу жабайы технология тысында тіпті адам бейнелі бір технология өндіре алмайтынын ойлайтын болсақ, тізе бүгу бір тұғыр еске түседі.
Қорыта айтқанда, технология жаратқан қатерлер, рисктер, болымсыздықтар адам баласының қияметін әкелуі мүмкіндігі жайындағы сындар тек бізде ғана емес. Ең маңыздысы осы технология алдында ұстанатын тұғыр болып табылады. Технология алдында жаппай қарсы шығу тұғырын интеллектуалдық бір ұстаным деп қаралуы мүмкін. Бірақ атқаруға болатын нәрсеге қарсы шығу шешім емес. Бұл тұғыр шешімдерді қиындастырады және жояды. Бұл тұғыр қарсы болған нәрсенің тіпті де ұнатылуына және таралуына қызмет етеді.
Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі негізгі мәдени-әлеуметтік типтерге көшейік. Мәселенің бұрын зерттелмегенін аңғару қиын емес. Мәдени-әлеуметтік тип ғылымда қалыптасқан қағидаларды талдаудың нәтижесінен гөрі, өмір идеяларын жалпылаудың тәжірибесіне жақын.
Архаикалық типӨңдеу
• Мәдени идентификация (теңестіру) адамның, белгілі бір нақтылы мәдени ортада өзін-өзі сезіну деңгейіне байланысты. Адам туғанынан құндылықтар жүйесін, әдетте, сол күйінде дайын қабылдайды (отбасылық, топтық, этностық, мемлекеттік, өркениеттік тағы басқа) . Еркін таңдау қабілеті тек шығармашылық типтегі адамдарға тән. Бұл ретте, әсіресе этникалық сананың тұрақтылығын, рәміздері (мифтері, аңыздары, мұраттары, қасиетті символдары, салттары тағы басқа) мен дүниетанымының өткен кезден сусындап тұратынын ескерген жөн. Этномәдени сана «біз және біз емес» деген ажыратушылық оппозицияға негізделген. Бұл сана адамды өткен тарихқа басты назар аударып, этностың түп-тамырларын құрметтеуге шақырады. Бұл - жағымды әрі қажетті талап. Өзін сыйламаған, басқаны да сыйлай алмайды.
АрхаизмӨңдеу
Алайда, этномәдени ментальдықтың әсіре бейнеленген типтері бар. Олардың бірі - архаизм. Архаизм- мәдениеттің өтіп кеткен сатыларын қайтадан қалпына келтіруге бағытталған талпыныс. Бұл типке зерттеушілер кейде «дәстүршілдік», «ортодокстық», «фундаменталиста», «партикулярлық» сияқты белгілерді де қосады. Шынында да, мәдени жүйе өзін өзі сақтап қалғысы келеді, тұрақты бастауларынан алыс болмауды қалайды. Екінші жағынан алғанда, адамның шығармашылдығы, жасампаздығы, жаңашылдығы белгілі. Осы екі тенденция бір-бірімен тайталаста болады. Архаистік бағдар туралы бірнеше деректер келтірейік.
Бұл мәселені А. Тойнби жан-жақты қарастырған. Оның пікірі бойынша, архаистік мәдени бағдар мінез-құлық бітімдерінде, өнерде, тілде, дінде, экономика мен саясатта байқалады. Мысалы, Германия тарихындағы тевтонизм, таза қанды арийлік идеялары мен фашистік-корпоративтік мемлекет құру тәжірибесі, Израильдегі өлі тіл ивритті тірілту әрекеті, Үндістандағы санскритті қалпына келтіру талпыныстары, Рим императоры Августың христиандықты көне тайпалық діндермен алмастыруға тырысуы осы архаизмнің көріністері болып табылады.
Фундаменталистік дүниетаным тіршіліктің негізгі принциптеріне сәйкес келмейді. Дж. Холденнің эволюциялық ілімі бойынша табиғи сұрыптаудың нәтижесіңде ішкі өзгерістерге бейімделмеген жүйе дегенарцияға ұшырайды. Ал кибернетик Росс Эшби жабық және кесімді ұйымдастырылған жүйелерде энтропия артып, коллапстық қалып туады дейді. Мұның мәдениетке не қатысы бар деушілердің де табылуы мүмкін. Алайда мәдениет бүкіл әлемдік заңдылықтардан тыс болатын «мәңгі двигатель» емес.
Архаистік мәдени тип заман өзгеріп, қалыптасқан өмір салты шайқалған өтпелі кезеңдерде ерекше байқалады. Ескі құндылықтар жүйесін қирату әр кезде уақыт сынынан өткен үйлесімді құндылықтарға жеткізе бермейді. Бұрынғыдан бас тарту кейде болашаққа емес, оның да алдында болған мәдени бітімдерді жаңғыртуға бағытталуы мүмкін.
Қазіргі Қазақстан Республикасын алып қарайық. Отаршылық және тоталитарлық мәдени құндылықтардың жалғандығы айқындалды және төл мәдениетті жаңғырту ниетіндегі заңды әрі түсінікті ұмтылыс қалыптаса бастады. Бірақ азаматтық қоғамның орнына жеті аталық үрдіске, рулық-тайпалық басқару жүйесіне, исламның орнына тәңіршілік пен шаманизмге қайтып келу, дүниежүзілік тарихты шежірешілдікпен ауыстыру және тағы басқалары осы архаизмнің көріністеріне жатады. Тағы бір мысал келтірейік. Әрине «жеті атасын білмейтін ұл жетесіз». Бірақ қазіргі ақпараттық әлемде, экрандық мәдениетте, өркениеттердің тоғысу заманында Бұл мәселе тәрбиелік-жадылық мағынаға ие болып, басқа өркениеттілік құндылықтарға орнын береді.
Қазіргі кезде өркениетті елдерде мәдени тұтастанудың төмендегідей жүйесі қалыптасқан: адам - отбасы - мәдени шағын топ - этномәдениет - үлкен өркениет - адамзат. Бұл жерде формалдық логикадағы ұғымның мазмұны мен кәлемінің кері қатынасы заңды әрекет етеді. Яғни, ең мағыналы мәдени тұлға адам болып табылады. Ұғымдардың көлемі кеңейе берген сайын комплиментарлықтың (басқаға деген жылылық) деңгейі де азайта түседі. Енді архаистік нұсқаны келтірейік: қауым мүшесі - ата баласы - ру - тайпа - жүз - ұлт. Ары қарай байланыстың ықтималдық дәрежесі төмен. Бұл жүйенің басқа адамдарды ассимиляциялау қабілеттілігі де жеткіліксіз. Түрік халықтарының тарихынан инкорпорациялық (қосып алу, сіндіру) деңгейі жоғары болған этностардың санының тез өскенін байқаймыз (түріктер, азербайжандар, өзбектер және тағы басқалары) . Бұл да ескеретін жайт. Әсіресе дәстүршілдіктің көріністеріне қазақтың және әр жүздің ханын сайлау, шариғат пен қазылық салтты қалпына келтіру, батыстық киім үлгілеріне тежеу сияқты пікірлерді ұсыну жатады.
Мәңгүрттік типӨңдеу
Мәңгүрттік тип. Бұл типке ұлттық салт-дәстүрден жұрдай, оның рәміздік рәсімдік мағынасын білмейтін, күнделікті өмірде ұлттық мәдени жүйенің құндылықтарын қолданбайтын адамдар жатады. Бұл туралы Ш. Айтматовтың шығармашылығында әсерлі жазылған. Мәңгүрт дегеніміз рухани тамырларынан айырылған адам.
Мәдениеттанулық әдебиетте ұлттық мәдениеттен тыс қалған типтік бейнені «евнух» (әтек) деп те айтады. Осман империясындағы әскердегі янычар, уәзір болған христиан, гаремдегі әтек өзінің мәдени қауымын жоғалтқан «евнухтың» классикалық түріне жатады.
Мәңгүрттік тип - дәстүршілдің қарама-қарсы бейнесі. Бірақ архаист өмірлік позицияны өз қалауымен қабылдаса, мәңгүрттік - сыртқы күштеудің нәтижесі. Мәдени жадыдан адам зорлық-зомбылықтың әсерінен айырылады. Әдетте Бұл отаршыл экспанцияның ассимиляциялау саясатынан туады.
Мысалы, Ресей империясының мәңгүрттендіру саясатының кейбір әрекеттерін еске алайық:
• 1. Халықтың өзін өзі басқару жүйесін отар лык әкімшілікпен алмастыру.
• 2. Салт-дәстүр мен руханилықтың тамырына балта шабу.
• 3. Миссионерлік әрекет, төлтума жазбаша мәдениетті шектеу, алфавитті алмастыру, орыстандыру, орыс мектептерін ашу.
• 4. «Бұратана» халықтардың тілін жоғары мәдени аймақтардан аластап, күнделікті-тұрмыстық деңгеймен шектеу. Метрополиялық менталитет пен мәдениетті күшпен енгізу.
Осыдан келіп «мәңгүртсің» деп біреуді айыптау әділетсіздікке жатады. Мәселе осы жағдайдан қалай құтылудың жолдарын айқындауда болып отыр. Оның басты жолы - ұлттық мәдениетті қайтадан игеру.
Алайда, мәңгүрттіктің елестері аз емес. Мысалы, этномәдени нигилизмді (кемсітушілікті) алайық. Еуропатектік әдебиетті айтпағанның өзінде, біздің республикалық басылымдардағы кездесетін мынадай пайымдаулардың төркініне көз салайық.
• - Қазақ тілі көшпелілік үрдістен қалған реликт.
• - Көшпелілер шынайы мәдениетке жете алмаған, «мәдениет» деген сөз арабша «қала» мағынасын білдіреді, сондықтан оны тек отырықшылардың үлесі деп жариялау.
• - «Психологиялық зерттеулер» республикада екі тип бар екендігін көрсетеді: біріншіден, психодиагностикаға икемді «» тип, екіншісі - этноорталықтық мінез-құлыққа және дінге бағдарланған «ортодоксты-азиялық» тип.
• - Түрік халықтарының мәдени мұрасының түбінде арийлік архетип жатыр, олардың мәдени жетістіктері ирандық «баулудың» нәтижесінде қалыптасқан. Кейбір зерттеушілердің түпкі атамызда ақ нәсілдік тип басым болған, сондықтан олар арийлер деп жариялауы да кездеседі. Бір тілдік топтың әртүрлі нәсілдерден құралу мүмкіндігін ескерген жөн.
Мәңгүрттік менталитеттің өкілдерінің типтік белгілерін күнделікті өмірден де аңғаруға болады. Жоғарыда келтіргеніміздей мәңгүрттік типке тарихи жадыдан алыс болу жатады. Тарихи жады мен руханилықтың маңызды бір тармағы - әрбір ұлттың адамгершілік туралы түсініктері мен әдеп жүйесі. Батыстық мәдени ауысушылықтың белгілі бір жақтары қазақтың ұлттық тәлім-тәрбие жүйесіне принципиалды сәйкес келмейді. Кейбір басылымдар ақша үшін құныға тарататын жезөкшелік, нашақорлық, маскүнемдік, рэкет, отбасылық құндылықтарды сыйламау, және тағы басқалары осы сияқты құбылыстар мәңгүртікке апаратын тура жолға жатады. Әрине, тек Батысты кінәлай беруге де болмайды. Көп жағдайда батыстық өркениет ізгілікке жатпайтын теріс қылықтарды тежеп, мәдениетті нарықтық гуманистік әдеп, жүйесімен үйлесімді қоса білген. Бұл жерде әңгіме транзиттік (өтпелі) қоғамдағы мәдени қайшылықтар туралы болып отыр. Сосын ұлттық тілді жақсы меңгеру әр уақытта мәңгүрттік менталитеттен құтқара алмайды.
Кейде мәңгүрттік мәдени типпен (оны мәдениет деп айту шартты нәрсе) маргиналдықты тұтас қарастыру кездеседі. Оның үстіне маргиналдар қатарына ана тілін білмейтіндерді де қосады. Сонымен, маргиналдық мәдени тип дегеніміз не?
Бұл ұғымды американ әлеуметтанушысы Р. Парк енгізген және латын тілінен - «шетте болушы» деп аударылады, Р. Парк маргиналдар деп мінез-құлқында тынымсыздық, агрессиялық, өзімшілдік, сенімсіздік, депрессиялық белгілері бар американ мулаттарын атаған. Мәдениеттану мен әлеуметтануда Бұл ұғым рухани өзіндік санасы тұрақсыздандырылған, «өліара» мәдениеттің өкілдерін бейнелеу мақсатында қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz