Мәдени саясаттың модельдері


Коммерциялық емес ашық акцоинерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
СӨЖ
Тақырып: Казакстаннын саяси мадениеттын улгылеры туралы талдаулык аныктама
Мамандығы: Жылу энергетика
Орындаған: Хабибула Нурбол
Тобы: Тэк 19-2
Тексерген: Орынбекова Д. С.
«» 2020ж.
Алматы, 2020ж.
Қазақстан Республикасында құқықтық және әлеуметтік
Мазмұны
1. Кіріспе
2. Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
2. 1. Ағымдағы ахуалды талдау
2. 2. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының ұзақ мерзімді тұжырымдамасының қажеттілігіне негіздеме
3. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының жалпы тәсілдері мен негізгі қағидаттары
3. 1. Мақсаты мен міндеттері
3. 2. Жалпы тәсілдер
3. 3. Негізгі қағидаттар
4. Қазақстан Республикасы мәдени саясатының басым бағыттары
4. 1. Ұлттың мәдени кодын сақтау
4. 2. Мәдениет саласындағы басқару жүйесін жетілдіру
4. 3. Өнер саласының бірыңғай білім беру кеңістігі
4. 4. Халықаралық мәдени кеңістікке ықпалдасу
4. 5. Ақпараттық және инновациялық технологияларды қолдану
4. 6. Қазіргі заманғы мәдени кластерлерді дамыту
Шығармашылық кластерлер
Музейлер ғылым мен зерттеу қызметін дамытудың тірек орталықтары ретінде
Әдебиет, кітап шығару мен кітапхана ісі
Бейнелеу өнері, дизайн және сәулет
Театр, музыка, хореография, орындаушылық және цирк өнері
Кино индустриясын қазіргі заманғы мәдени кеңістіктің аса маңызды кластері ретінде дамыту
Мәдени-туристік кластерлер:
“Астана - Еуразия жүрегі” кластері
“Алматы - Қазақстанның еркін мәдени аймағы” кластері
“Табиғат пен көшпенді мәдениеттің тұтастығы” кластері
“Алтай маржаны” кластері
“Ұлы Жібек жолын жаңғырту” кластері
“Каспий қақпасы” кластері
5. Іске асыру кезеңі мен күтілетін нәтижелер, нысаналы индикаторлар
6. Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасын іске асыру көзделетін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі
ұлттық генетикалық коды”
Н. Ә. Назарбаев
1. Кіріспе
Қазақстан Республикасы мәдени саясатының тұжырымдамасы (бұдан әрі - Тұжырымдама) Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың “Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ” атты 2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында әзірленді.
Жаңа мәдени саясаттың стратегиялық доминантасы Мемлекет басшысы ұсынған, бай мәдени мұрасымен шығармашылық әлеуеті бар Қазақстан халқын Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына кіру мақсатына ойдағыдай қол жеткізуге жұмылдыруға үндейтін және “Рухани жаңғыру” ұлттық сананы рухани жаңғырту және жаңарту ұлттық идеясы болып табылады.
Бүгінгі күні мәдениет пен мәдени әлеуетті дамыту әлемнің көптеген халықтары мен мемлекеттерінің негізгі даму басымдықтарының қатарына жатады. Мәдениеттің даму деңгейі, жалпыұлттық және әлемдік мәдени мұраны сақтап қалу мен байытуды, сапалы мәдени құндылықтардың жасалуын, таратылуы мен қолданылуын, жемісті мәдени алмасу мен тұлғаның рухани-шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі көрсетуін қамтамасыз ететін, тиімді жұмыс істейтін мәдени институттар инфрақұрылымы мен тетіктерінің болуы табыстың аса маңызды өлшемшарттарының бірі болып табылады.
Табысты мемлекеттің мәдени саясаты жасампаз құндылық бағдарларын қалыптастыру негізінде қоғамның орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталады және қоғам мен мемлекеттің тыныс-тіршілігінің барлық маңызды аспектілерін дамытудың сапалы өлшемі болып табылады.
Мәдениет саласындағы жетістіктер ведомстволардың, мәдениет мекемелерінің жұмыстарымен, статистиканың сандық көрсеткіштерімен және белгілі есімдердің болуымен ғана өлшенбейді. Бүгінгі күні мәдениет - бұл тұлғаның рухани-эстетикалық дамуының, жалпыұлттық бірлікті қалыптастырудың және елді әлемдік қоғамдастыққа ықпалдастырудың қуатты құралы. Мұнда ұлттық-мәдени тамырлар, тарихи тәжірибе, үздік салт-дәстүрлер, сондай-ақ ұлттың өзінің ұлттық кодын сақтап қалу базалық тірек болып қалады.
Мәдениеттің рөлін ұғынуға деген заманауи көзқарас жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру қажеттілігін негіздейді, оның маңызды бағыттары бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, сананың ашықтығы және мемлекеттің эволюциялық даму жолы болып табылады. Қазіргі жағдайларда мәдени саясаттың маңызды артықшылығы тұлғаның, бизнестің және тұтастай мемлекеттің маңызды жетістігінің аспектілері ретінде қоғамның шығармашылық белсенділікке және өз бәсекелестік артықшылығын арттыруға деген қарым-қатынасының өзгеруі болуға тиіс. Бұл, ең алдымен, Қазақстан Республикасының әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына жедел кіруіне ықпал ететін қазіргі заманғы, әлемдік стандарттарға негізделген мәдени инфрақұрылымды және саланы ұйымдастыру мен басқарудың тиімді моделін құруды талап етеді.
Мәдени саясат тұжырымдамасы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің озық тәжірибесі ескеріле отырып әзірленді, атап айтқанда, жұмыспен қамту және кірістер деңгейінің көрсеткіштері бойынша мәдениет және өнер саласын күшейтуге бағытталған. Мұндай жағдайларда мәдениет саласы экономика ресурстарының біріне, бизнес-бастамалар үшін тартымды инвестициялық салаға айналып келеді, бұл атап айтқанда: кино индустриясы, анимация, цирк өнері, музей, концерт пен театр қызметтері және тағы басқалары сияқты өнердің жекелеген түрлері мен мәдениет ұйымдарын экономикалық тұрғыдан табысты (рентабельді) деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.
2. Қазақстан Республикасында мәдениет саласын дамытудың жалпы пайымы
2. 1. Ағымдағы ахуалды талдау
Саланың тарихи қалыптасқан және тәуелсіздік жылдары қарқынды дами бастаған инфрақұрылымы қазақстандық мәдениеттің одан әрі дамуы үшін негізгі тұғырнама қызметін атқарады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2017 жылғы 1 қаңтарға елімізде 4, 1 мың кітапхана, шамамен 3, 2 мың мәдени-демалыс ұйымдары, 238 музей, 64 театр, 94 кинотеатр, 39 концерттік ұйым, 132 мәдениет және демалыс саябағы, 8 хайуанаттар бағы және 4 цирк жұмыс істейді.
Инфрақұрылымның даму серпіні тұрақты оң сипатқа ие. Мәселен, соңғы жылдарда музейлердің, клуб үлгісіндегі мекемелердің және кино қоюды жүзеге асыратын ұйымдардың саны 13%-ға артты; театрлар саны 16, 4%-ға өсті; кітапханалар саны 4, 6%-ға көбейді. Саланы жүйелі мемлекеттік қолдау да тұрақты қаржыландырумен айқындалады.
Елімізде өзінің сәулеті бойынша бірегей “Қазақстан” орталық концерт залы, Орталық Азиядағы ең ауқымды “Астана Опера” опера және балет театры, “Astana Ballet” театры, халықтың мәдени мұрасының маңызды құндылықтары жинақталатын елдегі аса ірі орын болуға арналған Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі ашылды.
Сала инфрақұрылымы жылына орта есеппен 90, 5 миллионнан астам адамға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Әлеуметтік зерттеулердің деректері бойынша халықтың көрсетілетін мәдениет қызметтеріне қанағаттану деңгейі 66-70, 3%-ды құрайды.
Қазіргі бағыттардың, жанрлар мен стильдердің барлығы дерлік өз дамуын классикалық, халықтық және бұқаралық мәдениеттен алды. Қазақстандық музыка, бейнелеу, кино және театр өнері әртүрлі халықаралық өнер фестивальдарында, көрмелерде, форумдарда, биеннале мен конкурстарда лайықты таныстырылды. Қазақстандық үздік өнер шеберлерінің әлем өнерінің ең беделді алаңдарында тағылымдамадан өтуге мүмкіндігі бар.
Еліміздің театр алаңдарында жыл сайын 38 мыңнан астам спектакль қойылады, олардың 400-і - отандық және шетелдік хореографтардың, балетмейстерлердің, режиссерлердің жаңа қойылымдары, “Тәуелсіздік толғауы” шығармашылық конкурстарының шығармалары.
Отандық киноиндустрия белсенді дамуда. Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” акционерлік қоғамының киностудиясында түрлі жанрлар мен форматтардағы фильмдерді түсіруге мүмкіндік беретін киноөндірісінің қазіргі заманғы толық технологиялық тізбегі қамтамасыз етілген. Кинобазаның өндірістік қуаты жыл сайын 100-ден астам фильмді құрайды. Қазақстандық картиналар халықаралық кинокөрсетілімдер мен фестивальдарға қатысуда. 2014 - 2016 жылдары Шәкен Айманов атындағы “Қазақфильм” акционерлік қоғамында 200-ден астам картина әлемнің 48 елінде 150 кинофестиваль мен халықаралық көрсетілімнің қатысушылары болды және 100-ден астам жүлделерге ие болды. Қазақстанның Тәуелсіздігі мерейтойы қарсаңында 26 кинокартинаның, оның ішінде 9 көркем, 9 деректі, 7 дебютті және 1 толықметражды анимациялық фильмнің тұсаукесері болды. Барлық картиналар халықаралық нарық прокатына бағдарланған. Ресейде “28 панфиловшылар” Қазақстан-Ресей картинасы 2016 жылдың үздік фильмдері қатарына енді. Ресейде, Қытайда, Францияда, Гонконгта, Грецияда “Елбасы жолы” - “Жұлдыздар тоғысқанда” кино-эпопеясы жалғасының тұсаукесері болып өтті. “Под вечным оком неба” ғылыми-танымал фильмі Қытайда креативті индустрия және мәдениет көрмесінде “Инновациялық жоба үшін” атты номинациясы бойынша жоғары наградаға ие болды, итальялық және қытайлық әріптестермен бірлесіп жасалған “Марко Поло” деректі фильмі Қытайдың және Италияның прокатында көрсетілді. 2017 жылы режиссер А. Сатаевтың “Анаға апарар жол”, режиссер С. Нарымбетовтің “Аманат” картиналары және тағы басқалар бірқатар беделді халықаралық наградаларға ие болды. “Құнанбай” картинасы Қазақстанның әдебиет пен өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың бірінші иегері болды. “Алмас қылыш” картинасы 2017 жылғы отандық прокаттың көшбасшыларының біріне айналды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ұлттың негізгі зияткерлік ресурсы болуға бағытталған Қазақ ұлттық электрондық кітапханасының (ҚазҰЭК) қорын кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Электрондық каталогтың көлемі 30 мың библиографиялық жазбаны құрайды. Қашықтықтан пайдаланушылардың сұрау салуы бойынша кітаптардың е-көшірмелерін жасауға жыл сайын орта есеппен 3 мың тапсырыс қабылданып өңделеді.
Шетелде қазақстандық мәдениетті танымал ету шеңберінде соңғы бірнеше жыл бойы Мәдениет күндері форматындағы іс-шаралармен ТМД-ның барлық дерлік елдері, Еуропа мен Азияның, Таяу Шығыстың жетекші елдері қамтылып келеді.
“Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында іс-шаралар кешені жүзеге асырылып, нәтижесінде тарих пен мәдениеттің жаңа ескерткіштері ашылды, маңызды тарихи-мәдени объектілер консервацияланды, реставрацияланды және реконструкцияланды, елдің мәдени мұрасын зерделеудің тұтас жүйесі үшін база құрылды.
“Қазақтың дәстүрлі мың күйі”, “Қазақтың дәстүрлі мың әні” және “Батырлар жыры” бірегей жобаларының шеңберінде халық шығармашылығының ең үздік үлгілері жүйелендірілді.
Қазақстан халықаралық ынтымақтастық желісі бойынша мәдениет саласындағы мынадай конвенцияларға қатысушы болып табылады: Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраны қорғау туралы конвенция (Париж, 1972 жылғы 16 қараша), Материалдық емес мәдени мұраны қорғау туралы конвенция (Париж, 2003 жылғы 17 қазан), Қарулы қақтығыстар болған жағдайда мәдени құндылықтарды қорғау туралы Гаага конвенциясы (Гаага, 1954 жылғы 14 мамыр), Еуропа мәдени конвенциясы (Париж, 19 желтоқсан 1954 жылғы), Мәдени құндылықтарды заңсыз әкелуге, әкетуге және оларға меншік құқығын беруге тыйым салу мен олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы конвенция (Париж, 1970 жылғы), Халықаралық көрмелер туралы конвенция (Париж, 1928 жылғы 22 қараша) .
ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне Қожа Ахмет Яссауи кесенесі мен Тамғалы археологиялық ландшафтының петроглифтері мәдениет ескерткіштері, сондай-ақ “Сарыарқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері” табиғи мұра объектісі енгізілді. Жібек жолының Жетісу бөлігінің қазақстандық сегіз объектісі: Талғар, Қаялық, Қарамерген, Ақтөбе “Степнинское”, Өрнек, Құлан, Қостөбе, “Ақыртас” археологиялық кешені “Жібек жолы: Чанань-Тянь-Шань дәлізі маршруттарының желісі” атты сериялық трансұлттық номинациясы бойынша ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне кірді.
Тұтастай алғанда, саланың әлеуеті мейлінше жоғары, мұны көрсетілетін мәдени қызметтерді тұтынудың тұрақты өсу серпіні айғақтап отыр. Тек соңғы он жылда ғана театрларға бару көрсеткіші 1, 3 есе артты, кітапханалардың тұрақты оқырмандарының саны 18%-ға өсті, кинотеатрлардың көрермендер саны 2, 3 есе ұлғайды.
Алайда, жалпы сала көрсеткіштері қарқынды өскенімен, мәдениет және өнер саласы қызметкерлерінің әлеуметтік мәртебесі мен беделі бұрынғысынша төмен күйінде қалып отыр. Сала қызметкерлерінің орташа айлық еңбекақысы республикадағы қызметтің барлық салалары бойынша осыған ұқсас көрсеткіштің 61-72%-ын құрайды. Қызметтің көрсетілген түрі бойынша еңбекақы қоры елдегі жалпы еңбекақы қорының 1, 3%-ын құрайды. Мәдениет саласындағы жаңа жұмыс орындарын ашу серпіні саланың жұмыспен қамтудың орташа республикалық көрсеткішінен артта қалғанын көрсетіп отыр.
Саланың түйінді проблемалары
Ағымдағы ахуалды талдау негізінде саланың мынадай проблемаларын бөліп көрсетуге болады:
1) атқарушы билік органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қабылдайтын шешімдерде тиімді үйлестірудің жетіспеушілігі, сондай-ақ мәдениет ұйымдарының, әсіресе, ауылдағы мәдениет ұйымдарының желісін дамытуда сақталып келе жатқан теңсіздік;
2) мәдениет мекемелерінің желісін дамыту қажеттілігі мен бюджеттің оларды ұстау жөніндегі мүмкіндіктері арасындағы сәйкессіздік бар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті енгізу тәжірибесінің әлсіз жандануы орын алып отыр;
3) жастар мен балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға жүйелі тәсіл толық қолданылмайды;
4) өнердің қазіргі заманғы бағыттары мен оның жаңа ағымдары тиісті даму мен қолдау таппай келеді;
5) ұлттық рухани құндылықтар мен бағдарларды жарқын көркемдік образдарда бейнелейтін заманауи өнер туындыларының жетіспеушілігі;
6) ғылыми тәсіл және өнер теориясы мен практикасының өзара байланысы жеткілікті айқындалмаған: көркемөнер білімін беру, өнертану, музей ісі, археология, реставрациялау, туризм, кино, театр салалары өзара біріктірілмеген және келісілмеген;
7) музейлер мен музей-қорықтар ғылыми-зерттеу қызметін дамыту әлеуетін жеткілікті пайдаланбайды;
8) мәдениет саласында меценаттық, демеушілік және волонтерлік институттар дамымаған;
9) бос уақыт мәдениеті мен мәдени сервисті дамытудың жүйелі тәсілін іске асыру жөніндегі практикалық қадамдар жеткілікті пысықталмаған.
Мәдениет саласындағы қолданыстағы нормативтік құқықтық база заманауи инновациялық және ықпалдасушылық процестердің талаптарына толыққанды сәйкес келмейді, өңірлердің, моноқалалар мен шалғайдағы ауылдардың қажеттіліктерін ескермейді.
Елімізде қолданыстағы шығармашылық білім беру жүйесінің музыка, балет, орындаушылық, бейнелеу өнері бойынша кадрлар даярлаудағы көрсеткіштері жоғары болғанымен, кино, анимация, сурет өнері, мүсін, графика, дизайн, декоративті-қолданбалы өнер, музей, реставрация, кітапхана ісі саласындағы мамандар тапшылығының спектрін толық қамтымайды. Көркемөнер білімі оқытудың барлық деңгейлерінде шығармашыл мамандарды даярлауды жүйелі қайта құруды талап етеді.
Кадр тапшылығы “креативті” жаңа таптың - белсенді және бұқаралық әлеуметтік топтың пайда болуы мен дамуын тежеп отыр, мәселен, АҚШ-та оның үлесі қазірдің өзінде халықтың 30%-ынан асады.
Өнердің, музейтанудың және мәдениеттанудың барлық салаларында ғылымды дамыту жеке назар аударуды талап етеді. Бүгінде музей ісі, тарих, археология, этнография, реставрациялау, өнертану және мәдениеттану саласында ғылыми зерттеулерді жүргізудің үйлестірілген саясаты жоқтың қасы. Ғылыми және практикалық нәтижелерге, артефактілерге, тарихи-мәдени объектілерге тиісті түсінік берілмейді және ол құндылықтарды мұраға алу мен мәдени бірегейлікті қалыптастырудың қазіргі заманғы процестеріне ықпалдастырылмаған.
Жастар мәдениетін, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын және көркемдік-эстетикалық білім беруді қолдау жүйесін дамыту тиісінше көңіл бөлуді талап етеді. Осы жағдай қоғамның, әсіресе, жастардың шетелдік мәдени құндылықтар мен идеалдарына жаппай бағдарлануына себеп болды, бұл құндылықтар мен мәдени иммунитеттің орнықты шкаласын қалыптастыруға теріс әсер етеді.
Эстетикалық талғамға, адамгершілікке тәрбиелеуге, отандық мәдениетке деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған балаларға арналған түрлі мәдени өнімдерді (оның ішінде анимациялық) шығару стратегиясы жоқ.
Қазақстан мәдениеті мен өнерінің көптеген салаларының әріптестігі мен бәсекелестігі шарттарында әлемдік мәдени процеспен ықпалдасу әлеуеті толыққанды іске асырылмаған. Танымал имидждік жобаларды іске асыру - халықаралық конкурстар мен фестивальдарды өткізу, туристік трансұлттық маршруттар мен кластерлерді дамыту әлемдегі қазақстандық мәдениеттің мәртебесін нығайтуға ықпал ете алады және ықпал етуге тиіс.
Зор мүмкіндіктер бола тұра, мәдениет және өнер саласындағы креативті индустриялар мен ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың нашар дамуы саланы дамытудың инновациялық тәсілін қалыптастыруға және мәдениет өнімдері мен көрсетілетін қызметтеріне кең қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейді.
Мәдени саясаттың модельдері
Мәдени саясат саласында әртүрлі жолдар мен тәсілдер бар және әрбір дамыған мемлекет қазіргі тарихи-мәдени тәжірибесіне, объективті саяси және экономикалық артықшылықтарға негізделетін өзінің бірегей стратегиясын басшылыққа алады.
Мәдени саясаттың модельдері мынадай негізгі басымдықтарға бағдарланған: қолда бар мәдени құндылықтарды қорғау, мәдени шығармашылықты қолдау және ілгерілету, мәдени өмірді (ортаны) дамыту. Басқару (жоспарлау), қаржыландыру және заңнамалық қамтамасыз ету қазіргі заманғы дамыған және дамушы елдердің мәдени саясатының негізгі аспектілері болып табылады.
Басқару модельдері:
1) басым саясат - мемлекеттің күш-жігері құндылықтардың берік жүйесін құруға, жалпыұлттық және әлемдік маңызы бар имидждік жобаларды, шығармашылық ұйымдарды, ұжымдар мен тұлғаларды қолдауға бағдарланған;
2) қолжетімділік саясаты - мемлекеттің негізгі күш-жігері элитарлық мәдениет пен өнерді ілгерілетуге, халықтың қалың жігі арасында талғам мен жоғары эстетикалық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған;
3) мәдени өзін-өзі көрсете білу саясаты - классикалық мәдени иерархия және эстетикалық санаттардың айқын болмауы, басты рөлді мәдени өзін-өзі сәйкестендіру мен өзін-өзі көрсетуге деген (этностық, әлеуметтік, кәсіптік және тағы басқалар) кез келген ұмтылыс атқарады.
Мәдениет саласындағы кез келген басқару моделінің негізін елдің бірыңғай мәдени кеңістігін құруға мемлекеттің жоғары дәрежеде қатысу қағидаты айқындайды.
Сонымен бірге, әлемдік практикада мәдениет саласын дамытудың айқын және әмбебап стандарттары мен оның табыстылығының өлшемшарттары қалыптаспаған. Әрбір ел өзінің ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін және стратегиялық перспективаларының пайымын ескере отырып, мәдени саясаттың міндеттері мен құралдары жиынтығын айқындайды.
Дамыған елдердің мәдени саясатының заманауи бағытын сипаттайтын бірқатар жалпы әлемдік үрдістер бар, олардың ішіндегі ең маңыздылары:
1) шығармашылыққа жәрдемдесу және шығармашылық бостандық генерациясы;
2) мәдени мұраның сақталуын, ұлттық мәдениет пен тілдің қорғалуын қамтамасыз ету;
3) халықтың барлық жіктерінің мәдени өмірге қатысуына тең мүмкіндіктер жасау;
4) жастардың, әсіресе балалардың шығармашылық жетілуі үшін жағдайлар жасау;
5) қоғамның мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуын ықпалдастыру және тағы басқалары болып табылады.
Қазақстан үшін ұсынылған басқару модельдерінің әлемдік үздік практикаларының оң, элементтерінің синтезі маңызды. Мәдениет саласындағы серпінді дамып келе жатқан процестердегі мемлекет, қоғам және тұлға мүдделерінің теңгерімін ұстап тұру орнықты және табысты мемлекеттің мәдени саясатының неғұрлым оңтайлы қағидаты болып табылады.
Қаржыландыру модельдері
АҚШ: мәдениетті мемлекеттік қолдаудың мықты идеологиялық негізі бар және “шабыт беретін мемлекет” ретінде белгілі. Қаржыландыруды гранттар, қорлар мен демеушілер қамтамасыз етеді. Мәдениет миссиясы америкалық құндылықтар жүйесі мен өмір салтын жаһандық ауқымдарда ілгерілетуді, АҚШ-тың бүкіл әлемде демократияның, адам құқықтары мен бостандығының қорғаушысы ретіндегі ерекше имиджін қалыптастыруды қамтиды.
Ресей: “2013 - 2020 жылдарға арналған мәдениет пен туризмді дамыту” мемлекеттік бағдарламасы қолданылады, оның негізгі мақсаты - тұлға мен мемлекеттің рухани-адамгершілік дамуы, елдің біртұтас мәдени кеңістігі мен көпұлтты халықтың рухани бірлігін нығайту. Негізгі қаржыландыру көзі - федералдық бюджет. Тікелей қаржыландыру Ресейде бұқаралық мәдениет ұйымдарының орта есеппен 80%-ға дейінгі кірісін қамтамасыз етеді. Жеке қайырмалдықтар, демеушілер мен меценаттар үшін салықтық жеңілдіктер пайда бойынша салық салынатын базаны мәдениет пен өнерді дамытуға жасалған қайырмалдықтар шамасына азайтудан көрініс табады. Бұл жағдайларда салық салынатын пайда кәсіпорындар үшін 5%-ға дейін, ал банктер үшін - 3%-ға дейін азайтылады. Ресейдің мәдени саясаты мәдениет пен оның әлеуметтік рөлінің ұлттық ұғымына негізделген.
Қытай: мәдени саясаттың екі бағыты бар - мемлекет тарапынан қаржыландырылатын және бақыланатын дәстүрлі бағыт: идеология, әлеуметтік мәдени көрсетілетін қызметтер, шығармашылық, ғылыми зерттеулер, мәдени мұраны қорғау, сондай-ақ еркін бәсекелестік жағдайларында мәдениет өнімдерін шығаратын мәдениет индустриясы. Мемлекеттік қаржыландыру инвестициялардың мемлекеттік емес нысандарымен үйлеседі: мәдениет саласындағы инвестициялауды көтермелеу, қаржы қорларын кеңейту, серпінді және жоғары технологиялық жобаларға мемлекеттік кредит беру және тағы басқалар. Үкімет мәдениетті дамыту қорын құру мен мәдениет саласындағы коммерциялық кәсіпорындар арқылы мәдени индустрия саласын қалыптастырудың тиімді тетігін жасады.
Ұлыбритания және Канада: мемлекет ұлттық мәдениетті қолдау бойынша негізгі қаржылық ауыртпалықты өзіне алады, бұл ретте оны бөлуге қатыспайды - “қол созу” қағидаты. Бұл функцияны тәуелсіз әкімшілік органдар жүзеге асырады, олар өз кезегінде қаржы қаражатын арнайы комитеттер мен сарапшылар топтарына береді. Корпоративтік демеушілік мәдениетті қаржыландырудың мемлекет күш-жігеріне барабар маңызды тетігін білдіреді.
Германия: бюджеттік қаржыландыруды негізінен өңірлік және жергілікті биліктер жүзеге асырады, экономикалық еркіндіктің үстем мәні мойындалады. Мәдениет саласындағы саясат мемлекеттік қаржыландырумен қатар гранттық қолдау жүйесінің тетіктері дамыған жекеше және қоғамдық қаржыландыруды қамтиды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz