Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар
Дайындық үшін әдістемелік нұсқаулықтар мен семинарларда талқылауға арналған сұрақтар:
1) Мақала тақырыбын қалай таңдауға болады?
2) Пәндегі қандай проблемалар тарих ғылымында өзекті?
3) ғылыми мақала жазу ережелері.
4) Ғылыми мақаланың құрылымы қандай бөліктерден тұрады?
5) Жұмыстың өзектілігі неде?
6) Жұмыстың ғылыми жаңалығы неде?
7) Арнайы әдебиеттерді қалай талдауға болады?
8) Тарихи дереккөздерге бастапқы талдау қалай жүргізіледі?
9) Жұмыста қорытынды қалай дұрыс шығарылады?
10) Зерттеушілер мақаланы жазу кезінде қандай қателіктер жібереді?
11) мақала жазу және форматтау кезіндегі техникалық параметрлер.
Мақала тақырыбын қалай таңдауға болады?
1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала - бір мағына, бір тақырып.
2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып - мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам - лид.
3. Мақалаңыздың негізгі фактілерін белгілеңіз. Факт, ой, мағына. Осының бәрін парақшаға сөздермен түсіріп, жоспар құрыңыз. Сөйлеммен емес, сөзбен. Енді жоспарыңызды оқып шығыңыз. Егер ол тақырыбыңызға сай болып, мағынасын ашып тұрса, мақала жазуға кірісіңіз.
4. Әр сөздеріңізге(факт, ой, мағына) бір абзацтан арнаңыз. Барлық абзацтың қалыңдығы(ұзақтығы) бірдей болған жөн. Себебі, оқырман мұндай құрылымды тез әрі жеңіл қабылдайды.
Ғылыми жоба тақырыптарын таңдау ережесі:
1. Тақырып оқушыларға қызықты, оларды тартатындай болу керек.
2. Тақырып орындалатын, шешімі зерттеуге қатысушыларға пайдасы тиетіндей болу керек.
3. Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып, жетекші өзі жақсы білетін тақырып аясын таңдау керек.
4.Тақырып шынайы болу керек, онда жаңа дүниелер, күтпеген жаңалық, ерекшелік элементтері болу керек.
5. тақырып жұмыс ұзақ жылдарға созылмай, тез орындалатындай болу керек.
6. Тақырыпты бәрі түсінетіндей болу керек, әрине тақырып оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес келу керек.
7. Тілегі мен мүмкіндігінің ұштасуы.
Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз -
* Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
* Негізгі бөлім
* Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
5. Мәтіннен бос сөздерді алып тастаңыз. Сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан басталғаны дұрыс. Түсінксіз сөйлемдерді ауыстырыңыз. Бір сөйлем 6-7 сөзден тұруы керек.
6. Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қателер мен теріп жатқан кезде кеткен қателерді жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!
Міне енді мақалаңыз дайын. Басты ережені ұмытпаңыз, мақала жазудың шебері болу үшін - күнделікті мақала жазып жүрген абзал.
Тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар
Мақсаты: Зерттеу тақырыбын анықтау мәселесінің маңыздылығымен, тақырыптың көкейкестілігін ескереу қажеттілігімен таныстырып, қазіргі педагогикалық зерттеулердің мәселелері жайлы ақпарат беру.
Жоспар:
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
2. Зерттеу тақырыбын негіздеу.
3. Проблеманы қою және дамыту
1. Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі.
Әлеуметтік өзгерістер білім технологиясы мен әдістемесінің мақсаттарын, мазмұнын жаңартуды алға тартып отыр. Соның нәтижесінде педагогке жаңа талаптар қойылуда. Ол тек оқытушының, тәрбиешінің функцияларын ғана емес, оқыту мен тәрбие берудің әдістерін зерттеушінің функциясында атқаруы тиіс.
Бұл жұмысты ғылыми және ғылыми әдістемелік зерттеудің әдіснамасын меңгеріп, оны іс жүзінде пайдалана алатын педагог қана атқара алады.
Жаппай педагогикалық ізденіс өткен ғасырдың 90 - жылдарында пайда болды. Педагогтік кәсіп шығармашылықпен тікелей байланысты. Педагог үнемі ең жақсы әдіс - тәсілдерді іздестіріп, әртүрлі әдістер мен құралдардың тиімділігін салыстырып отыруы тиіс. Қазіргі заман педагогтің зерттеушілік жұмысының мақсатқа сай және кәсіби деңгейде болуын қажет етіп отыр.
Зерттеу жұмысының нәтижелі болуы үшін педагог мынадай талаптарды орындауға міндетті:
- ізденіс әрекетінің сипаты шығармашылық, өнімді екендігін, тек ақпарат алуға бағытталмағандығын, керісінше оның мән - мағынасын ашуға, оны жасауға өзіне ғана тән тиімді шешімдерді іздестіруге бағытталатындығын ұғыну;
- жалпы ғылыми және пәндік білгірлік, сондай - ақ жалпы мәдени дүниетаным болуы;
- тұлғалық шығармашылық әлеуеттің, стандартты есем тәсілдер мен шешімдер жасауға қабілеттілік, ерік - жігер және моральдық психологиялық сапалардың: адалдық, табандылық, барынша беріліп қызығушылық, сыни көзқараспен қарауға қабілетті болу;
- ғылыми ізденістің теориялық және практикалық әдіснамасын меңгеру.
Зерттеу тақырыпты таңдау мен проблеманы анықтаудан басталады. Зерттеудің неғұрлым ретті түрде, терең негізделіп және қатаң құрылымдалған түрде жүргізу оның нәтижелі болуына мүмкіндіктер ашады.
Алғашқы қадам пәндік саланы таңдаудан басталады. Ол үшін блоктік тәсіл қолдану тиімді.
Бірінші блок - байланыс: тақырып - проблема. Жас зерттеушіге даяр тақырыпты ұсыну мүлде дұрыс емес. Зерттеуші бірнеше тақырыптардың ішінен өзін және ұжымын қызықтыратын, өзіне жақын тақырыптың бірін таңдауына болады. Бірақ, ең дұрысы, өзін толғандырып жүрген тақырыпты өзінің ұсынғаны. Осылай еткеннің өзінде тақырыпты нақтылау, түзету, акцент жасау, тұжырымдарды қарапайымдау және нақтылау қажет.
1. Зерттеу тақырыбын негіздеу.
Тақырыпты таңдау және нақтылау - ұзақ уақытқа созылатын қиын жұмыс. Тақырып көздері тәжірибе немесе теория жазықтығында болуы мүмкін. Алғашқы кездерде қарама - қайшылықтар, іс жүзінде ұнамсыз болуы сияқты кедергілер болуы мүмкін.
Тақырып - проблема: тақырыпты таңдауға қойылатын талаптар:
- Өзектілігі, көкейкестілігі (өткірлігі, шешілудің пісіп жетілуі).
- Теория және тәжірибе үшін маңыздылығы (аса маңызды ғылыми және практикалық міндеттерді шешуге қолдануға болатындығы).
- Перспективалы (болашағы) болуы (қарастырылып отырған кезең үшін өзекті және маңызды болуы);
- Проблемалылығы (шешілуінің белгісіз болуы, теориядан іздеу қажеттігі, тәжірибеде қиындықтарды шешу).
- Адам мен қоғамның даму концепцияларымен үндес болуы (ізгілікті - тұлғалық немесе әлеуметтік тұлғалық бағдар).
- Ізденушінің тәрбиесі мен мүдделі болуы (бастан кешіру, қатысы болуы).
Аталған талаптардың бәрі де маңызды, бірақ өзектілік, проблемалық және осы заманғы тұжырымға сәйкес келуі сияқты бөліктер айрықша түсіндіруді қажет етеді. Өзекті (көкейкесті) тақырыпқа мәңгі жасмыл, ұзаққа кететін деп аталатын тақырыптар жатады. Тақырыпта проблема анық немесе жабық түрде болуы тиіс. Оның көздері іс жүзіндегі қиындықтардан көрінеді. Егер теориялық білімде сәйкес түсіндірмелер мен шешімдер болмаған жағдайда проблема туындайды. Міне, осы кезде ғылыми проблема пайда болып қалыптасуы жүреді де, білмегенді білу, белгісіздің белгілі болуы.
Тақырыпты шектеу және нақтылау, оған жақын тақырыптардан жігін ашу, оның зерттеу аясын және жағдайларын дәл көрсету де аса маңызды.
Тәжірибенің көпқырлылығын, жұмыстың барлық бағытындағы педагог, психолог немесе басшы маңызды оқиғалар мен фактілерді әрдайым есте ұстау қажет. Зерттеу үнемі шектеліп отыруы тиіс, себебі солай өткенде ғана зертеліп отырған үрдіске терең бойлау мүмкіндігіне ие болуға, ақырына дейін жетуге болады.
Сондықтан зерттеудің проблемалық алаңы көлемі және шешілетін нақты міндеттері бойынша шектеліп отыруы тиіс. Тақырыптың аталуы проблеманы, ізденіс пәнін, әсіресе бағытын, ізденістің жетекші аспектісін білдіреді. Кейбір жағдайларда негізгі тақырыптың аталуы қосымша сөздер арқылы нақтыланып беріледі. (жақша ішінде немесе жақшасыз).
3. Проблеманы қою және дамыту
Тақырыппен жұмыс кезеңдері:
- педагогикалық үрдістегі қарама - қайшылықтар мен қиындықтарды анықтау.
- Проблеманы анықтау және тақырыпты проблемалау.
- Нақты пәндік зерттеуді анықтау.
- Тақырыптың аталуындағы өзгерістер бағытымен пәнді бейнелеп көрсету.
- Тақырыпты нақтылау және ықшамдау.
- Жақын тақырыптардан жігін ашып бөлу.
- Тақырыпты тұжырымдау (алғашқы анықтамасы), осы түзету және зерттеу үрдісі барысында нақтылау.
Пәндегі қандай проблемалар тарих ғылымында өзекті
Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымының жаңа сапалық са - тыға көтерілуіне Елбасы Н.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары негіз болып отыр. Ол Қа - зақстанның әлеуметтік жаңғыр - тылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек қо - ғамына қарай 20 қадам мақа - ласы және 2012 жыл - ғы 14 желтоқсанда жариялаған Қа - зақ - стан-2050 Стратегиясы - қалып - тасқан мем - лекеттің жаңа саяси бағыты Жол - дауы. Бағдарламалық мақалада тарих оқулықтарын ең биік талаптарға лайық - тап жазу және Өлкетану пәнін оқытуды қолға алуға тапсырма берілсе, Жол - дауда инновациялық зерттеулерді дамы - ту - дың жаңа саясатын паш етті, ұлттың тари - хи санасын қалыптастыруды, бүкіл - қазақ - стандық бірегейлікті халқы - мыз - дың та - ри - хи санасының өзегіне айналдыру - ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре - тін - де айрықша атап өтті. Жолдау барша отандастарымызға келешектегі дамудың бағыт-бағдарын айшықтап берді. Бұл тарихшы ғалымдар үшін бағдар болатыны анық. Президент Нұрсұлтан Назарбаев тарихи құжатта: Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру жұмысын жалғастыруымыз керек - деген болатын.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді тұжырымдамасына, яғни Орта білім берудің мақсаты терең білім, кәсіби дағдылар негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамыту және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан шешім қабылдауға білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде. қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру сай қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне көптеген жаңалықтар енгізуде.
Білім туралы заңға сай мұғалім оқушыға мемлекеттік өлшем деңгейінен төмен түсірмей білім беруі тиіс, ал нәтижеге жету үшін оқытудың белгілі технологиясын игеру қажет. Осындай сұраныстарға сай оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне енуде. Мысалы, академик В.И.Монаховтың технологиясы В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдістемесі, профессор Ж.А.Қараевтың Деңгейлік саралап оқыту технологиясы және тағы басқалар.
Қазіргі мектептерде тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі оқушылардың білімді өз бетінше игеруі болып табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті - білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардың сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасау қажет.
Соңғы жылдары заман талабына сай оқытудың жаңа әдіс - тәсілдері іздестіріліп, бағдарламалап оқыту, дамыта оқыту сияқты оқытудың жаңа технологиялары кеңінен тарауда. Сабақты оқушыны ынталандыратындай қызықты әрі сапалы өткізу үшін, ең алдымен тақырыпқа сай оның ұйымдастырылу нысанын дұрыс таңдап алу қажет.
Тарих сабағында оқушылардың ізденісін арттыру мақсатында педагогикалық әдебиеттерде білім берудің төмендегідей технологиялары ұсынылады: дамыта оқыту, модульдік дамыта оқыту, перспективтік оқыту, ірі - блоктік оқыту, проблемалық оқыту және тағы басқалар. Мектеп оқушыларының танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мысалы, белгілі ғалым Сократ оқыту үрдісінде оқушылардың ізденімпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан. Кейіннен бұл қағидалар Я. А. Коменский, А. Дистервег еңбектерінде дамытылды. Сонымен қатар, М. Н. Скаткиннің, И .Есимовтың, И. Я. Лернердің, М. И. Шамованың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді.
Оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі оқушы бойындағы танымдық, ізденушілік, дамытушылық қасиеттерді дәріптеу үшін күнделікті сабақтарда жаңа технологияларды төменгі сыныптан бастап пайдалану керек. Осы мақсатта төменгі сыныптарда оқушының логикалық ойлауын дамыту негізінде Сыни тұрғыдан ойлау жобасы стратегияларын қолданған тиімді. Сыни тұрғыдан ойлау - ол американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс - әрекетіне сын тұрғысынан қарауын етілдіру деген сөз.
Сыни тұрғыдан ойлау жобасының стратегияларынпайдалану жаңа оқу материалындағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздерінің байқап, талдауларына жағдай жасайды. Демек, білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, оқушылардың ізденушілігі мен дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізу керек. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы, жарыс, ойын, КТК, пікір - сайыс, сот сабақтарын өткізген жөн. Жоғарыда айтылған дәстүрлі емес сабақтарды өткізу негізінде оқушылар іздену жұмыстарымен шұғылданған уақытта келесі іс - әрекет түрлерімен айналысады:
· Оқушының ізденуі арқылы тест құрау;
· Тақырып бойынша модель құрау;
· Эксперимент жүргізуі, талдауы;
· Тірек конспектімен жұмыс;
· Жаңа метериалды сызба - нұсқа ретігнде көрсетуі;
· Сөзжұмбақ жаза білуі;
· Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерді оқи және пайдалана білуі.
Белгілікті озық технологияларды сабақта қолайлы әрі оқу үрдісін тиімді пайдалану үшін көптеген әдістерді, олардың мүмкіндіктерін білу, меңгеру қажет. Оның өзіне тән ерекшеліктер бар:
· Әр сыныптағы білім деңгейі бір - біріне ұқсамағандықтан, бірдей әдістерді қолдану дұрыс нәтиже бермейді;
· Сыныптағы әр оқушының қабілетін жеке дара зерттеп, айқындау керек;
· Әр мұғалім негізгі әдіс - тәсілдерді, өз пәнін жетік білуі қажет;
· Сабақ жоспарын сынып деңгейіне сай жоспарлауы;
· Осы сабаққа ең қажетті әдіс - тәсілдерді тиімді пайдалану керек.
Оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы оқушыларды ғылыми жұмыстарғабаулы, өз ойын еркін жеткізе білетін салауатты тұлғаны қалыптастыру жолындағы шығармашылықтың мәні өте зор. Ал шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады. Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет, қабілет іздете білу - мұғалімнің алдында тұрған күрделі мәселелердің бірі болып есептеледі. Осы салада Ж.Қараевтың технологиясындағы оқу үрдісінде мыналарға мән берілген:
· Оқушыларға сенімділік білдіру;
· Пәнге деген қызығушылығын артыру;
· Оқушының өз біліміне сеніп, одан әрі дамытуы;
· Өзіндік шығармашылық деңгейге көтеру.
Ж.Қараевтың технологиясының тиімділігі - жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеруі. Жаңа тақырыпты оқушылар ізденіс үстінде өздігімен меңгеру барысында берілген жұмыстың мақсатын анық түсіну, сол жұмыстың оқушылармен еркін, өздерінің қалауымен орындалуын, қосымша тарихи әдебиеттерді пайдалану және тағы басқа қағидаларды ұстанған жөн.
Ғылыми мақала жазу ережелері
Бүгін мақала жазудың әдіс-тәсілдерімен бөліскім келді. Журфакқа түскен жас-журналист оқытушыдан мақала жаз деген тапсырма алып, не жазу керек, қалай бастау керектігін білмей, мұңға батып, қиналып жүреді. Келесі пункттерді кезекпен қадағалау арқылы мақаланы тез, әрі сапалы жазуды үйренесіз.
Негізгі әдістермен таныс болыңыз.
1. Мақалаңыздың тақырыбын нақтылаңыз. Бір мақала тек бір тақырыпты ашуы тиістігін ұмытпаңыз. Бірнеше нәрсені қозғап, негізгі тақырыптан ауытқып кетуіңіз мүмкін. Ал бұл өз жолында мәтініңізді түсініксіз етеді. Бір мақала -- бір мағына, бір тақырып.
2. Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса тіпті керемет. Себебі, тақырып -- мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам -- лид.

Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз --

Ғылыми мақаланы қалай жазу керек?
Ғылыми мақалада, кез-келген сияқты, белгілі бір құрылым болуы керек. Ғылыми үшін құрылымдаудың негізгі қағидалары бөлінеді:
* Тақырып
* реферат - қысқаша сипаттама;
* түйінді сөздер;
* кіріспе;
* әдебиеттерді шолу;
* негізгі бөлігі - ол әдіснама мен нәтижелерді қамтуы тиіс;
* қорытындылар;
* әдебиеттер тізімі.
Егер біз ғылыми журналда мақаланы қалай жазу туралы айтатын болсақ, онда оның құрылымына қойылатын талаптар жалпы қабылданған және жоғарыда сипатталғаннан өзгеше емес, алайда біз әрбір тармақты толығырақ қарастырамыз.
Мақала атауы
Тақырып немесе тақырып - бұл бүкіл мәтіннің құрылымдық бөлігі. Бұл жарқын және есте сақтау оңай болуы керек. Тақырыптың ұзындығы 12 сөзден аспауы керек. Мақала тақырыбы мазмұнды және мағыналы болуы керек.
Аннотация
Реферат ғылыми мақаланың мағынасын қысқаша сипаттау болып табылады. Әдетте бұл мақала аяқталған кезде негізгі мәтіннің үстінде жазылады. Ұсынылған реферат көлемі 250 сөзден аспайды, орыс немесе ағылшын тілдерінде.
Түйінді сөздер
Түйінді сөздер оқырмандарға арналған нұсқаулық болып табылады, сонымен қатар Интернеттегі мақалаларды табу үшін қолданылады. Олар мақаланың тақырыбын және мақсатын көрсетуі керек.
Кіріспе
Кіріспе ғылыми мақалада талқыланып жатқан оқырмандардың түсінігін беру үшін қажет. Мұнда сіз өзіңіздің жұмысыңыздың практикалық және теориялық маңыздылығын анықтауыңыз керек. Сондай-ақ, жұмыстың өзектілігі мен жаңалығын көрсетіңіз.
Әдебиеттерді шолу
Әдебиеттерді шолу - ғылыми мақаланың теориялық негізі. Мақсат - осы тақырып бойынша бар жұмыстарды бағалау.
Негізгі бөлім
Мұнда ол кіріспеге қарағанда толығырақ сипатталуы керек. Негізгі бөлімде зерттеу нәтижелерін көрсету керек және осыдан қорытынды жасай аламыз.
Қорытындылар
Зерттеулердің қорытындысы бойынша қорытынды жасау қажет. Мұнда сіз негізгі жұмыс туралы негізгі ойларды ойластырыңыз . Сондай-ақ, соңғы бөлімде мақалаңыздың өзекті мәселелерін әзірлеу әрекеттерін қосу қажет.
Енді сіз танымал ғылыми мақаланы қалай жазуға болатынын білесіз және егер бұл дұрыс жұмыс жасау туралы мәселе болса, оны оңай жеңе аласыз.
Ғылыми мақаланың құрылымы
Жұмыстың өзектілігі неде?
Ғылыми жұмыстың өзектілігі: бүгінгі оқу үрдісінде тұлғаға жан-жақты білім беру жолдары қарастырылғанымен, алға қойылған мақсаттарға сәйкес қазіргі қоғамның белсенді өмір сүрудегі жеке тұлғаға тәрбие беру үрдісінде шығармашылықпен жұмыс жасауды қажет етері анық. Қазіргі таңда дәстүрлі технологиялардан айырмалышығы бар, заман талабына сай білім беретін әдістер мен тәжірибе нәтижелері қолданылуда. Соның бірі- сase - study технологиясы.
Арнайы әдебиеттерді қалай талдауға болады?
Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялық өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады. Шығарманы осындай бірнеше қырынан тексергенде жеке ерекшеліктердің өзіндік сипат белгілерін де олардың бір-бірімен байланысында аңғаруға мүмкіндік бар. Әрине, шығарманы боршалап, бөлшектеп, талдап карастырғанда оның мағыналық көркемдік бірлік түтастығынан туатын әсері бір сәт әлсірейді. Оның есесіне шығарманың күрылыс-бітімін-дегі әншейінде көзге түспейтін, байқала бермейтін сипат белгілері айкын танылады. Ал оларды көре білу, түсінудін шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз. Талдау дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың ерекшеліктері, ірілі-ұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау тұрғандар сипат-белгілері көбірек козге түседі, оларды байқау жеңілірек болады. Әдеби шығарманы талдау үшін, көркемдік касиет-белгілерін нактылы сипаттап беру үшін калай да онын өзгешелік-ерекшеліктерін түгелдей де, жекелеп те ашып қарау керек.
Талдау (анализ) - көркем шығарманы тексергенде қолданылатын тәсіл. Шығарманы әр қырынан алып карастырып, оның қасиет ерекшелігін, жеке бөлек-бөлшектеріне тән өзгеше сипат белгілерді арнайы зерттеп, танып-білу. Айталық, шығарманы идеялық мазмұн, тақырыпты баяндау ерекшеліктері тұрғысынан, немесе, сюжеттік, композициялық құрылысы, жанрлық сипаты жағынан талдауға болады. Сондай-ақ, кейіпкерлердін характерін бейнелеу принциптері тұрғысынан, сөздік, тілдік кұралдарды пайдалануы, егер поэзиялық шығарма болса ырғактык интонациялык өзгешеліктері, әр түрлі шумақ, тармақ, ұйкастарды қолдану жағынан талдауға болады. Шығарманы осындай бірнеше қырынан тексергенде жеке ерекшеліктердің өзіндік сипат белгілерін де олардың бір-бірімен байланысында аңғаруға мүмкіндік бар. Әрине, шығарманы боршалап, бөлшектеп, талдап карастырғанда оның мағыналық көркемдік бірлік түтастығынан туатын әсері бір сәт әлсірейді. Оның есесіне шығарманың күрылыс-бітімін-дегі әншейінде көзге түспейтін, байқала бермейтін сипат белгілері айкын танылады. Ал оларды көре білу, түсінудін шығарманы тұтас кабылдағандағы алатын әсерімізді толықтырып, байыта түсетіні сөзсіз. Олай болса Талдау дегеніміз - жеке қасиет ерекшеліктерді арнайы карастырып, танып білу арқылы бүтінді айқын сезінуге себін тигізетін, соған қызмет ететін тәсіл. Әдетте шығарманың ерекшеліктері, іріліұсақты бөлшектері, олардың өз алдына оқшау тұрғандар сипат-белгілері көбірек козге түседі, оларды байқау жеңілірек болады. Ал енді сол бөлшектердің шиеленісе байланысуынан, жалғастық үйлестігінен туатын шексіз мол жаңа сапалы өзгешеліктерді, үндестік, бірлестік белгілерін, жаңаша мағынаәсерлерді каншама тебіреніп сезінсек те талдап көрсету, танып білу, айтып жеткізу қиынға соғады. Өйткені қандай да жеке айшык, бөлшектің өзіндік бастапкы тұрақты сипат белгісін байқау бір нәрсе де, ал олардың біте қайнасып бірігуі, өзара жанасып байланысуы негізінде пайда болатын туынды сипат белгілерді көріп білу екінші нәрсе. Ол үшін сансыз болшектердің бір-біріне сәуле беріп. әсер етіп, мағыналык, көркемлік сапасы күбылып, өзгеріп шығатын қалпын жақсы сезініп, үтып түсіну керек. Әдеби шығарманы талдау үшін, көркемдік касиет-белгілерін нактылы сипаттап беру үшін калай да онын өзгешелік-ерекшеліктерін түгелдей де, жекелеп те ашып карау керек. Әдеби шығарманы кай тұрғыдан алып талдағанда да (айталык такырып. сюжеттік желі. композициялык құрылысы. тіл кестесі) онын жеке бөлім-бөлшектерін (компоненттерін, сипат ерекшеліктерін) айырып ажырату үшін жүйесін тауып, бір-бірімен қабыстырып жалғастырып бөлшекті бүтінмен үштастыра қарастыру шарт. Әдеби шығарманың көркемдік, тілдік нақтылы ерекшеліктерін зерттегенде, ұсақ, көзге түсе бермейтін сипат белгілерге зер салғанда, сол аркылы көркем шығарманың бойындағы, құрылыс-бітіміндегі зор мөні бар қасиеттерін айқынырақ бағдарлауға ұмтыламыз, әлгі көркем туындыны немесе оның комақты бөлшектерін түгелдей сипаттайтын өзгешеліктерді аңғаруға үмтыламыз. Жеке белгі-сипаттарды ажыратып талдағанда, болшектердің коспа жігін еппен ашып жүйесін тауып, саралап, айшығы көп өрнектің арқау жібін үзіп, ыдыратып алмау керек. Шығарманы талдағанда оның көркемдік қуатынан толық өсер алатын өткір сезімталдық қандай қажет болса, шығарманың құрылысындағы мазмұн мен түрдің біріккен түтас бітім-тұлғасындағы қат-қабат байланыстарды, сипат белгілерді көре білу де сондай қажет. Сонда ғана Талдау қисынды, ұтымды болады және тек серіп отырған шығарма жүйесіні біртұтастығын көріп-білуге, сезінуге, түсінуге яғни синтез жасауға тс лық мүмкіндік туады.
1. Түсіндірмелі талдаулар. Бұған мынаталдаулар жатады: 1) лексикалық талдау әдісі;2) фонетикалық талдау әдісі; 3) морфологиялық талдау әдісі; 4) синтаксистік талдау, әдісі.
2. Анықтауыштық талдаулар: 1) орфографиялық талдау әдісі; 2) пунктуациялық талдау әдісі; 3) орфоэпиялық талдау әдісі; 4) стилистикалық талдау әдісі.
Белгілі бір тілдік материалдардың ішкі құрамын (заңдылығын) танытатын білім берудің құралдарын талдау әдісі деп атайды. Талдауды методикалық әдебиеттерде анализ деп те жүргізіледі. Анализ сөзінің қазақша баламасы -- талдау. Анализ -- грек тілінен алынған термин сөз, қазақша ыдырату деген мағынаны береді. Белгілі бір тілдік тақырыптарды жігіне қарай ажыратып, ыдыратуды анализдеп жүргізеді: Тілдегі бір материалдың бөлшектерін ажырата білу,бір тақырыптың өзіне тән белгілерін саралап көрсету, тақырыптың әр түрлі ерекшеліктерін- қамтыған сұрақтарға жауап беру, мәтіннен белгілі бір тұлғаларды, формаларды теріп жазу, тілдік (грамматикалық) заңдылықтарды әр жақты алып дәлелдеу немесе дыбысты буынға, буынды сөз бөлшектеріне, сөз бөлшектерін сөзге, сөзді сөз тіркестеріне, сөз тіркестерін сөйлем түрлеріне ажы-рату -- анализ талдау жүйесіне жатады. Талдауға қарама-қарсы жасалатын құбылыс -- жинақтау. Талдау жинақтау, яғни анализ-синтез бір-бірімен тығыз байланысты, екеуін бір-бірінен бөліп тануға болмайды.
Тарихи дереккөздерге бастапқы талдау қалай жүргізіледі?
Қазіргі таңда тарихи деректердің саны, көлемі, түрі жағынан әртүрлі. Сондықтан тарихшыға оларды бір-бірінен ажырату үшін не оларды жіктеп, не топтау керек. Осыларды топтау, жіктеуде әркім әр түрлі пікір айтады.
Жіктеу - обьективті зарттеуші өлшемдерге негіхделуі керек. Олар обьективті деректердің өзінен шығуы керек. Онда деректерде шындықтың орын алуы, бейнелену заңдары орын алуы тиіс.
Сондықтан жіктеу тек таза техникалық емес, әдіснамалық мәселе. Ол зерттеу тәсілі қызметтерін атқарады. Жалпы, Кеңес үкіметіне дейін ғалымдар тарихи деректерді зерттегенде олардың әлеуметтік тарихын ескермеді. Көбінесе 2 топқа бөлді.
Мысалы, француз Шарль Сеньобус: Өткеннің ізі тікелей, өткеннің қосымша ізі дейді. Лапо-Данилевский: Мәдениеттің қалдығы дейді. Сонымен қатар, фактілерді суреттеу, айту дейді. Кеңес дәуіріндегі жіктеуді ұсынамыз. Кеңес үкметінің алғашқы жылдарында өткен бұрынғы деректанушылардың пікірін қолдады. 1925-40 жж. Тарихшылар мемлекет, идеология, қоғамдық қозғалыс тарихи тақырыптар бойынша жіктеді. 40-50 жж. Академик Тихомиров деректерді 5 топқа бөлді: заттай, лингвистикалық, этнографиялық, ауызша, жазбаша. Тихомиров жазба деректерді 2-ге бөлді. Яғни, құжаттық және баяндаушы деп. Ол деректерді шығу тегіне қарай бөлді. ХХ съезден кейін деректерді типологиялық жіктеу қалыптасады.
Типтік жіктелу - деректердің мазмұны мен формасының сәйкестік принципіне негізделген. Ақпаратты алу, сақтау тәсілдерімен ерекшеленеді.
Типтік жіктелудің 7 түрі бар. Олар: жазба, лингвистикалық, заттай фото-кино құжаттар, этнографиялық -- фоно құжаттар, фольклорлық.
Жоғарыда айтқан жіктеу пайда болу мазмұны, формасы ескеріледі. Бұл жіктеу барысында нақты жіктеу жоқ.
Ковальченконың деректану оқулығында мынадай типтерге бөледі: заттай, көркемсурет, графикалық тип, жазба, фото құжат.
Деректерді пайда болу тегі, сыртқы ерекшелігі қарай үлкен немесе шағын топтарға бөледі.
* ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz